«Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің құрамы туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 қазандағы № 980 Қаулысы
(2011.10.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2011 жылғы 23 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Арна Медиа» ұлттық ақпараттық холдингі», «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі», «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» акционерлік қоғамдарын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 3 шілдедегі № 668 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 2010.20.07. № 743 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен қосымшаға сәйкес құрамда «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» акционерлік қоғамы директорлар кеңесін сайлауды қамтамасыз етсін;
2) екі ай мерзімде үш тәуелсіз директорлар кандидатуралары бойынша ұсыныс енгізсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
ҚР Үкіметінің 2009.14.07. № 1068 Қаулысымен қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2010.20.07. № 743 қаулысымен қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2011.10.02. № 113 Қаулысымен қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2008 жылғы 24 қазандағы
№ 980 қаулысына
Қосымша
«Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің
құрамы
Жұмағалиев Асқар Қуанышұлы | - | Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат министрі, төраға |
Шолпанқұлов ерік Шолпанқұлұлы | - | Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі |
Сәрсенов Сәкен Сейітжаппарұлы | - | Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат вице-министрі |
Измайлов Нұрлан Тельманұлы | - | - «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша). |