«Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің құрамы туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 қазандағы № 980 Қаулысы
(2012.25.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2015 жылғы 29 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Арна Медиа» ұлттық ақпараттық холдингі», «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі», «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» акционерлік қоғамдарын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 3 шілдедегі № 668 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 2010.20.07. № 743 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.25.06. № 829 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігіне:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен қосымшаға сәйкес құрамда «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» акционерлік қоғамы директорлар кеңесін сайлауды қамтамасыз етсін;
2) екі ай мерзімде үш тәуелсіз директорлар кандидатуралары бойынша ұсыныс енгізсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
ҚР Үкіметінің 2009.14.07. № 1068 Қаулысымен қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2010.20.07. № 743 қаулысымен қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2011.10.02. № 113 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.23.07 № 849 Қаулысымен (бұр.ред.қара) қосымша өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2012.25.06. № 829 Қаулысымен қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2008 жылғы 24 қазандағы
№ 980 қаулысына
қосымша
«Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің
құрамы
Жұмағалиев Асқар Қуанышұлы | Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрі, төраға |
Шолпанқұлов Берік Шолпанқұлұлы | Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі |
Ескендіров Абай Мұқашұлы | Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда вице-министрі |
Сәрсенов Сәкен Сейітжаппарұлы | Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі |
Измайлов Нұрлан Тельманұлы | «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы (келісім бойынша) |