«Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің құрамы туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 қазандағы № 980 Қаулысы
(2009.14.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2010 жылғы 20 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Арна Медиа» ұлттық ақпараттық холдингі», «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі», «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» акционерлік қоғамдарын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 3 шілдедегі № 668 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен қосымшаға сәйкес құрамда «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» акционерлік қоғамы директорлар кеңесін сайлауды қамтамасыз етсін;
2) екі ай мерзімде үш тәуелсіз директорлар кандидатуралары бойынша ұсыныс енгізсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2008 жылғы 24 қазандағы
№ 980 қаулысына
Қосымша
ҚР Үкіметінің 2009.14.07. № 1068 Қаулысымен қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара)
«Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі»
акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің құрамы
Есекеев Қуанышбек Бахытбекұлы | - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің төрағасы, төраға |
Сұлтанов Бақыт Тұрлыханұлы | - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі |
Жәмішев Болат Бидахметұлы | - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Құсдәулетов Дулат Рашитұлы | - Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі |
Дұрмағамбетов Ерлан Дмитрийұлы | - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының орынбасары |
Дәрібаев Мұрат Амангелдіұлы | - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Өнеркәсіп комитетінің төрағасы |
Сәрсенов Әділбек Ғазизұлы | - «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша) |