Ескертпе: жаңа перспективалық телімдер анықталған жағдайда Іс-шаралар жоспарына түзетулер енгізіледі аббевиатуралардың толық жазылуы:
ЭМРМ - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі;
ТЖМ - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі;
АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылыгы министрлігі;
ҚОҚМ - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі.
ҚР Yкіметінiң 19.04.04 ж. № 433 қаулысымен 9-бөлім жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР Yкіметінiң 2005.11.07.№ 716 қаулысымен (бұр. ред. қара); 2006.22.08. № 799 (бұр.ред.қара); 2007.29.12. № 1402 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен 9-бөлім жаңа редакцияда
9. Бағдарламаға қосымшалар
1. 2003 - 2009 жылдары 1:200000 масштабтағы жете геологиялық зерттеу алаңдарын орналастыру схемасы.
2. 2003 - 2009 жылдары өңірлік гидрогеологиялық және инженерлік геологиялық зерттеулерді орналастыру схемасы.
3. 2006 - 2009 жылдары 1:200000 масштабтағы геологиялық-минерагендік картаға түсіру объектілерін орналастыру схемасы.
4. 2007 - 2009 жылдары қатты пайдалы қазбалар, көмірсутекті шикізат кен орындарын іздестіруге арналған телімдерді орналастыру схемасы.
5. Ауылдық елді мекендерді 2007 - 2009 жылдары сумен қамтамасыз ету үшін іздеу-барлау жұмыстарының телімдерін орналастыру схемасы.
6. 2003 - 2007 жылдары жер асты сулары мен қауіпті геологиялық процестер мониторингі мемлекеттік қадағалау желілерінің пункттерін, бекеттерін және полигондарын орналастыру схемасы.
7. 2008 - 2009 жылдары жер асты сулары мен қауіпті геологиялық процестер мониторингі мемлекеттік қадағалау желілерінің пункттерін, бекеттерін және полигондарын орналастыру схемасы.
8. 2007 - 2009 жылдары өздігінен асып төгілетін, жойылатын гидрогеологиялық ұңғымаларды орналастыру схемасы.
9. 2007 - 2009 жылдары жойылуға жататын мұнай және газ ұңғымаларын орналастыру схемасы.