Ns xtxtytwЕлдiң минералдық-шикiзаттық кешенi ресурстық базасын дамытудың 2003-2010
жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1449 қаулысы
(2008.28.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2008 жылғы 20 тамыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi Даму стратегиясын iске асыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы» 2002 жылғы 28 наурыздағы № 827 Жарлығына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 24 сәуірдегі № 470 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002-2004 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарының 6.1.1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Елдiң минералдық-шикізаттық кешенi ресурстық базасын дамытудың 2003-2010 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрi Бағдарлама) бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі жыл сайын қаңтарда және шiлдеде жарты жылдық қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне Бағдарламаның орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
ҚР Yкіметінiң 19.04.04 ж. № 433 (бұр. ред. қара) қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Yкіметінiң 2005.11.07. № 716 (бұр. ред. қара); 2006.22.08. № 799 (бұр.ред.қара); 2007.29.12. № 1402 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 3-тармақ жаңа редакцияда
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ө.Е. Шөкеевке жүктелсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |
Қазақстан Республикасының
Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі
Геология және жер қойнауын қорғау комитеті
Елдiң минералдық-шикiзаттық кешенi ресурстық базасын
дамытудың 2003-2010 жылдарға арналған бағдарламасы
ҚР Yкіметінiң 19.04.04 ж. № 443 (бұр. ред. қара); 2005.11.07. № 716 (бұр. ред. қара); 2006.22.08. № 799 (бұр.ред.қара); 2007.29.12. № 1402 (бұр.ред.қара) қаулыларымен паспорт өзгертілді
1. Бағдарлама паспорты
Әзiрлеу үшiн Қазақстан Республикасы Президентінің
негіздеме "Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi Даму
стратегиясын iске асыру жөнiндегі одан арғы
шаралар туралы" 2002 жылғы 28 наурыздағы N
827 Жарлығы. "Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң 2002-2004 жылдарға арналған
Бағдарламасын iске асыру жөнiндегі іс-шаралар
жоспары туралы" Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң 2002 жылғы 24 сәуірдегі № 470
қаулысы.
Бағдарламаның Пайдалы қазбалардың
мақсаты мен қосымша қорларын табуға, жер қойнауын ұтымды
мiндеттерi әрi кешендi пайдалануды қамтамасыз етуге,
бағытталған геологиялық
зерттеулердің тиiмдi жүйесiн құру әрi
жетілдiру оларға мынадай мiндеттердi орындау
жолымен қол жеткізіледi:
1:200000 масштабтағы алаңдарды жете
геологиялық зерттеу;
кен аудандарын геологиялық-минерагендiк
картаға түсiру;
аймақтық гидрогеологиялық және инженерлiк-
геологиялық зерттеулер;
iздеу және iздеу-бағалау
және iздеу-барлау жұмыстары;
минералдық-шикiзаттық база мен жер қойнауын
пайдалану мониторингi;
жер асты сулары мен қауiп геологиялық
процестер мониторингі;
геологиялық ақпаратты қалыптастыру;
геологиялық зерттеулердi ақпараттық
қамтамасыз ету мен ғылыми-техникалық қолдау;
мұнай және өздiгiнен ағып жатқан гидрогеологиялық
ұңғымаларды жою мен тоқтатып қою.
Күтiлетiн нәтижелер Мынадай әскери сынақ полигондары мен
маңызды тау-кен және мұнай-газ өндiретiн аудандардың
аумақтары бойынша жер қыртысының құрылымы туралы
қазiргi түсiнiктер негiзiнде 1:200000 масштабының
геологиялық картографиялық негiзi жасалатын болады:
2006 жылы - Көкшетау, Бенқала тау-кен аудандары
мен солтүстік Тянь-Шань;
2007 жылы - Семей полигонының шығыс жиектеуі,
Ресеймен шекаралас Кенді Алтай аудандары, солтүстік Жоңғар (Текелі),
Орталық Қаратау, Жәйрем-Үшқатын, Жетіқара тау-кен аудандары;
2008 жылы - Мұғаджар, Көкшетау, Жезқазған, Қарағанды,
солтүстік Жоңғар, Батыс Қалба, Қаратау тау-кен аудандары;
2009 жылы - Кенді Алтай тау-кен ауданы;
кенденудiң әр түрлi типтерiнiң минерагендiк
карталары, iздеу жұмыстарының
одан арғы бағыты бойынша болжам мен
ұсынымдар карталары жасалатын болады;
жаңа перспективалы мұнай-газ құрылымдары мен
кен объектілерi анықталады, көмiрсутектi
шикiзаттар, қатты пайдалы қазбалар мен жер
асты суларының орналасу заңдылықтары
әзiрленедi;
минералдық шикiзат әлемдiк рыногының қазiргi
заманғы талаптары ескеріле отырып, пайдалы
қазбалардың мемлекеттік теңгерiмдегi
қорларын қайта бағалау жүргiзiледi;
ел үшiн стратегиялық маңызы бар объектiлердi
қосымша минералдық ресурстармен қамтамасыз
ету үшiн iздеу, iздеу-бағалау және iздеу-барлау
жұмыстары жүргiзiледi;
iздеу-бағалау жұмыстарын жүргiзу
нәтижесiнде қорлардың күтiлетiн өсiмi:
2006 жылы - алтын - 7 тоннаны,
мыс - 15 мың тоннаны, қорғасын
- 30 мың тоннаны, мырыш - 130 мың тоннаны;
2007 жылы - алтын - 3 тоннаны, мыс - 200 мың тоннаны,
полиметалл - 100 мың тоннаны;
2008 жылы - алтын - 10-12 тоннаны, мыс - 50-80 мың тоннаны,
полиметалл - 100-120 мың тоннаны;
2009 жылы - алтын - 12-15 тоннаны, мыс - 50-80 мың тоннаны
полиметалл - 100-120 мың тоннаны;
жер асты суларына
іздеу- барлау жұмыстарын жүргізудің нәтижесінде:
2006 жылы - 34 ауылдық елді мекен;
2007 жылы - 197 ауылдық елді мекен;
2008 жылы - 108 ауылдық елді мекен;
2009 жылы - 256 ауылдық елді мекен;
жер асты сулары мониторингі бойынша
мемлекеттік қадағалау желiсi пункттерi
қалпына келтiрiледi;
геологиялық зерттеулердiң басым бағыттары
бойынша қолданбалы ғылыми зерттеулерi кеңейтiледi,
Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы
деректердiң мемлекеттік компьютерлiк банкінің
бiрiншi кезегiн жасау жөніндегі жұмыс
аяқталады;
геологиялық барлау өндiрiсiн әлемдiк
стандарттарға сай техникалық құралдармен және
технологиялармен қамтамасыз ету, қазiргi
заманғы зертханалық-талдау базасын жасау
жөнiнде жұмыстар жүргiзiледi.
Қаржыландыру Бағдарламаны iске асыруға арналған қаржылық
көлемi мен көздерi шығындар республикалық бюджет есебiнен
көзделедi, жыл сайынғы көлемдерi тиiстi қаржы
жылына арналған республикалық бюджеттi
қалыптастыру кезiнде нақтыланады:
- 2003 ж. - 1175,9 млн. теңге;
2004 ж. - 2346,1 млн.теңге;
2006 ж. - 4959,5 млн. теңге;
2007 ж. - 5713,5 млн. теңге;
2008 ж. - 6520,7 млн. теңге;
2009 ж. - 7829,9 млн. теңге;
Iске асыру 1-кезең 2003-2005 жылдар; 2-кезең 2006-2010
Мерзiмдерi жылдар
2. Кiрiспе
Республиканың стратегиялық маңызы бар маңызды түрлерi бойынша минералдық-шикiзаттық базасының қазiргi жай-күйi, тұтас алғанда, қанағаттанғысыз деп бағалануда, мұның өзi Елдiң минералдық-шикізаттық кешенi ресурстық базасын дамытудың 2003-2010 жылдарға арналған бағдарламасын дайындау үшiн алғышарт болып табылды. Мыналар Бағдарламаны әзiрлеу үшiн негiз болып табылды:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi Даму стратегиясын iске асыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы" 2002 жылғы 28 наурыздағы № 827 Жарлығы.
2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002-2004 жылдарға арналған Бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 24 сәуірдегі № 470 қаулысы.
Бағдарлама екi кезеңде iске асырылатын болады: 1-кезең - 2003 - 2005 жылдар; 2-кезең - 2006-2010 жылдар.
3. Елдiң минералдық-шикiзаттық базасының қазiргi жай-күйiн талдау
3.1. Әлемдiк минералдық-шикiзаттық кешендегi жағдайды талдау.
Әлемдiк минералдық-шикiзаттық рыноктың қазiргi уақыттағы жалпы жай-күйi мынадай факторлармен сипатталады:
рынок жеткiлiктi қанықтырылған әрi ұзақ мерзiмдi жеткізілiмдерге бағдарланған;
минералдық-шикiзаттық секторда капитал ресурстарының 20-дан 40%-ғa дейiн және еңбек ресурстарының 20%-ға дейiн шоғырландырылған;
халықаралық картельдер сату бағалары мен көлемдерi қатаң бақылауға алынған;
рынокқа дамушы елдердiң шығуына байланысты бәсеке күшеюде;
рынок әлемдiк стандарттарға сай жоғары технологиялы материалдық-шикiзаттық өнiмдерге бағдарланған.
ҚР Үкіметінің 2005.11.07. № 716 (бұр.ред.қара); 2007.29.12. № 1402 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 3.2 бөлімше өзгертілді
3.2. Елдiң минералдық-шикiзаттық базасының жай-күйі
Республика қорғасынның, мырыштың, мыстың, мұнайдың, хромның, темiрдiң, марганецтің, қалайының, алтынның, фосфориттердiң, бор мен калий тұздарының қорлары бойынша әлемдегi жетекшi елдердiң ондығына кiредi. Алайда, нарық жағдайында минералдық шикiзат қорларының едәуiр бөлiгi бәсекеге төтеп бере алмады. Алтын бойынша кен қорының 39%, мыс пен мырыш бойынша 38%, қалайы бойынша тек қана 31% бәсекеге қабiлеттi. Қара металлургияның шикiзаттық базасы бәсекеге неғұрлым қабiлеттi. Республика минералдық-шикiзаттық кешенi жай-күйiнiң серпiнiнде өтелмейтiн қорлардың орны толмау үрдiсi сақталуда. Пайдалы қазбалар стратегиялық түрлерiнiң көпшiлiгi бойынша өндiру көлемi олардың өсiмiнен әлдеқайда асуда.
Iс жүзiнде, пайдалы қазбалардың барлық аса маңызды түрлерi бойынша орны толмағандықтан, барланған қорлар жыл сайын 0,5-тен 1,7%-ға дейiн, ал өндiрушi кен орындары бойынша 7-8%-ға дейiн кемуде. Hәтижесiнде, Республика мысының активтiк қорлары 20-25 жыл iшiнде, қорғасын мен мырыштың қорлары 15-17 жыл iшiнде, алтынның қорлары 25-30 жыл iшiнде толық сарқылуы мүмкiн.
Жер бетiне жуық тереңдiкте жаңадан iрi және аса iрi кен орындарының ашылу ықтималдығы, iс жүзінде жоққа шығарылуда, өйткенi соңғы 50 жылда жүргiзiлген алаңдық геологиялық түсiру, геофизикалық, геохимиялық және iздеу жұмыстарының нәтижесiнде қатты пайдалы қазбалардың жер бетiне жуық кен орындарының барлығы дерлiк ашылды. Ал, iздеу кезеңiнен бастап кен орнын игеруге дайындауға дейiн кемiнде 15 жыл уақыт талап етiлетiнiн ескерсек, таяу уақытта Республика мыс, қорғасын-мырыш және алтын салалары дағдарысқа ұшырауы және минералдық-шикiзаттық кешенiнде елеулi теңгерiмсiздiк орын алуы әбден ықтимал. Сонымен қатар, өндiрiс көлемiнiң азаюы немесе оның қысқартылуы, қазiрдiң өзiнде одан туындайтын барлық әлеуметтiк және экономикалық салдарларымен бiрге қалалар мен кенттердiң азып-тозуына әкеп соғады. Тек 10-15 жылдан кейiн ғана материалдық-шикiзаттық базаны пайдалы қазбалар қорларымен озыңқы дамытуды қамтамасыз ету үшiн жағдай жасалуы мүмкiн, мұның өзi Қазақстанға ұдайы артып отырған бәсеке жағдайында әлемдiк минералдық-шикізаттық рынокта орнығуға мүмкiндiк бередi.
Жер асты суларының мониторингi бойынша мемлекеттік қадағалау желiсіндегі 7323 пунктiнен сейсмомониторингтің 9 пунктiн қоса алғанда, 3088 тоқтатылды және таратылды, мұның өзi елдегi санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды нашарлатты. Республиканың 3900-дан астам елдi мекенi ауыз сумен жабдықтау көздерi болмағандықтан, тұщы жер асты сулар қорларымен қамтамасыз етілмеген. Иесiз қалған мұнай, газ және өзiнен өзi ағып жатқан гидрогеологиялық ұңғымалар, мұнай мен шлак қамбалары экономикаға орасан зор нұқсан келтiруде, оларды жою үшiн 32 млрд. теңге қажет.
Геофизикалық және геохимиялық зерттеулермен қатар жүрген 1:200000 және 1:500000 масштабтарындағы мемлекеттік геологиялық түсірулер жер бетiне жуық орналасқан пайдалы қазбалар кен орындарының 60-70%-ға жуығын ашуға әкелдi. Алайда, 1:200000 масштабындағы және 1:500000 масштабындағы түсірулердің едәуір бөлiгi, көбінесе ескiрдi, өйткенi олар сезiмталдығы төмен талдау аппаратурасы пайдаланылып әрi металлогения, тектоника, петрология туралы ескiрген ұғымдар негiзiнде жүргiзiлдi. Бұл ретте осы себептерге байланысты гидрогеологиялық деректердiң де ақпаратының құндылығы жойылады. Сонымен қатар, аталған зерттеулер жүргiзу кезiнде мезо-кайнозойлық құралымдармен астасқан алаңдар зерттелген жоқ. палеозой iргетасының бетiн тереңдiк литохимиялық түсiру, iс жүзiнде жүргiзiлген жоқ, ал кен орналасатын аймақтар мен қабаттары қалың жиектерiнiң бетiн картирлеп тереңдік түсiру мүлде орындалған жоқ. Қыртысы желмен мүжілуіне байланысты пайдалы қазбалар кен орындарын мақсатты әрi жүйелi iздеу болған жоқ. Сонымен бір мезгiлде, соңғы жылдары табылған қалайы мен мырыштың ірі кен орындары, сондай-ақ алтынның көптеген көрiнiстерi кең ауқымдағы пайдалы қазбалар өнеркәсiптiк объектілерiн анықтауда желмен мүжілген қыртыстардың перспективасы бар екенін көрсетедi. Қазақстан аумағында зергерлiк алмастың, платина тобындағы металдардың, сирек кездесетін металдардың стратиформалық кен орындарының перспективасы айқын емес. Қатпарлы-жылжымалы құрылымдардың, көне шөгінділер сусымалы қабаттарын, сондай-ақ траппо- және шарья құралымдарымен байланысты кен орындары қалыптасуының мұнай iздеу мәнiстерiне қатысты мәселе қазiргi таңда қойылған жоқ. Сонымен бір мезгiлде, Ресейде осы проблемаларды зерттеу нәтижесiнде көмiрсутектi шикiзат кен орындары ашылды.
Жер қойнауының терең құрылымдарын зерттеу жөніндегі жұмыстар тоқтатылды, мұның өзi әлемдік геология ғылымынан едәуір артта қалуға әкеп соқты. Қазiргi заманғы ғылыми тұжырымдамалар негізiнде жаңа кен орындары мен перспективалы алаңдарды анықтау проблемасы көкейкестi болып табылады, өйткенi дәстүрлі әдiстерге негізделген соңғы кезеңдегi металлогениялық зерттеулер болжамдары оң нәтиже берген жоқ.
Көптеген жылдар бойы жинақталған геологиялық ақпараттың негiзгi бөлiгi аумақтық басқармалар мен Республикалық геологиялық қордың қорлары мен қоймаларында қағаз күйiнде сақталуда әрi бiрте-бiрте тоза бастауда, мұның өзi жер қойнауы мен жер қойнауын пайдалану туралы осы заманғы компьютерлiк ақпарат жүйесiн жасау қажеттiгiн айғақтайды.
ҚР Үкіметінің 2005.11.07. № 716 Қаулысымен 4-бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi
Елдiң минералдық-шикiзаттық кешенi ресурстық базасын дамытудың 2003-2010 жылдарға арналған бағдарламасының мақсаты -пайдалы қазбалардың қосымша қорларын табуға, жер қойнауын ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету, бағытталған геологиялық зерттеулердiң тиiмдi жүйесiн құру әрi жетiлдiру, оларға мынадай мiндеттердi орындау жолымен қол жеткiзіледi:
1:200000 масштабтағы алаңдарды жете геологиялық зерттеу
кендi аудандарды геологиялық-минерагендiк картаға түсiру;
iздеу және iздеу-бағалау жұмыстары;
минералдық-шикiзаттық база мен жер қойнауын пайдалану мониторингi;
жер асты сулары мен геологиялық процестер мониторингi;
мемлекеттік қадағалау желiсіндегі жойылған және тоқтатылған пункттердi қалпына келтiру;
геологиялық ақпаратты қалыптастыру;
геологиялық зерттеулер мен жер қойнауын пайдалануды ақпараттық қамтамасыз ету;
геологиялық зерттеулердiң басым бағыттарын ғылыми-техникалық қолдау; жер қойнауының тереңдегi құрылымын зерттеу жөнiндегі геофизикалық зерттеулер жүргiзу.
Төменде аталған жұмыстар бағыттарының сипаттамасы берiледi.