Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1449 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1402 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Елдің минералдық-шикізаттық кешені ресурстық базасын дамытудың 2003 - 2010 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1449 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 50, 496-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ө.Е. Шөкеевке жүктелсін.»;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Елдің минералдық-шикізаттық кешені ресурстық базасын дамытудың 2003 - 2010 жылдарға арналған бағдарламасында:
«Бағдарлама паспорты» деген 1-бөлімде:
«Күтілетін нәтижелер» деген жолда:
екінші, үшінші және төртінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2007 жылы - Семей полигонының шығыс жиектеуі, Ресеймен шекаралас Кенді Алтай аудандары, солтүстік Жоңғар (Текелі), Орталық Қаратау, Жәйрем-Үшқатын, Жетіқара тау-кен аудандары;
2008 жылы - Мұғаджар, Көкшетау, Жезқазған, Қарағанды, солтүстік Жоңғар, Батыс Қалба, Қаратау тау-кен аудандары;
2009 жылы - Кенді Алтай тау-кен ауданы;»;
он бірінші, он екінші және он үшінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2007 жылы - алтын - 3 тоннаны, мыс - 200 мың тоннаны, полиметалл - 100 мың тоннаны;
2008 жылы - алтын - 10-12 тоннаны, мыс - 50-80 мың тоннаны, полиметалл - 100-120 мың тоннаны;
2009 жылы - алтын - 12-15 тоннаны, мыс - 50-80 мың тоннаны, полиметалл - 100-120 мың тоннаны;»;
он алтыншы, он жетінші және он сегізінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
2007 жылы - 197 ауылдық елді мекен;
2008 жылы - 108 ауылдық елді мекен;
2009 жылы - 256 ауылдық елді мекен;»;
«Қаржыландыру көлемі мен көздері» деген жолда:
«2005 ж. - 2920,9 млн. теңге;
2006 ж. - 4963,1 млн. теңге;
2007 ж. - 3285,1 млн. теңге;
2008 ж. - 3413,7 млн. теңге;
2009 - 2010 жж. - 27238,4 млн. теңге»
деген сөздер мынадай сөздермен ауыстырылсын:
«2006 ж. - 4959,5 млн. теңге;
2007 ж. - 5713,5 млн. теңге;
2008 ж. - 6520,7 млн. теңге;
2009 ж. - 7829,9 млн. теңге;»;
«Елдің минералдық-шикізат базасының жай-күйін талдау» деген 3-бөлімде:
«Елдің минералдық-шикізат базасының жай-күйі» деген 3.2-кіші бөлімде:
бірінші абзацта:
«Соңғы жылдары» деген сөздер алынып тасталсын;
«аңдалып, одан әрі арта түсуде» деген сөздер «сақталуда» деген сөзбен ауыстырылсын;
«Бағдарламаның негізгі бағыттары мен іске асыру тетігі» деген 5-бөлімде:
«Кенді аудандарды геологиялық-минерагендік картаға түсіру» деген 5.1-1-кіші бөлімде:
екінші, үшінші және төртінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2007 жылы - Темірлік-Тұйық алаңы мен Ақбастау-Қосмұрын металлогендік аймағының шегінде геологиялық-минерагендік картаға түсіруді аяқтау, Кетмен қайталама-рифтілік құрылымының шегіндегі жұмыстарды бастау.
2008 жылы - Темірлік-Тұйық алаңы мен Ақбастау-Қосмұрын металлогендік аймағының шегінде геологиялық-минерагендік картаға түсіруді аяқтау, Кетмен қайталама-рифтілік құрылымының шегіндегі жұмыстарды жалғастыру; Текелі және Биже-Көксай тау-кен аудандарында, Бозшакөл құрылымдық-металлогендік аймағында жұмыс жүргізуді бастау.
2009 жылы - Кетмен қайталама-рифтілік құрылымының шегінде; Текелі және Биже-Көксай тау-кен аудандарында, Бозшакөл құрылымдық-металлогендік аймағында, геологиялық-минерагендік картаға түсіруді жалғастыру, Батыс Тарбағатай алаңында жұмыс жүргізуді бастау.»;
5.3-кіші бөлімнің 5.3.1., 5.3.2., 5.3.3-тараулары мынадай редакцияда жазылсын:
«5.3.1. Қатты пайдалы қазбаларды іздеу-бағалау жұмыстары
2007 жылы 1:200000 масштабтағы алаңдарға жете геологиялық зерделеу жүргізудің және геологиялық материалдарды қорытудың нәтижесінде анықталған Қазақстанның Шығыс өңіріндегі перспективалық телімдердегі іздеу-бағалау жұмыстарын аяқтау күтіледі. Жұмыстардың нәтижесі мыстың, никельдің, полиметалдардың, сирек металдардың, алтын мен көмірдің болжамды ресурстарын бағалау болмақ. Таулы Маңғыстаудың Орталық Орск ауданында және Қаратау мегантиклинорийінің шегінде (Батыс Қазақстан), Глебовский және Баталы телімдерінде (Солтүстік Қазақстан), Снегирихин-Сакмар-Черноубинск алаңында, Тақыр-Қалжыр және Жаңа Снегирев телімдерінде (Шығыс Қазақстан), Ырғайты телімінде және Таспол кені алаңында (Оңтүстік Қазақстан) алтын, мыс, мырыш, қорғасын қорларының өсімін алу мақсатындағы іздеу-бағалау жұмыстары жалғастырылады. Мыс пен алтын қорларының өсімін алу мақсатында Бай кен алаңының шегінде (Орталық Қазақстан), Красноармейский (Солтүстік Қазақстан), Құлантөбе және Попутный (Оңтүстік Қазақстан) телімдерінде жұмыстарды жалғастыру жоспарлануда.
Төменде іздеу-бағалау жұмыстарына неғұрлым тән объектілердің сипаттамалары келтіріледі.
Глебовский телімі Жітіқара қаласынан солтүстік шығысқа қарай 30 км жерде орналасқан. Телімде ұзындығы 3-5 км, ені 300 - 500 м үш алтынды аймақ белгіленді. Олардың шегінде алтынның орташа құрамы 2,1-6,6г/т12 кен денелері айқындалды. Кен денелерінің қалыңдығы 1,5 м болған кездегі жайылу ұзындығы 500 м дейін, еңістенуі - 110 м дейінгі жерді алып жатыр. Кен денелері үстіңгі бетпен астасып жатыр. Телім алаңы 20 шаршы км. Жұмыстың мақсаты Жітіқара тау-кен ауданының минералдық-шикізаттық базасын нығайту болып табылады.
Баталы телімі Қостанай облысының Денисов ауданында, Баталы темір жол станциясынан оңтүстік батысқа қарай 10 км жерде орналасқан. Кендену тастарамысты-сеппелі сипатқа ие және мысты порфир типінде берілген. Мыстың орташа құрамы 0,6 % шегінде. Кеннің жату тереңдігі 2,5 - 4,0 м, кенді алқаптың орташа қалыңдығы 36,2 м. Жұмыстардың мақсаты Батыс Қазақстанның мыс кенді өнеркәсібінің минералдық-шикізаттық базасын нығайту болып табылады.
Ырғайты телімі Солтүстік Жоңғар ауданында Сарқант қаласынан солтүстік шығысқа қарай 150 км жерде орналасқан және Тентек, Жаманты, Ырғайты өзендерінің және перспективалық аллювийлік-проллювийлік шашылымдарын қамтиды. Құрамында кемінде 0,3 г/т алтыны бар 28 алтын көздерін табу болжамы жасалып отыр. Жүргізілетін жұмыстардың мақсаты инвесторлар тарту үшін экономикалық рентабельді алтын кені объектілерін анықтау болып табылады.
Тақыр Қалжыр телімі Оңтүстік Алтай ауданында Зайсан қаласынан солтүстікке қарай 100 км жерде орналасқан. Алтынкенді тау жыныстарын табудың перспективасы Тақыр, Бала Қалжыр және Қалжыр өзендерінің бассейіндеріндегі су қойнауларында көп кездесетін аллювийлік-проллювийлік шөгінділермен байланысты. Жұмыс телімінің шегіндегі алтыны бар қабаттың қалыңдығы 5 м, алтынның орташа құрамы 300 мг/м3. Жұмыстардың мақсаты Кенді Алтайдың тау-кен ауданының минералдық-шикізаттық базасын нығайту болып табылады.
Таспол кенді алқабы Ағалатас өзенінің сол жағалауында, Алматы қаласынан оңтүстік батысқа қарай 165 км жерде орналасқан. Кенді алқаптың шегінде қабаттасқан шор тасты алтынсульфидті метасоматикалық денелермен байланысты бірқатар алтын білінулері анықталды. Жүргізілетін жұмыстардың мақсаты инвесторлар тарту үшін экономикалық рентабельді алтын кені объектісін анықтау болып табылады.
Красноармейский телімі Қостанай облысының Денисов ауданында, Баталы темір жол станциясының шегінде орналасқан. Кендену тастарамысты-сеппелі сипатқа ие және мысты порфир типінде берілген. Мыстың өнеркәсіптік құрамымен бірге минералдану аймақтарының қабаты 4-тен 20 м дейін ауытқиды. Ұңғымалар бойынша мыстың орташа құрамы 0,25 %-дан 1,22 %-ға дейін. Серіктес пайдалы компоненттері молибден (0,02 %), алтын 0,2 г/т. Жұмыстардың мақсаты Батыс Қазақстанның мыс кенді өнеркәсібінің минералдық-шикізаттық базасын нығайту болып табылады.
Құлантөбе кен білінуі Алматы қаласынан солтүстік батысқа қарай 120 км жерде орналасқан. Кендену диоритті порфириттердің кіші интрузияларына орайластырылған, пропилиттелген порфириттердегі пиритизациялау және карбонаттау аймақтарымен байланысқан. Екі ұңғымадан құрамында 0,05-тен 5,6 г/т дейін бар, қалыңдығы 1-ден 12 м дейінгі 6 кен денесі табылды. Созылымы бойынша байқалған жоқ. Жүргізілетін жұмыстардың мақсаты - кейіннен тендерлік ұсыныстар жасап, әрі инвесторлар тарта отырып, экономикалық рентабельді алтын кені объектісін анықтау.
Бай кен алаңы Қарағанды қаласынан оңтүстік шығысқа қарай 230 км жерде орналасқан. Кендену тастарамысты-сеппелі сипатқа ие және мысты порфир типінде берілген. Кенді бөліктің көлемі 500 х 850 м, 500 м дейінгі тереңдікте тексерілген. Жүргізілетін жұмыстардың мақсаты - кейіннен тендерлік ұсыныстар жасап, әрі инвесторлар тарта отырып, экономикалық рентабельді алтын кені объектісін анықтау.
2008 жылы Орталық Орск ауданында және Таулы Маңғыстау, Қаратау мегантиклинорийі шегінде (Батыс Қазақстан), Глебовский және Баталы телімдерінде (Солтүстік Қазақстан), Снегирихинск-Сакмаринск-Черноубинск алаңында, Тақыр-Қалжыр және Жаңа Снегирев телімдерінде (Шығыс Қазақстан), Ырғайты телімінде және Таспол кен алаңында (Оңтүстік Қазақстан) алтын, мыс, мырыш, қорғасын қорларының өсімін алу мақсатындағы іздеу-бағалау жұмыстары аяқталады. Бай кен алаңының шегіндегі (Орталық Қазақстан), Красноармейский (Солтүстік Қазақстан), Құлантөбе және Попутный (Оңтүстік Қазақстан) телімдеріндегі жұмыстар жалғастырылады. Мыс, полиметалл және алтын қорларының өсімін алу мақсатында Селекциялық кен аймағының қанаттарында, Тұран, Тарутинский, Қарғаоба (Шығыс Қазақстан) және Солтүстік Леонидовский (Солтүстік Қазақстан), Заречный (Орталық Қазақстан) телімдерінде және Қастек кен алаңында (Оңтүстік Қазақстан) іздеу-бағалау жұмыстарын орындау жоспарланып отыр.
Төменде іздеу-бағалау жұмыстарына неғұрлым тән объектілердің сипаттамалары келтіріледі.
Тұран телімі Ақмола облысында Васильковский кен алаңынан солтүстік батысқа қарай 25 км жерде орналасқан. Телім шегінде: Орталық және Оңтүстік деп аталатын 2 кен аймағы анықталған. ұзындығы 2 км, қалыңдығы 10-70 м болатын Орталық аймағы көбірек зерттелген. Аймақтың еңісіне қарай 270 м терендікке тексерілген. Кен аралықтарындағы алтынның құрамы 19 г/т жетеді. Жұмыстардың мақсаты Васильковский тау-кен ауданының минералдық-шикізаттық базасын нығайту болып табылады.
Қарғаоба телімі Өскемен қаласынан оңтүстікке қарай 280 км жерде орналасқан. Кендену тастарамысты-сеппелі сипатқа ие және бөлінісі жағынан мысты порфир типінде берілген. Алғашқы жүздеген метр қалыңдықтағы минералдандырылған аймақтар 1000 м қашықтыққа тексерілген. Кен қиылыстарындағы мыстың құрамы 0,1-ден 1,5%-ға дейін. Жүргізілетін жұмыстардың мақсаты - кейіннен тендерлік ұсыныстар жасап, әрі инвесторлар тарта отырып, экономикалық рентабельді мыс кені объектісін анықтау.
Солтүстік Леонидовский телімі Қостанай қаласынан оңтүстік батысқа қарай 180 км жерде орналасқан. Телім шегінде орташа қалыңдығы 50 - 70 м алтынды желілік кебу қыртысы кеңінен дамыған. Олардың шегінде алтынның құрамы 0,5-тен 20 г/т дейінгі созылып жатқан бастапқы және қайталама шашырау ореолдары анықталған. Жұмыстардың мақсаты Жітіқара тау-кен ауданының минералдық-шикізаттық базасын нығайту болып табылады.
Заречный телімі Қарағанды облысында Баршын аудан орталығынан оңтүстік батысқа қарай 35 км жерде орналасқан. Іздеу жұмыстарының нәтижелері бойынша телімнің шегінде қалыңдығы 4-тен 29 м дейінгі құрамында 0,5 %-дан 1,13 %-ға дейін мыс бар кен денелері анықталды. Кен 0,4 - 5 г/т шегіндегі алтынды қамтиды. Жұмыстардың мақсаты Жезқазған тау-кен ауданының минералдық-шикізат базасын нығайту болып табылады.
2009 жылы Бай кен алаңының шегіндегі (Орталық Қазақстан), Красноармейский (Солтүстік Қазақстан), Құлантөбе және Попутный (Оңтүстік Қазақстан) телімдеріндегі жұмыстарды аяқтау көзделіп отыр. Селекциялық кен аймақтарының қанаттарында, Тұран, Тарутинский, Қарғаоба (Шығыс Қазақстан) және Солтүстік Леонидовский (Солтүстік Қазақстан), Заречный Орталық Қазақстан) телімдерінде және Қастек кен алаңында (Оңтүстік Қазақстан) іздеу-бағалау жұмыстары жалғастырылады. Солтүстік Қазақстанда - Константинов алаңында, Клочков телімінде, Володар кен аймағының шегінде; Оңтүстік Қазақстанда - Қушоқы, Аюсай және Адыр кен білінулерінде, Карстовый және Мыңшұқыр-Күмісті телімдерінде; Шығыс Қазақстанда - Тұз кен орнында, Вавилон кен алабында, Мырзағұл телімінде; Орталық Қазақстанда - Жангелдин кен алабында алтынды, мысты, полиметалды және басқа да сирек металдарды іздеу-бағалау жұмыстарын орындау жоспарланып отыр.
Төменде іздеу-бағалау жұмыстарына неғұрлым тән объектілердің сипаттамалары келтіріледі.
Тұз кен орны Шығыс Қазақстан облысында Саяқ қаласынан шығысқа қарай 180 км жерде орналасқан. Кен орнының шығыс қапталында ұзындығы 4 км орлармен құрамында 4-тен 38 г/т дейін алтыны бар кен аршылған. Кендену магмалық брекчияларға орайластырылған. Жүргізілетін жұмыстардың мақсаты - кейіннен тендерлік ұсыныстар жасап, әрі инвесторлар тарта отырып, экономикалық рентабельді алтын кені объектілерін анықтау.
Қушоқы кен білінуі Алматы қаласынан солтүстік батысқа қарай 150 км жерде орналасқан. Алтын және алтын-сульфидті кендену гранодиориттер штогының экзоконтактысына орайластырылған. Штоктың шегінде және оның перифериясы бойынша мыстың, қорғасын мен мырыштың қайталама ореолдары анықталды. Жүргізілетін жұмыстардың мақсаты - кейіннен тендерлік ұсыныстар жасап, әрі инвесторларды тарта отырып, экономикалық рентабельді алтын кені объектісін анықтау.
Мыңшұқыр-Күмісті телімі Оңтүстік Қазақстан облысындағы Үлкен Қаратаудың солтүстік шығыс жақ баурайында Шымкент қаласынан батысқа қарай 25 км жерде орналасқан. Үлкен көлемдегі шашылымдарды анықтау перспективалары мұнда Шобан, Күмісті, Ранг және Алтынтаусай өзендерінің шығарынды конустарымен байланысты. Шығарынды конустардың алтынға қанықтығы 10 км дейінгі қашықтыққа тексерілген. Алтынның бөлінуі сорғаламалы. Байытылған сорғаламадағы алтынның құрамы 0,4-0,5 г/м. Жүргізілетін жұмыстардың мақсаты - кейіннен тендерлік ұсыныстар жасай, әрі инвесторларды тарта отырып экономикалық рентабельді алтын кені объектісін анықтау.
Вавилон кен алабы Семей қаласынан шығысқа қарай 70 - 80 км жерде орналасқан. Кен алаңының көлемі 49 шаршы км құрайды және Вавилон мыс кен орнын, бірқатар мыс-пирротинді кен білінулері мен минералдандыру нүктелерін қамтиды. Вавилон кен орны, тұтас кен алаңы ретінде, полиметалдарға, алтынға, күміске, платина тобының металдарына бағаланған жоқ. Жұмыстардың мақсаты Кенді Алтайдың мыс кенді өнеркәсібінің минералдық-шикізаттық базасын нығайту болып табылады.
5.3.2. Көмірсутекті шикізатты іздеу жұмыстары.
Бағдарламада мыналар көзделеді:
2007 жылы - мұнай мен газды одан әрі іздеуге арналған перспективалық телімдерді табу мақсатында Шалқар аймағының шегінде геологиялық-геофизикалық материалдарды кешенді пайымдауды аяқтау және Теңіз ойпатының оңтүстік шығыс бөлігіндегі Мұзбел телімінде іздеу жұмыстарын аяқтау; Каспий маңы ойпатының орталық бөлігіндегі Бекет-Бесоба телімінің шегінде жұмыстарды жүргізу көзделіп отыр;
2008 жылы - Мұзбел теліміндегі жұмыстарды аяқтау және Бекет-Бесоба теліміндегі жұмыстарды жалғастыру, Үстірт Бұзашы шөгінді бассейнінде іздеу-барлау жұмыстарын бастау;
2009 жылы - Бекет-Бесоба телімінің шегінде және Үстірт Бұзашы шөгінді бассейнінде іздеу-барлау жұмыстарын аяқтау, Ертіс жағалауы, Іле, Сырдария шөгінді бассейндерінде геологиялық барлау жұмыстарын бастау.
5.3.3. Жер асты суларын іздеу-барлау жұмыстары.
Бағдарламада мыналар көзделеді:
2007 жылы - 152 ауылдық елді мекенді сумен қамтамасыз етуге арналған іздеу-барлау жұмыстарын аяқтау және 197 ауылдық елді мекенге арналған жұмыстарды жалғастыру;
Жаркент қаласы телімінің геотермальді суларының пайдалану қорларын анықтау және бағалау үшін іздеу-барлау жұмыстарын бастау;
2008 жылы - 197 ауылдық елді мекенді сумен қамтамасыз етуге арналған іздеу-барлау жұмыстарын жүргізуді аяқтау және 108 ауылдық елді мекенге арналған жұмыстарды бастау;
топтық су құбырларды сумен қамтамасыз ету үшін Қызылорда облысындағы Толағай кен орнында (Бердікөл және Құсамансай) Оңтүстік Қазақстан облысындағы Шардара кен орнында жер асты су қорларын толық барлауды және қайта бекітуді бастау;
Жаркент қаласы телімінің жер асты геотермальді суларының пайдалану қорларын анықтау және бағалау үшін іздеу-барлау жұмыстарын аяқтау;
2009 жылы - 108 ауылдық елді мекенді сумен қамтамасыз етуге арналған іздеу-барлау жұмыстарын жүргізуді аяқтау және 256 ауылдық елді мекенге арналған жұмыстарды бастау;
топтық су құбырларды сумен қамтамасыз ету үшін Қызылорда облысындағы Толағай кен орнында (Бердікөл және Құсамансай ) Оңтүстік Қазақстан облысындағы Шардара кен орнында жер асты су қорларын толық барлауды және қайта бекітуді аяқтау;
топтық су құбырын сумен қамтамасыз ету үшін Қызылорда облысындағы Жиделі кен орнында жер асты су қорларын толық барлауды және қайта бекітуді бастау, Арыс және Түркістан телімдеріндегі жер асты геотермальді сулардың пайдалану қорларына бағалау үшін іздеу-барлауды бастау;
барланған жер асты су кен орындарын (телімдерін) түгендеу.»;
«Минералдық-шикізаттық база мен жер қойнауын пайдаланудың мониторингі» деген 5.4-кіші бөлімде:
екінші абзацтағы «магний, ванадий, күміс, висмут (2006 жыл).» деген сөздер алынып тасталсын, «(2005 жыл)» деген сөздерден кейін «магний, ванадий, күміс, висмут бойынша жұмыстар жүргізілуде» деген сөздермен толықтырылсын;
бесінші абзац алынып тасталсын;
5.5-кіші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
«5.5. Жер асты сулары мен қауіпті геологиялық үдерістердің мониторингі.
Бағдарламада мыналар көзделеді:
2007 жылы - 5005 бақылау пунктінде, оның ішінде Алматы, Шалқар және Зайсан полигондарының жер сілкіністерінің хабаршыларын зерттеу пункттерінде, 3 жер асты суларының техногендік ластану полигонында (Елек, Мырғалымсай-Түркістан және Қошқарата) жер асты суларының мониторингін жүргізу, Атырау (Құлсары) және Маңғыстау (Жетібай) облыстарында 2 жер сілкіністерінің хабаршыларын зерттеу бекетін құру, 1 жер асты суларының техногендік ластану мониторингі полигонын құру (Рудный-Қостанай), 15 бекетте қауіпті геологиялық үдерістерге бақылау жүргізу, 35 бекет пен 2 полигонда (Ертіс және Қаскелең-Талғар) бақылаулар құру және жүргізу, «Геолинк», жер асты суларының мемлекеттік су кадастры жүйесінде мониторинг дерекқорын жүргізу, Қазақстан Республикасының Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы мемлекеттік ақпарат банкінің құрамында «Жер асты сулары» ақпараттық-талдамалық шағын жүйені дамытуды жалғастыру, мемлекеттік бақылау пункттеріне бөлінетін жерлерді ресімдеуді аяқтау;
жер асты суларына және қауіпті геологиялық үдерістерге мониторинг жүргізуді алып жүру (қашықтықтан зерттеу әдістерін пайдалана отырып, мониторингіні бағдарламалық, техникалық, ақпараттық және картографиялық қамтамасыз ету, ластануды қоса алғанда, сумен қамтамасыз етуді, жер асты суларының ресурстары мен жай-күйін бағалау, гидрогеологиялық объектілердің автоматтандырылған тұрақты жұмыс істейтін модельдерін құру, өзендердің бассейндері бойынша гидрогеологиялық карталарды қоса алғанда, тақырыптық карталар жасау және шығару, аумақтарды аудандастыру, нормативтік құжаттарды әзірлеу);
2008 жылы - 5000 бақылау пунктінде және Алматы мен Шалқар полигондарының жер сілкіністерінің 13 хабаршыларын зерттеу пункттерінде, Зайсан, Құлсары, Жетібай бекеттерінде, 4 жер асты суларының техногендік ластану полигонында (Елек, Мырғалымсай-Түркістан, Қошқарата, Семей) жер асты суларының мониторингін жүргізу, Рудный-Қостанай жер асты суларының техногендік ластану полигонында, 42 бекетте және 2 полигонда (Ертіс және Қаскелең-Талғар) қауіпті геологиялық үрдістерге бақылаулар құру және жүргізу, «Геолинк», жер асты суларының мемлекеттік су кадастры жүйесінде мониторинг дерекқорын жүргізу, Қазақстан Республикасының Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы мемлекеттік ақпарат банкінің құрамында «Жер асты сулары» ақпараттық-талдамалық шағын жүйені дамытуды жалғастыру;
жер асты суларына және қауіпті геологиялық үдерістерге мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету (қашықтықтық зерттеу әдістерін пайдалану арқылы мониторингіні бағдарламалық, техникалық, ақпараттық және картографиялық қамтамасыз ету, ластануды қоса алғанда, сумен қамтамасыз етуді, жер асты суларының ресурстары мен жай-күйін бағалау, гидрогеологиялық объектілердің автоматтандырылған тұрақты жұмыс істейтін модельдерін құру, өзендердің бассейндері бойынша гидрогеологиялық карталарды қоса алғанда, тақырыптық карталар жасау және шығару, аумақтарды аудандастыру, нормативтік құжаттарды әзірлеу);
2009 жылы - 5000 бақылау пунктінде және Алматы мен Шалқар полигондарының жер сілкіністерінің 13 хабаршыларын зерттеу бекеттерінде, Зайсан, Құлсары, Жетібай бекеттерінде, 4 жер асты суларының техногендік ластану полигонында (Елек, Мырғалымсай-Түркістан, Қошқарата, Семей) жер асты суларының мониторингін жүргізу, Рудный-Қостанай жер асты суларының техногендік ластану полигонында, 42 бекетте және 2 полигонда (Ертіс және Қаскелең-Талғар) қауіпті геологиялық үрдістерге бақылаулар құру және жүргізу, «Геолинк», жер асты суларының мемлекеттік су кадастры жүйесінде мониторинг дерекқорын жүргізу, Қазақстан Республикасының Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы мемлекеттік ақпарат банкінің құрамында Жер асты сулары» ақпараттық-талдамалық шағын жүйені дамытуды жалғастыру;
жер асты суларына және қауіпті геологиялық үдерістерге мониторинг жүргізуді алып жүру (қашықтықтық зерттеу әдістерін пайдалана отырып, мониторингіні бағдарламалық, техникалық, ақпараттық және картографиялық қамтамасыз ету, ластануды қоса алғанда, сумен қамтамасыз етуді, жер асты суларының ресурстары мен жай-күйін бағалау, гидрогеологиялық объектілердің автоматтандырылған тұрақты жұмыс істейтін модельдерін құру, өзендердің бассейндері бойынша гидрогеологиялық карталарды қоса алғанда, тақырыптық карталар жасау және шығару, аумақтарды аудандастыру, нормативтік құжаттарды әзірлеу).»;
«Жер қойнауы мен жер қойнауын пайдалану туралы қазіргі заманғы ақпараттық жүйе құру. Геологиялық зерттеулерді ақпараттық қамтамасыз ету» деген 5.6-кіші бөлімде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«5.6. Геологиялық зерттеулерді ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету»;
жетінші, сегізінші абзацтардан кейін мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
«Республикалық геологиялық қорда сақталатын мәтіндік және сызбалық геологиялық материалдардың компьютерлік мұрағаттануын жүргізу және алғашқы геологиялық ақпаратты сандық тасымалдаушыларға ауыстыру;
жер қойнауы туралы деректер банкінің ақпараттық жүйесін сүйемелдеу;»;
5.6.1-кіші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
«5.6.1. Мұнай мен өздігінен асып төгілетін ұңғымаларды жою және консервациялау
Жұмыстар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 шілдедегі № 1019 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында қатты пайдалы қазбалар, мұнай, газ, жер асты сулары кен орындарын әзірлеу кезінде жер қойнауын қорғаудың бірыңғай ережесінің 139-тармағына сәйкес жүргізіледі.
2007 жылы - Каспий теңізінің су басып кеткен аймағындағы 8 мұнай ұңғымасын, өздігінен асып төгілетін гидрогеологиялық ұңғыманы жою және консервациялау.
2008 жылы - Каспий теңізінің су басып кеткен аймағындағы 8 мұнай ұңғымасын, 146 өздігінен асып төгілетін гидрогеологиялық ұңғыманы жою және консервациялау.
2009 жылы - Каспий теңізінің су басып кеткен аймағындағы 8 мұнай ұңғымасын, 146 өздігінен асып төгілетін гидрогеологиялық ұңғыманы жою және консервациялау.»;
«Қажетті ресурстар мен оларды қаржыландыру көздері» деген 6-бөлімде:
2006-2009 жылдарға арналып жоспарланған геологиялық барлау жұмыстарының кестесі осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
«Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер» деген 7-бөлімде:
1-тармақта:
екінші абзац алынып тасталсын;
үшінші және төртінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2007 жылы Семей полигонының шығыс жиектеуі, Кенді Алтайдың Ресеймен шектес аудандары, солтүстік Жоңғар (Текелі тау-кен ауданы), Орталық Қаратау, Жәйрем-Үшқатын, Жітіқара тау-кен аудандары шегіндегі 1:200000 масштабтағы алаңдарды жете геологиялық зерттеу аяқталады.
2008 жылы Мұғаджар, Көкшетау, Жезқазған, Батыс Қалба, Қаратау тау-кен аудандары, Шыңғыс-Тарбағатай металлогендік белдемі шегіндегі 1:200000 масштабтағы алаңдарды жете геологиялық зерттеу аяқталады.»;
2-тармақ мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
«2008 жылы алтын-полиметалдық және сирек металдық кендену объектілерінің анықталуы күтіліп отырған Темірлік-Тұйық алаңының және алтын-полиметалдық және мысты порфирлік кенденуі басым Ақбастау-Қосмұрын металлогендік аймағының геологиялық-минерагендік картаға түсірілуі аяқталады.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. 2007 жылы 1:200000 масштабтағы алаңдарға жете геологиялық зерттеу жүргізудің және геологиялық материалдарды қорытудың нәтижесінде анықталған Қазақстанның Шығыс өңіріндегі перспективалы телімдердегі іздеу-бағалау жұмыстарын аяқтау күтіледі. Жұмыстардың нәтижесі мыстың, никельдің, полиметалдың, сирек металдардың, алтын мен көмірдің болжамды ресурстарын бағалау болмақ.
2008 жылы Кенді Маңғыстаудың Орталық Орск ауданында және Қаратау мегантиклинорийінің шегінде (Батыс Қазақстан), Глебовский және Баталы телімдерінде (Солтүстік Қазақстан), Снегирихинск-Сакмаринск-Черноубинск алаңында, Тақыр-Қалжыр және Жаңа Снегирев телімдерінде (Шығыс Қазақстан), Ырғайты телімінде және Таспол кен алаңында (Оңтүстік Қазақстан) алтын, мыс, мырыш, қорғасын қорларының өсімін алу мақсатындағы іздеу-бағалау жұмыстары аяқталады.