Елдiң минералдық-шикiзаттық кешенi ресурстық базасын дамытудың 2003-2010
жылдарға арналған бағдарламасын бекiту туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы N 1449 қаулысы
Осы редакция ҚР Үкіметінің 2004 ж. 19 сәуірдегі N 433 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi Даму стратегиясын iске асыру жөнiндегi одан арғы шаралар туралы" 2002 жылғы 28 наурыздағы N 827 Жарлығына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2002 жылғы 24 сәуiрдегi N 470 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002-2004 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарының 6.1.1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Елдiң минералдық-шикізаттық кешенi ресурстық базасын дамытудың 2003-2010 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрi Бағдарлама) бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi жыл сайын қаңтарда және шiлдеде жарты жылдық қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметiне Бағдарламаның орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары К.Қ. Мәсiмовке жүктелсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |
Қазақстан Республикасының
Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі
Геология және жер қойнауын қорғау комитеті
Елдiң минералдық-шикiзаттық кешенi ресурстық базасын
дамытудың 2003-2010 жылдарға арналған бағдарламасы
1. Бағдарлама паспорты
Әзiрлеу үшiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң негіздеме "Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi Даму
стратегиясын iске асыру жөнiндегі одан арғы
шаралар туралы" 2002 жылғы 28 наурыздағы N
827 Жарлығы. "Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 2002-2004 жылдарға арналған
Бағдарламасын iске асыру жөнiндегі іс-шаралар
жоспары туралы" Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 2002 жылғы 24 сәуiрдегi N 470
қаулысы.
Бағдарламаның Жұмыс iстеп тұрған тау-кен және мұнай өңдеу мақсаты мен кәсiпорындары үшiн пайдалы қазбалардың мiндеттерi
қосымша қорларын табуға, жер қойнауын ұтымды
әрi кешендi пайдалануды қамтамасыз етуге, жер
қойнауы мен қоршаған табиғи ортаны қорғауды
қамтамасыз етуге бағытталған геологиялық
зерттеулердің тиiмдi жүйесiн құру әрi
жетілдiру оларға мынадай мiндеттердi орындау
жолымен қол жеткізіледi:
тереңдiкте геохимиялық iздеу жүргiзiп,
1:200000 масштабында жер қойнауын жете
геологиялық зерттеу;
аймақтық гидрогеологиялық және инженерлiк-
геологиялық зерттеулер;
iздеу және iздеу-бағалау жұмыстары;
минералдық-шикiзаттық база мен жер қойнауын
пайдалану мониторингi;
жер асты сулары мен қауiп геологиялық
процестер мониторингі;
геологиялық ақпаратты қалыптастыру;
геологиялық зерттеулердi ақпараттық
қамтамасыз ету мен ғылыми-техникалық қолдау.
Күтiлетiн нәтижелер Әскери сынақ полигондарының және маңызды
тау-кен және мұнай-газ өндiру аудандарының
аумақтары бойынша 1:200000 масштабта жаңа
буынның картографиялық негiздерi жасалады;
жаңа перспективалы мұнай-газ құрылымдары мен
кен телiмдерi анықталады, көмiрсутектi
шикiзаттар, қатты пайдалы қазбалар мен жер
асты суларының орналасу заңдылықтары
әзiрленедi;
минералдық шикiзат әлемдiк рыногының қазiргi
заманғы талаптары ескеріле отырып, пайдалы
қазбалардың мемлекеттік теңгерiмдегi
қорларын қайта бағалау жүргiзiледi;
ел үшiн стратегиялық маңызы бар объектiлердi
қосымша минералдық ресурстармен қамтамасыз
ету үшiн iздеу-бағалау жұмыстары жүргiзiледi;
жер асты сулары мониторингі бойынша
мемлекеттік қадағалау желiсi пункттерi
қалпына келтiрiледi;
геологиялық зерттеулердiң басым бағыттары
бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары кеңейтiледi,
Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы
деректердiң мемлекеттiк компьютерлiк банкiнiң
бiрiншi кезегiн жасау жөнiндегi жұмыс
аяқталады;
геологиялық барлау өндiрiсiн әлемдiк
стандарттарға сай техникалық құралдармен және
технологиялармен қамтамасыз ету, қазiргi
заманғы зертханалық-талдау базасын жасау
жөнiнде жұмыстар жүргiзiледi.
Қаржыландыру Бағдарламаны iске асыруға арналған қаржылық көлемi мен көздерi шығындар республикалық бюджет есебiнен
көзделедi, жыл сайынғы көлемдерi тиiстi қаржы
жылына арналған республикалық бюджеттi
қалыптастыру кезiнде нақтыланады:
- 2003 ж. - 1175,9 млн. теңге;
- 2004 ж. - 1175,9 млн. теңге;
- 2005 ж. - 1175,9 млн. теңге;
- 2006-2010 ж.ж. - 5879,5 млн.теңге.
Iске асыру 1-кезең 2003-2005 жылдар; 2-кезең 2006-2010 мерзiмдерi жылдар
2. Кiрiспе
Республиканың стратегиялық маңызы бар маңызды түрлерi бойынша минералдық-шикiзаттық базасының қазiргi жай-күйi, тұтас алғанда, қанағаттанғысыз деп бағалануда, мұның өзi Елдiң минералдық-шикізаттық кешенi ресурстық базасын дамытудың 2003-2010 жылдарға арналған бағдарламасын дайындау үшiн алғышарт болып табылды. Мыналар Бағдарламаны әзiрлеу үшiн негiз болып табылды:
1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi Даму стратегиясын iске асыру жөнiндегi одан арғы шаралар туралы" 2002 жылғы 28 наурыздағы N 827 Жарлығы.
2. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002-2004 жылдарға арналған Бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 24 сәуiрдегi N 470 қаулысы.
Бағдарлама екi кезеңде iске асырылатын болады: 1-кезең - 2003 - 2005 жылдар; 2-кезең - 2006-2010 жылдар.
3. Елдiң минералдық-шикiзаттық базасының қазiргi жай-күйiн талдау
3.1. Әлемдiк минералдық-шикiзаттық кешендегi жағдайды талдау.
Әлемдiк минералдық-шикiзаттық рыноктың қазiргi уақыттағы жалпы жай-күйi мынадай факторлармен сипатталады:
рынок жеткiлiктi қанықтырылған әрi ұзақ мерзiмдi жеткізілiмдерге бағдарланған;
минералдық-шикiзаттық секторда капитал ресурстарының 20-дан 40%-ғa дейiн және еңбек ресурстарының 20%-ға дейiн шоғырландырылған;
халықаралық картельдер сату бағалары мен көлемдерi қатаң бақылауға алынған;
рынокқа дамушы елдердiң шығуына байланысты бәсеке күшеюде;
рынок әлемдiк стандарттарға сай жоғары технологиялы материалдық-шикiзаттық өнiмдерге бағдарланған.
3.2. Елдiң минералдық-шикiзаттық базасының жай-күйі
Республика қорғасынның, мырыштың, мыстың, мұнайдың, хромның, темiрдiң, марганецтің, қалайының, алтынның, фосфориттердiң, бор мен калий тұздарының қорлары бойынша әлемдегi жетекшi елдердiң ондығына кiредi. Алайда, нарық жағдайында минералдық шикiзат қорларының едәуiр бөлiгi бәсекеге төтеп бере алмады. Алтын бойынша кен қорының 39%, мыс пен мырыш бойынша 38%, қалайы бойынша тек қана 31% бәсекеге қабiлеттi. Қара металлургияның шикiзаттық базасы бәсекеге неғұрлым қабiлеттi. Соңғы жылдары Республика минералдық-шикiзаттық кешенi жай-күйiнiң серпiнiнде өтелмейтiн қорлардың орны толмау үрдiсi андалып, одан әрi арта түсуде. Пайдалы қазбалар стратегиялық түрлерiнiң көпшiлiгi бойынша өндiру көлемi олардың өсiмiнен әлдеқайда асуда.
1995 жылдан бастап никель бойынша және 1996 жылдан бастап қорғасын бойынша өнеркәсiптiк санаттағы қорлар бiр тоннаға да өспедi. Iс жүзiнде, пайдалы қазбалардың барлық аса маңызды түрлерi бойынша орны толмағандықтан, барланған қорлар жыл сайын 0,5-тен 1,7%-ға дейiн, ал өндiрушi кен орындары бойынша 7-8%-ға дейiн кемуде. Hәтижесiнде, Республика мысының активтiк қорлары 20-25 жыл iшiнде, қорғасын мен мырыштың қорлары 15-17 жыл iшiнде, алтынның қорлары 25-30 жыл iшiнде толық сарқылуы мүмкiн.
Жер бетiне жуық тереңдiкте жаңадан iрi және аса iрi кен орындарының ашылу ықтималдығы, iс жүзінде жоққа шығарылуда, өйткенi соңғы 50 жылда жүргiзiлген алаңдық геологиялық түсiру, геофизикалық, геохимиялық және iздеу жұмыстарының нәтижесiнде қатты пайдалы қазбалардың жер бетiне жуық кен орындарының барлығы дерлiк ашылды. Ал, iздеу кезеңiнен бастап кен орнын игеруге дайындауға дейiн кемiнде 15 жыл уақыт талап етiлетiнiн ескерсек, таяу уақытта Республика мыс, қорғасын-мырыш және алтын салалары дағдарысқа ұшырауы және минералдық-шикiзаттық кешенiнде елеулi теңгерiмсiздiк орын алуы әбден ықтимал. Сонымен қатар, өндiрiс көлемiнiң азаюы немесе оның қысқартылуы, қазiрдiң өзiнде одан туындайтын барлық әлеуметтiк және экономикалық салдарларымен бiрге қалалар мен кенттердiң азып-тозуына әкеп соғады. Тек 10-15 жылдан кейiн ғана материалдық-шикiзаттық базаны пайдалы қазбалар қорларымен озыңқы дамытуды қамтамасыз ету үшiн жағдай жасалуы мүмкiн, мұның өзi Қазақстанға ұдайы артып отырған бәсеке жағдайында әлемдiк минералдық-шикізаттық рынокта орнығуға мүмкiндiк бередi.
Жер асты суларының мониторингi бойынша мемлекеттік қадағалау желiсiндегi 7323 пунктiнен сейсмомониторингтің 9 пунктiн қоса алғанда, 3088 тоқтатылды және таратылды, мұның өзi елдегi санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды нашарлатты. Республиканың 3900-дан астам елдi мекенi ауыз сумен жабдықтау көздерi болмағандықтан, тұщы жер асты сулар қорларымен қамтамасыз етілмеген. Иесiз қалған мұнай, газ және өзiнен өзi ағып жатқан гидрогеологиялық ұңғымалар, мұнай мен шлак қамбалары экономикаға орасан зор нұқсан келтiруде, оларды жою үшiн 32 млрд. теңге қажет.
Геофизикалық және геохимиялық зерттеулермен қатар жүрген 1:200000 және 1:500000 масштабтарындағы мемлекеттiк геологиялық түсірулер жер бетiне жуық орналасқан пайдалы қазбалар кен орындарының 60-70%-ға жуығын ашуға әкелдi. Алайда, 1:200000 масштабындағы және 1:500000 масштабындағы түсірулердің едәуір бөлiгi, көбінесе ескiрдi, өйткенi олар сезiмталдығы төмен талдау аппаратурасы пайдаланылып әрi металлогения, тектоника, петрология туралы ескiрген ұғымдар негiзiнде жүргiзiлдi. Бұл ретте осы себептерге байланысты гидрогеологиялық деректердiң де ақпаратының құндылығы жойылады. Сонымен қатар, аталған зерттеулер жүргiзу кезiнде мезо-кайнозойлық құралымдармен астасқан алаңдар зерттелген жоқ. Ұңғымалар бұрғыланып әрі палеозой iргетасының бетiн байқап тереңдiк литохимиялық түсiру, iс жүзiнде жүргiзiлген жоқ, ал кен орналасатын аймақтар мен қабаттары қалың жиектерiнiң бетiн картирлеп тереңдік түсiру мүлде орындалған жоқ. Қыртысы желмен мүжілуіне байланысты пайдалы қазбалар кен орындарын мақсатты әрi жүйелi iздеу болған жоқ. Сонымен бір мезгiлде, соңғы жылдары табылған қалайы мен мырыштың ірі кен орындары, сондай-ақ алтынның көптеген көрiнiстерi кең ауқымдағы пайдалы қазбалар өнеркәсiптiк объектілерiн анықтауда желмен мүжілген қыртыстардың перспективасы бар екенін көрсетедi. Қазақстан аумағында зергерлiк алмастың, платина тобындағы металдардың, сирек кездесетін металдардың стратиформалық кен орындарының перспективасы айқын емес. Қатпарлы-жылжымалы құрылымдардың, көне шөгінділер сусымалы қабаттарын, сондай-ақ траппо- және шарья құралымдарымен байланысты кен орындары қалыптасуының мұнай iздеу мәнiстерiне қатысты мәселе қазiргi таңда қойылған жоқ. Сонымен бір мезгiлде, Ресейде осы проблемаларды зерттеу нәтижесiнде көмiрсутектi шикiзат кен орындары ашылды.
Жер қойнауының терең құрылымдарын зерттеу жөнiндегi жұмыстар тоқтатылды, мұның өзi әлемдік геология ғылымынан едәуір артта қалуға әкеп соқты. Қазiргi заманғы ғылыми тұжырымдамалар негізiнде жаңа кен орындары мен перспективалы алаңдарды анықтау проблемасы көкейкестi болып табылады, өйткенi дәстүрлі әдiстерге негізделген соңғы кезеңдегi металлогениялық зерттеулер болжамдары оң нәтиже берген жоқ.
Көптеген жылдар бойы жинақталған геологиялық ақпараттың негiзгi бөлiгi аумақтық басқармалар мен Республикалық геологиялық қордың қорлары мен қоймаларында қағаз күйiнде сақталуда әрi бiрте-бiрте тоза бастауда, мұның өзi жер қойнауы мен жер қойнауын пайдалану туралы осы заманғы компьютерлiк ақпарат жүйесiн жасау қажеттiгiн айғақтайды.
4. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi
Елдiң минералдық-шикiзаттық кешенi ресурстық базасын дамытудың 2003-2010 жылдарға арналған бағдарламасының мақсаты - жұмыс iстеп тұрған тау-кен және мұнай өңдеу кәсiпорындары үшiн пайдалы қазбалардың қосымша қорларын табуға, жер қойнауын ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету, жер қойнауы мен қоршаған табиғи ортаны қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған геологиялық зерттеулердiң тиiмдi жүйесiн құру әрi жетiлдiру, оларға мынадай мiндеттердi орындау жолымен қол жеткiзіледi:
тереңдiкте геохимиялық iздеу жүргiзiп, 1:200000 масштабында жер қойнауын жете геологиялық зерттеу;
аймақтық гидрогеологиялық және инженерлiк-геологиялық зерттеулер;
iздеу және iздеу-бағалау жұмыстары;
минералдық-шикiзаттық база мен жер қойнауын пайдалану мониторингi;
жер асты сулары мен геологиялық процестер мониторингi;
мемлекеттік қадағалау желiсiндегi жойылған және тоқтатылған пункттердi қалпына келтiру;
геологиялық ақпаратты қалыптастыру;
геологиялық зерттеулер мен жер қойнауын пайдалануды ақпараттық қамтамасыз ету;
геологиялық зерттеулердiң басым бағыттарын ғылыми-техникалық қолдау; жер қойнауының тереңдегi құрылымын зерттеу жөнiндегі геофизикалық зерттеулер жүргiзу.
Төменде аталған жұмыстар бағыттарының сипаттамасы берiледi.
5. Бағдарламаның негiзгі бағыттары мен iске асыру тетігі
5.1. 1:200000 масштабында жер қойнауын жете геологиялық зерттеу.
Жете геологиялық зерттеудiң негiзгi мiндетi - неғұрлым маңызды мұнай-газ бен тау-кен аудандарындағы кенге бай әрi жылдам байытылатын кендерi бар кен орындарын анықтау үшiн базалық материал ретiнде жаңа буындағы картографиялық негiз жасау болады.
Жете геологиялық зерттеудiң бiрiншi кезеңiнде қазiргi заманғы компьютерлiк технологияны қолданып, қолда бар өткен жылдардағы геологиялық-геофизикалық материалдарды талдау мен қайта түсiндiру жүргiзiледi, нәтижесiнде: бұрын жасалған карталарды пайдалану мүмкiндiгiнiң дәрежесi, қайта түсiрiлуi немесе жете зерттелуi тиiс алаңдар көлемдерi дәл белгіленiп, геологиялық зерттеулер жүргiзудiң бiрыңғай технологиясы әзiрленедi, бәсекеге қабiлеттi жаңа кен орындарын анықтау үшiн алғышарт жасалады, орындалуы тиiс геологиялық барлау жұмыстарының түрлерi мен көлемдерi анықталады.
Жете геологиялық зерттеу геофизикалық, геохимиялық әдiстермен, ұңғымаларды бұрғылаумен қатар жүредi, мұның өзi кен орындарының геологиясы, стратиграфиясы, тектоникасы, металлогениясы мен қалыптасуы мәселелерiн ашып көрсету үшiн жаңа материал бередi. Үстiңгi бетiне шығатын жыныстарды эндогендiк геохимиялық картирлеу және мақсаты - желмен мүжiлген қыртыстары мен мезо-кайнозойлық кеуек шөгінділер астынан жаңа кен объектілерiн табу болып табылатын тереңдегі геохимиялық картирлеу геологиялық зерттеулердiң маңызды бағыты болып табылады. Бұл әдiстер кешенiн қолдану нәтижесiнде перспективалы объектiлердiң көп саны анықталады деп болжануда. Тереңдегi геохимиялық картирлеу, бiрiншi кезекте қазiргi заманғы шөгiндiлермен жабылған белгiлi кендi құрылымдар жалғасында және желмен мүжiген қыртыстары дамыған телiмдерде жүргiзiледi. Жұмыстар қазiргi заманғы бұрғылау техникасы қолданылып, 500x1000 м дейiн тәптiштелiп, 2000х200 м желiсi бойынша перспективалы алаңдар мен телiмдердi бұрғылау жолымен орындалады. Ұңғымаларды бұрғылау геохимиялық сынамалар iрiктелiп орындалады.
5.2. 1:200000 масштабында жер қойнауын жете геологиялық зерттеу және
мемлекеттiк аймақтық гидрогеологиялық және инженерлiк-геологиялық
зерттеулер
Зерттеулердiң негiзгі мiндетi - жер асты суларының (тұщы, жылу энергетикалық, минералдық және құрамында бағалы компоненттерi бар өнеркәсiптiк және т.б.) таралуы мен қалыптасуының заңдылықтарын анықтау, iздеу-бағалау жұмыстарын жүргiзiп, перспективалы алаңдарды анықтау мен бағалау, ластанған жер асты суларының, су басқан, сортаңданған және басқа да қауiптi геологиялық процестер құбылыстарына ұшыраған алаңдар мен телiмдердi анықтау әрi картирлеу, өндiрiстiк күштердi орналастырып, ел халқын қоныстандыру схемаларын, сондай-ақ облыстарды аудандық жоспарлау схемаларын негiздеу.
5.3. Iздеу және іздеу-бағалау жұмыстары
Бұрыннан белгiлi объектiлер, сондай-ақ жете геологиялық зерттеу кезiнде анықталған перспективалы кендi аймақтар, тораптар мен телімдер геофизикалық, геохимиялық, тау-кен және бұрғылау жұмыстарымен бағаланады. Пайдалы қазбалар үлгiсiне, физикалық қасиеттерiне, кен объектiлерiнiң орналасу тереңдiгi мен параметрлеріне қарай геологиялық барлау жұмыстарының неғұрлым тиiмдi кешендерi мен әдiстерi таңдалып алынады. Бастапқы жұмыстар перспективалы телiмдерде 100x20м желiсi бойынша кейiн перспективалы телімдерде тәптiштелiп 200х40м желiсi бойынша литогеохимиялық және жеңiл геофизикалық әдiстермен жүргiзiледi. Гравибарлау мен электрлі барлау объектiлердi бұрғылық iздеуге дайындау кезеңінде шағын көлемде жүргiзiледi. Анықталған геофизикалық және геохимиялық ауытқулар тереңдігі 200-300 метрге дейiнгi ұңғымаларда бұрғылық iздеудiң бiрнеше бейінімен бағаланады. Зерттеудiң сейсмикалық әдiстерiмен және ұңғымалар бұрғылау арқылы перспективалы мұнай-газ құрылымдарын бағалау көзделедi.
5.3.1. Қатты пайдалы қазбаларды іздеу-бағалау жұмыстары
2003 жылы Кутюхинский және Поповский телiмдерiнде, Сырымбет, Қызылшоқы-Көктал, Солтүстiк Николаев кен орындарында 2002 жылы басталған жұмыстар жалғастырылады; мынадай объектiлерде тантал, қалайы, полиметалл кендерiне, мысқа, алтынға iздеу-бағалау жұмыстарын жүргiзу басталады:
Полиметалл кендері жұмыстары Зырянов тау-кен-металлургия комбинаты минералдық-шикізаттық базасын нығайту мақсатында Селекциялық кен аймағы шегiнде жүргiзiледi. Селекциялық кен аймағы Грехов кен орнынан батысқа қарай 3 км орналасқан. Сипатталып отырған аймақтың бетiнен 300 м тереңдiкте орташа қуаты 4 м, құрамында қорғасын - 2,4%, мырыш - 8,63%, мыс - 0,66%, алтын - 0,2 г/т, күмiс - 10/40 г/т 2 бар кен денесi ашылды. Кен орындары жайылуы мен түсуiне қарай бедерленбеген. С2 санатындағы кен қоры 895 мың тонна, P1+P2 санатындағы болжамды ресурстары 300-1000 м тереңдiктегi интервалда 4250 мың тонна деп бағалануда.
Қарағанды-Қарағайлы темiр жолынан 60 км, Қарағанды қаласынан оңтүстiк-шығысқа қарай 140 км жерде орналасқан Қамқор кен орны шегiндегі мыс жұмыстары. Іздеу-бағалау жұмыстары кен орнында Топар интрузивтік кешенiн енгізудiң бiрiншi сатысында габброидтар қабатаралық күрделi 4 кен денесi ажыратылды. 280 метрге дейінгі тереңдiкте ұңғымалар кен бар екенiн анықтады. Кен денелерiнiң нысаны түзу шығыңқы, ұзындығы 50-ден 150 метрге дейiн, қуаты - 10 метрден 34 метрге дейін, кен денелерiндегi мыстың орташа құрамы 0,93%, 1,57%, 0,84% және 0,55%. Кен химиялық құрамы бойынша мыс-никель кенi. Никельдiң мөлшерi 0,02-ден 0,3%-ға дейiн, кобальттың 0,008-0,09%. N 34 ұңғымыздағы керн сынамаларының сынамалық талдауының деректері бойынша N 1 кен денесiнде 0-159,9 м интервалында платинаның орташа өлшемдiк құрамы 0,14 г/т, палладий - 0,1 г/т құрады. Кен орны бетiнде арықтар арқылы 100 м сайын, ал жекелеген жағдайларда 40-60 м сайын зерттелдi. Ұңғымалар 50х50м дейiн қоюлатылған шағын көлемде 100x100 м желiсi бойынша бұрғыланды. N 1 кен денесiнде есептелген кен қоры 3,6 млн.т., мыстың қоры - 30,6 мың тонна, орташа құрамы - 0,85%. Қамқор кен орны ауданындағы мыс кенiнiң болжамды ресурстары 50-80 млн. тонна немесе 500-600 мың тонна мыс деп бағалануда.