мұнай және өздiгiнен асып төгілетiн гидрогеологиялық ұңғымаларды жою және консервациялау;
5. Бағдарламаның негiзгі бағыттары мен iске асыру тетігі
ҚР Yкіметінiң 2005.11.07. № 716 Қаулысымен 5.1.1. бөлімшесінің атауы өзгертілді (бұр. ред. қара)
5.1. 1:200000 масштабтағы алаңдарды жете геологиялық зерттеу.
Жете геологиялық зерттеудiң негiзгi мiндетi - неғұрлым маңызды мұнай-газ бен тау-кен аудандарындағы кенге бай әрi жылдам байытылатын кендерi бар кен орындарын анықтау үшiн базалық материал ретiнде жаңа буындағы картографиялық негiз жасау болады.
Жете геологиялық зерттеудiң бiрiншi кезеңiнде қазiргi заманғы компьютерлiк технологияны қолданып, қолда бар өткен жылдардағы геологиялық-геофизикалық материалдарды талдау мен қайта түсiндiру жүргiзiледi, нәтижесiнде: бұрын жасалған карталарды пайдалану мүмкiндiгiнiң дәрежесi, қайта түсiрiлуi немесе жете зерттелуi тиiс алаңдар көлемдерi дәл белгіленiп, геологиялық зерттеулер жүргiзудiң бiрыңғай технологиясы әзiрленедi, бәсекеге қабiлеттi жаңа кен орындарын анықтау үшiн алғышарт жасалады, орындалуы тиiс геологиялық барлау жұмыстарының түрлерi мен көлемдерi анықталады.
Жете геологиялық зерттеу геофизикалық, геохимиялық әдiстермен, ұңғымаларды бұрғылаумен қатар жүредi, мұның өзi кен орындарының геологиясы, стратиграфиясы, тектоникасы, металлогениясы мен қалыптасуы мәселелерiн ашып көрсету үшiн жаңа материал бередi. Үстiңгi бетiне шығатын жыныстарды эндогендiк геохимиялық картирлеу және мақсаты - желмен мүжiлген қыртыстары мен мезо-кайнозойлық кеуек шөгінділер астынан жаңа кен объектілерiн табу болып табылатын тереңдегі геохимиялық картирлеу геологиялық зерттеулердiң маңызды бағыты болып табылады. Бұл әдiстер кешенiн қолдану нәтижесiнде перспективалы объектiлердiң көп саны анықталады деп болжануда. Тереңдегi геохимиялық картирлеу, бiрiншi кезекте қазiргi заманғы шөгiндiлермен жабылған белгiлi кендi құрылымдар жалғасында және желмен мүжiген қыртыстары дамыған телiмдерде жүргiзiледi. Жұмыстар қазiргi заманғы бұрғылау техникасы қолданылып, 500x1000 м дейiн тәптiштелiп, 2000х200 м желiсi бойынша перспективалы алаңдар мен телiмдердi бұрғылау жолымен орындалады. Ұңғымаларды бұрғылау геохимиялық сынамалар iрiктелiп орындалады.
ҚР Үкіметінің 2005.11.07. № 716 Қаулысы 5.1-1 бөлімшемен толықтырылды ; ҚР Yкіметінiң 2006.22.08. № 799 (бұр.ред.қара); 2007.29.12. № 1402 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен 5.1-1. бөлім өзгертілді
5.1-1. Кендi аудандарды геологиялық-минерагендік картаға түсiру
Геологиялық-минерагендiк картаға түсiрудiң мақсаты берiлген түрдегi минералдық шикiзат кен орындарын табуға қатысты перспективалы алаңдарды жедел табу, контурлау және болжамды ресурстарын бағалау болып табылады. Кен алаңдары немесе телімдер болжау объектiлерi болады. Болжамды ресурстар қоса алғанда Р1 санатына дейiн анықталатын болады. Геологиялық-минерагендiк картаға түсiру минералдық шикiзат экономикасында негiзгi мәнi бар кен орындарының геологиялық-өнеркәсiптiк типтерiн құрайтын белгiлі бір кен формациялар шегiнде жүргiзiлетiн болады. Геологиялық-минерагендiк картаға түсiрудi жүргiзу нәтижесiнде кенденудiң әр түрлi типтерінің минерагендік карталары, iздеу жұмыстарының одан арғы бағыты бойынша болжам мен ұсынымдар карталары жасалады.
2007 жылы - Темірлік-Тұйық алаңы мен Ақбастау-Қосмұрын металлогендік аймағының шегінде геологиялық-минерагендік картаға түсіруді аяқтау, Кетмен қайталама-рифтілік құрылымының шегіндегі жұмыстарды бастау.
2008 жылы - Темірлік-Тұйық алаңы мен Ақбастау-Қосмұрын металлогендік аймағының шегінде геологиялық-минерагендік картаға түсіруді аяқтау, Кетмен қайталама-рифтілік құрылымының шегіндегі жұмыстарды жалғастыру; Текелі және Биже-Көксай тау-кен аудандарында, Бозшакөл құрылымдық-металлогендік аймағында жұмыс жүргізуді бастау.
2009 жылы - Кетмен қайталама-рифтілік құрылымының шегінде; Текелі және Биже-Көксай тау-кен аудандарында, Бозшакөл құрылымдық-металлогендік аймағында, геологиялық-минерагендік картаға түсіруді жалғастыру, Батыс Тарбағатай алаңында жұмыс жүргізуді бастау.
5.2. 1:200000 масштабында жер қойнауын жете геологиялық зерттеу және
мемлекеттік аймақтық гидрогеологиялық және инженерлiк-геологиялық зерттеулер
Зерттеулердiң негiзгі мiндетi - жер асты суларының (тұщы, жылу энергетикалық, минералдық және құрамында бағалы компоненттерi бар өнеркәсiптiк және т.б.) таралуы мен қалыптасуының заңдылықтарын анықтау, iздеу-бағалау жұмыстарын жүргiзiп, перспективалы алаңдарды анықтау мен бағалау, ластанған жер асты суларының, су басқан, сортаңданған және басқа да қауiптi геологиялық процестер құбылыстарына ұшыраған алаңдар мен телiмдердi анықтау әрi картирлеу, өндiрiстiк күштердi орналастырып, ел халқын қоныстандыру схемаларын, сондай-ақ облыстарды аудандық жоспарлау схемаларын негiздеу.
ҚР Үкіметінің 2004.19.04. № 433 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 2005.11.07. № 716 Қаулысымен 5.3. бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара)
5.3. Iздеу, iздеу-бағалау және iздеу-барлау-жұмыстары
Бұрыннан белгiлi объектiлер, сондай-ақ жете геологиялық зерттеу және геологиялық-минерагендiк картаға түсiру кезiнде анықталған перспективалы кендi аймақтар, тораптар мен телімдер геофизикалық, геохимиялық, тау-кен және бұрғылау жұмыстарымен бағаланады. Пайдалы қазбалар үлгiсiне, физикалық қасиеттерiне, кен объектiлерiнiң орналасу тереңдiгi мен параметрлеріне қарай геологиялық барлау жұмыстарының неғұрлым тиiмдi кешендерi мен әдiстерi таңдалып алынады. Бастапқы жұмыстар перспективалы телiмдерде 100x20м желiсi бойынша кейiн перспективалы телімдерде тәптiштелiп 200х40м желiсi бойынша литогеохимиялық және жеңiл геофизикалық әдiстермен жүргiзiледi. Гравибарлау мен электрлі барлау объектiлердi бұрғылық iздеуге дайындау кезеңінде шағын көлемде жүргiзiледi. Анықталған геофизикалық және геохимиялық ауытқулар тереңдігі 200-300 метрге дейiнгi ұңғымаларда бұрғылық iздеудiң бiрнеше бейінімен бағаланады. Зерттеудiң сейсмикалық әдiстерiмен және ұңғымалар бұрғылау арқылы перспективалы мұнай-газ құрылымдарын бағалау көзделедi.
ҚР Yкіметінiң 2005.11.07. № 716 (бұр. ред. қара); 2006.22.08. № 799 (бұр.ред.қара); 2007.29.12. № 1402 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен 5.3.1. бөлімше жаңа редакция; ҚР Yкіметінiң 2008.28.06. № 640 қаулысымен 5.3.1.-бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара)
5.3.1. Қатты пайдалы қазбаларды іздеу-бағалау жұмыстары
2006 жылы Құндызды кен орнында, Селекционный кен аймағында және Спасск кен аймағы шегіндегі Қамқор телімінде іздеу-бағалау жұмыстары аяқталады; Шығыс өңірдің шегіндегі перспективалық алаңдарда жұмыстар жалғастырылатын болады; Средне-Орск ауданында, Таулы Маңғыстаудың Қаратау мегаантиклинорийінің шегінде, Глебовский, Баталы, Тақыр Қалжыр (Оңтүстік Алтай ауданы), Ново-Снегиревский, Ырғайты телімдерінде, Таспол кен алаңының шегінде және Снегирихинск-Сакмаринск-Черноубинск алаңында жұмыс басталатын болады.
Төменде іздеу-бағалау жұмыстарына неғұрлым тән объектілердің сипаттамалары келтіріледі.
Глебовский телімі Жітіқара қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 30 км жерде орналасқан. Телімде ұзындығы 3-5 км, ені 300-500 м үш алтынды аймақ белгіленді. Олардың шегінде алтынның орташа құрамы 2,1-6,6 г/т 12 кен денелері айқындалды. Кен денелерінің қалыңдығы 1,5 м болған кездегі жайылу ұзындығы 500 м дейін, еңістенуі - 110 м дейінгі жерді алып жатыр. Кен денелері үстіңгі бетпен астасып жатыр. Телім алаңы 20 шаршы км. Жұмыстың мақсаты Жітіқара тау-кен ауданының минералдық-шикізаттық базасын нығайту болып табылады.
Баталы кен орны Қостанай облысының Денисов ауданында, Баталы темір жол станциясынан оңтүстік-батысқа қарай 10 км жерде орналасқан. Кендену тастарамысты-сеппелі сипатқа ие және мысты порфир типінде берілген. Мыстың орташа құрамы 0,6 % шегінде. Кеннің жату тереңдігі 2,5-4,0 м, кенді алқаптың орташа қалыңдығы 36,2 м. Жұмыстардың мақсаты Батыс Қазақстанның мыс кенді өнеркәсібінің минералдық-шикізаттық базасын нығайту болып табылады.
Ырғайты телімі Солтүстік Жоңғар ауданында Сарқант қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 150 км жерде орналасқан және Тентек, Жаманты және Ырғайты өзендерінің, перспективалық аллювийлік-проллювийлік шашылымдарын қамтиды. Құрамында кемінде 0,3 г/т алтыны бар 28 алтын көздерін табу болжанып отыр. Жүргізілетін жұмыстардың мақсаты инвесторлар тарту үшін экономикалық рентабельді алтын кені объектілерін анықтау болып табылады.
Тақыр Қалжыр телімі Оңтүстік Алтай ауданында Зайсан қаласынан солтүстікке қарай 100 км жерде орналасқан. Алтынкенді тау жыныстарын табудың перспективасы Тақыр, Бала Қалжыр және Қалжыр өзендерінің бассейіндеріндегі су қойнауларында көп кездесетін аллювийлік-проллювийлік шөгінділермен байланысты. Жұмыс телімінің шегіндегі алтыны бар қабаттың қалыңдығы 5 м, алтынның орташа құрамы 300 мг/м3. Жұмыстардың мақсаты Кенді Алтайдың тау-кен ауданының минералдық-шикізаттық базасын нығайту болып табылады.
Таспол кенді алқабы Ағалатас өзенінің сол жағалауында, Алматы қаласынан оңтүстік батысқа қарай 165 км жерде орналасқан. Кенді алқаптың шегінде қабаттасқан шор тасты алтынсульфидті метасоматикалық денелермен байланысты бірқатар алтын білінулері анықталды. Жүргізілетін жұмыстардың мақсаты инвесторлар тарту үшін экономикалық рентабельді алтын кені объектісін анықтау болып табылады.
2007 жылы Шығыс өңірі шегінде іздеу-бағалау жұмыстары аяқталып, Средне-Орск ауданында, Таулы Маңғыстаудың Қаратау мегаантиклинорийінің шегінде, Глебовский, Баталы, Тақыр Қалжыр (Оңтүстік Алтай ауданы), Ново-Снегиревский, Ырғайты телімдерінде, Таспол кен алаңының шегінде және Снегирихинск-Сакмаринск-Черноубинск алаңында жалғастырылатын болады.
2008 жылы Средне-Орск ауданындағы, Таулы Маңғыстаудың Қаратау мегаантиклинорийінің шегіндегі, Глебовский, Баталы, Тақыр Қалжыр (Оңтүстік Алтай ауданы), Ново-Снегиревский, Ырғайты телімдеріндегі, Таспол кен алаңының шегіндегі және Снегирихинск-Сакмаринск-Черноубинск алаңындағы жұмыстар аяқталатын болады. Тұз кен орнында (алтын), Жангелді кен алаңында (мыс), Красноармейский телімінде (мыс), Қушоқы (алтын), Құлантөбе (алтын), Сәмәмбет (мыс) кен білінуінде жұмыс жүргізу жоспарлануда.
Төменде іздеу-бағалау жұмыстарына неғұрлым тән объектілердің сипаттамалары келтіріледі.
Красноармейский телімі Қостанай облысының Денисов ауданында, Баталы темір жол станциясының шегінде орналасқан. Кендену тастарамысты-сеппелі сипатқа ие және мысты порфир типінде берілген. Мыстың өнеркәсіптік құрамымен бірге минералдану аймақтарының қабаты 4-тен 20 м дейін ауытқиды. Ұңғымалар бойынша мыстың орташа құрамы 0,25 %-дан 1,22 %-ға дейін. Серіктес пайдалы компоненттері молибден 0,02 %; алтын 0,2 г/т. Жұмыстардың мақсаты Батыс Қазақстанның мыс кенді өнеркәсібінің минералдық-шикізаттық базасын нығайту болып табылады.
Тұз кен орны Шығыс Қазақстан облысында Саяқ қаласынан шығысқа қарай 180 км жерде орналасқан. Кен орнының шығыс қапталында ұзындығы 4 км орлармен құрамында 4-тен 38 г/т дейін алтыны бар кен аршылған. Кендену магмалық брекчияларға орайластырылған. Жүргізілетін жұмыстардың мақсаты - инвесторлар тарта отырып кейіннен тендерлік ұсыныстар жасап, экономикалық рентабельді алтын кені объектілерін анықтау.
Қушоқы кен білінуі Алматы қаласынан солтүстік-батысқа қарай 150 км жерде орналасқан. Алтын және алтын-сульфидті кендену гранодиориттер штогының экзоконтактысына орайластырылған. Штоктың шегінде және оның перифериясы бойынша мыстың, қорғасын мен мырыштың қайталама ореолдары анықталды. Жүргізілетін жұмыстардың мақсаты - кейіннен тендерлік ұсыныстар жасап әрі инвесторларды тарта отырып, экономикалық рентабельді алтын кені объектісін анықтау.
Құлантөбе кен білінуі Алматы қаласынан солтүстік-батысқа қарай 120 км жерде орналасқан. Кендену диоритті порфириттердің кіші интрузияларына орайластырылған, пропилиттелген порфириттердегі пиритизациялау және карбонаттау аймақтарымен байланысқан. Екі ұңғымадан құрамында 0,05-тен 5,6 г/т дейін бар, қалыңдығы 1-ден 12 м дейінгі 6 кен денесі табылды. Созылымы бойынша байқалған жоқ. Жүргізілетін жұмыстардың мақсаты - кейіннен тендерлік ұсыныстар жасап әрі инвесторлар тарта отырып, экономикалық рентабельді алтын кені объектісін анықтау.
Сәмәмбет кен білінуі Қарағанды қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 150 км жерде орналасқан. Кен орнында ұзындығы 800-1500 м, қалыңдығы 20-150 м 5 скарндық кен денесі белгілі. Еңістенуі бойынша байқалған тереңдігі 150-250 м. Кендену халькопириттің, борниттің, халькозиннің, висмутиннің, галениттің, сфалериттің тастамырларымен, теңбілденіп берілген. Кеннің құрамында мыстан басқа 1,16-1,62 % қорғасын, 1,73 % мырыш бар. Жүргізілетін жұмыстардың мақсаты - кейіннен тендерлік ұсыныстар жасап, әрі инвесторлар тарта отырып, экономикалық рентабельді алтын кені объектісін анықтау.
2009 жылы Тұз кен орнында (алтын), Жангелді кен алаңында (мыс), Красноармейский телімінде (мыс), Қушоқы (алтын), Құлантөбе (алтын), Сәмәмбет (мыс) кен білінуінде жұмыстарды жалғастыру көзделіп отыр. Володаров кен аймағының (тантал), Долон алаңының (алтын) шегінде, Долинное кен орнында (мыс, алтын), Ойсылқара (алтын), Алтынды Сүлейменсай (алтын) кен білінулерінде, Карстовый (полиметалдар) және Заречный (мыс) телімдерінде жұмыс жүргізу жоспарлануда.
Долинное кен орны Ақтөбе облысында Ақтөбе қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 180 км жерде орналасқан. Орташа девонның метасоматикалық жағынан өзгерген жанартаутекті құралымдарының ортасынан нысаны линза түріндегі кен денесі аршылды, ұзындығы 200-250 м, қалыңдығы - 0,5-47 м, 110 м дейінгі тереңдікке дейін қаралды. Халькопиритті сфалерит кендері. Мыстың орташа құрамы - 0,97 %, мырыштікі - 6,2 %, алтындікі - 2,2 г/т. Жүргізілетін жұмыстардың мақсаты - кейін тендерлік ұсыныстар жасап, әрі инвесторлар тарта отырып, экономикалық рентабельді алтын кені объектісін анықтау.
Алтынды Сүлейменсай Оңтүстік Қазақстан облысында Шымкент қаласынан солтүстікке қарай 90 км жерде орналасқан. Объект көлемі 250 x 500 м кварцты-березитті штокверкті білдіреді. Штокверк типіндегі метасоматикалық-карбонаттық тастарамыспен қатар сульфидті минералдандырылған оқшауланған кварцты тарамыстар кездеседі. Жүргізілетін жұмыстардың мақсаты - кейіннен тендерлік ұсыныстар жасап әрі инвесторлар тарта отырып, экономикалық рентабельді алтын кені объектісін анықтау.
Заречный телімі Қарағанды облысында Баршын аудан орталығынан оңтүстік-батысқа қарай 35 км жерде орналасқан. Іздеу жұмыстарының нәтижелері бойынша телімнің шегінде қалыңдығы 4-тен 29 м дейінгі құрамында 0,5%-дан 1,13%-ға дейін мыс бар кен денелері анықталды. Кен 0,4 - 5 г/т шегіндегі алтынды қамтиды. Жұмыстардың мақсаты Жезқазған тау-кен ауданының минералдық-шикізат базасын нығайту болып табылады.
2010 жылы Тұз кен орнында (алтын), Жангелді кен алаңында (мыс), Красноармейский телімінде (мыс), Қушоқы (алтын), Құлантөбе (алтын), Сәмәмбет (мыс) кен білінуінде іздеу-бағалау жұмыстарын аяқтау көзделеді. Володаров кен аймағының (тантал), Долон алаңының (алтын) шегінде, Долинное кен орнында (мыс, алтын), Ойсылқара (алтын), Алтынды Сүлейменсай (алтын) кен білінулерінде, Карстовый (полиметалдар) және Заречный (мыс) телімдерінде жұмыстар жалғастырылатын болады.
ҚР Yкіметінiң 2005.11.07. № 716 Қаулысымен 5.3.2 бөлімше жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР Yкіметінiң 2006.22.08. № 799 (бұр.ред.қара); 2007.29.12. № 1402 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен 5.3.2. бөлім жаңа редакция
5.3.2. Көмірсутекті шикізатты іздеу жұмыстары.
Бағдарламада мыналар көзделеді:
2007 жылы - мұнай мен газды одан әрі іздеуге арналған перспективалық телімдерді табу мақсатында Шалқар аймағының шегінде геологиялық-геофизикалық материалдарды кешенді пайымдауды аяқтау және Теңіз ойпатының оңтүстік шығыс бөлігіндегі Мұзбел телімінде іздеу жұмыстарын аяқтау; Каспий маңы ойпатының орталық бөлігіндегі Бекет-Бесоба телімінің шегінде жұмыстарды жүргізу көзделіп отыр;
2008 жылы - Мұзбел теліміндегі жұмыстарды аяқтау және Бекет-Бесоба теліміндегі жұмыстарды жалғастыру, Үстірт Бұзашы шөгінді бассейнінде іздеу-барлау жұмыстарын бастау;
2009 жылы - Бекет-Бесоба телімінің шегінде және Үстірт Бұзашы шөгінді бассейнінде іздеу-барлау жұмыстарын аяқтау, Ертіс жағалауы, Іле, Сырдария шөгінді бассейндерінде геологиялық барлау жұмыстарын бастау.
ҚР Yкіметінiң 2005.11.07. № 716 (бұр. ред. қара); 2006.22.08. № 799 (бұр.ред.қара); 2007.29.12. № 1402 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен 5.3.3. бөлім жаңа редакция
5.3.3. Жер асты суларын іздеу-барлау жұмыстары.
Бағдарламада мыналар көзделеді:
2007 жылы - 152 ауылдық елді мекенді сумен қамтамасыз етуге арналған іздеу-барлау жұмыстарын аяқтау және 197 ауылдық елді мекенге арналған жұмыстарды жалғастыру;
Жаркент қаласы телімінің геотермальді суларының пайдалану қорларын анықтау және бағалау үшін іздеу-барлау жұмыстарын бастау;
2008 жылы - 197 ауылдық елді мекенді сумен қамтамасыз етуге арналған іздеу-барлау жұмыстарын жүргізуді аяқтау және 108 ауылдық елді мекенге арналған жұмыстарды бастау;
топтық су құбырларды сумен қамтамасыз ету үшін Қызылорда облысындағы Толағай кен орнында (Бердікөл және Құсамансай) Оңтүстік Қазақстан облысындағы Шардара кен орнында жер асты су қорларын толық барлауды және қайта бекітуді бастау;
Жаркент қаласы телімінің жер асты геотермальді суларының пайдалану қорларын анықтау және бағалау үшін іздеу-барлау жұмыстарын аяқтау;
2009 жылы - 108 ауылдық елді мекенді сумен қамтамасыз етуге арналған іздеу-барлау жұмыстарын жүргізуді аяқтау және 256 ауылдық елді мекенге арналған жұмыстарды бастау;
топтық су құбырларды сумен қамтамасыз ету үшін Қызылорда облысындағы Толағай кен орнында (Бердікөл және Құсамансай ) Оңтүстік Қазақстан облысындағы Шардара кен орнында жер асты су қорларын толық барлауды және қайта бекітуді аяқтау;
топтық су құбырын сумен қамтамасыз ету үшін Қызылорда облысындағы Жиделі кен орнында жер асты су қорларын толық барлауды және қайта бекітуді бастау, Арыс және Түркістан телімдеріндегі жер асты геотермальді сулардың пайдалану қорларына бағалау үшін іздеу-барлауды бастау;
барланған жер асты су кен орындарын (телімдерін) түгендеу.
ҚР Yкіметінiң 2005.11.07. № 716 Қаулысымен 5.4 бөлімше өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР Yкіметінiң 2006.22.08. № 799 Қаулысымен 5.4. бөлім жаңа редакция (бұр.ред.қара); ҚР Yкіметінiң 2007.29.12. № 1402 Қаулысымен 5.4. бөлімше өзгертілді (бұр.ред.қара)
5.4. Минералдық-шикізаттық база мен жер қойнауын пайдаланудың мониторингi
Минералдық-шикізаттық база мен жер қойнауын пайдаланудың мониторингі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 27 қаңтардағы № 106 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы жер қойнауының мемлекеттік мониторингі туралы ережеге сәйкес жүзеге асырылатын жер қойнауының мемлекеттік мониторингінің құрамдас бөлігі болып табылады.
1999 жылдан бастан Қазақстан Республикасының минералдық-шикізаттық кешенін дамытуды болжау және 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған минералдық-шикізаттық базаның жай-күйін модельдеу жөнінде жұмыс жүргізілуде. Осы бағыт шеңберінде қорғасын, мырыш, мыс, алтын, темір (2000 жылы), барит, фосфор, марганец, бокситтер, көмір (2001 жылы), мұнай, газ, конденсат (2002 жылы), хром, никель, тантал, ниобий, уран, агрономиялық кендер (2003 жылы), вольфрам, молибден, қалайы, бериллий, литий, кобальт (2004 жылы), алмас, цирконий, талшықтас, бор (2005 жыл) магний, ванадий, күміс, висмут (2006 жыл) бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Қазақстан Республикасының минералдық-шикізат базасының мониторингі Қазақстанның минералдық-шикізат базасын молықтыруды болжау міндеттерін шешу үшін осының алдындағы 20 жылдық кезеңді шола отырып, анықтамалық-талдамалық жүйе негізінде пайдалы қазбалардың 35 түрі бойынша жүзеге асырылады. Анықтамалық-талдамалық жүйені жаңғырту және оны жаңа деректермен үнемі толықтырып отыру көзделеді. Қатты пайдалы қазбалар мен көмірсутек шикізаты бойынша Қазақстан аумағындағы лицензиялық және тендерлік объектілер бойынша мониторингілік карталарды тоқсан сайын жаңарту, редакциялау мен шығару жүргізілуде, Қазақстан Республикасының негізгі минералдық шикізат түрлерінің жай-күйі туралы анықтамалық-талдамалық материалдарды дайындау жүргізіледі, жер қойнауын мемлекеттік сараптауды қамтамасыз ету үшін нормативтік-техникалық құжаттарды әзірлеу жүзеге асырылады.
2007 жылдан бастап Астана қаласының тұрғын үй құрылысын қамтамасыз ету үшін құрылыс материалдары өнеркәсібінің шикізат базасын бағалау, сирек элементтердің минералдық-шикізат базасын болжау мақсатында Қазақстанның граниттік формацияларының кенділігін бағалау, Қазақстан Республикасының аумағын жер қойнауындағы минералдық-шикізат құны бойынша аудандастыру көзделеді.
ҚР Yкіметінiң 2005.11.07. № 716 (бұр. ред. қара); 2006.22.08. № 799 (бұр.ред.қара); 2007.29.12. № 1402 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен 5.5. бөлім жаңа редакция
5.5. Жер асты сулары мен қауіпті геологиялық үдерістердің мониторингі.
Бағдарламада мыналар көзделеді:
2007 жылы - 5005 бақылау пунктінде, оның ішінде Алматы, Шалқар және Зайсан полигондарының жер сілкіністерінің хабаршыларын зерттеу пункттерінде, 3 жер асты суларының техногендік ластану полигонында (Елек, Мырғалымсай-Түркістан және Қошқарата) жер асты суларының мониторингін жүргізу, Атырау (Құлсары) және Маңғыстау (Жетібай) облыстарында 2 жер сілкіністерінің хабаршыларын зерттеу бекетін құру, 1 жер асты суларының техногендік ластану мониторингі полигонын құру (Рудный-Қостанай), 15 бекетте қауіпті геологиялық үдерістерге бақылау жүргізу, 35 бекет пен 2 полигонда (Ертіс және Қаскелең-Талғар) бақылаулар құру және жүргізу, «Геолинк», жер асты суларының мемлекеттік су кадастры жүйесінде мониторинг дерекқорын жүргізу, Қазақстан Республикасының Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы мемлекеттік ақпарат банкінің құрамында «Жер асты сулары» ақпараттық-талдамалық шағын жүйені дамытуды жалғастыру, мемлекеттік бақылау пункттеріне бөлінетін жерлерді ресімдеуді аяқтау;
жер асты суларына және қауіпті геологиялық үдерістерге мониторинг жүргізуді алып жүру (қашықтықтан зерттеу әдістерін пайдалана отырып, мониторингіні бағдарламалық, техникалық, ақпараттық және картографиялық қамтамасыз ету, ластануды қоса алғанда, сумен қамтамасыз етуді, жер асты суларының ресурстары мен жай-күйін бағалау, гидрогеологиялық объектілердің автоматтандырылған тұрақты жұмыс істейтін модельдерін құру, өзендердің бассейндері бойынша гидрогеологиялық карталарды қоса алғанда, тақырыптық карталар жасау және шығару, аумақтарды аудандастыру, нормативтік құжаттарды әзірлеу);
2008 жылы - 5000 бақылау пунктінде және Алматы мен Шалқар полигондарының жер сілкіністерінің 13 хабаршыларын зерттеу пункттерінде, Зайсан, Құлсары, Жетібай бекеттерінде, 4 жер асты суларының техногендік ластану полигонында (Елек, Мырғалымсай-Түркістан, Қошқарата, Семей) жер асты суларының мониторингін жүргізу, Рудный-Қостанай жер асты суларының техногендік ластану полигонында, 42 бекетте және 2 полигонда (Ертіс және Қаскелең-Талғар) қауіпті геологиялық үрдістерге бақылаулар құру және жүргізу, «Геолинк», жер асты суларының мемлекеттік су кадастры жүйесінде мониторинг дерекқорын жүргізу, Қазақстан Республикасының Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы мемлекеттік ақпарат банкінің құрамында «Жер асты сулары» ақпараттық-талдамалық шағын жүйені дамытуды жалғастыру;
жер асты суларына және қауіпті геологиялық үдерістерге мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету (қашықтықтық зерттеу әдістерін пайдалану арқылы мониторингіні бағдарламалық, техникалық, ақпараттық және картографиялық қамтамасыз ету, ластануды қоса алғанда, сумен қамтамасыз етуді, жер асты суларының ресурстары мен жай-күйін бағалау, гидрогеологиялық объектілердің автоматтандырылған тұрақты жұмыс істейтін модельдерін құру, өзендердің бассейндері бойынша гидрогеологиялық карталарды қоса алғанда, тақырыптық карталар жасау және шығару, аумақтарды аудандастыру, нормативтік құжаттарды әзірлеу);
2009 жылы - 5000 бақылау пунктінде және Алматы мен Шалқар полигондарының жер сілкіністерінің 13 хабаршыларын зерттеу бекеттерінде, Зайсан, Құлсары, Жетібай бекеттерінде, 4 жер асты суларының техногендік ластану полигонында (Елек, Мырғалымсай-Түркістан, Қошқарата, Семей) жер асты суларының мониторингін жүргізу, Рудный-Қостанай жер асты суларының техногендік ластану полигонында, 42 бекетте және 2 полигонда (Ертіс және Қаскелең-Талғар) қауіпті геологиялық үрдістерге бақылаулар құру және жүргізу, «Геолинк», жер асты суларының мемлекеттік су кадастры жүйесінде мониторинг дерекқорын жүргізу, Қазақстан Республикасының Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы мемлекеттік ақпарат банкінің құрамында Жер асты сулары» ақпараттық-талдамалық шағын жүйені дамытуды жалғастыру;
жер асты суларына және қауіпті геологиялық үдерістерге мониторинг жүргізуді алып жүру (қашықтықтық зерттеу әдістерін пайдалана отырып, мониторингіні бағдарламалық, техникалық, ақпараттық және картографиялық қамтамасыз ету, ластануды қоса алғанда, сумен қамтамасыз етуді, жер асты суларының ресурстары мен жай-күйін бағалау, гидрогеологиялық объектілердің автоматтандырылған тұрақты жұмыс істейтін модельдерін құру, өзендердің бассейндері бойынша гидрогеологиялық карталарды қоса алғанда, тақырыптық карталар жасау және шығару, аумақтарды аудандастыру, нормативтік құжаттарды әзірлеу).
ҚР Yкіметінiң 2005.11.07. № 716 (бұр. ред. қара); 2007.29.12. № 1402 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен 5.6. бөлімше өзгертілді