Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1449 және 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1403 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 маусымдағы № 640 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Елдің минералдық-шикізаттық кешені ресурстық базасын дамытудың 2003 - 2010 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1449 қаулысында:
Елдің минералдық-шикізаттық кешені ресурстық базасын дамытудың 2003 - 2010 жылдарға арналған бағдарламасында:
5.3-кіші бөлімнің 5.3.1-тарауында он бірінші және он жетінші абзацтарда «Тарутинский» деген сөз алынып тасталсын;
«Елдің минералдық-шикізаттық кешені ресурстық базасын дамытудың 2003 - 2010 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 8-бөлімдегі реттік нөмірі 80-жол алынып тасталсын;
2) «Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды дамытудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1403 қаулысында:
2-тармақтың 2) тармақшасы «екі ай мерзімде» деген сөздерден кейін «осы қаулыға 2-қосымшаның 41-тармағында көрсетілген 2009 жылы беруге жататын республикалық меншіктің жылжымайтын мүлік объектісін қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 4-1, 4-2-тармақтармен толықтырылсын:
«4-1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктерімен бірлесіп, осы қаулының 4-тармағының 1), 2) тармақшаларынан туындайтын шараларды қабылдасын;
2) осы қаулыға 5, 6 және 7-қосымшаларға сәйкес оларды республикалық меншікке қабылдағаннан кейін тиісті әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялардың орналастырылатын акцияларына ақы төлеуге беруді қамтамасыз етсін.
4-2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті осы қаулының 4-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сатып алынған акциялардың пакеттерін республикалық меншікке қабылдасын.»;
осы қаулыға 2-қосымшада:
реттік нөмірі 6-жолдың 3-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
«ШҚО, Өскемен қаласы, Шлюзная к-сі, 1»;
реттік нөмірлері 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 33-жолдар алынып тасталсын;
көрсетілген қаулыға 3-қосымшада:
«Жетісу» ӘКК» ҰК» АҚ» деген бөлімде:
реттік нөмірі 4-жол алынып тасталсын;
көрсетілген қаулыға 4-қосымшада:
«Батыс» ӘКК» ҰК» АҚ» деген бөлімде:
Ақтөбе облысы бойынша:
3 «Көпті» деген сөз «Қопа» деген сөзбен ауыстырылсын;
7-тармақтың мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын;
мынадай мазмұндағы 10-1, 10-2, 10-3, 10-4, 10-5, 10-6, 10-7, 10-8-тармақтармен толықтырылсын:
«10-1. Қарағанды сай марганец рудаларының кен орны;
10-2. Көкпекті марганец рудаларының кен орны;
10-3. Өлетті марганец рудаларының кен орны;
10-4. «Авангард» мыс кен орны;
10-5. Көкжарлы мыс кен орны;
10-6. «Жарлыша» мыс кен орны;
10-7. Жыланды мыс кен орны;
10-8. Сарлыбай мыс кен орны.»;
мынадай мазмұндағы кіші бөліммен толықтырылсын:
«Батыс Қазақстан облысы бойынша:
10-9. Шалқар тұз құрылымы;»;
«Каспий» ӘКК» ҰК» АҚ» деген бөлімде:
Маңғыстау облысы бойынша:
18-тармақ алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 19-1-тармақпен толықтырылсын:
«19-1. «Бескемпір» темір рудаларының кен орны.»;
«Сарыарқа» ӘКК» ҰК» АҚ» бөлімінде:
Қарағанды облысы бойынша:
мынадай мазмұндағы 40-1-тармақпен толықтырылсын:
«40-1. Қарағанды көмір бассейнінің «Долинская» шахтасы.»;
«Тобыл» ӘКК» ҰК» АҚ» деген бөлімде:
Қостанай облысы бойынша:
мынадай мазмұндағы 41-1, 41-2, 41-3, 41-4, 41-5-тармақтармен толықтырылсын:
«41-1. Приозерный боксит кен орны;
41-2. Құшмұрын боксит кен орны;
41-3. Көктал боксит кен орны;
41-4. Батыс-Обаған кен орны;
41-5. Тарутинск мыс-порфир рудаларының кен орны.»;
көрсетілген қаулыға 5-қосымшада:
«Тобыл» ӘКК» ҰК» АҚ» деген бөлімде:
реттік нөмірі 23-жол алынып тасталсын;
көрсетілген қаулыға 6-қосымшада:
«Батыс» ӘКК» ҰК» АҚ» деген бөлімде:
мынадай мазмұндағы кіші бөліммен толықтырылсын:
«Батыс Қазақстан облысы
1-1. Ғимарат, Орал қ., Достық-Дружба даңғылы, 206/1;
1-2. Іргелес жер учаскесі бар «Самал» қонақ үйі мүліктік кешені, Орал қ., Есенжанов к-сі, 45»;
«Каспий» ӘКК» ҰК» АҚ» деген бөлімде:
6-тармақ алынып тасталсын;
көрсетілген қаулыға 7-қосымшада:
«Батыс» ӘКК» ҰК» АҚ» деген бөлімде:
реттік нөмірлері 2, 4-жолдар алынып тасталсын;
реттік нөмірі 3-жолдың 3-бағанындағы «7,58» деген сандар «19,9» деген сандармен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 6-1-жолмен толықтырылсын:
«6-1. «Троллейбус паркі» АҚ, Ақтөбе қ. 100»;
«Каспий» ӘКК» ҰК» АҚ» деген бөлімде:
реттік нөмірлері 73, 77-жолдардың 3-бағанындағы «100» деген сандар «50» деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 83-жол алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |