2) бюджеттік бағдарламаның тиімділігін бағалауды жүргізудің уақтылылығын;
3) бюджеттік бағдарламаның паспортына сәйкес оның іс-шараларын іске асырудың уақтылылығын;
4) бюджеттік бағдарлама әкімшісінің бюджеттік бағдарламаны одан әрі іске асыру немесе оны іске асырудан бас тарту жөнінде шешім қабылдауының уақтылылығын;
5) бюджеттік бағдарламаның тиімділігін арттыру және мақсаттарға, міндеттер мен күтілетін нәтижелерге, индикаторларға қол жеткізу жөніндегі уақтылы іс-әрекеттерді;
6) бюджеттік бағдарламаны іске асыруға қатысатын адамдардың есептілігін талдауды қамтиды.
Бюджеттік бағдарламаларды іске асырудың нәтижелілігін айқындау:
1) алынған нәтижелер мен индикаторларға қол жеткізу деңгейін;
2) алынған нәтижелердің тиісті стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге, сондай-ақ бюджеттік бағдарламаның өзінің мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келуін;
3) алынған нәтижелердің мемлекет көрсететін қызметтерді алушылардың мүдделері мен сұраныстарына сәйкес келуін;
4) бюджеттік бағдарламаның нәтижелеріне қойылатын жоғарыда тізіп көрсетілген талаптарды растайтын құжаттардың болуын талдауды қамтиды.
Бюджеттік бағдарламалардың тиімділігіне оларды іске асыру сатысында бағалау жүргізу кезінде мемлекет көрсететін қызметтердің сапасы туралы олардың алушыларына сауал жүргізу негізінде алынған үкіметтік емес ұйымдардың (қоғамдық бірлестіктердің) ақпараты пайдаланылуы мүмкін.
5. Бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын сыртқы бақылау кезінде бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалауды жүргізу тәртібін Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті айқындайды.
6. Бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын ішкі бақылау кезінде бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалауды жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасының Yкіметі айқындайды.
36-бап. Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы
1. Бюджеттік бағдарламаларды iске асыру үшiн мемлекеттік мекемелер жүзеге асыратын операцияларды бейнелейтiн экономикалық сипаттамалар бойынша бюджет шығыстарын топтастыру бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы болып табылады.
2. Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасын топтастыру санаттан, сыныптан, iшкi сыныптан және ерекшелiктен тұрады.
Санат шығыстарды экономикалық белгiлерi бойынша топтастырады.
Сынып пен iшкi сынып шығыстарды мемлекеттік мекемелер жүргiзетiн операциялардың негiзгi түрлерi бойынша топтастырады.
Ерекшелiк бюджеттік бағдарламаны iске асыру үшiн мемлекеттік мекеме жүргiзетiн операцияның түрiн айқындайды.
37-бап. Барлау және қарсы барлау қызметiн жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен олардың мекемелерiнiң, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің қауiпсiздiгiн тiкелей қамтамасыз ететiн органдардың шығыстарын сыныптау
Барлау және қарсы барлау қызметiн жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен олардың мекемелерiнiң, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің қауiпсiздiгiн тiкелей қамтамасыз ететiн органдардың шығыстары шығыстардың экономикалық сыныптамасының бiр ерекшелiгі бойынша көрсетiле отырып, бiр функционалдық топ, ағымдағы бiр бюджеттік бағдарлама және бiр бюджеттік даму бағдарламасы бойынша сыныпталады.
2-бөлім. Бюджетаралық қатынастар және түсімдер мен
шығыстарды бюджет деңгейлері арасында бөлу
6-тарау. Бюджетаралық қатынастар
38-бап. Бюджетаралық қатынастар туралы жалпы ережелер
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1. Бюджет процесіндегі республикалық, облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттері арасындағы және республикалық бюджет пен Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры арасындағы қатынастар бюджетаралық қатынастар болып табылады.
2. Бюджет процесiнде республикалық бюджеттiң аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiмен өзара қатынастарына жол берiлмейдi.
3. Бюджет процесiнде облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң басқа облыстық бюджеттермен, республикалық маңызы бар қалалар бюджеттерiмен өзара қатынастарына жол берiлмейдi.
4. Бюджет процесiнде аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiнiң бiр-бiрiмен өзара қатынастарына жол берiлмейдi.
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
5. Бюджетаралық қатынастар мемлекеттік басқарудың деңгейлерi арасындағы функциялар мен өкiлеттiктердiң ара жiгiн дәлме-дәл ажыратуға, түсiмдер мен шығыстарды республикалық, облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттері арасында бiрыңғай бөлуге, сондай-ақ бюджетаралық қатынастарды айқындау әдiстерiнiң бiртұтастығы мен ашықтығына негiзделген.
6. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың жергiлiктi атқарушы органдарының, осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, тиiсiнше облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджет процесiне араласуына жол берiлмейдi.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
7. Осы Кодекстi қоспағанда, Қазақстан Республикасының өзге заң актілерінде, оның есебiнен шығыстар қаржыландырылуға тиiс және өзге түсiмдер есептелуге тиiс бюджет деңгейiн белгiлеуге жол берiлмейдi.
Шығыстарды немесе түсiмдердiң жекелеген түрлерiн бюджеттiң бiр деңгейiнен екiншi деңгейiне беру осы Кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлген кезде ғана жүзеге асырылады.
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 8-тармақпен толықтырылды
8. Жоғары тұрған органдардың жалпы сипаттағы трансферттердің үш жылдық көлемінің қолданылу кезеңінде шығыстардың ұлғаюына және (немесе) кірістердің азаюына әкеп соқтыратын нормативтік құқықтық актілерді қабылдауынан туындайтын төмен тұрған бюджеттердің ысырабын өтеу міндетті түрде жоғары тұрған бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер бөлу арқылы жүргізіледі.
39-бап. Бюджетаралық қатынастар принциптерi
Бюджетаралық қатынастар мынадай принциптерге негiзделедi:
1) облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерiнiң - республикалық бюджетпен өзара қатынастарда, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiнiң жоғары тұрған облыстық бюджетпен өзара қатынастарда теңдiгi;
2) түсiмдердi тиiмдi бөлу, ол түсiмдердiң ара жiгiн ажыратудың мынадай өлшемдерiн бiр мезгiлде сақтауды ескередi:
төмен тұрған бюджеттерге тұрақты сипаты бар, сыртқы факторлардың әсерiне тәуелсiз салықтық және салықтық емес түсiмдер бекітіледi;
мемлекеттік мекемелер көрсеткен қызметтер үшiн төлемақы болып табылатын салықтық және салықтық емес түсiмдер аталған қызметтер көрсету қаржыландырылатын бюджет кiрiсiне түседi;
қайта бөлiну сипаты бар, сондай-ақ салық базасы әркелкi орналастырылатын салықтар бюджет жүйесiнiң неғұрлым жоғары деңгейлерiне бекітіледi;
салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi бекiткен кезде оларды жинаудың неғұрлым жоғары дәрежесiн қамтамасыз ететiн бюджет деңгейiне артықшылық берiледi;
нақты аумақтық байланыстылығы бар салықтық базадан алынатын салықтар жергiлiктi бюджеттерге бекітіледi;
3) Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерiнiң бюджеттік қамтамасыз етiлу деңгейлерiн теңестiру;
4) жергiлiктi атқарушы органдардың бiрдей деңгейде мемлекеттік қызмет көрсетуiн қамтамасыз ету;
5) мемлекеттік қызмет көрсетудi ұсынудың барынша тиiмдiлiгi мен нәтижелiлiгi - мемлекеттік қызмет көрсетудiң неғұрлым тиiмдi және нәтижелi жүргiзiлуi мен ұсынылуын қамтамасыз ете алатын мемлекеттік басқару деңгейiне мемлекеттік қызметтер көрсетудi бекітіп беру;
6) мемлекеттік қызмет көрсету деңгейiн оны алушыларға барынша жақындату - қызметтердi алушылардың қажеттерiн жақсылап есепке алу және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатымен, көрсетiлетiн қызметтердi атқаруды бюджет жүйесiнiң мүмкiн болғанша неғұрлым төмен деңгейiне беру;
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) ( бұр. ред. қара)
7) республикалық бюджеттік бағдарлама әкімшісінің республикалық бюджеттен алынатын нысаналы трансферттер мен кредиттер есебінен қаржыландырылатын облыстық бюджеттік бағдарламалардың күтілетін нәтижелері мен индикаторларына қол жеткізу үшін жауаптылығы;
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді)
8) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының республикалық бюджеттен алынатын трансферттер мен кредиттердің тиімді әрі нысаналы пайдаланылуы үшін жауаптылығы;
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізіледі)
9) облыстық бюджеттік бағдарлама әкімшісінің облыстық бюджеттен алынатын нысаналы трансферттер мен кредиттер есебінен қаржыландырылатын аудандық бюджеттік бағдарламалардың күтілетін нәтижелері мен индикаторларына қол жеткізу үшін жауаптылығы;
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді)
10) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдарының облыстық бюджеттен алынатын нысаналы трансферттер мен кредиттердің тиімді әрі нысаналы пайдаланылуы үшін жауаптылығы.
40-бап. Бюджетаралық қатынастарды реттеу нысандары
1. Бюджетаралық қатынастар:
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1) республикалық және облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң арасында:
трансферттермен;
бюджеттік кредиттермен;
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2) облыстық және аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттер арасында:
трансферттермен;
бюджеттік кредиттермен;
кiрiстердi бөлу нормативтерiмен реттеледi.
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2. Трансферттер жалпы сипаттағы трансферттер, ағымдағы нысаналы трансферттер, дамуға арналған нысаналы трансферттер болып бөлiнедi.
3. Бюджетаралық қатынастарды реттеу нысандарын айқындаған кезде бюджеттер деңгейлерiнiң әрқайсысының салықтық әлеуетi, аймақтардың объективтiк бюджеттік қажеттiлiктерiн бағалау нәтижелерi, бекітілген заттай нормалар ескеріледi.
4. Бюджетаралық қатынастарды реттеу нысандары орта мерзiмдi фискалдық саясатқа сәйкес белгiленедi.
5. Нысаналы трансферттер мен кредиттердi жергiлiктi атқарушы органдар тек қана олардың нысаналы қызметiне сәйкес пайдаланады.
2006.05.07. № 165-III (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен ; 2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 6-тармақ өзгертілді
6. Нысаналы трансферттер мен кредиттердiң нысаналы мақсатқа сай пайдаланылмаған сомалары осы трансферттер мен кредиттердi бөлген жоғары тұрған бюджетке ағымдағы қаржы жылының 31 желтоқсанына дейiн мiндеттi түрде қайтарылуға жатады.
Нысаналы трансферттердің қаржы жылы iшiнде пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) сомалары осы трансферттерді бөлген жоғары тұрған бюджетке қаржы жылы аяқталғаннан кейiн бюджет қаражатының бос қалдықтары есебінен бір ай iшiнде мiндеттi түрде қайтарылуға жатады.
Дамуға арналған нысаналы трансферттердiң қаржы жылы iшiнде пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) сомалары осы Кодекстiң 92-бабы 6-тармағының 1) және 1-1) тармақшаларында белгiленген мөлшерде тиiстi төмен тұрған бюджеттердiң иелiгiнде қалдырылуы мүмкiн.
Нысаналы трансферттердің қаржы жылы ішінде пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) сомаларын оларды бөлген жоғары тұрған бюджетке ағымдағы қаржы жылының желтоқсанында қайтаруға жол беріледі. Мұндай сомаларды қайтару қаржы жылының қорытындылары бойынша төленбеген міндеттеме болып танылады.
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді)
7. Өткен қаржы жылында Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке аударылмаған кепілдік берілген трансферт сомасын Республикалық бюджет комиссиясының шешімі бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен олардың ағымдағы қаржы жылының басындағы толық пайдаланылмаған сомасынан аспайтын көлемде алдыңғы жылғы республикалық бюджеттік даму бағдарламаларын қаржыландыру үшін ағымдағы қаржы жылында Қазақстан Республикасы Үкіметінің пайдалануға құқығы бар.
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 41-бап өзгертілді (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
41-бап. Жалпы сипаттағы трансферттер
1. Бюджет субвенциялары мен бюджеттік алып қоюлар жалпы сипаттағы трансферттер болып табылады.
2. Жоғары тұрған бюджеттерден төмен тұрған бюджеттерге республикалық немесе облыстық бюджетте бекітілген сомалар шегiнде берiлетiн трансферттер бюджет субвенциялары болып табылады.
3. Төмен тұрған бюджеттерден жоғары тұрған бюджеттерге республикалық немесе облыстық бюджетте бекітілген сомалар шегiнде берiлетiн трансферттер бюджеттік алып қоюлар болып табылады.
4. Жалпы сипаттағы трансферттердiң көлемдерi абсолюттiк түрде жылдар бойынша бөлiне отырып үш жылдық кезеңге:
республикалық бюджет пен облыстық, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерiнiң арасында - Қазақстан Республикасының заңымен;
облыстық бюджет пен аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiнiң арасында - облыстық мәслихаттың шешiмiмен белгiленедi.
Жалпы сипаттағы трансферттердiң көлемдерi әрбiр үш жылда өзгертiлуге жатады.
5. Жалпы сипаттағы трансферттер жергiлiктi бюджеттердiң бюджеттік қамтамасыз етiлу деңгейiн теңестiруге және бюджеттiң әрбiр деңгейi үшiн осы Кодекспен бекітілген шығыстар бағыттарына сәйкес көрсетiлетiн мемлекеттік қызметтердiң стандарттық деңгейiн беру үшiн бiрдей фискалдық мүмкiндiктердi қамтамасыз етуге бағытталған.
6. Төмен тұрған бюджеттерден жоғары тұрған бюджетке бюджеттік алып қоюларды және жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджеттерге бюджет субвенцияларын аудару тәртібі мен кезеңдiлiгін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 42-бап өзгертілді (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
42-бап. Жалпы сипаттағы трансферттердi есептеу
1. Жалпы сипаттағы трансферттердiң көлемдерi тиiстi жергiлiктi бюджеттiң кiрiстерi мен шығындары көлемдерiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
2. Жергiлiктi бюджет шығындарының болжамды көлемiнен кiрiстерiнiң болжамды көлемi асып түскен кезде жергiлiктi бюджеттен жоғары тұрған бюджетке бюджеттік алып қоюлар белгiленедi.
Жергiлiктi бюджет шығындарының болжалды көлемi кiрiстердiң болжалды көлемiнен асып түскен жағдайда жергiлiктi бюджетке жоғары тұрған бюджеттен бюджет субвенциялары белгiленедi.
3. Кiрiстердiң болжамды көлемдерi аймақтың салықтық әлеуетiн ескере отырып және бюджеттер деңгейлерi арасындағы түсiмдердi бөлу негiзiнде есептеледi.
Жергiлiктi бюджеттер шығындарының болжамды көлемдерi олардың ағымдағы бюджеттік бағдарламаларға және дамудың бюджеттік бағдарламаларына бөлiнуiн, бюджеттік қамтамасыз етiлудi, бекітілетiн заттай нормаларды ескере отырып және бюджеттер деңгейлерi арасында шығыстарды бөлу негiзiнде есептеледi.
4. Жалпы сипаттағы трансферттердiң үш жылдық кезеңге арналған көлемдерiн айқындау, әрбiр үш жыл сайын олардың өзгеруi Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын жалпы сипаттағы трансферттердi есептеу әдiстемесi негiзiнде жүргiзiледi.
5. Жалпы сипаттағы трансферттердiң көлемдерiн есептеу кезiнде нысаналы трансферттер мен бюджет кредиттерi ескерiлмейдi.
6. Егер бекітілген (нақтыланған, түзетiлген) жергiлiктi бюджетте бюджеттік алып қоюлар мен субвенцияларды есептеу кезiнде ескерiлген шығыстар көзделмейтiн болса, Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе облыстың жергiлiктi атқарушы органы қаржы жылы iшiнде тиiстi шамаға бюджет субвенцияларын қысқарту немесе бюджеттік алып қоюларды ұлғайту туралы шешiм қабылдайды.
43-бап. Ағымдағы нысаналы трансферттер
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1. Жекелеген ағымдағы бюджеттік бағдарламаларды iске асыру үшiн республикалық немесе облыстық бюджетте бекітілген бюджеттік алып қоюларды (бюджет субвенцияларын) есептеу кезiнде ескерiлмейтiн сомалар шегiнде жоғары тұрған бюджеттер төмен тұрған бюджеттерге беретiн трансферттер ағымдағы нысаналы трансферттер болып табылады.
Ағымдағы нысаналы трансферттер мемлекеттік, салалық (секторлық) немесе аймақтық бағдарламалардың iс-шараларын орындауға ғана, сондай-ақ қаржы жылы iшiнде әкiмдердiң өтiнiшi бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінiң немесе облыстың жергiлiктi атқарушы органының резервiнен қаржыландырылатын iс-шараларға ғана берiледi.
2. 2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен алып тасталды (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 44-бап жаңа редакцияда (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
44-бап. Дамуға арналған нысаналы трансферттер
Жоғары тұрған бюджеттер:
1) мемлекеттік және салалық (секторлық) бағдарламалар немесе өңірлік бағдарламалар негізінде жергілікті атқарушы органдар ұсынатын жергілікті бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) іске асыру;
2) республиканың стратегиялық, орта мерзімді бағдарламалары мен даму жоспарларының жоғары тұрған мемлекеттік басқару органдарының құзыретіне жататын, экономикалық пайда алуға немесе әлеуметтік-экономикалық тиімділікке қол жеткізуге бағытталған іс-шараларын төмен тұрған мемлекеттік басқару органдарының орындауы үшін республикалық немесе жергілікті бюджеттерде бекітілген сомалар шегінде төмен тұрған бюджеттерге беретін трансферттер дамуға арналған нысаналы трансферттер болып табылады.
45-бап. Төмен тұрған бюджеттерге берiлетiн кредиттер
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1. Республикалық бюджеттен және облыстық бюджеттерден бюджеттік кредиттер тиiсiнше облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерiне және аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiне қаржы жылы iшiнде бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) iске асыруға және қолма-қол ақшаның болжамды тапшылығы жағдайында берiлуi мүмкін.
2. Төмен тұрған бюджеттерге бюджеттік кредиттер осы Кодекске сәйкес берiледi.
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 7-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
7-тарау.
Бюджетке түсетін түсімдерді республикалық, облыстық бюджеттер,
республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы
бар қаланың) бюджеттері мен Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры
арасында бөлу
46-бап. Республикалық бюджетке түсетiн түсiмдер
1. Республикалық бюджетке түсетiн салықтық түсiмдер:
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1) мұнай секторы кәсіпорындарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, корпорациялық табыс салығы;
2) қосылған құнға салынатын салық, соның iшiнде Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлген тауарларға, орындалған жұмыстар мен көрсетiлген қызметтерге және Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларға қосылған құн салығы;
3) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларға акциздер;
ҚР 13.12.04 ж. № 11-III Заңымен 4) тармақша өзгертілді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді )
4) шикi мұнайға, газ конденсатына акциздер;
2007.12.01. № 220-III ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды (2008.01.01. бастап қолданысқа енгізіледі)
4-1) ойын бизнесі салығы;
ҚР 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді); 2006.05.07. № 165-III (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 5) тармақша жаңа редакцияда
5) мұнай секторы кәсіпорындарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, үстеме пайдаға салынатын салық;
ҚР 13.12.04 ж. № 11-III Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді )
6) 2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен алып тасталды (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
7) мұнай секторы кәсіпорындарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, бонустар;
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
8) мұнай секторы кәсіпорындарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, роялти;
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
9) мұнай секторы кәсіпорындарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының жасалған келісім-шарттар бойынша өнiмдi бөлу жөніндегі үлесi;
ҚР 13.12.04 ж. № 11-III Заңымен 9-1) тармақшамен толықтырылды ; 2007.29.06. № 269-III ҚР Заңымен (бұр.ред. қара) 9-1) тармақша өзгертілді
9-1) мұнай секторы кәсіпорындарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, қызметiн өнiмдi бөлу туралы келісім-шарт бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемi;
10) жергiлiктi маңызы бар мемлекеттік ақылы автомобиль жолдары арқылы автокөлiк құралдарының жүрiп өткенi үшiн алынатын алымнан басқа, Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп өткенi үшiн алым;
11) телевизиялық және радиохабар ұйымдарына радиожиiлiк спектрiн пайдалануға рұқсат бергенi үшiн алынатын алым;
2006.05.07 № 156-III ҚР Заңымен 11-1) тармақшамен толықтырылды (2007 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
11-1) бұқаралық ақпарат құралын есепке қойғаны үшін алым;
12) 2006.11.12. № 201-III ҚР Заңымен алып тасталды (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
ҚР 22.10.04 ж. № 601-II Заңымен 46-баптың 1-тармағы 12-1) тармақшамен толықтырылды
12-1) 2006.11.12. № 201-III ҚР Заңымен алып тасталды (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
13) дәрiлiк заттарды мемлекеттік тiркегенi үшiн алынатын алым;
2005.22.11. № 90-III ҚР Заңымен 13-1) тармақшамен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізіледі)
13-1) туындыларға және сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтарды, туындыларды және сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға лицензиялық шарттарды мемлекеттік тіркеу үшін алым;
14) 2006.11.12. № 201-III ҚР Заңымен алып тасталды (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
15) радиоэлектрондық құралдарды және жиiлiгi жоғары құрылғыларды мемлекеттік тiркегенi үшiн алынатын алым;
16) қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын бергенi үшiн төленетiн төлем;
17) радиожиiлiк спектрiн пайдаланғаны үшiн төленетiн төлем;
18) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшiн төленетiн төлем;
19) жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төленетiн төлем;
20) кеме жүретiн су жолдарын пайдаланғаны үшiн төленетiн төлем;
21) республикалық маңызы бар жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде сыртқы (көрнекi) жарнаманы орналастырғаны үшiн төленетiн төлем;
22) әкелiнетiн және әкетiлетiн тауарларға кеден баждары;
23) кеден бақылауын және кеден рәсiмдерiн жүзеге асырудан түсетiн түсiмдер;
24) отандық тауар өндiрушiлердi қорғау шаралары ретiнде алынатын баждар;
25) консулдық алым;
26) Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартқа сәйкес, Қазақстан Республикасында жасалған ресми құжаттарға мемлекеттік органдардың апостил қойғаны үшiн мемлекеттік баж;
27) Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттары мен жеке куәлiктерiн бергенi үшiн мемлекеттік баж;
28) жүргiзушi куәлiктерiн бергенi үшiн алынатын мемлекеттік баж;
29) көлiк құралдарын мемлекеттік тiркеу туралы куәлiктер бергенi үшiн алынатын мемлекеттік баж;
30) мемлекеттік тiркеу нөмiрiнiң белгiлерiн бергенi үшiн алынатын мемлекеттік баж;
2005.22.11. № 90-III ҚР Заңымен 31) тармақша өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара)
31) мемлекеттік нотариат кеңселерi нотариустарының нотариаттық iс-әрекет жасағаны үшiн алынатын мемлекеттік баж;
2005.22.11. № 90-III ҚР Заңымен 32) тармақшамен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізіледі) ; 2007.29.06. № 269-III ҚР Заңымен (бұр.ред. қара) 32) тармақша өзгертілді
32) зияткерлік меншік саласындағы уәкілетті органның заңды мәні бар іс-әрекеттер жасағаны үшін алынатын мемлекеттік баж ;
2007.29.06. № 269-III ҚР Заңымен 33) тармақшамен толықтырылды
33) мұнай секторы кәсіпорындарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, экспортталатын шикі мұнайға, газ конденсатына рента салығы болып табылады.
2. Республикалық бюджетке түсетiн салықтық емес түсiмдер:
1) республикалық меншiктен алынатын кiрiстер:
республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың таза табысы бөлiгiнiң түсiмдерi;
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің таза табысы бөлiгiнiң түсiмдерi;
республикалық меншiктегi мемлекеттік акциялар пакеттерiне дивидендтер;
республикалық меншiктегi заңды тұлғаларға қатысу үлесiне кiрiстер;