6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 038 | | Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне денсаулық сақтаудың медициналық ұйымдарын жергілікті деңгейде материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер | Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жоспарына сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ағымдағы нысаналы трансферттер аудару. Нормативтерге сәйкес ауылдық және қалалық мемлекеттік БМСК ұйымдарын, оның ішінде ауылдық дәрігерлік амбулаторияларды, БМСК орталықтарын, ауылдық жерлердегі және қалалық емханаларды медициналық жабдықтармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен жарақтандыру; ауылдық және қалалық дәрігерлік амбулаторияларды, БМСК орталықтарын, ауылдық жерлердегі және қалалық емханаларды, жедел медициналық қызметін, санитарлық авиация қызметін санитарлық көлікпен қамтамасыз ету; балалар мен босандыру ұйымдарын, қалалық және облыстық ауруханаларды жарақтандыру. Туберкулезге қарсы мекемелерді жарақтандыру. Алматы қаласының № 7 қалалық ауруханасын (щунттармен) жарақтандыру. Онкологиялық ұйымдар үшін сәулелік терапия аппараттарын, рентгендік стимуляторларды сатып алу Облыстық және қалалық ауруханаларды магнитті-резонанстық және компьютерлік томографтармен жарақтандыру. 10 облыста және Алматы қаласындағы кардиологиялық орталықтарды (бөлімшелерді) жарақтандыру. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының әкімдіктері Алматы қаласының әкімдігі Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстары мен Астана қаласының әкімдіктері Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік және Оңтүстік Қазақстан облыста- рының әкімдіктері Ақмола, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарының және Алматы қаласының әкімдіктері |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтижелер: жергілікті деңгейде медициналық ұйымдарды медициналық жабдықтармен жабдықтауға уақтылы ағымдағы нысаналы трансферттерді аудару.
Түпкілікті нәтижелер: медициналық ұйымдардың медициналық жабдықтармен жарақталуын ең төменгі нормативтерге кезең-кезеңмен жеткізу.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: бір өңірді материалдық-техникалық жарақтандыруға жұмсалатын орташа шығыстар - 1 032 461,7 мың теңге.
Уақтылылығы: жасалған шарттарға сәйкес.
Сапа: жергілікті деңгейдегі медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайту.
Ескерту:* республикалық бюджеттің трансферттерін игеру шеңберінде күтілетін нәтижелерді сипаттайтын іске асыру, сандық және сапалық көрсеткіштер жөніндегі іс-шаралардың тізбесі тиісті жергілікті бюджеттік бағдарламаның паспортында көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
286-ҚОСЫМША
226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті деңгейде қан орталығын материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер»
деген 041 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1200219 мың теңге (бір миллиард екі жүз миллион екі жүз он тоғыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1438 Жарлығы; «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 қазандағы № 1050 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жергілікті деңгейде медициналық ұйымдар үшін дайындалатын қанның және оның компоненттерінің қауіпсіздігін арттыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: қан қызметі ұйымдарын жабдықтауды кезең-кезеңмен ең аз нормативке дейін жеткізуге облыстық бюджеттерге және Алматы қаласының бюджеттеріне республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер аудару.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 041 | | Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті деңгейде қан орталығын материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер | Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне облыстық, Астана және Алматы қалаларының қан орталықтарын материалдық-техникалық жарақтандыруға ағымдағы нысаналы трансферттерді аудару. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілген Тізбеге сәйкес жергілікті деңгейдегі қан орталықтары үшін қанды, оның компоненттерін және препараттарды карантиндеу үшін жабдықтар сатып алу | Жыл бойы | Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: облыстық және қалалық қан орталықтары үшін 291 бірлік жабдық сатып алу.
Түпкілікті нәтиже: жергілікті деңгейде медициналық ұйымдарды медициналық жабдықтармен жарақтандыру.
Қаржы-экономикалық нәтиже: бір өңірді материалдық-техникалық жарақтандыруға жұмсалатын орташа шығыстар - 75 013,7 мың теңге.
Уақтылылығы: жасалған шарттарға сәйкес.
Сапа: жергілікті деңгейде дайындалатын қанның сапасы жақсарады.
Ескерту: *) Іске асыру жөніндегі іс-шаралар тізбесі, республикалық бюджеттен түсетін трансферттерді игеру шеңберінде күтілетін нәтижелер сипатталатын сандық және сапалық көрсеткіштер жергілікті бюджеттік бағдарламалардың паспорттарында көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
287-ҚОСЫМША
226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру
ұйымдарында мамандар даярлау»
деген 043 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 287739 мың теңге (екі жүз сексен жеті миллион жеті жүз отыз тоғыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 8 , 11, 33, 59, 62-баптары; «Денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңының 3 , 7 , 18, 48-баптары; «Қазақстан Республикасындағы жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 маусымдағы Заңының 6-бабы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1438 Жарлығы; «Мемлекеттік білім беру ұйымдарында оқитындардың жекелеген санаттарына мемлекеттік стипендияларды тағайындау мен төлеудің тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 10 желтоқсандағы № 1903 қаулысы; «Жастар арасында орта және жоғары кәсіптік оқу орындарында мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқитындар үшін өтемақы төлеу арқылы жеңілдікпен жол жүру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 18 шілдедегі № 736 қаулысы; «Қазақстан Республикасының медициналық және фармацевтикалық білім беру ісін реформалау тұжырымдамасы туралы« Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 24 сәуірдегі № 317 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: денсаулық сақтау саласын орта білімнен кейінгі медициналық және фармацевтикалық білімі бар білікті мамандармен қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес орта білімнен кейінгі медициналық және фармацевтикалық білімді мамандарды даярлауды қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 043 | | Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында мамандар даярлау | Мемлекеттік білім беру стандарттарына сәйкес республикалық медициналық білім беру ұйымдарында орта білімнен кейінгі медициналық және фармацевтикалық білімді мамандарды даярлау. Орташа жылдық контингент - 1224. Мемлекеттік медициналық білім беру ұйымдарында білім алушыларды жекелеген санаттарына мемлекеттік стипендиялар тағайындау және төлеу тәртібі туралы ережеге сәйкес білім алушылардың орта білімнен кейінгі медициналық және фармацевтикалық білім алуы кезінде оларға мемлекеттік стипендия төлеу жолымен әлеуметтік қолдау. Білім алушы-стипендиаттардың жылдық орташа контингентіне - 894 мемлекеттік стипендия төлеу. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитындардың жазғы және қысқы каникулдар кезінде жылдың басында бітірмей тұрғанда - 895, бітіретіндері - 324 оқушылар контингентіне жолақысына ақшалай өтемақы төлеуге берілетін трансферттер аудару арқылы азаматтардың жоғары кәсіптік білім алуы кезінде әлеуметтік қолдау. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқушыларды оқуға қабылдау - 500 адам, стипендиаттардың орташа жылдық контингентіне мемлекеттік стипендиялар төлеу - 894, стипендиямен қамтамасыз ету - білім алушылардың 73 пайызы.
Түпкілікті нәтиже: денсаулық сақтау ұйымдарын орта білімнен кейінгі медициналық және фармацевтикалық білімі бар білікті мамандармен қамтамасыз ету.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша 1 білім алушыны даярлауға жұмсалатын орташа шығын мөлшері - жылына 183,7 мың теңге. Бір оқушының айлық стипендиясының мөлшері 5147 теңге. Қысқы және жазғы каникулдар кезінде мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алушыларға жол жүруге 2 АЕК мөлшерін ақшалай өтемақы төлеу.
Уақтылылығы: денсаулық сақтау саласының орта білімнен кейінгі медициналық және фармацевтикалық білімі бар білікті мамандарының күтілетін бітірушілер саны кемінде 324 адам.
Сапасы: медицина колледжін үздік бітірген, орта білімнен кейінгі медициналық және фармацевтикалық білімді бітірушілердің күтілетін үлесі бітірушілердің жалпы санының 16 пайызы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
288-ҚОСЫМША
226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру»
деген 046 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 3810706 мың теңге (үш миллиард сегіз жүз он миллион жеті жүз алты мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1438 Жарлығы, «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 18 қыркүйектегі № 878 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: медициналық қызметтердің жоғары сапасын және бәсекеге қабілетті денсаулық сақтау саласын құруды қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: денсаулық сақтау саласының қаржыландыру және басқару жүйесін жаңғырту, көрсетілетін медициналық көмек сапасын арттыру, медициналық, фармацевтикалық білім беруді және медициналық ғылымды реформалау, денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйесін дамыту, дәрілік қамтамасыз етудің сапасы мен қол жеткізілімін жақсарту, Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына ену шеңберінде тағам өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 046 | | Денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру | | | |
2 | | 016 | Республикалық бюджеттен сыртқы қарыздарды бірлесіп қаржыландыру есебінен | Жобаны үйлестіру және іске асыру үшін жергілікті және халықаралық консультанттардың, операциялық шығыстарды төлеуді қоса алғанда, қызметтерін сатып алу. Жобаның тиісті компоненттері бойынша халықаралық консультанттарды тарту. Денсаулық сақтау саласын қаржыландыру және басқару жүйелерін жетілдіру бойынша қызметтерді сатып алу. Жоба компоненттерінің тиісті іс-шаралары бойынша денсаулық сақтау қызметкерлерін ел ішінде және шетелде оқыту. Денсаулық сақтау саласындағы менеджменттің оқу орталықтары, лицензиялау және медициналық емтихандар үшін қажетті жабдықтарды сатып алу. Мамандандырылған медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдарды аккредиттеуді жүргізу. Жоба компоненттерінің тиісті іс-шаралары бойынша нормативтік-құқықтық, оқу-әдістемелік, ғылыми-техникалық құжаттамаларын әзірлеу. Медициналық білім сапасын қамтамасыз ету жүйесін құру. Медициналық жоғары оқу орындарында оқу-клиникалық орталықтарын құру. Медициналық білімге инновациялық және ақпараттық технологияларды енгізу. Денсаулық сақтау саласын ақпараттандыру жөнінде нормативтік-техникалық құжаттамаларды әзірлеу. Денсаулық сақтау саласын басқарудың ақпараттық жүйелерінің тұрақты жұмыс істеуі үшін институционалдық базаны құру, ақпараттық технологиялар бойынша жабдықтарды сатып алу және байланыс шығындарын төлеу. Ұлттық ақпараттық дәрілік орталықты құру және оны жарақтандыру. Санитарлық және фитосанитарлық шаралар бойынша ақпараттық кіші орталықты құру және оны жарақтандыру. Шетелде оқыту және тағылымданудан өтуді ұйымдастыру жөніндегі компанияны қызметке тарту (шетелде денсаулық сақтау қызметкерлерін), жоба бойынша жұмыс істейтін мамандарды оқыту, біліктілігін арттыру, тағылымданудан өткізу, нұсқаушыларды білім беру және тарату бойынша оқыту. Жобаны іске асыру бойынша әкімшілік және операциялық шығыстар. Өңірлік семинарлар мен конференциялар өткізу. Жобаның тиімділігін бағалау және мониторингін жүргізу үшін компанияны немесе мамандар тобын тарту. | Қаңтар- желтоқсан | Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: саланы басқару және қаржыландыру жүйелерін жаңғырту жолымен халықтың денсаулық жағдайын жақсарту, медициналық қызметтер сапасын арттыру, халықты дәрілік қамтамасыз етуді жетілдіру, тағам өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және бақылау жүйесін жетілдіру, сонымен қатар саладағы кадрлар саясатын, медициналық және фармацевтикалық білім беруді жетілдіру.
Түпкілікті нәтиже: халыққа барынша тиімді және сапалы медициналық көмекті ұсыну, сенімді және уақтылы ақпаратқа қол жеткізуді жақсарту.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: Қысқа мерзімдегі жергілікті консультанттың 1 адам/ай қызметі 227,2 мың теңгеден, халықаралық консультанттікі - 2 840 мың теңгеден аспайды.
Уақтылылығы: бағдарлама бойынша барлық іс-шаралар бюджеттік бағдарламаның осы паспортымен белгіленген мерзімдерде өткізіледі.
Сапасы: барлық жоспарланған іс-шаралардың 100% орындалуы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
289-ҚОСЫМША
226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Электрондық үкімет шеңберінде адами капиталды дамыту»
деген 116 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2008.15.04. № 342 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құны: 18 500 мың теңге (он сегіз миллион бес жүз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздікті төмендетудің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 қазандағы № 995 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасы халқының ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы медициналық ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз ету.
ҚР Үкіметінің 2008.15.04. № 342 қаулысымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласының ақпараттық-танымдық веб-порталын сынау, тәжірибелік пайдалануға енгізу, контентін өзекті ету және дамыту.
ҚР Үкіметінің 2008.15.04. № 342 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 116 | | Электрондық үкімет шеңберінде адами капиталды дамыту | Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласының ақпараттық-танымдық веб-порталын сынау, тәжірибелік пайдалануға енгізу және контентін өзекті ету. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласының ақпараттық-танымдық веб-порталының қызметін дамыту | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласының ақпараттық-танымдық веб-порталының қызметін жақсарту.