Түпкі нәтиже: жоғары мамандандырылған медициналық, санаторийлік, оңалту және сауықтыру көмегін алған ана мен баланың денсаулығын нығайту; созылмалы аурулар кезінде тұрақты оңалуға жету; күрделі аурулар кезіндегі асқынуларды төмендету; әйелдер мен балалардың арасындағы мүгедектікті төмендету.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: ЖММК бойынша бір емделген жағдайға арналған орташа шығыстар - 158,1 мың теңге; санаторийлік көмек көрсету бойынша баланы бір емделген жағдайға арналған орташа шығыстар - 50,4 мың теңге; лейкемиямен ауыратын балаларға химиялық терапия жүргізуге бір емделген жағдайға арналған орташа шығыстар - 2922,5 мың теңге; бүйрек қызметінің жетіспеушілігі бар сырқаттарды, сондай-ақ бүйрек ауыстырып салынған сырқаттарды иммундық-супрессивтік препараттармен қамтамасыз етуге арналған орташа шығыстар - 470,3 мың теңге; «Балбұлақ» республикалық балаларды оңалту орталығы бойынша бір емделген жағдайға арналған орташа шығыстар - 64,9 мың теңге. Жабдықтарды сатып алуға орташа шығыстар - 6642,5 мың теңге.
Уақтылығы: жасалған шарттарға сәйкес.
Сапасы: негізделген шағым жоқ.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
275-ҚОСЫМША
226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау»
деген 014 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1016051 мың теңге (бір миллиард он алты миллион елу бір мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедеі Заңы; «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 9 шілдедегі Заңының 29-бабы; «Денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңының 18, 48, 51-баптары; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулық жағдайын жақсарту жөніндегі бірінші кезектегі шаралар туралы» 1998 жылғы 18 мамырдағы № 3956 Жарлығы; «Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1438 Жарлығы; «Қазақстан Республикасының сот-сараптама жүйесін дамыту тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 8 ақпандағы № 119 қаулысы, «Қазақстан Республикасында кардиологиялық және кардиохирургиялық көмекті дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 13 ақпандағы № 102 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: медициналық қызмет көрсетудің сапасын жақсарту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының медицина және фармацевтика кадрларының кәсіби деңгейін арттыру, олардың кәсіби білімдері мен дағдыларын практикалық денсаулық сақтаудың қазіргі заманғы талаптарына сәйкес тереңдету; саланы аса тапшы мамандықтар бойынша және жаңа технологияларды, емдеу мен диагностиканың әдістерін енгізе отырып, жоғары білікті көмек көрсету үшін білікті мамандармен қамтамасыз ету. Халықаралық стандарттарды фармацевтика саласына енгізу, оның ішінде дәрілік заттарды сараптауды жүзеге асыратын зертханаларды халықаралық стандарттарға сәйкестігіне аккредиттеу мақсатында фармация саласында қазақстандық мамандардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 014 | | Мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау | Саланың қажеттілігіне сәйкес мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары мен ведомстволық медициналық-санитарлық қызмет кадрларының емдік, педиатриялық, стоматологиялық, фармацевтикалық, медициналық- биологиялық, медициналық алдын алу, мейірбикелік бейіндер бойынша, денсаулық сақтау жүйесі менеджерлерінің, медициналық жоғары оқу орындарының профессор-оқытушы құрамының, ғылыми орталықтар мен ғылыми-зерттеу институттарының ғылыми қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау жөніндегі қызметтерге ақы төлеу. Аса тапшы мамандықтар бойынша медицина кадрларын даярлау, дәрілік заттардың сапа менеджментінің жүйелерін жасау саласындағы мемлекеттік фармацевтикалық сектордың және санитарлық- эпидемиологиялық қадағалау мамандарын шетелде даярлау. Мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау үшін жоғары білікті шетел мамандарын шақыруды ұйымдастыру. Мамандарды даярлау мерзімі 2 аптадан 10 айға дейін. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының орта есеппен 14 905 маманының біліктілігін арттыру және қайта даярлау, медицина және фармацевтика кадрларының ел ішінде біліктілігін арттыру мақсатында 10 шетел маманын тарту.
Түпкі нәтиже: денсаулық сақтау саласын жоғары білікті, бәсекеге қабілетті мамандармен қамтамасыз ету; 5 жыл ішінде мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының барлық мамандарының біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды қамтамасыз ету.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: 1 маманның ел ішінде біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға жұмсалатын орташа шығыс 36,1 мың теңге және шетелде - 1503,6 мың теңге және бір шетелдік маманды шақыруды ұйымдастыру үшін - 1793,1 мың теңге.
Уақтылығы: Бюджеттік бағдарламаны іске асырудың мерзімдеріне сәйкес (конкурстық рәсімдерге және шарттарға сәйкес).
Сапасы: оқыту нәтижесінде алған кәсіби білімдері мен дағдыларын мамандардың сапалы медициналық көмек көрсету үшін пайдалануы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
276-ҚОСЫМША
226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Денсаулық сақтау объектілерін салу және реконструкциялау»
деген 016 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2008.15.04. № 342 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құны: 10 609 310 мың теңге (он миллиард алты жүз тоғыз миллион үш жүз он мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулық жағдайын жақсарту жөніндегі бірінші кезектегі шаралар туралы» 1998 жылғы 18 мамырдағы № 3956 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы« 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1438 Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: халыққа мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек бағыттарының қол жетімділігін қамтамасыз ету, медициналық қызметтердің сапасы мен мүмкіндіктерін арттыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету бойынша халық үшін жағдай жасау.
ҚР Үкіметінің 2008.15.04. № 342 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 016 | | Денсаулық сақтау объектілерін салу және реконструкциялау | «2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1223 қаулысының 3-қосымшасына сәйкес сомалар шегінде мынадай іс-шаралар бойынша бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру: Алматы қаласында «Педиатрия және балалар хирургиясы ұлттық орталығы» РМҚК жанынан 150 төсектік емдеу корпусын, Астана қаласында 180 төсектік кардиохирургия орталығын, Павлодар қаласында 50 төсектік Павлодар кардиохирургия орталығын, Астана қаласында Травматология және ортопедия ҒІИ РМКК қабылдау бөлімшесінің үстінен 4-ші қабатты жалғастырып, оны 4-қабатты операциялық блок жапсаржайы етіп салу; Астана қаласында жедел көмек станциясы бар 240 төсектік жедел медициналық көмек ҒЗИ, Астана қаласында 160 төсектік республикалық нейрохирургия ғылыми орталығын, Астана қаласында бір ауысымда 500 адам қабылдайтын диагностикалық орталық, Астана қаласының сол жағалауында «Жаңа» ПС РПК-88 дейін кабельдік желі (медициналық кластерге арналған), «РПК-88» трансформаторлық кіші станциясынан Астана қаласында жедел жәрдем станциясы бар 240 төсектік Жедел медициналық жәрдем ҒЗИ объектісіне дейін сыртқы электрлік желіні салу Алматы қаласында 100 төсектік кардиохирургия орталығы мен Астана қаласында «Қазақ мемлекеттік медицина академиясы» РМҚК, Қарағанды қаласында «Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы» РМҚК, Шымкент қаласында «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясы» РМҚК, Алматы қаласында «С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» РМҚК жанынан ЗООтөсектік көп бейінді ауруханалар құрылысы жобаларының мемлекеттік ведомстводан тыс сараптамаларын өткізу, жобалау- сметалық құжаттамаларын әзірлеу және салу. | Қаңтар- желтоқсан | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі |
ҚР Үкіметінің 2008.15.04. № 342 қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Алматы қаласында «Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы» РМҚК жанынан 150 төсектік емдеу корпусын, Астана қаласындағы Травматология және ортопедия ҒІИ РМКК қабылдау бөлімшесінің үстінен 4 қабатты жалғастырып, оны 4-қабатты операциялық блок жапсаржайы етіп салу, Астана қаласында жедел көмек станциясы бар 240 төсектік жедел медициналық көмек ҒЗИ, Астана қаласында 160 төсектік республикалық нейрохирургия ғылыми орталығын, Астана қаласында бір ауысымда 500 адам қабылдайтын диагностикалық орталық, Астана қаласының сол жағалауында «Жаңа» ПС РПК-88 дейін кабельдік желі (медициналық кластерге арналған), «РПК-88» трансформаторлық кіші станциясынан Астана қаласында жәрдем станциясы бар 240 төсектік Жедел медициналық жәрдем ҒЗИ объектісіне дейін сыртқы электрлік желіні Астана қаласында 180 төсектік кардиохирургия орталығын, Алматы қаласында 100 төсектік кардиохирургия орталығын, Павлодар қаласында 50 төсектік Павлодар кардиохирургия орталығын, Астана қаласында «Қазақ мемлекеттік медицина академиясы» РМҚК, Қарағанды қаласында «Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы» РМҚК, Шымкент қаласында «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясы» РМҚК, Алматы қаласында «С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» РМҚК жанынан ЗООтөсектік көп бейінді ауруханалар бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес салу бойынша жұмыстар.
Түпкілікті нәтиже: жекелеген медициналық көмек түрлерінің қол жетімділігін қамтамасыз ету және сапасын арттыру үшін денсаулық сақтау объектілерін салу.
Уақтылылығы: қызметтерді көрсетушілермен жасалған шарттарға сәйкес құрылыс бойынша жұмыстардың көлемін орындау.
Сапасы: ҚР ҚНЕ-ге сәйкес денсаулық сақтау объектілерін салу.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
277-ҚОСЫМША
226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Сот-медицина сараптамасы»
деген 017 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1347043 мың теңге (бір миллиард үш жүз қырық жеті миллион қырық үш мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Сот сараптамасы туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 12 қарашадағы Заңы; «Денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңы; «Азаматтардың денсаулығын сақтау туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңы; «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы« Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1438 Жарғысы; «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 қазандағы № 1050 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: қылмыстық, азаматтық іс жүргізу заңнамасымен, соттың уәждемеленген анықтамасымен қарастырылған қылмыстық, әкімшілік немесе азаматтық процестердің қатысушылары болып табылатын адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: сот-медициналық сараптамалар жүргізу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 017 | | Сот-медицина сараптамасы | Сот-медициналық сараптамасының өндірісі. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілген тізбеге сәйкес медициналық (диагностикалық және зертханалық) және медициналық емес жабдықтарды, автокөліктердің жабдықтарын сатып алу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Сот медицинасы орталығы |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Жылына орта есеппен 220 мың сот-медициналық сараптаманың өндірісі. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілген Тізбеге сәйкес кемінде 266 медициналық (диагностикалық және зертханалық) және медициналық емес жабдықтардың бірлігін, кемінде 3 автокөліктің бірлігін сатып алу.
Түпкілікті нәтиже: қолданыстағы заңнамаға сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету үшін «Сот медицинасы орталығы» ММ мен оның аумақтық бөлімшелерінің сот-медициналық сараптамасын жүргізу.
Қаржы-экономикалық нәтиже: бір зерттеуді өндіруге жұмсалатын орташа шығын - 4,8 мың теңге; жабдық бірлігін сатып алуға жұмсалатын орташа шығын - 1020 мың теңге.
Уақтылылығы: сот-медициналық сараптаманы тағайындайтын органның белгілейтін мерзімдерге сәйкес.
Сапасы: жүргізілетін сот-медициналық сараптамалардың сапасын арттыру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
278-ҚОСЫМША
226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Денсаулық сақтау саласында тарихи мұра құндылықтарын сақтау»
деген 018 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 8272 мың теңге (сегіз миллион екі жүз жетпіс екі мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: отандық медицина саласында тарихи-мәдени құндылықтардың сақталуын қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: мәдени-ағарту жұмыстарын жүзеге асыру мүдделі адамдардың отандық медицина саласындағы тарихи-мәдени құндылықтарды зерделеуге қол жеткізуін қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 018 | | Денсаулық сақтау саласында тарихи мұра құндылықтарын сақтау | Бірегей жәдігерлерді мұрағат құжаттарын, көркем қорды сақтау және жаңарту. Жәдігерлерді есепке алуды, ғылыми өңдеуді және сақтауды қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасында медицина мен денсаулық сақтаудың даму тарихы жөнінде экскурсиялар, дәрістер мен іс-шаралар өткізу. Мұражай жинағы негізінде құжаттау. Ақпараттық-библиографикалық және консультациялық көмекті жүзеге асыру. Көрме қызметі Мұражай қорын толықтыру. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: мәдени-ағарту жұмысы, бірегей жәдігерлерді, мұрағат құжаттарын, көркем қорды жаңарту. Жәдігерлерді толықтыру.
Түпкілікті нәтиже: бірегей құндылықтардың 100 пайызға сақталуын, оларға республика азаматтарының қол жеткізуін қамтамасыз ету.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: бір жәдігер мен әдебиетті ұстауға жұмсалатын орташа шығыс - 150 теңге.
Уақтылылығы: мерзімдер мен жоспарға сәйкес іс-шараларды орындау.
Сапасы: келушілердің санын көбейту.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
279-ҚОСЫМША
226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйелерін құру»
деген 019 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2008.15.04. № 342 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құны: 1 407 890 мың теңге (бір миллиард төрт жүз жеті миллион сегіз жүз тоқсан мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1438 Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасы халқының сапалы медициналық көмек алуда тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласының ақпараттық құрылымын құру, денсаулық сақтау ресурстарын ұтымды пайдалану, саланы басқару деңгейін арттыру.
ҚР Үкіметінің 2008.15.04. № 342 қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: ақпаратты жинаудың, сақтау мен талдаудың бірыңғай жүйесін ұйымдастыруды, схемаларды рационализациялауды және ақпаратты беру мерзімдерін қысқартуды қамтамасыз ететін Денсаулық сақтау саласының бірыңғай ақпараттық жүйесінің компоненттерін - ақпараттық жүйесін дамыту және пилоттық пайдалануды жалғастыру, ақпаратқа жедел қол жеткізуді қамтамасыз ету; Астана қаласы бойынша пилоттық пайдалану аймағын кеңейту; Денсаулық сақтау саласының бірыңғай ақпараттық жүйесінің қаржысын басқару жүйесін әзірлеу, сынақ жүргізу және пилоттық пайдалануға енгізу, медицина ұйымдарын қазіргі заманғы компьютерлік және ұйымдастыру техникасымен, телекоммуникациялық және басқа да жабдықтармен қамтамасыз ету; денсаулық сақтау ұйымдарының жергілікті желілерін құру; жобаны іске асырудың халықаралық консалтингі.
ҚР Үкіметінің 2008.15.04. № 342 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 019 | | Денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйелерін құру | Астана қаласы бойынша пилоттық пайдалану аймақтарын кеңейте отырып, Қазақстан Республикасында Денсаулық сақтау саласының бірыңғай ақпараттық жүйесін құру шеңберінде бағдарламалық қамтамасыз етудің қызмет етуін кеңейту және ақпараттық жүйені пилоттық пайдалануды жалғастыру. Серверлік, компьютерлік, телекоммуникацилық және басқа да жабдықтарды сатып алу. Лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алу. Серверлік үй-жайларды, жергілікті есептеуіш желілердің монтажы, бағдарламалық қамтамасыз етуді инсталляциялау. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау саласының бірыңғай ақпараттық жүйесінің әкімшілерін оқыту. Жобаны іске асырудың халықаралық консалтингі Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласының бірыңғай ақпараттық жүйесінің қаржысын басқару жүйесін әзірлеу, сынақ жүргізу және пилоттық пайдалануға енгізу. Астана қаласының денсаулық сақтау ұйымдары үшін серверлік үй-жайлар мен жергілікті есептеу желілерінің монтажы бойынша 2007 жылға жоспарланған іс-шараларды аяқтау. | Қаңтар -желтоқсан | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі |
ҚР Үкіметінің 2008.15.04. № 342 қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдарын есептеуіш, ұйымдастыру және телекоммуникациялық техника құралдарымен қосымша жарақтандыру және жарақтандыру;
денсаулық сақтау ұйымдарының жергілікті желілерін құру; Қазақстан Республикасында Денсаулық сақтаудың бірыңғай ақпараттық жүйесінің компоненттерін - ақпараттық жүйесін әзірлеу, бағдарламалық өнімдердің сапасын арттыру мақсатында әзірленген ақпараттық жүйені пилоттық пайдалануды жалғастыру және кеңейту;
Түпкілікті нәтиже: Астана қаласы бойынша Қазақстан Республикасында Денсаулық сақтаудың бірыңғай ақпараттық жүйесінің компоненттерін - ақпараттық жүйесін пилоттық пайдалану сатысын аяқтау; Астана қаласының денсаулық сақтау ұйымдарын компьютерлендіру.
Қаржы-экономикалық нәтиже: жұмыс станцияларының бірлігін сатып алуға жұмсалатын орташа шығыс 142,64 мың теңге;
серверлер бірлігін сатып алуға жұмсалатын орташа шығыс 3 362,00 мың теңге;
принтерлер бірлігін сатып алуға жұмсалатын орташа шығыс 27,36 мың теңге;
коммутаторларды сатып алуға жұмсалатын орташа шығыс 82,42 мың теңге;
модемдерді сатып алуға жұмсалатын орташа шығыс 15,56 мың теңге;
лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алуға жұмсалатын орташа шығыс 17,28 мың теңге;
Сатып алынатын компьютер жабдықтарының (серверлер мен жұмыс станцияларының) бірлігіне Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау саласының бірыңғай ақпараттық жүйесін әзірлеу және енгізу жөніндегі орташа шығыстар:
Объектілердің сервері - 11,82 мың теңге.
Медициналық-статистикалық жүйе - 101,07 мың теңге.
Ресурстарды басқару жүйесі - 24,29 мың теңге.
Қаржы басқару жүйесі - 27,54 мың теңге.
Медициналық қызметтер сапасын басқару жүйесі - 14,72 мың теңге.
Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайлар мониторингі жүйесі - 15,91 мың теңге.
Дәрі-дәрмектік қамтамасыз етуді басқару жүйесі - 19,15 мың теңге.
Уақтылылығы: жасалған шарттарға сәйкес іс-шаралар көлемінің толық орындалуы.
Сапа: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау саласының бірыңғай ақпараттық жүйесінің компоненттерін пилоттық пайдалануды жүргізу есебінен әзірленетін жүйелердің қызмет етуінде пайда болуы ықтимал қателіктердің азаюы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
280-ҚОСЫМША
226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Денсаулық сақтау саласындағы ақпараттың жалпыға қол жетімділігін қамтамасыз ету»
деген 020 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 7638 мың теңге (жеті миллион алты жүз отыз сегіз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңы; «Денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңының 7-бабы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: денсаулық сақтау саласындағы ақпаратқа қолжетімділікті кеңейту арқылы халықтың зияткерлік деңгейін арттыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: кітапхана қорын сақтау және толықтыру, халыққа кітапханалық және ақпараттық-библиографиялық қызмет көрсету.