6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 020 | | Денсаулық сақтау саласындағы ақпараттың жалпыға қол жетімділігін қамтамасыз ету | Кітап қорын медицинаның барлық саласы бойынша отандық және шетелдік әдебиетпен толықтыру. Кітап қорын есепке алуды, сақталуын қамтамасыз ету. Республиканың медициналық кітапхана қызметін үйлестіру, әдістемелік және консультациялық көмек көрсету бойынша оларға баруды ұйымдастыру. Кітап көрмелерін ұйымдастыру. Қалалық абонемент пен оқу залы арқылы денсаулық сақтау ұйымдары мамандарын кітапханамен қызмет көрсету. Оқу залына кондиционердің 3 бірлігін сатып алу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Республикалық ғылыми- медициналық кітапханасы |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: кітап қорын 1 200 данаға көбейту. Жыл ішінде 66 көрме ұйымдастыру. Республиканың медициналық кітапханаларына консультациялық және әдістемелік көмек көрсету. Кітапхананың оқу залына кондиционердің кем дегенде 3 бірлігін сатып алу.
Түпкілікті нәтиже: денсаулық сақтау саласындағы мамандардың білім деңгейлерін арттыру.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: кітап қоры бірлігін ұстауға және қол жетімділігін қамтамасыз етуге жұмсалатын орташа шығыс - 22 теңге.
Сапасы: денсаулық сақтау саласындағы ғалымдардың, оқытушылардың және мамандардың рухани, зияткерлік және білім қажеттілігін қанағаттандыру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
281-ҚОСЫМША
226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Ауылдық (селолық) жерлердегі денсаулық сақтауда ұтқыр және телемедицинаны дамыту»
деген 023 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 629689 мың теңге (алты жүз жиырма тоғыз миллион алты жүз сексен тоғыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2003 жылғы 10 шілдедегі № 1149 Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ауылдық медицина мекемелерінің диагностикалық және емдеу мүмкіндіктерін жақсарту, Қазақстанның ауыл тұрғындарының сапалы медициналық қызметке қол жеткізуін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Қазақстанның 3 облысының перспективалық және орнықты аудандарының орталық аудандық ауруханаларының базасында телемедицина кабинеттерін құру, телемедициналық консультациялар ұйымдастыру үшін облыстық және республикалық деңгейдегі ауруханалар базасында телемедицина орталықтарын ашу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 023 | | Ауылдық (селолық) жерлердегі денсаулық сақтауда ұтқыр және телемедицинаны дамыту | «Ұтқыр және телемедицинаны дамыту» жобасын бекітілген техникалық-экономикалық негіздемеге сәйкес мынадай іс-шаралар шеңберінде ауылдық (селолық) жерлерде іске асыру: телемедициналық, телекоммуникациалық, компьютерлік және басқа да жабдықтарды сатып алу, телемедицинаны бағдарламалық қамтамасыз етуді инсталляциялау, телемедицинаның клиникалық және техникалық аспектілерін, телемедицинаның бағдарламалық кешенімен жұмыс істеуге оқыту, Ақтөбе облысының 7 ауданы, Жамбыл облысының 8 ауданы, Маңғыстау облысының 4 ауданы және Ақтөбе, Тараз және Ақтау қалаларындағы облыстық деңгейдегі ауруханалар үшін телемедициналық консультациялар өткізу. | Қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Қазақстанның Ақтөбе, Жамбыл, Маңғыстау облыстарының перспективалық және орнықты аудандарының 19 орталық аудандық ауруханасы базасында телемедицина кабинеттерін және Ақтөбе, Тараз және Ақтау қалаларындағы облыстық деңгейдегі ауруханалардың базасында 3 телемедициналық орталық құру;
телемедицина кабинеттері мен телемедициналық орталықтардың қызметкерлер құрамын телемедициналық жабдықтармен, телемедицинаны бағдарламалық қамтамасыз ету құралдармен жұмыс істеуге үйрету, қызмет көрсететін техникалық қызметкерлер құрамын оқыту;
Нақты уақыт режимінде және «off-line» режимінде телемедициналық консультациялар өткізу.
Түпкілікті нәтиже: Ақтөбе, Жамбыл және Маңғыстау облыстарының ауыл тұрғындарын диагностикалауды жақсарту, медициналық қамтамасыз етуді жетілдіру; жаңа технологияларды енгізу; медициналық білім беруді жетілдіру.
Уақтылылығы: іс-шараларды жасалған шарттарға сәйкес толық көлемде орындау.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: бір телемедицина торабын құрудың орташа құны 28 622,23 мың теңге.
Сапасы: ауыл аудандарындағы халыққа медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
282-ҚОСЫМША
226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жаңадан пайдалануға берілетін денсаулық сақтау объектілерін ұстауға
берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер"
деген 027 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 334626 мың теңге (үш жүз отыз төрт миллион алты жүз жиырма алты мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 10 шілдедегі № 1149 Жарлығы; «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1438 Жарлығы; «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарын бекіту туралы« Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 қазандағы № 1050 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жаңадан іске қосылатын денсаулық сақтау объектілерін ұстау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Оңтүстік Қазақстан облыстық бюджеттерге, жаңадан іске қосылатын денсаулық сақтау объектілерін ұстауға республикалық бюджеттен трансферттер бөлу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 027 | | Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жаңадан пайдалануға берілетін денсаулық сақтау объектілерін ұстауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер | Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес облыстық бюджеттерге нысаналы ағымдағы трансферттер аудару. Денсаулық сақтау объектілерінің уақтылы іске қосылуын және жұмыс істеуін қамтамасыз ету. | Жыл бойы Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан әкімдіктері |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: 8 объектіні іске қосылуы және жұмыс істеуі, оның ішінде:
Шығыс Қазақстан облысы - Өскемен онкология диспансерінің жанындағы сәулелі терапия орталығы, Тарбағатай ауданы Ақжар ауылында 50 төсектік туберкулез ауруханасы, Бесқарағай ауданы Большая Владимировка ауылындағы орталық аудандық аурухананың 50 төсектік стационарлық корпусы, Тарбағатай ауданы Ақсуат ауылында ауысымына 100 адам қабылдайтын 75 төсектік орталық аудандық аурухана;
Қарағанды облысы - Қарағанды қаласында «Гүлдер» шағын ауданында ауысымына 1000 адам қабылдайтын емхана;
Оңтүстік Қазақстан облысы - Созақ ауданы Шолаққорған ауылында 40 төсектік перзентхана; Шымкент қаласында жылына 2000 литрге арналған облыстық қан орталығы, Жетісай қаласында ауысымына 500 адам қабылдайтын емханасы бар 240 төсектік орталық аудандық аурухана.
Түпкілікті нәтиже: жергілікті деңгейде медициналық көмектің қол жетімділігін арттыру.
Қаржы-экономикалық нәтиже: 2008 жылы іске қосылуы көзделіп отырған туберкулез ұйымдары объектілерінің жұмыс істеуіне жұмсалатын орташа шығыстар 5264,0 мың теңге, орталық аудандық ауруханалар - 75105,0 мың теңге, сәулелі терапия орталықтары - 22418,0 мың теңге, емханалар - 102618,0 мың теңге, перзентханалар - 28454,0 мың теңге, қан орталығы - 100767,0 мың теңге.
Уақтылылығы: Әкім шешіміне сәйкес іске қосу.
Сапа: осы өңірдегі халыққа көрсетілетін медициналық көмектің көлемі мен сапасын арттыру.
Ескерту:
*) Іске асыру жөніндегі іс-шаралар тізбесі, республикалық бюджеттен түсетін трансферттерді игеру шеңберінде күтілетін нәтижелерді сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштер жергілікті бюджеттік бағдарламалардың паспорттарында көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
283-ҚОСЫМША
226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне
дәрілік заттарды, вакциналарды және басқа да иммундық-биологиялық препараттарды сатып алуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер»
деген 028 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 10459303 мың теңге (он миллиард төрт жүз елу тоғыз миллион үш жүз үш мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 4 желтоқсандағы Заңының 26-бабы; «Денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 4 маусымдағы 2003 жылғы Заңы; «Азаматтардың денсаулығын сақтау туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1438 Жарлығы; «Қазақстан Республикасында халықты туберкулезден қорғаудың кезек күттірмейтін шаралары туралы« Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 4 қыркүйектегі № 839 қаулысы; «Халықты жұқпалы ауруларға қарсы вакцинациялауды жақсарту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 23 мамырдағы № 488 қаулысы; «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 қазандағы № 1050 қаулысы; «Азаматтарды дәрілік заттармен қамтамасыз ету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қазандағы № 962 қаулысы, «Тегін медициналық көмектің кепілді көлемінің 2008-2009 жылдарға арналған тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 қыркүйектегі № 853 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: халықтың денсаулығын нығайту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: халықты вакциналармен және басқа да медициналық иммундық-биологиялық, туберкулезге қарсы, диабетке қарсы препараттармен және онкологиялық сырқаттарды емдеуге арналған химиялық препараттармен; халықтың жұқпалы аурулармен сыртқаттанушылығының алдын алу және азайту; туберкулезбен ауыратын сырқаттардың аурушаңдығы мен өлім-жітім көрсеткіштерін тұрақтандыру және төмендету; диабетпен ауыратындардың асқынуларын, мүгедектігі мен қайтыс болу санын азайту; онкологиялық сырқаттардың өмір сүру ұзақтығын және айығуын арттыру және өлім-жітім көрсеткішін азайту; АИТВ жұқпасын жұқтырған және ЖҚТБ-мен ауыратын балаларды алдын алу вирусқа қарсы емдеуімен қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 028 | | Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне дәрілік заттарды, вакциналарды және басқа да иммундық-биологиялық препараттарды сатып алуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер | | | |
2 | | 100 | Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне халыққа иммунды алдын алу жүргізу үшін вакциналарды және басқа иммундық- биологиялық препарат- тарды сатып алуға ағымдағы нысаналы трансферттер | Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес облыстық бюджетке, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерге ағымдағы нысаналы трансферттерді аудару. Халыққа иммундық алдын алу жүргізу үшін денсаулық сақтау ұйымдарын вакциналармен және басқа иммундық-биологиялық препараттармен. | Жыл бойы Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері |
3 | | 101 | Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне туберкулезге қарсы препараттарды сатып алуға ағымдағы нысаналы трансферттер | Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне нысаналы трансферттерді аудару. Туберкулезбен ауыратын сырқаттар үшін туберкулезге қарсы препараттарды, оның ішінде туберкулездің мультирезистентті нысанын емдеу үшін және диспансерлік топтағы (виражды, гиперсезімталды, байланысты) балаларды химиялық алдын алу. | Жыл бойы Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері |
4 | | 102 | Облыстық бюджеттер- ге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне диабетке қарсы препараттарды сатып алуға ағымдағы нысаналы трансферттер | Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ағымдағы нысаналы трансферттерді аудару. Диабетке қарсы препараттарды, жеткізу құралдарын сатып алуға және олармен диабетпен ауыратындарды қамтамасыз ету. | Жыл бойы Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері |
5 | | 103 | Облыстық бюджеттер- ге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне онкологиялық ауруларға химиялық препараттарды сатып алуға ағымдағы нысаналы трансферттер | Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес облыстық бюджетке, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне нысаналы трансферттерді аудару. Онкологиялық сырқаттарды емдеуге арналған химиялық препараттарды сатып алу. | Жыл бойы Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері |
6 | | 105 | Лейкемиямен ауыратын балалар үшін дәрілік заттарды сатып алуға Қарағанды облысының облыстық бюджетіне ағымдағы нысаналы трансферттер | Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес Қарағанды облысының бюджетіне ағымдағы нысаналы трансферттерді аудару. Лейкемиямен ауыратын балаларды дәрілік заттармен қамтамасыз ету. | Жыл бойы Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қарағанды облысының әкімі |
7 | | 106 | Оңтүстік Қазақстан облысының облыстық бюджетіне ВИЧ жұқтырған және ЖҚТБ-мен ауырған балаларды емдеу үшін дәрілік заттар сатып алуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер | Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының бюджетіне ағымдағы нысаналы трансферттерді аудару АИТВ жұқтырған сырқаттар және ЖҚТБ-мен ауыратын сырқат балаларды емдеу үшін дәрілік заттармен қамтамасыз ету. | Жыл бойы Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: 18 жасқа дейінгі балалар мен ересек адамдардың жекелеген санаттарын вакциналауды қамтуды 95 пайызға жеткізу; болжамды түрде 4 787 143 адамды вакциналау үшін вакциналар мен басқа да иммунобиологиялық препараттарды, 39 622 науқас үшін туберкулезге қарсы препараттарды және 208 183 жасөспірімдер мен балаларға химиялық профилактика жүргізуге; 32 568 инсулинге тәуелді диабетпен ауыратындарға диабетке қарсы препараттарды; 13 429 онкологиялық науқастар үшін химиялық препараттарды, Қарағанды қаласының облыстық балалар клиникалық ауруханасының онкогематологиялық бөлімшесінде ем алатын 15 лейкемиямен ауыратын балаға химияпрепараттар, Оңтүстік Қазақстан облысында шамамен 100 адам үшін АИТВ жұқтырған сырқаттар және ЖҚТБ-мен ауыратын сырқаттарға дәрілік заттар сатып алуға ағымдағы нысаналы трансферттер аудару.
Түпкілікті нәтиже: вакцинамен басқарылатын ауруларды азайту, туберкулезбен, диабетпен, асқынуларын, мүгедектігі мен қайтыс болуын азайту; онкологиялық аурулармен ауыратындардың өмірін ұзарту және Қарағанды қаласының облыстық балалар клиникалық ауруханасының онкогематологиялық бөлімшесіндегі ем алатын лейкемиямен ауыратын сырқат балалардың, Оңтүстік Қазақстан облысындағы АИТВ жұқтырған балалар және ЖҚТБ-мен ауыратын балалардың өмір сүруін ұзарту.
Қаржы-экономикалық нәтиже: вакциналар мен басқа да иммунобиологиялық препараттарды сатып алуға жұмсалатын орташа шығыстар 1 вакцина жасауға - 0,26 мың теңгені; 1 науқасты емдеуге арналған дәрілік препараттарды сатып алуға жұмсалатын орташа шығыстар: туберкулезге қарсы - 33,0 мың теңгені; химиялық профилактика жүргізуге - 0,13 мың теңге; инсулинге - 56,5 мың теңге; химиялық препараттарға - 224,7 мың теңгені Қарағанды қаласының облыстық балалар клиникалық ауруханасының онкогематологиялық бөлімшесінде ем алатын лейкемиямен ауыратын балалар үшін химияпрепараттарға - 704,3 мың теңгені, АИТВ жұқтырған сырқаттар және ЖҚТБ-мен ауыратын сырқаттарды емдеу үшін вирусқа қарсы препараттар - 1 154,1 мың теңгені құрайды.
Сапасы: негізделген шағымдардың болмауы.
Ескерту: *) республикалық бюджеттің трансферттерін игеру шеңберінде күтілетін нәтижелерді сипаттайтын іске асыру, сандық және сапалық көрсеткіштер жөніндегі іс-шаралардың тізбесі тиісті жергілікті бюджеттік бағдарламаның паспортында көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
284-ҚОСЫМША
226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Алматы облысының облыстық бюджетіне және Алматы қаласының бюджетіне денсаулық сақтау объектілерінің сейсмотұрақтылығын күшейту үшін берілетін нысаналы даму трансферттері»
деген 032 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1400000 мың теңге (бір миллиард төрт жүз миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі:«2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 6 желтоқсандағы Заңының 17-бабы; «Алматы қаласын дамытудың 2003-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2006-2008 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 желтоқсандағы № 1200 Қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Алматы облысы мен Алматы қаласы денсаулық сақтау объектілерінің сейсмикалық орнықтылығын қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Алматы облысы мен Алматы қаласының жекелеген денсаулық сақтау объектілерін сейсмикалық нығайту.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 032 | | Алматы облысының облыстық бюджетіне және Алматы қаласының бюджетіне денсаулық сақтау объектілерінің сейсмотұрақтылығын күшейту үшін берілетін нысаналы даму трансферттері | «2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1223 қаулысына 3- қосымшаға сәйкес тізбе бойынша және сомалар шегінде денсаулық сақтау объектілерін сейсмикалық нығайту үшін Алматы облысының бюджетіне және Алматы қаласының бюджетіне нысаналы даму трансферттерін аудару. Денсаулық сақтау объектілерін сейсмикалық нығайтуды жүргізу | Қаңтар- желтоқсан Қаңтар- желтоқсан | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Алматы облысының және Алматы қаласының әкімдері |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Алматы облысы мен Алматы қаласының денсаулық сақтау объектілерін сейсмикалық нығайтуды жүргізу.
Түпкілікті нәтиже: Алматы облысы мен Алматы қаласының денсаулық сақтау объектілерін сейсмикалық нығайтуды арттыру.
Уақтылылығы: қызметтерді берушілермен жасалған шарттарға сәйкес сейсмикалық нығайту көлемді орындау.
Сапа: ҚР СЕмН сәйкес денсаулық сақтау объектілерін сейсмикалық нығайту.
Ескерту:
*) Объектілердің тізбесі «2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1223 қаулысына 3-қосымшаға сәйкес, сондай-ақ заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес іс-шаралар күтілетін нәтижелерді сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштер тиісті жергілікті бюджеттік бағдарламалардың паспорттарында көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
285-ҚОСЫМША
226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне денсаулық сақтаудың медициналық, ұйымдарын жергілікті деңгейде материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» деген 038 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 16519387 мың теңге (он алты миллиард бес жүз он тоғыз миллион үш жүз сексен жеті мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңының 8 , 9-баптары; «Азаматтардың денсаулығын сақтау туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 5 , 7-баптары; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулық жағдайын жақсарту жөніндегі бірінші кезекті шаралар туралы» 1998 жылғы 18 мамырдағы № 3956 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1438 Жарлығы, «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 қазандағы № 1050 қаулысы, «Қазақстан Республикасында кардиологиялық және кардиохирургиялық қызметті дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 13 ақпандағы № 102 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: сапалы медициналық көмек көрсету үшін жағдай жасау мақсатында денсаулық сақтаудың инфрақұрылымын дамыту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: жергілікті деңгейде медициналық ұйымдарды материалдық-техникалық жабдықтау.