қазақстандық кадрлардың міндеттi оқу бағдарламаларын iске асыру және біліктілігiн арттыру жағдайына қарай жыл сайын саны азаюға тиiс, әр санат бойынша шетелдiк персоналмен арақатысының жеке проценттiк ұмтылу құрамы көрсетiле отырып, персонал санаттары бойынша бөлiнетiн келісім-шартты орындау кезiнде жұмыс iстеген қазақстандық кадрлардың;
тiкелей сондай-ақ қосалқы мердiгерлiк шарттар жасасу арқылы сатып алынатын, Қазақстаннан шыққан тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердiң проценттiк қамтылуы түсінiледi.
Бұл ретте Қазақстанда шығарылған деп тауарларды, жұмыстарды, қызметтер көрсетудi тікелей Қазақстан Республикасының аумағында өндiру (орындау) танылады;
8) экскурсиялар мен саяхаттарға арналған жолдамалардың құнына ақы төлеуге байланысты;
9) кредит (заем) және заем қаражаттарын пайдалану үшін сыйақыларды төлеу, сондай-ақ заем қаражатын тартуға және пайдалануға байланысты комиссиялық төлемдер және басқа да шығыстар;
10) технологиялар мен техника қауiпсіздігінің сақталмауы нәтижесінде жер қойнауын пайдаланушының кінәсінен жол берiлген авариялар салдарынан келтірілген залалдар;
11) әлеуметтік жобалар бойынша шығындар;
12) қызметкерлердi epiкті сақтандыру бойынша шығыстар;
13) coт талқылауларына байланысты шеккен шығындар;
14) жер қойнауын пайдаланушыдан мемлекеттік органдар алатын айыппұлдар мен өсімпұлдар;
15) қызметкерлердің Қазақстан Республикасының заңдарында көзделмеген жеке тұтынуына арналған шығыстарды төлеуге байланысты шығындар;
16) жер қойнауын пайдаланғаны үшін тіркелген бiржолғы төлемдеp немесе коммерциялық табу бонустары;
17) төленген салықтар және бюджетке төленетін міндетті төлемдер;
18) 13.12.04 ж. № 11-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) алып тасталды (бұр. ред. қара)
19) келісім-шарт бойынша қызметке тікелей қатысы жоқ басқа да шығындар жатады.
ҚР 29.11.03 ж. № 500-II Заңымен 313-2-баппен толықтырылды
313-2-бап. Жер қойнауын пайдаланушының шығындарын өтеу тәртібі
1. Жер қойнауын пайдаланушының шығындарын өтеу өнiмде бөлу туралы келісiм-шартта белгіленген ерекшелiктер ескеріле отырып, осы бапта айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.
2. Жер қойнауын пайдаланушыға шығындарды өтеу пайдалы қазбаларды сынамалық пайдалану және (немесе) коммерциялық мақсатта өндiру (бұдан әрi - коммерциялық өндiру) басталған кезден бастап өтемдiк өнiмнің шекті үлесiнен аспайтын мөлшерде жүзеге асырылады. Бұл ретте өз қажеттерi үшін өндіруге жатпайтын пайдалы қазбалар өндіру коммерциялық өндіру болып табылады.
3. Өтемдік өнімнiң шектi үлесі қазылатын кен орнының экономикалық құндылығы ескеріле отырып, өнімді бөлу туралы әрбір келісім-шарт бойынша жеке белгіленедi және олар:
жобаның өзін-өзi өтеуіне жеткенге дейінгі кезеңде - салық кезеңi ішінде жер қойнауын пайдаланушы өндірген пайдалы қазбалардың жалпы көлемiнiң жетпiс бес процентiнен аспауға;
кейінгі кезеңдерде - елу процентiнен аспауға тиіс.
4. Әрбiр кен орны бойынша шығындарды өтеу келісім-шарт аумағында өндірілген барлық өтемдік өнiм есебiнен жүзеге асырылады.
5. Салық кезеңiнің аяғында өтелмеген, өтелетiн шығындардың қалдығы:
салық кезеңiнің басында жер қойнауын пайдаланушыға өтелмеген, өтелетін шығындар,
қосу
салық кезеңі ішінде жер қойнауын пайдаланушы жүргізген өтелетiн шығындар,
алу
салық кезеңінде жер қойнауын пайдаланушыға өтелген, өтелетін шығындар ретінде айқындалады.
6. Егер салық кезеңінiң басында өтелетін шығындардың және көрсетілген салық кезеңінде шеккен өтелетін шығындардың қалдықтары сомасына тең өтемдік өнімнің мөлшері өнімді бөлу туралы келісім-шартта белгiленген өтемдік өнімнің тиісті шекті үлесінен аз болса, онда көрсетілген кезеңде өтелетін шығындардың қалдығы толық көлемде өтеледі.
13.12.04 ж. № 11-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) 313-3-баппен толықтырылды
313-3-бап. Өтемдiк және пайда түсiретiн өнiм есебi
1. Жер қойнауын пайдаланушы өтемдiк және пайдалы өнiм есебiн ұлттық валютамен және осы Кодексте белгiленген салық есебi ережелерiне сәйкес осы баптың ережелерiн ескере отырып жүргiзедi.
2. Жер қойнауын пайдаланушы өтемдiк өнiм есебiн жүргiзудi бiр шығынның өтемдiк өнiмде екi рет көрсетiлуiн болдырмайтындай түрде қамтамасыз етуге тиiс.
13.12.04 ж. № 11-III ҚР Заңымен 313-4-баппен толықтырылды
313-4-бап. Өндiрiлген өнiм құнын есептеу
1. Өндiрiлген өнiм құны бөлу нүктесiнде белгiленедi және әрбiр есептiк кезең үшiн өндiрiлген өнiмнiң бөлу нүктесiнде өлшенген және тоннамен көрсетiлген көлемiнiң осындай есептілік кезеңi iшiнде бөлу нүктесiнде өткізудiң орташа бағасына көбейтiндiсi ретiнде айқындалады. Өнiмдi бөлу нүктесi жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шартта айқындалады.
2. Өнiмдi өткізудiң орташа бағасы аталған өнiмдi өткізумен байланысты және осы Кодекстiң 313-1-бабының 5) тармақшасына сәйкес есептілік кезеңде өтелетiн шығыстарға қосылмаған шығыстар алынған есептілік кезеңде жанама салықтар ескерiлмей, өнiмдi өткізуден түскен табыстың есептілік кезеңде өткiзiлген өнiмнiң тиiстi жалпы көлемiне бөлiнген жалпы сомасын бiлдiредi.
3. Есептілік кезеңде өнiмдi өткізу толығымен болмаған кезде өнiм соңғы өткiзiлген есептілік кезеңдегi өнiмдi өткізудiң орташа бағасы кейiннен түзетiле отырып, өнiмдi өткізудiң орташа бағасы ретiнде алынады.
4. Өндiрiлген өнiм құны Қазақстан Республикасының трансферттiк бағаларды қолдану кезіндегі мемлекеттік бақылау жөніндегі заңдарына сәйкес түзетуге жатқызылуы мүмкiн.
Өндiрiлген өнiм құнын түзету осы Кодекстiң 312-1-бабының 3-тармағында айқындалған триггерлер мәнiнiң өзгеруiне алып келген жағдайда Қазақстан Республикасының өнiмдi бөлу бойынша үлесiнiң және қызметiн өнiмдi бөлу туралы келісім-шарт бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемiнiң мөлшерi де түзетiлуi тиiс.
ҚР 23.11.02 ж. № 358-II Заңымен 314-бап өзгертілді
314-бап. 29.11.03 ж. № 500-II ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
ҚР 29.11.03 ж. № 500-II Заңымен 314-1-баппен толықтырылды
314-1-бап. Салық кезеңi
Өнiмдi бөлу бойынша Қазақстан Республикасы үлесiнiң төлемдерi бойынша салық кезеңi күнтiзбелiк ай болып табылады.
ҚР 29.11.03 ж. № 500-II Заңымен 314-2-баппен толықтырылды ; 2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 314-2 -бап өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
314-2-бап. Өнiмдi бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесiн төлеу мерзiмi
Өнiмдi бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесi салық кезеңiнен кейiнгi айдың 20-сынан кешiктiрiлмей төленедi.
ҚР 29.11.03 ж. № 500-II Заңымен 314-3-баппен толықтырылды ; 2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 314-3 -бап өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
314-3-бап. Салық декларациясы
Өнiмдi бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесi жөніндегі декларацияны жер қойнауын пайдаланушы тiркелген жерi бойынша салық органына салық кезеңiнен кейiнгi айдың 20-сынан кешiктiрмей табыс етедi.
13.12.04 ж. № 11-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) 49-1-тараумен толықтырылды
49-1-тарау. Қызметiн өнiмдi бөлу туралы келісім-шарт
бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын
пайдаланушының қосымша төлемi
314-4-бап. Төлеушiлер
Өнiмдi бөлу туралы келісім-шарт жасасқан жер қойнауын пайдаланушылар қызметiн өнiмдi бөлу туралы келісім-шарт бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемiн төлеушiлер болып табылады.
2005.22.11 № 89-III ҚР Заңымен 314-5- бап өзгертілді (2006.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
314-5-бап. Қызметiн өнiмдi бөлу туралы келісім-шарт бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемiн есептеу тәртібі
1. Өнімді бөлу туралы келісім-шартты орындау кезінде мемлекет түсімдерінің үлесі әрбір салық кезеңінде өндіру басталған кезден салынған инвестициялар қайтарылған кезге дейін өнімді бөлу туралы келісім-шартта белгіленген мәннің бес процентінен он процентіне дейінгіден кем болмауға және жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңінде, келесі кезеңдерде алған өнім көлемінің қырық процентінен кем болмауға тиіс.
2. Осы баптың мақсаттары үшін мемлекет түсімдерінің үлесі жер қойнауын пайдаланушының салық кезеңі ішіндегі өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесі, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер болып табылатын, орындалған салықтық міндеттемелерін білдіреді.
Мемлекет түсімдерінің үлесі қосылған құн салығын және жер қойнауын пайдаланушы оларға қатысты салық агенті ретінде әрекет ететін салықтарды қамтымайды.
3. Егер қайсыбiр салық кезеңiнiң қорытындылары бойынша түсiмдер сомасы осы баптың 1-тармағында көрсетiлген мәннен кем болып шықса, тиiстi айырманы жер қойнауын пайдаланушы бюджетке Қазақстан Республикасы үлесiнiң шотына осы Кодекстiң 127-бабының 4-тармағында белгiленген мерзiмдерде төлейдi.
314-6-бап. Салық кезеңi
Күнтiзбелiк жыл қызметiн өнiмдi бөлу туралы келісім-шарт бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемi жөніндегі салық кезеңi болып табылады.
314-7-бап. Қызметiн өнiмдi бөлу туралы келісім-шарт бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемдi төлеу мерзiмi
Қызметiн өнiмдi бөлу туралы келісім-шарт бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемi декларацияны табыс ету мерзiмi басталғаннан кейiн он бес күннен кешіктiрiлмей төленедi.
314-8-бап. Салық декларациясы
Қызметiн өнiмдi бөлу туралы келісім-шарт бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемi жөніндегі декларацияны жер қойнауын пайдаланушы тiркелген жерi бойынша салық органына осы Кодекстiң 137-бабында безенген мерзiмде табыс етедi.
11-бөлім. Әлеуметтік салық
50-тарау. Жалпы ережелер
23.11.02 ж. № 358-II; 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 315-бап өзгертілді
315-бап. Төлеушiлер
1. Мыналар:
1) бюджетпен есеп айырысуды бiржолғы талон негiзiнде жүзеге асыратындарды қоспағанда, жеке кәсiпкерлер;
2) жеке нотариустар, адвокаттар;
3) егер осы баптың 2-тармағында өзгеше белгiленбесе, Қазақстан Республикасының резидентi - заңды тұлғалар;
4) Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекемелер, филиалдар мен өкiлдiктер арқылы жүзеге асыратын резидент еместер әлеуметтiк салық төлеушiлер болып табылады.
2. Резидент заңды тұлғаның шешiмi бойынша оның құрылымдық бөлiмшелерi әлеуметтiк салық төлеушiлер ретiнде қарастырылуы мүмкiн.
ҚР 04.07.03 ж. № 475-II (бұр. ред. қара); 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (бұр. ред. қара) ; 2005.22.11 № 89-III (2006.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) Заңдарымен 316-бап өзгертілді
316-бап. Салық салу объектiсi
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) ; 2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 1 тармақ өзгертілді
1. 315-баптың 1-тармағының 3) және 4) тармақшаларында және 2-тармағында көрсетiлген төлеушiлер үшiн салық салу объектiсi жұмыс берушiнің осы Кодекстiң 149-бабының 2-тармағында, 153-1-бабында анықталған табыстар түрiнде резидент қызметкерлерге, осы Кодекстiң 178-бабының 14)-17) тармақшаларында анықталған табыстар түрiнде резидент емес қызметкерлерге төленетiн шығыстары, сондай-ақ осы Кодекстiң 177-бабының 6-1-тармағында көрсетiлген шетелдiк персоналдың табыстары және осы Кодекстiң 144-бабының 1), 3), 6), 8), 10), 11), 14)-17), 22-1), 23), 25)-29), 31)-34), 39) тармақшаларында белгiленген төлемдердi қоспағанда, сондай-ақ мыналар қосылмайды:
1) мемлекеттер, мемлекеттердiң үкiметтерi және халықаралық ұйымдар желiлерi арқылы берiлетiн гранттар қаражаты есебiнен жасалатын төлемдер;
2) Қазақстан Республикасының Президентi, Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлейтiн мемлекеттік сыйлықақылар, стипендиялар;
3) спорт жарыстарында, байқауларда, конкурстарда жүлделi орындар үшiн белгiленетiн ақшалай наградалар;
2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) ұйым таратылған немесе жұмыс берушiнiң қызметi тоқтатылған, қызметкерлердiң штат саны қысқартылған немесе қызметкер әскери қызметке шақырылған жағдайларда еңбек шарты бұзылған кезде Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген мөлшерлерде төленетiн өтемдер;
5) пайдаланылмаған еңбек демалысы үшiн жұмыс берушiнiң қызметкерлерге төлейтiн өтемдерi;
6) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жинақтаушы зейнетақы қорларына қызметкерлердiң мiндеттi зейнетақы жарналары.
7) 13.12.04 ж. № 11-III ҚР Заңымен алып тасталды
2. Осы Кодекстiң 315-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында аталған төлеушiлер үшiн, төлеушiлердiң өздерiн қоса алғанда, қызметкерлер саны әлеуметтiк салық салу объектiсi болып табылады.
3. Егер төлемдер грант алушымен не грант мақсаттарын (мiндеттерiн) жүзеге асыру үшiн грант алушы тағайындаған орындаушымен жасалған шартқа (келісім-шартқа) сәйкес жүргiзiлсе, осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасының ережелерi қолданылады.
23.11.02 ж. № 358-II; 04.07.03 ж. № 475-II (бұр. ред. қара); 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 317-бап өзгертілді
2006.07.07. № 177-III өзгерістерді қара (2008.01.01. бастап қолданысқа енгізіледі)
317-бап. Салық ставкалары
1. Егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары, сондай-ақ қызметiн Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме филиалдар мен өкiлдiктерi арқылы жүзеге асыратын резидент еместер мынадай ставка бойынша әлеуметтiк салық төлейдi:
Қызметкердiң салық салынатын табысы | Ставкасы |
15 еселенген жылдық есептiк көрсеткiшке дейiн 15-тен 40 еселенген жылдық есептiк көрсеткiшке дейiн 40-тан 200 еселенген жылдық есептiк көрсеткiшке дейiн 200-ден 600 еселенген жылдық есептiк көрсеткiшке дейiн 600 еселенген жылдық есептiк көрсеткiштен бастап және одан жоғары | салық салынатын табыс сомасынан 20 процент 15 еселенген жылдық есептiк көрсеткiштен салық сомасы + одан асатын сомадан 15 процент 40 еселенген жылдық есептiк көрсеткiштен салық сомасы + одан асатын сомадан 12 процент 200 еселенген жылдық есептiк көрсеткiштен салық сомасы + одан асатын сомадан 9 процент 600 еселенген жылдық есептiк көрсеткiштен салық сомасы + одан асатын сомадан 7 процент |
2. Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары, сондай-ақ қызметiн Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме филиалдар мен өкiлдiктерi арқылы жүзеге асыратын резидент еместер әкiмшiлiк-басқарушы, инженер-техник қызметкерлердiң шетелдiк мамандары үшiн мынадай ставка бойынша әлеуметтiк салық төлейдi:
Қызметкердiң салық салынатын табысы | Ставкасы |
40 еселенген жылдық есептiк көрсеткiшке дейiн 40-тан 200 еселенген жылдық есептiк көрсеткiшке дейiн 200-ден 600 еселенген жылдық есептiк көрсеткiшке дейiн 600 еселенген жылдық есептiк көрсеткiштен бастап және одан жоғары | салық салынатын табыс сомасынан 11 процент 40 еселенген жылдық есептiк көрсеткiштен салық сомасы + одан асатын сомадан 9 процент 200 еселенген жылдық есептiк көрсеткiштен салық сомасы + одан асатын сомадан 7 процент 600 еселенген жылдық есептiк көрсеткiштен салық сомасы + одан асатын сомадан 5 процент |
Қазақстан Республикасының Үкіметі шетелдiк азаматтарды тартуға белгiлейтiн квота шегiнде жұмыспен қамту мәселелерi жөніндегі уәкілеттi орган берген шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсатқа сәйкес Қазақстан Республикасына тартылған, жұмыс берушi еңбек қызметiн жүзеге асыру үшiн жалдаған шетелдiк азаматтар және азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ:
шетелдiк заңды тұлғалардың филиалдары мен өкiлдiктерiнiң бiрiншi басшылары;
Қазақстан Республикасының Үкіметімен ақшалай баламада елу миллион АҚШ долларынан жоғары инвестициялар сомасына келісім-шарттар жасасқан ұйымдардың бiрiншi басшылары және бас менеджерлерi;
қызметтiң басым түрлерiнде инвестициялық қызметтi жүзеге асыратын және инвестициялар жөніндегі уәкiлеттi органмен келісім-шарт жасасқан Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының бiрiншi басшылары;
қаржы ұйымдарының бiрiншi басшылары және бас менеджерлерi болып iстейтiн шетелдiк азаматтар және азаматтығы жоқ адамдар әкiмшілік-басқару, инженер-техник қызметкерлердің шетелдiк мамандары болып табылады.
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 3 тармақ өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3. Жеке кәсiпкерлер, арнаулы салық режимiн қолданатындарды қоспағанда, қызметтің жекелеген түрлері үшін арнаулы салық режимiнен басқа, жеке нотариустар, адвокаттар өзi үшiн үш айлық есептiк көрсеткiш және әрбiр қызметкер үшiн екi айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде әлеуметтiк салық төлейдi.
Осы Кодекстің 68-бабының 5-тармағына сәйкес осы тармақ салық төлеушілерге олар өз қызметін уақытша тоқтата тұрған кезеңде қолданылмайды.
4. Тiрек-қимыл мүшесi бұзылған, есту сөйлеу көру қабiлетiнен айрылған мүгедектер жұмыс iстейтiн мамандандырылған ұйымдар осы Кодекстiң 121-бабы 2-тармағының ережелерiне сәйкес 6,5 процент ставка бойынша әлеуметтiк салық төлейдi.
5. Арнаулы салық режимдерiн қолданатын жеке кәсiпкерлер мен заңды тұлғалар үшiн әлеуметтiк салық ставкалары осы Кодекстiң 374-384-баптарында белгiленген.
51-тарау. Салықты есептеу және төлеу тәртібі
04.07.03 ж. № 475-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2005.22.11 № 89-III (2006.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 318-бап өзгертілді
2006.07.07. № 177-III өзгерістерді қара (2008.01.01. бастап қолданысқа енгізіледі)
318-бап. Әлеуметтiк салықты есептеу тәртібі
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, әлеуметтік салықты есептеу осы Кодекстің 317-бабының 1, 2 және 4-тармақтарында белгіленген ставкаларды осы Кодекстің 316-бабына сәйкес айқындалған салық жылы ішіндегі әлеуметтік салық салу объектісіне және Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамалық актісіне сәйкес есептелген Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына түсетін әлеуметтік аударымдар сомасына кеміту арқылы жүргізіледі.
Әлеуметтiк салықты есептеу уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлеген тәртiппен ай сайын өсу қорытындысы бойынша жүргiзiледi.
Жұмыс орнын ауыстырған кезде жеке тұлға бұрынғы жұмыс орнынан аталған жеке тұлғаға кірістер төлеуге төлеушінің шығыстар сомасы туралы және осы шығыстардан төленген салық сомасы туралы есепті жаңа жұмыс орнына табыс етуге тиіс.
1-1. Қызметтiң жекелеген түрлерi үшiн арнаулы салық режимiнен басқа арнаулы салық режимiн қолданатындарды қоспағанда, жеке кәсiпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар осы Кодекстiң 317-бабының 3-тармағында белгiленген ставкаларды қолдану арқылы есептелген әлеуметтiк салық сомасын Қазақстан Республикасының мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заң актiсiне сәйкес есептелген Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорына түсетiн әлеуметтiк аударымдар сомасына азайтады.
2. Арнаулы салық режимдерiн қолданушы заңды тұлғалар мен жеке кәсiпкерлер әлеуметтiк салықты есептеудi осы Кодекстiң 374-390-баптарында белгiленген тәртiппен жүргiзедi.
319-бап. Әлеуметтiк салықты төлеу
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Егер осы Кодексте өзгеше белгiленбесе, әлеуметтiк салықты төлеу салық төлеушiнiң тiркеу есебiне алынған жерi бойынша есептi айдан кейiнгi айдың 20-сынан кешiктiрiлмей жүргiзiледi.
2. Құрылымдық бөлiмшелерi бар әлеуметтiк салық төлеушiлер әлеуметтiк салық төлеудi осы Кодекстiң 321-бабында белгiленген тәртiппен жүзеге асырады.
3. Арнаулы салық режимдерiн қолданушы заңды тұлғалар мен жеке кәсiпкерлер әлеуметтiк салық төлеудi осы Кодекстiң 374-390-баптарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырады.
320-бап. Мемлекеттік мекемелердiң әлеуметтiк салықты төлеу
ерекшелiктерi
1. Мемлекеттік мекемелердiң есептi айға есептелген әлеуметтiк салық сомасы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, жүктілігi мен босануына, жұмысқа уақытша жарамсыздығына байланысты берiлетiн әлеуметтiк жәрдемақылар, ұл бала немесе қыз бала асырап алған әйелдерге (еркектерге) төленген әлеуметтiк жәрдемақылар сомасына кемiтiледi.
2. Осы баптың 1-тармағында аталған әлеуметтiк жәрдемақылардың төленген сомасы есептi айда есептелген әлеуметтiк салық сомасынан асып кеткен жағдайда, асып кеткен сома келесi айға ауыстырылады.
ҚР 23.11.02 ж. № 358-II; 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 321-бап өзгертілді
321-бап. Құрылымдық бөлiмшелер бойынша салықты есептеу және төлеу тәртібі
1. Құрылымдық бөлiмшелер бойынша төленуге тиiс әлеуметтiк салық сомасы осы құрылымдық бөлiмше қызметкерлерiнiң табыстары бойынша есептелген әлеуметтiк салық негiзге алына отырып есептеледi.
2. Төлеушілер құрылымдық бөлімшелер үшін өздерiнiң орналасқан жерi бойынша тиісті бюджеттерге әлеуметтік салық төлеуді жүзеге асырады.
52-тарау. Салық декларациясы
ҚР 23.11.02 ж. № 358-II; 04.07.03 ж. № 475-II (бұр. ред. қара) Заңымен 322-бап өзгертілді
322-бап. Әлеуметтiк салық жөніндегі декларация және құрылымдық бөлiмшелер бойынша әлеуметтiк салық есеп-қисабы
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Әлеуметтiк салық жөніндегі декларация салық органдарына есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 20-сынан кешiктiрiлмей тоқсан сайын тапсырылып отырады.
2. Арнаулы салық режимiн қолданатын заңды тұлғалар мен жеке кәсiпкерлер әлеуметтiк салық жөніндегі декларацияны осы Кодекстiң 374-390-баптарында белгiленген тәртiппен тапсырады.
3. Құрылымдық бөлімшелері бар төлеушілер әлеуметтік салық бойынша декларацияны беру мерзімінен кешіктірмей өзінің тіркелген жеріндегі салық органдарына құрылымдық бөлімшелер бойынша әлеуметтік салық есеп-қисабын тапсырады. Құрылымдық бөлімшелер бойынша әлеуметтік салық есеп-қисабының тиісті қосымшалары есеп-қисапты беру үшін белгіленген мерзім күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде уәкілетті орган белгілеген тәртіппен салық органдарына беріледі.