Өрісті иіндеу негізінен көлденең болуы қажет. Ұшақтың жанама кіндіктемесіне қарай бағытта көлденең құраушыға қатысты антенна өрісі тік құраушысының әлсіреуі кем дегенде 10 дБ болуға тиіс.
Ескерту. VOR бұрыш өлшегіш жүйесінің навигациялық антеннасын радиотехникалық жабдықтың курстық антеннасы ретінде ұшақта қолданған кезде бұл антенна талаптарына да жауап беруі қажет.
1212. DME радиоқашық өлшегіш АФҚ құрылғыларына қойылатын талаптар.
АФҚ жұмыс жиіліктерінің диапазоны 962-1215 МГц құрауы қажет. Өрісті иіндеу негізінен тік болуы қажет.
АФҚ-ға кірердегі кернеу бойынша тұратын толқынның коэффициенті (КТТК) 2-ден аспауға тиіс.
Жауап қатушы қолданысының 75% қашықтыққа радиомаяктан көрінетін, белгіленген АФҚ көріну аймағының нөлдік жантаюмен ұшу кезінде көлденең жазықтықта жоқ болып кетуіне жол берілмеуі қажет.
Антенна мен радиоқашық өлшегіш арасындағы фидердегі басылу 5 дБ-ден аспауы қажет.
1213. Жолдық жылдамдық пен ығу бұрышының доплерлік өлшегіш АФҚ құрылғыларына қойылатын талаптар.
АФҚ жұмыс жиіліктерінің диапазоны 13325±+75 МГц құрауы қажет.
Жолдық жылдамдық пен ығу бұрышының доплерліқ өлшегішінің жұмысын 8.3.4.6-ның талаптарына сай қамтамасыз ету үшін АФҚ құрылғысын фюзеляждың төменгі бөлігіне:
ұшақтың кез келген сигнал қабылдаушы және таратушы антенналары сәулелерінің жұмыс аймағында ұшақ конструкциясының шығыңқы элементтері болмайтындай етіп;
АФҚ-ға тікелей жақын жерде жабылмаған қозғалыстағы детальдары бар агрегаттар болмайтындай етіп;
ұшақ конструкциясына кіретін диэлектрлі ағынпазы болған жағдайда сигнал таратушы және қабылдаушы антенналары арасында қажетті тарамды қамтамасыз ететіндей етіп орнату қажет.
1214. Метеонавигациялық радиолокатордың АФҚ құрылғыларына қойылатын талаптар.
АФҚ жұмыс жиіліктерінің диапазоны 9345+30 МГц құрауы қажет.
Метеонавигациялық радиолокатордың жұмысын талаптарға сай қамтамасыз ету үшін антеннаны берілген секторға шолу жасауды қамтамасыз ететіндей етіп орнату қажет.
1215. Қашық навигация жабдығының АФҚ құрылғыларына қойылатын талаптар.
Қашық навигация жабдығының жұмысын 8.3.4.8-дің талаптарына сай қамтамасыз ету үшін антеннаның қолданыстағы биіктігі 0,3 м, сыйымдылық кем дегенде 100 пФ және паразиттік сыйымдылық кем дегенде 10 пФ болуы қажет.
179. Радиобайланыс жабдығы
1216. Осы бөлімнің талаптары мынадай радиобайланыс жабдықтарының түрлеріне таралады:
МВ диапазонындағы радиостансаларға;
КБ диапазонындағы радиостансаларға;
КБ диапазонындағы радиостансаларға;
антенна-фидер құрылғыларына (АФҚ);
экипаж мүшелерінің авиагарнитураларына;
авиациялық ішкі байланыс аппаратурасына (АІБА);
ерекше жағдайлар туралы тілдік ақпарат аппаратурасына;
МВ диапазонындағы авариялық-құтқару радиостансалары мен радиомаяктарына;
КВ диапазонындағы авариялық-құтқару радиостансаларына.
1217. Радиобайланыс жабдығы мынадай міндеттерді:
ұшақтың ұшып шығуы немесе қонуы көзделіп отырған әрбір аэродромның диспетчерлік қызметімен тікелей радио көріну қашықтық шегінде және ұшақ тұрған диспетчерлік аймақта екі жақты байланысты;
кез келген ұшу сәтінде жер бетіндегі авиациялық радиостансаның ең аз дегенде бірімен екі жақты байланысты;
ұшу трассалары бойынша метеорологиялық немесе диспетчерлік қызметтер арқылы берілетін метеорологиялық мәліметтердің немесе арнайы хабарламалардың кез келген ұшу сәтінде қабылдануын;
кез келген ұшу сәтінде экипаждың барлық мүшелері арасында жедел байланысты;
ұшу барысында жолаушыларды құлақтандыруды;
ұшақта тілдік ақпарат аппаратурасын орнатқан кезде ерекше жағдай туралы тілдік ақпаратты;
ұшақ аэродромнан тыс жерде қонған кезде байланысты немесе іздестіру-құтқару құралдары жетуі үшін сигнал беруді қамтамасыз етуі қажет.
1218. Радиобайланыс жабдығы (КВ және СВ диапазонындағы радиостансалардың АФҚ құрылғыларын қоспағанда) оған таралатын 167-тармақтың талаптарына сай болуы қажет.
Ескерту. КВ және СВ диапазонындағы радиостансалардың АФҚ құрылғылары ұшақпен бірге куәландырылады.
1219. Мынадай радиобайланыс жабдықтарының түрлері:
ішкі байланыс аппаратурасының;
ерекше жағдай туралы тілдік ақпарат аппаратурасының;
МВ диапазонындағы екі радиостансаның бірінің электр қоректендірудің апаттық көздерінен жұмыс істеуі көзделуі қажет.
180. Радиобайланыс жабдығының құрамы
1220. Радиобайланыс жабдығының құрамы күтіліп отырған пайдалану жағдайларына байланысты айқындалады.
Барлық ұшу уақыты аралығында МВ диапазонындағы радиостансалармен байланысты (80%-дық тиімді авиакөкжиек үшін белгіленген МВ өрісіндегі үзілістер 5 минуттан аспайды) қамтамасыз ететін трассалық ұшу сапарларын жасайтын ұшақтарда:
МВ диапазонындағы екі радиостанса;
ішкі байланыс аппаратурасы;
экипаж мүшелерінің авиагарнитуралары;
бір МВ диапазонындағы апаттық-құтқару радиостансасы немесе радиомаяк орнатылады.
Жетуге қиын әрі халық аз қоныстанған аймақтардың және үлкен су кеңістіктерінің үстімен ұшу сапарларын жасайтын ұшақтарда:
МВ диапазонындағы екі радиостанса;
ішкі байланыс аппаратурасы;
экипаж мүшелерінің авиагарнитуралары;
екі МВ диапазонындағы авариялық-құтқару радиостансасы немесе екі (немесе МВ диапазонындағы бір радиостанса және бір радиомаяк) радиомаяк;
бір КВ диапазонындағы авариялық-құтқару радиостансасы орнатылады.
МВ диапазонындағы байланыс толық қамтамасыз етілмейтін трассалық ұшу сапарларын жасайтын ұшақтарда тиімді авиакөкжиектің 80%-ы үшін белгіленген МВ өрісіндегі үзілістер 5 минуттан асатын болса, КВ диапазонындағы бір радиостанса және 1 сағаттан асатын үзілістер кезінде жабдықтарға қосымша, КВ диапазонындағы екі радиостанса орнатылады.
Полярлық ендіктерде ұшуға арналған ұшақтарда 176-тармақта айтылған бойынша орнатылған КВ диапазонындағы радиостансалардың бірінің орнына СВ диапазонындағы бір радиостанса орнатылады.
1221. Радиобайланыс жабдықтарына тілдік ақпарат аппаратурасын қосымша осы үлгідегі ұшаққа арналған талаптарына сай ерекше жағдай туралы тілдік ақпарат аппаратурасы қажет болатын болса, орнату қажет.
181. Радиобайланыс жабдығына қойылатын талаптар
1222. МВ диапазонындағы радиостансалар.
МВ диапазонындағы радиостансалар тікелей экипаж бен ӘҚБ диспетчерлік қызметі арасында телефон режиміндегі жедел байланысты қолданыс қашықтығы шегінде қамтамасыз етуі қажет.
Аэродром бойынша қозғалған кезде және аэродром аймағында ұшқан кезде борттық радиостансалардың жер бетіндегі радиостансалармен екі жақты байланысының сапасы бес балдық шкала бойынша төрт балдан нашар болмауы қажет.
Ұшақтың көлденең қалыптағы жағдайында курстық бұрыштары 0о+30 жәнее 180о+30о болғанда екі жақты радиобайланыс қашықтығы крейсерлік ұшу биіктігінде байланыс сапасы бес балдық шкала бойынша үш баллдан нашар болмаған жағдайда тиімді авиакөкжиектің кем дегенде 80%-ы болуы қажет.
Ескерту. Тиімді авиакөкжиектің көрсеткіші төмендегі формула бойынша есептеледі:
Д=4,12(\/H1+\/H2)]
Мұнда Д- км-де алынған рефракцияның стандартты коэффициенті кезіндегі тиімді радиокөкжиек;
H1 - метрде алынған жер бетіндегі радиомаяктың орнатылу биіктігі;
H2 - метрде алынған ұшақтың ұшу биіктігі.
1-кестеде осы формула бойынша есептелген 1000 м-ден 20000 м-ге дейін биіктіктерде ұшуға және жер бетіндегі 16 м антеннаның көтерілу биіктігіне арналған радиокөкжиек көрсеткішінен қашықтықтың тиісінше 100, 80, 65, 60% құрайтын көрсеткіштері келтіріліп отыр.
Ұшақтың көлденең қалыптағы жағдайында, курстық бұрыштардан басқа кез келген курстық бұрыштардағы екі жақты радиобайланыс қашықтығы байланыс сапасы бес баллдық шкала бойынша үш баллдан нашар болмаған жағдайда крейсерлік ұшу биіктігінде тиімді авиакөкжиектің кем дегенде 65%-ы болуы қажет.
Биіктікке жоғарылау және жерге төмендеу қалыпты режимінде, сондай-ақ крейсерлік ұшудағы ең жоғары жантаю кезінде екі жақты радиобайланыс қашықтығы крейсерлік ұшу биіктігінде байланыс сапасы бес баллдық шкала бойынша үш баллдан нашар болмаған жағдайда тиімді авиакөкжиектің кем дегенде 60%-ы болуы қажет.
22-сурет
Қашықтық көрсеткіштері (км) |
Ұшу биіктігі (м) | 100% Д | 80% Д | 65% Д | 60% Д |
1000 | 147 | 117 | 96 | 88 |
2000 | 201 | 161 | 131 | 121 |
3000 | 242 | 194 | 157 | 145 |
4000 | 277 | 222 | 180 | 166 |
5000 | 308 | 246 | 200 | 185 |
6000 | 336 | 269 | 219 | 202 |
7000 | 361 | 289 | 235 | 217 |
8000 | 385 | 308 | 250 | 231 |
9000 | 407 | 326 | 265 | 244 |
10000 | 428 | 343 | 278 | 257 |
11000 | 449 | 359 | 292 | 269 |
12000 | 468 | 374 | 304 | 281 |
13000 | 486 | 386 | 316 | 292 |
14000 | 504 | 403 | 327 | 302 |
15000 | 521 | 417 | 339 | 313 |
16000 | 538 | 430 | 350 | 323 |
17000 | 554 | 443 | 360 | 332 |
18000 | 569 | 455 | 370 | 341 |
19000 | 584 | 468 | 380 | 350 |
20000 | 599 | 479 | 389 | 359 |
Ескерту. Крейсерлік биіктігі 6000 метрден асатын ұшақтар үшін кем дегенде 6000 метрден төмен емес кез келген ұшу биіктігінде радиобайланыс қашықтығы бойынша орындауға жол беріледі.
1223. Егер МВ диапазонындағы радиостансалар арқылы ұшақ экипажы мен ӘҚБ қызметі (пункттері) арасында байланыс орнату мүмкін болмаған жағдайда, аталған байланысты КВ диапазонындағы радиостансалар қамтамасыз етуі қажет.
Радиобайланыс қашықтығы байланыс сапасы бес баллдық шкала бойынша үш баллдан нашар болмаған жағдайда ұшақтың ең қашық ұшу қашықтығының кем дегенде 60%-ы болуы қажет.
Ескерту. Байланыстың сенімділігі ұйымдастыру-техникалық іс-шаралар кешені (байланыс жиіліктерін болжау, жер бетіндегі орналасқан байланыс орталықтарын пайдалану) арқылы қамтамасыз етіледі.
1224. Егер полярлық ендіктерде МВ және КВ диапазонындағы радиостансалар арқылы ұшақ экипажы мен ӘҚБ қызметі арасында байланыс орнату мүмкін болмаған жағдайда, аталған байланысты СВ диапазонындағы радиостансалар қамтамасыз етуі қажет.
1225. Авиациялық ішкі байланыс аппаратурасы (АІБА) авиагарнитуралармен, микротелефон трубкаларымен және дауыс күшейткіштермен бірге барлық экипаж мүшелері арасында, оның ішінде бортсеріктермен (егер экипаждың құрамында бортсеріктер болса) ішкі телефон байланысын, борттық радиостансалар арқылы сыртқы екі жақты байланысқа шығуды, арнайы мақсаттағы сигналдарды қабылдауды, сөйлесуді жазу аппаратурасын қосуды, кез келген ұшу режимінде, оның ішінде ұшақты сүйреу кезінде және ұшақтың тұрағында ұшқыштар мен бортсеріктердің жұмыс орындарынан салондағы жолаушыларды құлақтандыруды қамтамасыз етуі қажет.
Жерде және барлық ұшу кезеңінде барлық экипаж мүшелері арасындағы ішкі байланыстың сапасы бес баллдық шкала бойынша төрт баллдан нашар болмауы қажет.
Жолаушыларды құлақтандыру байланысының сапасы барлық ұшу кезеңінде, оның ішінде ұшақты сүйреу кезінде және ұшақтың тұрағында бес баллдық шкала бойынша төрт баллдан нашар болмауы қажет.
1226. Экипаж мүшелерінің авиагарнитуралары.
Экипаж мүшелерінің авиагарнитуралары қоршаған акустикалық шуыл жағдайларында АІБА-мен және радиостансалармен бірге ішкі және сыртқы байланысты қамтамасыз етуі қажет.
1227. Авариялық-құтқару радиостансалары және радиомаяктары.
МВ диапазонындағы авариялық-құтқару радиостансалары және радиомаяктары авария орнына іздестіру-құтқару құралдарының жетуі үшін сигнал беруді қамтамасыз етуі қажет. МВ диапазонындағы авариялық-құтқару радиостансалары, сондай-ақ аварияға ұшыраған ұшақ экипажының мүшелері мен іздестіру-құтқару құралдары арасындағы радиобайланысты қамтамасыз етуі қажет.
КВ диапазонындағы авариялық-құтқару радиостансалары апат сигналын беруді және аварияға ұшыраған ұшақ экипажының мүшелері мен жер бетіндегі пункттер және іздестіру-құтқару құралдары арасындағы радиобайланысты қамтамасыз етуі қажет.
Авариялық-құтқару радиостансалары мен радиомаяктары шешуге жеңіл болуы тиіс және сонымен қатар авариялық эвакуация жағдайында шешуге ыңғайлы орындарда орнатылған болуы қажет.
1228. Ерекше жағдай туралы тілдік ақпарат аппаратурасы.
Ерекше жағдай туралы тілдік ақпарат аппаратурасы экипажға ақпарат тасымалдағышында алдын-ала жазылған стандарттық хабарламаларды беру арқылы автоматты түрде тілдік құлақтандыруды қамтамасыз ету қажет.
Тілдік ақпараттың айқындығы барлық ұшу кезеңдерінде (ішкі немесе сыртқы байланыстың басқа хабарламаларына бақылай отырып 8.9.4 талаптарын орындаған жағдайда ақпарат айқындығының нашарлануына жол беріледі) бес баллдық шкала бойынша төрт баллдан нашар болмауы қажет.
182. Радиотехникалық жабдықтардың антенна-фидер құрылғылары (АФҚ)
1229. Осы талаптар ұшақта орнатылған барлық радиотехникалық жабдықтардың АФҚ құрылғыларына, сондай-ақ антенналардың ағынпаздарына таралады.
1230. Антенна-фидер құрылғыларына қойылатын жалпы талаптар.
АФҚ конструкциясы күтіліп отырған пайдалану жағдайларына және олардың орналасу орнына сай келетін механикалық беріктікті қамтамасыз етуі қажет.
Жер бетінде ұшаққа қызмет көрсету барысында шығыңқы тұрған антенналар зақымданбас үшін ұшаққа антенналарды орнатқан кезде қажетті шаралар көзделген болуы қажет.
Ұшақ конструкциясының құрамына кіретін АФҚ диэлектрлі элементтері мен антенна ағынпаздары барлық күтіліп отырған пайдалану жағдайларында АФҚ жабдықтарына байланысты талап етілетін жұмыс істеу сапасын қамтамасыз ететіндей және АФҚ өлшемдері 167-тармақтың талаптарына сай болатындай етіп құрастырылып, дайындалып және орнатылған болуы қажет.
Антенна бекітілетін фланецтер мен ұшақ корпусының арасындағы ауыспалы кернеу 600 мкОм-нан аспауы тиіс. Қосымша қондырғы элементтері болған жағдайда антенна фланеці мен ұшақ корпусының арасындағы ауыспалы кернеудің жиынтық шамасы 2000 мкОм-нан аспауы тиіс.
Температура +35оС-тан және салыстырмалы ылғалдылығы 80%-дан аспаған жағдайда АФҚ изоляциясының кернеуі кем дегенде 20 МОм, ал барлық басқа күтіліп отырған пайдалану жағдайларында АФҚ-ның жұмыс кернеуі 0,4-тен аспаған жағдайда кем дегенде 1 МОм және АФҚ-ның жұмыс кернеуі 0,4-тен асқан жағдайда әрбір толық және толық емес киловольтқа кем дегенде 2 МОм болуы тиіс.
Антеннаны фидер трактысымен және аппаратурамен қосқанда олардың ұшақтағы конструкциясы мен орнатылған орны өлшеу приборларын ажыратып қосуға мүмкіндік жасалуын қамтамасыз етуі қажет.
Ағынпаздарды қоса алғандағы антенналардың конструкциясы мен орнатылған орны мұздану жағдайларында жұмыс істеген кезде оларға қосылған аппаратуралардың қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етуі қажет.
Антенналарды құрастырып орнатқан кезде оларды статикалық электр зарядтарынан қорғау бойынша қажетті шаралар көзделген болуы қажет.
Антенналарды құрастырып орнатқан кезде оларды найзағайдың түсуінен қорғау бойынша қажетті шаралар көзделген болуы қажет.
Антенна-фидер құрылғысы беруші және қабылдаушы АФҚ құрылғылары арасында қажетті тарамды қамтамасыз ететіндей құрастырылып, орнатылған болуы қажет. Жұмыс жиіліктеріндегі тарам:
МВ диапазонындағы радиостансаның АФҚ құрылғылары арасында кем дегенде 35 дБ болуы;
МВ диапазонындағы радиостансаның АФҚ құрылғылары мен қону радиотехникалық жабдығының курстық АФҚ құрылғылары (УОК бұрыш өлшегіш жүйесі радиотехникалық жабдығының АФҚ құрылғылары) арасында кем дегенде 35 дБ болуы ұсынылады.
1231. МВ диапазонындағы радиостансалардың АФҚ құрылғыларына қойылатын талаптар.
АФҚ-ға кірердегі кернеу бойынша тұратын толқынның коэффициенті (КТТК) 3,6-дан аспауға тиіс.
Ескерту. Егер байланыс қашықтығы мен сапасы қамтамасыз етілетін болса, КТТК-сы 5-тен аспайтын антенналарды қолдануға жол беріледі.
Антеннаны радиостансамен қосатын қуаттандыру фидерінің пайдалы әрекет ету коэффициенті (ПӘК) 0,5-тен кем болмауы қажет.
Ескерту. Егер байланыс қашықтығы мен сапасы қамтамасыз етілетін болса, қуаттандыру фидерінің пайдалы әрекет ету коэффициенті Нормаға алынбайды.
Көлденең жазықтықтықта өрістің тік құраушысының біркелкі таралмауы 12 дБ-ден аспауға тиіс.
1232. КБ және СВ диапазонындағы радиостансалардың АФҚ құрылғыларына қойылатын талаптар.
Антенналар мен антенналық үйлестіру құрылғылары (АФҚ) ұшу барысында да және жер бетінде де жиіліктердің барлық жұмыс диапазондарында радиостансаларды жұмыс бабына келтіруді қамтамасыз етуі қажет.
АФҚ антеннаға тікелей жақын жерде орнатылуы қажет. Антеннаның кіріс ұзындығы:
сыйымды үлгісіндегі антенналар үшін 1 метрден;
индуктивті үлгідегі антенналар үшін 0,25 метрден аспауы қажет.
Ескерту. Антеннаның кірісі деп ұшақтың металл қаптамасының астындағы АФҚ пен антенна қоздырғышын қосатын өткізгіштің бөлігін айтады.
Антенна кірісі конструкцияның металл бөліктерге жанасуын және ұшу процесі барысында кіріс изоляциясының бұзылуын болдырмау үшін мұқият қымталып, бекітілген болуы қажет.
Сигнал таратушы АФҚ құрылғыларының конструкция элементтері ұшақта орнатылған хабар таратқыштың жұмысын тәждеусіз және электр үзілістерінсіз қамтамасыз етуі қажет.
КВ және СВ байланыстары үшін талаптар ұшақтың пайдаланулық құжаттамасында баяндалған ұсынымдарды ескере отырып, радиостанса данасын және/немесе АФҚ элементтерін ауыстырған кезде орындалып жатқаны көрсетілу қажет.
183. Электр техникалық жабдықтар
1233. Осы бөлімнің талаптары толықтай ұшақтың электр техникалық жабдықтарына таралады.
1234. Бүкіл электрмен жабдықтау жүйесі, сондай-ақ оның агрегаттары, блоктары және элементтері оларға таралатын 148-тармақтың қосымшасының талаптарына сай болуы қажет.
1235. Электрмен жабдықтау жүйесі электрмен жабдықтау жүйесі істен шықпаған жағдайда, кез келген электрмен жабдықтау жүйесінің немесе жекелеген істен шығу және басқа бір ұшақ жүйесінде жекелеген істен шығу жағдайлары кезінде қалыпты жұмыс істеу үшін 148-баптың қосымшасының талаптарына сапасы сай болатын электр қуатымен бірінші және екінші санатты электр энергиясының қабылдағыштарын қамтамасыз ететіндей етіп жобаланып, дайындалып және құрастырылуы қажет. Егер қабылдағыштар жалғанған шинада немесе шинаны электр энергиясының қабылдағышымен жалғайтын қайталама тарату желісінің элементтерінде жекелеген істен шығу оқиғасы болған болса, қабылдағыштарды электр қуатынан ажыратуға жол беріледі.
1236. Электрмен жабдықтау жүйесі шектен шықпаған, авариялық жұмысқа сай болатын сипаттамалары бар электр қуатымен электрмен жабдықтау жүйесінің кез келген бөлігі, оның ішінде қадамдық қозғалтқыштарда орнатылған барлық генераторлардың істен шыққандығын қоса алғанда немесе электр энергиясын таратудың бастапқы жүйесінің жекелеген істен шығу оқиғасы болғанда бірінші және екінші санатты электр энергиясының қабылдағыштарын қамтамасыз ететіндей етіп жобаланып, дайындалып және құрастырылуы қажет. Егер қабылдағыштар жалғанған шинада немесе шинаны электр энергиясының қабылдағышымен жалғайтын қайталама тарату желісінің элементтерінде жекелеген істен шығу оқиғасы болған болса, қабылдағыштарды электр қуатынан ажыратуға жол беріледі.
1237. Электрмен жабдықтау жүйесі:
1) оның жұмыс режимдерінде бірінші санатты электр энергиясы қабылдағыштарының авариялық қуат көздеріне көшуі;
2) оның жұмыс режимдерінде барлық электр энергиясы қабылдағыштарының қалыпты және авариялық жұмыстары үшін 148-баптың талаптарына сапасы сай болмайтын электр энергиясымен қамтамасыз етуі өте сирек кездесетін оқиға болатындай етіп жобаланып, дайындалып және құрастырылуы қажет.
1238. Авариялық режимде жерге (суға) қонғаннан кейін электрмен жабдықтау жүйесі жерге (суға) қонғаннан кейін жұмыс істеуі қажет электр энергиясы қабылдағыштарын, егер олардың жеке автономды электр қуат көздері жоқ болса, электр энергиясымен қамтамасыз етуі қажет.
1239. Электрмен жабдықтау жүйесінде электр энергиясының сапасы талаптарға сай болуы қажет.
1240. Әрбір бастапқы электрмен жабдықтау жүйесінің және онымен байланысты қайталама жүйенің жұмысы басқа электрмен жабдықтау жүйелерінің жұмысына тәуелді болмауы қажет.
1241. Электр жабдығы ұшақта болуы мүмкін кез келген оның жұмыс режимдерінде өрт шығу қаупі болмайтындай етіп орындалып және құрастырылуы қажет.
1242. Тұтанғыш булармен ластану қауіптігі өте жоғары орындарда электр қосылыстары мен электр агрегаттарының саны осы орында жабдықтың қалыпты жұмыс істеуіне қажетті санымен ғана шектелуі қажет.
1243. Жұмыс кезінде басқаруды немесе реттеуді қажет ететін барлық электр жабдықтары электр тогына ұшырау қауіптігін болдырмайтындай етіп орындалып құрастырылған болуы қажет.
1244. Тарату құрылғыларының түрлі деңгейіндегі кернеу учаскелері бөлек орналасуы қажет. Кернеуі 40 В-тан жоғары орныққан режимдегі элементтермен жанасу мүмкін болатын орындарда кернеу шамасы көрсетілген жазулар болуы қажет.
1245. Электрмен жабдықтау жүйесінің электр өлшемдерінің ең төмен мөлшерін өлшеу және индикациялау қамтамасыз етілген болуы қажет. Олар электр энергиясын туындату мен тарату жүйесінің аппаратурасымен берілетін сигналдармен бірге борттық электрмен жабдықтау жүйесінің ақаулы еместігін бағалау үшін жеткілікті.
1246. Егер (ұшу барысында) ККҚҚ-ны (көмекші күш-қуат қондырғысын) іске қосу режимінде электр энергиясының сапасы 148-баптың белгіленген авариялық жұмыс үшін белгіленген шектерден шығатын болса, онда ККҚҚ-ны іске қосу кезеңінде ККҚҚ-ны іске қосу жүйесі мен бірінші санатты электр энергиясы қабылдағыштарына бөлек жұмыс істейтін электр энергиясы көздерінен электр қуатын беруді қамтамасыз ету қажет.
1247. Жер бетіндегі қуат кездерін электрмен жабдықтау жүйесіне қосуды мөлшерлері мен жалғау сызбалары келтірілген аэродромдық қуат беру ажыратқыштарының көмегі арқылы жүргізу қажет. Ұшақ бортында кері полярлы немесе фазаларының орналасу реті кері болатын жер бетіндегі қуат кезінің қосылуын болдырмайтын құралдар көзделуі қажет.
184. Туындату жүйелері
1248. Туындату жүйесінің қалтқысыз жұмысы кезінде оның қуаты (бастапқы және қайталама электрмен жабдықтау жүйелерінде) барлық мүмкін болатын электр энергиясы қабылдағыштарының түрлі іске қосылу жағдайларында оларды қуаттандыру үшін жеткілікті болуы қажет.
1249. Туындату жүйесінің қуаты (бастапқы және қайталама электрмен жабдықтау жүйелерінде) мынадай болуы қажет: егер ұшақтағы жалпы саны үшеу болатын қадамдық қозғалтқыштардың біреуі және жалпы саны төртеу болатын қадамдық қозғалтқыштардың екеуі істен шыққан жағдайда, электрмен жабдықтау жүйесі қалыпты жұмыс істеу үшін барлық электр энергиясы қабылдағыштарын 148-бап талаптарына сапасы сай болатын қуатпен қамтамасыз ету қажет. Үшінші санатты электр энергиясы қабылдағыштарын ажыратуға жол беріледі.
1250. Кез келген қайталама электрмен жабдықтау жүйесіндегі үш қуат көзінің жартысы немесе біреуі істен шыққан жағдайда, электрмен жабдықтау жүйесі қалыпты жұмыс істеу үшін барлық электр энергиясы қабылдағыштарын 148-баптың талаптарына сапасы сай болатын қуатпен қамтамасыз ету қажет. Үшінші санатты электр энергиясы қабылдағыштарын ажыратуға жол беріледі.
1251. Әрбір қуат көзі бұйымының (реттеу және басқару аппаратурасын, сондай-ақ желі элементтерін қоса алғанда) мүмкін болатын кез келген жекелеген істен шығуы:
1) басқа электр энергиясы көздерінің;
2) басқа зақымдануға ұшырамаған тізбектердің істен шығуына әкелмеуі қажет.
1252. Туындату жүйесінің қорғау аппаратурасы 148-баптың сәйкес электр энергиясының сапасын және электр қуатының үзіліс уақытын қамтамасыз ете отырып, ақаулы қуат көздерін токтан ажыратып өшіруді жүргізуі қажет.
1253. Ұшақта әрбір бастапқы электр энергиясы көздерін (оның ішінде электрмен жабдықтау жүйесінің аккумуляторлық батареяларын) тарату жүйесінен мәжбүрлеп ажыратуға арналған құралдар орнатылған болуы қажет. Осы құралдардың басқару органдары барлық күтіліп отырған пайдалану жағдайларында оларды қолдануға болатындай етіп орнатылған болуы қажет.
1254. Электр энергиясын туындату жүйесінің әрбір қуат көзі мен түрлендірушісі үшін экипажға қуат көзінің ақаулығы жайлы және резервтік қуат көздеріне көшу туралы дереу ескертетін құралдар көзделген болуы қажет.
1255. Генераторларды және оларды тарату құрылғысымен жалғайтын желілерді қысқа тұйықталу мен асыра кернеуден қорғайтын құралдар көзделген болуы қажет.
Ескерту. Тұрақты ток жүріп тұратын коллекторлық генераторларды қолданған жағдайда кері токтан қорғану көзделген болуы қажет.
1256. Электрмен жабдықтау жүйесінің аккумуляторларын экипаж кабинасынан және жолаушылар салонынан тыс жерде орнату қажет немесе оларды кабинадан немесе салоннан оқшауланған бөлімдерде ұшаққа немесе жолаушыларға қауіп туғызбайтындай етіп орналастыру қажет.
1257. Аккумуляторлық батареяны орнату әдісі:
1) тексеріп, ауыстыруға еркін мүмкіндікті;
2) пайдалану процесі барысында қалыпты жұмыс істеу үшін электролит температурасын қажетті шектерде ұстауды;
3) тұтанғыш және улы газдардың қауіпті концентрациясын болдырмау үшін аккумуляторлар мен бөлімдерді желдетуді;
4) ұшақ конструкциясын электролиттің іс-әрекетінен және аккумуляторлардан бөлінетін газдан туындайтын тоттанудан қорғауды қамтамасыз етуі қажет.
1258. Аккумуляторлық батареялар кез келген пайдалану жағдайларда және ұшақ есептелген кез келген эволюцияларда электр энергиясы қабылдағыштарын электрмен жабдықтау жүйесінің авариялық жұмысы үшін 148-баптың талаптарына сапасы сай болатын электр қуатымен қамтамасыз ететіндей сипаттамалары болуы және жоғарыда айтылған жайттарды ескере отырып орнатылуы қажет.