1) прибор тақтасының жоғарғы бөлігіндегі орталық орында ұшақтың кеңістіктегі орнын (жантаю және тангаж бұрышын) көрсетіп отыратын негізгі пилотаждық прибор орналасуы қажет;
2) негізгі пилотаждық прибордың астында онымен бір тік кіндіктемеде ұшу бағытын көрсетіп отыратын негізгі навигациялық прибор орналасуы қажет.
Ескерту. Негізгі пилотаждық және навигациялық приборлардың ұшқыштың креслосы симметриясының тік жазықтығынан 30 мм-ден аспайтын бірдей шамаға бір мезгілде жылжуына жол беріледі;
3) негізгі пилотаждық прибордың сол жағында онымен бір деңгейде ұшу әуе (прибор) жылдамдығын көрсетіп отыратын прибор орналасуы қажет;
4) негізгі пилотаждық прибордың оң жағында онымен бір деңгейде ұшақтың тік көтерілу немесе тік түсу жылдамдығын көрсетіп отыратын прибор орналасуы қажет;
5) тік жылдамдық көрсеткішінің астында ұшу барометрлік биіктігін көрсетіп отыратын негізгі прибор орналасуы қажет.
Негізгі пилотаждық-навигациялық приборлар тобын бірінші және екінші ұшқыштардың прибор тақталарына бірдей орналастырып, ұшқыштардың прибор тақталарында орнатылған басқа негізгі приборлардан айыратындай етіп ақ түсті контурлы сызықпен белгілеу қажет.
Негізгі пилотаждық-навигациялық приборлар тобына жатпайтын приборларды орнату ұшақ басқарудағы олардың рөлін және ұшу барысындағы қауіпсіздікке байланысты олар бақылайтын өлшемдердің маңыздылығын, сондай-ақ олардың негізгі пилотаждық-навигациялық приборлар тобымен байланысын ескере отырып жүргізіледі:
1) биіктік өлшемдерін индикациялайтын приборлар негізгі биіктік өлшегіштің маңына орнатылады;
2) навигациялық өлшемдерді индикациялайтын приборлар негізгі навигациялық прибордың маңына орнатылады, сонымен бірге курстық өлшемдерді беретін индикаторлар басымдыққа ие;
3) жылдамдық өлшемдерін индикациялайтын приборлар негізгі жылдамдық приборының маңына орнатылады;
4) резервтік приборлар тиісті негізгі пилотаждық-навигациялық приборлардан ең аз қашықтықтағы прибор тақтасында орнатылады. Резервтік авиакөкжиек бірінші ұшқыштың прибор тақтасының оң жақ жоғары бөлігінде, ұшақтың кеңістіктегі орнын көрсетіп тұратын негізгі прибордың маңында, не болмаса ұшқыштардың ортаңғы прибор тақтасының сол жақ жоғары бөлігінде орналасуы қажет. Сонымен қатар екінші ұшқыш оны көріп отыруы қажет.
1320. Күш-қуат қондырғысының негізгі бақылау приборларын ұшқыштардың ортаңғы прибор тақтасында топтастырып орналастыру қажет. Сонымен бірге олардың топ ішінде өзара орналасуы қозғалтқыштардың ұшақтағы орналасуына сай болуы қажет:
түрлі қозғалтқыштардың бірдей жұмыс өлшемдеріне бақылау жасайтын приборлар қозғалтқыштардың ұшақтағы орналасу тәртібі бойынша бір көлденең қатарда - солдан оңға қарай орналасуы қажет;
бір қозғалтқыштың түрлі жұмыс өлшемдеріне бақылау жасайтын приборлар бақыланатын өлшемдердің маңыздылығына байланысты тәртібі бойынша бір көлденең қатарда - жоғарыдан төмен қарай орналасуы қажет.
Ескерту. Қиыстырылған приборларды қолданған жағдайда оларды осы индикатор немесе параметр қай қозғалтқышқа жататындығын анықтау барысында мүмкін болатын қателіктерге бой алдырмайтындай етіп орналастыру қажет.
1321. Ұшқыштар берілген режимдерге қозғалтқыштардың шығуын бақылау үшін қолданатын қозғалтқыштар жұмысының негізгі бақылау приборлары ұшқыштардың ортаңғы прибор тақтасында орналасуы қажет және негізгі жұмыс отырысының сәл өзгерген жағдайында көрініп тұруға тиіс.
Егер экипаж құрамына бортинженер кіретін болса, қозғалтқыштар жұмысының басқа бақылау приборларын (прибор тақтасында тиісті сигнализация орнатылған жағдайда) ұшқыштардың прибор тақтасынан тыс жерде орналастыруға болады.
1322. Бортинженердің жеке жұмыс орны бар ұшақтарда оның прибор тақтасында күш-қуат қондырғысының қажетті бақылау приборлары мен индикаторлары, сондай-ақ бортинженердің функционалдық міндеттеріне сәйкес басқа ұшақ жүйелерінің бақылау приборлары, индикаторлары және сигнализаторлары орнатылған болуы қажет.
1323. Экипаж мүшелерінің жұмыс орындарындағы жарық сигнал құралдарын жинақылау олар беретін ақпараттың маңыздылығын (1348) ескере отырып орындалуы қажет.
1324. Жарық сигнал таблоларының әрбір тобы немесе блогы мына принциптердің бірі бойынша құралуы қажет:
бір функционалдық кешенге қатыстығы (мысалы, қозғалтқышқа);
бір мезгілде қолданылуы (мысалы, қонуға бет алғанда);
уақыт резервісі (апаттық, ескерту).
1325. Апаттық жарық сигнал құрылғыларын экипаж мүшесінің негізгі жұмыс қалпынан көрініп тұратындай етіп орналастыру қажет. Ескерту жарық сигнал құрылғыларын, сондай-ақ ОСШ-ны (орталық сигнал шамдарын) тиісті экипаж мүшелерінің жұмыс орындарынан шолуға ыңғайлы аймақтарда орналастыру қажет. Сонымен бірге бастың тұрған қалпын өзгертуге жол беріледі.
1326. ОСШ және авариялық жарық сигнал құрылғылары бірінші және екінші ұшқыштардың прибор тақталарында бірдей орналастырылған болуы қажет.
Орталық сигнал шамдарын ортаңғы прибор тақтасының жоғары бөлігінде орналастыруға жол беріледі.
196. Күш-қуат қондырғысы мен көмекші күш-қуат қондырғысының жұмысын бақылау құралдары
1327. Осы бөлімнің талаптары газ турбиналы қозғалтқыштары бар ұшақтардың күш-қуат қондырғысы мен ККҚҚ-сын бақылауға және басқаруға қажетті ақпаратпен экипажды қамтамасыз ететін өлшеу, индикациялау және сигнализациялау құралдарына таралады.
1328. Күш-қуат қондырғысы мен көмекші күш-қуат қондырғысы жұмысын бақылау құралдарының сипаттамалары нақты қозғалтқыш пен ұшақтың пайдалану құжаттамасына сәйкес олардың қамтамасыз етуі қажет.
1329. Күш-қуат қондырғысы мен көмекші күш-қуат қондырғысы жұмысын бақылау құралдары оларға таралатын 186-баптың талаптарына сай болуы қажет.
197. Күш-қуат қондырғысының бақылау құралдарына қойылатын Талаптар
1330. Күш-қуат қондырғысының жұмысын бақылау үшін ұшақта мыналар орнатылуы қажет:
әрбір қозғалтқыш роторларының айналу жиілігін өлшеуге және индикациялауға арналған тахометр.
әрбір қозғалтқыш газының температурасын өлшеуге және индикациялауға арналған термометр.
әрбір қозғалтқыш отынының массалық сағат бойынша жұмсалуының шапшаң көрсеткішін өлшеуге және индикациялауға арналған шығыс өлшегіш. ЖӘЖ (жергілікті әуе желілері) ұшақтарында шығыс өлшегішті орнатпаса да болады.
әрбір қозғалтқыштың багындағы майдың мөлшерін өлшеуге және индикациялауға арналған май өлшегіш. Экипаж кабинасына май өлшегіштік индикаторын орнатпаса да болады.
әрбір қозғалтқыштың май жүйесіндегі майдың қысымын өлшеуге және индикациялауға арналған манометр.
әрбір қозғалтқыш майының температурасын өлшеуге және индикациялауға арналған термометр.
рұқсат берілген діріл деңгейінен асқандығын білдіретін сигнализациясы бар әрбір қозғалтқыштың діріл деңгейін өлшеу және индикациялау құралдары немесе әрбір қозғалтқыштың рұқсат берілген діріл деңгейінен асқандығын білдіретін сигнализаторлар.
әрбір бақтағы немесе бір-бірімен жалғасқан бактардың тобындағы отынның мөлшерін және ұшақтағы отынның жиынтық мөлшерін өлшеуге және индикациялауға арналған құралдар (жүйе).
роторлардың айналу жиілігінің рұқсат берілген көрсеткіштерінен асқандығын сигнализациялау құралдары.
газ температурасының рұқсат берілген көрсеткіштерінен асқандығын сигнализациялау құралдары.
отынның резервтік қалдығын сигнализациялау құралдары.
қозғалтқышқа кіре берістегі отынның ең төменгі қысымын сигнализациялау құралдары.
әрбір қозғалтқыштың отын сүзгішіндегі ең жоғарғы рұқсат берілген отын қысымының өзгеруін сигнализациялау құралдары.
май багында қалған майдың ең төмен қалдығын сигнализациялау құралдары. Бір приборда майдың мөлшерін индикациялауға және майдың ең төмен қалдығын сигнализациялауға жол беріледі. ЖӘЖ ұшақтарында сигнализацияның болмауына да болады.
майдың ең төменгі қысымын сигнализациялау құралдары.
әрбір қозғалтқыштың майында жоңқаның пайда болғандығын сигнализациялау құралдары.
күш-қуат қондырғысының өрт шығуы қауіпті бөлімдерінде өрт сигнализациялау құралдары.
қызып кеткенде өрт туғызуы мүмкін ақаулы жағдайда қозғалтқыштың ішкі май немесе суфлирленетін аралықтарында қызып кету сигнализациялау құралдары.
әрбір қозғалтқыштың мұздану сигнализациялау құралдары. Егер қозғалтқыш ауа алғышының орналасуы немесе қозғалтқыш конструкциясы мұзданудың пайда болу мүмкіндігін жоққа шығарады деп көрсетілсе, онда мұздану сигнализаторларын орнатпаса да болады.
айдайтын және асыра айдайтын сорғылардың, қиылыс қуатты крандарының және өрт сөндіру крандарының жұмысын сигнализациялау құралдары.
компрессорға сұйықтық бүркудің іске қосылғандығын және ажыратылғандығын (егер қозғалтқышта осындай жүйе орнатылған болса) сигнализациялау құралдары.
әрбір қозғалтқыш помпажын сигнализациялау құралдары.
1331. Турбореактивті қозғалтқыштары бар ұшақтарда құралдардан басқа, реверсивті құрылғымен жабдықталған әрбір қозғалтқыштың реверсивті құрылғылары қалпының сигнализаторлары орнатылған болуы қажет.
Турбореактивті қозғалтқыштары бар ұшақтарда әрбір қозғалтқыш тартымын немесе оның сипаттайтын параметрін өлшеу және индикациялау құралдарын орнату ұсынылады.
1332. Турбовинтті қозғалтқыштары бар ұшақтарда 1341-тармақта аталған құралдардан басқа:
1) әрбір қозғалтқыштың айналу мезетін (моментін) өлшеу және индикациялау құралдары;
2) әрбір қозғалтқыштың басқару реттегішінің қалпын өлшеу және индикациялау құралдары;
3) реверсивті құрылғымен жабдықталған әрбір қозғалтқыштың әуе винтінің реверсивті тартымын басқару жүйесінің іске қосылуын сигнализациялау құралдары;
4) автоматты флюгерлеу жүйесімен жабдықталған әрбір қозғалтқыштың әуе винті қалақтарын автоматты флюгерлеу жүйесінің іске қосылуын сигнализациялау құралдары орнатылған болуы қажет.
Ескерту. ЖӘЖ ұшақтарындағы күш-қуат қондырғысының жұмысын бақылауға арналған приборлар мен сигнализаторлар тізбесінің өзгертілуі немесе қысқартылуы мүмкін.
198. Көмекші күш-қуат қондырғысының жұмысына
бақылау жасайтын құралдарға қойылатын талаптар
1333. ККҚҚ жұмысын бақылау үшін ұшақта:
Қозғалтқыш роторының айналу жиілігін өлшеуге және индикациялауға арналған тахометр.
Қозғалтқыш газының температурасын өлшеуге және индикациялауға арналған термометр.
Қозғалтқышқа кіре-берістегі (шыға-берістегі) майдың температурасын өлшеуге және индикациялауға арналған термометр.
Қозғалтқыш роторының айналу жиілігінің рұқсат берілген көрсеткіштерінен асқандығын сигнализациялау құралдары.
Газ температурасының рұқсат берілген көрсеткіштерінен асқандығын сигнализациялау құралдары.
Қозғалтқышқа кіре-берістегі майдың ең төменгі қысымын сигнализациялау құралдары.
Қозғалтқышқа кіре-берістегі отынның ең төменгі қысымын сигнализациялау құралдары.
Май багында қалған майдың ең төмен қалдығын сигнализациялау құралдары.
Күш-қуат қондырғысының өрт шығуы қауіпті бөлімдерінде өрт сигнализациялау құралдары.
Қозғалтқыштың қуат алуға мүмкіндік беретін режимге шығуын сигнализациялау құралдары орнатылған болуы қажет.
1334. Ұшақта нақты қозғалтқышқа, ұшаққа ЭБ-де (пайдалану басшылықта) айтылған шектеулер шегінде қозғалтқыш пайдалануын қамтамасыз ету үшін қажет болса, осы НЛГС-нің 175 пен 176-баптарында аталғандарға қосымша күш-қуат қондырғысы мен көмекші күш-қуат қондырғысы жұмысын бақылау құралдары орнатылған болуы қажет.
1335. Электрмен жабдықтаудың негізгі қуат көздері ажыратылғанда немесе істен шыққанда авариялық қуат көздерінен мынадай күш-қуат қондырғысы мен көмекші күш-қуат қондырғысы жұмысын бақылау құралдары:
осы НЛГС-нің 175 пен 176-баптарында аталған сигнализация құралдары.
Қадамдық қозғалтқыштар мен ККҚҚ қозғалтқышының газ термометрлері.
Қадамдық қозғалтқыштар мен ККҚҚ қозғалтқышының тахометрлері.
Турбовинтті қозғалтқыштары бар ұшақтарға арналған айналу мезетінің өлшегіші.
1336. Егер нақты қозғалтқышқа және ұшаққа осындай жағдайға көзделген болса, осы НЛГС-нің 1345-тармағына сәйкес басқа да күш-қуат қондырғысы мен көмекші күш-қуат қондырғысы жұмысын бақылау құралдары электрмен жабдықталуы тиіс.
199. Ішкі кабина сигнализациясының жабдықтары
1337. Осы бөлімнің талаптары ұшақта орнатылған және мынадай: шолу, дыбыс және тактиль сигнализация құралдарының көмегімен ұшақта туындаған жағдай туралы экипаж мүшелерін құлақтандыруға арналған сигнализация құралдарына таралады.
Ескерту. Сигнализация құралы - экипаж құрамындағы адамдардың сезім мүшелеріне тікелей әсер ететін сигнал беретін құрылғы. Осындай құрылғыларға жекелеген сигнализация құралдарын да, сондай-ақ сигнализация жүйелерін де жатқызуға болады.
Шолу сигнализация құралдары - жарық сигнал құрылғыларының, жарық сигнализациясы бар ауыстырғыштардың (шамдардың-түймешелердің), бленкерлердің, жалаушалардың (планкалардың) немесе электр механикалық пердешелердің көмегі арқылы сигналдар беруге арналған құралдар.
Дыбыс сигнализация құралдары - тональды дыбыс сигналдарын (мысалы, сиренаның, қоңыраудың зуммердің көмегі арқылы) немесе тілдік хабарламаларды беруге арналған құралдар.
Тактиль сигнализация құралдары - терінің механикалық рецепторларына және бұлшық ет буын рецепторларына әсер ету арқылы экипаж мүшелеріне қажетті ақпаратты беруге арналған құралдар.
1338. Ұшақта орнатылған ішкі кабина сигнализация құралдары ақпараттың мынадай үш (сигнал) санатының берілуін қамтамасыз етеді: авариялық, ескерту және құлақтандыру. Сигнализация санаттарын анықтау айрықша жағдайлардың және олардың қауіптілігі дәрежесінің туындау мүмкіндігіне байланысты оқиғалар туралы ақпаратқа, сондай-ақ туындаған жағдайдың дамуын алдын алуға немесе тоқтатуға әлі де мүмкін болатын сәтке дейін, ол (туындаған жағдай) туралы сигнал ақпаратының пайда болған сәтінен бастап экипаж ие болып отырған (реакциясы уақытының шамасына сүйене отырып жүргізіледі.
Апаттық сигнал ақпаратының санатына экипаж тарапынан күттірмейтін іс-қимылдар талап ететін айрықша жағдайлардың туындау мүмкіндігіне байланысты оқиғалар туралы ақпараттар жатады. Апаттық сигналдарға ұшақ қозғалысының өлшемдері (мысалы, акос, nу max э) бойынша пайдаланушылық шектеулердің жақындағанын немесе жеткенін сипаттайтын сигналдар және tр <15 с болатын сигналдар жатады.
1339. Ескерту сигнал ақпаратының санатына назардың дереу аударылуын талап ете отырып, экипаж мүшелерінің жедел қимылдарын талап етпейтін ақпараттар жатады. Ескерту сигналдарына құзырындағы уақыты tр >15 с болатын сигналдар жатады.
1340. Құлақтандыру сигнал ақпаратының санатына жүйелердің қалыпты жұмысын, экипаж мүшелерінің жұмысы алгоритмінің орындалғандығын көрсететін ақпараттар және басқа да ақпарат жатады. Құзырындағы әр уақытының шамасы бойынша құлақтандыру ақпараты регламенттелмейді.
1341. Сигнализация жүйесі мынадай функцияларды атқаруы қажет:
Экипаж мүшелерінің назарын дер кезінде туындаған жағдайға (болған оқиғаға) аудартып отыру керек. Осыған байланысты, қажет болған жағдайда мынадай назар аударту әсері күшті сигналдары қолданылады:
тональдығы, тембрі және ұзақтығы әр түрлі дыбыс сигналдары, мысалы,»"зуммер" сияқты;
тактиль сигналдары;
жарқылдау режимінде жұмыс істейтін жарық сигнал құрылғыларының сигналдары.
Сигнал ақпараты болған жағдайдың мағынасын ашатындай, яғни айқын болуы қажет. Осыған байланысты:
жарық сигналдары құрылғыларының жазулары мен символдары;
тілдік хабарламалардың мәтіндері;
дыбыс сигналдарының тональдығы, тембрі және ұзақтығы;
индикаторлардың сигнал элементтері;
тактиль сигналдары;
жарық сигнализациясы бар ауыстырғыштардың жазулары қолданылады.
Аталмыш жағдайда қажетті іс-қимылдардың ұйымдастырылуына мұрындық болуы қажет. Осыған байланысты:
жарық сигналдары құрылғыларының жазулары мен символдары;
тактиль сигналдары;
тілдік хабарламалардың мәтіндері қолданылады.
1342. Сигнализация құралдары арқылы беріліп отырған ақпараттардың дұрыс қабылдануы қоршаған ортаның әсер ету жағдайларында (экипаж кабинасындағы шуыл мен діріл, ішкі және сыртқы байланыс бойынша сөйлесу, жарықтандыру жағдайлары) ұшу барысындағы барлық кезеңдерде және режимдерде қамтамасыз етілуі қажет.
1343. Берілуі түрлі құралдардың үйлесімі мен ол құралдардың жұмыс режимі арқылы қамтамасыз етілетін сигнал ақпаратының ұсыну әдісі сигнал ақпаратының санатын ескере отырып, бортта пайда болған жағдайға сай болуы қажет.
1344. Ұшу кезеңдері мен режимдерінің қалыпты және айрықша жағдайларында экипаждың әрбір мүшесіне берілетін сигнал ақпаратының көлемі дер кезінде болған оқиғаны ұғынуды және қажетті әрекеттер туралы шешім қабылдауды қамтамасыз ететіндей, сондай-ақ әрбір экипаж мүшесінің назарына салмақтың мөлшерден көп түсуін болдырмайтындай болуы қажет.
Интегралды және ауданды бақылау таблоларын әсіресе көтерілу және қону режимдерінде, сондай-ақ күш-қуат қондырғысы мен функционалдық жүйелерді бақылау үшін қолдану ұсынылады.
Нақты жағдай туралы немесе жабдықтың істен шығуы туралы назар аудартуға және ақпаратты беруге бір мезгілде бір параметр бойынша үш сигнал құрылғысынан артық қолдануға болмайды.
1345. Шолу сигнал ақпараты ұшақ экипажы мүшелеріне берілетін сигнал ақпаратының негізгі түрі болуы қажет. Дыбыс және тактиль сигналдары, сондай-ақ тілдік хабарламалар шолу сигнализаторларымен бірге қолданылуы қажет.
1346. Апаттық сигнал ақпараты назар аударту әсері күшті сигналын қосуы қажет. Бұл ретте экипаж мүшесінің түрлі рецепторларына әсер ететін сигнал құралдарының кем дегенде екі түрі қолданылуы қажет.
1347. Апаттық сигнал ақпаратын экипаждың кем дегенде екі мүшесі қабылдауы қажет. Бұл ретте апаттық жарық сигнал құрылғысы экипаждың кем дегенде екі мүшесінің жұмыс орындарына орнатылуы қажет.
1348. Апаттық сигнал ақпараты және де мүмкіндігінше ескерту сигнал ақпараты экипажды логикалық операцияларды орындаудан босата отырып, өңделген күйінде ұсынылуы қажет.
Ұшақтың жерден көтерілуі барысында ұшу жағдайларының күрделенуінен де ауыр жағдайларға әкелуі мүмкін оның жүйелері мен агрегаттарының жерден көтерілуге жай-күйінің дайын еместігін сипаттайтын сигналдар қолданылуы қажет.
Ең аз дегенде ұшақтың қонуға конфигурациясының дайын еместігі туралы экипажға хабарлайтын қонуға ұшақтың дайын еместігі туралы сигнализация қолданылуы қажет.
1349. Сигнализация құралдары және оларды басқару сигналдардың берілмеуіне немесе ол сигналдар қосылғанда олардың ұғынылмауына әкелетін осындай қателіктерді экипаж мүшелері тарапынан болдырмайтындай етіп жасалған болуы қажет.
Дыбыс сигналдарының даусын реттеуге жол берілмейді.
1350. Экипажға сигнализация құралдары жүйесіне кіретіндердің барлығының дұрыстығына бақылау жүргізу мүмкіндігі қамтамасыз етілген болуы қажет.
1351. Сигнал ақпараты анықталып ұғынылғанда, ал оның пайда болу себебі жойылмаған жағдайда назар аударту әсері күшті сигналының туындаған жағдайы туралы шолу сигнал ақпаратын сақтай отырып тоқтатылу мүмкіндігін қамтамасыз ету қажет. Сонымен қатар сызбаның басқа басқару сигналын алу үшін бастапқы күйіне автоматты түрде оралуы қамтамасыз етілген болуы қажет.
Пайдаланушылық шектеулер мен ең күрделі режимдерге шығу туралы сигнализациялау үшін назар аударту әсері күшті сигналының ажыратылу мүмкіндігін болдырмау қажет.
1352. Түрлі сигнализация құралдары арқылы берілетін сигнал ақпараты жазба мәтіндері мен тілдік хабарламалардың іріктелуімен, сондай-ақ тиісті приборлардың көрсеткіштерімен өзара сай болуы қажет (оларға қайшы болмауы тиіс).
1353. Жарық сигнал құрылғыларындағы жазбалар мен символдар және тілдік құлақтандыру аппараты арқылы берілетін тілдік хабарламалар мынадай талаптарға жауап беруі қажет:
берілетін ақпараттың мазмұны туындаған жағдайдың немесе оқиғаның сипатын экипаждың біржақты ұғынуын қамтамасыз етуі қажет:
тілдік хабарлама сөздерінің тұжырымдары мен құрылу тәртібінің жарық сигнал құрылғысының тиісті жазбасымен сай болу мүмкіндігі қамтамасыз етілген болуы қажет;
туындаған жағдайда экипаждың іс-қимылдары бойынша ұсынымдар жасалатын іс-қимылды (мысалы, «Жантаюды басқар», «Шассиді шығар» және т.б.) атай отырып бастау қажет.
200. Шолу сигнализациясына қойылатын талаптар
1354. Жарық сигнализациясы үшін үш негізгі: қызыл, сары және жасыл түстерді қолдану көзделген болуы қажет.
Бұдан өзге, маркерлерді ұшып өту туралы немесе функционалдық жүйелердің жұмыс режимі туралы ақпаратты беру үшін аталғандарға қосымша ретінде осы жүйелердің пульттарында ақ және көк түсті сигналдарды қолдануға жол беріледі.
1355. Жарық сигнализациясының қызыл түсі тек қана апаттық сигнал ақпараты үшін қолданылуы қажет.
Сары түсті ескерту сигнал ақпаратына; жасылды құлақтандыру сигнал ақпаратына қолдануға ұсынылады.
1356. Жарық сигнал ақпараты оңай ажыратылуға тиіс және экипаж мүшелерінің көздерін шағылыстырмауы қажет.
1357. Автоматты түрде және/немесе қолмен жүзеге асырылатын жарық сигналдарының жарықтылығын орталықтандырылған түрде «күндізгі» режимнен «түнгі» режимге және кері қарай ауыстыру қамтамасыз етілуі қажет.
Сонымен бірге жарық сигналдарының өздігінен»"түнгі" режимге ауысып кетуін болдырмайтын шаралар қолданылуы қажет.
Апаттық сигнал ақпаратының жарықтылығын реттеу құпталмайды.
Жарық сигнал ақпаратының жарықтылығын экипаж мүшелерінің жұмыс орындары аймағы бойынша реттеуге жол беріледі.
1358. Апаттық жарық сигналдары, сондай-ақ ОСШ (орталық сигнал шамдары) сигналдары және аудандарды бақылау таблосы жарқылдау режимінде берілуі қажет. Жарық сигналдарының жарқылдау режиміндегі жұмысы 2 Гц-тен бастап 5 Гц-ке дейінгі жиілікте жүзеге асырылуы қажет.
1359. Сигнал жазбалары түсті әріптер арқылы күңгірт реңде орындалуы қажет.
1360. Егер ұшу жарамдылығының Нормалары бойынша электр механикалық приборлар мен индикаторлардың алдыңғы жақ бөлігінде істен шыққандығын білдіретін сигнализация талап етілетін болса, онда оны түсетін сигнал жалаушаларының (планкаларының) немесе осы жағдайда индикатордың алдыңғы бөлігінің бір бөлігін жауып тұратын пердешелердің көмегі арқылы қамтамасыз ету қажет.
201. Дыбыс сигнализациясы құралдарына қойылатын талаптар
1361. Дыбыс сигналдары тональды дыбыс сигналдары немесе тілдік хабарламалар түрінде 200-4000 Гц дыбыс жиіліктері диапазонында берілуі қажет.
Тональды дыбыс сигналының аталған диапазондағы кем дегенде екі аластатылған жиіліктен тұратын сигнал болуы ұсынылады.
1362. Кабинадағы тональды дыбыс сигналдарының жалпы саны болған оқиғаның немесе туындаған жағдайдың сипатын қатесіз ұғынуға мүмкіндік беретіндей қамтамасыз етілген болуы қажет.
1363. Тональды дыбыс сигналдарын бір мезгілде беру кезінде оларды екі бөлек сигнал ретінде ұғынуға мүмкіндік қамтамасыз етілген болуы қажет. Осыған байланысты, тональды дыбыс сигналдарының жиіліктерін аталған диапазонның ішінен таңдаған кезде олардың аластатылуы, сондай-ақ сигналдардың тиісті кодталуы көзделген болуы қажет.
1364. Бір оқиға немесе жағдай туралы сигнализациялау үшін тілдік және тональдық дыбыс сигналдарын бір мезгілде беруге жол берілмейді.
1365. ТҚА (тілдік құлақтандыру аппараты) арқылы берілетін хабарламалар әйелдің даусымен берілуі тиіс және кем дегенде екі рет қайталануы қажет. Сонымен қатар, датчиктен сигнал болған жағдайда хабарламаларды өшіріп тастау, сондай-ақ қайталап тыңдау мүмкіндігі қамтамасыз етілген болуы қажет.
1366. ТҚА-ны сигнал хабарламаларын беру үшін қолданған кезде олардың мәтіні 13 сөзден аспауы тиіс. Сонымен бірге ақпараттың бортта не болғандығы жайлы хабарламадан басталып, ал сонан кейін экипаждың іс-қимылдары бойынша ұсынымдар туралы хабарламамен жалғасуы ұсынылады.
202. Тактиль сигнализациясы құралдарына қойылатын талаптар
1367. Тактиль сигнализаторы (ұшақта оны қолданған жағдайда) ұшу режимі бойынша пайдаланушылық шектеулерге ұшақтың шыққандығы туралы экипажды ескерту үшін қолданылуы қажет. Сонымен бірге штурвалда немесе бағанада орнатылған тактиль сигнализаторы апаттық сигнал ретінде тек рұқсат берілген шабуыл бұрышына (акос) және/немесе ең жоғары оң пайдаланушылық түскен салмаққа (nymaxэ) ұшақтың шыққандығы туралы сигнализациялау үшін ғана қолданылуы қажет.