2) қалақ үзілгеннен кейін қозғалтқышты ажыратып тастау үшін талап етілетін пайдаланудағы ең жоғары мүмкін уақытты айқындау мақсатында талдау алдыңғы қатарда болуы тиіс.
Сынақтар қозғалтқыш толық жиналған жағдайда өткізілуге тиіс. Оған қатысты статор бөлшектері бар жекелеген сатының немесе қозғалтқыштың жекелеген бөлігінің сынақтарын мынадай жағдайда:
1) қозғалтқыш жүйесіндегі жұмыс жағдайларының имитациясы (қысым, ауаның немесе газдың температурасы);
2) басқа қалақтар үзілген жағдайдағы қауіпті салдарының болмауын дәлелдемесін;
3) қозғалтқышқа қолайсыз күштің оның толық тұтасуына әсері бойынша нәтижелердің алдын алу мүмкіндігі кезінде өткізуге жол беріледі.
Кейбір жағдайларда температура немесе қысым бойынша талап етілетін шарттарды орындаудың мүмкін еместігі сатының айналу жиілігін тиісінше ұлғайтумен өтеуге рұқсат беріледі.
Сынақтар кезінде компрессордың немесе турбинаның жұмыс дөңгелектерінен айналу жиілігінде пайдалануда ең жоғары мүмкіндік кезінде түбірінен қиылған бір қалақ бөлінуі тиіс.
Қозғалтқыш қалақтар үзілгеннен кейін РУД талдаумен белгіленген уақыт кезеңі ішінде өзгермеген жағдайда, бірақ кемінде 15 с немесе өздігінен ажыратылғанға дейін жұмыс істеуге тиіс.
Сынақтардан кейін тартымның (қуаттың) толық жоғалуына жол беріледі. Сынақтардың нәтижелері қалақ үзілген кезде қауіпті салдарлармен істен шыққандарының болмауы туралы куәландыруға тиіс.
Желдеткіш қалақтарының беріктігін тексеру үшін мыналарды көрсету мақсатында сынақтар өткізілуі тиіс, олардың:
1) ең жоғары айналу жиілігіне қатысты айналу жиілігі бойынша беріктігі жағдайында қолайлы қорлары бар қалақтардың бейінді бөлігін және құлыптамалы қосылуын;
2) жұмыс қалақтарын сөрелік құрсаулау қалақтардың байланыс беттерінің тозу процесін, қалақ тәжінің бөгде заттармен зақымдануын, сондай-ақ қозғалтқыштың зақымдануының салдарынан туындаған көтеріңкі тетіктік және жылу жүктемесін, құрсаудың түйіспесінің ажырап кетуіне немесе ондағы тартқыштың жоғалуына алып келмейтінін, нәтижесінде қалақтарда өсу беріктігінің жағдайлары бойынша қауіпті тербеліс кернеулерінің болу мүмкіндігін көрсету.
Қозғалтқышты:
1) текшелік ұзақ және баламалы-циклдық сынақтардың;
2) арнайы сынақтардың;
3) конструкция жұмысының жағдайлары және пер мен құрсаудың көлемдері бойынша сөренің және т.б. байланыс беттері бойынша материалға, жасау тәсіліне, шарттардың мәндеріне салыстырғанда құрсауланған қалақтары бар басқа қозғалтқыштарды пайдаланудың;
4) қолайлы әдістермен алынған басқа деректердің нәтижелерін талдау негізінде белгілеу керек.
761. ПОС тиімділігін тексеру.
Қозғалтқыштың ПОС тиімділігін тексеру бойынша арнайы текшелік сынау, минус 40оС температуралы нүктені қоспағанда, атмосфералық ауаның температурасы және мұз қатудың жасанды жағдайлары кезінде жүргізілуге тиіс.
Сынақтар текшелік ауажинағышпен жабдықталған және 150-сағаттық текшелік сынаққа ұсынылып отырған қозғалтқыштың ПОС конструкциясы бар қозғалтқышта жүргізілуге тиіс.
Қозғалтқыштағы ПОС жұмысының тиімділігі оның жұмысының мынадай режимдерінде:
1) жердегі аз газбан;
2) ұшудағы аз газбен;
3) бағдарламада көрсетілген аралық белгілермен;
4) шарықтаумен тексерілуге тиіс.
ПОС-ты текшелік сынауды 0оС - минус 30оС температуралардың диапазонын қамтып өткізген жөн. Бұл ретте эксперименталдық нүкте қоршаған ауаның (в оС) нақты температураларының мынадай аралықтарында: 0о - минус 5о; минус 7о - минус 15о; минус 15о - минус 25о; минус 25о - минус 30о алынуы мүмкін.
ПОС-тың берілген талаптарға сәйкестігі сынақтар барысында алынған ең аз температураның шамасына дейін расталады. Ауаның әрбір нақты температурасы үшін сулылықты 6-кестенің деректері бойынша тұрғызылған қисық сулылық бойынша орнату керек.
Қозғалтқыштың жұмыс істеп тұрған ПОС-ын жер жағдайында режимдердің әрқайсысына сынаудың ұзақтығы:
1) 454-тармағында берілген температураға, сулылыққа және тамшы диаметріне сәйкес келетін мұз қату жағдайларында 30 мин;
2) 455-тармағында берілген температураға, сулылыққа және тамшы диаметріне сәйкес келетін мұз қату жағдайларында 5 мин тұруға тиіс.
Сынақтардың уақыты осы режим үшін РП көрсетілген үздіксіз жұмыс уақытынан аспауы тиіс.
Ескерту. Орындаудың тәртібі мен бірізділігі сынақтар бағдарламасында көрсетілуге тиіс. Бірнеше сынақтар өткізуге жол беріледі, олардың әрқайсысы температуралар үшін белгіленген тұрақты сулылық кезінде өткізіледі.
Минус 10оС-тан 0оС-қа дейінгі температуралар диапазонында және өткізілген сулылық шамасы кезінде жердегі және ұшудағы аз газ режимдеріндегі тексерулер аяқталғаннан кейін шарықтау режиміне дейін қолайлылықты тексеру жүргізілуге тиіс. Қолайлылықты тексеру саны сынақтар бағдарламасында көрсетілуге тиіс.
Қозғалтқыштың ПОС-ы мен ауажинағыштың ПОС-ын қосуды кешіктірген жағдайда қозғалтқыштың жұмыс қабілеттілігін тексеру ұшудағы аз газ режимінде және басқа да бағдарламада көзделген мұз қату жағдайларындағы аралық режимдерде белгіленген текшелік сынақтар кезінде жүргізілуге тиіс.
Мұз қатудың штаттағы белгі берушілері жұмыс істей бастаған сәтпен салыстырғанда көрсетілген ПОС-ты қосуды кешіктіру бір минутты құрауға тиіс.
Қозғалтқыш ПОС-ның тиімділігін тексеру қозғалтқыш ПОС-ның мұқтажына бір мезгілдегі ауажинағыш ПОС-ның жұмысы үшін талап етілетін ауа шығысының имитациясы арқылы ауаны іріктеп алуды қамтамасыз ететін құрылғымен өткізілуге тиіс.
Қозғалтқыш ПОС-ның тиімділігін бағалау бойынша сынақтар кезінде пайдаланылуы қозғалтқыш ПОС-ын қосу кезінде шешілетін ауаны (газды) таңдап алу бойынша барлық құрылғылар қозғалтқыштың жұмысы үшін барынша қолайсыз жағдайда болуға тиіс. Ауаны (газды) таңдап алу бойынша құрылғылардың басқаша болуы мүмкін жағдайының қозғалтқыштың жұмысында ақаулардың пайда болмайтындығына алып келмейтіндігі расталуға тиіс.
762. Қоршаған ауаның әртүрлі температуралары кезінде жердегі жағдайларда қозғалтқышты іске қосу қасиеттерін тексеру.
Іске қосу жүйесінің электр бөлігі, ұшақтың мұқтажына қызмет көрсетуге арналған агрегаттардың саны мен үлгісі, сондай-ақ сынақтар кезінде іске қосу құрылғысының қорек көздері қозғалтқышқа арналған техникалық құжаттамада көрсетілгендерге сәйкес келуге тиіс. Қажет болған жағдайда қоректену көздерінің имитациясына жол беріледі.
Қозғалтқышты іске қосу қасиеттерін тексеру және іске қосу сенімділігін тексеру бойынша арнайы сынақтар шарттардың диапазонында және отын мен майдың тиісті температуралары кезінде өткізілуге тиіс. Осы сынақтар табиғи жағдайларда немесе термокамерада өткізілуі мүмкін.
Сынақтардың жағдайларымен көзделген іске қосулардың жалпы санының қозғалтқыштың кіре берісіндегі майдың ең аз мәлімделген температурасы кезінде кейіннен (әрбір жалған іске қосудан кейін) қалыпты іске қосумен (отынды дренаждауға белгіленген уақыт кезеңі аяқталғаннан кейін) кем дегенде екі қалыпты іске қосулар мен екі жалған іске қосулар орындалуға тиіс.
1-ескерту. Электр стартері қолданылған жағдайда қалыпты іске қосу ең аз мәлімделген кернеу кезінде, жалған іске қосу - электр тогының ең жоғары мәлімделген кернеуі кезінде орындалуға тиіс.
2-ескерту. Әуе стартері қолданылған жағдайда қалыпты іске қосу ең аз мәлімделген ауа қысымы кезінде, жалған іске қосу - іске қосу құрылғысының кіре берісіндегі ең жоғары мәлімделген ауа қысымы кезінде орындалуға тиіс.
Іске қосу жөніндегі сынақтармен көрсетілген жағдайларда:
1) қозғалтқышты іске қосу жүйесі жұмысының қоректенудің борттық көздерінен де және әуеайлақтық көздерден де (іске қосылған қозғалтқыштан, КГТҚ, жердегі іске қосу қондырғысынан) алынған жеткілікті сенімділігі;
2) іске қосуды қамтамасыз етуге арналған отын аппаратурасын бірыңғай реттеудің жеткіліктілігі көрсетілуге тиіс.
Ескерту. Қозғалтқышты бірыңғай реттеумен іске қосуды тексеру кезінде жылу реттегіш аппаратураға техникалық жағдайлары арқылы айқындалған отын шығыстары жағдайында қозғалтқышты қалыпты іске қосу мүмкіндігі расталуға тиіс.
763. Ауажинағышқа бөгде заттардың (құстардың, судың, кесек мұз бен бұршақ кесегінің) түсуі кезіндегі қозғалтқыштың жұмыс қабілетін тексеру.
Мыналар:
1) ауажинағышқа бір ірі құстың түсуінің салдарынан қозғалтқыш алған ақау қауіпті зардаптары бар істен шығуды тудырмайды (тартымның немесе қуаттың толық ысырабы мұндай жағдайда қауіпті зардап ретінде қарастырылмайды);
2) ауажинағышқа орташа көлемдегі немесе ұсақ құстардың түсу зардабы 12-кестеде (2 және 3-тармақтарда) сәйкес қол жетімді болып табылады. Егер қозғалтқыш оған бөгде заттар түсуден сақтандыру үшін қорғау құрылғыларымен жабдықталса, онда осы құрылғы сынақтар кезінде жұмыс жағдайында болуға тиіс.
Сынақтардың растау жағдайы 12-кестеде көрсетілген. Талаптарды қанағаттандыру мынадай тәсілдермен:
1) қозғалтқыштың кіре берісіндегі (ВНА қалағына, алдыңғы подшипниктің корпусы және т.б.) ағатын бөліктің жылжымайтын бөлшегінің бұзылу зардаптары бойынша аса қауіпті ірі құс түскен жағдайда, жұмыс істемейтін немесе жұмыс істейтін қозғалтқыш арқылы сынаумен;
Бұл сынақ, егер қозғалтқыштың ағатын бөлігі жылжымайтын бөлшегінің сынуы, ротордың бөлшегі айналып тұрған кезде ірі құстың түсуі нәтижесінде болған сынудан гөрі аса ауыр салдарға алып келмейтіні дәлелденген болса, өткізілмеуі мүмкін;
2) қозғалтқыш роторының бөлшегі айналып тұрған кезде ірі құстың түсуі жағдайындағы сынақпен расталуға тиіс.
Сынақтар жағдайындағы растау 12-кестеде көрсетілген талаптарын қанағаттандыру мынадай тәсілдердің біреуімен:
1) бағдарламамен белгіленген уақыт ішінде ең жоғары оң режимде құстар тасталғаннан кейін қозғалтқыштың істеген жұмысымен;
2) құс тасталғаннан кейін компрессордың алдыңғы сатыларының жұмыс қалақтарын тербеліс кернеулерін арттыру беріктігінің жағдайлары бойынша жол берілмейтін қалақтарда қозғалтқыштың болуы мүмкін ақауын көрсету мақсатында тензометриялаумен расталуға тиіс.
Егер орташа және ұсақ құстарды тастағаннан кейін тартқыштың (қуаттың) жоғалуы 25%-ды құрайды немесе қауіпті салдарлары бар істен шығуға әкелуі мүмкін қозғалтқыштың ақауы табылса, онда қажетті конструктивтік құралдар әзірленуге және осы құралдардың тиімділігіне тиісті сынақтар қайталау арқылы тексеру жүргізілуге тиіс.
Қозғалтқышқа жаңбыр суының, мұз кесегінің және бұршақтың түсуі (6.1-кесте) олардың:
1) ротордың сыналануына алып келуі мүмкін (мысалы, ротор мен статордың арасындағы саңылауларды азайтқаннан) қозғалтқыш конструкциясының механикалық ақауларын;
2) қозғалтқышты өшіруге алып келуі мүмкін техникалық сипаттамалардың дереу немесе кейіннен нашарлауын;
3) техникалық жағдайлар бойынша жол берілетінмен салыстырғанда газ температурасының арттыруды;
4) техникалық жағдайлар бойынша қозғалтқыштың жол берілмейтін тартымдық сипаттамаларының нашарлауын тудырмайтынын көрсету қажет.
Қозғалтқышқа қауіпті болуы мүмкін судың, мұздың немесе бұршақтың түсуінен көрсетілген зардаптар болған жағдайда ұшақтың бірнеше қозғалтқыштарында бір мезгілде туындаған кезде, кейіннен олардың тиімділігін эксперименталдық растай отырып, тиісті конструктивтік құралдарды әзірлеу және қолдану қажет.
Қозғалтқыштың ауажинағышына берілген судың көлемі жаңбыр кезінде қозғалтқышқа түскен (12-кесте) 1 м3 ауаның құрамына сәйкес келуге тиіс. Ұзақтығын және сынақтардың жағдайларын атмосферада жаңбыр болған кезде ұшу жағдайларында қозғалтқыштың жұмыс істеу мүмкіндігін ескеріп бағдарламамен белгілейді.
Қозғалтқыштың жұмыс режимі, мұз бен бұршақ кесектерінің көлемі мен саны, оларды тастаудың кезеңділігі 12-кестеге сай таңдап алынады.
Осы сынақтар үшін қозғалтқышты тұтастыру 150-сағаттық текшелік сынақтар үшін мынадай элементтер бойынша:
1) алдыңғы тіректер мен кіретін бағыттаушы аппараттың конструкциясы бойынша;
2) желдеткіш сатының қалақтары мен жоғары және төмен қысымды компрессорлар сатыларының конструкциясы бойынша;
3) газды әуе жолының берік бөлігіндегі статорлық және роторлық бөлшектердің арасындағы осьтік және радиальдық саңылаулардың шамасы бойынша оны тұтастыруға сәйкес келуге тиіс.
Ескерту. 1. Кез келген заттарды жұмыс істеп тұрған қозғалтқышқа тастағаннан кейін соңғысы талап етілген уақыт ішінде оның жұмысын жалғастырудың алдында қарау үшін қалдырылуы мүмкін.
2. Қозғалтқыштың біреуінде барлық сынақтарды жүргізуге жол беріледі. Мұндай жағдайда қозғалтқышқа заттар тасталғаннан кейін қажетті ұсақ жөндеу (рихтовка, тазалау, және т.б.) жүргізілуі мүмкін.
764. Қозғалтқыш роторларының беріктігін тексеру.
Қозғалтқышты әрбір роторы үшін олардың өлшенген температуралары бойынша энергия сыйымды элементтердің (мысалы, дискілер, барабандар, проставкалар, цапф) статикалық беріктік қорларының есептілік шамасы айқындалуға тиіс. Беріктік қорларының жеткілікті шамасы ұқсас конструкциялардың қозғалтқыштарын пайдаланудың бар тәжірибесі негізінде бағаланады.
Роторлардың статикалық беріктігін сынау мынадай жағдайларда:
1) айқындалған беріктік қорларының жеткіліксіз шамалары кезінде;
2) қағидаттық жаңа конструкциялар, материалдар мен жасау технологиялары үшін немесе есептемелік бағалаудың сенімді әдістері болмаған кезде өткізілуге тиіс.
Ескерту. Егер сынақтарға жекелеген дискілер жататын болса, онда роторға сұғынып тұратын бөлшектермен түйіндесу және жүктемелер жағдайларын жаңғырту кезінде осы дискілерді ғана сынауға рұқсат етіледі.
Қозғалтқыш роторларының әрқайсысын олардың қайсысы ауыр екендігіне байланысты төменде көрсетілген беріктік жағдайларына қарай аса ауырында 5 мин ішінде жеке сынау қажет:
1) ең жоғары мәннің 120% тең ротордың айналу жиілігі кезінде. Айналу жиілігінің ең жоғары мәні мен пайдаланылатын бөлшектердің температурасы РП сай пайдалану кезінде мүмкін болатын барынша қолайсыз жағдайларға сәйкес келуге тиіс;
2) қозғалтқыштың айналу жиілігін көбейтуді тудыратын қандайда бір элементінің немесе жүйесінің істен шығуы кезінде барынша мүмкін болатын 105% тең ротордың айналу жиілігі кезінде.
Бөлшектердің сынақтар кезіндегі температурасы мұндай жағдайда көрсетілген істен шығу кезінде мүмкін болатындардың ішінен аса қолайсыздарға сәйкес келуге тиіс. Осы тармақта көрсетілген айналу жиілігі материалдың ең аз рұқсат етілген беріктік сипаттамаларына және сыналатын бөлшектердің көлемдеріне (рұқсат ету шектерінде) жатқызылады.
Сынақтардың нәтижелері, егер роторлардың бұзылған жағдайлары байқалмаса, қанағаттанарлық деп танылады.
Сынақтардың мынадай түрлерін қабылдауға оңтайлы деп есептеген дұрыс:
1) қозғалтқыштың құрамындағы ротордың сынау. Мұндай жағдайда ротордың 115%-ке дейін айналу жиілігін төмендетуге рұқсат етіледі;
2) екпінді текшеде толық көлемдегі роторды жылылықпен және айналу жиілігімен сынау;
3) екпінді текшеде толық көлемдегі роторды айырмашылығы бар жылытпастан немесе жылыту жағдайлары кезінде сынау. Мұндай жағдайда статикалық беріктік қоры есептемелік жолмен (жағдайлардағы жылытпастан сынақтар өткізу кезінде алынған деректерді қайта санай отырып) айқындалуы тиіс.
Роторды және оның жекелеген бөлшектерін аз циклді көнеруін және беріктік ұзақтығын қозғалтқышта немесе баламалы-циклдық бағдарламалар бойынша арнайы жабдықталған екпінді текшеде тексеру.
765. Роторларды көтеріңкі газ температурасы кезінде турбина алдында тексеру.
Роторларды тексеру шарықтау режиміне сәйкес келетін айналу жиілігі кезіндегі және пайдаланудың күтілетін жағдайлары үшін шарықтау режиміндегі ең жоғары температураның кем дегенде 45 оС-қа арттыратын турбина алдындағы газ температурасы кезіндегі сынақпен жүргізілуге тиіс. Қозғалтқыш роторлары бөлшектерінің жай-күйін сынақтан өткізгеннен кейін олардың одан әрі пайдалануға жарамдылығы расталуға тиіс.
Бір ротордан көп роторлы қозғалтқыштағы әрбір ротор турбина алдындағы рұқсат етілген газ температурасынан асатын тиісті температура кезінде тексеруден өтуге тиіс. Осы сынақ, егер осы сынақтың талаптары турбинаның ыстық бөлшегіне температуралық және уақыттық аса қатты немесе тым болмаса, көрсетілген шарттарға баламалы әсері бойынша көрсетілген болса, сынақпен ауыстырылуы немесе олармен біріктірілуі мүмкін.
766. Еркін турбинамен көтеріңкі айналдыру сәті кезінде ТВҚ-ның жұмыс қабілетін тексеру.
Еркін турбиналы ТВҚ не еркін турбина валына ең жоғары рұқсат етілген айналдыру сәті кезінде, не ең жоғары мәлімделген айналдыру сәтінің (қайсысының көптігіне байланысты) 3%-ға көп айналдыру сәті кезінде сынақтан өткізу қажет.
Көтеріңкі айналдыру сәті кезіндегі сынақ ретламенттелген 150-сағаттық сынақтардың бөлігі ретінде немесе арнаулы текшелік сынақ ретінде өткізілуі мүмкін.
Сынақты, егер осы сынақты алмастыратын басқа эксперименттерден алынған дәлелдер ұсынылған болса, өткізбеуге болады. Мұндай дәлелдер қозғалтқышты тұтастай сынақтардан өткізудің немесе оның элементтерінің жекелеген топтарын оларға барабар сынақтар өткізудің нәтижесінен алынуы мүмкін.
Сынақ тежегіш құрылғымен немесе шарықтау режимінің айналу жиілігі кезінде тиісті әуе бұрымымен бірлесіп жүргізілуге тиіс.
Егер шарықтау режиміне сәйкес келетін айналу жиілігі кезінде көтеріңкі айналдыру сәтіне қол жеткізбесе, онда сынақты осындай айналдыру сәтін алу мүмкіндігі жағдайында айналу жиілігі кезінде өткізген жөн.
Еркін турбинаға кірер алдындағы газдың температурасы шарықтау режиміне арналған ең жоғары температураға тең, ал қозғалтқышқа кіре берістегі майдың температурасы еркін турбинаның подшипниктері жұмысының аса ауыр жағдайларына сүйене отырып белгіленуге тиіс.
Көтеріңкі айналдыру сәті кезіндегі сынақ мыналардан тұруға тиіс:
1) қозғалтқыштың мөлшермен 0,75 шарықтау қуатына сәйкес келетін режимдегі 5 мин ішіндегі үздіксіз жұмысы;
2) қозғалтқыштың (әрқайсысының ұзақтығы кем дегенде 3 мин үздіксіз циклдармен) режимдердің біреуіндегі, 15 мин ішіндегі жұмысы.
Өлшемдерден басқа, сынақтар кезінде еркін турбина подшипниктерінің температурасы өлшенуге тиіс.
Сынақтардың нәтижелері, егер қозғалтқышты сынақтардан өткізгеннен кейін бөлшектердің ақауын табу олардың одан әрі пайдалану үшін жарамдылығы туралы куәландырса, қанағаттанарлық деп танылады.
767. Қозғалтқыштың отын жүйесі мен автоматты реттеу жүйесін (АРЖ) тексеру.
Техникалық құжаттамада көрсетілген тазалау жұқалығы, ең жоғары және ең төмен қысымдар мен пайдаланудың күтілетін жағдайларындағы қозғалтқышқа кіре берістегі отын температуралары жағдайында қозғалтқыштың отын жүйесінің жұмыс қабілетін растайтын сынақтар жүргізілуге тиіс. Сондай-ақ отын жүйесінің жұмыс қабілеттілігі мен қозғалтқыштың АРЖ-нің үлгі бейіні бойынша ұшудың ең жоғары ұзақтығының кем дегенде жартысына тең уақыт ішінде отын сүзгішінде сақталатыны көрсетілуге тиіс барлық сынақтар жекелеген элементтерде (агрегаттарда), жүйелерде немесе қозғалтқышта өткізілуі мүмкін.
Егер 150 сағаттық текшелік сынақтар жағдайы қозғалтқыштың автоматты реттеу жүйесінің кейбір функцияларын тексеруді, мысалы, еркін турбина роторының айналуын шектеуді, айналдыру сәтін, газдың температурасын қамтамасыз етпесе, онда АРЖ осы функцияларды қанағаттанарлықпен орындайтынын көрсететін қосымша арнайы сынақтар өткізілуге тиіс.
Отын жүйесі мен АРЖ техникалық құжаттамада берілген қозғалтқыштың белгіленген режимдерін және қозғалтқыштың жұмыс қабілеттілігін айқындайтын реттелетін өлшемдердің жол берілмейтін бір режимнен екінші режимге аспауынсыз, ауытқуынсыз немесе түсуінсіз өтуі көрсетілуге тиіс.
Отын жүйесі мен АРЖ-і агрегаттарының пайдаланудың ерекше жағдайларының имитациясы кезіндегі жұмыс қабілеттілігі тексерілуге тиіс, олар мыналарды қамтиды:
1) кіре берістегі отынның болуы мүмкін ең төменгі қысымы (мысалы, айдап шығаратын сораптарды қосу имитациясы кезінде). Қозғалтқыштың жұмысы ұшу циклының имитациясымен тексерілуге тиіс;
2) қоректену көзін біреуінен екіншісіне қайта қосу.
Газ температурасы мен қозғалтқыштың басқа өлшемдерін шектеушілер өлшемді арттыру дабылының имитациясы кезінде тексерілуі мүмкін. Шектеушілер жұмысын тексерудің ұзақтығы техникалық құжаттамаға сәйкес ұшу циклындағы осы шектеушілердің іс-әрекетінің мүмкін ұзақтығына сәйкес келуге тиіс.
Сынақ шектеушілердің іске қосылуының тұрақтылығын растауға тиіс.
Арнайы сынақтар қозғалтқыштың отын жүйесі мен АРЖ агрегаттарының негізгі және резервтік отындардағы жұмыс қабілеттілігін растауға тиіс. Сынақтар кезінде:
1) пайдаланудың күтілетін жағдайларындағы қоршаған ортаның температурасы өзгерген жағдайда, агрегаттарды қайта реттеу қажеттілігінің болмауы;
2) негізгі отыннан резервтік отынға көшу кезінде отын жүйесі мен АРЖ агрегаттарындағы элементтерді реттеу диапазонының жеткіліктілігі расталуға тиіс.
Қозғалтқыштың отын жүйесі мен АРЖ элементтерінде пайдаланудың күтілетін жағдайларындағы ресурс ішінде қозғалтқыштың қалыпты жұмысына кедергі келтіретін кавитациялық эрозияның туындамауы көрсетілуге тиіс.
Сынақтар кезінде сораптарда немесе жүйелердің басқа элементтерінде мұндай эрозияның болуы мүмкін жерлерде кавитациялық эрозияның туындамауына жәрдемдесетін аса қиындық туғызатын жағдайлар жаңғыртылуға тиіс.
Дренажды құрылғылардың талаптарына сәйкес келуі құйып алынатын отынға арналған дренажды сыйымдылық көлемінің жеткіліктілігі мен автоматты босату және отынды қайтару жүйесінің жұмыс істеуінің дұрыстығын бағалаумен тексерілуге тиіс.
768. Ротордың ең жоғары айналу жиілігін көтеру кезінде қозғалтқыштың жұмыс қабілеттілігін тексеру.
Ротордың мәлімделген ең жоғары айналу жиілігін қысқа мерзімді арттыру пайдалануда мүмкін болған жағдайда қозғалтқыштың жұмыс қабілеттілігін тексеру үшін ең жоғары айналу жиілігінің 103% құрайтын айналу жиілігі кезінде арнайы сынақтар өткізілуге тиіс.
Осындай (103%) айналу жиілігі режиміндегі жиынтықты істелген жұмыс 3 минуттен үзіліссіз, газдың аз режимінде 2,5 минут ішінде циклдер арасында үзіліспен 15 минутты құрауға тиіс.
Ескерту. Қос контурлы қозғалтқыштарда жоғары қысымды ротордың сынағы, егер оның пайдалану жағдайларында ең жоғары айналу жиілігінің артуы екіталай екені көрсетілсе, өткізілмеуі мүмкін.
Сынақ турбина алдындағы газ температурасы мен қозғалтқышқа кіре берістегі ең жоғары май температурада ең жоғары рұқсат етілген пайдалану кезінде өткізілуге тиіс. Турбина алдындағы газдың қажетті температурасын алу үшін, мысалы, реактивтік шүмектің немесе еркін турбинаның шүмектік аппараттың қиылыс алаңын өзгертуге рұқсат етіледі. Егер турбина алдындағы газдың ең жоғары температура жағдайынан тыс айналудың қажетті жиілігі отын шығысы жөніндегі шектеулердің салдарынан алынса, онда сынақтар үшін қажетті айналу жиілігін қамтамасыз ететін турбина алдындағы газдың аса жоғары мүмкін температурасы кезінде өткізілуге тиіс.
Қозғалтқыштардың әртүрлі немесе ең жоғары айналу жиілігін қажетті арттыруды реттеудің әртүрлі заңдары бар үлгілері үшін мынадай тәсілдердің бірі қамтамасыз етілуі мүмкін:
1) егер қозғалтқыштың бірнеше роторы бар болса және әрбір роторда талап етілетін айналу жиілігіне бір мезгілде жету мүмкін болмаса немесе қиынға түссе, онда ең жоғары айналу жиілігі әрбір ротор үшін жеке-жеке орнатылуға тиіс;
2) барлық режимдерде ротордың айналу жиілігі тұрақты қолдау табатын қозғалтқыш үшін, сынақ айналудың осы тұрақты жиілігінің 103% құрайтын айналу жиілігі кезінде өткізілуге тиіс;
3) егер сынақ кіре берістегі ауаның төмен температурасы кезінде өткізілсе, онда ротордың (роторлардың) талап етілетін айналу жиілігі кіре берістегі ауаны дросселдеу жолымен алынуы мүмкін. Сонымен бірге ең жоғары рұқсат етілгеннен төмен шарықтау режимінде турбина алдындағы газдың температурасы жоғары деңгейдегі ТВҚ үшін ең жоғары айналу жиілігінің 103%-на тең ротордың айналу жиілігін алу турбина алдындағы газдың температурасына әуе бұрамының жүктемесін төмендетпестен арттыру арқылы жетуі мүмкін.
Ескерту. бұл ретте газдың температурасы оны ең жоғары қол жетімді мәнінен аспауы тиіс;
4) еркін турбиналы қозғалтқыш үшін соңғысы шарықтауға немесе еркін турбина роторының барынша айналу жиілігі бар басқа режимге арналған айналу жиілігінің кем дегенде 103%-ын құрайтын айналу жиілігі кезінде жұмыс істеуге тиіс;