«2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың
паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі)»
(ҚР Үкіметінің 2006.15.12. № 1220 Қаулысына 188-208-қосымшалар)
(үзінді)
Осы редакция 2007 жылғы 13 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналардың:
188, 189, 190, 191, 192, 193, 194, 195, 196, 197, 198, 199, 200, 201, 202, 203, 204, 205, 206, 207, 208-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсін.
2. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
188-ҚОСЫМША
217 - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Мемлекеттік бюджеттің атқарылуын және оның атқарылуына
бақылауды қамтамасыз ету» деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 31271056 мың теңге (отыз бір миллиард екі жүз жетпіс бір миллион елу алты мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексінің (Салық кодексі) 21, 373, 368, 397, 531-баптары; 2003 жылғы 5 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Кеден кодексі; 2004 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі; «Ақша төлемі мен аударымы туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 29 маусымдағы Заңының 13-бабы; «Этил спирті және алкоголь өнімін өндіру мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі Заңының 3 , 13-баптары; «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңы; «2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 8 желтоқсандағы Заңы; «Қазақстан Республикасында этил спирті мен алкогольді өнімдер импортын лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 27 маусымдағы № 1031 қаулысы; «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысы; «Қазақстан Республикасы кеден органдарының лауазымды адамдарының нысанды киімі мен айырым белгілерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 тамыздағы № 1247 қаулысы; «Қазақстан Республикасының аумағында автомобиль тасымалдарына бірыңғай мемлекеттік бақылау жүйесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 8 қыркүйектегі № 1358 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден комитетінің «Кинологиялық орталығы» мемлекеттік мекемесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 15 ақпандағы № 230 қаулысы; «Халықаралық іскерлік операцияларда трансферттік бағалар қолдану кезінде мемлекеттік бақылауға жататын тауарлардың жекелеген түрлеріне рыноктағы бағалары бойынша ресми ақпарат көздерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 9 маусымдағы № 788 қаулысы; «Жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркеу үшін алым ставкаларын, жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 6 желтоқсандағы № 1586 қаулысы; «Фискальдық жады бар бақылау-касса машиналарын қолдану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 18 сәуірдегі № 449 қаулысы; «Республикалық мониторингке жататын салық төлеушілердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 тамыздағы № 850 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1127 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1129 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1133 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің мемлекеттік мекемелерін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1470 қаулысы; Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 ақпандағы № 110 қаулысы; «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 9 ақпандағы № 96 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Мемлекеттік бюджетті атқару, кедендік бақылау, бюджетке салықтарды түсіруді және басқа да міндетті түсімдерді түсіруді қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруды және іске асыруды қамтамасыз ету, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды аударудың толықтығы және уақтылылығы, ішкі қаржылық бақылау мен мемлекеттік сатып алу, темекі бұйымдарын, этил спирті мен алкоголь өнімдерін, мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және айналымын мемлекеттік реттеу, банкроттық (банктерді және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын қоспағанда), борышкерді таратудың соттан тыс рәсімі, дәрменсіз борышкерлерге қатысты оңалту рәсімдері, бухгалтерлік есепке алу, қаржылық есептілік және аудит салаларында мемлекеттік саясатты қалыптастыруды және іске асыруды қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Мемлекеттік бюджетті атқару, бюджеттік есепке алу, кедендік, салықтық бақылау, ішкі қаржылық бақылау мен мемлекеттік сатып алу, темекі бұйымдарын, этил спирті мен алкоголь өнімдерін, мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және айналымын мемлекеттік реттеу, банкроттық (банктерді және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын қоспағанда), борышкерді таратудың соттан тыс рәсімі, дәрменсіз борышкерлерге қатысты оңалту рәсімдері, мемлекеттік меншікті басқару, бухгалтерлік есепке алу, қаржылық есептілік және аудит салаларында салааралық үйлестіру, әдістемелік басқару және бақылауды жүзеге асыру.
Республикалық бюджеттің тиімді атқарылуын және жергілікті бюджеттердің атқарылуына қызмет көрсетуді қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасы ұлттық қорының қалыптасуын және пайдаланылуын қамтамасыз ету, бюджеттік есепті жүргізуді қамтамасыз ету, бюджет жүйесінде бюджеттік және бухгалтерлік есеп пен есептілікті дамыту және жетілдіру.
Өзінің лауазымдық міндеттерін тиімді орындау және кәсіби шеберлігін жетілдіру үшін қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес кәсіби қызмет саласындағы білім беру бағдарламалары бойынша теориялық және практикалық білімді, іскерлікті және кәсіби дағдыны жаңарту.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағ дар лама коды | Кіші бағ дар лама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орын даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 001 | | Мемлекеттік бюджеттің атқарылуын және оның атқарылуына бақылауды қамтамасыз ету | | | |
2 | | 001 | Орталық органның аппараты | Республикалық бюджет түсімдері мен қаржыландыруының жиынтық жоспарын қалыптастыру, бюджетті атқару жөніндегі есептілікті жасау, сондай-ақ мемлекеттік қаржы және меншік жөніндегі статистикалық есептілікті жасау. Салықтардың, алымдардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және бюджетке түсетін түсімдердің толық түсуін, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды аударудың толықтығын және уақтылылығын қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына шикізат секторы ұйымдарынан бюджетке түсетін түсімдердің бөлігін аудару, этил спирті мен алкоголь өнімдерінің, темекі бұйымдарының, мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және айналымын мемлекеттік реттеу, салық төлеушінің салық міндеттемелерін орындауына салықтық бақылау, республикалық және жергілікті бюджеттерді атқару жөніндегі атқару, есепке алуды және есептілікті жүргізу, олардың атқарылуын бағалау, гранттарды, мемлекет активтерін, мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекеттік мекемелердің билігінде қалған тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатудан түскен ақшаны пайдалану бөлігінде мемлекеттік қаржылық бақылау объектілері қызметінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келетіндігіне тексеру жүргізуді қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасында кеден ісін басқаруды жүзеге асыру, банкроттық рәсімдерді (банктерді және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын қоспағанда), дәрменсіз борышкерді таратудың соттан тыс рәсімін, сондай-ақ дәрменсіз борышкерлерге қатысты оңалту рәсімдерін өткізуге мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету, мемлекеттік меншікті және жекешелендіруді басқару жүйесін ұйымдастыру. Мемлекеттік бюджетті атқару, бюджеттік есепке алу, кедендік, салықтық бақылау, ішкі қаржылық бақылау мен мемлекеттік сатып алу, темекі бұйымдарын, этил спирті мен алкоголь өнімдерін, мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және айналымын мемлекеттік реттеу, банкроттық (банктерді және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын қоспағанда), борышкерді таратудың соттан тыс рәсімі, дәрменсіз борышкерлерге қатысты оңалту рәсімдері, мемлекеттік меншікті басқару, бухгалтерлік есепке алу, қаржылық есептілік және аудит салаларында нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіру. Фискалдық құжаттама бойынша Халықаралық Бюроның электрондық деректер қорын пайдалану. Ақпараттық қызметтерді сатып алу, трансферттік бағаларды қолдану кезінде мемлекеттік бақылау жүргізу үшін пайдаланылатын ақпарат көздеріне жазылу. Мұрағаттық құжаттаманы өңдеу. Фискальдық жады бар бақылау-кассалық машиналарға арналған пломбыларды дайындауды, лицензиялар бланкілерін, қатаң есептілік бланкілерін басып шығаруды қамтамасыз ету. Салық төлеушілердің республикалық және өңірлік мониторингіне жататын, салық төлеушілердің тізбесіне енгізілген ірі салық төлеушілерге, этил спирті мен алкоголь өнімдерін шығаруды жүзеге асыратын лицензиаттарға және субъектілерге, өзге де салық төлеушілерге қолданыстағы заңнамаға олардың сәйкес келетіндігін анықтау үшін салықтық тексеруді жүргізу. Мемлекеттік сатып алу туралы хабарландырулары бар "Мемлекеттік сатып алу бюллетенін" басып шығаруды ұйымдастыру. Жедел іздестіру іс-шараларын өткізу. | Жыл бойында | Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі |
3 | | 002 | Аумақтық органдардың аппараттары | Республикалық бюджет түсімдері мен қаржыландыруының жоспарларын қалыптастыру, бюджетті атқару жөніндегі есептілікті жасау, сондай-ақ мемлекеттік қаржы мен меншік жөніндегі статистикалық есепті жасау. Салықтардың, алымдардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және бюджетке түсетін түсімдердің толық түсуін, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды аударудың толықтығын және уақтылылығын қамтамасыз ету саласындағы іске асырушылық және бақылау-қадағалау функцияларын қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына шикізат секторы ұйымдарынан бюджетке түсетін түсімдердің бөлігін аудару, этил спирті мен алкоголь өнімдерінің, темекі бұйымдарының, мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және айналымын мемлекеттік реттеу, салық төлеушінің салық міндеттемелерін орындауына салықтық бақылау, республикалық және жергілікті бюджеттерді атқару жөніндегі атқару, есепке алуды және есептілікті жүргізу, олардың атқарылуын бағалау, гранттарды, мемлекет активтерін, мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекеттік мекемелердің билігінде қалған тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатудан түскен ақшаны пайдалану бөлігінде мемлекеттік қаржылық бақылау объектілері қызметінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келетіндігіне тексеру жүргізуді қамтамасыз ету, өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының егемендігін, ұлттық және экономикалық қауіпсіздігін, Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өтетін тауарларды және көлік құралдарын кедендік ресімдеуді және оларға кедендік бақылауды жүзеге асыру, банкроттық рәсімдерді (банктерді және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын қоспағанда), дәрменсіз борышкерді таратудың соттан тыс рәсімін, сондай-ақ дәрменсіз борышкерлерге қатысты оңалту рәсімдерін өткізуге мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету, мемлекеттік меншікті және жекешелендіруді басқару жүйесін ұйымдастыру. Ел аумағынан тысқары энергия ресурстары санауыштарының көрсеткіштерін есепке алу және радиациялық бақылауды жүргізу. Мұрағаттық құжаттаманы өңдеу. | Жыл бойында | Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі |
4 | | 007 | Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру | 9 тематика бойынша мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру жөнінде мынадай қызметтерді сатып алу: 1) бюджет заңнамасын; 2) салық заңнамасын; 3) банкроттық туралы заңнаманы; 4) әкімшілік заңнамасын; 5) мемлекеттік мүлік және жекешелендіруді басқару жөніндегі заңнаманы; 6) қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алуды жетілдіру жөніндегі заңнаманы; 7) мемлекеттік кадр саясатын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы және іс жүргізу және электрондық құжат айналымын; 8) қаржы есептілігінің халықаралық стандарттарын; 9) қазынашылық органдарындағы ақпараттық жүйені және ақпараттық қауіпсіздік. Мемлекеттік және ағылшын тілдерін оқыту. | Жыл бойында | Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі |
5 | | 008 | Мемлекеттік органдардың ғимараттарын, үй-жайлары мен құрылыстарын күрделі жөндеу | Министрліктің ғимараттарына күрделі жөндеу жүргізуді ұйымдастыру. | Жыл бойында | Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігі |
6 | | 009 | Мемлекеттік органдарды материалдық-техникалық жарақтандыру | Министрлікті және оның комитеттерін материалдық-техникалық жарақтандыру. | Жыл бойында | Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі |
7 | | 017 | Ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және мемлекеттік органдарды ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету | Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі органдарының ақпараттық жүйелерін және міндеттерін сүйемелдеу. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі органдарының бағдарламалық-аппараттық құралдары мен жабдықтарына жүйелік-техникалық қызмет көрсету, ақпараттық жүйелерін әкімшілендіру. Бағдарламалық қамтамасыз етуді техникалық қолдау. Министрліктің, оның ведомстволары мен аумақтық бөлімшелерінің есептеу техникасының құралдары үшін жиынтықты, қосалқы бөлшектер мен шығыс материалдарын сатып алу. Интернет және УРБН желілеріне қол жеткізу қызметтерін алу. Ведомстволардың корпоративтік телекоммуникациялық желісінің байланыс арналары арқылы деректерді беру және оған қосымша қосылу қызметтерін алу, байланыс арналарын кеңейту, жер серігі байланыс арналарын жердегі байланыс арналарына ауыстыру. Лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуді және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің бағдарламалық құралдарын техникалық қолдауын ұзартуға лицензияларды сатып алу. Электрондық құжат айналымы бірыңғай жүйесін енгізуге арналған есептеу техникасын сатып алу. | Жыл бойында | Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі |
8 | | 101 | Кинология орталығы | Кеден органдарын асыл тұқымды иттермен қамтамасыз ету. Кеден органдары бойынша жануарларды азықпен, ветеринарлық-медициналық препараттармен, жабдықтармен, жарылғыш және есірткі заттарын алмастырғыштармен, асыл тұқымды, саптық қызметтік-іздестіру иттері үшін вакциналармен қамтамасыз ету. Кеден органдарының кинологтарын оқыту. Материалдық-техникалық жарақтандыру. | Жыл бойында | Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі |
9 | | 102 | Кедендік сараптама жүргізу | Зертханаларды аккредиттеу бойынша жұмыстар жүргізу. Зертханаларды аккредиттеу бойынша консалтингтік қызмет көрсетулер. Менеджмент сапасының жүйесін сертификаттау. Мемстандарт органдарында өлшеуіштерді орындаудың әдісін әзірлеу және аттестаттау. Аспаптар мен жабдықтардың өлшеу құралдарын тексеру. Қазақстан Республикасы Өлшеу құралдарын есепке алудың мемлекеттік тізіліміне аспаптар мен жабдықтарды енгізу. Қазақстан Республикасы Өлшеу құралдарын есепке алудың мемлекеттік тізіліміне мемлекеттік стандарттық үлгілерді енгізу. Ғылыми-техникалық әдебиеттерді сатып алу Ғылыми-техникалық мерзімді басылымға жазылу. Кедендік сараптама мәселесі бойынша оқу бейне фильмдер дайындауды ұйымдастыру. Зертхана қызметкерлерін жыл сайынғы медициналық қараудан өткізуді қамтамасыз ету және оларға медициналық көмек көрсету. Қазақстан Республикасының Мемстандарт органдарында және басқа да мамандандырылғын зерттеу мекемелерінде зерттеудің ерекше түрлерін өткізуге рұқсаттар мен лицензиялар, мамандардың аттестаттарын алу үшін сарапшыларды оқыту және тағылымдардан өткізу, біліктілігін арттыру. ҒЗИ және басқа да зертханалардағы шарт негізінде зерттеулер жүргізу және ақпараттар алу. Оқу-әдістемелік зертхана сыныптарын дайындау және жарақтандыру. Кедендік сараптама жүргізу процесін жүзеге асыру үшін кедендік зертханаларды материалдық-техникалық жарақтандыру. | Жыл бойында | Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі |
10 | | 103 | Оқу-әдістемелік орталық | Қазақстан Республикасы Кеден органдарының қызметкерлерін оқытуды ұйымдастыру және оқу-әдістемелік әдебиет сатып алу. Басқа да көрсетілетін қызметтерді сатып алу. | Жыл бойында | Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже:
бюджетті атқару жөніндегі рәсімдерді уақтылы ұйымдастыру, бюджеттер атқарылуының мониторингі, республикалық бюджеттік бағдарламаларды іске асыру мақсатында бюджет қаражатымен уақтылы қамтамасыз ету;
Қаржы министрлігі жүйесі органдарының әкімшілендіру рәсімдерінің тиімділігін, ақпараттық ашықтығын және айқындылығын арттыруды қамтамасыз ету, ақпараттық-техникалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
орташа 2884 адамның, оның ішінде аумақтық органдардағы 2658 адамның кәсіби деңгейін арттыру;
орташа 8583 адамға, оның ішінде аумақтық органдардағы 8202 адамға мемлекеттік тілді оқыту;
орташа 89 адамға ағылшын тілін оқыту.
Түпкі нәтиже:
Мемлекеттік органдардың республикалық бюджетті сапалы, уақытылы атқару;
Қаржы министрлігі жүйесінің органдарын ұстауға бөлінген қаражатты 100% игеру;
Салық төлеушілердің республикалық және өңірлік мониторингіне жататын, салық төлеушілердің тізбесіне енгізілген ірі салық төлеушілер салықтық міндеттемелерді сақтамаған кезде тексеру нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеуді жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі ақпараттық жүйесінің 100% уақыт үздіксіз жұмыс істеуі, айқын уақыт режимінде техникалық, жүйелік және бағдарламалық қамтамасыз ету;
дүниежүзілік Internet желісі арқылы күн сайын ақпараттық жүйелердің клиенттермен және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің өзара әрекет етуін қамтамасыз ету;
министрлік ведомстволарының корпоративтік телекоммуникациялық желілерінің жедел байланыс арналары бойынша берілетін деректер санының 100%-ы және/немесе ақпараттың жоғалуы мен деректер пакетінің бұрмалануы 0%.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
салық және Қазақстан Республикасының бюджетіне басқа міндетті төлемдерді төлеуге жеке тұлғалар мен мемлекеттік органдар өкілдерінің күн сайын өткізетін қолма-қол ақшасының көлемі 19 млн. теңгеден асатын соманы құрайды;
Агенттер қабылдаған бюджеттің кірісіне аударылған салық және салыққа жатпайтын түсімдердің жалпы көлемінен қолма-қол ақшаның үлес салмағы 0,4%-ды құрайды;
мемлекеттік бюджетке түсетін салық түсімдерінің жалпы сомасындағы кедендік төлемдер мен салықтардың үлес салмағы 20,1 %-ға дейін;
қатаң есептілік бланкілерінің бір бірлігін басып шығарудың шартты құны орташа есеппен 3 теңгені құрайды.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бір мемлекеттік қызметшінің біліктілігін арттыруға арналған шығындардың шартты құны орташа есеппен 22 350 теңгені құрайды.
кеден органы бойынша қызметтік-іздестіру итінің бір бірлігін ұстауға арналған шығынның орташа шартты құны 737 теңгені құрайды.
1 кеден сарапшысын ұстауға жүргізілген шығындардың шартты құны орташа есеппен 7,88 теңгені құрайды.
бір мемлекеттік қызметшінің біліктілігін арттырудың орташа шығыны - 14,05 мың теңге.
бір мемлекеттік қызметшіге мемлекеттік тілді оқытудың орташа шығыны - 14,7 мың теңге.
бір мемлекеттік қызметшіге ағылшын тілін оқытудың орташа шығыны - 16,7 мың теңге.
Уақтылылығы:
Белгіленген мерзімге сәйкес жоспарланған іс-шараларды орындау.
Сапасы:
мемлекеттік бюджетті атқару, бюджеттік есепке алу, кеден, салықтық бақылау, ішкі қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу, темекі өнімдерінің, этил спирті мен алкоголь өнімінің, мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеу, банкроттық (банктер мен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын қоспағанда), соттан тыс борышкерді тарату рәсімі, мемлекеттік меншікті басқару, дәрменсіз борышкерлерге қатысты оңалту рәсімдері, бухгалтерлік есеп, қаржылық есептілік пен аудит салаларында заң бұзушылықтарға жол бермеу;
қазіргі экономикалық жағдайға сәйкес кәсіби мемлекеттік қызметтің талаптарына сай мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін арттыру; мемлекеттік тілді оқытудың курстарын өткеннен кейін мемлекеттік тіл бойынша іс жүргізуге көшетін мемлекеттік қызметшінің үлесі - 10,19 %; ағылшын тілін оқытудың курстарын өткеннен кейін ағылшын тілі бойынша іс жүргізуге көшетін мемлекеттік қызметшінің үлесі - 1,54 %; біліктілігін арттыру курстарын өткеннен кейін жоғары тұрған лауазымдыққа тағайындалатын мемлекеттік қызметшінің үлесі - 1,9 %.
ақпараттың жеделдігін және дұрыстығын арттыру, мемлекеттік қызметті жедел ұсыну.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№№1220 қаулысына
189-ҚОСЫМША
217 - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Инвестициялық жобалардың аудитін жүзеге асыру»
деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 13500 мың теңге (он үш миллион бес жүз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы 1998 жылғы 25 наурыздағы Несие жөніндегі келісімді (Арнайы операциялар) (Су қорларын басқару және жерді қалпына келтіру жобасы) бекіту туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шілдедегі Заңы; «Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы 1998 жылғы 25 наурыздағы Қарыз туралы келісімді (Кәдімгі операциялар) (Су қорларын басқару және жерді қалпына келтіру жобасы) бекіту туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шілдедегі Заңы; «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкінің арасындағы (Жол көлігі саласын қайта құрылымдау жобасы) Қарыз туралы келісімді бекіту туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 20 шілдедегі Заңы; «Қазақстан Республикасы мен Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы автомобиль жолдары саласын дамыту жобасы жөніндегі заем туралы келісімді бекіту туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 31 қаңтардағы Заңы; «Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Қарапайым операциялар) (Аймақтық маңызы бар Алматы - Бішкек жолын қайта жаңарту жобасы) (Қазақстандық құрауыш) бекіту туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 31 қаңтардағы Заңы; «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Заем туралы Келісімді (»Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау (1 фаза)» жобасы) бекіту туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 20 наурыздағы Заңы; «Қазақстан Республикасы мен Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы «Автожол саласын (Атырау-Ақтау) қайта құрылымдау» Қарыз туралы келісімді бекіту туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңы; «Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкінің арасындағы Қарыз туралы келісімді (Ауылдық аумақтарды сумен жабдықтау және кәріз салалық жобасы) бекіту туралы» (Жай операциялар) Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 желтоқсандағы Заңы; «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Ауыл шаруашылығын қолдаудың жекешелендіруден кейінгі екінші жобасы) ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 14 желтоқсандағы Заңы; Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Ауыл шаруашылығы өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру жобасы) ратификациялау туралы Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 шілдедегі Заңы.