қосымша мамандандырылған бағдарламалық өнімдерді пайдаланушыларды инсталляциялауды болдырмауға мүмкіндік беретін веб-технологиялар арқылы «Мемлекеттік меншік тізілімі» ақпараттық жүйесіне пайдаланушылардың төте және тікелей қол жеткізуін қамтамасыз ету.
Түпкі нәтиже:
Бюджеттік бағдарламаның іс-шараларын іске асыру мемлекеттік бюджетті есепке алудың барлық салаларына, оның ішінде, басқару шешімдерін қабылдау мерзімін жеделдетуге және оның сапасы мен тиімділігін арттыруға кезеңді ықпал етеді.
Ақпараттық жүйелерді, атап айтқанда, салық, кеден, қазынашылық жүйесін, оның ішінде мемлекеттік сатып алу жүйесін, банкроттық рәсімдерді, мемлекеттік меншіктің тізілімін жүргізу рәсімдерін жүзеге асыру жүйесін, қаражат мониторингі және кірістер түсімін талдау, мемлекет шығыстарының тиімділігі бойынша жүйелерді біріктіру елеулі мәнге ие болады.
Бюджеттік бағдарламаның осы бөлігінің әсері салықтардың жиналымдылығын арттыру мен олардың түсу толықтығын қамтамасыз етуден көрінетін болады, салық, кеден органдарының, қазынашылық және қаржылық бақылау органдарының және мемлекеттік бюджет қаржысын есепке алу жүйесінің басқа органдарының іс-әрекеттерін үйлестіру мүмкіндігін, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оны түбірімен жою мүмкіндігін арттырады, елдің қауіпсіздігін арттыруға қабілет береді.
Бюджеттік бағдарламаның іс-шарасы Қаржы министрлігінің жүйесі органдарының ішіндегі сынды, азаматтармен және шаруашылық жүргізуші субъектілермен де ақпараттық алмасу процесін жылдамдатуды қамтамасыз етеді. Қажетті өндірістік функцияларды жүзеге асыруға шығынды қысқартуға, қағазсыз құжат айналымының үлесін ұлғайтуға мүмкіндік беретін, оның ішінде халықпен жұмыс кезінде ақпараттық технологиялардың құралдары мен аспаптарын пайдаланатын халық және шаруашылық жүргізуші субъектілер үлесінің өсуіне жанама индикатор болады.
Қазақстанның географиялық ережелерінің ерекшеліктері, өндірісті орналастыру құрылымы ақпараттық технологиялардың ерекше маңызын және халық пен бизнесті қажетті консультациялық қызметтермен қамтамасыз ету үшін ақпаратқа үзілген қол жеткізу жүйесін анықтайды. Қаржы министрлігінің жүйесінде қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды енгізу әлеуетті түрде барлық азаматтарға «электрондық үкімет» шеңберінде мемлекеттік қызметтерді жедел алуға мүмкіндік береді. Бұл жариялылықты дамыту және ақпарат саласында барлық азаматтардың тең құқықтарын анық қамтамасыз ету жолында маңызды қадам болады. Іnternet пайдаланушылардың саны және үзілген қол жеткізу жүйесінің көмегімен берілетін қызметтердің көлемі индикатор болады.
Бағдарламаны іске асыру Қазақстанды дүниежүзілік коммуникация мен стандарттар жүйесіне біріктіру үшін қажетті және жеткілікті жағдайлар құрады.
ҚР Қаржы министрлігінің жүйесінде «электрондық үкімет» технологиясын енгізу қызметтің тиімділігін арттырады, сыбайлас жемқорлықтың және әкімшілік барьерлердің азаюына әкеледі.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
30 %-дан аспайтын деңгейге дейін кеден шекарасында физикалық инспекциялардан алынатын импорт декларацияларының санын қысқарту;
10 %-ға алдын ала операцияларды ескере отырып, шекарада кедендік тазалаудың орташа уақытын қысқарту;
50 %-ға кедендік тазалаудан кейін тауарлардың кеден аумағына кіргеннен бастап шыққанға дейінгі уақытын өлшеу кезінде кедендік тазалаудың орташа ұзақтығын қысқарту;
декларация берілгеннен бастап 50 %-ға тауарларды шығаруға рұқсат берілгенге дейінгі уақытты өлшеу кезіндегі кедендік тазалаудың орташа ұзақтығын қысқарту;
тапсырыстарды өңдеу, статистикалық және талдамалы есептілікті (сағат) қалыптастыру уақытын қысқарту;
камералдық бақылау қорытындылары және салықтық тексеру актілері бойынша есептеулерге дейінгі соманы ұлғайту (теңге);
мемлекеттік мұқтаждықтар үшін тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуға бюджет шығыстарын азайту, мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүргізуге шығындарды азайту, өнім берушілер арасында бәсекелестіктің тең жағдайларын құру, жиналған ақпаратқа жедел қол жеткізу;
мәні бар ақпараттан шығындарды қысқарту;
инспекторлардың уақытын тиімсіз пайдалануынан болатын шығынды қысқарту;
мемлекеттік мұқтаждықтар үшін сатып алуды ұйымдастыруға, дайындауға және жүргізуге бюджет қаражатын 15 %-ға дейін үнемдеу;
әртүрлі берушілердің баға конъюнктурасының айқындығын қамтамасыз ету есебінен бюджет қаражатын 8-10 %-ға үнемдеу; берушілердің арасында бәсекелестікті күшейту есебінен сатып алу бағасын 5-7 %-ға қосымша төмендетуден бюджет қаражатын үнемдеу және шоғырландырылған лоттар бойынша бір түрлі өнімдердің сатып алынатын топтамаларын ірілендіру. Осылайша, жиынтық экономикалық әсер мемлекеттік сатып алуға бөлінетін бюджет қаражаты сомасының кем дегенде 30 %-ын құрай алады;
қазынашылық органдарына құжаттарды беру кезіндегі мемлекеттік мекемелердің шығынын азайту, құжат айналымы уақытын қысқарту және басқалар.
Уақтылығы:
Қарттардың белгіленген мерзіміне сәйкес.
Сапасы:
Есептер, ақпараттық қызметтер беретін ақпараттық жүйелердің жұмыс сапасы қанағаттандаратын пайдаланушылардың ең жоғарғы санына қол жеткізуге талпыну.
Мемлекеттік сатып алу процесін қалыптастыру және жүргізудің бірыңғай тәртібі, мемлекеттік сатып алу процесіне қатысушылардың мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы сақтауын сапалы бақылау, мемлекеттік сатып алу процесінде құқық бұзушылықтардың санын азайту, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің ақпараттық мәдениет деңгейін арттыру.
Мемлекеттік органдардың ақпараттық ашықтығын арттыру және олардың қызметінің үлкен айқындылығы мемлекетке деген азаматтардың сенімін арттыруға мүмкіндік береді және мемлекеттік шығыстарды бақылауды күшейтуге қабілет береді.