7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметінің стандарттық деңгейін ұсынуы.
Түпкі нәтиже: жергілікті бюджеттердің кредиторлық берешегінің болмауы.
Уақтылығы: жергілікті бюджеттік бағдарламаларды уақтылы қаржыландыру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
203-ҚОСЫМША
217 - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Тұрғын үй құрылыс жинақ салымдары бойынша сыйлықақылар төлеу» деген 024 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 346700 мың теңге (үш жүз қырық алты миллион жеті жүз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 7 желтоқсандағы Заңы, «Қазақстан Республикасында 2005-2007 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысының дамуының мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 маусымдағы № 1388 Жарлығы, «Тұрғын үй құрылысы ұзақ мерзімді қаржыландыру және ипотекалық несие беру жүйесін дамыту тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 21 тамыздағы № 1290 қаулысы, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 16 сәуірдегі № 364 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: тұрғын үй құрылыс жинақ ақшасы бойынша мемлекеттік сыйлықақылар беру бөлігінде Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін дамытудың мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: тұрғын үй құрылыс жинақ ақшасы бойынша мемлекеттік сыйлықақылар беру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 024 | | Тұрғын үй құрылыс жинақ салымдары бойынша сыйлақылар төлеу | «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ салымшыларына мемлекеттің сыйлықақысын төлеу. | 10 ақпанға дейін | Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: тұрғын үй құрылыс жинақ салымдары бойынша мемлекеттік сыйлықақыларды төлеу.
Түпкі нәтиже: тұрғын үй құрылыс жинақ ақшасы банктерінің салымшылары санын көбейту.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: тұрғын үй құрылыс жинақ салымдары бойынша мемлекеттік сыйлықақыларды төлеу ережелеріне сәйкес мемлекеттің сыйлықақысын алған «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ салымшыларының саны.
Уақтылығы: заңнамаға сәйкес мемлекеттің сыйлықақысын төлеуге «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ корреспонденттік шотына қаражатты уақтылы аудару.
Сапасы: тұрғын үй құрылыс жинақ салымдары бойынша мемлекеттің сыйлықақысын дұрыс және толық есептеу.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
204-ҚОСЫМША
217 - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Кедендік бақылау және кедендік инфрақұрылым объектілерін салу» деген 026 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1530818 мың теңге (бір миллиард бес жүз отыз миллион сегіз жүз он сегіз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 сәуірдегі Кеден кодексі.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: халықаралық стандарттарға және талаптарға сәйкес мемлекеттік шекарада тауарлар мен көлік-құралдарына бірлескен бақылауды, мемлекеттік шекараны қорғау мен сақтауды, Қазақстанның егемендігіне және аумақтық тұтастығына қол сұғушылыққа тыйым салуды, орын ауыстыратын объектілердің ветеринарлық-санитарлық қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, өсімдіктердің карантині жөнінде бақылауды, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын сақтауды жүзеге асыру, ұлттық, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшін қолайлы жағдай жасау, қарудың, есірткі заттарының, психотроптық заттардың, прекурсорлардың контрабандасын анықтау тұрғысынан нақты тексерудің сапасын жақсарту, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік әлеуетті арттыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 026 | | Кедендік бақылау және кедендік инфрақұрылым объектілерін салу | «2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің сәйкес сомалардың шегінде инвестициялық жобаларды мыналар бойынша іс-шараларға арналған белгіленген тәртіпте бекітілген жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес іске асыру: 1. Мынадай: - Атырау облысының «Котяевка»; - Атырау облысының «Оңтүстік Қарабатан»; - Маңғыстау облысының «Баутино» бірыңғай бақылау-өткізу пункттерін салуды аяқтау (21.04.2004 жылғы № 7-07-КБ/2004 үлгілік жобаға мемлекеттік сараптаманың қорытындысы); 2. Мынадай: - Батыс Қазақстан облысының «Бірлік» (17.02.2006 жылғы № 7-74-1/06 техникалық-экономикалық негіздеме бойынша мемлекеттік сараптаманың қорытындысы); - Солтүстік Қазақстан облысының «Бидайық» (17.02.2006 жылғы № 7-74-1/06 техникалық-экономикалық негіздеме бойынша мемлекеттік сараптаманың қорытындысы) бірыңғай бақылау-өткізу пункттерінің жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу, мемлекеттік ведомстводан тыс сараптама жүргізу және құрылысын салу; 3. Мынадай: - Ақтөбе облысының «Қарғалы» (17.02.2006 жылғы № 7-74-1/06 техникалық-экономикалық негіздеме бойынша мемлекеттік сараптаманың қорытындысы); - Маңғыстау облысының «Морпорт Ақтау» (17.02.2006 жылғы № 7-74-1/06 техникалық-экономикалық негіздеме бойынша мемлекеттік сараптаманың қорытындысы); - Жамбыл облысының «Ауқатты» (17.02.2006 жылғы № 7-74-1/06 техникалық-экономикалық негіздеме бойынша мемлекеттік сараптаманың қорытындысы); - Жамбыл облысының «Сортөбе» (17.02.2006 жылғы № 7-74-1/06 техникалық-экономикалық негіздеме бойынша мемлекеттік сараптаманың қорытындысы) кеден бекеттері инфрақұрылымының жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу, мемлекеттік ведомстводан тыс сараптама жүргізу және құрылысын салу; 4. Солтүстік Қазақстан облысы «Жаңажол» (17.02.2006 жылғы № 7-74-1/06 техникалық-экономикалык негіздеме бойынша мемлекеттік сараптаманың қорытындысы) кеден бекеті жолаушылар терминалының жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу, мемлекеттік ведомстводан тыс сараптама жүргізу және құрылысын салу. | Қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: Атырау, Маңғыстау облыстарында 3 объектіні аяқтау; Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Жамбыл, Маңғыстау облыстарында 7 объекті бойынша мемлекеттік ведомстводан тыс сараптамадан өткен бекітілген жобалау-сметалық құжаттама; Батыс Қазақстан облысының «Бірлік», Солтүстік Қазақстан облысының «Бидайық» бірыңғай бақылау-өткізу пункттерінің, Ақтөбе облысының «Қарғалы», Маңғыстау облысының «Морпорт Ақтау», Жамбыл облысы «Қордай» кеденінің «Ауқатты», Жамбыл облысы «Қордай» кеденінің «Сортөбе» кеден бекеттері инфрақұрылымының, Солтүстік Қазақстан облысы «Жаңажол» кеден бекеті жолаушылар терминалының құрылысы жөніндегі орындалған жұмыстардың көлемі.
Түпкі нәтиже: Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігін нығайту үшін кедендік бақылау және кедендік инфрақұрылым объектілерін пайдалануға енгізу.
Уақтылығы: жұмыстарды жүргізу кестесіне және жасалған шарттарға сәйкес.
Сапасы: құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
205-ҚОСЫМША
217 - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Еуразия даму банкіне қатысушы мемлекеттердің нарықтық экономикасының қалыптасуы мен дамуына, олардың экономикалық өсуі мен сауда-экономикалық байланыстарын кеңейтуге жәрдемдесу»
деген 027 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 23400000 мың теңге (жиырма үш миллиард төрт жүз миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық-негізі: «Еуразия даму банкін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 12 сәуірдегі Заңы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: халықаралық қаржылық-экономикалық ынтымақтастықтың нығаюына септігін тигізу.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Қазақстан Республикасының Еуразия даму банкінің жарғылық капиталын қалыптастыруға қатысуы.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 027 | | Еуразия даму банкіне қатысушы мемлекеттердің нарықтық экономикасының қалыптасуы мен дамуына, олардың экономикалық өсуі мен сауда-экономикалық байланыстарын кеңейтуге жәрдемдесу | Қазақстан Республикасының Еуразия даму банкінің жарғылық капиталындағы үлесін төлеу | Қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: Қазақстан Республикасының Еуразия даму банкінің жарғылық капиталындағы акциялардың 40 пайызын сатып алуы.
Түпкі нәтиже: Еуразия даму банкінің жарғылық капиталына төлемдерді 100 пайыз қамтамасыз ету.
Уақтылығы: Еуразия даму банкін құру туралы келісімде көрініс тапқан қаржыландыру мерзімдері мен шарттарын сақтау.
Сапасы: жүзеге асырылатын инвестициялар арқылы Қазақстан Республикасының экономикасын дамыту.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№№1220 қаулысына
206-ҚОСЫМША
217 - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған «Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне
қарсы күрес» деген 104 республикалық
бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 45883 мың теңге (қырық бес миллион сегіз жүз сексен үш мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасында нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2006-2014 жылдарға арналған Стратегиясын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 29 қарашадағы № 1678 Жарлығы, «Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 сәуірдегі № 240 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасында нашақорлық пен есірткі бизнесінің одан әрі таралуына қарсы тиімді мемлекеттік және қоғамдық іс-қимыл жүйесінің негізгі буындарын нығайту, кеден органдарын техникалық жарақтандыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы әрекет тетігін дамыту, есірткі құралдарының заңсыз айналымына және олардың теріс пайдаланылуына бақылау жасау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту, есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың контрабандасын анықтау нысанына кедендік тексеріс сапасын жақсарту.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 104 | | Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес | Қазақстан Республикасына есірткі құралдарының әкелінуінің алдын алу, елдегі есірткі ахуалын тұрақтандыруға жәрдем көрсету; нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы іс-әрекет жасау саласында халықаралық ынтымақтастықты дамыту; есірткі құралдарының контрабандасы фактілерін анықтау; нашақорлықтың алдын алу үшін мүдделі мемлекеттік органдармен өзара іс-әрекет жасауды күшейту. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: есірткілердің заңсыз айналымына қарсы күресті тиімді ұйымдастыру үшін кедендік бақылау органдарына қажетті жабдықтарды сатып алу жолымен есірткі және жарылыс заттары контрабандасының жолын кесу.
Түпкі нәтиже: Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігін нығайту, кедендік бақылау сапасын жақсарту.
Қаржы-экономикалық нәтиже: есірткі құралдарын айқындаудың фактісіне арналған шығындардың орташа құны - 228 мың теңге.
Уақтылығы: іс-шаралар жоспарының мерзіміне сәйкес қойылған міндеттерді іске асыру.
Сапасы: есірткі құралдарының кіруіне жол бермеу.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
207-ҚОСЫМША
217 - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Электрондық үкімет құру»
деген 112 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 3253225 мың теңге (үш миллиард екі жүз елу үш миллион екі жүз жиырма бес мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет Кодексі; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында «электрондық үкімет» қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2004 жылғы 10 қарашадағы №
1471 Жарлығы; «Ақпарат алмасуды қамтамасыз ету және мемлекеттік меншік жөніндегі деректердің ақпараттық базасын жүргізу жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 наурыздағы № 246 қаулысы; «Қазақстан Республикасы салық төлеушілерінің мемлекеттік тізілімін қалыптастыру және жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 28 мамырдағы № 579 қаулысы; «Қазақстан Республикасында «электрондық үкімет» қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 желтоқсандағы № 1286 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын орындаудың желілік кестесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 наурыздағы № 222 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ақпараттық технологияларды дамыту негізінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің органдары қызметінің айқындылығы мен тиімділігін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: 1) азаматтармен, шаруашылық жүргізуші субъектілермен, басқа органдармен ақпараттық-технологиялық өзара іс-әрекеттердің тиімділігін қамтамасыз ету;
2) мемлекет алдындағы міндеттемелерін орындау рәсімдерін біржолғы оңайлату кезінде азаматтар мен шаруашылық жүргізуші субъектілерге көрсетілетін қызметтердің аясын кеңейту;
3) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі ақпараттық жүйесінің жұмыс істеуін кешенді дамыту мен жетілдіру, оның ішінде:
- Салықтардың, алымдардың және басқа міндетті төлемдердің және бюджетке түсетін өзге түсімдердің түсімін қамтамасыз ету, бюджетке міндетті төлемдердің толық және уақтылы аударылуы, шикізат секторы ұйымдарынан бюджетке түсімдер бөлігінде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына аудару бойынша;
- алкоголь өнімінің және этил спиртінің өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеу бойынша;
- кеден төлемдері мен алымдарының бюджетке түсу толықтығын қамтамасыз ету бойынша;
- электрондық мемлекеттік сатып алудың көмегімен мемлекеттік сатып алудың жүргізілуін бақылау;
- республикалық меншік және жекешелендіру объектілерін басқару бойынша.
4) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жүйесі органдарының құзыретін әкімшілендіру рәсімдерінің тиімділігін, ақпараттық ашықтығын және айқындылығын арттыру;
5) Қаржы министрлігінің жүйесінде ақпараттық технологиялардың жұмыс қабілетін қамтамасыз ету үшін Қаржы министрлігі жүйесінің ақпараттық-техникалық және аппаратты инфрақұрылымын қайта жарақтандыру мен жаңғырту;
6) ақпараттық қызметтерді біріктіру, мемлекеттік органдармен ақпараттық өзара іс-әрекеттерді жетілдіру мен арттыру;
7) ақпараттық жүйелердің ақпараттық-техникалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 112 | | Электрондық үкімет құру | | | |
2 | | 100 | «Электрондық кеден» ақпараттық жүйесін құру | 1. Жаңа компоненттерді әзірлеу бөлігінде «Электрондық кеден» ақпараттық жүйесінің жұмыс істеуін дамыту және кеңейту. Жүйені енгізу және оны пайдаланушыларды оқыту. 2. Серверлік және компьютерлік жабдықтар сатып алу. 3. Материалдық емес активтерді сатып алу | Жыл ішінде | Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі |
3 | | 101 | Кедендік автоматтандырылған ақпараттық жүйесін дамыту "КААЖ" | 1. «Сыртқы сауданың кеден статистикасы деректерінің статистикасы, талдау, оған қол жеткізуді ұйымдастыру» компоненттерін әзірлеу бөлігінде КААЖ ақпараттық жүйесін дамыту және кеңейту. Жүйені енгізу және оны пайдаланушыларды оқыту. 2. Кедендік әкімшілендірудің қолданбалы модульдері мен компоненттерін әзірлеу бөлігінде КААЖ ақпараттық жүйесінің жұмыс істеуін дамыту және кеңейту. Жүйені енгізу және оны пайдаланушыларды оқыту. 3. Компьютерлік, телекоммуникациялық жабдықтар мен желілерді қорғау жабдықтарын сатып алу. 4. Лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алу. | Жыл ішінде | Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі |
4 | | 102 | Біріккен салықтық ақпараттық жүйесін дамыту «ҚР БСАЖ» | 1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің ақпараттық жүйелерін дамыту және жұмыс істеуін кеңейту. 2. Серверлік, компьютерлік, телекоммуникациялық жабдықтар мен желілерді қорғау жабдықтарын сатып алу. 3. Лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуді, ақпарат қорғау жүйелерінің лицензияларын, вирусқа қарсы бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алу. 4. Серверлік үй-жайлар салу (монтаждау бойынша жабдықтар мен жұмыстар сатып алу). 5. Қосымша құрылымдалған кабель желілерін ұйымдастыру жөніндегі жабдықтар мен қызметтерді, оның ішінде қосымша жұмыс орындарды сатып алу. 6. Шұғыл жадуал модульдерін, дискілік кіші жүйелерді серверлік жабдықтарды жаңғырту үшін сатып алу. 7. Ақпараттық жүйелерді біріктірудің өнеркәсіп платформасын сатып алу және оны енгізу (қызметтер, жабдықтар, бағдарламалық қамтамасыз ету сатып алу). | Жыл ішінде | Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі |
5 | | 103 | «СТжСО» Салық төлеушілердің және салық салынатын объектілердің тізілімі" ақпараттық жүйесін дамыту | 1. «Салық төлеушілердің және салық салу объектілерінің тізілімі» ақпараттық жүйесін дамыту және жұмыс істеуін кеңейту, енгізу және даналау, оның ішінде «МДҚ-мен өзара байланыс» және «Біржолғы талондарды» беруді есепке алу компоненті. 2. Шұғыл жадуал модульдерін, дискілік кіші жүйелерді серверлік жабдықтарды жаңғырту үшін сатып алу. 3. Лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алу. | Жыл ішінде | Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі |
6 | | 104 | Мемлекеттік сатып алу ақпараттық жүйесін құру | 1. «Электрондық мемлекеттік сатып алу» автоматтандырылған біріктірілген ақпараттық жүйесін дамыту және жұмыс істеуін кеңейту. Жүйені енгізу және оны пайдаланушыларды оқыту. 2. Компьютерлік жабдықтар мен Web-портал жұмыс істеуі үшін лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алу. | Жыл ішінде | Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі |
7 | | 107 | «Мемлекеттік меншік тізілімі» ақпараттық жүйесін дамыту | 1. «Мемлекеттік меншік тізілімі» ақпараттық жүйесін дамыту және жұмыс істеуін кеңейту. 2. Серверлік, компьютерлік және телекоммуникациялық жабдықтар сатып алу. 3. Лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алу. | Жыл ішінде | Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: кедендік төлемдер мен алымдардың бюджетке түсу толықтығын қамтамасыз ету жөніндегі рәсімдерді жетілдіру, оның ішінде:
кедендік рәсімдерге теріс пиғылды қатысушыларды анықтау;
кедендік рәсімдерді оңайлату және жеделдету;
контрабандаға және әкімшілік кедендік құқық бұзушылықтарға қарсы күрестің тиімділігін арттыру;
лицензиялар мен квоталарды пайдалану бойынша бақылаудың тиімділігін арттыру;
кедендік төлемдердің дұрыстығы мен есептелу жеделдігін арттыру және кедендік төлемдердің түсуін бақылаудың тиімділігін арттыру;
кеден статистикасы мен сыртқы сауда статистикасын жүргізу;
басқа ведомстволармен және басқа мемлекеттердің кеден органдарымен ақпараттық өзара байланыс;
кедендік төлемдер мен алымдардың бюджетке түсу толықтығын қамтамасыз ету жөніндегі ақпараттың жеделдігін арттыру және оның сапасын қамтамасыз ету; қабылданатын шешімдердің жеделдігі мен сапасын арттыру;
салықтардың, алымдардың және басқа да міндетті төлемдердің және бюджетке өзге де түсімдердің түсуін, міндетті төлемдерді бюджетке аударудың, шикізат секторы ұйымдарынан бюджетке түсімдер бөлігі ҚР Ұлттық қорына аударудың толықтығы мен уақтылылығын қамтамасыз ету жөніндегі рәсімдерді жетілдіру, оның ішінде:
салық төлеушілердің салық және басқа есептілігін жедел қабылдау және өңдеу;
салық әкімшілендіру рәсімдерін автоматтандыру;
салық есептілігін электрондық камералдық бақылау тізбесін кеңейту; ҚҚС төлеушілердің тізілімін жүргізу;
салық төлеушілерді жедел тіркеу, салық төлеушілердің тізілімін жүргізу;
салықтар мен алымдар туралы заңнаманың толық сақталуын, анықталған жолсыздықтар жөніндегі шараларды жедел қабылдау және осының салдары ретінде, салықтар мен алымдардың барлық деңгейлі бюджеттерге және мемлекеттік бюджеттен тыс қорларға тұрақты түсуін бақылауды арттыру;
екінші деңгейлі банктермен, басқа мемлекеттік органдармен өзара іс-әрекет;
уәкілетті органдардан ССОТ-қа мәліметтерді қабылдау және өңдеу;
салық төлеушілерге ақпараттық сервис пен көрсетілетін қызметтерді кеңейту;
салық міндеттемелерін орындау кезінде салық төлеушілерге тең, белгілі және бірыңғай шарттарды қамтамасыз ету, салық төлеушілердің салықтық сауаттылығын және хабардар болуын арттыру;
салық салу объектілерінің қызметін барлық көлемін қамтитын салық төлеушілердің есеп жүйесін құру және оны шұғыл бақылау. Азаматтардың кірістері мен мүлкі туралы деректерді жинау оларды әлеуметтік сипаттағы мәселелерін шешу үшін пайдалануға мүмкіндік береді.
алкоголь өнімі мен этил спиртінің өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеу бойынша қамтамасыз ету жөніндегі рәсімдерді жетілдіру;
электрондық мемлекеттік сатып алудың көмегімен мемлекеттік сатып алу өткізуді бақылау бойынша қамтамасыз ету жөніндегі рәсімдерді жетілдіру; оның ішінде:
мемлекеттік сатып алу процесінің барлық кезеңдерінің айқындылық деңгейін, мемлекеттік сатып алу жүйесінің барлық ықтимал берушілері үшін ашық және қол жетімділікті арттыру;
банкроттық рәсімдердің (банктер мен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын қоспағанда), сондай-ақ дәрменсіз борышкерді соттан тыс таратудың жүргізілуін бақылау бойынша қамтамасыз ету жөніндегі рәсімдерді жетілдіру;