7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Қазақстан Республикасының тұрақтылығы мен тұрақты дамуын қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
196-ҚОСЫМША
217 - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Мемлекеттік кепілдіктер бойынша міндеттемелерді
орындау» деген 011 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 3551406 мың теңге (үш миллиард бес жүз елу бір миллион төрт жүз алты мың теңге)
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет Кодексінің 213-бабы; «Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 ақпандағы № 110 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қарыз алушы қарыз туралы шартқа сәйкес оған тиесілі төлемдерді төлемеген жағдайда Қазақстан Республикасының кредит берушілер алдындағы мемлекеттік кепілдіктер жөніндегі міндеттемелерін орындау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдіктері бар мемлекеттік емес қарыздар бойынша дефолт фактісіне жол бермеу.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Егер қарыз алушы кепілдікпен қамтамасыз етілген қарызды төлем мерзімі басталған күні толық немесе ішінара және 2007 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде өтемеген жағдайда қарыз берушілер алдындағы мемлекеттік кепілдікпен қамтамсыз етілген мемлекеттік қарыздарды өтеу және қызмет көрсету жөніндегі міндеттемелерді толық және уақтылы орындау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 011 | | Мемлекеттік кепілдіктер бойынша міндеттемелерді орындау | Заңнамада белгіленген тәртіппен негізгі борыштың, сыйақылардың, мемлекет кепілдік берген қарыздар бойынша өзге төлемдердің сомасын төлеу. | Қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: кепілдікпен қамтамасыз етілген қарызды қарыз алушы төлем мерзімі басталған күнге толық немесе ішінара өтемеген жағдайда толық көлемде мемлекет кепілдік берген қарыздарды өтеу және қызмет көрсету жөніндегі міндеттемелерді орындау.
Түпкі нәтиже: Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік кепілдіктер жөніндегі міндеттемелерін 100 пайыз орындау.
Уақтылығы:
1) қарыз шарттарында белгіленген мерзімде негізгі борышты, сыйақыларды, кредит берушілерден ақы төлеуге шоттардың негізінде мемлекет кепілдік берген қарыздар бойынша өзге төлемдерді уақтылы төлеу.
2) бюджеттік бағдарламаны іске асыру мерзімі ішінде мемлекет кепілдік берген қарыздар жөніндегі мерзімі өткен төлемдердің болмауы.
Сапасы: қарыз берушілердің мемлекет кепілдік берген қарыздарды өтеу және қызмет көрсету жөніндегі мүдделерін 100 пайыз қанағаттандыру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
197-ҚОСЫМША
217 - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің бюджеттер
бойынша қолма-қол ақша тапшылығын жабуға арналған резерві»
деген 012 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 600000 мың теңге (алты жүз миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 желтоқсандағы № 1405 қаулысы; «Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 ақпандағы № 110 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: қолма-қол ақша тапшылығын жабуға төмен тұрған бюджеттердің шығыс бөлігінің орындалуын қамтамасыз ету
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: қолма-қол ақша тапшылығын жабуға төмен тұрған бюджеттерге кредит беру
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 012 | | Қазақстан Республикасы Үкіметінің бюджеттер бойынша қолма-қол ақша тапшылығын жабуға арналған резерві | Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдері болған кезде қолма-қол ақша тапшылығын жабуға төмен тұрған бюджеттерге кредит беру. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі. |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: жергілікті атқарушы органдарға жасалған кредит келісімдеріне сәйкес қолма-қол ақша тапшылығын жабуға 600 000 мың теңге сомасына кредит қаражатын беру.
Түпкі нәтиже: төмен тұрған бюджеттер бойынша қолма-қол ақша қаражатын 100%-ға жабу.
Сапасы: жергілікті атқарушы органдардың өтінімдеріне сәйкес толық көлемде кредит қаражатын бөлу, бюджеттер бойынша қолма-қол ақша тапшылығын толық жабу үшін кредит қаражатында жергілікті атқарушы органдардың мұқтаждығын 100%-ға қамтамасыз ету.
Уақтылығы: қолма-қол ақша тапшылығын толық жабуға жергілікті бюджеттерге бюджет кредиттерін уақытылы бөлу.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№№1220 қаулысына
198-ҚОСЫМША
217 - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Үкіметтік борышқа қызмет көрсету»,
деген 013 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 36747450 мың теңге (отыз алты миллиард жеті жүз қырық жеті миллион төрт жүз елу мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексінің 201-бабы; «Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 ақпандағы № 110 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының үкіметтік борышын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелерін орындау, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарыздары бойынша дефолт фактісіне жол бермеу.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: қарыз берушілер алдындағы үкіметтік қарыздар бойынша сыйақыларды (мүдделерді) төлеу және үкіметтік қарыздарды хеджирлеу жөніндегі мәмілелер бойынша міндеттемелерді толық және уақтылы орындау; мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру және қарыз шарттарының ережелеріне сәйкес үкіметтік қарыздарды тартқаны үшін комиссиялық сыйақыларды төлеу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Кіші бағдарламалардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 013 | | Үкіметтік борышқа қызмет көрсету | | | |
2 | | 100 | Қарыздар бойынша сыйақыларды (мүдделерді) төлеу | Үкіметтік қарыздар бойынша сыйақыларды (мүдделерді) төлеу және үкіметтік қарыздарды хеджирлеу жөніндегі мәмілелер бойынша төлеу. | Қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі |
3 | | 101 | Қарыздарды орналастырғаны үшін комиссиялық төлем | Үкіметтік қарыздарды тартудың комиссиялық сыйақыларын төлеу. | Қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже:
үкіметтік қарыздар бойынша сыйақыларды және үкіметтік қарыздарды хеджирлеу жөніндегі мәмілелер бойынша мөлшері 36744850 мың теңге, үкіметтік қарыздарды тартудың мөлшері 2600 мың теңге комиссиялық сыйақыларды төлеу.
Түпкі нәтиже:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің үкіметтік борышты қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелерін 100 пайыз орындау.
Уақтылығы:
1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің тікелей міндеттемелері болып табылатын үкіметтік борышқа қызмет көрсету жөніндегі міндеттемелерді қарыз шарттарында және мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру шарттарында белгіленген мерзімде орындау.
2) бюджеттік бағдарламаны іске асыру мерзімі ішінде үкіметтік борышты қамтамасыз ету жөнінде мерзімі өткен төлемдердің жоқ болуы;
Сапасы: Үкіметтік борышты қамтамасыз ету жөнінде қарыз берушілердің мүдделерін 100 пайыз қанағаттандыру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
199-ҚОСЫМША
217 - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Жекешелендіру, мемлекеттік мүлікті басқару, жекешелендіруден кейінгі қызмет, осымен және кредит беруге байланысты дауларды реттеу, кредиттер және мемлекеттік кепілдіктер бойынша міндеттемелерді орындау есебінен алынған немесе
өндіріп алынған мүлікті есепке алу, сақтау»
деген 016 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 629400 мың теңге (алты жүз жиырма тоғыз миллион төрт жүз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Жекешелендіру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2 , 17-баптары; «Стратегиялық маңызы бар экономика салаларындағы меншіктің мемлекеттік мониторингі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7 , 13-баптары; «Мемлекеттік меншік бойынша ақпараттық алмасуын қамтамасыз ету және ақпараттық деректер қорын енгізу жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 наурыздағы № 246 қаулысы; «Мемлекеттік меншік объектілерінің, сондай-ақ меншігінде мемлекеттің үлесі бар объектілердің жұмыс істеуіне және оларды басқарудың тиімділігіне кешенді мониторинг жүйесін енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 шілдедегі № 998 қаулысы; «Экономикалық стратегиялық маңызы бар салаларының өздеріне қатысты меншіктің мемлекеттік мониторингі жүзеге асыратын объектілердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 шілдедегі № 810 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясы» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жалпы ұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі орындаудың желілік кестесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 наурыздағы № 222 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: Республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мемлекеттік меншікті, жекешелендіруді және жекешелендіруден кейінгі қызметті басқарудың тиімділігін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: жекешелендірудің барлық құралдарын пайдалана отырып, оның ішінде брокерлерді тарту жолымен бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногында жекешелендіру объектілерін сатуды әзірлеу және жүзеге асыру; жекешелендіруден кейінгі бақылауды қамтамасыз ету; республикалық меншіктің, мемлекеттің меншік үлесі бар кәсіпорындардың активтерін басқару тиімділігінің мониторингі; стратегиялық маңызы бар экономика салаларындағы меншіктің мемлекеттік мониторингін ұйымдастыру және жүргізу; мониторингі есебінің бірыңғай ақпараттық деректер қорын сүйемелдеу және дамыту; Жарғылық капиталда мемлекеттің қатысуы бар мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің, заңды тұлғалардың тізілімін (бұдан әрі - Тізілім) жүргізу; сотқа және сотқа дейінгі тәртіпте заңды консультанттарды тарта отырып, жекешелендіруге, республикалық меншікті басқаруға және жекешелендіруден кейінгі қызметке байланысты дауларды шешу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 016 | | Жекешелендіру, мемлекеттік мүлікті басқару, жекешелендіруден кейінгі қызмет, осымен және кредит беруге байланысты дауларды реттеу, кредиттер және мемлекеттік кепілдіктер бойынша міндеттемелерді орындау есебінен алынған немесе өндіріп алынған мүлікті есепке алу, сақтау | Мыналарды: 40 акционерлік қоғамның және 800 өзге де объектілердің (құрылысы аяқталмаған, көліктің, жылжымайтын мүліктің және басқа.) құнын бағалау; жекешелендірілген 70 объектілер бойынша келісім-шарттық міндеттемелердің орындалуын тексеру; республикалық меншіктің 80 объектілері бойынша активтерді басқару тиімділігінің мониторингі; стратегиялық маңызы бар экономика салаларындағы 40 құрылымдық бөлімшелерде 15 акционерлік қоғамдарында мемлекеттік меншіктің мониторингі; - қор биржасында акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакетін сату; - мониторингтің деректер қорын сүйемелдеу және дамыту жөніндегі жұмысы қызметін сатып алу. Қаржы кеңесшінің, акциялардың мемлекеттік пакеттерімен мәмілелерді тіркеу жөніндегі бағалы қағаздар рыногына кәсіби қатысушылардың және Тізілімді жүргізу бойынша қызметтерді сатып алу. Мемлекеттік холдингтарды орналастыратын акцияларын төлеуге берілетін мемлекеттік активтерге, сондай-ақ әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар мен бәсекелі ортаға берілетін объектілерге бағалау жүргізуге арналған қызметтерді сатып алу. Қазақстан Республикасы аумағындағы және халықаралық төрелік органдардағы заңды консультанттарды тарта отырып, жекешелендіруге, республикалық мүлікті басқару мен жекешелендіруден кейінгі қызметке байланысты дауларды реттеу. Республикалық меншік объектілері бойынша сауда-саттық туралы ақпараттық хабарламалардың жарияланымдары. Жылжымайтын мүлік объектісінің жер телімдерін бағалау | Ай сайын, жыл ішінде | Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже:
республикалық бюджетке республикалық меншік объектілерін жекешелендіруден жоспарланған мөлшерде ақшаның, республикалық меншіктегі мемлекеттік акциялар пакеттеріне дивидендтердің, оның бөлігінде республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірістерінің түсуі.
Түпкі нәтиже:
Республикалық меншіктің, оның ішінде сенімгерлік басқарудағы 70 объектілерді басқарудың тиімділігін арттыру бойынша ұсынымдар әзірлеп шығару; республикалық мемлекеттің 10 пайдасыз кәсіпорындарын қалпына келтіру жоспарын әзірлеу; стратегиялық маңызы бар экономика салаларындағы 40 объектілердің қаржы-шаруашылық қызметіне бақылауды, және жекешелендірілген 70 объектілер бойынша келісім-шарттық міндеттемелердің орындауын жүзеге асыру; Мемлекеттік меншік объектілерінің тізілімінде толық, сенімді, жүйелік есепті қамтамасыз ету, басқарушылық шешімдер қабылдау үшін есепке алу қызметінің объектілерін талдау кезінде Тізімнің деректер қорын пайдалану.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
Орташа алғанда бір сағат ішінде мынадай:
- 3,7 мың теңге - жекешелендіру объектілері құнының бағасына арналған;
- 3,7 мың теңге - келісім-шарттық міндеттемелердің орындалуын тексеруге арналған;
- 6,9 мың теңге - активтерді басқару тиімділігінің мониторингіне арналған;
- 7,3 мың теңге - мониторингі деректер қорын сүйемелдеу және дамытуға арналған;
- 8,7 мың теңге - отандық заңды консулътанттар және 50 мың теңге шетел заңды консультанттар сатып алынатын қызметтердің шығындары.
Мынадай:
- 21,5 мың теңге - акциялар иесі тізіліміндегі бір акционерлік қоғамның бағалы қағаздары бар мәміле жүргізуге арналған;
- 12,0 мың теңге - бір жер телімінің құнын бағалауға арналған орташа шығындар.
0,25 мың теңге - ақпараттық хабарламаны жариялаудың бір шаршы сантиметр алаңының орташа құны.
Уақытылығы:
Белгіленген мерзімде толық көлемде жоспарланған іс-шараларды орындау.
Сапасы:
Тиімді басқару, менеджментті және зерттелген объектілердің қаржы-шаруашылық қызметін жақсарту, мемлекеттік меншіктің бірыңғай деректер қорын жүргізу мақсатында республикалық меншіктің құрылымын оңтайландыру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№№1220 қаулысына
200-ҚОСЫМША
217 - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Министрліктер үйі» ғимаратын күтіп-ұстау және сақтандыру»
деген 017 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 508179 мың теңге (бес жүз сегіз миллион бір жүз жетпіс тоғыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Заңы; «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1119 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: «Министрліктер үйі» ғимаратына (бұдан әрі - Ғимарат) шаруашылық қызмет көрсету; Ғимараттың технологиялық жабдықтарының іркіліссіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету және мемлекеттік мүліктің сақталуын қамтамасыз ету, сақтандыру жағдайы туындаған кезде шығындарды өтеу, Ғимаратты жабдықтау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Ғимараттың техникалық жабдықтарын қолдау және техникалық қызмет көрсету, Ғимаратты телекоммуникациялық қамтамасыз ету, қорғау, шаруашылық қызмет көрсету, конференц-залдарын, мәжіліс залдарын жабдықтау, Ғимаратты табиғи зілзала, өрт, жарылыс және басқа да тәуекел жағдайларына сақтандыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 017 | | «Министрліктер үйі» ғимаратын күтіп-ұстау және сақтандыру | Мыналарды: электр техникалық жабдықтарды, инженерлік желілер мен коммуникацияларды, эфир-кабель теледидарын, желдеткіштің сору-шығару жүйесін, өрт кауіпсіздігін, өрт дабылы мен түтінді жоюды, сыртқы және ішкі желілері бар автоматты телефон станциясын қолдау, техникалық қызмет көрсету және жөндеу; сыртқы инженерлік желілерге қызмет көрсету; суық-жылумен жабдықтау, ыстық және суық сумен жабдықтау жүйесінің, лифтілер жұмысының, бейне қадағалау мен қол жеткізілімді бақылау, дизель-генератор жүйесін алдын алу жұмыстарын жүргізу, желдеткіш жабдығын жөндеу; Ғимаратты күзету және жарақтандыру; Ғимаратқа электр энергиясын, жылу энергиясын жеткізу және коммуналдық қызметтер көрсету; жалпы алаңы 24 595,8 ш.м. Ғимаратқа шаруашылық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету; Ғимаратты ағымдағы жөндеу. Ғимаратқа күрделі жөндеу. Ғимаратты сақтандыруға шарт жасасу, сақтандыру шарттарына сәйкес жасалған шарт бойынша сақтандыру жарналарын төлеу; Астана қаласы, Абай даңғ., 20 мекен-жайындағы ғимаратты ұстау. Орталық қойманы ұстау. Лингафондық жабдықтарды сатып алу. Өзге тауарлар мен ілеспе қызметтерді сатып алу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: жұмыс істейтін лифтілердің, желдеткіш және электротехникалық, санитарлық-техникалық жабдықтың, инженерлік желілер мен коммуникациялардың, эфир-кабельдік теледидардың, желдеткіштің шығару-сорғы жүйесінің, өрт қауіпсіздігінің, өрт дабылының және түтін шығарудың, кіруді бейне қадағалау мен бақылау жүйелерінің, сыртқы және ішкі желілері бар автоматты телефон станциясының үлес салмағы олардың жалпы санының 100 %-ын құрайды.
Түпкі нәтиже: Ғимараттың бүкіл технологиялық жабдықтарының іркіліссіз және апатсыз жұмыс істеуі, Ғимаратты сенімді сақтандыру жағынан қорғау, сондай-ақ сақтандыру жағдайлары туындаған кезде сақтандыру төлемдерін уақтылы төлеу.
Қаржы-экономикалық нәтиже: Ғимараттың 1 шаршы метрін ұстауға жұмсалатын шығындардың шартты құны 30 683,61 теңгені құрайды. Сапасы: мемлекеттік қызметшілер үшін қалыпты еңбек және әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлар жасау
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
201-ҚОСЫМША
217 - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Жеңілдікті тұрғын үй кредиттері бойынша бағамдық айырманы төлеу»
деген 019 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 42884 мың теңге (қырық екі миллион сегіз жүз сексен төрт мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасы Президентінің «Жаңа тұрғын үй саясаты туралы» 1993 жылғы 6 қыркүйектегі № 1344 Жарлығына сәйкес «Тұрғын үй құрылыс банкі» ЖАҚ берген жеңілдікті тұрғын үй несиелерін алған азаматтардың мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 ақпандағы № 304 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жеңілдікті тұрғын үй кредиттерін алған азаматтар үшін теңгенің еркін өзгермелі айырбас бағамы режиміне көшудің әлеуметтік салдарларын жеңілдету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: теңгенің еркін өзгермелі айырбас бағамы режиміне көшкеннен кейін туындаған жеңілдікті тұрғын үй кредиттерін алған азаматтардың ығысуына ішінара өтемақы төлеу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 019 | | Жеңілдікті тұрғын үй кредиттері бойынша бағамдық айырманы төлеу | 2006 жыл үшін «Тұрғын үйқұрылысбанкі» ЖАҚ берген жеңілдікті тұрғын үй кредиттері бойынша бағамдық айырманы төлеу. | 20 ақпанға дейін | Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: «ЦентрКредитБанкі» АҚ жеңілдікті тұрғын үй кредиттері бойынша бағамдық айырмасын төлеу.
Түпкі нәтиже: жасалған кредит келісімдерінің ережелеріне сәйкес кредиттер бойынша берешекті өтеу бөлігінде орындалған міндеттемелер жөніндегі бағамдық айырманы өтеу жолымен жеңілдікті тұрғын үй кредиттерін алған азаматтарды мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету.
Қаржы-экономикалық нәтиже: жеңілдікті тұрғын үй кредиттері бойынша бағамдық айырманы өтеуді алған салымшылардың үлесі.
Уақтылығы: Қазақстан Республикасы Үкіметінің «ЦентрКредитБанкі» АҚ алдындағы міндеттемелерінің орындалу уақтылығы.
Сапасы: «ЦентКредитБанкі» АҚ бағамдық айырмасын өтеу толықтығы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№№1220 қаулысына
202-ҚОСЫМША
217 - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалалары бюджеттеріне
бюджеттік түсімдердің шығындарын өтеуге
берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер»
деген 021 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 29205219 мың теңге (жиырма тоғыз миллиард екі жүз бес миллион екі жүз он тоғыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы кодексі, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексінің 38-бабы, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жеке табыс салығының бірыңғай ставкасын 10% көлемінде белгілеу мен салық салу кезінде кірістерден есептік көрсеткіштің орнына жалақының ең төменгі мөлшерін алып тастаудан туындаған жергілікті бюджеттердің жоғалуларын өтеу.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: жергілікті бюджеттердің шығыстарын уақтылы қаржыландыруды қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 021 | | Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалалары бюджеттеріне бюджеттік түсімдердің шығындарын өтеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер | Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес бюджетке түсетін түсімдердің шығынын өтеуге республикалық бюджеттен облыстардың, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне нысаналы ағымдағы трансферттерді аудару. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, жергілікті атқарушы органдар |