3. Кеден брокерінің міндеттері барлық кеден брокері үшін бірыңғай болып табылады. Жекелеген кеден брокерлері үшін жеке сипаттағы жеңілдіктер, ерекше (эксклюзивтік) құқықтар және өзге де артықшылықтар беруге тыйым салынады.
4. Кедендік ресімдеу бойынша операциялар жасау фактісі кеден брокеріне кедендік режимді қолданудың аяқталуына байланысты операцияларды жасау жөніндегі міндеттерді, сондай-ақ осы Кодекске және Қазақстан Республикасының кеден ісі саласындағы өзге нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес тауарларды өткізетін тұлғаға ғана жүктелетін өзге де міндеттерді жүктемейді.
399-бап. Кеден брокерінің жауапкершілігі
1. Осы Кодекске сәйкес кеден декларациясын бергенге дейін немесе онымен бір мезгілде төленуге тиіс кедендік төлемдердің және салықтардың төленбегені үшін кеден брокері өкілдік беруші тұлғамен жасалған шартқа сәйкес жауапты болады.
2. Осы Кодексте белгіленген талаптарды сақтамағаны үшін кеден брокері Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
400-бап. Кеден брокері ретіндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары
Заңды тұлға кеден брокері ретіндегі қызметті жүзеге асыру үшін мынадай біліктілік талаптарына:
2005.20.06 № 62-III ҚР Заңымен 1- тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1) штатта кемiнде бiр кедендiк ресiмдеу жөнiндегі маманның болуына, ал филиал болған ретте - кеден брокерi қызметінің әрбiр филиалында кемiнде бiр кедендік ресiмдеу жөніндегі маманның болуына;
2) кеден органдары пайдаланатын бағдарламалық өнімдермен үйлесімді бағдарламалық өнімдердің болуына;
3) Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеу бойынша делдалдық қызмет көрсетуге байланысты өкілдік беруші тұлғалардың мүліктері мен мүдделеріне зиян келтіргені үшін кеден брокерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартына сай болуға тиіс.
401-бап. Кеден брокері ретіндегі қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензия
1. Заңды тұлға кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган берген кеден брокері ретіндегі қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензияны алғаннан кейін осындай қызметті бастауға құқылы.
2. Лицензия алу үшін:
1) заңды тұлғаның белгіленген нысан бойынша өтінішін;
2) өтініште көрсетілген мәліметтерді және өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар, атап айтқанда:
тіркеу құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелерін;
осы Кодекстің 400-бабында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар;
2005.20.06 № 62-III ҚР Заңымен 3- тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
3) лицензия бергені үшін алым төлегендігін растайтын құжаттар ұсыну қажет;
4) 2005.20.06 № 62-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
3. Лицензия беру туралы өтінішті қарау кезінде кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган өтініш беруші ұсынған құжаттар мен мәліметтердің дұрыстығын растайтын құжаттарды сұратып алуға құқылы.
4. Осы тарауда реттелмеген, лицензиялауға байланысты қатынастар Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңдарымен реттеледі.
402-бап. Кеден брокері ретіндегі қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензияның қолданылуын тоқтата тұру
1. Лицензияларының қолданылуы соттың шешімі бойынша тоқтатыла тұратын шағын кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда, кеден брокері кеден брокері ретіндегі қызметке қойылатын талаптар мен міндеттерді сақтамаған жағдайда, сондай-ақ кеден брокері өз құқықтарын теріс пайдаланатындығына жеткілікті негіздер болған жағдайда, кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органның шешімі бойынша, себептері көрсетіле отырып лицензияның қолданылуы алты айға дейінгі мерзімге тоқтатыла тұруы мүмкін.
2. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы шешімді кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган дербес не кеден органы ұсынымының негізінде мұндай шешімді негіздей отырып бұйрық нысанында қабылдайды.
3. Лицензияның қолданылуы тиісті шешім қабылданған күннен бастап тоқтатыла тұрады.
4. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға негіз болған себептер жойылғаннан кейін, лицензияның қолданылуын жаңғырту туралы шешім қабылданған күннен бастап кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган басшысының бұйрығымен лицензияның қолданылуы жаңғыртылады.
5. Лицензияның қолданылуы кеден брокерінің дәлелді өтініші бойынша тоқтатыла тұруы мүмкін.
2007.12.01. № 222-III ҚР Заңымен 403-бап жаңа редакцияда (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
403-бап. Кеден брокері ретіндегі қызметті жүзеге асыру
құқығына арналған лицензиядан айыру
Лицензиядан айыру үшін:
1) көрінеу дұрыс емес мәліметтер беру;
2) кеден ісі саласында бір жылдың ішінде бірнеше рет әкімшілік құқық бұзушылық жасау;
3) біліктілік аттестаты жоқ маманның, біліктілік аттестаты қайтарып алынған маманның немесе біліктілік аттестатының қолданылуы сот шешімі бойынша тоқтатыла тұрған не бұл қызметпен айналысу құқығынан айырылған маманның қызметтерін пайдалану;
4) лицензияның қолданылуын бұрын тоқтата тұруға негіз болған себептердің жойылмауы;
5) соттың лицензиатқа брокерлік қызмет көрсету жөніндегі қызметпен айналысуға тыйым салуы негіз болып табылады.
404-бап. Кеден брокері ретіндегі қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензияның қолданылуын тоқтату
1. Мынадай жағдайларда:
2007.12.01. № 222-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
1) лицензиядан айырылған;
2) кеден брокері ретіндегі қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензиясы бар заңды тұлға қайта ұйымдастырылған немесе таратылған;
3) кеден брокері кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органға жазбаша нысандағы тиісті өтінішін ұсына отырып, кедендік қызмет көрсету жөніндегі қызметін тоқтатқан жағдайларда лицензияның қолданылуы тоқтатылады.
2. Кеден брокері ретіндегі қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензияның қолданылуы тоқтатылған жағдайда, заңды тұлға өзі кеден брокері ретіндегі қызметті тоқтатқанға дейін қабылдаған барлық міндеттемелерді орындауға міндетті.
2007.12.01. № 222-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
3. Кеден брокері ретіндегі қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензияның қолданылуын тоқтату туралы шешім лицензияның қолданылуын тоқтату себептері көрсетіле отырып, кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган басшысының бұйрығымен ресімделеді.
Заңды тұлғаның кеден брокері ретіндегі қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензияның қолданылуы лицензиядан айыруға байланысты тоқтатылған жағдайда, лицензияның қолданылуын тоқтату туралы жеке бұйрық шығарылмайды.
Лицензияның қолданылуы тоқтатылған жағдайда, оның қолданылуын тоқтату туралы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік он бес күннің ішінде лицензия кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органға қайтарылуға тиіс.
405-бап. Кеден брокерінің қызметіне арналған қосымша ережелер
1. Лицензияға енгізілмейтін, лицензия алуға арналған өтініште көрсетілген кеден брокері туралы мәліметтер өзгерген жағдайда, кеден брокері өзгерістер болған кезден бастап бір ай мерзімде бұл туралы кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органды жазбаша хабардар етуге міндетті.
2. Кеден брокерінің лицензияда көрсетілген атауы, тұрған орны өзгерген жағдайда, ол бір айдың ішінде көрсетілген мәліметтерді растайтын тиісті құжаттарды қоса тіркей отырып, лицензияны қайта ресімдеу туралы өтініш беруге міндетті.
Кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган кеден брокері тиісті жазбаша өтініш берген күннен бастап он күннің ішінде белгіленген тәртіппен жаңа лицензия беру арқылы лицензияны қайта ресімдейді.
3. Кеден брокері лицензияда көрсетілген шектеулі қызмет саласын кеңейту туралы шешім қабылдаған жағдайда, жаңа лицензияны алудың белгіленген тәртібіне сәйкес оны алу қажет. Бұрын берілген лицензияның қолданылуы жаңа лицензия берілген кезден бастап тоқтатылады.
4. Лицензия жоғалған жағдайда кеден брокерінің өтініш берген күннен бастап он күн ішінде дубликат алуға құқығы бар. Дубликат бергені үшін Қазақстан Республикасының салық заңдарында белгіленген тәртіппен және мөлшерде жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым төленеді.
5. Кеден органдарының кеден брокері ретіндегі қызметті лицензиялауға байланысты шешімдеріне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалына алады.
2007.12.01. № 222-III ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
6. Кеден брокері мен өкілдік беруші тұлғалардың арасындағы қатынастар лицензияның қолданылуы тоқтатылған, одан айырған және тоқтатыла тұрған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледі.
406-бап. Кеден брокерлерінің тізілімі
Кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган кеден брокерлерінің тізілімін жүргізеді және оның ай сайын жариялануын, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жариялануын қамтамасыз етеді.
407-бап. Кедендік ресімдеу жөніндегі маман
2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органының біліктілік аттестаты бар маманның кеден брокерінің атынан кедендік ресімдеу жөніндегі іс-әрекеттерді жүргізуге құқығы бар.
Кеден брокері мен кедендік ресімдеу жөніндегі маманның арасындағы қатынастар Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жасалатын еңбек шартының негізінде құрылады. Кедендік ресімдеу жөніндегі маман кеден брокері еңбек шартын жасасқан кезден бастап кеден брокерінің атынан кедендік ресімдеу жөніндегі іс-әрекеттерді жүзеге асыруға құқылы. Мұндай шарт бұзылған жағдайда, кеден брокері үш күн ішінде кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органды хабардар етуге міндетті.
2. Бір маманның екі және одан да көп заңды тұлғалардың штатында бір мезгілде кедендік ресімдеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруына жол берілмейді.
3. Кеден брокері кедендік ресімдеу жөніндегі маманның кеден органдарының алдындағы міндеттерін шектей алмайды.
4. Өтініштерді қарау және біліктілік аттестатын беру тәртібін, кедендік ресімдеу жөніндегі мамандарға жүргізілетін аттестаттау тәртібін, сондай-ақ оларға қойылатын талаптарды кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілейді. Кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган кедендік ресімдеу жөніндегі мамандардың тізілімін жүргізеді.
408-бап. Кедендік ресімдеу жөніндегі маманның біліктілік аттестатының қолданылуын тоқтата тұру және оны қайтарып алу
1. Кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган:
1) кеден ісін құқықтық реттеу елеулі түрде өзгерген жағдайда, маман өз білімінің жаңа талаптарға сәйкестігін бір ай мерзімде дәлелдей алмаса;
2) егер маманның қойылған талаптарға сәйкестігін анықтау мақсатында бір ай мерзімде аттестаттау өткізу кезінде маман аттестаттаудан өтпесе, аттестаттың қолданылуын екі ай мерзімге дейін тоқтата тұра алады.
2. Аттестаттың қолданылуын тоқтата тұру туралы шешімді кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бұйрық нысанында қабылдайды және ол қабылданған күннен бастап қолданылады.
3. Аттестаттың қолданылуы кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығы бойынша, кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган көздеген тәртіппен аттестаттаудан өткеннен кейін жаңғыртылады.
4. Кеден ісін құқықтық реттеудің елеулі өзгерістері туралы және көрсетілген негіз бойынша аттестаттардың қолданылуын тоқтата тұру туралы шешімді кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган қабылдайды және ол жариялануға тиіс.
5. Аттестаттың қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылатын маманның қызметіндегі жолсыздықтарды анықтаған кеден органы бұл туралы кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органға дереу хабарлайды.
6. Егер:
1) кедендік ресімдеу жөніндегі маман алты айдың ішінде осы Кодекстің және кеден ісі саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бірнеше рет бұзса;
2) аттестат өтініш беруші ұсынған, аттестат беру туралы шешім қабылдау үшін елеулі мәні бар толық емес немесе дұрыс емес мәліметтер негізінде берілсе, сондай-ақ егер аттестат өтініш берушіге беру тәртібі бұзыла отырып берілсе, кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган кедендік ресімдеу жөніндегі маманның біліктілік аттестатын қайтарып ала алады.
7. Біліктілік аттестатын беру туралы қайталап берілген өтініш ол қайтарып алынған күннен бастап алты ай өткен соң, осыған негіз болған себептер жойылған жағдайда қаралуы мүмкін.
8. Біліктілік аттестатын қайтарып алу, жарамсыз деп тану немесе оның қолданылуын тоқтата тұру туралы шешімге Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шағымдануға болады.
409-бап. Кеден брокерінің өкілдік беруші тұлғадан алынған ақпаратқа қатысы
Кеден брокерінің өкілдік беруші тұлғадан алған ақпараты тек кедендік мақсаттар үшін пайдаланылуы мүмкін.
Өкілдік беруші тұлғаның құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделеріне зиян келтіруге жол берілмейді.
Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, өкілдік беруші тұлғаның құпия ақпаратын кеден брокерінің өз мақсаттарында жариялауына, пайдалануына, үшінші тұлғаларға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына беруіне болмайды.
10-Бөлім. Кеден органдарының интеллектуалдық
меншік объектілеріне құқықты қорғауы
52-тарау. Кеден органдарының интеллектуалдық меншік
объектілеріне құқықты қорғауы үшін негіздер
410-бап. Осы бөлімде пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы бөлімде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) контрафактылы тауарлар - құқық иеленушінің Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес қорғалатын құқықтары бұзыла отырып құрылған және (немесе) Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілген, интеллектуалдық меншік объектілері бар тауарлар;
2) құқық иеленуші - Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес интеллектуалдық меншік объектілерін иеленуге ерекше құқығы бар тұлға;
3) шығаруды тоқтату - таңдап алынған кедендік режимге сәйкес Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін, контрафактылы тауарлар болып табылады деп болжанып отырған тауарларды шығару туралы шешім қабылдану мерзімін кеден органдарының ұзартуы;
4) интеллектуалдық меншік объектілері бар тауарлар тізілімі (бұдан әрі - тізілім) - Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес қорғалатын интеллектуалдық меншік объектілері бар тауарлардың тізбесі.
411-бап. Кеден органдарының интеллектуалдық меншік объектілеріне құқықты қорғауы
Кеден органдары құқық иеленушінің интеллектуалдық меншік объектілеріне құқығын өз құзыреті шегінде, осы Кодексте белгіленген тәртіппен қорғау жөнінде шаралар қабылдайды.
412-бап. Тізілім жүргізу тәртібі
1. Кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган кедендік бақылау мақсатында тізілім жүргізеді және оның жариялануын қамтамасыз етеді.
2. Тізілімді жүргізу және оны кеден органдары мен өтініш берушіге жеткізу тәртібін кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.
413-бап. Интеллектуалдық меншік объектісі бар тауарды тізілімге енгізу және мұндай тауарды тізілімнен шығару тәртібі
1. Тізілімге енгізуді интеллектуалдық меншік объектілеріне құқық иеленушінің өтініші бойынша кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.
2. Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу кезінде интеллектуалдық меншік объектісіне өзінің құқығы бұзылды немесе бұзылуы мүмкін деп ойлауға жеткілікті негіздемесі бар құқық иесі немесе құқық иесінің мүддесін білдіретін өзге тұлға (бұдан әрі - өтініш беруші) интеллектуалдық меншік объектісіне құқығын қорғау туралы кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органға өтініш беруге құқылы.
3. Өтініште мынадай мәліметтер:
1) өтініш берушінің интеллектуалдық меншік объектілеріне құқығын қорғау туралы өтініші;
2) өтініш беруші туралы мәлімет;
2005.20.06 № 62-III ҚР Заңымен 3- тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
3) интеллектуалдық меншіктің тиісті объектілері туралы, құқық иеленушінің пікірінше оның құқығын қорғауда кеден органдарының жәрдемі қажет болатын мерзім туралы ақпарат; интеллектуалдық меншік объектілері бар тауарлардың сипаттамасы; құқық иеленушінің пікірінше контрафактылы болып табылатын тауарлар туралы, кеден органдарына осындай тауарларды анықтауға мүмкiндiк беретiн толық мәліметтер
4) егер тауарлар контрафактылы емес деп белгіленген жағдайларда декларантқа және өзге тұлғаларға зиянының орнын толтыру, сондай-ақ контрафактылы болып табылады деп болжанған интеллектуалдық меншік объектісі бар тауарларды шығаруды тоқтата тұруға байланысты туындауы мүмкін кеден органдарының шығындарын өтеу туралы өтініш берушінің міндеттемесі болуға тиіс.
2005.20.06 № 62-III ҚР Заңымен 4- тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
4. Өтінішке интеллектуалдық меншік құқығының бар екендігін және кімге тиесілілігін растайтын құжаттар (патент, куәлік, лицензиялық шарт немесе өзге де құжаттар) және құқық иеленушінің өзінің мүддесін білдіретін тұлғаға берген сенімхаты, өтініш берушінің басқа тұлғаға келтірген зияны үшін жауапкершілігін сақтандыру шарты қоса тіркеледі. Бұл орайда сақтандыру сомасы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен кем болмауға тиіс.
Өтінiш берумен бiр мезгілде контрафактылы тауардың ерекше белгілерiнiң сипаттамасы табыс етіледi.
Мүмкiндiгiнше интеллектуалдық меншiк объектiсi бар тауардың және контрафактылы тауардың үлгілерi де табыс етіледi.
2005.20.06 № 62-III ҚР Заңымен 5- тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
5. Кеден iсi мәселелерi жөніндегі уәкілетті орган өтініш түскен күннен бастап күнтізбелiк отыз күннен аспайтын мерзiмде оны қарайды және тауарды тiзілімге енгізу туралы шешім қабылдайды.
Өтiнiш берушi ұсынған мәлiметтердiң дұрыстығын тексеру мақсатында кеден iсi мәселелерi жөніндегі уәкiлеттi орган үшiншi тұлғалардан, сондай-ақ тиiстi мемлекеттік органдардан мәлiмделген мәлiметтердi растайтын құжаттарды сұрап алуға құқылы. Аталған тұлғалар сауалды алған күннен бастан күнтізбелiк он күн ішінде сұратылған құжаттарды табыс етуге мiндетті.
Жеткiлiктi негіздер болған жағдайда кеден iсi мәселелерi жөнiндегі уәкілетті орган өтінiштi қарау мерзімін ұзартуға, бiрақ үш айдан аспайтын мерзiмге ұзартуға құқылы.
Кеден iсi мәселелерi жөніндегі уәкiлеттi органның тауарды тiзілімге енгізу туралы шешiмi кеден iсi мәселелерi жөніндегі уәкiлеттi орган басшысының бұйрығымен ресiмделедi.
Тауарларды тізілімге енгізуден бас тарту туралы шешім өтініш беруші дұрыс емес мәліметтер берген жағдайда, сондай-ақ тауарлардың контрафактылық белгілерін растау мүмкін болмаған кезде қабылданады.
Өтініш берушіге кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органның шешімі туралы жазбаша нысанда хабардар етіледі.
6. Өтініште не оған қоса берілген құжаттарда көрсетілген мәліметтер өзгерген жағдайда өтініш беруші ол туралы кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органға күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей хабарлауға міндетті.
7. Интеллектуалдық меншік объектісі бар тауарлар:
1) өтініш берушінің өтініші бойынша;
2) тізілімге енгізу кезінде толық емес немесе дұрыс емес мәліметтер ұсынылған жағдайда;
3) өтініште көрсетілген мәліметтердің өзгергені туралы белгіленген мерзімде хабарланбаған жағдайда;
4) тиісті интеллектуалдық меншік объектісіне құқықтың қолданылуы тоқтатылған жағдайда;
5) өтініш беруші осы бөлімнің ережелерін сақтамаған жағдайда тізілімнен шығарылуы мүмкін.
8. Кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган тауарлардың тізілімнен шығарылғандығы туралы өтініш берушіге үш жұмыс күні ішінде жазбаша хабардар етеді.
9. Интеллектуалдық меншік объектісіне құқық тоқтатылған жағдайда құқық иеленуші бұл туралы кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органды үш жұмыс күні ішінде хабардар етуге міндетті.
414-бап. Құқық қорғау мерзімі
Кеден органдарының құқық иеленуші құқығын қорғау мерзімін кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган интеллектуалдық меншік объектісі бар тауарды тізілімге енгізу туралы шешім қабылдаған кезде, өтініш беруші көрсеткен мерзімді ескере отырып, бірақ көрсетілген тауар тізілімге енгізілген күннен бастап екі жылдан аспайтын мерзімге белгілейді.
Көрсетілген мерзімді кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган өтініш берушінің ол туралы өтініші болған жағдайда ұзартады.
Құқық қорғау мерзімі құқық иеленушінің тиісті интеллектуалдық меншік объектісіне құқығының қолданылу мерзімінен аспауға тиіс.
53-тарау. Интеллектуалдық меншік объектілері бар
тауарларды кедендік ресімдеу және кедендік
бақылау ерекшеліктері
415-бап. Кедендік ресімдеу және кедендік бақылау
Интеллектуалдық меншік объектісі бар тауарларды кедендік ресімдеу және кедендік бақылау осы тарауда белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып жүзеге асырылады.
416-бап. Интеллектуалдық меншік объектісі бар тауарларды шығаруды тоқтата тұру
1. Егер тізілімге енгізілген тауарларды кедендік ресімдеу мен кедендік бақылауды жүзеге асыру кезінде кеден органы тауарлардың контрафактылы екендігінің белгілерін тапса, онда мұндай тауарларды шығару тоқтатыла тұрады.
2. Тауарларды шығаруды он жұмыс күніне дейінгі мерзімде тоқтата тұру туралы шешімді кедендік ресімдеуді жүзеге асыратын кеден органының басшысы не оны алмастырушы адам қабылдайды. Өтініш берушінің сұрауы бойынша көрсетілген мерзім ұзартылуы мүмкін, бірақ ол он жұмыс күнінен аспауға тиіс.
3. Кеден органы интеллектуалдық меншік объектілері бар тауарларды шығаруды тоқтата тұру туралы шешім қабылданған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей, тоқтата тұру және оның себептері туралы өтініш беруші мен декларантты хабардар етеді, сондай-ақ декларантқа - өтініш берушінің атауы мен мекен-жайын, ал өтініш берушіге декларанттың атауы мен мекен-жайын хабарлайды.
2005.20.06 № 62-III ҚР Заңымен 4- тармақпен толықтырылды
4. Интеллектуалдық меншікке құқықтардың бұзылғандығы туралы талап қою бойынша істі қозғау туралы айғақтар ұсынылған кезде тауарларды шығаруды тоқтата тұрудың осы баптың 2-тармағында белгіленген мерзімі, сондай-ақ тауарларды уақытша сақтау мерзімі талап қою бойынша шешім заңды күшіне енгізілгенге дейін ұзартылады.
417-бап. Кеден органдарының шығындарын өтеу
Кеден органдарына шығындарын:
1) тауарлар контрафактылы деп танылған жағдайда - декларант;
2) тауарлар контрафактылы болып табылмайды деп танылған жағдайда өтініш беруші өтейді.
418-бап. Ақпараттар беру. Сынамалар мен үлгілерді іріктеп алу
1. Кеден органы шығаруды тоқтата тұру туралы шешім қабылданған тауарлардың контрафактылық белгілері анықталғандығы туралы ақпаратты өтініш берушіге және декларантқа береді.
2. Осы бапқа сәйкес өтініш беруші немесе декларант алған ақпарат құпия болып табылады және, осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, олар мұны жария етпеуге, үшінші тұлғаға, сондай-ақ мемлекеттік органдарға бермеуге тиіс.
3. Кеден органының рұқсатымен өтініш беруші мен оның өкілдері контрафактылық белгілері бойынша шығаруды тоқтата тұру туралы шешім қабылданған тауарлардың сынамалары мен үлгілерін кедендік бақылаумен алуға және оларға зерттеулер жүргізуге құқылы.
419-бап. Шығаруды тоқтата тұру туралы шешімнің күшін жою
1. Егер шығаруды тоқтата тұру туралы шешімнің қолданылу мерзімі ішінде:
1) кеден органына шығаруды тоқтата тұру туралы шешімді жою туралы өтініш берушіден өтініш түссе;
2) интеллектуалдық меншiк объектiсі осы Кодекстің 413-бабына сәйкес тізілімнен алынып тасталса;
3) егер өтініш беруші интеллектуалдық меншiк объектiсі бар тауарларды шығаруды тоқтата тұру мерзімінде ұсталған тауарларды кеден шекарасы арқылы өткізу фактісіне байланысты интеллектуалдық меншiк құқығын бұзғандығы туралы сот ісі қозғалғаны жөнінде айғақтар ұсынбаса, шығаруды тоқтата тұру туралы шешімнің күші жойылуға тиіс.
Аталған жағдайларда тауарлар осы Кодексте белгіленген тәртіппен дереу кедендік ресімделуге және шығарылуға тиіс.
2. Шығаруды тоқтата тұру туралы шешімді жоюды осындай шешім қабылдаған кеден органының басшысы не оны алмастырушы адам жүзеге асырады.
3. Тауарларды шығару құқық иеленушінің интеллектуалдық меншiк объектiлеріне құқығын қорғау туралы тиісті уәкілетті мемлекеттік органға өтініш білдіруіне кедергі бола алмайды.
420-бап. Кеден органдары интеллектуалдық меншік құқығын қорғау жөнінде шаралар қолданбайтын интеллектуалдық меншік объектілері
Интеллектуалдық меншiк объектiсі бар және Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы:
2005.20.06 № 62-III ҚР Заңымен 1- тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1) егер жеке тұлғалар өткізетін немесе халықаралық почта жөнелтiмдерiмен жiберiлетiн тауарлар өндiрiстiк немесе өзге де кәсiпкерлiк қызметке арналмаса;
2) кеден органдары тауарлар транзиті кедендік режиміне сәйкес өткізілетін тауарларға қатысты интеллектуалдық меншік құқығын қорғау жөніндегі шараларды қолданбайды.