2. Құрылыс салушының уәкілетті органға Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген мәліметтер мен есептілікті табыс етпеуі не олардың дұрыс емес мәліметтер мен есептілікті табыс етуі - заңды тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің үш жүзден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 238-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
238-бап. Тұрғын үй-жайларды заңсыз қайта жабдықтау және қайта
жоспарлау
1. Тұрғын үйдегi адам тұратын және тұрмайтын үй-жайларды сәулет-құрылыс жобасынсыз, сәулет және қала құрылысы жөніндегі уәкiлеттi органның рұқсатынсыз заңсыз қайта жабдықтау және қайта жоспарлау, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Ғимарат берiктiгiнiң және орнықтылығының толық жойылуына (қирауына) әкеп соқтырған немесе әкеп соқтыруы мүмкiн нақ сол iс-әрекеттер, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан жиырма беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертулер.
1. Ғимараттардың, құрылғылардың, құрылыстардың, олардың бөлiктерiнiң немесе жекелеген құрастырма элементтерi берiктiгiнiң, орнықтылығының, сенімдiлiгiнiң кемiп кетуiне және жойылуына, тұрғызылатын объектiлердiң пайдалану сапасының нашарлауына, қоршаған ортаға керi әсер етуiне әкеп соғатын аумақтағы қала құрылысын салу кезiнде аумақты игеру, объектiлердi және кешендердi жобалау, салу, қайта жаңғырту, қалпына келтiру, жетiлдiру, күрделi жөндеу мен көркейту кезiнде мемлекеттік стандарттардың, техникалық шарттардың, құрылыс нормалары мен ережелерiнiң, жобалардың, басқа да нормативтiк актiлердiң мiндеттi талаптарының сақталмауы, сондай-ақ объектiлер құрылысының және оларды пайдалануға қабылдаудың белгiленген ұйымдастыру-құқықтық тәртібін бұзатын iс-әрекеттер құрылыс саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық деп ұғынылады.
2. Ғимараттың және құрылыстың материалдарының, құрастырмаларының, бұйымдарының, олардың түйiскен тораптарының, негiзгi топырақ қабатының есептiк мәндегi салмақтың түсуiне және әсерлерге бүлiнбей төтеп беру қабiлетi берiктілік деп ұғынылады.
3. Ғимараттың, құрылыстың есептiк - әсерлер мен салмақтың түсу ықпалына орай орнықты тепе-теңдiк күйiн сақтап қалуы орнықтылық деп ұғынылады.
4. Ғимараттың, құрылыстың, оның инженерлiк жүйелерiнiң, салмақ көтерушi және бөлектеушi құрастырмаларының нормаланатын көрсеткiштер мәндерiмен айқындалған мiндеттердi атқару қабiлетi сенімдiлiк деп ұғынылады.
5. Ғимараттар мен құрылыстар салуға, кеңейтуге, қайта жаңғыртуға, техникалық қайта жарақтандыруға, күрделi жөндеуге және жұмыстардың басқа да түрлерiне арналған жобалау алдындағы (құрылысқа инвестиция негiздемелерi, техникалық-экономикалық негiздемелер) және жобалау құжаттары (жоба, жұмыстық жоба және жобалардың басқа да түрлерi) бойынша жүргiзiлетiн жұмыстар жобалау жұмыстары деп ұғынылады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 239-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
239-бап. Белгiленген тәртiпте пайдалануға енгiзiлмеген объектiлер мен
кешендердi пайдалану
Құрылысы аяқталған, бiрақ белгiленген тәртiпте пайдалануға енгiзiлмеген объектiлердi, кешендердi немесе олардың жекелеген бөлiктерiн пайдалану (тұру, қызмет көрсету, кiрiстер алу мақсатында өнiмдер өндiру), -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
19-тарау. Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды
пайдалану саласындағы әкімшілік құқық
бұзушылық
05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңдарымен 240-бап өзгертілді
240-бап. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі санитариялық-
эпидемиологиялық және экологиялық талаптарды бұзу
1. Қоршаған ортаны қорғау жөнiнде белгiленген стандарттарды, нормаларды, санитариялық-эпидемиологиялық және экологиялық талаптарды, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу, -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - жиырмаға дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға қоршаған ортаға келтірілген зиян сомасы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Лауазымды адамдардың қоршаған ортаны қорғау жөнiнде белгiленген стандарттарды, нормаларды, санитариялық-эпидемиологиялық және экологиялық талаптарды арттыруға немесе төмендетуге нұсқау немесе рұқсат беруi, -
айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2007.09.01. № 213-III ҚР Заңымен 240-1-баппен толықтырылды
240-1-бап. Өндірістік экологиялық бақылауды жүргізу
талаптарын бұзу
Өндірістік экологиялық бақылауды жүргізу талаптарын бұзу, -
жеке тұлғаларға - жиырма бес, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 241-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
241-бап. Экологиялық ластану зардаптарын жою жөнiнде шаралар
жүргiзуден жалтару
Ластануға ұшыраған жерлерде залалсыздандыру немесе өзге де қалпына келтiру шараларын жүргiзу мiндетi жүктелген адамдардың осындай шараларды жүргiзуден жалтаруы немесе тиiсiнше жүргiзбеуi, егер бұл iс-әрекеттер адам немесе қоршаған орта үшiн ауыр зардаптарға әкеп соқтырмаса, -
жеке тұлғаларға - жиырма бес, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңдарымен 242-бап өзгертілді
242-бап. Ластаушы заттардың өндiрiстiк нормадан тыс тасталуы мен
шығарылуы, қалдықтарды орналастыру туралы хабарламау
Қоршаған ортаны қорғауды және табиғат қорғау және санитариялық-эпидемиологиялық заңдарының орындалуын мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын органдарға ластаушы заттардың өндiрiстiк нормадан тыс тасталуы мен шығарылуы, қалдықтарды орналастыру және қоршаған ортаға басқа да зиянды апаттық әсерi туралы хабарламау немесе бұрмаланған ақпарат беру, -
лауазымды адамдарға жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 243-бап жаңа редакцияда; 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 243-бап өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ; 2007.09.01. № 213-III ҚР Заңымен 243-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
243-бап. Қоршаған ортаға экологиялық рұқсатта белгіленген
эмиссиялар нормативтерінің асып кетуі не
экологиялық рұқсаттың болмауы
Қоршаған ортаға экологиялық рұқсатта белгіленген эмиссиялар нормативтерінің асып кетуі не экологиялық рұқсаттың болмауы, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса, -
жеке тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға эмиссиялар көлемін асырып жібергені үшін қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлем ставкасының бір мың проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 244-бап жаңа редакцияда (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
244-бап. Атмосфераға шығарылған қалдықтарды тазалауға және
сарқынды суларды ағызуға арналған жабдықтарды
пайдалану ережелерін бұзу, сондай-ақ жабдықтарды
пайдаланбау
Атмосфераға шығарылған қалдықтарды тазалауға және сарқынды суларды ағызуға арналған жабдықтарды пайдалану ережелерін бұзу, сондай-ақ жабдықтарды пайдаланбау, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 245-бап өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
245-бап. Мемлекеттік экологиялық сараптаманы мiндеттi түрде өткізу
туралы заңдар талаптарын орындамау
Мемлекеттік экологиялық сараптаманы мiндеттi түрде өткізу туралы заңдар талаптарын немесе мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысында айтылған талаптарды орындамау, сол сияқты мемлекеттік экологиялық сараптамадан өткiзiлмеген жобалар мен бағдарламаларды қаржыландыру, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 246-бап өзгертілді; 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 246-бап жаңа редакцияда (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
246-бап. Шығарылған қалдықтарында ластаушы заттардың болуы
нормативтерден асып кететін көлік және басқа да
жылжымалы құралдарды шығару
1. Шығарылған қалдықтарында ластаушы заттардың болуы, сондай-ақ олардың жұмыс істеуі кезінде шығатын шудың деңгейі белгіленген нормативтерден асып кететін автомобильдерді, ұшақтарды, кемелерді және басқа да жылжымалы құралдарды және қондырғыларды пайдалануға шығару, -
лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің он бестен отызға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет, -
қызметін тоқтата тұрып немесе оған тыйым салып, не онсыз, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің отыздан алпысқа дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүз елуден бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 247-бап өзгертілді
247-бап. Шығарылған қалдықтарында ластаушы заттардың болуы
нормативтен асып кететiн автомотокөлiктер мен басқа да
жылжымалы құралдарды пайдалану
1. Шығарылған қалдықтарында ластаушы заттардың болуы, сондай-ақ олардың жұмыс iстеуi кезiнде туғызатын шуылдың деңгейi белгiленген нормативтерден асып кететiн автомотокөлiктердi және басқа да жылжымалы құралдар мен қондырғыларды жеке тұлғалардың пайдалануы, -
жеке тұлғаларға ескерту жасауға немесе екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
жеке тұлғаларға бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 248-бап жаңа редакцияда (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
248-бап. Атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі заңнаманы бұзу
1. Атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі талаптарға сәйкес келмейтін жаңа және қайта жаңғыртылған кәсіпорындарды, құрылыстарды және басқа да объектілерді пайдалануға қабылдау, -
лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштің оннан отызға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі талаптарға сәйкес келмейтін жаңа және қайта жаңғыртылған кәсіпорындарды, құрылыстарды және басқа да объектілерді пайдалану, -
лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан қырыққа дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 249-бап өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
249-бап. Өндiрiстiк және тұрмыстық қалдықтарды жинау мен жағу кезiнде
атмосфералық ауаны қорғау және өрт қауiпсiздiгi жөніндегі
талаптарды сақтамау
Өндiрiстiк және тұрмыстық қалдықтарды жинау ережелерiн бұзу, аталған қалдықтарды жағу кезiнде атмосфералық ауаны қорғау және өрт қауiпсiздiгi жөніндегі талаптарды сақтамау, -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің үшке дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - отыздан қырыққа дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жетпіске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден жүз жиырмаға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 250-бап өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
250-бап. Жердi бүлдiру
1. Сату немесе оны басқа адамдарға беру мақсатымен топырақтың құнарлы қабатын жою немесе заңсыз алу, бұлай алу топырақтың құнарлы қабатының бiржола жоғалуын болдырмау үшiн қажет болған жағдайларды қоспағанда, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан қырыққа дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға қоршаған ортаға келтірілген зиян сомасы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Сақтау, пайдалану немесе тасымалдау кезiнде улы химикаттармен, тыңайтқыштармен, өсiмдiктердiң өсуiн күшейтетiн дәрiлермен және өзге де қауiптi химиялық, биологиялық және радиоактивтi заттармен жұмыс iстеу ережелерiн бұзу салдарынан шаруашылық немесе өзге де қызметтiң зиянды өнiмдерiмен жердi уландыру, ластау немесе өзге де бүлдiру, сол сияқты бактериялық-паразиттiк немесе ерекше зиянды организмдермен, бiрақ адамның денсаулығына немесе қоршаған ортаға зиян тигiзуге әкеп соқпаған ластау, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің оннан он беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырма бестен қырыққа дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз елуден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 251-бап жаңа редакцияда (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
251-бап. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді тиімсіз
пайдалану немесе пайдаланбау
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді тиімсіз пайдалану немесе пайдаланбау топырақ құнарлылығының төмендеуіне әкеп соқтырған болса, -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жетпіске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 252-бап жаңа редакцияда (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
252-бап. Жерді пайдаланудың табиғат қорғау режимі талаптарын
орындамау
1. Жерді пайдаланудың табиғат қорғау режимі талаптарын орындамау, -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға онға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 253-бап жаңа редакцияда (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
253-бап. Жерді нысаналы мақсатында пайдаланбау
Жерді нысаналы мақсатында пайдаланбау, -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан отызға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елуден жүз жиырмаға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 254-бап өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
254-бап. Уақытша иеленген жердi қайтару мерзiмдерiн бұзу немесе оны
мақсатына орай пайдалану үшiн жарамды күйге келтiру
жөніндегі мiндеттердi орындамау
Уақытша иеленген жердi қайтару мерзiмдерiн бұзу немесе оны мақсатына орай пайдалану үшiн жарамды күйге келтiру жөніндегі мiндеттердi орындамау, -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елуден жүз онға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 255-бап өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
255-бап. Iздестiру жұмыстарын жер учаскесiн пайдалануға рұқсатсыз
жүргiзу
Iздестiру жұмыстарын жер учаскесiн пайдалануға рұқсатсыз жүргiзу, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - оннан жиырма беске дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жетпіске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 256-бап өзгертілді
256-бап. Жер учаскелерiн беру туралы өтiнiмдердi қараудың белгiленген
мерзiмдерiн бұзу
Жеке және заңды тұлғалардың өздерiне жер учаскелерiн беру немесе меншiк немесе жер пайдалану құқығына құжаттарды қайта ресiмдеу туралы өтiнiмдерiн (өтiнiштерiн) қараудың белгiленген мерзiмдерiн бұзу, -
лауазымды адамдарға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 257-бап өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
257-бап. Тұрғын үй салу үшiн жер учаскелерi, арнайы жер қоры бар екендiгi туралы
ақпаратты жасыру
Жеке тұрғын үй салу үшiн жер учаскелерi, арнайы жер қоры бар екендiгi туралы ақпаратты жасыру, оны бұрмалау, жер учаскелерiн бөлуден негiзсiз бас тарту, -
жергiлiктi атқарушы органдардың лауазымды адамдарына айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 258-бап өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
258-бап. Жердi мемлекеттік тiркеу, есепке алу және бағалау
мәлiметтерiн бұрмалау
Жердi мемлекеттік тiркеу, есепке алу және бағалау мәлiметтерiн қасақана бұрмалау, -
лауазымды адамдарға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 259-бап өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
259-бап. Келісім-шарт жасаспай жер қойнауын геологиялық зерттеу
жөніндегі жұмыстарды жүргiзу
Келісім-шарт жасаспай жер қойнауын геологиялық зерттеу жөніндегі жұмыстарды жүргiзу, -
лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
260-бап. Жер қойнауын геологиялық зерттеу құқығын бұзу
Жер қойнауын геологиялық зерттеу құқығын беруге арналған конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдаудан негiзсiз бас тарту, -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ; 2007.09.01. № 213-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 261-бап өзгертілді
261-бап. Өндіріс пен тұтыну қалдықтарымен жұмыс істеу,
сарқынды суды ағызып жіберу талаптарын бұзу";
Өндіріс пен тұтыну қалдықтарымен жұмыс істеу, сондай-ақ сарқынды суды ағызып жіберу талаптарын бұзу, -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға қоршаған ортаға келтірілген зиян сомасы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 262-бап өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
262-бап. Минералды шикiзатты өндiру және қайта өңдеу жөніндегі
ұйымдардың жобаларын әзiрлеу кезiнде ережелердi бұзу
Минералды шикiзатты өндiру және қайта өңдеу жөніндегі ұйымдардың жобаларын әзiрлеу кезiнде белгiленген ережелердi бұзу, -
ескерту жасауға немесе лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырма беске дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - қырықтан жетпіске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 263-бап өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
263-бап. Минералды шикiзатты өндiру мен қайта өңдеу жөніндегі
ұйымдардың құрылысын салу және пайдалануға қосу кезiнде жер
қойнауын қорғау ережелерiн қамтамасыз етпеу
Минералды шикiзатты өндiру мен қайта өңдеу жөніндегі ұйымдардың құрылысын салу және пайдалануға қосу кезiнде жер қойнауын қорғау ережелерiн қамтамасыз етпеу, -
лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 264-бап өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)