Адвокаттық қызмет туралы Қазақстан Республикасының
1997 жылғы 5 желтоқсандағы № 195-1 Заңы
(2007.15.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2007 ж. 22 мамырдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Заңға өзгерістер енгізу туралы: 2007.12.01. № 222-III ҚР Заңын қара (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі)
I-тарау. Жалпы ережелер (1 - 6 баптар)
2-тарау. Адвокаттың мәртебесі (7 - 18 баптар)
3-тарау. Адвокаттық қызметті ұйымдастыру (19 - 33 баптар)
4-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер (34 - бап)
I-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Адвокатураның мақсаты
1. Қазақстан Республикасындағы адвокатура адамның өз құқықтарын, бостандықтарын сотта қорғауға және біліктi заң көмегiн алуға мемлекет кепiлдiк берген және Қазақстан Республикасының Конституциясымен баянды етiлген құқығын жүзеге асыруға жәрдемдесуге арналған.
2. Адвокатура қылмыстық iстер бойынша қорғау, азаматтық, әкiмшiлiк, қылмыстық және басқа да iстер бойынша өкiлдiк ету, сондай-ақ азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн, сондай-ақ заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау мен iске асыруға жәрдемдесу мақсатында заң көмегiнiң өзге де түрлерiн көрсету жөніндегі адвокаттардың қызметiн ұйымдастырады.
Адвокаттық қызмет шеңберiнде адвокаттар көрсететiн заң көмегi кәсiпкерлiк қызмет болып табылмайды.
2-бап. Адвокаттық қызмет туралы заңдар
1. Адвокаттық қызмет туралы заңдар осы Заңнан және адвокаттық қызметтi реттейтiн өзге де заңдардан тұрады.
2. Жеке және заңды тұлғалардың iстерi бойынша қорғау мен өкiлдiк етудi жүзеге асырған кездегi адвокаттардың iс жүргiзу құқықтары мен мiндеттерi Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленедi.
3-бап. Адвокатураның ұйымдастырылуы мен қызметiнiң
принциптерi
Адвокатура ұйымдастырылуы мен қызметi:
1) адвокаттардың өз қызметiн жүзеге асыру кезіндегі тәуелсiздiгi;
2) адвокаттық қызметтi заңдарда тыйым салынбаған әдiстерiн және құралдармен жүзеге асыру;
3) заң актілерінде тiкелей көзделген жағдайларды қоспағанда, прокуратура, соттар, анықтау және алдын ала тергеу органдары, басқа мемлекеттік органдар, өзге ұйымдар мен лауазымды адамдар тарапынан адвокаттардың қызметiне араласуға жол бермеу;
4) кәсiби мiнез-құлық нормаларын ұстану және адвокаттық құпияны сақтау принциптерiне негiзделедi.
4-бап. Адвокаттар көрсететiн заң көмегiнiң түрлерi
1. Заң көмегiн көрсете отырып, адвокаттар:
1) шешiлуi кәсiби заң білімдерiн қажет ететiн мәселелер бойынша консультациялар, түсiндiрмелер, кеңестер мен жазбаша қорытындылар бередi;
2) талап қою арыздарын, шағымдар мен құқықтық сипаттағы басқа құжаттарды жасайды;
3) анықтау, алдын ала тергеу органдарында, соттарда, мемлекеттік және өзге де органдарда, ұйымдарда және азаматтармен қарым-қатынастарда жеке және заңды тұлғалардың өкiлдiгi мен оларды қорғауды жүзеге асырады.
2. Адвокаттар заңдарда тыйым салынбаған өзге де заң көмегiн көрсетедi.
3. Көмек сұрап келген адам адвокатты таңдап алуға ерiктi, бұған адвокат оған тегiн заң көмегiн көрсету үшiн /осы Заңның 6-бабы/ сондай-ақ, егер қорғалушы өзiне адвокат таңдап алмаса немесе таңдалмаса, оның қатысуы мiндеттi болатын қылмыстық iстер бойынша қорғаушы ретiнде тағайындалатын жағдайлар қосылмайды.
4. Қылмыстық iстер жөніндегі кәсiби қорғауды тек адвокаттар ғана жүзеге асырады.
ҚР 03.06.03 ж. № 425-II (бұр. ред. қара); 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) Заңдарымен 5-бап өзгертілді
5-бап. Адвокаттар көрсеткен көмекке ақы төлеу, қорғау және
өкiлдiк етумен байланысты шығындарды өтеу
1. Адвокаттар көрсеткен заң көмегiне ақы төлеу мөлшерi, қорғаумен және өкiлдiк етумен байланысты шығындарды өтеу көмек сұрап келген адаммен адвокат жасасатын жазбаша келісімде белгiленедi.
Келісім жасасу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
2. Заңдарда көзделген жағдайларда, адвокат көрсеткен заң көмегiне ақы төлеу, iссапар, көлiк және оның басқа да шығындарын төлеу, анықтау, алдын ала тергеу органдарының қаулылары және сот ұйғарымдары бойынша бюджет қаражатынан жүргiзiледi.
3. Адвокат көрсететін заң көмегіне ақы төлеудің және осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларда қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеудің мөлшері мен тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
6-бап. Заң көмегiне ақы төлеуден босату
1. Адвокаттар сенiм бiлдiрушiлердiң өтiнiштерi бойынша:
1) алимент өндiрiп алу туралы, асыраушысының қайтыс болуына, жұмыспен байланысты мертiгуiне немесе денсаулығының өзгедей бұзылуы арқылы келтiрiлген зиянды өтеу туралы iстердi жүргiзу кезiнде бiрiншi сатыдағы соттарда талап қоюшыларға;
2) Отан соғысына қатысушылар мен оларға теңестiрiлген адамдарға, мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлерге, I және II топтағы мүгедектерге, жасы жөнiнен зейнеткерлерге, егер бұл кәсiпкерлiк қызмет мәселелерiне байланысты болмаса, консультациялар беру кезiнде;
3) зейнетақылар мен жәрдемақылар тағайындау туралы өтiнiштердi дайындау кезiнде азаматтарға;
4) ақтау мәселелерi жөнiнде кеңестер беру кезiнде адамдарға заң көмегiн тегiн көрсетедi.
2. Адвокаттардың тегiн заң көмегiн көрсету тәртібі адвокаттар алқасының жарғысында белгiленедi.
3. Азаматтарды олардың материалдық жағдайы ескерiле отырып, адвокаттар алқасының төралқасы, заң консультациясының меңгерушiсi, адвокат кеңесiнiң иесi (иелерi) және өз қызметiн заңды тұлғаны тiркемей жеке дара жүзеге асыратын адвокат заң көмегiне ақы төлеуден босата алады.
4. Осы бапта көзделген жағдайларда адвокаттың көрсеткен заң көмегiне төлеу тиiсiнше адвокаттар алқасының, адвокат кеңесiнiң қаражаты есебiнен жүргiзiледi.
2-тарау. Адвокаттың мәртебесі
ҚР 03.06.03 ж. № 425-II Заңымен 7-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
7-бап. Қазақстан Республикасындағы адвокат
1. Адвокат - жоғары заң білімі бар, адвокаттық қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия алған, міндетті түрде адвокаттар алқасының мүшесі болып табылатын және осы Заңмен регламенттелетін адвокаттық қызмет шеңберінде кәсіптік негізде заң көмегін көрсететін Қазақстан Республикасының азаматы.
2. Қасақана қылмыс жасағаны үшiн сотталған, белгiленген тәртiппен әрекетке қабiлетсiз немесе әрекетке қабiлеттiлiгi шектеулi деп танылған, адвокаттар алқасынан шығарылған, тәртіптік жағымсыз әрекет жасағаны үшін құқық қорғау органдарынан босатылған адам - босатылған күнінен бастап бір жыл бойы, сондай-ақ лицензиясының қолданылуы осы Заңда белгіленген тәртіппен тоқтатылған адам адвокат бола алмайды.
ҚР 03.06.03 ж. № 425-II Заңымен 8-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
8-бап. Адвокаттың көмекшiлерi мен тағлымдамадан өтушiлерi
1. Адвокаттың көмекшiлерi мен тағлымдамадан өтушiлерi болуы мүмкiн.
2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Адвокаттың көмекшiлерi еңбек шартының негiзiнде заң консультациясында, адвокат кеңсесiнде немесе адвокаттық қызметпен жеке-дара айналысатын адвокаттың жанында жұмыс iстей алады.
Адвокаттың көмекшiлерi адвокаттың нұсқаулары бойынша және соның жауапкершiлiгiмен адвокаттың тапсырмаларын орындауға құқылы.
3. Жоғары заң білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары ғана адвокаттың тағылымдамадан өтушілері бола алады.
Тағылымдамадан өтушілер адвокаттар алқасы төралқасы қаулысының негізінде кемінде бес жыл адвокаттық қызмет стажы бар адвокаттарда үш айдан бір жылға дейінгі мерзімге тағылымдамадан өтеді. Тағылымдамадан өту адвокаттар алқасы мен тағылымдамадан өтуші арасында жасалатын шарт негізінде жүзеге асырылады.
Тағылымдамадан өтуші ретіндегі жұмыс кезеңі заң мамандығы бойынша жұмыс стажына есептеледі.
4. Тағлымдаманың тәртібін, мерзiмi мен шарттарын адвокаттар алқасы белгiлейдi.
ҚР 11.07.01 ж. № 235-II Заңымен 9-бап өзгертілді ҚР 03.06.03 ж. № 425-II Заңымен 9-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) Заңымен 9-бап өзгертілді
9-бап. Адвокаттың лицензиясы
1. Әділет аттестаттау комиссиясының шешімі негізінде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі берген адвокат лицензиясы лицензияда көрсетілген адамның адвокаттық қызметпен айналысуына рұқсат беру болып табылады.
2. Лицензия адвокаттар алқасында үш айдан бір жылға дейінгі мерзімде тағылымдамадан өткен адамдарға олар аттестаттаудан өткен жағдайда беріледі. Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдардың аттестаттаудан өту ережесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі бекітетін Адвокаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың мемлекеттік тiзiлiмi туралы ережеге сәйкес Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі осы тізілімді жүргізеді және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына тарайтын мерзімді баспа басылымдарында адвокаттар лицензияларын беру, лицензияларының қолданылуын тоқтата тұру, лицензияларын кері қайтарып алу және қолданылуын тоқтату туралы мәліметтерді жариялайды.
3. Аттестаттаудан өтпестен адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия алуға:
1) Қазақстан Республикасы Әділет біліктілік алқасына біліктілік емтиханын тапсырған адамдардың;
2) тұрақты судьялардың және өз міндеттерін орындау кезінде атына кір келтіретін теріс қылықтары және заңды бұзғаны үшін судья қызметінен босатылған судьяларды қоспағанда, тұрақты судья болып жұмыс істеген адамдардың құқығы бар.
Прокуратура, тергеу және анықтау органдарында кемінде он жыл жұмыс істеген прокурорлар, тергеушілер мен анықтаушылар, жағымсыз себептер бойынша босатылғандарды қоспағанда, адвокаттар алқасында тағылымдамадан өткеннен кейін емтихан тапсырудан босатылады.
4. Адвокаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия беру туралы шешімді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі қабылдайды.
5. Лицензия негізгі, тұрақты болып табылады және оның күші Қазақстан Республикасының барлық аумағында қолданылады.
10-бап. Лицензия беруден бас тарту
Лицензиялау туралы заң актілерінде көзделген негiздер бойынша лицензия беруден бас тартылуы мүмкiн.
ҚР 03.06.03 ж. № 425-II Заңымен 11-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
11-бап. Лицензияның күшiн тоқтата тұру
Лицензияның күшi адвокаттың мемлекеттік қызметке тұруы, оның Парламент депутаты болып сайлануы (тағайындалуы), мiндеттi мерзiмдi әскери қызметте болуы, осы Заңның 31-бабы 1-тармағының 4), 7) тармақшаларында көзделген негiздер бойынша, сондай-ақ лицензиялау туралы заң актілерінде көзделген өзге де негiздер бойынша адвокаттар алқасының мүшелiгiнен шығарылуы кезеңiнде тоқтатыла тұрады.
Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы шешімді Қазақстан Республикасының Әділет министрі қабылдайды, ол бұйрық түрінде ресімделеді.
Лицензиясының күші тоқтатылған адам, тиісті сот, құқық қорғау органдары және адвокаттар алқасы қабылданған шешім туралы хабардар етіледі.
ҚР 03.06.03 ж. № 425-II Заңымен 12-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
12-бап. Лицензияны кері қайтарып алу және оның қолданылуын тоқтату
1. Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заң актілерінде көзделген жалпы негіздерден басқа, адвокаттың лицензиясын кері қайтарып алу Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің талап-арызы бойынша:
1) адвокат өз кәсіби міндеттерін орындау кезінде Қазақстан Республикасы заңдарының талаптары мен нормаларын, адвокатураны ұйымдастыру және оның қызметі принциптерін өрескел не бірнеше рет бұзған;
2) адвокаттың қасақана қылмыс жасағаны үшін ақтамайтын негіздемелер бойынша оған қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылған;
3) адвокат қасақана қылмыс жасағаны үшін сотталған;
4) адвокатқа медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы сот шешімі заңды күшіне енген;
5) адвокат әрекет қабілеті жоқ немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған;
6) адвокат хабар-ошарсыз кетті деп танылған немесе ол қайтыс болды деп жарияланған;
7) адвокат Қазақстан Республикасының азаматтығынан айрылған;
8) біліктілігінің жеткіліксіздігі салдарынан адвокаттың өз кәсіби міндеттерін орындауы мүмкін болмаған жағдайларда сот тәртібімен жүзеге асырылады.
2. Аумақтық әділет органының ұсынымы осы баптың 1-тармағының 1) 7) тармақшаларында көзделген жағдайларда адвокаттың лицензиясын кері қайтарып алу туралы талап-арыз дайындау үшін негіз болып табылады.
Тиісті адвокаттар алқасы төралқасының өтініші осы баптың 1-тармағының 1), 8) тармақшаларында көзделген жағдайларда адвокаттың лицензиясын кері қайтарып алу туралы талап-арыз дайындау үшін негіз болып табылады.
Лицензияны кері қайтарып алу лицензияның қолданылуын тоқтатуға әкеп соғады. Қазақстан Республикасының Әділет министрі тиісті сот шешімінің негізінде лицензияның қолданылуын тоқтату туралы бұйрық шығарады.
Лицензиясының қолданылуы тоқтатылған адам, тиісті сот, құқық қорғау органдары және адвокаттар алқасы қабылданған шешім туралы хабардар етіледі.
Лицензияның қолданылуын тоқтату туралы шешімге сотқа шағым жасалуы мүмкін.
ҚР 03.06.03 ж. № 425-II Заңымен 13-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
13-бап. Адвокаттың өкiлеттiктерiн куәландыру
1. Адвокаттың нақты істі жүргізуге өкілеттігі ордермен куәландырылады. Ордердің нысанын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі бекітеді. Ордерлердің берілуін бақылау мен есепке алуды адвокаттар алқасының төралқасы жүзеге асырады.
Өзінің қызметін Қазақстан Республикасы бекіткен тиісті халықаралық шарт негізінде жүзеге асыратын шетелдік адвокаттың өкілеттігі жеке басын, адвокат мәртебесін және заң көмегін көрсету өкілеттігін белгілейтін құжатпен расталады.
2. Адвокат Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында, сондай-ақ, егер бұл қабылдаған тапсырманы орындау үшiн қажет болса және тиiстi мемлекеттердiң заңдарына және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына қайшы келмесе, оның аумағынан тыс жерлерде адвокаттық қызметпен айналысуға құқылы.
ҚР 03.06.03 ж. № 425-II Заңымен 14-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
14-бап. Адвокаттың құқықтары
1. Адвокат көмек сұрап келген адамға ол мұқтаж болған кез келген заң көмегiн көрсетуге құқылы.
2. Адвокат өзiне өтiнiш жасаған адаммен заң көмегiн көрсету туралы өз атынан жазбаша келісім жасасады.
3. Адвокат, қорғаушы немесе өкiл ретiнде әрекет жасай отырып, iс жүргiзу заңына сәйкес:
1) барлық соттарда, құзыретiне тиiстi мәселелердi шешу кiретiн мемлекеттік, өзге де органдар мен ұйымдарда заң көмегiн сұрап өтiнiш жасаған тұлғалардың құқықтары мен мүдделерiн қорғауға және бiлдiруге;
2) барлық мемлекеттік органдардан және мемлекеттік емес ұйымдардан адвокаттық қызметтi жүзеге асыруға қажеттi мәлiметтердi сұратуға;
3) заң көмегiн көрсету үшiн қажет нақты мәлiметтердi дербес жинауға және дәлелдер табыс етуге;
4) көмек сұрап өтiнiш жасаған адамға қатысты материалдармен, соның iшiнде iс жүргiзу құжаттарымен, тергеу және сот iстерiмен танысуға және олардағы ақпаратты заң актілерінде тыйым салынбаған кез келген тәсiлмен белгiлеп алуға;
5) iске қатысуға жiберiлген сәттен бастап жолығулар санын, олардың ұзақтығын шектемей және мұндай жолығулардың құпиялығын қамтамасыз ететiн жағдайларда өзi қорғайтын адаммен оңаша жолығып тұруға;
6) заң көмегiн көрсетуге байланысты туындайтын және ғылым, техника, өнер мен басқа да қызмет салаларында арнайы білімдi қажет ететiн мәселелердi түсiндiру үшiн шарттық негiзде мамандардың қорытындыларын сұратуға;
7) өтiнiштер, мәлiмдеуге, әдiлет, прокуратура, анықтау, алдын ала тергеу органдары мен соттың лауазымды адамдарының, сондай-ақ көмек сұрап өтiнiш жасаған адамдардың құқықтарына және заңдармен қорғалатын мүдделерiне қысым жасайтын өзге де лауазымды адамдардың әрекеттерiне белгiленген тәртiппен шағым жасауға;
8) мемлекеттік құпияларды құрайтын ақпаратпен, сондай-ақ әскери, коммерциялық, қызметтiк және заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтитын ақпаратпен, егер бұл анықтау, алдын ала тергеу кезiнде және сотта қорғау немесе өкiлдiк ету үшiн қажет болса, заң актілерінде көзделген тәртiппен танысуға;
9) заң көмегiн сұрап өтiнiш жасаған адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғаудың заңдарда тыйым салынбаған барлық құралдары мен тәсiлдерiн пайдалануға;
10) заңдарға қайшы келмейтiн өзге де әрекеттердi жасауға құқылы.
4. Мемлекеттік орган немесе лауазымды адам адвокаттың заң көмегiн сұрап өтiнiш жасаған адамның мүддесiн бiлдiру құқығын танудан бас тарта алмайды.
5. Адвокаттың мемлекеттік органдардың, соттардың, прокуратураның, анықтау және алдын ала тергеу органдарының әкiмшiлiк үйлерiне кiруi осы органдар мен соттар белгiлеген тәртiппен өзiнiң адвокаттық куәлiгiн көрсетуi бойынша жүзеге асырылады.
Адвокаттың ұсталғандар, тұтқынға алынғандар және жазасын өтеп жатқандар отырған орындарға кiруi белгiленген рұқсаттық режимге сәйкес жүзеге асырылады.
6. Адвокат мiндеттi сақтандыру қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын мемлекет кепiлдiк берген әлеуметтiк қорғалуға құқықты.
Әлеуметтiк сақтандыруға арналған жарналарды адвокаттар қолданылып жүрген заңдарға сәйкес төлейдi.
15-бап. Адвокаттың мiндеттерi
1. Адвокат заң талаптарын сақтауға, адвокатураны ұйымдастыру мен оның қызметiнiң принциптерiн басшылыққа алуға, кәсiптiк мiнез-құлық нормаларының талаптары мен адвокаттық құпияны сақтауға мiндеттi.
2. Егер адвокат осы iс бойынша мүдделерi көмек сұрап өтiнiш жасаған адамның (тараптардың өзара келісімi бойынша ара ағайын болған жағдайларды қоспағанда) мүдделерiне қайшы келетiн адамдарға заң көмегiн көрсетiп жүрсе немесе бұдан бұрын көрсеткен болса немесе судья, прокурор, анықтауды жүргiзушi адам, тергеушi, сарапшы, маман, аудармашы, куә, жәбiрленушi немесе куәгер, азаматтық талап қоюшы немесе азаматтық жауапкер ретiнде iске қатысқан жағдайларда, сондай-ақ егер iстi тергеуге немесе қарауға адвокатпен жақын туыстық қатынастағы лауазымды адам қатысса, ол заң көмегiн көрсету туралы тапсырмадан бас тартуға мiндеттi.
3. Адвокат заң көмегiн көрсетуге байланысты өзiне мәлiм болған мәлiметтердi құпия сақтауға мiндеттi және көмек сұрап өтiнiш жасаған адамның келісімiнсiз оларды жария етуге құқығы жоқ.
4. Iс бойынша адвокаттың көмек сұрап өтiнiш жасаған адамның жағдайын нашарлататын құқықтық позиция ұстануына тыйым салынады.
5. Адвокаттың қылмыстық iс бойынша қабылданған тапсырмадан бас тартуға құқығы жоқ және ол қорғалатын адамның немесе адвокаттың өзiнiң көзқарасы бойынша әдiлетсiз үкiм шығарылған жағдайда алған белгiленген тәртiппен шағым жасауға мiндеттi.
6. Адвокатқа мемлекеттік қызметте болуға және кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға, оқытушылық, ғылыми немесе шығармашылық қызметтен басқа өзге де ақы төленетiн қызметпен айналысуға тыйым салынады.
16-бап. Адвокаттың кәсiби мiнез-құлық нормалары
Адвокат заң көмегiн көрсету кезiнде мынадай кәсiптiк ережелердi сақтауға тиiс:
1) көп күш-жiгер не уақыт жұмсауды талап ететiн қажеттi әрекеттер жасаудан жасқанбай ыждағаттылық пен құлшыныс бiлдiру;
2) заң мәселелерiн қарап жатқан органдар мен лауазымды адамдарға қатысты өзiн әдептi ұстау;
3) өз кәсiби мiнез-құлқын көмек сұрап өтiнiш жасаған адамның құқықтары мен заңды мүдделерiне сәйкес қалыптастыра және тежей отырып, iстi негiзсiз сөзбұйдаға салуға, заң көмегiн көрсетудiң заңсыз әдiстерiне, алдауға жол бермеу;
4) көмек сұрап өтiнiш жасаған адамның мүдделерiне адал болу және оның мүдделерiне қарсы қандай да болмасын әрекет жасамау.
ҚР 03.06.03 ж. № 425-II Заңымен 17-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
17-бап. Адвокаттық қызметтiң кепiлдiктерi
1. Мемлекеттік органдардың, саяси партиялардың, қоғамдық бiрлестiктердiң және өзге де ұйымдардың лауазымды адамдарының адвокаттық қызметтi жүзеге асыруға тiкелей немесе жанама түрде кедергi жасауға құқығы жоқ.
2. Адвокатты ол заң көмегiн көрсетiп отырған адаммен теңдестiруге тыйым салынады.
3. Адвокаттан өз кәсiби мiндеттерiн жүзеге асыруға байланысты оған мәлiм болған мән-жайлар туралы куәгер ретiнде жауап алуға тыйым салынады.
4. Адвокаттардан, адвокаттар алқасы төралқасының, заң консультацияларының, адвокаттық кеңселердiң басшылары мен қызметкерлерiнен, заңмен белгiленген жағдайларды қоспағанда, белгiлi бiр адамға заң көмегiн көрсетуге байланысты қандай да болмасын мәлiметтер берудi талап етуге тыйым салынады.
5. Адвокаттық iс жүргiзу және адвокаттың соған байланысты өзге де материалдары мен құжаттары, заң актілерінде тiкелей көзделгеннен басқа жағдайларда, тексеруге, қарауға, алуға, алып қоюға және тексерiске жатпайды.
6. Адвокатқа өзi қорғайтын адаммен оңаша жолығудың құпиялылығын қамтамасыз ететін жағдайларда осылайша жолығуына рұқсат беруден бас тартуға, сондай-ақ олардың саны мен ұзақтығына шек қоюға тыйым салынады.
7. Анықтау, алдын ала тергеу органдары мен соттар адвокатты iске қатысуға жiберген сәттен бастап оған өзi қорғайтын адам қамауда болатын бүкiл кезеңге iске қатысуға жiберiлген туралы дереу жазбаша растау беруге мiндеттi.
8. Анықтау және алдын ала тергеу органдары, iс жүргiзу заңында көзделген жағдайларда, адвокатпен келісілген мерзiмде тергеу және өзге iс жүргiзу әрекеттерiне оның қатысуы қажеттiгi туралы адвокатқа хабарлауға мiндеттi.
9. Мемлекеттік қызметшiлер мен мемлекеттік емес ұйымдардың басшылары адвокаттың нақты iс бойынша заң көмегiн көрсетуiне байланысты өтiнiшiне он күн мерзiмнен кешiктiрмей жазбаша жауап беруге мiндеттi.
10. Адвокаттардың қызметiне заңсыз араласуға жол берген немесе осындай қызметтi жүзеге асыруға кедергi келтiретiн адамдар заңға сәйкес жауапқа тартылады.
18-бап. Адвокат құпиясы
1. Адвокат құпиясын адвокатқа жүгiну фактiсi, көмек сұрап өтiнiш жасаған адаммен және басқа да адамдармен жасалған ауызша және жазбаша келiссөздердiң мазмұны туралы, көмек сұрап өтiнiш жасаған адамның мүдделерiнде жасалатын әрекеттердiң сипаты мен нәтижелерi туралы мәлiметтер, сондай-ақ заң көмегiн көрсетуге қатысты өзге ақпарат құрайды.
2. Адвокаттардың, адвокаттар алқасы төралқасы, заң консультациясы, адвокат кеңсесi қызметкерлерiнiң заң көмегiн көрсетуге байланысты алынған мәлiметтердi жария етуге, сондай-ақ өз мүдделерi немесе үшiншi бiр адамдардың мүдделерi үшiн пайдалануға құқығы жоқ.
3. Адвокат құпиясына жататын мәлiметтердi көмек сұрап өтiнiш жасаған адамның келісімiнсiз жария еткен адвокат заңға сәйкес жауапты болады.
3-тарау. Адвокаттық қызметті ұйымдастыру
ҚР 03.06.03 ж. № 425-II Заңымен 19-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
19-бап. Адвокаттық қызметтi ұйымдастыру нысандары
Адвокат өз қызметiн заң консультациясы арқылы жүзеге асыруға не дербес немесе басқа адвокаттармен бiрлесiп, сондай-ақ заңды тұлғаны тiркемей-ақ жеке дара адвокаттық кеңес құруға құқылы.
Адвокат тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында құрылған және әрекет ететін адвокаттар алқасының мүшесі болуға тиіс.
ҚР 03.06.03 ж. № 425-II Заңымен 20-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
20-бап. Адвокаттар алқасы
1. Адвокаттар алқасын адвокаттық қызметпен айналысуға құқығы бар адамдар құрады.
2. Адвокаттар алқасы жеке және заңды тұлғаларға біліктi заң көмегiн көрсету үшiн, адвокаттардың құқықтары мен заңды мүдделерiн бiлдiру және қорғау үшiн, осы Заңда белгiленген өзге де мiндеттердi орындау үшiн құрылатын адвокаттардың коммерциялық емес, кәсiби, өзiн-өзi басқаратын және өзiн-өзi қаржыландыратын ұйымы болып табылады.
3. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында адвокаттардың бiр ғана алқасы құрылып, жұмыс iстеуi мүмкін, оның басқа облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында өзінің құрылымдық бөлімшелерін (филиалдары мен өкілдіктерін) құруға құқығы жоқ.
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында адвокаттар алқасы болмаған жағдайда, ол осы Заңның 7-бабының талаптарына сәйкес келетiн кемiнде он құрылтайшының бастамашылығымен құрылады.