Сот сараптамасы туралы 1997 ж. 12 қарашадағы № 188-1
Қазақстан Республикасының Заңы
(2006.05.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2007 ж. 15 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Заңға өзгерістер енгізу туралы: 2007.12.01. № 222-III ҚР Заңын қара (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі)
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
2004.28.12 № 24-III; 2005.20.05. № 51-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 1-бап өзгертілді
1-бап. Негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
сот сараптамасы - шешiлуi үшiн маңызы бар жағдаяттарды белгiлеу мақсатында, арнаулы ғылыми білім-білік негiзiнде жүргiзiлетiн қылмыстық, азаматтық немесе әкiмшiлiк iстердiң материалдарын зерттеу;
сот-сараптама қызметi - арнаулы ғылыми білім-білік негiзiнде қылмыстық, азаматтық және әкiмшiлiк процестiң не аралық сотта, төрелiкте iс қараудың қатысушысы болып табылатын адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету мақсатында сот сараптамасын ұйымдастыру мен жүргiзу жөніндегі қызмет;
сот сарапшысы - сот, тергеушi, жауап алушы сот сараптамасын жүргiзудi тапсырған iстiң нәтижесiнде мүдделi емес, арнаулы ғылыми білім-білігi бар адам;
сот сарапшысының қорытындысы - Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен ресiмделген, сот сараптамасын тағайындаған адам не азаматтық процестiң тарабы сот сарапшысының алдына қойған мәселелер бойынша негiзделген қорытындылар;
сот сараптамасы органдары - Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен сараптама қызметiн жүзеге асыру жөніндегі функциялар жүктелген мемлекеттік мекемелер;
сот-сараптама қызметiн лицензиялау - Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен сот сараптамасын жүргiзу құқығына арнайы рұқсат беру.
2-бап. Сот сараптамасы туралы заңдар
Қазақстан Республикасының сот сараптамасы туралы заңдары Конституцияға негiзделедi және Қазақстан Республикасының осы Заңынан, өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекiткен тиiстi халықаралық шарттардан тұрады.
2-тарау. СОТ САРАПТАМАСЫ
3-бап. Сот сараптамасының принциптерi
Сот сараптамасы мынадай принциптерге:
1) заңдылыққа;
2) сот сарапшысының iс жүргiзу тәуелсiздiгiне;
3) сот сараптамасы органдарының тәуелсiздiгiне;
4) зерттеулердi жүргiзу құралдары мен әдiстерiнiң ғылыми негiздiлiгiне;
5) құзыреттiлiкке, жан-жақтылыққа толықтыққа және объективтiлiкке;
6) кәсiби этиканы сақтауға негiзделедi.
05.05.00 ж. № 47-11 ; 2005.20.05. № 51-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 4-бап өзгертілді
4-бап. Сот сараптамасы органдары
Сот сараптамасын:
1) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Сот сараптамасы орталығы мен оның аумақтық бөлiмшелерi;
2) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органының Сот медицинасы орталығы мен оның аумақтық бөлiмшелерi;
3) Қазақстан Республикасының заңдарымен қылмыстық қудалау функциясы жүктелген мемлекеттік органдардың және ұйымдардың бөлiмшелерiнен басқа функциясына Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сот сараптамасын жүргiзу жатқызылған мемлекеттік органдардың мамандандырылған бөлiмшелерi енетiн сот сараптамасы мемлекеттік мекемелерiнiң жүйесi жүзеге асырады.
5-бап. Сот сараптамасы органдарының сот-сараптама қызметiнiң мазмұны
Сот-сараптама қызметiнiң мазмұны мыналарды:
1) сот сараптамасы органдарының қызметiн ұйымдастыруды;
2) қылмыстық, азаматтық не әкiмшiлiк iстер бойынша сот сараптамасын жүргiзудi;
3) сот сараптамасы саласындағы ғылыми зерттеулердi;
4) сот сараптамасын ғылыми-әдiстемелiк қамтамасыз етудi;
5) сот сарапшыларын iрiктеудi, кәсiби даярлау мен олардың біліктiлiгiн арттыруды қамтиды.
6-бап. Сот сараптамасын жүргiзудiң тәртібі
1. Сот сараптамасын Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен арнайы уәкiлеттiк берiлген субъект сот сарапшысы жүргiзедi.
2. Сараптамалық зерттеудiң нәтижелерi бойынша сарапшының қорытындысы ресiмделедi.
7-бап. Сот сарапшысының қорытындысы
1. Қажеттi зерттеулер аяқталған соң алынған нәтижелердi ескере отырып, сот сарапшысы /сарапшылары/ өз атынан дәлелдемелi жазбаша қорытынды жазады, оны өзiнiң қолымен, жеке мөрiмен куәландырады және сот сараптамасын тағайындаған органға (адамға) жолдайды. Сот сараптамасын сот сараптамасы органының қызметкерi болып табылатын сот сарапшысы жүргiзген жағдайда, сот сарапшысының (сарапшыларының) қолы көрсетiлген органның мөрiмен расталады.
2. Сот сарапшысы қорытындысын ресiмдеу тәртібі мен оның құрылымы Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалады.
8-бап. Сот сараптамасының түрлерi
1. Сот сараптамасының түрлерiне бастапқы, комиссиялық, кешендi, қосымша және қайталама сараптамалар жатады.
2. Комиссиялық сараптама - бiр мамандықтағы сот сарапшыларының комиссиясы жүргiзетiн сот сараптамасы.
3. Кешендi сараптама - егер iс үшiн маңызы бар жағдаяттарды анықтау үшiн білімнiң түрлi салаларының негiзiнде зерттеу қажет болған жағдайларда, әртүрлi мамандықтағы сот сарапшыларының комиссиясы жүргiзетiн сот сараптамасы.
4. Қосымша сараптама - алдыңғы сараптаманың нәтижелерi бойынша сарапшының қорытындысы жеткiлiктi дәрежеде анық болмаған не сот сарапшысы өзiнiң алдына қойылған мәселелердi толық шешпеген не алдыңғы зерттеумен байланысты қосымша мәселелердi шешу қажет болған жағдайларда жүргiзiлетiн сот сараптамасы.
5. Қайталама сараптама - алдыңғы сараптаманың нәтижелерi бойынша сарапшының қорытындысы жеткiлiктi негiзделмеген не оның дұрыстығы күмән тудыратын, не сараптама жүргiзудiң iс жүргiзу нормалары елеулi түрде бұзылғанда жүргiзiлген сот сараптамасы.
9-бап. Көзi тiрi адамдарға сот сараптамасы
1. Көзi тiрi адамдарға сот сараптамасы тиiстi сарапшылық зерттеулер жүргiзу үшiн қажеттi жағдайлар болған кезде, сондай-ақ сарапшылық зерттеу жүргiзiлетiн адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн сақтауды қамтамасыз ету шартымен жүзеге асырылады.
2. Көзi тiрi адамдарға сот сараптамасын жүргiзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
3-тарау. СОТ САРАПШЫСЫ
05.05.00 ж. № 47-11; 06.11.01 ж. № 251-11; 2005.20.05. № 51-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 10-бап өзгертілді
10-бап. Сот сараптамасын жүргiзу тапсырылуы мүмкiн адамдар
1. Мыналар:
1) сот сараптамасы органдарының қызметкерлерiне;
2) лицензияның негiзiнде сот-сараптама қызметiн жүзеге асыратын адамдарға;
3) осы Заңның талаптарына сәйкес сот сараптамасын жүргiзу бiр жолғы тәртiппен өзге де адамдарға тапсырылуы мүмкiн.
1-1. Бір жолғы тәртіппен сараптама жүргізу:
1) сараптама түрлерінің заңдарда белгіленген тізбесінде көзделмеген сараптама тағайындалған;
2) осы заңның 27-бабына сәйкес шет мемлекеттің сот сараптамасы саласындағы маман сарапшы ретінде тартылған;
3) сот сараптамасы органдарының қызметкерлері болып табылатын, сондай-ақ лицензия негізінде сот-сараптама қызметін жүзеге асыратын тиісті мамандықтағы барлық сарапшыларға қарсылық қанағаттандырылған не осы адамдар және тұтас алғанда тиісті сот сараптамасы органы сараптама жүргізуден дәлелді себептермен шеттетілген жағдайларда тапсырылуы мүмкін.
2. Сот сарапшысының жоғары білімi және сот сараптамасының белгiлi бiр түрi саласында арнаулы ғылыми білігi болуы тиiс.
Осы баптың 1-тармағының 1), 2)-тармақшаларында көрсетiлген адамдардың белгiлi бiр түрдегi сот сараптамасын жүргiзу құқығына арналған біліктiлiк куәлiгi болуы тиiс.
Осы баптың 1-тармағының 2)-тармақшасында көрсетiлген адамдардың сот-сараптама қызметiн жүргiзу құқығына лицензиясы болуға тиiс.
3. Мына адамдарға:
1) заңмен белгiленген тәртiпте iс-әрекет қабiлетi шектеулi және iс-әрекетке қабiлетсiз деп танылған;
2) бұрын сотталған;
3) сот-сараптама қызметiн жүзеге асыруға байланысты лауазымнан келеңсiз себептер бойынша босатылған адамдарға сот сараптамасын тапсыруға болмайды.
Адамға сот сараптамасын жүргiзудi тапсыру мүмкiндiгiн болдырмайтын өзге де жағдаяттар Қазақстан Республикасының қылмыстық-iс жүргiзу, азаматтық iс жүргiзу заңдарында не әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы заңдарында көзделген.
4. Адамды сот сарапшысы етiп тағайындау рәсiмi осы Заңмен айқындалады.
11-бап. Сот сарапшысының мiндеттерi
Сот сарапшысы:
1) Қазақстан Республикасының заңдарымен уәкiлеттiк берiлген орган (адам) өзiнiң алдына қойған мәселелер бойынша ғылыми негiзделген және объективтi қорытынды беруге;
2) егер қойылған мәселелер оның арнаулы білімiнiң шегiнен шығатын немесе ұсынылған материалдар қорытынды беру үшiн жеткiлiксiз болған жағдайларда қорытынды беруден бас тартуға;
3) зерттеу әдiстерiн таңдау кезiнде сараптама объектiлерiнiң барынша сақталу талабын ескеруге;
4) оны шақырушы қылмыстық, азаматтық не әкiмшiлiк процесс жүргiзушi органға (адамға), сондай-ақ қылмыстық немесе азаматтық процестiң тарабына шығыстардың сметасы мен келтiрiлген шығыстар туралы есеп ұсынуға;
5) қылмыстық, азаматтық не әкiмшiлiк процестердi жүргiзушi органның (адамның) шақыруы бойынша процеске қатысушыларға қорытындыны табыс ету үшiн келуге; олардың сұрақтарына жауап беруге, сондай-ақ қорытындының мазмұнын түсiндiруге;
6) қылмыстық, азаматтық не әкiмшiлiк процестi жүргiзушi органға (адамға) оның біліктiлiгiн растайтын құжаттарды ұсынуға;
7) қылмыстық, азаматтық немесе әкiмшiлiк процестердi жүргiзушi органның (адамның), сондай-ақ тараптардың талап етуi бойынша соттың отырысында өзiнiң кәсiптiк тәжiрибесi мен iс бойынша iс жүргiзуге қатысушы адамдармен қарым-қатынасы туралы хабарлауға; егер ол көрсетiлген адамдармен әлдеқандай қарым-қатынаста болған жағдайда қорытынды беруден бас тартуға;
8) оның қатысуымен жүргiзiлген тергеу қызметi және осы ретте анықталған жағдаяттар туралы мәлiметтердi, сондай-ақ жабық сот отырысының деректерiн, сондай-ақ мемлекеттік коммерциялық немесе өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, жеке өмiрге қол сұғылмаушылықты қозғайтын жағдаяттар туралы өзiне мәлiм болған деректердi жария етпеуге мiндеттi.
12-бап. Сот сарапшысының құқықтары
Сот сарапшысының:
1) қорытынды беру үшiн қажеттi объектiлер, оның iшiнде салыстырмалы зерттеу үшiн үлгiлер алуға;
2) қылмыстық, азаматтық не әкiмшiлiк процестi жүргiзушi органның (адамның) рұқсатымен сараптаманың мәнiне қатысты iстiң материалдарымен танысуға және қорытынды беру үшiн қажеттi мәлiметтердi көшiрiп алуға;
3) қылмыстық, азаматтық не әкiмшiлiк процестi жүргiзушi органның (адамның) рұқсатымен iс жүргiзу әрекетiне қатысуға және оған қатысушыларға сот сараптамасының мәнiне қатысты сұрақтар қоюға;
4) сараптаманы тағайындаған органның (адамның) келісімi бойынша оның алдына қойылған мәселелер жөнiнде ғана емес, өз құзыретiнiң шегiнде сот сарапшысының бастамашылығы бойынша белгiленген өзге де жағдаяттар бойынша да қорытынды беруге;
5) сот пен процеске қатысушылардың назарын сараптаманың мәнiне, соның iшiнде сарапшыға сұрауларды тұжырымдауға байланысты жағдаяттарға аударуға;
6) өзi қатысқан iс жүргiзу әрекетiнiң хаттамасымен, сондай-ақ сот отырысы хаттамасының тиiстi бөлiгiмен танысуға және оның қызметiнiң толықтығы мен дұрыстығына қатысты хаттамаға енгiзiлуге тиiс ескертпелер жасауға;
7) iс жүргiзу кезіндегі шығыстарға және қылмыстық, азаматтық және әкiмшiлiк процестi жүргiзушi органның (адамның) заңсыз iс-әрекетiнен келтiрiлген залалға өтем алуға;
8) егер өзiнiң қызметтiк мiндетi болып табылмайтын болса, орындаған жұмысы үшiн сыйақы алуға құқығы бар;
13-бап. Сот сарапшысының жауапкершiлiгi
Сот сарапшысы өз мiндеттерiн орындамаған немесе тиiсiнше орындамаған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiптiк, материалдық, әкiмшiлiк немесе қылмыстық жауапкершiлiкке тартылуы мүмкiн.
14-бап. Сот сарапшысы тәуелсiздiгiнiң және оның қорытындысының дұрыстығымен кепiлдiктерi
1. Сот сарапшысының тәуелсiздiгiне:
1) Қазақстан Республикасының қылмыстық iс жүргiзу, азаматтық iс жүргiзу заңдарында және әкiмшiлiк тәртiп бұзушылықтар туралы заңдарында көзделген сот сараптамасын тағайындау тәртібімен;
2) сараптамалық зерттеу жүргiзуге және сарапшының қорытындысын дайындауға араласуға тыйым салумен кепiлдiк берiледi.
2. Сот сарапшысы қорытындысының дұрыстығына:
1) комиссиялық, кешендi, қосымша және қайталама сот сараптамасын тағайындау мүмкiндiгiмен;
2) сот сарапшысын iрiктеу, оларды кәсiптiк даярлау және біліктiлiгiн арттыру жүйесiн құрумен;
3) сот сарапшыларын аттестациялау және лицензиялау жүйесiмен;
4) сот сараптамасы iсiн жүргiзудi тиiстi материалдық-техникалық қамтамасыз етумен;
5) сарапшының көрiнеу жалған қорытынды бергенi үшiн қылмыстық жауапкершiлiкке тартылатындығымен кепiлдiк берiледi.
05.05.00 ж. № 47-11; 2005.20.05. № 51-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 15-бап өзгертілді
15-бап. Сот сарапшысының біліктiлiк куәлiгi
1. Сараптаманың белгiлі бiр түрiн жүргiзу құқығына арналған сот сарапшысының біліктiлiк куәлiгi біліктiлiк емтиханын тапсырған адамдарға берiледi.
2. Сараптаманың белгiлi бiр түрiн жүргiзу құқығына сот сарапшысының біліктiлiк куәлiгiн тиiсiнше Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң немесе Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органының біліктiлiк комиссиясы бередi.
Бiлiктiлiк комиссиясының қызмет тәртібі мен құрамын тиiсiнше Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі немесе Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органы айқындайды.
2005.20.05. № 51-III ҚР Заңымен 16-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
16-бап. Сот сарапшысын аттестациялау
Кәсiптiк даярлығының деңгейiн анықтау мақсатында тиiсiнше Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң немесе Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органының Аттестациялық комиссиясы сот сарапшыларын әрбiр бес жыл сайын аттестациялаудан өткiзуге тиiс.
Аттестациялық комиссияның қызмет тәртібі мен құрамын тиісінше Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі немесе Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органы айқындайды.
05.05.00 ж. № 47-11 ҚР Заңымен 17-бап өзгертілді
17-бап. Сот-сараптама қызметiн лицензиялау
1. Сот-сараптама қызметiн лицензиялау Қазақстан Республикасы Үкіметі бекiтетiн ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.
2. Нақты тұлғалардың ғана сот-сараптама қызметi лицензиялануға тиiс.
05.05.00 ж. № 47-11 ҚР Заңымен 18-бап өзгертілді
18-бап. Сот сарапшыларының мемлекеттік тiзiлiмi
1. Сот сараптамасы органдарының қызметкерлерi болып табылатын, сот-сараптама қызметiн жүзеге асыратын, сондай-ақ сот-сараптама қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензия алған адамдар қалыптастыру мен пайдалану мақсаттары мен тәртібін Қазақстан Республикасы Үкіметі бекiтетін ережелермен айқындалатын Сот сарапшыларының мемлекеттік тiзiлiмiне енгiзiледi.
2. Анықтау, алдын ала тергеу органдары мен соттар сараптама жүргiзудi, осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, Сот сарапшыларының мемлекеттік тiзiлiмiне енгiзiлген мамандарға тапсыруы тиiс.
4-тарау. СОТ-САРАПТАМА ҚЫЗМЕТIНIҢ ЫЛЫМИ-ӘДIСТЕМЕЛIК
ЖӘНЕ ОҚУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
05.05.00 ж. № 47-11 ҚР Заңымен 19-бап өзгертілді
19-бап. Сот-сараптама қызметiн ғылыми-әдiстемелiк және оқумен қамтамасыз ету
1. Сот-сараптама қызметiн ғылыми-әдiстемелiк қамтамасыз ету, сондай-ақ сот сарапшыларын кәсiптiк даярлау мен олардың біліктiлiгiн арттыру Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Сот сараптамасы орталығы мен Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органының Сот медицинасы орталығына жүктеледi.
2. Меншiк нысандарына қарамастан, ұйымдар Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Сот сараптамасы орталығына және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органының Сот медицинасы орталығына оларда сот сараптамасы мен сот медицинасының бiрыңғай ақпараттық-әдiстемелiк базасын құру үшiн олардың сұрауы бойынша өз өнiмдерiнiң үлгiлерiн немесе каталогын, техникалық және технологиялық құжаттамаларды және ақпараттық мәнi бар басқа да материалдарды бередi. Бұл ретте Сот сараптамасы мен сот медицинасы орталықтары алынған мемлекеттік құпиялар, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын құпия қарайтын мәлiметтердiң жария болмауын қамтамасыз етедi.
3. Сот сараптамасы органдары iс бойынша жұмыс аяқталған соң ғылыми, практикалық және әдiстемелiк қызметтерге пайдалану үшiн соттар мен құқық қорғау органдарынан өздерiнiң сұрау салуы бойынша заттай айғақ болып табылатын заттарды алуға хақылы.
05.05.00 ж. № 47-11 ҚР Заңымен 20-бап өзгертілді
20-бап. 2004.20.12 № 13-III Заңымен алып тасталды
(бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
5-тарау. СОТ-САРАПТАМА ҚЫЗМЕТIН ҚАРЖЫЛЫҚ,
ӘЛЕУМЕТТIК, МАТЕРИАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ
ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
21-бап. Сот-сараптамасын жүргiзудi материалдық-техникалық қамтамасыз етудiң стандарттары мен талаптары
Сот сараптамасы өз қызметiн сот сараптамасы органдарының ұсыныстары бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейтiн стандарттар мен талаптарға сәйкес арнайы жабдықталған үй-жайлар болғанда жүзеге асыра алады.
05.05.00 ж. № 47-11 ҚР Заңымен 22-бап өзгертілді ; 2004.20.12 № 13-III Заңымен 22-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ; 2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 22 -бап жаңа редакцияда (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара)
22-бап. Сот-сараптама қызметін қаржыландыру
Сот сараптамасы органдарында қылмыстық, азаматтық істер және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша сот сараптамаларын жүргізуді қаржыландыру Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңнамасында және Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасында көзделген, соттың дәлелді ұйғарымымен расталған негіздемелер болған жағдайлардан басқа кезде, сот сараптамасы органдарында азаматтық істер бойынша сот сараптамаларын жүргізуге ақы төлеуді тараптар жүзеге асырады және алдын ала төлеу нысанында тиісті бюджетке енгізіледі.
Мамандандырылған зерттеулер жүргізу, сондай-ақ білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін бағдарламаларға кірмейтін ғылыми және ғылыми-әдістемелік зерттеулер жүргізу үшін ақы төлеу алдын ала төлеу нысанында тиісті бюджетке енгізіледі.
23-бап. 2004.20.12 № 13-III Заңымен алып тасталды
(бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
24-бап. Сот-сараптама қызметiн жүзеге асыратын адамдарды әлеуметтiк, материалдық қамтамасыз ету
1. Сот-сараптама қызметiн жүзеге асыратын, сот сараптамасы органдарының қызметкерлерi болып табылатын адамдардың еңбегiне ақы төлеу және оларды әлеуметтiк қорғау жағдайларды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес айқындалады.
2. Сот-сараптама қызметiн жүзеге асыратын, сот-сараптамасы органдарының қызметкерлерi болып табылатын адамдардың еңбегiне ақы төлеу лауазымдық жалақыдан, сыныптық шенi, еңбек сiңiрген жылдары үшiн қосымша ақыдан, сондай-ақ сыйақылардан, басқа да үстеме ақылар мен өтемақылардан тұрады, олардың мөлшерi мен тағайындалу тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленедi.
3. 2004.20.12 № 13-III Заңымен алып тасталды
(бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
4. Сарапшыларды зейнетақымен қамсыздандыру Қазақстан Республикасының зейнетақы заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
6-тарау. СОТ САРАПТАМАСЫ САЛАСЫНДАЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ
25-бап. Сот сараптамасы саласындағы халықаралық ынтымақтастық
Сот сараптамасы органдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шет мемлекеттердiң сот-сараптама қызметiн жүзеге асыратын органдарымен және қызметтерiмен бiрлескен ғылыми зерттеулер жүргiзу, ғылыми және әдiстемелiк ақпараттар алмасу, сот сарапшыларын даярлау мақсатымен халықаралық байланыстар орнатуға хақылы.
26-бап. Шет мемлекет мемлекеттік органының тапсыруы бойынша сот сараптамасын жүргiзу
Сот сараптамасы Қазақстан Республикасы тиiстi халықаралық келісім жасасқан шет мемлекеттік органының тапсыруы бойынша жүргiзiлуi мүмкiн. Бұл жағдайда, егер халықаралық келісімде өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының заңдары қолданылады.
27-бап. Шет мемлекеттiң сот сарапшыларын тарта отырып, сот сараптамасын жүргiзу
1. Қылмыстық, азаматтық не әкiмшiлiк процесс жүргiзушi орган /адам/ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен шет мемлекеттiң сот сараптамасы саласындағы мамандарын тартуға хақылы.
2. Сот сараптамасы органы басшысының сараптаманы тағайындаған органның /адамның/ келiсуi бойынша жүзеге асырылатын шет мемлекет сот сарапшысын тарту құқығы болады.
3. Шет мемлекет сот сарапшысының қатысуымен сот сараптамасын жүргiзу Қазақстан Республикасының қылмыстық-iс жүргiзу, азаматтық iс жүргiзу заңдарына не әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
7-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
28-бап. Осы Заңды күшiне енгізу тәртібі
Осы Заңның 4-бабының 3)-тармақшасы 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының