Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне сот сараптамасын жүргізу
мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан
Республикасының 2001 жылғы 6 қарашадағы № 251-II Заңы
Қазақстан Республикасының мына заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. "Сот сараптамасы туралы" 1997 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 21, 276-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат):
10-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Бір жолғы тәртіппен сараптама жүргізу:
1) сараптама түрлерінің заңдарда белгіленген тізбесінде көзделмеген сараптама тағайындалған;
2) осы заңның 27-бабына сәйкес шет мемлекеттің сот сараптамасы саласындағы маман сарапшы ретінде тартылған;
3) сот сараптамасы органдарының қызметкерлері болып табылатын, сондай-ақ лицензия негізінде сот-сараптама қызметін жүзеге асыратын тиісті мамандықтағы барлық сарапшыларға қарсылық қанағаттандырылған не осы адамдар және тұтас алғанда тиісті сот сараптамасы органы сараптама жүргізуден дәлелді себептермен шеттетілген жағдайларда тапсырылуы мүмкін.";
4-тармақтағы "Қазақстан Республикасының заңдарымен" деген сөздер "осы Заңмен" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 23, 335-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 17-18, 245-құжат):
1) 83-баптың бірінші бөлігіндегі "Қазақстан Республикасы заңдарымен" деген сөздер "осы Кодекстің 243-бабының бірінші бөлігімен" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 243-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Сот сараптамасын жүргізу:
1) сот сараптамасы органдарының қызметкерлеріне;
2) лицензия негізінде сот-сараптама қызметін жүзеге асыратын адамдарға;
3) заң талаптарына сәйкес бір жолғы тәртіппен өзге де адамдарға тапсырылуы мүмкін.".
3. 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 18, 644-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 15-16, 239-құжат):
91-бапта:
төртінші бөліктегі екінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
"Сот сараптамасын жүргізу:
1) сот сараптамасы органдарының қызметкерлеріне;
2) лицензия негізінде сот-сараптама қызметін жүзеге асыратын адамдарға;
3) заң талаптарына сәйкес бір жолғы тәртіппен өзге де адамдарға тапсырылуы мүмкін.";
алтыншы бөліктегі бірінші сөйлем алып тасталсын.
4. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат):
597-баптың бірінші бөлігіндегі екінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
"Сот сараптамасын жүргізу:
1) сот сараптамасы органдарының қызметкерлеріне;
2) лицензия негізінде сот-сараптама қызметін жүзеге асыратын адамдарға;
3) заң талаптарына сәйкес бір жолғы тәртіппен өзге де адамдарға тапсырылуы мүмкін.".
Қазақстан Республикасының