Қазақстан Республикасынан кету жөніндегі iстер бойынша мыналар:
1) Кеңес Одағының Батырлары мен Социалистiк Еңбек Ерлерi, Даңқ орденiнiң үш дәрежесiмен және Еңбек даңқы орденiнiң үш дәрежесiмен, "Алтын Қыран", "Халық қа?арманы", "Отан" ордендерiмен наградталған адамдар, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерi және соларға теңестiрiлген басқа да мүгедектер, бала кезiнен мүгедектер, І топтағы мүгедек және оны ертiп жүретiн адам, сондай-ақ ІІ топтағы мүгедектер, Чернобыль апатының салдарынан зардап шеккен азаматтар;
2) азаматтық, отбасылық және қылмыстық iстер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы шарттарға сәйкес басқа мемлекеттердiң соттарына азаматтық және қылмыстық iстер бойынша тараптар, куәлер және сарапшылар ретiнде шақырылған жеке адамдар - оларға шетелге кетуге құжаттар берiлгенi үшiн мемлекеттік баж төлеуден босатылады.
Қазақстан Республикасына келу жөніндегі iстер бойынша оралмандар олардың паспорттарына немесе солардың орнына берілетін құжаттарына Қазақстан Республикасына келуге рұқсат берілетін виза берілген кезде мемлекеттік баж төлеуден босатылады.
2005.22.11 № 90-III ҚР Заңымен 505-1--баппен толықтырылды (2006.01.01 бастап қолданысқа енді)
505-1-бап. Зияткерлік меншік саласындағы уәкілетті орган
заңды мәні бар іс-әрекеттер жасаған кезде
мемлекеттік баж төлеуден босату
Зияткерлік меншік саласындағы уәкілетті орган заңды мәні бар іс-әрекеттер жасаған кезде:
1) қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйлерде тұратын қарттар мен мүгедектер;
2) мектеп-интернаттардың, кәсіптік мектептер мен кәсіптік лицейлердің мемлекет толық қамсыздандыратын және жатақханаларда тұратын оқушылары;
3) оралмандар (репатрианттар) - Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейін;
4) Кеңес Одағының Батырлары, Социалистік Еңбек Ерлері, үш дәрежелі Даңқ және үш дәрежелі Еңбек Даңқы, "Алтын Қыран", "Халық қа?арманы", "Отан" ордендерімен марапатталған адамдар, "Ардақты ана" атағын алған, "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған көп балалы аналар;
5) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес оларға теңестірілген адамдар, бала кезінен мүгедектер, І және II топтағы мүгедектер, Чернобыль апаты салдарынан зардап шеккен азаматтар мемлекеттік баж төлеуден босатылады.
29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 506-бап өзгертілді
506-бап. Басқа да iс-әрекеттер жасаған кезде мемлекеттік баж төлеуден босату
1. Тұрғылықты жерiн тiркегенi үшiн мыналар:
1) қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйлерде тұратын қарттар мен мүгедектер;
2) мектеп-интернаттардың, кәсiптiк мектептер мен кәсiптiк лицейлердiң мемлекет толық қамсыздандыратын және жатақханаларда тұратын оқушылары;
3) оралмандар (репатрианттар) - Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейiн;
4) Кеңес Одағының Батырлары, Социалистік Еңбек Ерлері, үш дәрежелі Даңқ және үш дәрежелі Еңбек Даңқы, "Алтын қыран", "Халық қаһарманы", "Отан" ордендерімен наградталған адамдар, «Ардақты ана» атағын алған, "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған көп балалы аналар;
5) Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оның мүгедектері және Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес, оларға теңестірілген адамдар; бала кезінен мүгедектер; І және ІІ топтағы мүгедектер; Чернобыль апатының салдарынан зардап шеккен азаматтар мемлекеттік баж төлеуден босатылады.
2. Аң аулау құқығына рұқсат бергенi үшiн: аңшылық мамандары, қорықшылар мен штаттағы аңшылар - оларға аң аулау құқығына рұқсаттар берiлгенi немесе ұзартылғаны үшiн мемлекеттік баж төлеуден босатылады.
3. Мыналардан:
1) 29.11.03 ж. № 500-II ҚР Заңымен алып тасталды
2) 29.11.03 ж. № 500-II ҚР Заңымен алып тасталды
3) қылмыстық iсте азаматтық талап қоюды табыс ету кезiнде;
4) Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелері арқылы апостильдеуге түсетін құжаттарға апостиль қою кезінде;
5) Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелері арқылы өтініш жасаған азаматтарға азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайта куәліктер берілгені үшін мемлекеттік баж алынбайды.
4. Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттары мен жеке куәліктері, сондай-ақ, шет ел азаматының Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат және азаматтығы жоқ адамның куәлiктерiн берілгені үшін: Кеңес Одағының Батырлары, Социалистік Еңбек Ерлері, үш дәрежелі Даңқ және үш дәрежелі Еңбек даңқы, "Алтын Қыран", "Халық қаһарманы", "Отан" ордендерімен наградталған адамдар, "Ардақты ана" атағын алған, "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған көп балалы аналар, Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оның мүгедектері және Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес оларға теңестірілген адамдар, бала кезінен мүгедектер, І және ІІ топтағы мүгедектер, қарттарға арналған интернат-үйлерде тұратын қарттар, мемлекеттiң толық қарамағындағы және балалар үйлерi мен интернат ұйымдарында тұратын жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, Чернобыль апатының салдарынан зардап шеккен азаматтар мемлекеттік баж төлеуден босатылады.
23.11.02 ж. 358-ІІ; 29.11.03 ж. № 500-II ((бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ; 2005.22.11 № 90-III (бұр. ред. қара) (2006.01.01 бастап қолданысқа енді) ҚР Заңдарымен 507-бап өзгертілді
507-бап. Мемлекеттік бажды төлеу тәртібі
1. Мемлекеттік баж қолма-қол ақшамен, банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару жолымен төленедi.
2. Мемлекеттік баж:
1) сот қарайтын iстер бойынша - тиiстi арыздар (шағымдар) немесе апелляциялық шағымдар, сот бұйрығын шығару туралы өтініш бергенге дейiн, сондай-ақ сот құжаттардың көшiрмелерiн берген кезде;
2) нотариаттық iс-әрекеттердi орындағаны үшiн, сондай-ақ құжаттардың көшiрмелерiн, дубликаттарын бергенi үшiн - жасалған нотариалдық іс-әрекетті тіркеген кезде;
3) азаматтық хал актілерін мемлекеттік тiркегенi үшiн, тиiстi арыздар берген кезде азаматтық хал актілерінiң жазбаларына түзетулер мен өзгерістер енгiзгенi үшiн, сондай-ақ куәлiктер мен анықтамаларды қайтадан бергенi үшiн - оларды берген кезде;
4) кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлi-зайыптылардың өзара келісімi бойынша некенi бұзуды мемлекеттік тiркегенi үшiн - актiлердi тiркеген кезде;
5) азаматтардың тұрғылықты жерiн тiркегенi үшiн - тиiстi құжаттарды бергенге дейiн;
6) Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттары мен жеке куәліктерін, азаматтығы жоқ адамның куәліктерін, сондай-ақ шет ел азаматының Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат бергені үшін тиісті құжаттарды бергенге дейін;
6-1) жүргізуші куәлiктерін, тракторшы-машинист куәлiктерiн, механикалық көлік құралдарының мемлекеттік тiркелгенi туралы куәлiктерiн, мемлекеттік тіркеудің нөмір таңбаларын бергені үшін тиісті құжаттарды және мемлекеттік тіркеудің нөмір таңбаларын бергенге дейін;
7) аң аулау құқығына рұқсат бергенi үшiн - тиiстi құжаттарды бергенге дейiн;
7-1) сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген жануарлар мен бекiре балықтардың түрлерiн, сондай-ақ олардың бөлiктерi мен дериваттарын әкелуге және әкетуге рұқсаттар бергенi үшiн - тиiстi құжаттарды бергенге дейiн;
8) қаруды және оның патрондарын сақтауға немесе сақтау мен алып жүруге, тасымалдауға, Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге рұқсаттар бергенi үшiн - тиiстi құжаттарды бергенге дейiн;
9) жеке және заңды тұлғалар азаматтық, қызметтiк қарудың (аңшылық суық қаруды, белгi беретiн қаруды, ұңғысыз атыс қаруын, механикалық шашыратқыштарды, аэрозольдi және көзден жас ағызатын немесе тiтiркендiретiн заттар толтырылған басқа құрылғыларды, ату қуаты 7,5 Дж-дан аспайтын және калибрi қоса алғанда 4,5 миллиметрге дейiнгi пневматикалық қаруды қоспағанда) әрбiр бiрлiгiн тiркегенi және қайта тiркегенi үшiн - тиiстi құжаттарды бергенге дейiн;
10) Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға немесе Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан кетуге және Қазақстан Республикасына келуге байланысты iстер бойынша - тиiстi құжаттарды алғанға дейiн;
11) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен нотариустарынан шығатын ресми құжаттарға Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкiлеттiк берген мемлекеттік органдар апостиль қою үшін апостиль қойғанға дейін;
12) зияткерлік меншік саласындағы уәкілетті органның алдын ала патенттер, патенттер, куәліктер, сертификаттар беруге, шарттарды тіркеуге, патенттік сенім білдірілген өкілдерді аттестаттауға және тіркеуге байланысты заңды мәні бар іс-әрекеттер жасағаны үшін тиісті құжаттар берілгенге дейін төленеді.
3. Мемлекеттік баж соған уәкiлеттік берілген мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың заңдық мәнi бар іс-әрекеттер жасаған және (немесе) құжаттарды берген жері бойынша есепке алынады.
508-бап. Мемлекеттік бажды қайтару тәртібі
1. Төленген мемлекеттік баж:
1) баж талапкер өз талаптарын азайтатын жағдайларды қоспағанда, осы Кодекс бойынша талап етiлгеннен көбiрек мөлшерде енгiзiлген;
2) арыздар (шағымдар) қайтарылған немесе оны қабылдаудан бас тартылған, сондай-ақ нотариустар немесе осыған уәкiлеттi адамдар нотариаттық iс-әрекеттердi жасаудан бас тартқан;
3) iс жүргiзу тоқтатылған немесе, егер iс соттың қарауына жатпайтын болса, сондай-ақ талапкер осы iстер санаты үшiн белгiленген дауды алдын ала шешудiң тәртібін сақтамаған не талап қоюды әрекетке қабiлетсiз адам табыс еткен жағдайда талап қою қараусыз қалдырылған;
4) мемлекеттік бажды төлеген адамдар заңдық маңызы бар iс-әрекеттердi жасаудан немесе осы заңдық маңызы бар iс-әрекеттердiң жасаған органға жүгiнгенге дейiн құжатты алудан бас тартқан;
5) Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген өзге де жағдайларда iшiнара немесе толық қайтарылуға тиiс.
2. Салық органы мемлекеттік бажды қайтару үшiн негiз болып табылатын тиiстi органның құжатын, сондай-ақ мемлекеттік баждың төленгенiн растайтын құжатты салық төлеушiден алғаннан кейiн, егер аталған құжаттар салық органына мемлекеттік баж сомасы бюджетке есептелген күннен бастап бiр жылдық мерзiм өткенге дейiн табыс етiлген болса, төленген мемлекеттік бажды қайтару туралы өтiнiштi қарайды.
Қайтару салық төлеушiнiң банк шотына жүргiзiледi.
§ 2. Консулдық алым
509-бап. Жалпы ережелер
Консулдық алым - Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiктерi мен консулдық мекемелерiнiң консулдық iс-әрекеттер жасағаны және заңдық маңызы бар құжаттарды бергенi үшiн Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларынан, сондай-ақ шетел азаматтарынан және азаматтығы жоқ адамдардан, шетелдiк заңды тұлғалардан алатын мемлекеттік баж түрi.
510-бап. Консулдық алым төлеушiлер
Өз мүдделерi үшiн консулдық iс-әрекеттер жасалып, заңдық маңызы бар құжаттар берiлетiн Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғалары, сондай-ақ шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар, шетелдiк заңды тұлғалар консулдық алым төлеушiлер болып табылады.
511-бап. Консулдық алым ставкалары
1. Консулдық алымдардың ең төменгi және барынша жоғары базалық мөлшерлерiн Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі консулдық алымдардың базалық ставкалары шегiнде нақты ставка мөлшерiн белгiлеуге құқылы.
512-бап. Жүзеге асырылғаны үшiн консулдық алым алынатын iс-әрекеттер
1. Консулдық алым мынадай консулдық iс-әрекеттер жасау:
1) қызметтiк паспортты, Қазақстан Республикасы азаматының паспортын ресiмдеу және Қазақстан Республикасының визаларын беру;
2) шетелде болу мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасы азаматтарының өтiнiштерiн ресiмдеу;
3) Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелерi жөніндегі құжаттарды ресiмдеу;
4) азаматтық хал актілерін тiркеу;
5) құжаттарды талап ету;
6) құжаттарды заңдастыру;
7) нотариаттық iс-әрекеттер жасау;
8) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген өзге де iс-әрекеттер үшiн алынады.
513-бап. Жекелеген жағдайларда консулдық алым төлеуден босату
Консулдық алым:
1) осы Кодекстің 502-506-баптарында көзделген жағдайларда;
2) консулдық алымдар алудан өзара бас тарту туралы Қазақстан Республикасымен келісімдерi бар елдердiң жеке және заңды тұлғаларынан;
3) Қазақстан Республикасы құқықтық көмек туралы шарттар жасасқан елдердің өкiмет орындары мен жекелеген азаматтарының сұрау салуы бойынша отбасылық, азаматтық және қылмыстық iстер бойынша, алименттер туралы, мемлекеттік жәрдемақылар мен зейнетақылар, бала асырап алу туралы құжаттар сұратып алдырғаны үшiн;
4) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген өзге де жағдайларда алынбайды.
514-бап. Консулдық алымды төлеу тәртібі
1. Консулдық алым консулдық iс-әрекеттер жасалғанға дейiн төленедi.
2. Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiктерi мен консулдық мекемелерi консулдық iс-әрекеттер төлеушi консулдық алымды төлегеннен кейiн жүзеге асырады.
3. Консулдық алымды төлеу аумағында консулдық iс-әрекеттер жасалатын елдiң валютасымен немесе кез келген еркiн айналыстағы басқа да валютамен жүргiзіледi.
4. Ставкасы АҚШ долларымен белгiленген консулдық алымдарды Қазақстан Республикасының аумағында төлеу Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi алымды төлеу сәтiне белгілеген ресми бағам бойынша теңгемен жүргiзiледi.
5. Консулдық алым:
1) Қазақстан Республикасының аумағында - банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару жолымен консулдық iс-әрекеттер жүзеге асырылатын жердiң бюджетiне немесе қатаң есептілік бланкiлерi негiзiнде консулдық мекемелерде қолма-қол ақшамен;
2) Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде шаруашылық пайдалану құқығынсыз дипломатиялық өкілдіктің немесе консулдық мекеменiң арнаулы (транзиттiк) банк шотына банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару жолымен немесе қатаң есептілік бланкiлерi негiзiнде консулдық мекемелерде қолма-қол ақшамен төленедi.
6. Қатаң есептілік бланкiлерiнiң нысанын уәкiлеттi мемлекеттік органның келісімi бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі белгiлейдi.
7. Консулдық алымдар сомасын бюджетке есептеу тәртібін, сондай-ақ шетелде қолма-қол ақшамен төленген консулдық алымдарды дипломатиялық өкiлдiктiң немесе консулдық мекеменiң арнаулы (транзиттiк) банк шотына есепке алу тәртібін Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінiң келісімi бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі белгiлейдi.
8. Төленген консулдық алымдар сомасы қайтарылуға тиiс емес.
91-тарау. Кеден төлемдері
ҚР 04.07.03 ж. № 475-II (бұр. ред. қара) Заңымен 515-бап өзгертілді
515-бап. Жалпы ережелер
1. Кеден iсiн жүзеге асыру кезiнде Қазақстан Республикасының кеден органдары Қазақстан Республикасының кеден заңдарында белгiленген кеден төлемдерiн алады.
2. Кеден төлемдерi бойынша төлеушiлер, есептеулердiң, төлеудiң, қайтарып берудiң және кеден төлемдерiн өндiрiп алудың тәртібі, сондай-ақ жеңiлдiктер Қазақстан Республикасының кеден заңдарымен анықталады.
3. Кеден төлемдерiнiң ставкаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
ҚР 04.07.03 ж. № 475-II (бұр. ред. қара) Заңымен 516-бап жаңа редакцияда; 2005.22.11 № 89-III (2006.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 516 - бап өзгертілді
516-бап. Кедендiк төлемдердiң түрлерi
1. Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарлар алып өткен кезде және Қазақстан Республикасының кеден заңдарында белгiленген басқа да жағдайларда кедендiк төлемдердiң мынадай түрлерi төленедi:
1) кедендiк баж;
2) кедендiк ресiмдеу үшiн кедендiк алым;
3) тауарларды сақтау үшiн кедендiк алым;
4) кедендiк iлесiп алып жүру үшiн кедендiк алым;
5) Қазақстан Республикасы кеден органдарының лицензия бергенi үшiн алым;
6) кедендiк ресiмдеу жөніндегі маманның біліктілік аттестатын бергенi үшiн алым;
7) алдын ала шешiм үшiн төлемақы.
2. Жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының кеден заңдарында белгiленген оңайлатылған тәртiппен тауарлар алып өткен кезде, осы баптың 1-тармағында көрсетiлген кедендiк төлемдер және салықтар жиынтық кедендік төлем түрінде төленуі мүмкін.
3. Акцизделген тауарлардың жекелеген түрлерін Қазақстан Республикасының кедендік аумағына еркін айналым үшін шығарған кезде кеден бажы мен акциз жиынтық төлем түрінде төленуі мүмкін.
3. Салық әкімшілігін жүргізу
17-бөлім. Жалпы ережелер
92-тарау. Негізгі ережелер
ҚР 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 517-бап өзгертілді
517-бап. Салық бақылауы
1. Салық бақылауы - салық қызметi органдарының салық заңдарының орындалуын, жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналарының және Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдардың толық және уақтылы аударылуын бақылауы.
2. Салық бақылауы:
1) салық төлеушiлердi тiркеу есебi;
2) салық салу объектiлерi мен салық салуға байланысты объектiлердi есепке алу;
3) бюджетке түсiмдердi есепке алу;
4) қосылған құн салығын төлеушiлердi есепке алу;
5) салық тексерiстерi;
6) камералдық бақылау;
7) салық төлеушiлердiң қаржы-шаруашылық қызметi мониторингi;
8) фискальдық жады бар бақылау-касса машиналарын қолдану ережелерi;
9) акцизделетiн тауарлардың кейбір түрлерiн таңбалау және акциздiк постыларды белгiлеу;
10) мемлекет меншiгiне айналдырылған мүлiктi есепке алу, бағалау және сату тәртібін сақтауды, сондай-ақ мемлекет меншiгiне айналдырылған мүлiктiң толық және уақтылы берiлуiн тексеру;
2006.31.01 № 125-III ҚР Заңымен (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) 11) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред. қара)
11) уәкілетті және жергілікті атқарушы органдарға бақылау жасау нысандарында жүзеге асырылады.
3. Кеден органдары өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарлардың өтуiмен байланысты төленуге тиiс салықты және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi алу жөніндегі салық бақылауын осы Кодекске және Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес жүзеге асырады.
2006.05.06. № 146-III ҚР Заңымен 517-1-баппен толықтырылды (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізіледі)
517-1-бап. Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының
қатысушыларын салықтық бақылау
Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушыларын салықтық бақылауды салық органдары уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша аудиторлық есеппен расталатын салықтық есептілік негізінде ғана жүзеге асыруы мүмкін. Аудиторлық ұйымдардың тізбесін Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен және аудиторлық қызмет саласын реттеу мен аудиторлық және кәсіби аудиторлық ұйымдардың қызметін бақылау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісе отырып айқындайды.
ҚР 23.11.02 ж. 358-ІІ Заңымен 518-бап өзгертілді; 2005.22.11 № 89-III (2006.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 518-бап жаңа редакцияда; 2006.22.06. № 147-III ҚР Заңымен 518-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
518-бап. Салық құпиясы
1. Мына мәліметтерді:
1) салық төлеушінің тіркеу нөмірі туралы;
2) жеке тұлғаларды қоспағанда, салық төлеуші (салық агенті) салық кезеңінде бюджетке төлеген салықтар және басқа да міндетті төлемдер туралы;
3) салық төлеушіге салық жылында бюджеттен нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналым бойынша қосылған құн салығының қайтарылатын сомалары туралы;
4) салықтық құқық бұзушылықтар мен қылмыстар жасаған тұлғаларды заң бойынша қудалау мақсатында құқық қорғау органдарына; салық төлеушінің салық міндеттемелерін айқындау туралы істерді және салықтық құқық бұзушылықтар мен қылмыстар үшін жауапкершілікті қарау барысында соттарға; прокурордың санкциясымен атқару құжаттарын орындау кезінде сот орындаушыларына; мемлекеттік бюджеттің болжамды көрсеткішін қалыптастыру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға берілетін;
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)
5) Қазақстан Республикасы тараптардың бірі болып табылатын салық немесе құқық қорғау органдары арасындағы өзара ынтымақтастық туралы халықаралық шарттарға (келісімдерге), сондай-ақ Қазақстан Республикасы халықаралық ұйымдармен жасасқан шарттарға сәйкес басқа мемлекеттердің салық және құқық қорғау органдарына, халықаралық ұйымдарға берілетін;
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
6) салық есебін табыс етудің осы Кодексте белгіленген мерзімінен бастап алты ай өткеннен кейін салық есебін табыс етпеген және (немесе) нақты мекенжайында (тұрғылықты жерінде) болмаған салық төлеушілердің тіркеу деректері туралы, сондай-ақ сот жалған кәсіпорындар деп таныған салық төлеушілер туралы мәліметтерді қоспағанда, салық қызметі органы салық төлеуші туралы алған кез келген мәліметтер салық құпиясы болып табылады.
2. Салық төлеушіге қатысты ақпаратты салық төлеушінің жазбаша рұқсатынсыз басқа тұлғаға беруге болмайды.
3. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, салық қызметі органдары, олардың лауазымды тұлғалары, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттің болжамды көрсеткіштерін қалыптастыру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның лауазымды тұлғалары салық құпиясын жария етпеуге тиіс. Мемлекеттік бюджеттің болжамды көрсеткіштерін қалыптастыру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган салық құпиясын құрайтын мәліметтерге қол жеткізе алатын лауазымды тұлғалардың тізбесін бекітеді.
4. Салық қызметінің және мемлекеттік бюджеттің болжамды көрсеткіштерін қалыптастыру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның лауазымды тұлғалары аталған органдарда жұмыс істеген кезеңде де, сондай-ақ өзі қызметтен босағаннан кейін де салық құпиясы болып табылатын деректерді жария етуге құқылы емес.
5. Салық құпиясы болып табылатын мәліметтері бар құжаттарды жоғалту не осындай мәліметтерді жария ету Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.
519-бап. Бюджетке түсiмдердi есепке алу
1. Бюджетке түсiмдердi есепке алуды салық органдары салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң, сондай-ақ өсiмпұлдар мен айыппұлдардың есептелген және түскен сомалары бойынша салық мiндеттемелерiнiң орындалуын салық төлеушiнiң жеке шотында көрсету жолымен жүзеге асырады.
2. Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң түсуiн есептеу бiрыңғай бюджет сыныптамасына сәйкес жүргiзiледi.
3. Жеке шоттарды жүргiзу тәртібін уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлейдi.
93-тарау. Салық төлеушілерді тіркеу
23.11.02 ж. № 358-ІІ; 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 520-бап өзгертілді
520-бап. Осы тарауда қолданылатын терминдер мен анықтамалар
1. Қазақстан Республикасы салық төлеушiлерiнiң мемлекеттік тiзiлiмi - салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң дұрыс есептелуi мен уақтылы төленуiн бақылауды жүзеге асыру мақсатымен уәкiлетті мемлекеттік орган жүргізетін салық төлеушілердi есепке алудың мемлекеттік деректер базасының жүйесi.
2. Салық төлеушiлердi мемлекеттік тiркеу - салық төлеушi туралы мәлiметтердi Қазақстан Республикасы Салық төлеушiлерінiң мемлекеттік тiзiлiмiне енгізу.
3. Салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi - салық төлеушi ретiнде оны мемлекеттік тiркеу және Қазақстан Республикасы салық төлеушiлерiнiң мемлекеттік тiзiлiмiне ол туралы мәлiметтердi енгізу кезiнде салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң барлық түрлерi бойынша салық төлеушiге берiлетiн бiрыңғай нөмiр.
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 4 тармақ өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)
4. Тiркеу есебi - салық төлеушiнi салық органында есепке қою, соның нәтижесiнде салық төлеушiнiң тіркеу деректері, оның ішінде салық төлеушінің тұрған жерi, оған салық салу объектiлерi мен салық салуға байланысты объектiлердiң тиесiлілiгi; салық төлеушiнiң тіркеу деректерінің ағымдағы өзгерістерін тіркеу; есептен шығару белгіленеді. Салық төлеушінің тіркеу деректері салық төлеушіні мемлекеттік тіркеу (тіркеу есебіне алу) кезінде оның салық органына берген мәліметтері және (немесе) уәкілетті органдар табыс еткен мәліметтер.