салынатын импорт мөлшерін анықтау
ҚР 23.11.02 ж. № 358-II; 04.07.03 ж. № 475-II (бұр. ред. қара); 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 217-бап өзгертілді
217-бап. Салық салынатын айналым мөлшерi
1. Егер осы бапта және трансферттiк бағаларды қолдану кезіндегі мемлекеттік бақылау мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, салық салынатын айналым мөлшерi, оған қосылған құн салығын енгiзбей, мәмiле жасаған тараптар қолданатын бағалар мен тарифтердi негiзге ала отырып, өткiзiлетiн тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) құны негiзiнде анықталады.
2. Тауарларды тегiн берiлген кезде, сондай-ақ осы Кодекстiң 210-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларда, салық салынатын айналым мөлшерi, қосылған құн салығын енгiзбей, өткізу бойынша айналым жасау күнi қалыптасқан бағалар деңгейi негiзге алына отырып анықталады, бiрақ бұл олардың баланстық құнынан кем болмауы керек.
Аталған тауарларды өткізу күнiне бухгалтерлiк есепте көрсетiлген тауарлардың құны осы тармақтың мақсаттары үшiн баланстық құн болып табылады.
3. Кепiл берушi кепiлдiк мүлiктi (тауарды) берген кезде кепiл берушiдегi салық салынатын айналым мөлшерi, сатылатын кепiлдiктегi мүлiк (тауар) құны негiзге алынып, бiрақ қосылған құн салығы енгiзiлмей, осы мүлiктi (тауарды) кепiлге салудан алынған заем қаражаты сомасынан төмен емес мөлшерде айқындалады.
4. Тауарды бөлiп-бөлiп төлеу шарттарымен өткізу кезiнде салық салынатын айналым мөлшерi шарт талаптарымен көзделген барлық тиесiлi төлемдер ескерiле отырып, осы баптың 1-тармағына сәйкес анықталады.
5. Yшiншi тұлға үшiн төлеуге байланысты қызметтер көрсетiлген кезде салық салынатын айналымның мөлшерiне комиссиялық сыйақы қосылады.
6. Салық салынатын айналым мөлшерiне акцизделетiн тауарлар мен қызмет түрлерi бойынша акциз сомалары енгiзiледi.
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 7 тармақ өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр . ред. қара)
7. Қосылған құн салығы бойынша есепке жатқызу көзделмеген тауарлар сатып алынған күні қолданыста болған салық заңнамасына сәйкес оларды қосылған құн салығы бойынша есепке жатқызу көзделмеген тауарларды өткізу кезiнде салық салынатын айналым мөлшерi тауардың өткiзiлу құны мен осы баптың 2-тармағына сәйкес белгiленетiн баланстық құны арасындағы оң айырма ретiнде анықталады.
8. Лизинг алушының негізгі қаражат ретінде алуына жататын мүлікті қайтарымды лизинг шарты бойынша берудi қоспағанда, қаржы лизингіне беру кезінде салық салынатын айналым мөлшері:
1) қаржы лизингінің шартына сәйкес белгіленген лизингтік төлем мөлшері негізінде, оған сыйақы мен қосылған құн салығы сомасы енгізілместен, осы Кодекстің 216-бабы 2-1-тармағының 1) тармақшасында аталған айналым жасау күніне;
2) барлық мерзімдік лизингтік төлемдер сомасының негізінде, оларға алу мерзімі басталатын күн қаржы лизингінің шартына сәйкес мүлікті лизинг алушыға берген күнге дейін белгіленген сыйақы мен қосылған құн салығы сомасы енгізілместен, осы Кодекстің 216-бабы 2-1-тармағының 2) тармақшасында аталған айналым жасау күніне;
3) қаржы лизингі шарты бойынша алынуға жататын барлық лизингтік төлемдердің жалпы сомасы және оларға сыйақы мен қосылған құн салығы сомасы енгізілместен, осы шарт бойынша өткізу жөніндегі айналым жасаудың алдындағы күніне келетін салық салынатын айналымдар мөлшерінің сомасы ретінде белгіленетін салық салынатын айналым мөлшері арасындағы айырма ретінде, осы Кодекстің 216-бабы 2-1-тармағының 3) тармақшасында аталған айналым жасау күніне белгіленеді.
8-1. Лизинг алушы (сатушы) негiзгi құрал ретiнде алуға тиiстi мүлiктi қайтарымды лизинг шарты бойынша беру кезiнде өткізу бойынша айналым мөлшерi осы баптың 1-тармағына сәйкес айқындалады.
9. Көлік экспедициясының шарты бойынша қызмет көрсету кезінде экспедитордағы салық салынатын айналым мөлшері оның сыйақысы негізінде айқындалады.
ҚР 23.11.02 ж. № 358-II Заңымен 218-бап өзгертілді
218-бап. Салық салынатын айналым мөлшерiн түзету
1. Өткiзiлген тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) құны қандай да бiр өзгерiске түскен жағдайда, салық салынатын айналым мөлшерi тиiстi түрде түзетiледi.
2. Салық төлеушiнiң салық салынатын айналым мөлшерiн түзету:
1) тауарлар толық немесе iшiнара қайтарылған;
2) мәмiленiң шарттары өзгерген;
3) өткiзiлген тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) үшiн баға, өтем өзгерген;
4) өткiзiлген тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) үшiн теңгемен төлеу кезiнде құнының айырмасын алған.
5) осы Кодекстің 211-бабының 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес өткізу жөніндегі айналымға енгізілген ыдыстарды қайтарған жағдайларда жүргізіледі.
3. Осы бапқа сәйкес салық салу айналымының мөлшерiн түзету қосымша шот-фактураның немесе осы баптың 2-тармағында аталған жағдайлардың болуын растайтын басқа да құжаттардың негiзiнде жүргiзіледi.
219-бап. Күмәндi талаптар бойынша салық салынатын айналым мөлшерiн түзету
1. Егер өткiзiлген тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) үшiн төленетiн ақының бiр бөлiгі немесе бүкiл мөлшерi күмәндi талап болып табылса, қосылған құн салығын төлеушiнің мынадай жағдайларда:
1) күмәндi талаптың туындауына байланысты қосылған құн салығы ескерілген салық кезеңi аяқталғаннан кейiн үш жыл өткен соң;
2) банкрот деп танылған дебиторды заңды тұлғалардың мемлекеттік тiзiлiмiнен шығару туралы әдiлет органдарының шешiмi шығарылған салық кезеңiнде бюджетке жарна ретiнде енгiзiлуге тиiс қосылған құн салығының сомасын азайтуға құқығы бар.
2. Өткiзілген тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) үшiн ақыны қосылған құн салығын төлеушi осы баптың 1-тармағында өзiне берiлген құқығын пайдаланғаннан кейiн алған жағдайда салық салынатын айналым мөлшерi ақы алынған сол салық кезеңiнде аталған ақының құнына арттырылуға тиiс.
3. Осы бапқа сәйкес салық салынатын айналым мөлшерiн түзету осы Кодекстiң 96-бабында аталған жағдайлар сақталған кезде жүргiзiледi.
ҚР 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 220-бап өзгертілді
220-бап. Салық салынатын импорт мөлшерi
Салық салынатын импорт мөлшерiне Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес белгiленетiн импортталатын тауарлардың кедендiк құны, сондай-ақ импортқа қосылған құн салығын қоспағанда, Қазақстан Республикасына тауарлар импорты кезіндегі салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер сомалары енгізiледi.
23.11.02 ж. № 358-II; 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 221-бап өзгертілді
221-бап. Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын төлеушi болып табылмайтын резидент еместен жұмыстар, қызмет көрсетулер алу кезiнде салық салынатын айналым
1. Егер Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын төлеушi болып табылмайтын резидент емес ұсынған жұмыстарды, қызмет көрсетулердi өткізу орны Қазақстан Республикасы болса, олар жұмыстарды, қызмет көрсетулердi алатын Қазақстан Республикасы салық төлеушiсiнiң айналымы болып табылады және оларға осы Кодекске сәйкес қосылған құн салығы салынуға тиiс.
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 2 тармақ жаңа редакцияда (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр . ред. қара)
2. Осы баптың мақсаттары үшін жұмыстарды, қызмет көрсетулерді алушының салық салынатын айналымының мөлшері, осы баптың 1-тармағында аталған резидент емеске есептелген табыс сомасы негізге алына отырып айқындалады.
3. Осы бапқа сәйкес төленуге тиiс қосылған құн салығының сомасы осы Кодекстiң 245-бабының 1-тармағында көзделген ставканы салық салынатын айналым мөлшерiне қолдану арқылы анықталады.
Алынған жұмыстар, қызмет көрсетулер үшiн төленетiн төлем шетел валютасымен жүргiзiлген жағдайда салық салынатын айналым жасау күні валюта алмастырудың нарықтық бағамы бойынша теңгемен есептеледi.
4. Осы баптың 3-тармағына сәйкес есептелген қосылған құн салығының сомасы осы Кодекстiң 247-бабында белгiленген қосылған құн салығы бойынша декларация табыс етiлетiн мерзiмнен кешiктiрілмей төленедi.
5. Осы бапқа сәйкес қосылған құн салығының төленгенiн растайтын төлем құжаты немесе уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлеген нысан бойынша салық органы берген құжат осы Кодекстiң 235-бабына сәйкес салық сомасын есепке жатқызуға құқық бередi.
6. Егер берiлген жұмыстар, көрсетiлген қызметтер осы Кодекстiң 225-бабында аталған жұмыстар, көрсетiлген қызметтер болып табылса, осы баптың ережелерi қолданылмайды.
36-тарау. Нөлдік ставка бойынша салық
салынатын айналымдар
13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 222-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
222-бап. Тауарлар экспорты
1. Экспортқа тауарлар өткізу жөніндегі айналымға нөлдiк ставка бойынша салық салынады.
Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тауарлар әкету тауарлар экспорты болып табылады.
2. Осы Кодекстiң 223-бабына сәйкес тауарлар экспорты расталмаған жағдайда аталған тауарларды өткізу бойынша айналымға осы Кодекстiң 245-бабының 1-тармағында көрсетiлген ставка бойынша қосылған құн салығы салынуға тиiс.
ҚР 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 223-бап өзгертілді
223-бап. Тауарлар экспортын растау
1. Мыналар:
1) экспортталатын тауарларды беруге жасалған шарт (келісім-шарт);
2006.31.01 № 125-III ҚР Заңымен (2007.01.01 қолданысқа енгізілді) ;2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр . ред. қара) 2) тармақша өзгертілді
2) тауарлар шығаруды экспорт режимiнде жүзеге асыратын кеден органының белгiсi соғылған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кеден шекарасындағы бекетте орналасқан кеден органының белгiсi соғылған кедендiк жүк декларациясы тауарлар экспортын растайтын құжат болып табылады.
Тауарларды магистральдық құбырлар жүйесi бойынша немесе электр тарату желiлерi бойынша не экспорт режимiнде шығарған жағдайда кедендік ресiмдеудi жүргiзген кеден органының белгiсi бар толық кедендiк жүк декларациясы экспортты растаушы болып қызмет етедi;
Тауарларды мерзімдік декларациялау рәсімін қолдана отырып экспорт режимінде шығарған жағдайда, кедендік ресімдеуді жүргізген кеден органының белгісі бар толық кедендік жүк декларациясы да экспортты растаушы болып табылады.
Уақытша декларация беру рәсімін қолдана отырып, экспорт режимінде тауарларды әкеткен жағдайда, кедендік ресімдеуді жүргізген кеден органының белгілері бар толық жүк кеден декларациясы да экспортты растау болып табылады.
3) тауардың ілеспе құжаттарының көшiрмелерi тауарлар экспортын растайтын құжаттар болып табылады.
Тауарларды магистральдық құбырлар жүйесi бойынша немесе электр тарату желiлерi бойынша экспорт режимiнде шығарған жағдайда тауардың iлеспе құжаттары көшiрмелерiнiң орнына тауарларды қабылдау-өткізу актiсi табыс етiледі;
4) зияткерлiк меншiк құқығын қорғау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органның магнит жеткiзгiште тауардың және оған авторлық құқықтардың болуы туралы, сондай-ақ зияткерлік меншiк объектiсiн экспорттаған жағдайда оның құны туралы растамасы тауарлар экспортын растайтын құжаттар болып табылады.
2. 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
3. Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерлерге бұдан бұрын кеден аумағынан тыс жерлерде ұқсату режимiнде әкетiлген тауарларды немесе оларды ұқсату өнiмдерiн одан әрi экспорттау жүзеге асырылған жағдайда экспортты растау осы баптың 1 және 2-тармақтарына сәйкес, сондай-ақ мынадай құжаттардың негiзiнде жүргiзiледi:
1) ұқсату режимi экспорт режимiне өзгертiлетiн кедендiк жүк декларациясы;
2) тауарларды кеден аумағынан тыс ұқсату режиммен ресiмделген кедендiк жүк декларациясы;
3) тауарларды шет мемлекет аумағына әкелу кезiнде оларды кеден аумағында ұқсату (тауарларды кеден бақылауымен ұқсату) режимiнен ресiмделген, осындай ресiмдеудi жүзеге асырған кеден органы куәландырған кедендiк жүк декларациясының көшiрмесi;
4) тауарларды немесе олардың ұқсатылған өнiмдерiн өңдеген мемлекеттiң аумағынан әкету кезiнде экспорт режимiнде ресiмделген және осындай ресiмдеудi жүзеге асырған кеден органы куәландырған кедендiк жүк декларациясының көшiрмесi.
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 223-1-баппен толықтырылды (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
223-1-бап. Тазартылған қымбат бағалы металдарға салық салу
Қазақстан Республикасы резиденттерінің өз өндірісінің шикізатынан дайындалған, тазартылған қымбат бағалы металдарды - алтынды, платинаны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне және қаржы ұйымдарына сатуы жөніндегі айналымға нөлдік ставка бойынша салық салынады.
ҚР 23.11.02 ж. № 358-II Заңымен 224-бап жана редакцияда
224-бап. Халықаралық тасымалдарға салық салу
1. Халықаралық тасымалдар бойынша мынадай қызмет көрсетуді іске асыру жөніндегі айналымға:
1) Қазақстан Республикасының аумағынан экспортталатын және Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларды, соның ішінде поштаны тасымалдауға;
2) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзит жүктерін тасымалдауға;
3) халықаралық қатынаста жолаушылар мен жолжүктерін тасымалдауға нөлдік ставкамен салық салынады.
2. Егер тасымалдауды ресімдеу бірыңғай халықаралық тасымалдау құжаттарымен, ал экспортталатын тауарларды магистралдық құбыр желісінің жүйесі бойынша тасымалдау - экспортталатын тауарларды сатып алушыға не аталған тауарларды экспорттың кедендік режимінде ресімделген кедендік жүк декларациясын табыс ете отырып, одан әрі жеткізуді жүзеге асыратын басқа тұлғаларға беруді растайтын құжаттармен жүзеге асырылған жағдайда, осы баптың 1-тармағының мақсаты үшін тасымалдау халықаралық тасымалдау деп есептеледі.
Жолаушыларды, экспортталатын тауарларды Қазақстан Республикасының аумағы бойынша тасымалдауды бірнеше көлік ұйымдары жүзеге асыратын жағдайда, халықаралық тасымалдың басталуы деп тасымалдауды Қазақстан Республикасының шекарасына дейін жүзеге асыратын көлік ұйымының жолаушыларды, тауарларды (поштаны, жолжүкті) тасымалдауы басталатын жер танылады.
Импортталатын тауарларды (поштаны, жолжүкті) тасымалдауды бірнеше көлік ұйымдары жүзеге асыратын жағдайда, Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген жолаушыларды, тауарларды (поштаны, жолжүкті) көлік ұйымының көлігімен тасымалдауды жүзеге асыратын тасымал халықаралық тасымалға жатады.
2005.22.11 № 89-III (2006.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 224-1- баппен толықтырылды
224-1-бап. Арнайы экономикалық аймақтардың аумағында
өткізілетін тауарларға салық салу
1. Осы Кодекстің 140-1-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында аталған қызмет түрлерін арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында жүзеге асыруға арналған жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес әкімшілік және өндірістік мақсаттағы объектілерді салу және пайдалануға беру процесінде толық тұтынылатын тауарларды арнайы экономикалық аймақтардың аумағында өткізуге қосылған құн салығы нөлдік ставка бойынша салынады.
Электр энергиясын, бензинді, дизель отыны мен суды қоспағанда, осы тармақтың мақсаттары үшін әкімшілік және өндірістік мақсаттағы объектілерді тұрғызу процесіне тікелей тартылған тауарлар құрылыс процесінде толық тұтынылатын тауарлар деп түсініледі.
2. Есепке алуға жатқызылатын салық сомасының осы баптың 1-тармағында аталған айналымдар бойынша есеп беру кезеңі ішінде есептелген салық сомасынан асып түскен сомалар арнайы экономикалық аймақ аумағындағы салық органынан растау алғаннан кейін әкелінген тауарлардың әкімшілік және өндірістік мақсаттағы объектілерді салу процесінде нақты тұтынылу бөлігінде белгіленген мерзімдерде салық төлеушінің өтініші бойынша оған қайтарылады. Арнайы экономикалық аймақ аумағында құрылған атқарушы орган арнайы экономикалық аймақ аумағындағы салық органының сұрау салуы бойынша беретін, әкелінген тауарлардың әкімшілік және өндірістік мақсаттағы объектілерді салу процесінде пайдаланылғаны туралы құжат растау үшін негіздеме болып табылады.
3. Осы бапқа сәйкес қосылған құн салығы бойынша нөлдік ставканы қолдану үшін:
1) арнайы экономикалық аймақтың аумағында осы баптың 1-тармағында аталған объектілерді салуды жүзеге асыратын ұйымдармен тауарлар беруге жасалған шарт (келісім-шарт);
2) тауарлар шығаруды еркін кеден аймағының кеден режимінде жүзеге асыратын кеден органы белгі қойған кедендік жүк декларациясының көшірмелері;
3) осы тармақтың 1) тармақшасында аталған ұйымдарға тауарлардың тиеп жөнелтілгенін растайтын тауарға ілеспе құжаттардың көшірмелері;
4) осы тармақтың 1) тармақшасында аталған ұйымдардың тауарларды алғанын растайтын құжаттардың көшірмелері негіз болып табылады.
2006.06.05 № 140-III ҚР Заңымен 224-2-баппен толықтырылды (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізіледі)
224-2-бап. Жекелеген жағдайларда салық салу
1. Нөлдік ставка бойынша қосылған құн салығы:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметімен инфрақұрылымдық жобаны іске асыруға концессиялық шарт жасасқан салық төлеушіге өткізілетін, өзі өндірген тауарларды сату жөніндегі айналымға салынады. Осы тармақша жаңа объектілерді салу кезеңінде қолданылады;
2) Қазақстан Республикасының аумағында жер қойнауын пайдалану келісім-шарты шеңберінде қызметін жүзеге асыратын, сол келісім-шарттың талаптарына сәйкес импортталатын тауарлары қосылған құн салығынан босатылатын салық төлеушілерге өткізілетін, өзі өндірген тауарларды сату жөніндегі айналымдарға салынады.
Егер, жер қойнауын пайдалану келісім-шартында қосылған құн салығынан босатылатын импортталатын тауарлар тізбесі айқындалған болса, онда осы тізбеде көрсетілген тауарларды сату жөніндегі айналымдарға нөлдік ставка бойынша салық салынады.
Осы баптың мақсатына орай, қосылған құн салығын төлеушінің өзі өндірген, өндіріс процесінде пайдаланылған және өндірілген өнімнің (тауардың) құрамына кірген шикізаттар мен материалдар кодының алғашқы төрт таңбасының кез келгенінің деңгейінен ерекшеленетін сыртқы экономикалық қызметтің тауарлық номенклатурасының коды бар өнім (тауар) өзі өндірген тауар болып танылады.
2. Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында аталған салық төлеушілердің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
3. Тауарлардың осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында аталған салық төлеушіге өткізілгенін растайтын құжаттар:
1) Қазақстан Республикасының Yкіметімен инфрақұрылымдық жобаны іске асыруға концессиялық шарт жасасқан заңды тұлғаға тауарлар беру шарты;
2) осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында аталған салық төлеушіге тауарлардың тиеліп жіберілгенін растайтын, тауарға ілеспе құжаттардың көшірмелері;
3) осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында аталған салық төлеушінің тауарларды алғанын растайтын құжаттардың көшірмелері болып табылады.
4. Тауарлардың осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында аталған салық төлеушілерге өткізілгенін растайтын құжаттар:
1) берілетін тауарлардың жер қойнауын пайдалану келісім-шартының жұмыс бағдарламасын орындауға арналғанын шартта көрсете отырып, Қазақстан Республикасының аумағында жер қойнауын пайдалану келісім-шарты шеңберінде қызметін жүзеге асыратын, сол келісім-шарт талаптарына сәйкес импортталатын тауарлар қосылған құн салығынан босатылатын, салық төлеушілерге тауарлар беру шарты;
2) осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында аталған салық төлеушілерге тауарлардың тиеп жөнелтілгенін растайтын тауарға ілеспе құжаттардың көшірмелері;
3) осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында аталған салық төлеушілердің тауарларды алғанын растайтын құжаттардың көшірмелері болып табылады.
37-тарау. Қосылған құн салығынан босатылған
айналымдар және импорт
23.11.02 ж. № 358-II; 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2005.22.11 № 89-III (2006.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 225-бап өзгертілді
225-бап. Қосылған құн салығынан босатылған айналымдар
Мынадай тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi):
1) пошталық ақы төлеудің мемлекеттік белгілері;
2) акциздiк маркаларын (осы Кодекстiң 549-бабына сәйкес акцизделетiн тауарларды таңбалауға арналған есеп-бақылау маркалары);
3) уәкiлеттi органдар жүзеге асыратын, соларға байланысты мемлекеттік баж алынатын қызметтердi;
4) адвокаттық қызметтi, нотариаттық iс-әрекеттердi жүзеге асыру бойынша көрсетiлетiн қызметтердi;
5) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi өткiзетiн тауарлар (жұмыстар, қызметтерді);
6) мемлекеттік меншiктi жекешелендiру тәртібімен өткiзiлетiн мүлікті;
6-1) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік қажеттіліктер үшiн сатып алынған мүлiк;
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 7) тармақша өзгертілді (бұр . ред. қара)
7) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік мекемелердiң немесе мемлекеттік кәсіпорындардың пайдасына өтеусiз негiзде негiзгi құралдарды берудi;
8) жарғылық капиталға жарналарды;
9) жарғылық капиталға жарна ретiнде алынған мүлiктi қайтарып алуды;
10) жерлеу бюроларының әдет-ғұрыптық қызмет көрсетулерiн, зираттар мен крематорийлердің қызмет көрсетулерiн;
11) оларды өткізу жөніндегі қызмет көрсетулердi қоспағанда, лотереялық билеттердi өткізу бойынша айналымды;
12) банк карталарымен операциялар бойынша есеп-қисаптарға қатысушыларға жинау, өңдеу және таратып беру жөніндегі қызмет көрсетулердi қоса алғанда, есеп-қисаптарға қатысушылар арасында ақпараттық және технологиялық өзара iс-қимылды қамтамасыз ету жөнiнде көрсетiлетiн қызметтердi өткізу бойынша айналымдар;
12-1) Қазақстан Республикасының кеден аумағына "Қазақстан Республикасының кеден аумағында тауарларды ұқсату" кеден режимінде әкелінген тауарларды ұқсату және (немесе) жөндеу бойынша қызмет көрсетулер;
12-2) осы Кодекстің 224-бабына сәйкес халықаралық тасымалдар болып табылатын тасымалдарға байланысты жұмыстар мен қызмет көрсетулер, атап айтқанда: Қазақстан Республикасының аумағынан экспортталатын, Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларды, оның ішінде почтаны, тиеу, түсіру, қайта тиеу (ағызу-құю), жөнелту бойынша жұмыстар, қызмет көрсетулер, сондай-ақ транзит жүктер; техникалық, аэронавигациялық, әуежай қызметін көрсету; халықаралық рейстерге көрсетілетін қызметтер бойынша теңіз айлақтарында қызмет көрсету;
12-3) тұрғын-үй қорын басқару, ұстау мен пайдалану жөнінде қызмет көрсету;
13) осы Кодекстiң 226-233-баптарында көрсетiлген өткізу;
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 14) тармақша жаңа редакцияда (бұр . ред. қара)
14) ұлттық валюта банкноттары мен монеталары;
15) егер мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерi, сондай-ақ өндiрiстiк ұйымдары мына шарттарға сәйкес келсе:
осындай өндiрiстiк ұйымдар қызметкерлерi жалпы санының кемiнде 51 процентi мүгедектер болса;
мүгедектерге еңбекақы төлеу бойынша шығыстар еңбекақы төлеу бойынша жалпы шығыстардың кемiнде 51 процентi (есту, сөйлеу, көру қабiлетiнен айрылған мүгедектер жұмыс iстейтiн мамандандырылған ұйымдарда - кемiнде 35 процентi) болса, осындай бiрлестiктер мен ұйымдардың тауарлары (жұмыстары, қызмет көрсетулерi) бойынша айналымдар (сауда-делдалдық қызметтен түскен тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) өткізу жөніндегі айналымдардан және акцизделетiн тауарлар мен қызмет түрлерiн өндiру мен өткізу бойынша айналымдардан басқа);
16) 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен алып тасталды
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 14) тармақша жаңа редакцияда (бұр . ред. қара)
17) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес айқындалған, "Еркiн қойма" кеден режимi қолданылатын аумақта өндiрiлген және осы аумақтан Қазақстан Республикасы кеден аумағының қалған бөлiгiне өткiзiлетiн қазақстандық тауарларды;
2006.07.07. № 182-III ҚР Заңымен 18) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
18) арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында өткізілетін, арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында осы Кодекстің 140-1-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында аталған қызмет түрлерін жүзеге асыру процесінде тұтынылатын тауарларды;
19) 2006.06.05 № 140-III ҚР Заңымен алып тасталды (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)
2006.07.07. № 182-III ҚР Заңымен 20) тармақшамен толықтырылды (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
20) тұрғын үй қатынастары туралы заңнамаға сәйкес жалға берілетін үйдің үй-жайларын жалға беру жөнінде көрсетілетін қызметтер өткізу бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады.