Осы баптың 1-тармағының мақсаттары үшiн шаруа (фермер) қожалығы үшiн арнаулы салық режимiнде бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыратын салық төлеушi, өткізу бойынша айналым мөлшерiн анықтау кезiнде осы арнаулы салық режимiне кiретiн қызметтi жүзеге асырудан түскен өткізу бойынша айналымды есепке алмауына болады.
Заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшелерi болған жағдайда өткізу бойынша айналым көлемi осы тұлғаның барлық құрылымдық бөлiмшелерiнiң өткізу бойынша айналымдары ескерiле отырып айқындалады.
3. Өткізу бойынша айналымның ең төмен деңгейi осы баптың 1-тармағында көрсетiлген кезеңнiң соңғы айына белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң 15 000 еселенген шамасын құрайды.
4. Осы баптың 1-тармағына сәйкес қосылған құн салығы бойынша есепке қойылуға жатпайтын, бiрақ қосылған құн салығын салуға жататын тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткізудi жүзеге асыратын немесе жүзеге асыруды жоспарлаған тұлға қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы өтiнiштi салық органына ерiктi түрде бере алады.
5. Осы Кодекстiң 207-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген тұлғалар қосылған құн салығы бойынша ол есепке қою туралы өтiнiш берген айдан кейiнгi айдың алғашқы күнiнен бастап қосылған құн салығын төлеушiге айналады.
Жеке кәсiпкер он жұмыс күнiнен кешiктiрмей қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы салық органына өтiнiш берген жағдайда, жеке кәсiпкер ретiнде мемлекеттік тiркеуден өткеннен кейiн осы тұлға жеке кәсiпкер ретiнде мемлекеттік тiркелген күнiнен бастап қосылған құн салығын төлеушiге айналады.
Мемлекеттік мекемелердi, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент еместi қоспағанда, заңды тұлға ол мемлекеттік тiркелгеннен (есепке алынғаннан) кейiн он жұмыс күнiнен кешiктiрмей салық органына қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы өтiнiш берген жағдайда осы тұлғалар өздерi салық төлеушiлер ретiнде мемлекеттік тiркелген күннен бастап қосылған құн салығын төлеушiлерге айналады.
6. Егер осы Кодекстiң 208-1-бабының 3-тармағында өзгеше көзделмесе, уәкiлеттi мемлекеттік орган қосылған құн салығын төлеушi заңды тұлғаның өтiнiшi бойынша оның құрылымдық бөлiмшелерiн қосылған құн салығын дербес төлеушiлер ретiнде қарастыра алады.
7. Осы баптың 6-тармағына сәйкес құрылымдық бөлiмшелерi қосылған құн салығын дербес төлеушiлер деп танылған қосылған құн салығын төлеушi заңды тұлға құрылымдық бөлiмшелердiң орналасқан жерi бойынша салық органдарына қосылған құн салығы бойынша оларды есепке қою туралы өтiнiш беруге (немесе өзiнiң құрылымдық бөлiмшелерiне тапсырма беруге) мiндеттi.
8. Қосылған құн салығын төлеушi заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшелерi қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы өтiнiшi берiлген айдан кейiнгi айдың бiрiншi күнi қосылған құн салығын төлеушiлерге айналады.
9. Осы Кодекстiң 207-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген тұлғалар қосылған құн салығы бойынша есепке қойылған кезде, осы тұлғалардың осы Кодекстiң 235-бабына сәйкес қосылған құн салығы бойынша есепке қойылған күніндегі тауарлар (негiзгi құралдарды қоса алғанда) қалдығы бойынша қосылған құн салығы сомасын есепке жатқызуға құқығы бар.
10. Салық органы осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайлар анықталған кезде осы Кодекстiң 207-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген тұлғаларды өтiнiшсiз, қосылған құн салығы бойынша есепке қоюға құқылы.
ҚР 21.03.02 ж. № 312 Заңымен 208-1-баппен толықтырылды
208-1-бап. Қосылған құн салығы бойынша есепке қойылатын орын
1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, қосылған құн салығы бойынша есепке қою салық төлеуші ретінде мемлекеттік тіркеу орны бойынша жүзеге асырылады.
2. Заңды тұлға арнайы экономикалық аймақтың аумағында объектілер салу жөніндегі қызметті жүзеге асырған жағдайда, ондай заңды тұлғаны не оның құрылымдық бөлімшесін қосылған құн салығы бойынша есепке қоюды арнайы экономикалық аймақ аумағындағы салық органы жүзеге асырады.
3. Егер осы баптың 2-тармағында аталған заңды тұлға өзін қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы өтініш бермесе, оның арнайы экономикалық аймақтың аумағында объектілер салу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі аталған заңды тұлғаның өтінішінсіз қосылған құн салығын дербес төлеуші деп қарастырылады.
ҚР 04.07.03 ж. № 475-II (бұр. ред. қара); 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 209-бап өзгертілді
209-бап. Қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәлiк
1. Қосылған құн салығы бойынша есепке қойған кезде салық органы тұлғаға оның қосылған құн салығын төлеушi ретiнде есепке қойылғаны туралы куәлiк беруге мiндеттi, онда:
1) тұлғаның атауы және оның деректемелерi;
2) осы Кодекстiң 523-бабына сәйкес салық төлеушiге берiлетiн салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi;
3) тұлға осы Кодекстiң 208-бабының 5-тармағына сәйкес қосылған құн салығын төлеушi болған күн көрсетiледi.
Қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәлiктiң бланкiсi қатаң есеп беру бланкiсi болып табылады және салық төлеушiге ақша төлетпей берiледi.
Қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәлiктің нысаны мен оны беру тәртібін осы Кодекске сәйкес уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлейдi.
2. Қосылған құн салығы бойынша есепке қойылғаны жөнiндегі куәлiк қосылған құн салығын төлеушiде сақталады.
Қосылған құн салығы бойынша есептен шығарылған жағдайда куәлiк салық органына қайтарылуға тиiс.
Қосылған құн салығын төлеушiнiң атауы өзгерген жағдайда оның қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәлігі атауы өзгерген соң 10 жұмыс күнi ішінде уәкілеттi мемлекеттік орган белгiлеген тәртiппен ауыстырылуға тиіс.
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
3. Сот қосылған құн салығын төлеушіні жалған кәсіпорын деп таныған жағдайда, салық органының шешімімен қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәлік сот анықтаған қылмыстық әрекет басталған кезден бастап күшін жоюға тиіс.
23.11.02 ж. № 358-II; 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 210-бап өзгертілді
210-бап. Қосылған құн салығы бойынша есептен шығару
1. Егер қосылған құн салығын төлеушiнiң соңғы он екi айлық кезеңдегi салық салынатын айналым мөлшерi салық салынатын ең төмен айналым мөлшерiнен аспаса, ол тiркелген жеріндегі салық органына өзiн қосылған құн салығы бойынша есептен шығару туралы өтiнiш беруге құқылы.
Қосылған құн салығын төлеушi мұндай құқықты өзiн қосылған құн салығы бойынша есепке қойған кезден бастап, кем дегенде екi жыл өткеннен кейiн пайдалана алады.
2. Егер қосылған құн салығын төлеушi болып табылатын тұлға салық салынатын айналымдарға байланысты қызметiн тоқтатқан жағдайда, мұндай тұлға қызметi тоқтатылған салық кезеңiнен кейiнгi алты айдың аяқталуынан кешiктiрмей, өзiн қосылған құн салығы бойынша есептен шығару туралы өтiнiш беруге мiндеттi.
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 2-тармақтың екінші бөлігі 2-1-тармақ болып есептеледі (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
2-1. Салық органы қосылған құн салығын төлеушi болып табылатын және осы Кодексте белгіленген салық есептілігiн беру мерзiмiнен кейiн алты ай кезең iшiнде оны бермеген тұлғаны тапқан жағдайда, салық органы қосылған құн салығы бойынша есептен шығаруды қосылған құн салығын төлеушiнi хабардар етпестен, уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлеген тәртiппен жүргiзедi.
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 2-2-тармақпен толықтырылды (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
2-2. Салық органы қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын және осындай өзгерістер туындаған күннен бастап тұрған (тұрғылықты) жерін өзгерткені туралы жиырма жұмыс күні ішінде салық органын хабардар етпеген тұлғаны анықтаған жағдайда, қосылған құн салығы бойынша есептен шығаруды салық органы қосылған құн салығын төлеушіге осы Кодекстің 31-бабына сәйкес хабарлама жібере отырып, уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен жүргізеді. Осындай қосылған құн салығын төлеушілер туралы ақпарат уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен қосылған құн салығы бойынша есептен шығару күні уәкілетті мемлекеттік органның WEB-сайтында орналастырылады.
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 2-3-тармақпен толықтырылды (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
2-3. Осы баптың 2-1 және 2-2-тармақтарында көрсетілген жағдайларда, қосылған құн салығын төлеушілер салық органы қосылған құн салығы бойынша есептен шығару туралы шешім шығарған күннен кейінгі күннен бастап қосылған құн салығы бойынша есептен шығарылады.
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 2-4-тармақпен толықтырылды (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
2-4. Осы Кодекстің 68-бабының 5-тармағына сәйкес қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын тұлғаның қызметін уақытша тоқтата тұрған жағдайда, қосылған құн салығын төлеуші куәлігінің қолданысын тоқтатуды уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен салық органы жүргізеді.
3. Қосылған құн салығын төлеушi болып табылатын заңды тұлға таратылған жағдайда, мұндай тұлға Салық төлеушiлердің мемлекеттік тiзiлiмiнен алып тасталған күннен бастап қосылған құн салығы бойынша есептен шығарылуға тиiс.
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр . ред. қара)
4. Осы Кодекстiң 207-бабының 1-тармағында көрсетiлген салық төлеушiлер осы баптың ережелерiне сәйкес келетiн, қосылған құн салығы бойынша есептен шығару туралы өтiнiш берілген кезеңнен кейiнгi салық кезеңiнiң алғашқы күнiнен бастап қосылған құн салығын төлеушi болуын тоқтатады.
5. Тұлғаны қосылған құн салығы бойынша есептен шығару кезiнде осы Кодекстің 235-бабына сәйкес олар бойынша қосылған құн салығы есепке алуға жатқызылған оның тауарларының (соның iшiнде негiзгi құралдардың) қалдығы салық салынатын айналым ретiнде қарастырылады.
Қосылған құн салығын төлеуші заңды тұлға, жаңадан пайда болған заңды тұлғалар қосылған құн салығын төлеушілер болып табылса, оның қайта ұйымдастырылуына байланысты қосылған құн салығы бойынша есептен шығарылған жағдайда осы тармақтың ережесі қолданылмайды.
34-тарау. Салық салынатын айналым және салық
салынатын импорт
23.11.02 ж. № 358-II; 04.07.03 ж. № 475-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 211-бап өзгертілді
211-бап. Тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) өткізу бойынша айналым
1. Тауарға қатысты өткізу бойынша айналым:
1) тауарға меншiк құқығын берудi, оның iшiнде:
тауарды сатуды;
тауарды тиеп жөнелтудi, оның iшiнде басқа тауарларға (жұмыстарға, қызмет көрсетулерге) алмастыруды;
тауар экспортын;
тауарды тегiн берудi;
жарғылық капиталға жарна төлеудi;
жұмыс берушiнiң жалдамалы қызметкерге жалақы есебiнен тауар беруiн;
2) тауарды төлем мерзiмiн ұзарту шартымен тиеп жөнелтудi
2-1) мүлікті қаржы лизингіне беруді;
3) комиссия шарттары бойынша тауарды тиеп жөнелтудi;
4) қарызды төлемеген жағдайда кепiл берушiнiң кепiлге қойылған мүлкiн (тауарын) беруiн;
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр . ред. қара)
5) кәсіпкерлік қызмет үшін сатып алынған тауарды қосылған құн салығын төлеушінің не оның жалдамалы жұмыскерлерінің, қатысушылардың және (немесе) басқа тұлғалардың кәсіпкерлік қызметке жатпайтын мақсатта пайдалануын;
6) осы Кодекстiң 208-бабының 6-тармағына сәйкес бiр заңды тұлғаның қосылған құн салығын дербес төлеушiлерi болып табылатын бiр құрылымдық бөлiмшесiнiң екiншi құрылымдық бөлiмшесiне тауар жөнелтуiн;
7) бұрын экспорт режимiнде шығарылған тауарды керi импорт режимiнде қайтаруды бiлдiредi.
2. Жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу бойынша айналым кез келген жұмыстар орындауды немесе қызмет көрсетудің, соның ішiнде олардың тегiн орындалуын, сондай-ақ тауарды өткізуден өзге сыйақы үшiн кез келген қызметтi, оның iшiнде:
1) мүлiктi уақытша иелiкке берудi және мүлiктi жалдау (жалгерлiк) шартымен пайдалануды;
2) санаткерлiк меншiк объектiлерiне, соның iшiнде жарғылық капиталға салым ретiнде берiлетiн құқықтар беруді;
3) жұмыс берушiнiң жалдамалы қызметкерге жалақы есебiнен жұмыстар орындауын, қызметтер көрсетуiн;
4) осы Кодекстiң 208-бабының 6-тармағына сәйкес қосылған құн салығын дербес төлеушiлер болып табылатын бiр заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшелерi арасында жұмыстар орындауын, қызметтер көрсетуiн бiлдiредi.
3. Мыналар:
1) бiрлiгiнiң құны екi айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын тауарды жарнамалық мақсатта беру не сыйлау;
2) тапсырысшының мердігерге дайын өнімді мердігердің дайындауы, ұқсатуы, құрастыруы (монтаждауы, орнатуы), жөндеуі және (немесе) объектілер салуы үшін алыс-беріс тауарларын тиеп жөнелтуі. Аталған тауарлар Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде дайындалған, ұқсатылған, құрастырылған, жөнделген жағдайда, егер оларды әкету Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес "Тауарларды кеден аумағынан тыс жерлерде ұқсату" режимімен жүзеге асырылса, аталған тауарлардың тиеп-жөнелтілуі өткізу бойынша айналым болып табылмайды;
3) қайтарылатын ыдысты тиеп жөнелту. Құны онымен жiберiлетiн өнiмдi өткізу құнына кiрмейтiн және осы өнiмдi беру жөніндегі шартта (келісім-шартта) белгiленген талаптармен және мерзiмде, бiрақ ұзақтығы алты айдан аспайтын мерзiмде өнiм берушiге қайтарылуға тиiс ыдыс қайтарылатын ыдыс болып табылады. Егер ыдыс белгiленген мерзiмде қайтарылмаса, мұндай ыдыс өткізу бойынша айналымға енгiзiледi;
4) бұрын экспорт режимiнде шығарылған тауарды керi импорт режимiнде қайтаруды қоспағанда, тауарды қайтару;
5) шартта белгiленген талаптар мен мерзiмдерде қайта әкелуге жататын тауарларды көрмелер, басқа да мәдени және спорт шараларын өткізу үшiн Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерге әкету, егер бұл Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес "Тауарларды уақытша әкету" кеден режимiмен ресiмделсе;
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр . ред. қара)
6) жер қойнауын пайдаланушы жаңадан құрған және (немесе) сатып алған, жер қойнауын пайдалану жөніндегi операцияларды орындау үшiн пайдаланылатын және Қазақстан Республикасына берiлуi тиiс мүлiктi жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалануға жасалған келісім-шарт талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының меншiгiне беруi;
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
7) банк берген қарыздар және басқа да дебиторлық берешекті қоса алғанда, қарыздар бойынша талап ету құқығын басқаға беру өткізу бойынша айналым болып табылмайды.
212-бап. Салық салынатын айналымды анықтау
1. Қосылған құн салығын төлеушiнiң тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) өткізу бойынша жасаған айналымы салық салынатын айналым болып табылады, оған:
1) осы Кодекске сәйкес қосылған құн салығынан босатылған;
2) өткізу орны Қазақстан Республикасы болып табылмайтын айналым қосылмайды.
Тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) өткізу орны осы Кодекстiң 215-бабына сәйкес белгiленедi.
2. Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын төлеушi болып табылмайтын резидент еместен жұмыстар, қызмет көрсетулер алынған жағдайда, аталған жұмыстар, қызмет көрсетулер осы Кодекстiң 221-бабында белгiленген тәртiппен алушының салық салынатын айналымына енгiзiледi.
213-бап. Салық салынатын импорт
Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес декларациялануға тиiстi, Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнетiн немесе әкелiнген тауарлар (осы Кодекстің 234-бабына сәйкес қосылған құн салығынан босатылғандарын қоспағанда) салық салынатын импорт болып табылады.
214-бап. Тапсырма шарттары бойынша жүзеге асырылатын өткізу бойынша айналымдар
1. Сенім бiлдiрiлген адамның сенім білдiрушiнiң атынан және соның есебiнен тауарды тиеп жөнелтуi, жұмыстарды орындауы немесе қызметтер көрсетуi сенім бiлдiрілген адамның өткізу бойынша айналымы болып табылмайды.
2. Осы баптың 1-тармағының ережелерi:
1) сенім бiлдiрiлген адамның сенім бiлдiрушiге орындаған (көрсеткен) жұмыстарына (қызметтерiне);
2) Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын төлеушi болып табылмайтын резидент емес сенім бiлдiрушiден алынған тауарға қатысты қолданылмайды. Мұндай жағдайда тауарды тиеп жөнелту сенім бiлдiрiлген адамның өткізу бойынша айналымы болып табылады.
ҚР 23.11.02 ж. № 358-II Заңымен 215-бап өзгертілді
215-бап. Тауарды (жұмысты, қызмет көрсетудi) өткізу орны
1. Тауарды өткізу орны болып:
1) егер тауарды берушi, алушы немесе үшiншi тұлға тасымалдайтын (жiберетiн) болса, тауарды тасымалдау басталған орын;
2) басқа жағдайларда - тауарды алушыға беру орны танылады.
2. Жұмыстарды, қызметтердi өткізу орны болып:
1) егер жұмыстар, қызметтер жылжымайтын мүлiкпен тiкелей байланысты болса, осы мүлiктiң орналасқан жерi;
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр . ред. қара)
2) егер олар жылжымалы мүлiкпен байланысты болса, жұмыстарды, қызметтердi нақты жүзеге асыратын орны;
Мұндай жұмыстарға, қызмет көрсетулерге монтаждау, құрастыру, жөндеу жатады.
3) егер қызметтер мәдениет, өнер, білім, дене тәрбиесi немесе спорт саласындағы қызметтерге қатысты болса, қызметтердiң нақты көрсетiлетiн орны;
4) жұмыстарды, қызметтердi сатып алушының кәсiпкерлiк немесе кез келген басқа да қызмет орны танылады. Осы тармақша мынадай жұмыстарға, қызметтерге:
санаткерлiк меншiк объектiлерiн пайдалануға құқық беру жөніндегі;
консультациялық, аудиторлық, инжинирингтiк, заңдық, бухгалтерлiк, адвокаттық, жарнамалық қызмет көрсетулерге, сондай-ақ ақпаратты өңдеу жөніндегі қызмет көрсетулерге;
қызметкерлердi беру жөніндегі;
жылжымалы мүлiктi (көлiк құралдарынан басқа) жалға беру жөніндегі қызметке;
тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) сатып алу жөніндегі, сондай-ақ осы тармақшада көзделген қызметтердi жүзеге асыру үшiн шартқа (келісім-шартқа) негiзгi қатысушының атынан тұлға тартатын агенттiң қызметтерiне;
байланыс қызметiне;
туризмдi ұйымдастыру жөніндегі қызметтерге қатысты қолданылады;
5) осы тармақтың 1)-4) тармақшаларында көзделмеген жұмыстар, қызмет көрсетулер болған жағдайда жұмыстарды орындайтын (қызметтер көрсететiн) тұлғаның кәсiпкерлiк немесе кез келген басқа да қызметтi жүзеге асыратын орны танылады.
3. Егер тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) өткізу басқа негiзгi тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) өткізуге қатысты көмекшi сипатта болса, негiзгi тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) өткiзiлген жер осындай көмекшi өткізу орны болып танылады.
4. Осы баптың 2-тармағы 4) тармақшасының мақсаты үшiн, егер жұмыстарды, қызмет көрсетулердi алушының кәсiпкерлiк немесе кез келген басқа да қызмет орны бiреуден артық болса, осындай жұмыстар, қызмет көрсетулер пайдаланылатын орын олар өткiзiлген орын болып есептеледі.
5. Осы баптың 2-тармағын қолдану кезiнде бiрнеше тармақшада аталған жұмыстарды орындайтын немесе қызметтер көрсететiн жер осы тармақшалардың ретi бойынша бiрiншi болып белгiленедi.
23.11.02 ж. № 358-II; 04.07.03 ж. № 475-II (бұр. ред. қара); 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 216-бап өзгертілді
216-бап. Өткізу бойынша айналым жасау күнi
1. Егер осы баптың 2 және 2-1-тармақтарында өзгеше көзделмесе, тауарды тиеп жөнелту күнi тауар өткізу бойынша айналым жасау күнi болып табылады.
Егер тауарды тиеп жөнелту жүзеге асырылмаған жағдайда, онда алушыға тауар меншiгiнiң құқығы берiлген күн өткізу бойынша айналым жасау күнi болып табылады.
2. Кепiл берушi кепiлге салынған мүлiктi (тауарды) берген кезде кепiл ұстаушы үшiн мына күндердiң бiрi:
1) кепiл затына меншiк құқығы кепiл берушiден кепiлге салынған мүлiктi өндiрiп алу процесiнде жүргiзiлген сауда-саттықтың жеңiмпазына ауысқан күн;
2) егер сауда-саттық өтпедi деп жарияланса, кепiл затына меншiк құқығы кепiл игерушiден кепiл ұстаушыға ауысқан күн сату бойынша айналым жасау күнi болып табылады.
Осы Кодекстiң 211-бабының 1-тармағының 5) тармақшасында аталған жағдайларда тауар пайдалану кезiнде тауарды осындай пайдалануға берген күн өткізу бойынша айналым жасау күнi болып табылады.
Осы Кодекстiң 210-бабының 5-тармағында аталған жағдайларда, қосылған құн салығын төлеушi есептен шығару туралы өтiнiш берген салық кезеңiнiң соңғы күнi өткізу бойынша айналым жасау күнi болып табылады.
2-1. Лизинг алушының негізгі қаражат ретінде алуына жататын мүлікті қайтарымды лизинг шарты бойынша берудi қоспағанда, қаржы лизингіне беру кезінде мыналар өткізу бойынша айналым жасалған күн болып табылады:
1) осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында аталған жағдайларды қоспағанда, қаржы лизингінің шартында белгіленген мерзімдік лизингтік төлемді алу мерзімінің басталу күні;
2) егер қаржы лизингінің шарты бойынша лизингтік төлемді алу мерзімінің басталу күні мүлікті лизинг алушыға беру күніне дейін белгіленсе, онда мүлікті қаржы лизингіне берген күн айналымды жасау күні болып табылады;
3) қаржы лизингінің шартында көзделген лизинг төлемдерін лизинг алушы мерзімінен бұрын өтеген жағдайда, түбегейлі есеп айырысқан күн қаржы лизингінің осы шарты бойынша айналымды жасаған соңғы күн болып табылады.
2-2. Құрылыс, құрылыс-монтаж, жөндеу жұмыстарын орындау кезiнде:
1) тапсырыс берушi орындалған жұмыстарды ақысын төлеуге қабылдаған күннiң;
2) мемлекеттік қабылдау комиссиясы салынып бiткен объектiнi пайдалануға қабылдау туралы актiге (ал мемлекеттік нормативтерде белгiленген жағдайларда қабылдау комиссиясының aктici) қол қойған күннiң қайсысы алғаш орын алатын болса, сол күн өткізу бойынша айналым жасау күнi болып табылады.
2-2. Лизинг алушы (сатушы) негiзгi құрал ретiнде алуға тиiстi мүлiктi қайтарымды лизинг шарты бойынша беру кезiнде мүлiктi қаржы лизингiне берген күн өткізу бойынша айналым жасау күнi болып табылады.
3. Жұмыстарды, қызмет көрсетулердi өткізу бойынша салық салынатын айналым жасау күнi төменде аталған шарттардың бiрi бiрiншi болып орындалған:
1) жұмыстарға, қызмет көрсетулерге қосылған құн салығымен бiрге шот-фактура жазылған;
2) жұмыстар орындалған, қызмет көрсетулер көрсетiлген жағдайда басталады.
4. Егер жұмыстар, қызметтер тұрақты (үзiлiссiз) негiзде өткiзiлетiн болса, онда:
1) қосылған құн салығы көрсетіліп, шот-фактура жазылған күннiң;
2) әрбiр төлемдi (есеп айырысу нысанына қарамастан) алу күнiнiң қайсысы бiрiншi болса, сол күн өткізу бойынша салық салынатын айналым жасау күнi болып табылады.
Жұмысты (көрсетiлетiн қызметтi) алушы олардың нәтижелерiн өзiнiң өндiрiстiк қызметiне жұмыс орындалған, қызмет көрсетiлген күні пайдалана алатын жағдайда ұзақ мерзiмдi шарт негiзiнде жұмыстар орындау, қызметтер көрсету оларды тұрақты (үздiксiз) негiзде iске асыруды бiлдiретiн болады.
5. Қызметкерлерге жалақы есебiнен тауар берген, жұмыстар орындаған, қызметтер көрсеткен жағдайда қызметкерлерге тауарлар берiлген, жұмыстарды орындаған немесе қызметтер көрсетiлген күн өткізу бойынша айналым жасау күнi болып табылады.
6. Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын төлеушi болып табылмайтын резидент еместен жұмыстар, қызмет көрсетулер алған жағдайда аталған жұмыстарды, қызмет көрсетулердi алған күн айналым жасау күнi болып табылады.
35-тарау. Салық салынатын айналым мен салық