422-2-бап. Алымды төлеушілер
Жеке және заңды тұлғалар алымды төлеушілер болып табылады, тіркеуші орган солардың мүддесі үшін тіркеуді жүргізеді.
422-3 - бап Алымды есептеу, төлеу және төленген
сомаларды қайтару тәртібi
1. Алым сомасы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген ставкалар бойынша есептеледі және тіркеуші органға тиісті құжаттар берілгенге дейін төленеді.
2. Алым сомасы салық төлеушінің тіркеу есебіне алынған жері бойынша бюджетке енгізіледі.
3. Алымды төлеген тұлғалар тіркеуші органға тиісті құжаттарды бергенге дейін тіркеу жасаудан бас тартқан жағдайларды қоспағанда, төленген алым сомасы қайтарылмайды.
Бұл ретте қайтару аталған тұлғаның тіркеу іс-әрекеттерін жасауға арналған құжаттарды табыс етпегенін растайтын, тиісті тіркеу органы берген құжатты төлеуші табыс еткеннен кейін жүргізіледі.";
76-тарау. Автокөлік құралдарының Қазақстан
Республикасының аумағы бойынша жүргені
үшін алым
423-бап. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүргенi үшiн алым (бұдан әрi - алым):
1) халықаралық қатынастарда жолаушылар мен жүктердi тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағынан кетуi;
2) халықаралық қатынастарда жолаушылар мен жүктердi тасымалдауды жүзеге асыратын шетел автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасы аумағына келуi (кетуi), Қазақстан Республикасы аумағы бойынша транзитi;
3) iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты отандық және шетелдiк автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүруi;
4) отандық және шетелдiк автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының ақылы мемлекеттік автомобиль жолдары бойынша жүруi үшiн өндiрiп алынады.
2. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автомобиль құралдарының жүруi, егер ақылы мемлекеттік автомобиль жолдары бойынша жүру үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көлік саласындағы уәкiлеттi орган берген рұқсат құжаттары негiзiнде жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүру және рұқсат құжаттарын беру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
424-бап. Алым төлеушiлер
Осы Кодекстiң 419-бабының 1-тармағында белгiленген жағдайларда, Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүруiн жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар алым төлеушiлер болып табылады.
ҚР 04.07.03 ж. № 475-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 425-бап өзгертілді
425-бап. Алымды есептеу мен төлеу тәртібі
1. Алым сомасы Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлеген ставкалар бойынша есептеледi және рұқсат құжаттарын алғанға дейiн төленедi.
Қазақстан Республикасының ақылы мемлекеттік автомобиль жолдарын пайдаланған кезде алым сомасы осындай автомобиль жолдарымен жүргенге дейiн төленедi.
2. Алым банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы бюджетке аудару жолымен не көлiк саласындағы уәкiлеттi органның арнаулы пункттерiнде қатаң есеп бланкiлерi негiзiнде қолма-қол ақшамен төленедi.
Қатаң есеп бланкiлерiнiң нысанын және қолма-қол ақшамен енгiзiлген алымдар сомасын бюджетке есептеудің тәртібін Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі белгілейдi.
3. Алым сомасы рұқсат құжаттары алынған жер бойынша немесе ақылы мемлекеттік автомобиль жолдарын пайдалану орны бойынша бюджетке енгiзiлуге тиiс.
4. Алымдардың төленген сомалары қайтарылмайды.
77-тарау. Аукциондардан алынатын алым
426-бап. Жалпы ережелер
Аукциондардан алынатын алым (бұдан әрi - алым) аукциондарда мүлiктi (оның iшiнде мүлiктiк құқықтарды) сату кезiнде алынады.
427-бап. Алым төлеушiлер
Аукциондарда мүлiктi (оның iшiнде мүлiктiк құқықтарды) сатуға шығаратын жеке және заңды тұлғалар алым төлеушiлер болып табылады.
23.11.02 ж. 358-ІІ; 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 428-бап өзгертілді
428-бап. Салық салу объектiсi
1. Мүлiктi (мүлiктiк құқықтарды) сатудың аукцион өткізу нәтижелерi бойынша белгiленген құны алым алу объектiсi болып табылады.
2. Сатылатын мүлiк (мүлiктiк құқықтар) құнына:
1) мемлекеттік мүлiк объектiлерiн иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығын жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттік орган, оның аумақтық органдары өткiзетiн аукциондардан;
2) мемлекет пайдасына атқарушы құжаттарды мәжбүрлеп орындату бойынша атқарушы iс жүргiзу органдары өткiзетiн аукциондардан;
3) мыналарды:
салық органдары иелiк етудi шектеген мүлiктi;
салық мiндеттемелерiн қамтамасыз ету мақсатында кепiлге салынған мүлiктi;
соттың шешiмi бойынша мәжбүрлеп шығарылған жарияланған акцияларды орналастыруды сату бөлiгiнде мамандандырылған ашық аукциондардан;
4) мыналарды:
соттардың атқарушы құжаттарының негiзiнде мемлекет кiрiсiне тәркiленген мүлiктi;
белгiленген тәртiппен иесiз деп танылған мүлiктi;
белгiленген тәртiппен мемлекетке өткен мүлiктi сату жөніндегіаукциондардан;
5) банкрот кәсiпорындардың конкурстық массасын сату жөніндегі аукциондардан;
6) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өз қызметін жүзеге асыратын қор биржасындағы сауда-саттықта;
7) бағалы қағаздарды сату бойынша аукциондардан алым алынбайды.
429-бап. Алым ставкалары
Алым ставкасы аукцион өткізу нәтижелерi бойынша белгiленген мүлiктi (мүлiктiк құқықтарды) сату құнының 3 процентi мөлшерiнде белгiленедi.
13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 430-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
430-бап. Алымды есептеу мен төлеу тәртібі
1. Төлеушiлер алым сомасын салық салу объектiсiне ставка қолдану арқылы дербес есептейдi.
2. Атқарушы құжаттар арқылы атқарушы iс жүргiзу органдары өткiзетiн аукциондар бойынша алым сомасын есептеу кезiнде бюджетке есептелетiн атқару санкциясының сомасына қарай салық салынатын объектiге түзету жүргiзiледi.
3. Алымды төлеу аукцион өткiзгеннен кейiн он бес күнтiзбелiк күннен кешiктiрiлмей жүзеге асырылады.
4. Сот аукцион заттарын сатып алу-сату мәмiлелерi жарамсыз деп таныған жағдайларды қоспағанда, төленген алым сомалары қайтарылуға жатпайды.
431-бап. Салық декларациясы
1. Алым төлеушiлер аукциондар өткiзгеннен кейiн он күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей салық төлеушi ретiнде мемлекеттік тiркеу орны бойынша салық органдарына алым жөнiнде декларация тапсырады.
2. Аукцион ұйымдастырушылар тоқсан iшiнде өткiзiлген аукциондар бойынша тоқсан сайын есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 15-не дейiнгi мерзiмде уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлеген нысан бойынша ақпаратты салық төлеушi ретiнде мемлекеттік тiркелген жерi бойынша салық органдарына табыс етуге мiндеттi.
78-тарау. Елтаңбалық алым
ҚР 23.11.02 ж. 358-ІІ Заңымен 78-тарау алынып тасталды
432-бап. Жалпы ережелер
1. Аударымдық және жай вексельдер (бұдан әрi - вексельдер) жасау, Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнетiн вексельдер (индоссациялау, авальдық акцепт, инкассоға беру және басқалары) бойынша құқықтар мен мiндеттердiң туындауына, өзгертiлуiне немесе тоқтатылуына бағытталған алғашқы iс-қимылды Қазақстан Республикасының аумағында жасау кезiнде, сондай-ақ вексель қағазын дайындаушылардан немесе вексель қағазын Қазақстан Республикасының аумағына әкелушi адамдардан Қазақстан Республикасының аумағында вексель қағазын сатып алу кезiнде елтаңбалық алым төленедi.
2. Вексельден туындайтын құқықтар Қазақстан Республикасы аумағында елтаңбалық алымды төлемеген немесе толық төлемеген жағдайда, елтаңбалық алымның бүкiл сомасы төленгенге дейiн тоқтатыла тұрады және елтаңбалық алымның толық сомасының бюджетке енгiзiлгендiгiн растайтын құжат қоса тiркелiп, елтаңбалық алым сомасы толық төленген кезден бастап жаңғыртылады.
3. Вексель қағазы - белгiлi бiр дәрежеде қорғанышы бар және оған вексель толтыруға арналған елтаңбалық қағаздың бiр түрi.
Қазақстан Республикасының аумағында шығарылатын және Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнетiн вексель қағазының мазмұны мен нысанына, қорғаныш дәрежесiне және оған баспахана әдiсiмен мiндеттi түрде вексель сомасын көрсетуге қойылатын талаптарды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлейдi.
4. Қазақстан Республикасы аумағында вексельдер жай қағазбен де жасалуы мүмкiн.
5. Шетел валютасымен жасалған вексельдер бойынша елтаңбалық алым сомасы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің елтаңбалық алым сомасын төлеу күнiне белгілеген ресми бағамы бойынша анықталады.
433-бап. Елтаңбалық алым төлеушiлер
1. Мыналар:
1) жай қағазға толтырылған вексельдер бойынша вексель беретiн;
2) Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнген вексельдер (индоссациялау, авальдау, акцепт, инкассоға беру және басқалары) бойынша құқықтар мен мiндеттердiң туындауына, өзгертiлуiне немесе тоқтатылуына бағытталған алғашқы iс-қимылды Қазақстан Республикасының аумағында жасайтын;
3) вексель қағазын дайындаушылардан немесе вексель қағазын Қазақстан Республикасының аумағына әкелушi адамдардан Қазақстан Республикасының аумағында вексель қағазын сатып алатын жеке және заңды тұлғалар елтаңбалық алым төлеушiлер болып табылады.
2. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерде толтырылған және оның аумағына әкелiнген вексельдер бойынша, осы вексельдер бойынша құқықтар мен мiндеттердiң туындауына, өзгертiлуiне немесе тоқтатылуына бағытталған алғашқы iс-қимыл жасалған кезде - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi және оның бөлiмшелерi;
2) Қазақстан Республикасы Yкіметінiң белгiлi бiр бағдарламаларына орай сатып алынған тауарларға вексельдер толтыру кезiнде - Қазақстан Республикасының Yкіметі;
3) егер Қазақстан Республикасының Yкіметі вексельдер бойынша авальшы болса, осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген негiздер бойынша осы вексельдердi толтыру кезiнде - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі елтаңбалық алым төлеушiлер болып табылмайды.
434-бап. Елтаңбалық алым ставкалары
Егер осы Кодекстiң 435-бабында өзгеше көзделмесе, елтаңбалық алым ставкасы вексель сомасының 0,1 процентi мөлшерiнде белгiленедi.
435-бап. Елтаңбалық алымды есептеу мен төлеу тәртібі
1. Төленуге тиiстi елтаңбалық алымды есептеу кезiнде жаздырып алынған вексель сомасы толық 10 мың теңге болмаса соған жеткiзiп толықтырылып алынады.
2. Вексель қағазына вексель толтыру кезiнде, егер оның сомасы 10 мың теңгеден аспаса, елтаңбалық алым толық төлендi деп есептеледi.
Вексель қағазына вексель толтыру кезiнде, егер оның сомасы 10 мың теңгеден асса, елтаңбалық алым он мың теңге сомасында төлендi деп есептеледi, елтаңбалық алымның толық сомасы мен төленген сомасы арасындағы айырма бюджетке төленуге тиiс.
3. Вексель қағазын дайындаушылар және оны Қазақстан Республикасының аумағына әкелушiлер елтаңбалық алым сомасын вексель қағазын сатып алушы тұлғалардан ұстап қалады және вексель қағазы сатылған кезден бастап үш күннен кешiктiрмей бюджетке аударады.
4. Елтаңбалық алым сомасы төленбеген немесе толық төленбеген жағдайда, оны төлеудi (қосымша төлеудi) вексель берушi де, вексель ұстаушылар немесе басқа тұлғалар да жүргiзуi мүмкiн. Бұл орайда елтаңбалық алым сомасын төлеген тұлғаның Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен вексель берушiден төленген елтаңбалық алым сомасын өтеудi талап етуге құқығы бар.
Осы тармақтың ережелерi вексель қағазын дайындаушылар мен оны Қазақстан Республикасының аумағына әкелушi тұлғалардың Қазақстан Республикасының аумағында вексель қағазын сатып алған тұлғалардан елтаңбалық алым сомасын ұстап қалу және бюджетке аудару жөніндегі мiндеттемелерiне қолданылмайды.
5. Төленген елтаңбалық алым сомасы қайтарылмауға тиiс.
436-бап. Салық кезеңi
Вексель қағазын дайындаушылар мен оны Қазақстан Республикасының аумағына әкелушi тұлғалардың ұстап қалған елтаңбалық алым сомалары бойынша салық декларациясын тапсыруға арналған салық кезеңi күнтiзбелiк ай болып табылады.
437-бап. Салық декларациясы
Вексель қағазын дайындаушылар мен оны Қазақстан Республикасының аумағына әкелушi тұлғалар ағымдағы күнтiзбелік ай iшiнде ұстап қалынған елтаңбалық алым сомасы бойынша салық декларациясын есептi айдан кейiнгi айдың 10-ынан кешiктiрмей табыс етедi.
79-тарау. Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу
құқығы үшін лицензиялық алым
438-бап. Жалпы ережелер
1. Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым (бұдан әрi - алым) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес лицензиялануға тиiстi белгiлi бiр қызмет түрiмен айналысуға лицензия (лицензияның дубликатын) беру кезiнде алынады.
2. Лицензия берудi Қазақстан Республикасының заң актiсiнде белгіленген тәртiппен және жағдайларда уәкiлетті орган (бұдан әрi лицензиар) жүзеге асырады.
439-бап. Алым төлеушiлер
Лицензия алатын жеке және заңды тұлғалар алым төлеушiлер болып табылады.
440-бап. Алымды есептеу, төлеу және төленген сомаларды қайтару тәртібі
1. Алым сомасы Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлеген ставкалар бойынша есептеледi және лицензиарға тиiстi құжаттарды бергенге дейiн төленедi.
2. Алым сомасы алым төлеушiнiң салық төлеушi ретiнде мемлекеттік тiркелген жерi бойынша бюджетке енгiзiледi.
3. Алым төлеген тұлғалар лицензиарға тиiстi құжаттарды бергенге дейiн лицензия алудан бас тартқан жағдайларды қоспағанда, төленген алым сомасы қайтарылмайды.
Бұл орайда алым сомасы тиiстi лицензиар берген, лицензия алуға арналған құжаттарды аталған тұлғаның табыс етпегенiн растайтын құжатты төлеушi табыс еткеннен кейiн қайтарылады.
80-тарау. Телевизия және радио хабарларын
тарату ұйымдарына радиожиілік спектрін
пайдалануға рұқсат бергені үшін алым
441-бап. Жалпы ережелер
1. Телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиiлiк спектрiн пайдалануға рұқсат бергенi үшiн алым (бұдан әрi - алым) байланыс саласындағы уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиiлiк спектрiн пайдалануға рұқсат (рұқсат дубликаты) (бұдан әрi - рұқсат) берген кезде алынады.
Осы тараудың ережелерi бұқаралық ақпарат құралдары жөніндегі уәкiлеттi органмен келiсе отырып байланыс саласындағы уәкiлеттi орган берген лицензия негiзiнде жұмыс iстейтiн Қазақстан Республикасының телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына қолданылады.
2. Рұқсат беру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
3. Радиожиiлiк спектрiнiң белдеулерiн (номиналдарын) бөлу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес конкурстық негiзде жүргізілуі мүмкін.
Радиожиiлiк спектрiнiң белдеулерiн (номиналдарын) конкурс өткізу арқылы бөлу кезiнде алынатын бiр жолғы сомалар осы тарауға сәйкес төленуге тиiстi алымның есебiне жатқызылмайды.
4. Байланыс саласындағы уәкiлеттi орган тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 15-iнен кешiктiрмей, салық төлеушiнi есепке алып, тiркеген жер бойынша салық органына уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлеген нысанда ақпарат табыс етедi.
442-бап. Алым төлеушiлер
Осы Кодекстiң 441-бабының 1-тармағында аталған телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдары алым төлеушiлер болып табылады.
Өздерiне жүктелген негiзгi функционалдық мiндеттерiн орындау үшiн радиожиiлiк спектрiн пайдалануға рұқсат алған мемлекеттік мекемелер алым төлеушiлер болып табылмайды.
443-бап. Алым ставкалары
Алым ставкаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
444-бап. Алымды есептеу, төлеу және төленген сомаларды қайтару тәртібі
1. Алым сомасы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген ставкалар бойынша есептеледi және байланыс саласындағы уәкiлеттi органнан рұқсат алғанға дейiн бюджетке төленедi.
2. Алым сомасы салық төлеушiнi есепке алып, тiркеген жер бойынша бюджетке енгізiледi.
3. Алым төлеген тұлғалар байланыс саласындағы уәкiлеттi органға тиiстi құжаттарды бергенге дейiн, рұқсат алудан бас тартқан жағдайларды қоспағанда, төленген алым сомасы қайтарылмайды.
Бұл орайда алым сомасы тиiстi уәкiлеттi орган берген, рұқсат алуға арналған құжаттарды аталған тұлғаның табыс етпегенiн растайтын құжатты салық төлеушi табыс еткеннен кейiн қайтарылады.
81-тарау. Жер учаскелерін пайдаланғаны
үшін төлемақы
445-бап. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттiң жер учаскелерiн өтемiн төлеп (жалға) уақытша жер пайдалануға бергенi үшiн жер учаскелерiн пайдалану төлемақысы (бұдан әрi төлемақы) алынады.
2. Жер учаскелерiн өтемiн төлеп уақытша жер пайдалануға беру тәртібі Қазақстан Республикасының заң актiсiмен белгiленедi.
3. Жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерi тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 15-iнен кешiктiрмей өзiнiң орналасқан жерi бойынша салық органына уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлеген нысан бойынша мәлiметтер табыс етедi.
446-бап. Төлеушiлер
Жер учаскесiн өтемiн төлеп уақытша жер пайдалануға алған жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушiлер болып табылады.
ҚР 23.11.02 ж. 358-ІІ Заңымен 447-бап толықтырылды
447-бап. Төлемақы ставкалары
Төлемақы ставкалары Қазақстан Республикасының жер заңдарына сәйкес белгiленедi. Бұл орайда, осы Кодекстің 338-бабының 2-тармағында көзделген ережелерді есептемегенде, төлемақы ставкалары жер салығы ставкаларының мөлшерiнен кем белгiленбейдi.
ҚР 29.11.03 ж. № 512-II Заңымен 448-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
448-бап. Есептеу мен төлеу тәртібі
1. Төлемақы сомасы жергiлiктi атқарушы органмен жасаған өтемiн төлеп уақытша жер пайдалану шартының негiзiнде есептеледi.
Төлемақының жыл сайынғы сомалары жергiлiктi атқарушы органдар жасаған есеп-қисаптарда белгiленедi.
Шарт талаптары, сондай-ақ осы Кодексте белгiленген жер салығын есептеудің тәртібі өзгерген жағдайларда жергілiктi атқарушы орган төлемақы сомаларының есеп-қисаптарын қайта қарайды.
2. Салық кезеңiнде төленуге тиiс төлемақы мөлшерi есеп-қисаптарда көрсетiлген төлемақы ставкаларына және жер учаскесiн салық кезеңiнде пайдалану кезеңiне қарай белгiленедi.
3. Төлемақы мөлшерi осы Кодекске сәйкес осы жер учаскесi бойынша есептелген жер салығының сомасынан кем болмайтындай мөлшерде белгiленедi.
4. Төлемақы төлеушiлер төлемақының ағымдағы сомаларын ағымдағы жылдың 20 ақпанынан, 20 мамырынан, 20 тамызынан және 20 қарашасынан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде тең үлестермен бюджетке төлейдi.
5. Төлеудің белгiленген мерзiмдерiнен кейiн өтемi төленетiн уақытша жер пайдалануға мемлекет жер учаскелерiн берген жағдайларда, төлеудің келесi (кезектi) мерзiмi төлемақыны бюджетке енгізудiң алғашқы мерзiмi болып табылады.
6. Мемлекет өтемiн төлеп уақытша ақы төлеп жер пайдалануға жер учаскелерiн төлемнің соңғы мерзiмiнен кейiн берген жағдайларда, жер учаскесi берiлген айдан кейiнгi айдың 20-күнi бюджетке төлем төлеу мерзiмi деп есептеледi.
7. Өтемiн төлеп уақытша жер пайдалану шартының мерзiмi бiткен немесе салық кезеңi басталғаннан кейiн ол бұзылған жағдайда, қалған мерзiм үшiн бюджетке енгiзiлуге тиiс төлемақы сомасы, шарттың қолданылу мерзiмi аяқталған күннен бастап он бес күннен кешiктiрілмей төленедi.
8. Төлемақы сомасы жер учаскелерiнiң орналасқан жерi бойынша бюджетке енгiзiлуге тиiс.
9. Артық төленген төлемақы сомасы осы төлемақы бойынша өсiмпұлдар мен айыппұлдарды өтеу есебiне есепке жатқызу жүргiзiлгеннен кейiн осы төлемақы бойынша алдағы төлемдердiң есебiне жатқызылуға немесе салық төлеушiнiң өтiнiшi бойынша оның банк шотына аударылуға тиiс.
449-бап. Салық кезеңi
Жер учаскелерiн пайдалану төлемiнiң сомаларын есептеу мен төлеу үшiн салық кезеңi осы Кодекстің 136-бабына сәйкес белгiленедi.
23.11.02 ж. 358-ІІ; 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 29.11.03 ж. № 512-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 450-бап өзгертілді
450-бап. Салық есептілігi
1. Арнайы салық режимi қолданылатын қызметте пайдаланылатын жер учаскелерi бойынша ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiруші заңды тұлғалар үшін арнайы салық режимiн қолданатын салық төлеушілердi қоспағанда, ақы төлеушiлер, жер учаскелерiнiң орналасқан жерi бойынша салық органдарына ағымдағы төлемдер ақысы сомасының есебi мен декларацияны табыс етедi.
2. Төлеушiлер ағымдағы төлемдер сомасының есеп-қисабын есептi салық кезеңiнiң 15 ақпанынан кешiктiрмей табыс етедi.
Салық кезеңi басталғаннан кейiн өтемiн төлеп уақытша жер пайдалану туралы шарт жасасқан тұлғалар шарт жасалғаннан кейiнгi айдың 15-iнен кешiктiрмей ағымдағы төлемдер сомасының есеп-қисабын табыс етедi.
3. Жер учаскелерiн пайдалану төлемақысы бойынша декларацияны төлемақы төлеушiлер есептi жылдан кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрмей табыс етедi.
4. Бiрiншi салық кезеңiнде ағымдағы төлемдер сомасының есебімен бірге жергiлiктi атқарушы органмен жасалған өтемiн төлеп уақытша жер пайдалану туралы шарттың нотариат арқылы куәландырылған көшiрмесi табыс етiледi.
Одан кейiнгi кезеңдерде шарттың нотариат куәландырған көшiрмесi төлем сомалары немесе шарттың талаптары өзгерген кезде ғана табыс етiледi.
5. Уақытша жер пайдалану туралы шарттың қолданылу мерзiмi аяқталған немесе салық кезеңi басталғаннан кейiн жергiлiктi атқарушы органмен оны бұзған кезде шарттың қолданылу мерзiмi аяқталған (бұзылған) күннен бастап күнтiзбелiк он күннен кешiктiрiлмей ағымдағы төлемдер сомаларының eceбi табыс етiледi.
82-тарау. Жер үсті көздерінің су ресурстарын
пайдаланғаны үшін төлемақы
13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 451-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
451-бап. Жалпы ережелер
1. Жер үстi көздерiнiң су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемақы (бұдан әрi - төлемақы) жер үстi көздерiнен суды ала отырып немесе оны алмай, арнаулы су пайдаланудың барлық түрлерi үшiн алынады.
2. Арнаулы су пайдалану су ресурстарын басқару жөніндегі уәкiлеттi орган беретiн рұқсат беру құжаты негiзiнде жүзеге асырылады.
Су пайдаланудың арнаулы түрлерi Қазақстан Республикасының су заңдарымен белгiленедi.
3. Су ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық уәкiлеттi органдар есептi тоқсаннан кейiнгi екiншi айдың 1-iнен кешiктiрмей облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша салық комитеттерiне уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлеген нысан бойынша мәлiметтер бередi.
452-бап. Төлеушiлер
Құрылыстарды, техникалық құралдарды немесе құрылғыларды қолдана отырып, жер үстi көздерiнiң су ресурстарын пайдалануды жүзеге асырушы жеке және заңды тұлғалар төлемақыны төлеушілер болып табылады.
453-бап. Салық салу объектiлерi
1. Төлемақы салынатын объектiлер:
1) жер үстi су көзiнен алынған судың көлемi;
2) өндiрiлген электр энергиясының көлемi;
3) су көлiгiмен тасымалдау көлемi;
4) балық аулау көлемi және су пайдаланудың басқа да көлемдерi болып табылады.
2. Су ресурстарын жекелеген азаматтарға бекітіп бермей және судың жай-күйiне әсер ететiн құрылыстарды немесе техникалық құрылғыларды қолданбай жүзеге асырылатын кеме тiркемесiнсiз ағашты ағызуға, рекреацияға, жер қазатын техниканы қолдануға, батпақты құрғатуға, жалпы су пайдалануға төлемақы қолданылмайды.
13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2004.20.12. № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiледi) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 454-бап өзгертілді
454-бап. Төлемақы ставкалары
1. Төлемақы ставкаларын облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдары белгiлейдi.
2. Су жинаудың нақты көлемi су ресурстарын басқару жөніндегі уәкiлеттi орган белгiлеген лимиттен асып кеткен жағдайда, осы баптың 1-тармағында белгiленген төлемақы ставкалары осындай асып кеткен бөлiгiнде үш есе ұлғайтылады.
3. Су объектiлерiн тиiстi рұқсат беру құжатынсыз пайдаланған кезде осы баптың 1-тармағында белгiленген төлемақы ставкалары бес есе ұлғайтылады.
ҚР 04.07.03 ж. № 475-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 455-бап өзгертілді
455-бап. Есептеу мен төлеу тәртібі
1. Төлем сомасын су пайдаланудың нақты көлемi мен белгiленген ставкаларды негiзге ала отырып төлеушi дербес айқындайды.
2. Төлеушiлер (шаруа (фермер) қожалықтарына және ауыл шаруашылық өнiмiн өндiрушi заңды тұлғаларға арналған арнаулы салық режимдерiнде бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыратын салық төлеушiлерден басқа) нақты пайдаланылған су көлемi үшiн ағымдағы төлем сомаларын есептi айдан кейiнгi айдың 20-сынан кешiктiрмей ай сайын бюджетке енгізуге мiндеттi.
3. 04.07.03 ж. № 475-II ҚР Заңымен алып тасталды
4. Төлем рұқсат құжаттарында аталған арнаулы су пайдаланылатын жер бойынша бюджетке төленедi.
5. Артық төленген төлем сомасы осы төлем бойынша өсiмпұлдар мен айыппұлдарды өтеу есебiне жатқызу жүргiзiлгеннен кейiн осы төлем бойынша алдағы төлемдердiң есебiне жатқызылуға немесе салық төлеушiнiң өтiнiшi бойынша оның банк шотына аударылуға тиiс.
ҚР 23.11.02 ж. 358-ІІ Заңымен 456-бап өзгертілді
456-бап. Салық төлеушiлердiң жекелеген санаттарының төлемақыны есептеу мен төлеу ерекшелiктерi
1. Шаруа (фермер) қожалықтары және ауыл шаруашылық өнiмiн өндiрушi заңды тұлғаларға арналған арнаулы салық режимiнде бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыратын салық төлеушiлер төлем сомаларын төлеудi мына тәртiппен жүргiзедi:
1) ағымдағы салық кезеңiнiң 1 қаңтарынан 1 қазанына дейiнгi кезеңге есептелген ағымдағы төлемдер сомасы ағымдағы салық кезеңiнің 20 қазанынан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде төленедi;