Қазақстан Республикасының Yкіметі және Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Экономикалық даму жөніндегі Қазақстан-Американ бағдарламасы бойынша өзара түсіністік туралы меморандумды іске асыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 қазандағы № 960 Қаулысы
(2011.13.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
«Қазақстан Республикасының Үкіметі және Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Экономикалық даму жөніндегі Қазақстан - Американ бағдарламасы бойынша өзара түсіністік туралы меморандумды ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 2010.31.08. № 851 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі экономикалық даму жөніндегі Қазақстан - Американ бағдарламасын (бұдан әрі - Бағдарлама) әзірлеу мен орындауды қадағалау, тиімділік индикаторларын және күтілетін нәтижелерін әзірлеу және кезеңдік шолу процестеріне басшылық жасау, жыл сайынғы Іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі - Бағдарламаны орындау жөніндегі жоспар) дайындау, сондай-ақ Бағдарламаны орындау жөніндегі есепті дайындауды бақылауды қамтамасыз ету үшін Бағдарламаның үйлестірушісі болып тағайындалсын.
ҚР Үкіметінің 2006.30.11. № 1155 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2007.23.05. № 412 (бұр. ред. қара); 2007.31.10. № 1016 (бұр.ред.қара); 2010.31.08. № 851 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен 2-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2011.13.12. № 1516 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда вице-министрі Марат Әпсеметұлы Құсайыновқа Бағдарламаны орындау жөніндегі жоспарды келісуге өкілеттік берілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |