Қазақстан Республикасының Yкіметі және Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Экономикалық даму жөніндегі Қазақстан-Американ бағдарламасы бойынша өзара түсіністік туралы меморандумды іске асыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 қазандағы № 960 Қаулысы
(2007.31.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2010 жылғы 31 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының Үкіметі және Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Экономикалық даму жөніндегі Қазақстан - Американ бағдарламасы бойынша өзара түсіністік туралы меморандумды ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі экономикалық даму жөніндегі Қазақстан - Американ бағдарламасын (бұдан әрі - Бағдарлама) әзірлеу мен орындауды қадағалау, тиімділік индикаторларын және күтілетін нәтижелерін әзірлеу және кезеңдік шолу процестеріне басшылық жасау, жыл сайынғы Іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі - Бағдарламаны орындау жөніндегі жоспар) дайындау, сондай-ақ Бағдарламаны орындау жөніндегі есепті дайындауды бақылауды қамтамасыз ету үшін Бағдарламаның үйлестірушісі болып тағайындалсын.
ҚР Үкіметінің 2006.30.11. № 1155 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2007.23.05. № 412 (бұр. ред. қара); 2007.31.10. № 1016 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен 2-тармақ өзгертілді
2. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтановқа Бағдарламаны орындау жөніндегі жоспарды келісуге өкілеттік берілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |