Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 21 желтоқсандағы № 1337
және 2006 жылғы 5 қазандағы № 960 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 23 мамырдағы № 412 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Бірлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасын әзірлеу және іске асыру жөніндегі Техникалық ынтымақтастық туралы келісімді іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 21 желтоқсандағы № 1337 қаулысында:
1-тармақтағы «Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) «Қазақстан Республикасының Үкіметі және Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Экономикалық даму жөніндегі Қазақстан-Американ бағдарламасы бойынша өзара түсіністік туралы меморандумды іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 қазандағы № 960 қаулысында:
2-тармақтағы «Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | К. Мәсімов |