«Қазақстан Республикасының Yкіметі және Америка Құрама Штаттарының
Үкіметі арасындағы Экономикалық даму жөніндегі Қазақстан-Американ
бағдарламасы бойынша өзара түсіністік туралы меморандумды
іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 қазандағы № 960 Қаулысы
(2007.23.05. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2007 жылғы 31 қазандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының Үкіметі және Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Экономикалық даму жөніндегі Қазақстан - Американ бағдарламасы бойынша өзара түсіністік туралы меморандумды ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі экономикалық даму жөніндегі Қазақстан - Американ бағдарламасын (бұдан әрі - Бағдарлама) әзірлеу мен орындауды қадағалау, тиімділік индикаторларын және күтілетін нәтижелерін әзірлеу және кезеңдік шолу процестеріне басшылық жасау, жыл сайынғы Іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі - Бағдарламаны орындау жөніндегі жоспар) дайындау, сондай-ақ Бағдарламаны орындау жөніндегі есепті дайындауды бақылауды қамтамасыз ету үшін Бағдарламаның үйлестірушісі болып тағайындалсын.
ҚР Үкіметінің 2006.30.11. № 1155 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2007.23.05. № 412 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Аслан Есболайұлы Мусинге Бағдарламаны орындау жөніндегі жоспарды келісуге өкілеттік берілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |