нысанды киім, айырым белгiлер, мемлекеттік әскерилендiрiлген ұйымдардың, құқық қорғау немесе бақылаушы органдардың рәмiздерi тәркiленiп, айлық есептiк көрсеткiштiң үштен беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әрекеттердi жекеше детективтiк қызметтi немесе күзет қызметiн жүзеге асыруға арнайы рұқсаты (лицензиясы) бар адамның осы қызметтi жүзеге асырумен байланысты жасауы, -
нысанды киім, айырым белгiлер, мемлекеттік әскерилендiрiлген ұйымдардың, құқық қорғау немесе бақылаушы органдардың рәмiздерi тәркiлене отырып, айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
30-тарау
Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық
532-бап. Қаржы бақылау шараларын бұзу
1. Мемлекеттік лауазымға не мемлекеттік немесе соларға теңестiрiлген функцияларды орындаумен байланысты лауазымға кандидаттар болып табылатын адамдардың, сол сияқты аталған адамдардың жұбайының (зайыбының) кiрiстер, мүлiк туралы декларацияларды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарда көзделген басқа да мәлiметтердi бермеуi немесе толық емес, жалған мәлiметтер беруi, -
айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Мемлекеттік лауазымдағы, сондай-ақ келеңсiз себептермен мемлекеттік қызметтен босатылған адамдардың, сол сияқты, аталған адамдардың жұбайының (зайыбының) кiрiстер, мүлiк туралы декларацияларды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарда көзделген басқа да мәлiметтердi бермеуi, дер кезiнде бермеуi мемлекеттік қызметтен босатылғаннан кейiн үш жыл бойы жыл сайын берiп тұрмауы немесе толық емес, жалған мәлiметтер беруi, -
айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бiрiншi, екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттердi бiрнеше рет жасауы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
532-бап Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы № 506-ІІ Заңымен енгiзiлген толықтырулармен.
533-бап. Мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкiлеттi жеке тұлғаларға немесе оларға
теңестiрiлген адамдарға заңсыз материалдық сыйақы беру
Жеке тұлғалардың мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкiлеттi адамдарға немесе соларға теңестiрiлген адамдарға заңсыз материалдық сыйақы, сыйлықтар, жеңiлдiктер беруi немесе қызметтер көрсетуi, егер әрекеттерде қылмыстық жазалануға тиiс iс-әрекет белгiлерi болмаса, -
айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма бестен елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
534-бап. Заңды тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруi
1. Заңды тұлғалардың мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкiлеттi тұлғаларға немесе соларға теңестiрiлген тұлғаларға заңсыз материалдық сыйақы, сыйлықтар, жеңiлдiктер беруi не қызметтер көрсетуi, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазалануға тиiс әрекет белгiлерi болмаса, -
айлық есептiк көрсеткiштiң жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген жаза қолданылғаннан кейiн жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -
заңды тұлғаның қызметiн тоқтатуға әкеп соғады.
Ескерту. Мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкiлеттi адамға немесе оған теңестiрiлген адамға заңсыз материалдық сыйақылар, сыйлықтар, өзге де материалдық игiлiктер берген, қызметтер көрсеткен, жеңiлдiктер мен артықшылық жасаған жеке, заңды тұлғалар, егер мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкiлеттi адамның немесе оған теңестiрiлген адамның тарапынан өздерiне қатысты бопсалау орын алған болса немесе осы жеке, заңды тұлғалар болған жағдай туралы құзiреттi органдарға он күн мерзiм iшiнде өз еркiмен мәлiмдесе, жауапты болмайды.
534-бап Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 қыркүйектегi № 484-II Заңымен енгiзiлген толықтырумен.
535-бап. Мемлекеттік органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының заңсыз
кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруы және заңсыз кiрiстер алуы
Мемлекеттік органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының өздерiне заңдармен жүктелген функциялардан тыс кәсiпкерлiк қызметпен шұғылдануы не белгiленген қаржыландыру көздерiнен тыс материалдық игiлiктер мен артықшылықтар қабылдауы, -
осы ұйымдардың басшыларына айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
536-бап. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактiсi туралы көрiнеу жалған
ақпарат беру
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргiзетiн органға сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактiсi туралы көрiнеу жалған ақпарат беру, -
айлық есептiк көрсеткiштiң жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға немесе отыз тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға әкеп соғады.
536-бап Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 қыркүйектегi № 484-II Заңымен енгiзiлген өзгерiспен.
537-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік органдар
басшыларының шара қолданбауы
Мемлекеттік органдар басшыларының сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға кiнәлi өздерiне бағынысты адамдарға қатысты өз өкiлеттiктерi шегiнде шара қолданбауы не аталған шараларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды бұза отырып қолдануы не кiнәлi адамдардың тұрғылықты жерi бойынша салық органдарына тиiстi ақпарат бермеуi, -
айлық есептiк көрсеткiштiң отыздан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
537-бап Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 қыркүйектегi № 484-II Заңымен енгiзiлген толықтырумен; Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңымен енгізілген өзгеріспен.
3-бөлiм
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдар
31-тарау
Негізгі ережелер
538-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi органдар
(лауазымды адамдар)
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi:
1) мамандандырылған әкiмшiлiк соттардың судьялары;
2) осы Кодексте уәкiлеттiк берiлген мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары қарайды.
Ескерту. Мамандандырылған әкiмшiлiк соттардың ведомстволық қарауына жатқызылған әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi, егер тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында мамандандырылған әкiмшiлiк сот құрылмаса, аудандық (қалалық) соттардың судьялары қарауға құқылы.
538-бап Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңының редакциясында.
539-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi органдар
(лауазымды адамдар) құзыретiнiң ара жiгiн ажырату
1. Судьялар осы Кодекспен өздерiнiң қарауына жатқызылған әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары, осы Кодекстiң 541-бабында көрсетiлген iстердi қоспағанда, iстердi қарайды және әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн әкiмшiлiк жаза қолданады.
3. Әкiмшiлiк жаза түрлерiнiң бiрi ретiнде шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшiлiк жолмен шығарып жiберу, әкiмшiлiк қамауға алу, әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың құралы немесе оның тiкелей объектiсi болған заттарды өтемiн төлеп алып қою, не осы заттарды тәркiлеу, сол сияқты әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау арқылы алынған табыстарды (дивидендтердi), ақшаны және бағалы қағаздарды тәркiлеу, нақты тұлғаға берiлген арнайы құқықтан айыру (соның iшiнде көлiк құралдарын басқару құқығынан айыру), қызметтiң белгiлi бiр түрiне не белгiлi бiр әрекеттер жасауға лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, біліктілік аттестатынан (куәлiгiнен) айыру, өз бетiнше тұрғызылып жатқан немесе тұрғызылған құрылысты ерiксiз бұзу, жеке кәсiпкердiң қызметiн тоқтата тұру немесе оған тыйым салу көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi судья қарайды.
4. Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 21 қазаңдағы № 80-ІІІ Заңымен алынып тасталды.
5. Осы Кодекстiң 27-бабына сәйкес өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi жүргiзiп жатқан адамның арызы бойынша осы Кодекстiң 2-бөлiмiнiң Ерекше бөлiгiнде көзделген кез келген құқық бұзушылық туралы iстi судья қарайды.
539-бап Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы № 506-ІІ, 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңдарымен енгізілген өзгерістермен.
540-бап. Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңымен алынып тасталды.
32-тарау
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істердің қайда
қарауға жататындығы, лауазымды адамдардың істерді қарау және әкімшілік
жазаларды қолдану жөніндегі құзыреті
541-бап. Соттар
1. Мамандандырылған аудандық және соларға теңестiрiлген әкiмшiлiк соттардың судьялары осы Кодекстiң 79-1, 79-3, 79-4, 80-84, 86, 95-112, 115, 117, 124 (бiрiншi бөлiгiнде), 127, 129, 136, 140 (екiншi бөлiгiнде), 143, 151, 153-157, 158, 159 (екiншi бөлiгiнде), 161 (төртiншi және бесiншi бөлiктерiнде), 162, 163, 167-1 (екінші және үшінші бөліктерінде), 168-1 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 175 (екінші бөлігінде) (жекеше нотариустар, аудиторлар және аудиторлық ұйымдар жасаған құқық бұзушылық бөлігінде), 176 (бiрiншi бөлiгiнде), 179, 183, 184, 188, 190, 192, 194, 197, 199, 200, 202, 203, 213, 214, 222-229, 231 (екiншi бөлiгiнде), 232, 233, 235 (екiншi бөлiгiнде), 237, 237-1, 246 (екiншi бөлiгiнде), 278 (бiрiншi бөлiгiнде), 283 (бiрiншi, үшiншi бөлiктерiнде), 298 (екiншi, үшiншi бөлiктерiнде) 298-1 (екiншi бөлiгiнде), 302 (үшiншi бөлiгiнде), 303 (екiншi бөлiгiнде), 304 (екiншi бөлiгiнде), 305 (екiншi бөлiгiнде), 306 (екiншi бөлiгiнде), 306-1 (үшiншi бөлiгiнде), 308, 309-2 (төртiншi бөлiгiнде), 314, 315, 316, 318-321, 322 (үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 323 (екiншi бөлiгiнде), 324 (екінші және үшінші бөліктерінде), 325-328, 330-332, 335, 336 (үшiншi бөлiгiнде), 336-1 (үшiншi бөлiгiнде), 338 (бiрiншi бөлiгiнде), 339, 340, 342-344, 346-357, 357-1, 357-2 (екiншi бөлiгiнде), 357-3, 357-4, 359, 361, 362, 363, 366, 368, 369 (екiншi бөлiгiнде), 370 (екiншi бөлiгiнде), 371 (екiншi бөлiгiнде), 372-376, 381-1, 386 (үшiншi бөлiгiнде), 388, 391 (екiншi бөлiгiнде), 391-1 (үшiншi бөлiгiнде), 393, 394 (екiншi бөлiгiнде), 396 (екiншi бөлiгiнде), 397, 405 (бiрiншi бөлiгiнде), 409, 410, 413-415, 417, 418, 421, 423, 424, 426-430, 432-434, 442, 445, 446 (екiншi бөлiгiнде), 453 (екiншi бөлiгiнде), 454 (бiрiншi-үшiншi бөлiктерiнде), 461 (үшiншi бөлiгiнде), 462 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 463 (1-1-бөлiгiнде), 464 (екiншi бөлiгiнде), 465, 466, 467 (бiрiншi- үшiншi, бесiншi бөлiктерiнде), 468 (екiншi бөлiгiнде), 469, 471, 477 (үшiншi бөлiгiнде), 484, 492 (екiншi бөлiгiнде), 494 (екiншi, үшінші бөлiктерiнде), 496 (екiншi бөлiгiнде), 498 (екiншi бөлiгiнде), 501, 513-537-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Судьялар, iстiң қайда қаралуға жататындығына қарамастан, осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлгендерден басқа, әкiмшiлiк жаза түрлерiнiң бiрi ретiнде шетелдiк азаматтарды не азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшiлiк жолмен шығарып жiберу, әкiмшiлiк қамауға алу, лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, біліктілік аттестатынан (куәлiгiнен), арнаулы құқығынан айыру, әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың құралы немесе оның тiкелей объектiсi болған заттарды өтемiн төлеп алып қою не тәркiлеу, сондай-ақ құрылыстарды ерiксiз бұзу, белгiлi бiр қызметпен айналысуға тыйым салу көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
541-бап Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 28 наурыздағы № 398-II, 2003 жылғы 3 маусымдағы № 428-II Заңдарымен енгiзiлген толықтырулармен; бап және тақырыбы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шiлдедегi № 451-II Заңымен енгiзiлген өзгерістермен; Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 3 шiлдедегi № 464-II Заңымен енгiзiлген өзгерiс және толықтырулармен; Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 10 шiлдедегi № 483-II Заңымен енгiзiлген өзгерістермен; Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы № 506-ІІ Заңымен енгiзiлген өзгерістер және толықтырулармен; Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 мамырдағы № 551-ІІ Заңымен енгiзiлген өзгерiспен; Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шiлдедегi № 572-ІІ енгiзiлген толықтырумен; Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 желтоқсандағы № 10-ІІІ Заңымен енгізілген толықтырулармен; Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 40-ІІІ Заңымен енгiзiлген өзгерiспен; Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңымен енгізілген өзгерістер және толықтырулармен; Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі № 171, 2006 жылғы 7 шілдедегі № 174 Заңымен енгізілген өзгерістермен; Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі № 181 Заңымен енгізілген толықтырумен (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).
542-бап. Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңымен алынып тасталды.
543-бап. Iшкi iстер органдары (полиция)
1. Iшкi iстер органдары осы Кодекстiң 113, 114, 116, 131, 144, 159 (бiрiншi бөлiгiнде), 160 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 163-1, 165, 175 (екінші бөлігінде) (көлік құралдарының иелері, автомобиль көлігімен және қалалық электр көлігімен тасымалдаушылар жасаған құқық бұзушылық бөлігінде), 247, 277, 298 (бiрiншi бөлiгiнде), 298-1 (бiрiншi бөлiгiнде), 300, 305 (бiрiншi бөлiгiнде), 306 (бiрiншi бөлiгiнде), 298 (бiрiншi бөлiгiнде), 300, 311, 328-1, 333, 334, 336 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 336-1 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 338 (екiншi бөлiгiнде), 341, 357-2 (бiрiншi бөлiгiнде), 364, 365, 367 (тергеу изоляторларында құқық бұзушылық жасағаны үшiн), 369 (бiрiншi бөлiгiнде), 370 (бiрiншi бөлiгiнде), 371 (бiрiншi бөлiгiнде), 377, 378, 379 (бiрiншi бөлiгiнде), 387, 389, 390, 391 (бiрiншi бөлiгiнде), 391-1 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 392, 394 (бiрiншi бөлiгiнде), 395, 396 (бiрiншi бөлiгiнде), 439 (бiрiншi, екiншi, төртiншi және бесiншi бөлiктерiнде), 440, 441, 443 (төртiншi бөлiгiнде), 446 (бiрiншi бөлiгiнде), 459, 461 (бiрiншi, екiншi, төртiншi-алтыншы бөлiктерiнде), 462 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 463 (бiрiншi бөлiгiнде), 464 (бiрiншi бөлiгiнде), 467 (төртiншi, алтыншы бөлiктерiнде), 468 (бiрiншi, үшiншi бөлiктерiнде), 470, 472-476, 477 (бiрiншi, екiншi, төртiншi бөлiктерiнде), 478, 480, 481 (автомобиль көлiгіндегі бұзушылықтарды қоспағанда), 482, 485-487, 500-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Iшкi iстер органдарының атынан әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жаза қолдануға мыналар құқылы:
1) осы Кодекстiң iшкi iстер органдарының қарауына жататын барлық баптары бойынша, - iшкi iстер органдарының бастықтары мен олардың орынбасарлары;
2) осы Кодекстiң 131, 159 (бiрiншi бөлiгiнде), 160 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 163-1, 165, 298 (бiрiншi бөлiгiнде), 298-1 (бiрiншi бөлiгiнде), 300, 305 (бiрiншi бөлiгiнде), 306 (бiрiншi бөлiгiнде), 311, 333, 334, 336 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 336-1 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 338 (екiншi бөлiгiнде), 377, 389, 390, 391 (бiрiншi бөлiгiнде), 391-1 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 392, 396 (бiрiншi бөлiгiнде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн, - iшкi iстер органдары қалалық, аудандық бөлiмшелерiнiң бастықтары;
3) осы Кодекстiң 159, 163-1, 165, 298 (бiрiншi бөлiгiнде), 305 (бiрiншi бөлiгiнде), 306 (бiрiншi бөлiгiнде), 336 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 336-1 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 338 (екiншi бөлiгiнде), 389, 391 (бiрiншi бөлiгiнде), 391-1 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 392, 396 (бiрiншi бөлiгiнде), 439 (бiрiншi, екiншi, төртiншi, бесiншi бөлiктерiнде), 440, 441, 459, 477-(бiрiншi, екiншi, төртiншi бөлiктерiнде), 480, 485 (бiрiншi бөлiгiнде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн, - iшкi iстер органдары жол бөлiмшелерiнiң, жол пункттерiнiң бастықтары;
4) осы Кодекстiң 131, 159, 165, 298-1 (бiрiншi бөлiгiнде), 300, 311, 333 (бiрiншi бөлiгiнде), 336 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 336-1 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 338 (екiншi бөлiгiнде), 377, 387, 463 (бiрiншi бөлiгiнде), 470, 473, 476-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн, - iшкi iстер органдары полициясының учаскелiк инспекторлары;
5) осы Кодекстiң 333 (бiрiншi бөлiгiнде), 336 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 338 (екiншi бөлiгiнде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн, - iшкi iстер органдары патрульдiк учаскелерiнiң бастықтары;
6) осы Кодекстiң 461 (бiрiншi, екiншi, төртiншi-алтыншы бөлiктерiнде), 462 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 463 (бiрiншi бөлiгiнде), 464 (бiрiншi бөлiгiнде), 467 (төртiншi және алтыншы бөлiктерiнде), 468 (бiрiншi, үшiншi бөлiктерiнде), 470 (екiншi бөлiгiнде), 472-475, 485-487-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн, - iшкi iстер органдары жол полициясы департаментiнiң, басқармаларының, бөлiмдерiнiң, бөлiмшелерiнiң бастықтары мен олардың орынбасарлары;
7) осы Кодекстiң 175 (екінші бөлігінде) (көлік құралдарының иелері, автомобиль көлігімен және қалалық электр көлігімен тасымалдаушылар жасаған құқық бұзушылық бөлігінде), 247, 461 (бiрiншi, екiншi, төртiншi-алтыншы бөлiктерiнде), 462 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 463 (бiрiншi бөлiгiнде), 464 (бiрiншi бөлiгiнде), 470 (бірінші және үшінші бөліктерінде), 473 (бiрiншi бөлiгiнде), 476, 485 (бiрiншi бөлiгiнде) - баптарында (жеке тұлғаларға қатысты) көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн, - арнайы шендерi бар жол полициясының қызметкерлерi;
8) осы Кодекстiң 298 (бiрiншi бөлiгiнде), 298-1 (бiрiншi бөлiгiнде), 300, 311, 387-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн, - iшкi iстер органдарының табиғат қорғау және мал дәрiгерлiк полициялары бөлiмшелерiнiң бастықтары мен олардың орынбасарлары;
9) осы Кодекстiң 113, 114, 116, 333 (екiншi бөлiгiнде), 334 (үшiншi бөлiгiнде), 336 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 338 (екiншi бөлiгiнде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн, - iшкi iстер органдарының кәмелетке толмағандардың iстерi жөніндегі бөлiмшелерiнiң бастықтары мен олардың орынбасарлары.
10) осы Кодекстiң 367-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн (iшкi iстер жүйесiнiң тергеу изоляторларында құқық бұзушылық жасағаны үшiн) - iшкi iстер органдары жүйесi тергеу изоляторларының бастықтары;
11) 298-1 (бiрiншi бөлiгiнде), 305 (бiрiншi бөлiгiнде), 306 (бiрiншi бөлiгiнде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн - iшкi iстер органдары полициясының балық қорларына қылмысты қол сұғушылыққа қарсы күрес жөніндегі мамандандырылған бөлiмшелерiнiң бастықтары мен олардың орынбасарлары.
543-бап Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 3 маусымдағы № 428-II Заңымен енгiзiлген өзгерiс және толықтырулармен; Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы № 506-ІІ Заңымен енгiзiлген өзгерістер және толықтырулармен; Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 желтоқсандағы № 10-ІІІ Заңымен енгiзiлген толықтырулармен; Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңымен енгізілген өзгерістер және толықтырумен; Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі № 171-ІІІ Заңымен енгізілген толықтырумен.
544-бап. Өртке қарсы күрес қызметi органдары
1. Өртке қарсы күрес қызметi органдары осы Кодекстiң 249, 277, 284, 312, 313, 334, 460-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Өртке қарсы күрес қызметi органдары атынан iстердi қарауға және әкiмшiлiк жаза қолдануға:
өртке қарсы қызметтiң қалалық, аудандық аумақтық органының басшысы жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң үшке дейiнгi, лауазымды адамдарға онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) өртке қарсы қызметтiң аумақтық органының басшысы және оның орынбасарлары жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi, лауазымды адамдарға - жиырма беске дейiнгi, заңды тұлғаларға жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
өрт қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi органның басшысы және оның орынбасарлары жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзге дейiнгi, лауазымды адамдарға - төрт жүзге дейiнгi, заңды тұлғаларға екi мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға құқылы.
544-бап Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңының редакциясында.
545-бап. Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы № 506-ІІ Заңымен алынып тасталды.
546-бап. Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы № 506-ІІ Заңымен алынып тасталды.
547-бап. Азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу саласындағы уәкiлеттi орган
1. Азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 175 (екінші бөлігінде) (әуе көлігімен тасымалдаушылар жасаған құқық бұзушылық бөлігінде), 443 (осы баптың бiрiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде көзделген, азаматтық авиацияға жатпайтын аэродромдарда немесе осындай аэродромдар аумақтарында жасалған бұзушылық туралы iстердi қоспағанда), 444, 446 (бiрiншi бөлiгiнде), 447 (бірінші бөлігінде), 459, 460, 479 (әуе көлiгiнде бұзушылық жасағаны үшiн), 480 (екiншi бөлiгiнде), 482-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу саласындағы уәкiлеттi органның атынан әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жаза қолдануға мыналар құқылы:
соған уәкiлеттi лауазымды адамдар (411, 444, 446 (бiрiншi бөлiгi), 459, 460-баптар, азаматтық авиация қызметi саласында бұзушылық жасағаны үшiн).
547-бап Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 3 маусымдағы № 428-II Заңымен енгiзiлген толықтырумен; Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 3 шiлдедегi № 464-II Заңымен енгізілген өзгеріспен; бап және тақырыбы Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңымен енгізілген өзгерістермен.
548-бап. Көлiк бақылау органдары
1. Көлiк бақылау органдары осы Кодекстiң 246, 247, 357-2 (бiрiншi бөлiгiнде), 439, 440, 441, 447, 447-1, 447-2, 447-3, 447-4, 448, 449, 450, 451, 452, 453 (бiрiншi, үшiншi бөлiктерiнде), 454 (төртiншi, бесiншi бөлiктерiнде), 455, 456, 457, 458, 459, 460 (әуе, теңiз көлiгi кемелеріндегі бұзушылықтарды қоспағанда), 461 (6-1 бөлiгiнде), 463 (бiрiншi бөлiгiнде, бұл бұзушылықтар жолаушылар мен жүктердi тасымалдау ережелерiн бұзу болып табылатын кезде, екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 467-1, 477 (бiрiншi, екiншi, төртiншi бөлiктерiнде), 479-481 (әуе, теңiз көлiгi кемелеріндегі бұзушылықтарды қоспағанда), 483, 486 (бiрiншi бөлiгiнде), 490-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Көлiк бақылау органдары атынан әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жаза қолдануға:
осы Кодекстiң көлiк бақылау органдарының қарауына жатқызылған барлық баптары бойынша - көлiк бақылау органының басшысы мен оның орынбасарлары, аумақтық көлiк бақылау органдарының бастықтары мен олардың орынбасарлары;
357-2 (бiрiншi бөлiгiнде), 440, 441, 447, 447-1, 447-2, 447-3, 447-4, 454 (төртiншi бөлiгiнде), 455, 456, 461 (6-1 бөлiгiнде), 463 (екiншi бөлiгiнде), 467-1, 477 (бiрiншi, екiншi, төртiншi бөлiктерiнде), 479, 480, 486 (бiрiншi бөлiгiнде), 490-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық бойынша - көлiк бақылау органдарының осыған уәкiлеттi лауазымды адамдары құқылы.
3. Осы баптың екiншi бөлiгiнiң үшiншi абзацында көрсетiлген лауазымды адамдар салатын айып мөлшерi он айлық есептiк көрсеткiштен аспауға тиiс.
548-бап Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңының редакциясында.
549-бап. Көлiк және коммуникациялар саласындағы уәкiлеттi орган
1. Көлiк және коммуникациялар саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 175 (екінші бөлігінде) (темір жол көлігімен, теңіз және ішкі су көлігімен тасымалдаушылар жасаған құқық бұзушылық бөлігінде), 357-2 (бiрiншi бөлiгiнде), 441, 443, 444, 446 (бiрiншi бөлiгiнде), 450, 451 (екiншi бөлiгiнде), 452, 453 (бiрiншi бөлiгiнде), 455 (үшiншi бөлiгiнде), 457 (өздерiнiң қадағалауындағы шағын кемелер мен олардың тұруына арналған құрылыстар базалары бөлiгiнде), 459, 460, 481 (теңiз және әуе көлiгi кемелеріндегі бұзушылықтар бөлiгiнде), 488-489-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.