2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
Көлiк және коммуникациялар саласындағы уәкiлеттi органның басшысы мен оның орынбасарлары, Көлiк және коммуникация саласындағы уәкiлеттi органның, олардың аумақтық бөлiмшелерiнiң басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.
549-бап Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы № 372-II, 2003 жылғы 3 маусымдағы № 428-II Заңдарымен енгiзiлген толықтырулармен; Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 3 шiлдедегi № 464-II Заңымен енгiзiлген өзгерiспен; Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы № 506-ІІ, 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңдарымен енгiзiлген өзгерістер және толықтырулармен.
549-1-бап. Ақпараттандыру және байланыс саласындағы уәкiлеттi орган
1. Ақпараттандыру және байланыс саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 357-2 (бiрiншi бөлiгiнде), 492 (бiрiншi бөлiгiнде), 494 (бiрiншi бөлiгiнде), 495, 496 (бiрiншi бөлiгiнде), 497-1, 497-2, 497-3-баптарында, 498-бабында (бiрiншi бөлiгiнде) көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жаза қолдануға:
1) ақпараттандыру және байланыс саласындағы уәкiлеттi органның басшысы мен оның орынбасарлары;
2) ақпараттандыру және байланыс саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық органдарының басшылары құқылы.
549-1-бап Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңымен енгізілді.
550-бап. Мемлекеттік еңбек инспекциясы органдары
1. Мемлекеттік еңбек инспекциясы органдары осы Кодекстiң 87, 87-1, 89-94, 175 (екiншi бөлiгiнде, жұмыс берушiлер жасаған құқық бұзушылықтарға қатысты), 396 (бiрiншi бөлiгiнде), 399-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
облыстар, қалалар және аудандар бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары - жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
облыстар мен Астана және Алматы қалалары бойынша бас мемлекеттік еңбек инспекторлары - жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң он беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - қырыққа дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - үш жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
Қазақстан Республикасының еңбек жөніндегі орталық атқарушы органының бас мемлекеттік еңбек инспекторлары - жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң он беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - қырыққа дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік еңбек инспекторы жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi, лауазымды адамдарға - елуге дейiнгi, заңды тұлғаларға бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға құқылы.
3. Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қатысушыларына қатысты осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қызметiн реттеу жөніндегі уәкілеттi мемлекеттік орган қарайды.
550-бап Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы № 506-ІІ Заңымен енгiзiлген өзгерістермен; Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 40-ІІІ Заңымен енгiзiлген толықтырумен; Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңымен енгізілген өзгеріс және толықтырумен; Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 маусымдағы № 146-ІІІ Заңымен енгізілген толықтырумен.
551-бап. Әдiлет органдары
1. Әдiлет органдары осы Кодекстiң 128, 145-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға зияткерлік меншік құқығы саласындағы уәкiлеттi органның басшысы мен оның орынбасарлары, облыстық, Астана және Алматы қалалары әдiлет органдарының басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.
551-бап және тақырыбы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 22 қарашадағы № 90-ІІІ Заңымен енгізілген өзгерістермен.
551-1-бап. Заңды тұлғаларды, азаматтық хал актілерін мемлекеттік тiркеу, бағалау
қызметiн реттеу, Қазақстан Республикасының азаматтарын тiркеу мен
құжаттандыру саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган
1. Заңды тұлғаларды, азаматтық хал актілерін мемлекеттік тiркеу, бағалау қызметiн реттеу, Қазақстан Республикасының азаматтарын тiркеу мен құжаттандыру саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган осы Кодекстiң 379 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 380, 357-2 (бiрiншi бөлiгiнде) көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жаза қолдануға заңды тұлғаларды, азаматтық хал актілерін мемлекеттік тiркеу, бағалау қызметiн реттеу, Қазақстан Республикасының азаматтарын тiркеу мен құжаттандыру саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органның басшысы, оның орынбасарлары, аумақтық (облыстық, Астана, Алматы қалалары) әдiлет органдарының бiрiншi басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.
551-1-бап Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңымен енгізілді.
552-бап. Көшi-қон жөніндегі органдар
1. Көшi-қон жөніндегі органдар осы Кодекстiң 396 (бiрiншi бөлiгiнде), 398, 399 (өз құзыретi шегiнде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Қазақстан Республикасының көшi-қон жөніндегі органының басшысы, облыстық, Астана және Алматы қалалық және соған теңестiрiлген көшi-қон жөніндегі органының бастығы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға құқылы.
552-бап және тақырыбы Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 2 наурыздағы № 131-ІІІ Заңымен енгізілген өзгерістермен.
553-бап. Өнеркәсiп қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi орган
1. Өнеркәсiп қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 89, 220, 221, 270, 271, 272 (техникалық қауiпсiздiк бөлiгiнде), 357-2 (бiрiншi бөлiгiнде), 504-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Өнеркәсiп қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi органның атынан iстердi қарауға және әкiмшiлiк жаза қолдануға:
1) өнеркәсiп қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi органның және оның аумақтық органдарының мемлекеттік инспекторлары жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
2) өнеркәсiп қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық органының басшысы және оның орынбасарлары жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - елуге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
3) өнеркәсiп қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi органның басшысы, басқарма, бөлiм бастықтары және олардың орынбасарлары жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - жүзге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға құқылы.
3. Азаматтық қорғаныс саласында нормативтiк құқықтық актiлердi орындамаумен байланысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жаза қолдануға:
1) өнеркәсiп қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi органның басшысы және оның орынбасарлары жеке тұлғаларға және лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
2) өнеркәсiп қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық органының басшысы, оның орынбасарлары жеке тұлғаларға және лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң қырыққа дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға құқылы.
553-бап Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңының редакциясында.
554-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган
1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 122, 123 (екiншi бөлiгiнде), 175 (екiншi бөлiгiнде, шаруашылық қызметтiң экологиялық қауiптi түрлерiн жүзеге асыратын адамдар жасаған құқық бұзушылықтарға қатысты), 220 (бiрiншi бөлiгiнде), 240-246 (бiрiншi бөлiгiнде), 247-250, 261, 264, 265, 270-272, 275 (екiншi бөлiгiнде), 276, 291, 294, 296, 301, 302 (бiрiншi бөлiгiнде), 303 (бiрiншi бөлiгiнде), 304 (бiрiншi бөлiгiнде), 305 (бiрiншi бөлiгiнде), 306 (бiрiншi бөлiгiнде), 306-1 (бiрiншi, екiншi, төртiншi бөлiктерiнде), 357-2 (бiрiншi бөлiгiнде) баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жаза қолдануға:
қоршаған ортаны қорғау жөніндегі аумақтық мемлекеттік аға инспекторлар және аумақтық мемлекеттік инспекторлар жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi, лауазымды адамдарға - жиырма беске дейiнгi, заңды тұлғаларға жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарды қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлары, табиғи ресурстарды қорғау жөніндегі аумақтық мемлекеттік бас инспекторлардың орынбасарлары жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң он беске дейiнгi, лауазымды адамдарға - елуге дейiнгi, заңды тұлғаларға екi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарды қорғау жөніндегі мемлекеттік аға инспекторлары жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi, лауазымды адамдарға - жүзге дейiнгi, заңды тұлғаларға бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
табиғи ресурстарды қорғау жөніндегі аумақтық мемлекеттік бас инспекторлар жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi, лауазымды адамдарға - жүзге дейiнгi, заңды тұлғаларға бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзып жүргізiлген сомада не қоршаған ортаға келтiрiлген зиян сомасында процентпен көрсетiлген айыппұл салуға;
Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарды қорғау жөніндегі мемлекеттік бас инспекторы мен оның орынбасарлары жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi, лауазымды адамдарға - жүз елуге дейiнгi, заңды тұлғаларға бiр мыңға дейiнгi мөлшерiнде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзып жүргiзiлген сомада не қоршаған ортаға келтiрiлген зиян сомасында процентпен көрсетiлген айыппұл салуға құқылы.
554-бап Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңының редакциясында.
554-1-бап. Жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi орган
1. Жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 123 (бiрiншi бөлiгiнде), 259-274, 275 (бiрiншi бөлiгiнде), 301, 302 (бiрiншi, екiншi бөлiктерiнде), 303 (бiрiншi бөлiгiнде), 304 (бiрiншi бөлiгiнде), 305 (бiрiншi бөлiгiнде), 306 (бiрiншi бөлiгiнде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі аумақтық аға мемлекеттік инспекторлар мен аумақтық мемлекеттік инспекторлар - жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi, лауазымды адамдарға - он беске дейiнгi, заңды тұлғаларға - жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
Қазақстан Республикасының жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі мемлекеттік инспекторлары, жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі аумақтық бас мемлекеттік инспекторлардың орынбасарлары - жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң он беске дейiнгi, лауазымды адамдарға - жиырма беске дейiнгi, заңды тұлғаларға - екi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
Қазақстан Республикасының жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі аға мемлекеттік инспекторлары, жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі аумақтық мемлекеттік бас инспекторлары - жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi, лауазымды адамдарға - елуге дейiнгi, заңды тұлғаларға - бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
Қазақстан Республикасының жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы мен оның орынбасарлары - жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi, лауазымды адамдарға - жүзге дейiнгi, заңды тұлғаларға - бiр мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға құқылы.
554-1-бап Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы № 506-ІІ Заңымен енгiзiлдi; бап және тақырыбы Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңымен енгізілген өзгерістермен.
555-бап. Кеден органдары
1. Кеден органдары әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы осы Кодекстiң 140 (бiрiншi бөлiгiнде), 141, 187 (бiрiншi бөлiгiнде), 357-2 (екiншi бөлiгiнде), 400-404, 405 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 406-408, 411, 412, 422, 425, 431, 435, 438-баптарында көзделген iстердi қарайды.
2. Кеден органдарының бастықтары немесе олардың орынбасарлары әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға құқылы.
555-бап Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы № 506-ІІ Заңымен енгiзiлген толықтырулармен; Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңымен енгізілген өзгерістермен.
556-бап. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң органдары
1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң органдары әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы осы Кодекстiң 461 (бiрiншi, екiншi, төртiншi-алтыншы бөлiктерiнде), 462 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 463 (1-1-бөлiгiн қоспағанда), 464 (бiрiншi бөлiгiнде), 467 (төртiншi, алтыншы бөлiктерiнде), 468 (бiрiншi, үшiншi бөлiктерiнде), 470, 472-476, 477 (бiрiншi, екiншi, төртiншi бөлiктерiнде), 503, 505-512-баптарында көзделген iстердi қарайды.
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң органдары атынан әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және:
1) осы Кодекстiң 503, 505-512-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн - аудандық (қалалық) әскери комиссарлар;
2) осы Кодекстiң 461 (бiрiншi бөлiгiнде), 462 (бiрiншi бөлiгiнде), 463 (бiрiншi бөлiгiнде), 464 (бiрiншi бөлiгiнде), 470 (бiрiншi бөлiгiнде), 473 (бiрiншi бөлiгiнде), 476-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн - әскери автомобиль полициясының лауазымды адамдары: бастық немесе бастықтың орынбасары, әскери біліктілік комиссиясының төрағасы, аға инспектор және белгiленген тәртiппен әскери автомобиль полициясының штаттағы және штаттан тыс инспекторлары болып тағайындалған басқа да әскери қызметкерлер ескерту түрiнде әкiмшiлiк жаза қолдануға құқылы.
3. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң көлiк құралдарын жүргiзушiлер - әскери қызметшiлер және жиынға шақырылған әскери мiндеттiлер жасаған әкiмшiлiк жазалау ретiнде айыппұл көзделген тәртiп бұзушылық туралы материалдарды Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі белгiлеген тәртiппен әскери автомобиль инспекциясы кiнәлiлердi Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Тәртiптiк жарғысы бойынша жауапқа тарту үшiн тиiстi командирлерге (бастықтарға) бередi.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң көлiк құралдарын жүргiзушiлер - әскери қызметшiлер мен жиынға шақырылған әскери мiндеттiлер жасаған көлiк құралын жүргiзу құқығынан айыру түрiнде әкiмшiлiк жаза қолданылуы мүмкiн тәртiп бұзушылық туралы хаттамаларды әскери автомобиль инспекциясы Қорғаныс министрлігі Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігімен бiрлесiп белгiленген тәртiппен сотқа жiберу үшiн жол полициясы органдарына бередi.
556-бап Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы № 506-ІІ, 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңдарымен енгізілген өзгерістермен.
557-бап. Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын органдар
1. Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын органдар осы Кодекстiң 89, 140 (бiрiншi бөлiгiнде), 161 (бiрiншi бөлiгiнде), 164, 220, 221, 235 (бiрiншi бөлiгiнде), 236, 239, 240, 242, 244, 248, 249, 261, 270, 272, 275, 276, 277 (екiншi бөлiгiнде), 294, 304 (бiрiншi бөлiгiнде), 310, 323 (бiрiншi бөлiгiнде), 333, 357-2 (бiрiншi бөлiгiнде), 387, 477 (бiрiншi, екiншi бөлiктерiнде), 494 (бiрiншi бөлiгiнде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік бас санитариялық дәрiгерi мен оның орынбасарлары, облыстардың, қалалардың, аудандардың мемлекеттік бас санитариялық дәрiгерлерi мен олардың орынбасарлары, көлiктегi мемлекеттік бас санитариялық дәрiгерлер мен олардың орынбасарлары әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға құқылы.
557-бап және тақырыбы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы № 506-ІІ Заңымен енгізілген өзгерістер және толықтырумен; Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңымен енгізілген өзгерістермен.
557-1-бап. Дәрілік заттар айналымы саласындағы мемлекеттік орган
1. Дәрілік заттар айналымы саласындағы мемлекеттік орган және оның аумақтық бөлімшелері осы Кодекстің 324-бабының бірінші бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді өз құзыреті шегінде қарайды.
2. Дәрілік заттар айналымы саласындағы мемлекеттік органның басшысы, оның орынбасарлары, аумақтық бөлімшелердің басшылары мен олардың орынбасарлары әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға құқылы.
557-1-бап Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 мамырдағы № 551-ІІ Заңымен енгiзiлдi.
557-2-бап. Медициналық қызмет көрсетулер саласындағы бақылау
жөніндегі мемлекеттік орган
1. Медициналық қызмет көрсетулер саласындағы бақылау жөніндегі мемлекеттік орган және оның аумақтық бөлiмшелерi өз құзыретi шегiнде осы Кодекстiң 85, 85-1, 322 (бiрiншi, екiншi және бесiншi бөлiктерi) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Медициналық қызмет көрсетулер саласындағы бақылау жөніндегі мемлекеттік органның басшысы және оның аумақтық бөлiмшелерiнiң басшылары әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға құқылы.".
557-2-бап Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі № 171 Заңымен енгізілді.
558-бап. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң, Iшкi iстер министрлігі мен
Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң, Әдiлет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесi
комитетiнiң санитариялық қадағалауды жүзеге асыратын медициналық қызметтерi
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң, Iшкi iстер министрлігінiң және Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң, Әдiлет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң санитариялық қадағалауды жүзеге асыратын медициналық қызметтерi Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң әскери қалалары мен оқу орталықтарының аумақтарында орналасқан объектiлерде және Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі мен Ұлттық қауiпсiздiк комитетiне, Әдiлет министрлігінiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiне бағынысты объектiлерде санитариялық-гигиеналық және санитариялық - эпидемияға қарсы ережелердi бұзу туралы осы Кодекстiң 323-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
558-бап және тақырыбы Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 желтоқсандағы № 10-ІІІ Заңымен енгiзiлген толықтырумен.
559-бап. Ветеринария саласындағы уәкiлеттi орган
1. Ветеринария саласындағы уәкiлеттi органның лауазымды адамдары осы Кодекстiң 310-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк шаралар қолдануға:
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Бас ветеринариялық инспекторы мен оның орынбасарлары жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi, лауазымды адамдарға - жиырмаға дейiнгi, заңды тұлғаларға жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
Мемлекеттік шекара мен көлiктегi мемлекеттік бас ветеринариялық инспектор, облыстардың мемлекеттік бас ветеринариялық инспекторлары мен олардың орынбасарлары, ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органның ветеринариялық инспекторлары жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi, лауазымды адамдарға - онға дейiнгi, заңды тұлғаларға жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
аудандардың, қалалардың мемлекеттік бас ветеринариялық инспекторлары, селолық округтердiң ветеринариялық инспекторлары, жергiлiктi атқарушы органдардың ветеринариялық мекемелерi мен ведомстволық ветеринариялық қызметтiң мемлекеттік ветеринариялық қадағалауды жүзеге асыруға өкiлеттiк берiлген ветеринариялық дәрiгерлер - айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға құқылы.
3. Ветеринарияны мемлекеттік басқару органдары лауазымды адамдарының:
1) өткізу орындарында - мал (соның iшiнде құс, балық және ара), азық-түлiк және мал өнiмдерi шикiзатын сатудың ветеринариялық-санитариялық ережелерiн бұзғаны үшiн;
2) темір жол, су жолы және әуе көлiгiнде, тас жолдар мен қара жолдарда, мал айдайтын жолдарда - малды (соның iшiнде құсты, балықты және араны), азық-түлiк пен мал өнiмдерi шикiзатын тасымалдаудың ветеринариялық-санитариялық ережелерiн, сондай-ақ мал айдау ережелерiн бұзғаны үшiн;
3) Мемлекеттік шекарада - Қазақстан Республикасының аумағын шет мемлекеттерден малдың (соның iшiнде құстың, балықтың және араның) жұқпалы ауруларының әкелiнуiнен қорғау жөніндегі ветеринариялық-санитариялық ережелердi бұзғаны үшiн айыппұлды сол жерде алуына болады.
559-бап және тақырыбы Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңымен енгізілген өзгерістермен.
560-бап. Өсiмдiктер карантинi жөніндегі уәкiлеттi орган
1. Өсiмдiктер карантинi жөніндегі уәкiлеттi орган мен оның жергiлiктi жерлердегi органдары осы Кодекстiң 307-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
өсiмдiктер карантинi жөніндегі республиканың Бас мемлекеттік инспекторы мен оның орынбасары азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi, лауазымды адамдарға - жиырмаға дейiнгi, заңды тұлғаларға екi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
өсiмдiктер карантинi жөніндегі бac мемлекеттік инспекторлар, өсiмдiк карантинi жөніндегі мемлекеттік инспекторлар облыстық және қалалық қызметтiң мемлекеттік инспекторлары азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi, лауазымды адамдарға - жиырмаға дейiнгi, заңды тұлғаларға жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
өсiмдiктер карантинi жөніндегі аудандық қызметтер, шекаралық пункттер мен посттардың мемлекеттік инспекторлары азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң екiге дейiнгi, лауазымды адамдарға - онға дейiнгi, заңды тұлғаларға елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға құқылы.
560-бап Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы № 506-ІІ Заңымен енгiзiлген өзгерістер және толықтырулармен; Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңымен енгізілген өзгеріспен.
560-1-бап. Тұқым шаруашылығы және астық рыногын реттеу саласындағы уәкiлеттi орган
1. Тұқым шаруашылығы және астық рыногын реттеу саласындағы уәкiлеттi орган мен оның аумақтық органдары осы Кодекстiң 309-1, 309-2 (бiрiншi - үшiншi бөлiктерiнде), 357-2 (бiрiншi бөлiгiнде) баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.