499-бап Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңының редакциясында.
500-бап. Телефон-автоматтарды бүлдiру
1. Телефон-автоматтарды қасақана бүлдiру, -
айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Он алты жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар жасаған нақ сол iс-әрекеттер, -
ата-аналарға немесе оларды алмастыратын адамдарға он айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
501-бап. Пошта төлемiнiң қолдан жасалған мемлекеттік белгiлерiн жасау немесе өткізу
Пошта төлемiнiң қолдан жасалған мемлекеттік белгiлерiн өткізу мақсатында жасау немесе өткізу, -
пошта төлемiнiң қолдан жасалған мемлекеттік белгiлерi, сондай-ақ оларды жасау құралдары тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң он бестен жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - отыздан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жетпiстен жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға екi жүзден екi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
501-бап Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңының редакциясында.
502-бап. Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 40-ІІІ Заңымен алынып тасталды.
28-тарау
Жалпыға бірдей әскери міндеттілік, әскери қызмет пен қорғаныс
саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар
503-бап. Бастапқы әскери есепке алынуға не шақыру учаскелерiне тiркелуге тиiс
азаматтардың тiзiмдерiн әскери комиссариатқа бермеу немесе уақтылы бермеу
Бастапқы әскери есепке алынуға не шақыру учаскелерiне тiркелуге тиiс азаматтардың тiзiмдерiн әскери комиссариатқа бермеу немесе уақтылы бермеу, -
меншiк нысанына қарамастан, ұйымдардың, оқу орындарының лауазымды адамдарына, сондай-ақ тұрғын үйлердi пайдалануды жүзеге асыратын ұйымдардың лауазымды адамдарына және үй иелерiне он айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
504-бап. Азаматтардың, лауазымды адамдардың және заңды тұлғалардың азаматтық
қорғаныс жөніндегі мiндеттердi орындамауы
Азаматтық қорғаныс саласындағы нормативтiк актiлердi орындамауға байланысты құқыққа қарсы әрекеттердi (әрекетсiздiктi) жүзеге асыру, -
азаматтар мен лауазымды адамдарға елу айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
505-бап. Әскери комиссариаттың шақыруы туралы азаматтарға хабарламау
Меншiк нысанына қарамастан, ұйым басшысының немесе азаматтарды әскери есепке алу жұмысына жауапты басқа да лауазымды адамының әскери комиссариаттың шақыруы туралы азаматтарға хабарламауы, сондай-ақ әскери комиссариаттың шақыруы бойынша азаматтарға дер кезiнде келу мүмкiндiгiн қамтамасыз етпеуi, -
он айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
506-бап. Әскери есепте тұрған немесе тұруға мiндеттi тұрғылықты азаматтар
құрамындағы өзгерістер туралы мәлiметтердi уақтылы бермеу
Әскери есепте тұрған немесе тұруға мiндеттi тұрақты тұрып жатқан азаматтар құрамындағы өзгерістер туралы мәлiметтердi әскери есеп жүргiзу жүктелген органдарға уақтылы бермеу, -
ұйымдардың басшыларына немесе ұйымдардағы әскери есепке алу жұмысына жауапты басқа да лауазымды адамдарға, сондай-ақ тұрғын үйлердi пайдалануды жүзеге асыратын ұйымдардың лауазымды адамдарына және үй иелерiне он айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
507-бап. Әскери мiндеттiлер, шақырылушылар мен азаматтар туралы мәлiметтердi
хабарламау
1. Медициналық-әлеуметтiк сараптама комиссиясы лауазымды адамының әскери есепте тұрған немесе тұруға мiндеттi азаматтардың мүгедек деп танылуы туралы әскери комиссариатқа белгiленген мерзiмде хабарламауы, -
он айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Азаматтық хал актілерін жазу органы лауазымды адамының әскери есепте тұрған немесе тұруға мiндеттi азаматтардың азаматтық хал актілерінiң жазбаларына өзгерістер енгiзiлгендiгi туралы әскери комиссариатқа белгiленген мерзiмде хабарламауы, -
он айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Меншiк нысанына қарамастан, ұйым басшысының немесе басқа лауазымды адамының жұмысқа (оқуға) қабылданған, тұрғылықты жерi бойынша әскери есепке тұруға мiндеттi, бiрақ тұрмаған азаматтар туралы әскери есепке алуды жүзеге асыратын органға хабарламауы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
508-бап. Азаматтардың әскери есепке алу жөніндегі мiндеттерiн орындамауы
Әскери есепте тұрған немесе тұруға мiндеттi азаматтың әскери комиссариаттың шақыруы бойынша белгiленген мерзiмде дәлелдi себепсiз келмеуi не әскери есептен шықпай басқа ауданға не қалаға (аудандарға бөлiнбейтiн) тұрақты немесе уақытша (үш айдан астам мерзiмге) тұрғылықты жерге (шетелге алты айдан астам мерзiмге) кетуi немесе әскери есепке тұрмай тұрақты немесе уақытша (үш айдан астам мерзiмге) тұрғылықты жерге (шетелден оралуы) келуi, сондай-ақ әскери есептi жүзеге асыратын органға өзiнiң отбасы жағдайының, аудан немесе қала (аудандарға бөлiнбейтiн) шегiнде тұрғылықты жерi, білімi, жұмыс орны мен лауазымы өзгергендiгi туралы дер кезiнде хабарламауы, -
ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң екiден бiр бөлiгiнен беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
509-бап. Медициналық тексеруден немесе жиындардан жалтару
1. Азаматтарды әскери есепке алу жөніндегі комиссияның немесе шақыру комиссиясының жолдамасы бойынша медициналық куәландырудан не тексеруден жалтару, -
әскери мiндеттiлерге айлық есептiк көрсеткiштiң - екiден бiр бөлiгiнен беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға, ал шақырылушыларға ескерту жасауға не үш айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Әскери мiндеттiлердiң әскери жиындардан жалтаруы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң екiден беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
510-бап. Әскери есепке алу құжаттарын қасақана бүлдiру немесе жоғалту
Әскери билеттi немесе әскери қызметке шақырылуға тиiс азаматтың басқа да әскери есепке алу құжаттарын қасақана бүлдiруi немесе жоюы, сондай-ақ әскери билеттiң немесе әскери қызметке шақырылуға тиiс азаматтың басқа да әскери есепке алу құжаттарының иесiнiң кiнәсiнен жоғалуы,-
ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң екiден бiр бөлiгiнен беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
511-бап. Әскери қызметке даярлықтан жалтару
Шақырылушылардың әскери комиссариаттардың жолдамасымен әскери-техникалық мамандықтар бойынша әскери қызметке даярлықтан жалтаруы немесе дәлелдi себептерсiз оқу ұйымдарының сабақтарына қатыспауы, -
ескерту жасауға немесе бiр айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
512-бап. Азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке заңсыз шақыру, оларды шақыруды
заңсыз кейiнге қалдыру
Азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке заңсыз шақыру не оларды шақыруды заңсыз кейiнге қалдыру, -
айлық есептiк көрсеткiштiң оннан он жетiге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
29-тарау
Мемлекеттік билік институттарына қолсұғатын
әкімшілік құқық бұзушылық
513-бап. Сотқа құрметтемеушiлiк бiлдiру
1. Куәнiң шақыру қағазы бойынша сотқа келуден дәлелдi себептерсiз жалтаруынан не процеске қатысушылардың және өзге де азаматтардың төрағалық етушiнiң өкіміне бағынбауынан көрiнген сотты құрметтемеушiлiк немесе сот мәжілісi кезiнде тәртiп бұзу, -
ескерту жасауға немесе он айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Куәнiң шақыру қағазы бойынша дәлелдi себептерсiз сотқа бiрнеше рет келмеуi, -
жиырма айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не он тәулiкке дейiн әкiмшiлiк қамауға әкеп соғады.
514-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша iс қарауға қатысушылардың
жауапкершiлiгi
Қаралатын iске қатысушының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарайтын органға (лауазымды адамға) келуден дәлелдi себепсiз бас тартуы не жалтаруы, яғни келмеуi, сөйтiп iс бойынша қарауды кейiнге қалдыруға себепшi болуы, -
он айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
514-1-бап. Алқабидiң мiндеттерiн атқару үшiн сотқа келмеу
Алқабидiң мiндеттерiн атқару үшiн азаматтың сотқа шақыру бойынша дәлелсiз себептермен келмеуi, -
азаматтарға ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
514-1-бап Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 16 қаңтардағы № 122-ІІІ Заңымен енгiзiлді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).
514-2-бап. Алқабилердің тiзiмдерiн жасау үшiн ақпаратты табыс етпеу
Алқабилердiң тiзiмдерiн жасау үшiн жергiлiктi атқарушы органдарға қажеттi ақпаратты табыс етпеу, сол сияқты дұрыс емес ақпарат табыс ету,-
жеке тұлғаларға ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткіштiң оннан он беске дейінгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
514-2-бап Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 16 қаңтардағы № 122-ІІІ Заңымен енгiзiлді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).
514-3-бап. Азаматқа алқаби мiндеттерiн атқаруға кедергі келтiру
Лауазымды адамның азаматқа алқаби мiндеттерiн атқаруға кедергi келтiруi, -
лауазымды адамдарға ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан отызға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
514-3-бап Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 16 қаңтардағы № 122-ІІІ Заңымен енгiзiлді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).
514-4-бап. Алқабилердің сот талқылауында iстi қарауға байланысты iс-әрекеттеріндегi
шектеулердi сақтамау
1. Сот талқылауында iстi қарауға байланысты алқабилердiң iс-әрекеттеріндегі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулердi сақтамау, -
азаматтарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Алқабидi iстi қарауға одан әрi қатысудан шеттетуге әкеп соқтырған нақ сол iс-әрекеттер, -
азаматтарға айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
514-4-бап Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 16 қаңтардағы № 122-ІІІ Заңымен енгiзiлді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).
515-бап. Куәнiң айғақ беруден бас тартуы немесе жалтаруы
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлеттi орган (лауазымды адам) куә ретiнде жауап алуға тиiс адамның айғақ беруден дәлелдi себептерсiз бас тартуы не жалтаруы, -
екi айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
516-бап. Куәнiң, жәбiрленушiнiң көрiнеу жалған айғақтары, сарапшының көрiнеу жалған
қорытындысы немесе қате аударма жасау
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қараған кезде және медициналық қызмет сараптамасын жүргiзу барысында органға (лауазымды адамға) куәнiң, жәбiрленушiнiң көрiнеу жалған айғақтар беруi, сарапшының көрiнеу жалған қорытынды беруi, сондай-ақ осындай жағдайларда аудармашының көрiнеу қате аударма жасауы, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi, лауазымды адамдарға оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Сарапшылар медициналық қызмет сараптамасын жүргiзу кезiнде әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасаған нақ сол әрекеттер, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi, лауазымды адамдарға жиырмадан отызға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Егер куә, жәбiрленушi, сарапшы немесе аудармашы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарау барысында ерiктi түрде, уәкiлеттi орган (лауазымды адам) iс бойынша шешiм шығарғанға дейiн өздерi берген айғақтардың, қорытындының жалғандығы, аударманың қате жасалғандығы туралы мәлiмдесе, олар әкiмшiлiк жауаптылықтан босатылады.
516-бап Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі № 171 Заңының редакциясында.
517-бап. Лауазымды адамның сараптама жүргiзу туралы қаулыны немесе тапсырманы
не маманды шақыру туралы талапты орындаудан бас тартуы немесе жалтаруы
Мемлекеттік қадағалау және бақылау органының қаулысы немесе тапсырмасы жiберiлген лауазымды адамның сараптама жүргiзуден не бақылау жүргiзуге, құжаттар ресiмдеу iсiн жүргiзуге, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзуге немесе оны қарауға қатысу үшiн маманды шақыру туралы талабынан не оларды орындаудан дәлелсiз себептермен бас тартуы немесе жалтаруы, -
жиырма айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
518-бап. Айыпталушының (сезiктiнiң) келетiндiгi туралы жеке кепiлгерлiктi бұзу
Айыпталушының (сезiктiнiң) анықтау iсiн жүргiзетiн адамға, тергеушiге немесе сотқа келетiндiгi туралы өздерi жазбаша кепiлгерлiк берген адамдардың оны бұзуы немесе орындамауы, айыпталушының (сезiктiнiң) тергеуден немесе соттан жалтаруына әкеп соқса, -
үш айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
519-бап. Кәмелетке толмаған айыпталушының (сезiктiнiң) келуiн қамтамасыз ету
туралы мiндеттеменi бұзу
Ата-ананың, қорғаншының, қамқоршының немесе арнаулы жабық балалар мекемесi әкiмшiлiгi өкiлiнiң қарамақтарына қарауға берiлген кәмелетке толмаған айыпталушының (сезiктiнiң) тергеушiге, анықтаушыға немесе сотқа келуiн қамтамасыз ету туралы өздерi жазбаша берген мiндеттемелерiн бұзуы, айыпталушының (сезiктiнiң) тергеуден және соттан жалтаруына әкеп соқса, -
бiр айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
520-бап. Соттың жеке ұйғарымы, қаулысы, прокурордың, тергеушiнiң немесе
анықтаушының ұсынысы бойынша шара қолданбау
Лауазымды адамның соттың жеке ұйғарымын, қаулысын, прокурордың, тергеушiнiң немесе анықтаушының ұсынысын қарамауы немесе оларда көрсетiлген заң бұзушылықты жоюға шара қолданбауы, сондай-ақ жекеше ұйғарымға, қаулыға немесе ұсынысқа дер кезiнде жауап қайтармауы, -
сегiз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
521-бап. Прокурорға, тергеушiге және анықтау органына, сот орындаушысына, сот
приставына келуден жалтару
Прокурордың, тергеушiнiң, анықтау органының шақыруы бойынша айғақтар беру үшiн сот орындаушысына, сот приставына сот актілерін, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi органдардың (лауазымды адамдардың) қаулыларын орындау мәселесi бойынша түсiнiк беру үшiн келуден жалтару, сондай-ақ айғақ беруден бас тарту немесе көрiнеу жалған айғақтар беру, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бiрден үшке дейiнгi, лауазымды адамдарға бестен онға дейiнгi дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
521-бап Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 22 маусымдағы № 147-ІІІ Заңымен енгізілген өзгерістермен.
521-1-бап. Прокурорға хабарламау немесе дер кезiнде хабарламау
Мемлекеттік органның заң актілеріне сәйкес хабарлау талап етiлетiн iс жүргiзу туралы прокурорға хабарламауы немесе дер кезiнде хабарламауы, -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
521-1-бап Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 9 тамыздағы № 346-II Заңымен енгiзiлдi.
522-бап. Прокурордың, тергеушiнiң, анықтаушының, сот приставының, сот
орындаушысының заңды қызметiне кедергi жасау
1. Прокурордың, тергеушiнiң, анықтаушының, сот приставының, сот орындаушысының заңды қызметiне, мемлекеттік органның меншiк нысанына қарамастан, ұйымның ғимаратына, үй-жайына немесе аумағына қызметтiк куәлiгiн көрсетуi бойынша кедергiсiз кiргiзуден, сондай-ақ қажеттi құжаттарды, материалдарды, статистикалық және өзге де мәлiметтердi табыс етуден, тексерулер, ревизиялар мен сараптамалар жүргiзуден, мамандар бөлуден бас тарту әрекетiнен көрiнетiн кедергi жасау, -
ескерту жасауға немесе лауазымды адамдарға жиырма айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Прокурордың, тергеушiнiң, анықтаушының, сот орындаушысының заңмен белгiленген негiзде және тәртiппен қойған талаптарын қасақана орындамау, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бiрден үшке дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға оннан елуге дейiнгi дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға, не он тәулiкке дейiн әкiмшiлiк қамауға әкеп соғады.
522-бап Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңымен енгізілген өзгеріспен; Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 22 маусымдағы № 147-ІІІ Заңымен енгізілген өзгеріс және толықтырумен.
523-бап. Адвокаттың заңды қызметiне кедергi жасау
Адвокаттың не адвокаттар алқасының, заң консультациясының, адвокат кеңсесiнiң заңды қызметiн жүзеге асыруға, олардың кәсiптiк мiндеттерiн атқару үшiн қажеттi құжаттарды, материалдарды немесе мәлiметтердi табыс етпеуден не жазбаша сауал салу бойынша заңдарда белгiленген мерзiмде табыс етуден бас тарту әрекетiнен көрiнген лауазымды адамның кедергi жасауы, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазалануға тиiс iс-әрекет белгiлерi болмаса, -
жиырма айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
524-бап. Сот актілерін, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi
органдардың (лауазымды адамдардың) қаулыларын орындамау
Сот актілерін, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi органдардың (лауазымды адамдардың) қаулыларының талаптарын орындаудан жалтару, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жазалануға тиiс әрекет белгiлерi болмаса,-
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi, ал лауазымды адамдарға жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға, не он тәулiкке дейiн әкiмшiлiк қамауға әкеп соғады.
524-бап Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңымен енгізілген өзгеріспен; бап жене тақырыбы Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 22 маусымдағы № 147-ІІІ Заңымен енгізілген өзгерістермен.
525-бап. Сот орындаушысының, сот приставының талабын орындамау
1. Лауазымды адамдар мен жеке тұлғалардың сот орындаушылары белгiлеген мерзiмде дәлелдi себептерсiз оларға борышкердiң жұмыс орны мен оның табыстары, соттың және басқа органдардың қаулысына сәйкес табысынан ұстап қалу iсiн жүргiзу және өндiрiп алынған соманы өндiрiп алушыға салып жiберу туралы, борышкердiң өзге жеке және заңды тұлғалардағы ақша сомасын және мүлкiн өндiрiп алу жөніндегі сот орындаушыларының талаптарын орындамауы, не борышкердiң жұмыстан босатылғандығы, оның жаңа жұмыс орны немесе тұрғылықты жерi туралы мәлiметтердi, егер оған бұлар туралы белгiлi болса, хабарламауы, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бiрден үшке дейiнгi, лауазымды адамдарға бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Сот орындаушысына борышкердiң табыстары мен мүлiктiк жағдайы туралы көрiнеу терiс мәлiметтер беру, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң үштен онға дейiнгi, лауазымды адамдарға оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Сот приставының заңды талаптарын орындамау, -
айлық есептiк көрсеткiштiң оннан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
525-бап Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ, 2006 жылғы 22 маусымдағы № 147-ІІІ Заңдарымен енгізілген өзгерістермен.
526-бап. Алимент өндiрiп алынатын адамның жұмыс орны мен тұрғылықты жерiнiң
өзгергендiгi туралы сот орындаушысына хабарламау
Сот қаулысы негiзiнде берiлген атқару құжаты бойынша балаларды, еңбекке жарамсыз ата-аналарды, жұбайын асырауға алимент ұстап қалу iсiн жүргiзетiн ұйымның лауазымды адамының дәлелсiз себептер бойынша бiр ай мерзiм iшiнде сот орындаушысына, алимент алушы адамға алимент төлейтiн адамның жұмыстан босатылғандығы туралы, сондай-ақ оның жаңа жұмыс орны мен тұрғылықты жерi туралы, егер бұл оған белгiлi болса, хабарламауы, -
он айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
527-бап. Лауазымды адамның атқару құжатын жоғалтқандығы үшiн жауапкершiлiгi
Ұйымның лауазымды адамының атқару үшiн өзiне берiлген атқару парағын немесе басқа атқару құжатын жоғалтуы, -
отыз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
528-бап. Сот орындаушысына, сот приставына соттар мен басқа да органдардың
қаулыларын орындауда кедергi жасау
Жеке тұлғалардың және меншiк нысанына қарамастан ұйымдардың лауазымды адамдарының сот орындаушысының, сот приставының мүлiктен өндiрiп алу жөніндегі әрекеттерiн (тiзiмдеу, бағалау, тыйым салу, саудаға салу) орындауға кедергi жасауы немесе осыған байланысты оның талаптарын орындаудан бас тартуы, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бiрден беске дейiнгi, лауазымды адамдарға оннан он беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не он тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.
528-бап Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ, 2006 жылғы 22 маусымдағы № 147-ІІІ Заңдарымен енгізілген өзгерістермен.
529-бап. Лауазымды адамды қорлау, зорлық әрекеттер жасау қатерiн төндiру
1. Мемлекеттік органның лауазымды адамын өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындау кезiнде қорлау, сондай-ақ оған қатысты зорлық әрекеттер жасау қатерiн төндiру, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жазалануға тиiс әрекет белгiлерi болмаса, -
жиырма бес айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -
елу айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не он бес тәулiкке дейiн әкiмшiлiк қамауға әкеп соғады.
529-бап Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңымен енгізілген өзгеріспен.
530-бап. Мемлекеттік наградаларды заңсыз тағып жүру
1. Қазақстан Республикасының, Қазақ КСР-iнiң, КСРО-ның ордендерiн, медальдарын, құрметтi атақтың кеудеге тағатын белгiсiн, айырым белгiсiн немесе ордендiк ленталар мен планкадағы медальдар ленталарын бұған құқығы жоқ адамның тағып жүруi, -
ескерту жасауға немесе Қазақстан Республикасының, Қазақ КСР-iнiң, КСРО-ның ордендерi, медальдары, құрметтi атақтың кеудеге тағатын белгiсi, айырым белгiсi немесе орден ленталары мен планкадағы медальдар ленталары тәркiленiп, айлық есептiк көрсеткiштiң бiрден үшке дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Қазақстан Республикасының, Қазақ КСР-iнiң, КСРО-ның ордендерiн, медальдарын, құрметтi атақтың кеудеге тағатын белгiсiн, айырым белгiсiн сатып алу, сату немесе өзге де өтемiн алып беру, -
белгiлер тәркiлене отырып, айлық есептiк көрсеткiштiң үштен беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Мемлекеттік наградаларға атауы ұқсас немесе сырттай ұқсастығы бар белгiлердi тағайындау немесе жасау, -
белгiлер тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң үштен беске дейiнгi, лауазымды адамдарға бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
530-бап Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңымен енгізілген өзгеріспен.
531-бап. Айырым белгiлерi, мемлекеттік әскерилендiрiлген ұйымдардың, құқық қорғау
немесе бақылаушы органдардың рәмiздерi бар нысанды киімдi заңсыз киiп жүру
1. Айырым белгiлерi, мемлекеттік әскерилендiрiлген ұйымдардың, құқық қорғау немесе бақылаушы органдардың рәмiздерi бар нысанды киімдi заңсыз киiп жүру, -