он айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
483-бап. Тракторларды, басқа да өздiгiнен жүретiн машиналар мен жабдықтарды
пайдалану ережелерiн бұзу
Осы Кодекстiң 246, 247, 461, 468, 470, 474, 475-баптарында көзделген ережелердi қоспағанда, тракторларды, өзге де өздiгiнен жүретiн машиналар мен жабдықтарды пайдалану ережелерiн бұзу,-
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бiрден үшке дейiнгi, тракторларды, өзге де өздiгiнен жүретiн машиналар мен жабдықтарды пайдалануға жауапты лауазымды адамдарға онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
483-бап Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңымен енгізілген өзгеріспен.
484-бап. Көлiк құралдарын жүргiзушi жеке тұлғалардың пайдалану және жол жүрiсi
ережелерiн үнемi бұзуы
1. Көлiк құралдарын пайдалану ережелерiн үнемi бұзу, яғни бiр жыл iшiнде осы Кодекстiң 246, 247, 461, 468, 470, 474, 475 және 483-баптарында көзделген бiрнеше құқық бұзушылықты жасау, -
айлық есептiк көрсеткiштiң үштен беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға немесе жеке тұлғаларды үш айдан алты айға дейiнгi мерзiмге көлiк құралдарын жүргiзу құқығынан айыруға және көлiк құралдарын пайдалануға жауапты лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң оннан отызға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Көлiк құралдарын жүргiзушi азаматтардың жол жүрiсi ережелерiн үнемi бұзуы, яғни бiр жыл iшiнде осы Кодекстiң 461, 462, 463, 464, 465, 466, 468, 469, 470 және 471-баптарында көзделген екi және одан да көп құқық бұзушылықты жасауы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң үштен беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға немесе азаматтарды үш айдан алты айға дейiнгi мерзiмге көлiк құралдарын жүргiзу құқығынан айыруға әкеп соғады.
484-бап Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 желтоқсандағы № 10-ІІІ Заңының редакциясында; бап және тақырыбы Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңымен енгізілген өзгерістермен.
485-бап. Жолдарды, темір жол өткелдерiн және басқа жол құрылыстарын бүлдiру
1. Жолдарды, темір жол өткелдерiн және жол қозғалысын реттейтiн басқа да құрылғыларды немесе техникалық құралдарды бүлдiру, соның iшiнде жол төсемесiн ластау не арнайы бөлiнген жерлерден тыс жерлермен және төсемесi жетiлдiрiлген жолдармен мал айдап өту арқылы бүлдiру, сондай-ақ түрлi құрылғылар орнату немесе жасыл екпелер отырғызу немесе оларды уақытында бұтамау салдарынан жол қозғалысын реттеу құралдарының көрiнуiн шектеу, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бiрден екiге дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жиырмадан отызға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, жол-көлiк оқиғасына әкеп соқтырып, жәбiрленушiнiң денсаулығына жеңiл зақым келтiрген, көлiк құралдарын, жүктердi немесе өзге мүлiктi бүлдiрген бұзушылықтар, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң үштен беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - елуге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға қырықтан жүзге дейiнгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
485-бап Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңымен енгізілген өзгерістермен.
486-бап. Жолдарды, темір жол өткелдерiн және басқа жол құрылыстарын күтiп-ұстау
ережелерiн бұзу
1. Жолдарда жұмыс жүргiзу, жолдарды, темір жол өткелдерi мен жол құрылғыларын күтiп-ұстау жөніндегі талаптарды, жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету ережелерiмен белгiленген өзге де талаптарды лауазымды адамдардың орындамауы, -
жолдардың, темір жол өткелдерiнiң, жол қозғалысын реттейтiн техникалық құралдардың және басқа жол құрылыстарының жай-күйiне жауапты лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң жетiден он беске дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жиырмадан отызға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, жол-көлiк оқиғасына әкеп соқтырып, жәбiрленушiнiң денсаулығына жеңiл зақым келтiрген, көлiк құралдарын, жүктердi, жолдарды, жол құрылыстарын және басқа құрылыстарды немесе өзге де мүлiктi бүлдiрген бұзушылық, сондай-ақ уәкiлеттi мемлекеттік органның жол жүрісін ұйымдастыруға немесе жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге қатысты нұсқамасын орындамау, -
жолдардың, темір жол өткелдерiнiң, жол қозғалысын реттейтiн техникалық құралдардың және басқа жол құрылыстарының жай-күйiне жауапты лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға отыздан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
486-бап Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңымен енгізілген өзгерістермен.
487-бап. Жерасты коммуникацияларының байқау құдықтарын күтiп-ұстау ережелерiн
жол қозғалысы қауiпсiздiгiне қатер төндiретiндей дәрежеде бұзу
1. Жерасты коммуникацияларының жолдардың жүретiн бөлiктеріндегі байқау құдықтарын күтiп-ұстау ережелерiн бұзу, сондай-ақ жолдың үстiне судың, техникалық сұйықтардың, будың шығып кетуiне және соның салдарынан жол бетiнiң бұзылуына, жол үстiне мұз қатуына, көрiну жағдайының шектелуiне және басқа кедергiлерге әкеп соқтыратын жер асты коммуникацияларының ақауларын жоюға шаралар қолданбау, -
жерасты коммуникацияларының күтiп-ұсталуына жауапты лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға отызға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Жол-көлiк оқиғасына әкеп соқтырып, адамдардың денсаулығына жеңiл зақым келтiрген, көлiк құралдарын, жүктердi және өзге де мүлiктi бүлдiрген нақ сол бұзушылық, -
жерасты коммуникацияларының күтiп-ұсталуына жауапты лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға қырық айлық есептік көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
487-бап Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңымен енгізілген өзгерістермен.
488-бап. Автомобиль жолдарына бөлiнген белдеудi қорғау мен пайдалану ережелерiн бұзу
1. Белгiленген тәртiппен келісіп алмай автомобиль жолдарына бөлiнген белдеуде жер резервтерiн жырту, екпелердi шабу, түбiрiмен қопару және бүлдiру, жердiң шымын және топырағын алу, материалдар мен жүк жинау, топографиялық және басқа жұмыстарды жүргiзу, жол қиылыстары мен кiрме жолдарды жабдықтау, ғимараттар, жер асты және жер үстi құрылыстары мен коммуникацияларын салу, жарнама және өзге ақпарат орнату, сондай-ақ бөлiнген белдеу шегiнде белгiленгеннен тыс жерде от жағу, мал жаю, қоқыс пен қар төгу, сауда жасау, жолдың су ағар жүйесiне канализациялық, өнеркәсiптiк, мелиорациялық және сарқынды суларды жiберу не жол жиегiн арық ретiнде пайдалану, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бiрден үшке дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - отызға дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға елуге дейiнгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, жол-көлiк оқиғасына әкеп соқтырып, адамдарға жеңiл дене жарақатын түсiрген көлiк құралдарын немесе өзге де мүлiктi бүлдiрген, не осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған бұзушылық, -
жеке тұлғаларға - бес, лауазымды адамдарға, жеке кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
488-бап Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңымен енгізілген өзгерістермен.
489-бап. Жер пайдаланушылардың автомобиль жолдарын және жол құрылғыларын
пайдалану мен қорғау ережелерiн бұзуы
Жаяу жүретiн жолдар мен өткел (өтетiн) көпiршелердi, автомобиль жолдарын су басып кетуiне және автомобиль жолдарына бөлiнген белдеуге iргелес жер пайдаланушыларға бекiтіліп берiлген учаскелердегi бөлiнген белдеудiң батпақтануына жол беретiн суғару жүйелерiн орналастыру, жөндеу және ұдайы тазалап отыру жөніндегі мiндеттердi, сондай-ақ осы пайдаланушыларға бекiтіліп берiлген учаскелерден шығатын жолдарды немесе өткел көпiршелердi қоса алғанда, ортақ пайдаланудағы автомобиль жолдарына кiрме жолдарды техникалық жағынан жарамды қалпында және таза етiп күтiп-ұстау жөніндегі мiндеттердi орындамау, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бiрден үшке дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға отызға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
489-бап Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңымен енгізілген өзгеріспен.
490-бап. Магистральдық құбырларды қорғау ережелерiн бұзу
Магистральдық құбырларды қорғау ережелерiн бұзу, -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бiрге дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға отызға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
490-бап Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңының редакциясында.
491-бап. Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңымен алынып тасталды.
492-бап. Электр байланыс желiлерiне қосылатын құрылғыларды (жабдықтарды) заңсыз
қосу
1. Электр байланысы желiлерiне қосылатын құрылғыларды (жабдықтарды) заңсыз қосу, -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -
қосылатын құрылғыларды (жабдықтарды) тәркiлей отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - алпысқа дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Қосылатын құрылғылар (жабдықтар) деп желiлерге қосылатын және абоненттердiң пайдалануындағы абоненттер байланыс арналары арқылы жiберген ақпаратты беру және қабылдау үшiн электр және радио- байланысы дыбыстарын қалыптастыратын техникалық құралдар (радиотрансляциялық нүктелер, телефон аппараттары, телефакстер, деректердi беру құрылғылары, әртүрлi телематикалық қызметтердiң қосылатын құрылғылары, кәбiлдiк теледидар құрал-жабдығы, телефон арнасының ұзартқыштары, радиотелефондар және басқалар) түсiнiледi.
492-бап Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы № 506-ІІ Заңымен енгiзiлген өзгерiс және толықтырулармен; бап және тақырыбы Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңымен енгізілген өзгерістер және толықтырумен.
493-бап. Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңымен алынып тасталды.
494-бап. Радиоэлектрондық құралдарды немесе жоғары жиiлiктi құрылғыларды тiркеу
және пайдалану, сондай-ақ радиожиiлiктердi пайдалану ережелерiн бұзу және
арнайы рұқсат алмай радиоэлектрондық құралдарды немесе жоғары жиiлiктi
құрылғыларды шет елдерден әкелу
1. Радиоэлектрондық құралдарды немесе жоғары жиiлiктi құрылғыларды тiркеу және пайдалану, сондай-ақ радиожиiлiктердi пайдалану ережелерiн бұзу және арнайы рұқсат алмай радиоэлектрондық құралдарды немесе жоғары жиілікті құрылғыларды шет елдерден әкелу, -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - бес, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға сексен айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -
радиоэлектрондық құралдар немесе жоғары жиiлiктi құрылғылар тәркiлене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертулер.
1. Осы Кодексте радиоэлектрондық құралдар деп бiр не бiрнеше радиотаратушы не радиоқабылдағыш құрылғылардан немесе олардың құрамаларынан және радиотолқындарды таратуға және қабылдауға арналған көмекшi жабдықтан тұратын техникалық құралдар түсiнiледi.
2. Осы Кодексте жоғары жиiлiктi құрылғылар деп, электр байланысы саласында қолдануды қоспағанда, радиожиiлiк энергиясын өнеркәсiптiк, ғылыми, медициналық, тұрмыстық мақсаттарда жинақтап таратуға және жергiлiктi пайдалануға арналған жабдық немесе аспаптар түсiнiледi.
494-бап Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңының редакциясында.
495-бап. Байланыс желiлерi мен байланыс құрылыстарын қорғау ережелерiн бұзу
1. Байланыс желiлерi мен байланыс құрылыстарын қорғау ережелерiн бұзу, егер бұл бұзу байланыстың тоқтауын туғызбаса, -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - қырыққа дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Байланыс желiлерi мен байланыс құрылыстарын қорғау ережелерiн бұзу, егер бұл бұзу байланыстың тоқтауын туғызса, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жетпiске дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
495-бап Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңымен енгізілген өзгерістермен.
496-бап. Сертификатталмаған байланыс құралдарын пайдалану және
сертификатталмаған байланыс қызметiн көрсету
1. Байланыс желiлерiнде сертификатталмаған байланыс құралдарын пайдалану не сертификатталмаған байланыс қызметiн көрсету, егер мұндай қызметтер сертификаттауға жататын болса, -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң үштен беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - алпыстан жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға екi жүзден екi жүз елуге дейiнгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет, -
сертификатталмаған байланыс құралдарын тәркiлей отырып немесе онсыз, ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - жиырмадан отызға дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз жиырмадан жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға екi жүз елуден үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
496-бап Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңының редакциясында.
497-бап. Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңымен алынып тасталды.
497-1-бап. Ақпараттық ресурстарды қорғау құралдарын пайдалану жөніндегі
талаптарды бұзу
Ақпараттық ресурстарды қорғау құралдарын пайдалану жөніндегі талаптарды бұзу, -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан отызға дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға елуден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
497-1-бап Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңының редакциясында.
497-2-бап. Қазақстан Республикасының электрондық құжаттар және электрондық
цифрлық қолтаңба туралы заңдарын бұзу
1. Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заң актісінде көзделген міндеттерді куәландырушы орталықтың орындамауы,-
айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заң актісінде көзделген міндеттерді тіркеу куәлігі иесінің орындамауы,-
айлық есептік көрсеткіштің бестен елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Басқа тұлғаның жабық кілтін заңсыз алу және (немесе) электрондық цифрлық қолтаңбасын заңсыз пайдалану,-
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға елуден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заң актісінде көзделген міндеттерді электрондық құжат айналымы жүйесіне қатысушылардың орындамауы,-
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға елуден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
497-2-бап Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 каңтардағы № 372-II Заңымен енгiзiлдi; Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңымен енгізілген өзгерістермен.
497-3-бап. Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңдарын бұзу
Жеке және заңды тұлғалар туралы жасырын мәліметтері бар ақпараттық ресурстарды оларға мүліктік және моральдық зиян келтіру, олардың Қазақстан Республикасының заң актілерінде кепілдік берілген құқықтары мен бостандықтарын іске асыруын шектеу мақсатында пайдалану,-
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға елуден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
497-3-бап Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы № 372-II Заңымен енгiзiлдi; Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңымен енгізілген өзгеріспен.
498-бап. Мемлекеттік стандарттарға немесе жол берiлетiн радиокедергi деңгейi
нормаларына сәйкес келмейтiн техникалық құралдарды жасау, өткізу немесе пайдалану
1. Қолданылып жүрген мемлекеттік стандарттарға немесе жол берiлетiн индустриялдық радиокедергi деңгейi нормаларына сәйкес келмейтiн техникалық құралдарды жасау, өткізу немесе пайдалану, -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң екiден беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жүз елуден екi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -
ескерту жасауға немесе техникалық құралдары тәркiлене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң жетiден онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - жиырмадан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға екi жүз елуден үш жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Теле- және радиоқабылдағышқа индустриялдық кедергi жасайтын техникалық құрал деп электротехника, радиотехника және (немесе) электроника заңдары негiзiнде жұмыс iстейтiн және құрамында электрондық бөлшектерi және (немесе) схемасы бар кез келген техникалық бұйымдар, жабдықтар, аппаратура және (немесе) олардың құрамдас бөлiктерi түсiнiледi.
498-бап Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңымен енгізілген өзгерістермен.
499-бап. Байланыс құрылыстарын заңсыз салу
Байланыс құрылыстарын арнайы рұқсат алмай салу, -
лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жетпiстен жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға екi жүзден екi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.