2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға аумақтық органдардың бастықтары мен олардың орынбасарлары құқылы.
560-1-бап Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы № 506-ІІ Заңымен енгiзiлдi; Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңымен енгізілген өзгеріспен.
560-2-бап. Өсiмдiк қорғау саласындағы уәкiлеттi орган
1. Өсiмдiк қорғау саласындағы уәкiлеттi орган және оның жергiлiктi жерлердегi бөлiмшелерi осы Кодекстiң 220, 294, 309-3, 357-2 (бiрiншi бөлiгiнде) баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
Қазақстан Республикасының өсiмдiк қорғау жөніндегі Бас мемлекеттік инспекторы - жеке тұлғаларға айлық есептік көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - алпысқа дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң өсiмдiк қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторлары - жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
өсiмдiк қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлар - жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - онға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға құқылы.
560-2-бап Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы № 506-ІІ Заңымен енгiзiлдi; Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңымен енгізілген өзгерістермен.
561-бап. Су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi органдар
1. Су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi органдар осы Кодекстiң 121, 124 (екiншi бөлiгiнде), 276, 277, 278 (екiншi бөлiгiнде), 279-281-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
суды пайдалануды реттеу және суды қорғау жөніндегі мемлекеттік Бас инспектор мен оның орынбасарлары, суды пайдалануды реттеу және суды қорғау жөніндегі мемлекеттік бас бассейн (аумақтық) инспекторлары мен олардың орынбасарлары жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi, лауазымды адамдарға - жүзге дейiнгi, заңды тұлғаларға бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
суды пайдалануды реттеу және суды қорғау жөніндегі аға мемлекеттік инспекторлар; су қорын пайдалану және қорғау саласындағы аумақтық өндiрiстiк геология бiрлестiктерiнiң бастықтары жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi, лауазымды адамдарға - жиырма беске дейiнгi, заңды тұлғаларға жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
суды пайдалануды реттеу және суды қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлар жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi, лауазымды адамдарға - он беске дейiнгi, заңды тұлғаларға елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға құқылы.
561-бап Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы № 506-ІІ Заңымен енгiзiлген өзгерістермен;бап және тақырыбы Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңымен енгізілген өзгерістер және толықтырумен.
562-бап. Орман, балық және аңшылық шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органдар
1. Орман, балық және аңшылық шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органдар осы Кодекстiң 121, 125, 126, 250, 252, 282, 283 (екiншi бөлiгiнде), 284-297, 298 (бiрiншi бөлiгiнде), 298-1 (бiрiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 299, 300, 304 (бiрiншi бөлiгiнде), 305 (бiрiншi бөлiгiнде), 306 (бiрiншi бөлiгiнде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Орман, балық және аңшылық шаруашылығы саласындағы органдардың атынан әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
1) осы Кодекстiң 121, 125, 126, 250, 252, 282, 283 (екiншi бөлiгiнде), 284-297, 298 (бiрiншi бөлiгiнде), 298-1 (бiрiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 299, 300, 304 (бiрiншi бөлiгiнде), 305 (бiрiншi бөлiгiнде), 306 (бiрiншi бөлiгiнде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн - Қазақстан Республикасының орман, балық және аңшылық шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органдары мен олардың аумақтық органдарының лауазымды адамдары;
2) осы Кодекстiң 121, 250, 252, 282, 283 (екiншi бөлiгінде), 284-291, 294, 296, 297, 298 (бiрiншi бөлiгiнде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн - орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінің басшылары, басшыларының орынбасарлары;
3) осы Кодекстiң 121, 126, 250, 252, 283 (екiншi бөлiгiнде), 284 (үшiншi бөлiгiнде), 285 (екiншi бөлiгiнде), 286 (екiншi бөлiгiнде), 287 (төртiншi бөлiгiнде), 289 (төртiншi бөлiгiнде), 290 (екiншi бөлiгiнде), 291 (екiншi бөлiгiнде), 294 (екiншi бөлiгiнде), 296-1, 297, 298 (бiрiншi бөлiгiнде), 298-1 (бiрiншi және үшiншi бөлiктерiнде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн - мемлекеттік мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған ерекше қорғалатын табиғи аумақтары күзет қызметiнiң басшылары, басшыларының орынбасарлары, бастықтары құқылы.
562-бап Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы № 506-ІІ Заңының редакциясында; Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 10 қаңтардағы № 116-ІІІ Заңымен енгiзiлген өзгеріспен; Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңымен енгізілген толықтырулармен.
563-бап. Жердi пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдар
1. Жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган және оның аумақтық органдары осы Кодекстiң 118, 120, 121, 250-258, 357-2 (бiрiншi бөлiгiнде) баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жаза қолдануға:
Қазақстан Республикасының жер ресурстарын басқару жөніндегі мемлекеттік бас инспекторы жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң қырыққа дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға; жердi пайдалану және қорғау жөніндегі аумақтық мемлекеттік бас инспекторлардың ұсынуы бойынша әкiмшiлiк құқық бұзушылық iсi бойынша барлық хаттамалар мен қаулыларды бекітуге;
тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң жер ресурстарын басқару жөніндегі мемлекеттік бас инспекторлары жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
жер ресурстарын басқару жөніндегі мемлекеттік инспекторлар жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - он беске дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға құқылы.
563-бап Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңының редакциясында.
563-1-бап. Инвестициялар жөніндегі уәкiлеттi орган
1. Инвестициялар жөніндегі уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 134-1-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жаза қолдануға инвестициялар жөніндегі уәкiлеттi органның басшысы мен оның орынбасарлары құқылы.
563-1-бап Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 4 мамырдағы № 48-ІІІ Заңымен енгiзiлдi.
564-бап. Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы № 506-ІІ Заңымен алынып тасталды.
565-бап. Монополияға қарсы орган
1. Монополияға қарсы орган осы Кодекстiң 147, 147-2, 147-3, 147-4-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Монополияға қарсы органның басшысы мен оның орынбасарлары, сондай-ақ монополияға қарсы органның аумақтық бөлiмшелерiнiң басшылары мен олардың орынбасарлары әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жаза қолдануға құқылы.
565-бап Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі № 174 Заңының редакциясында.
565-1-бап. Табиғи монополиялар саласындағы қызметтi бақылауды және реттеудi жүзеге
асыратын уәкiлеттi орган
1. Табиғи монополиялар саласындағы қызметтi бақылауды және реттеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 147-5-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Табиғи монополиялар саласындағы қызметтi бақылауды және реттеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi органның басшысы мен оның орынбасарлары, сондай-ақ табиғи монополиялар саласындағы қызметтi бақылауды және реттеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi органның аумақтық органдарының басшылары мен олардың орынбасарлары әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жаза қолдануға құқылы.
565-1-бап Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі № 174 Заңымен енгізілді.
565-2-бап. Мемлекеттік монополия саласына жатқызылған қызметтi бақылауды және
реттеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi орган
Мемлекеттік монополия саласына жатқызылған қызметтi бақылауды және реттеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 147-1-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
Мемлекеттік монополия саласына жатқызылған қызметтi бақылауды және реттеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi органның басшысы мен оның орынбасарлары, сондай-ақ мемлекеттік монополия саласына жатқызылған қызметтi бақылауды және реттеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi органның аумақтық органдарының басшылары мен олардың орынбасарлары әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жаза қолдануға құқылы.
565-2-бап Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі № 174 Заңымен енгізілді.
566-бап. Техникалық реттеу және өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласында мемлекеттік
бақылауды жүзеге асыратын органдар
1. Техникалық реттеу және өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдар осы Кодекстiң 161 (бiрiншi бөлiгiнде), 164, 317, 357-2 (бiрiншi бөлiгiнде), 496 (бiрiншi бөлiгiнде), 498 (бiрiншi бөлiгiнде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Қазақстан Республикасының стандарттар мен өлшем құралдарын қадағалау жөніндегі мемлекеттік Бас инспекторы мен оның орынбасарлары; облыстардың және қалалардың стандарттар мен өлшем құралдарын бақылау жөніндегі мемлекеттік бас инспекторлары әкiмшiлiк жазалар қолдануға құқылы.
566-бап Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы № 506-ІІ Заңымен енгiзiлген өзгерiспен; бап және тақырыбы Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңымен енгізілген өзгерістермен.
567-бап. Ауылшаруашылық техникасын тiркеу жөніндегі уәкiлеттi орган
1. Ауылшаруашылық техникасын тiркеу жөніндегі уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 461-бабының (бiрiншi, екiншi және төртiншi бөлiктерiнде) (тракторлар, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары жүргiзушiлерiнiң жасаған құқық бұзушылығы бөлiгiнде), ауылшаруашылық техникасын, тракторларды, өзге де өздiгiнен жүретiн машиналар мен жабдықтарды тiркеу жөніндегі қадағалаушы уәкiлеттi органдарға қатысты бөлiгiнде 468 (бiрiншi бөлiгiнде), 470, 474, 475, 483-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Ауылшаруашылық техникасын тiркеу жөніндегі аудандық және облыстық уәкiлеттi органдардың инженер-инспекторлары ауылшаруашылық техникасын тiркеу жөніндегі уәкiлеттi органның атынан әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға құқылы.
567-1-бап. Өсімдік шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган
1. Өсімдік шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган осы Кодекстің 175-бабында (екінші бөлігінде) (өсімдік шаруашылығы өнімін өндірушілер жасаған құқық бұзушылық бөлігінде) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жаза қолдануға өсімдік шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның басшысы және оның орынбасарлары, аумақтық органдардың басшылары және олардың орынбасарлары құқылы.
567-1-бап Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 3 маусымдағы № 428-II Заңымен енгiзiлдi.
568-бап. Объектілерді салу сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге
асыратын органдар
1. Объектілерді салу сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын органдар осы Кодекстiң 130, 230, 231 (бiрiншi бөлiгiнде), 234, 235 (бiрiншi бөлiгiнде), 236, 238, 239, 278 (екiншi бөлiгiнде), 291, 357-2 (бiрiншi бөлiгiнде), 387, 499-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік инспекторы, оның орынбасарлары, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) бас мемлекеттік инспекторлары құқылы.
568-бап Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 21 қазандағы № 80-ІІІ Заңының редакциясында; бап және тақырыбы Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 10 қаңтардағы № 116-ІІІ Заңымен енгізілген өзгерістермен; Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңымен енгізілген өзгеріс және толықтырумен.
569-бап. Статистика органдары
1. Статистика органдары осы Кодекстiң 381-384-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға облыстардың (Астана, Алматы қалаларының) статистика жөніндегі басқармаларының басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.
569-бап Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы № 506-ІІ Заңының редакциясында.
570-бап. Салық қызметi органдары
1. Салық органдары осы Кодекстiң 88 (үшiншi, төртiншi бөлiктерiнде), 88-1 (екiншi бөлiгiнде), 205-1, 206, 207, 208-1, 209-212, 215-219, 357-2 (бiрiншi бөлiгiнде), 358, 358-1, 360-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Салық қызметiнiң басшылары мен олардың орынбасарлары әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға құқылы.
570-бап Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 наурыздағы № 394-II Заңымен енгiзiлген толықтырумен; Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы № 506-ІI Заңымен енгiзiлген өзгерiспен; Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 8 сәуірдегі № 542-ІІ Заңымен енгiзiлген толықтырумен; Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 13 желтоқсандағы № 11-ІІІ, 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңдарымен енгізілген өзгерістермен.
570-1-бап. Қаржы полициясы органдары
1. Қаржы полициясы органдары осы Кодекстiң 140 (бiрiншi бөлiгiнде), 141, 145, 159 (бiрiншi бөлiгiнде), 161 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 161-1, 164, 165, 169-1, 176 (бiрiншi бөлiгiнде), 207, 212, 215, 358-361-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға қаржы полициясы органының басшысы мен оның орынбасарлары, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, Қазақстан Республикасы астанасының, аймақаралық, аудандық, қалалық, қалалардағы аудандық қаржы полициясы органдарының және қаржы полициясының арнаулы бөлiмшелерiнiң басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.
570-1-бап Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 шiлдедегi № 240-II Заңымен енгiзiлдi; Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы № 506-ІІ Заңының редакциясында; Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 желтоқсандағы № 10-ІІІ, 2005 жылғы 21 қазандағы № 80-ІІІ Заңдарымен енгiзiлген толықтырулармен; Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңымен енгізілген өзгерістермен.
571-бап. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң органдары
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң органдары осы Кодекстiң 176 (екiншi бөлiгiнде), 177, 177-1, 177-1, 177-2, 177-3, 177-4, 178, 184-1, 184-2, 185-187, 204, 357-2 (бiрiншi бөлiгiнде) баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
1) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы № 506-ІІ Заңымен алынып тасталды;
2) осы Кодекстiң 176 (екiншi бөлiгінде), 177, 177-1, 177-1, 177-2, 177-3, 177-4, 178, 184-1, 184-2, 185-187, 204, 357-2 (бiрiншi бөлiгiнде) баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн - Қазақстан Республикасының Қаржы министрi мен оның орынбасарлары, мемлекеттік қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органның басшысы мен оның орынбасарлары, аумақтық органдардың басшылары құқылы.
3) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы № 506-ІІ Заңымен алынып тасталды.
571-бап Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы № 506-ІІ Заңымен енгiзiлген өзгерістер және толықтырумен; Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 21 қазандағы № 80-ІІІ Заңымен енгізілген толықтырумен; Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңымен енгізілген өзгерістер және толықтырулармен; Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 мамырдағы № 139-ІІІ, 2006 жылғы 5 шілдедегі № 165-ІІІ, 2006 жылғы 7 шілдедегі № 171-ІІІ Заңдарымен енгізілген толықтырулармен.
571-1-бап. Мемлекеттік сатып алу процесiн реттеу жөніндегі уәкiлеттi орган
1. Мемлекеттік сатып алу процесiн реттеу жөніндегі уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 167-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жаза қолдануға мемлекеттік сатып алу процесiн реттеу жөніндегі уәкiлеттi органның басшысы мен оның орынбасарлары, аумақтық бөлiмшелердiң басшылары құқылы.
571-1-бап Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы № 506-ІІ Заңымен енгiзiлдi; Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 21 қазандағы № 80-ІІІ Заңымен енгізілген толықтырумен.
572-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің органдары
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің органдары осы Кодекстiң 166-1, 168, 168-2 (екiншi, 4-1, бесiншi, жетiншi және сегiзiншi бөлiктер - валюталық бақылау мәселелерi бойынша, оныншы және он бiрiншi бөлiктер), 169, 180-182, 187 (екiншi бөлiгiнде), 189, 218 (валюталық бақылау мәселелерi бойынша), 357-2 (бiрiншi бөлiгiнде) баптарында, сондай-ақ мемлекеттік статистикалық есеп беру мен бақылаудың, жиналуы мен өңделуi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк органдарының құзыретiне кiретiн деректерi бөлiгiнде 381-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы, оның орынбасарлары, аумақтық филиалдардың басшылары әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жаза қолдануға құқылы.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi органдарының, сондай-ақ оның әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалғандығы туралы хаттама жасауға құқығы бар қызметкерлерiнiң өкiлеттiктерi осы Кодекске сәйкес айқындалады.
572-бап Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 28 наурыздағы № 398-II Заңымен енгiзiлген өзгерiспен; Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 10 шiлдедегi № 483-II, 2003 жылғы 5 желтоқсандағы № 506-ІІ, 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңдарымен енгiзiлген өзгерістер және толықтырулармен.
573-бап. Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкiлеттi орган
1. Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 88 (бiрiншi бөлiк), 139 (бiрiншi бөлiк), 158-1, 167-1 (бірінші бөлігі), 168-2 (бiрiншi - тоғызыншы бөлiктер), 170-174, 175 (бiрiншi бөлiк), 175-1, 175-2, 191, 193, 194-1, 195, 195-1, 196, 196-1, 197-1, 198, 201, 201-1, 218, 357-2 (бiрiншi бөлiгiнде) баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк айыппұл салуға қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкiлеттi органның бiрiншi басшысы және оның орынбасарлары құқылы.
573-бап Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 10 шiлдедегi № 483-II Заңының редакциясында; Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шiлдедегi № 572-ІІ Заңымен енгiзiлген толықтырумен; бап және тақырыбы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 72-ІІІ Заңымен енгізілген өзгерістер және толықтырулармен; Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 23 желтоқсандағы № 107-ІІІ Заңымен енгiзiлген толықтырумен; Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңымен енгізілген өзгеріс және толықтырулармен.
574-бап. Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтiк қорғау органдары
1. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінiң органдары осы Кодекстiң 88 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 88-1 (бiрiншi бөлiгiнде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрінің орынбасарлары, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі аумақтық органдарының басшылары, олардың орынбасарлары, аудандық халықты әлеуметтiк қорғау бөлiмдерiнiң бастықтары әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк айыппұл салуға құқылы.
574-бап Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 наурыздағы № 394-II, 2003 жылғы 5 желтоқсандағы № 506-ІІ, 2004 жылғы 8 сәуірдегі № 542-ІІ Заңдарымен енгiзiлген өзгерістермен.
574-1-бап. Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 10 шiлдедегi № 483-II Заңымен алынып тасталды.
575-бап. Шекара қызметiнiң органдары
1. Шекара қызметiнiң органдары осы Кодекстiң 298 (бiрiншi бөлiгiнде), 306 (бiрiншi бөлiгiнде), 389, 390, 391 (бiрiншi бөлiгiнде), 391-1 (бiрiншi және екiншi бөліктерiнде), 392, 394 (бiрiншi бөлiгiнде), 396 (бiрiншi бөлiгiнде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және Қазақстан Республикасы шекара қызметi органдарының атынан әкiмшiлiк жаза қолдануға:
шекара қызметiнiң басшысы мен оның орынбасарлары, аймақтық басқармалардың, бiрлестiктердiң басшылары және олардың орынбасарлары жеке тұлғаларға - ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi, лауазымды адамдарға - елуге дейiнгi, заңды тұлғаларға екi мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
шекара отрядтарының бастықтары, шекаралық бақылаудың әскери бөлiмдерiнiң, әскери теңiз бөлiмдерiнiң командирлерi мен олардың орынбасарлары жеке тұлғаларға - ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi, лауазымды адамдарға жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету жөнiнде қызмет атқаратын шекара корабльдерiнiң (катерлерiнiң) командирлерi жеке тұлғаларға ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң үшке дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға құқылы.