айлық есептiк көрсеткiштiң екiден беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға немесе алты айға дейiнгi мерзiмге көлiк құралын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.
467-бап. Жүргiзушiнiң мас күйiнде көлiк құралын басқаруы, сондай-ақ көлiк құралын
басқаруды мас күйіндегі адамға беруi
1. Жүргiзушiнiң алкогольмен, есiрткiмен, уытқұмарлықпен масаю күйiнде көлiк құралын басқаруы, не көлiк құралын басқаруды алкогольмен, есiрткiмен, уытқұмарлықпен масаю күйіндегі адамға беру, -
айлық есептiк көрсеткiштiң оннан он беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға немесе алты айдан бiр жылға дейiнгi мерзiмге көлiк құралын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.
2. Авариялық ахуал туғызуға әкеп соқтырған нақ сол iс-әрекеттер, -
айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға немесе бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге көлiк құралын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.
3. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, жәбiрленушiнiң денсаулығына қылмыстық жазалау әрекетiнiң белгiлерi жоқ зақым келтiруге немесе көлiк құралдарын, жүктердi, жол құрылыстары мен өзге де құрылыстарды немесе өзге мүлiктi бүлдiруге әкеп соқтырған әрекеттер жасау, -
айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға немесе екi жылға дейiнгi мерзiмге көлiк құралын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.
4. Көлiк құралдарын басқару құқығы жоқ адамдардың осы баптың бiрiншi, екiншi, үшiншi бөлiктерiнде көзделген iс-әрекеттердi жасауы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң оннан он беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Жүргiзушiнiң бiр жыл iшiнде бiрнеше рет алкогольмен, есiрткiмен, уытқұмарлықпен масаю күйiнде көлiк құралын басқаруы, не көлiк құралын алкогольмен, есiрткiмен, уытқұмарлықпен масайған күйдегi адамға басқаруға беру, -
айлық есептiк көрсеткiштiң оннан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға немесе бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге көлiк құралын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.
6. Көлiк құралын басқару құқығы жоқ адамның осы баптың бiрiншi, екiншi, үшiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттердi бiр жыл iшiнде бiрнеше рет жасауы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң оннан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Жүргiзушiнiң масаю (алкогольмен, есiрткiмен, уытқұмарлықпен) күйiнде болуы белгiленген тәртiппен өткiзiлетiн медициналық куәландыру арқылы анықталады.
467-бап Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 желтоқсандағы № 10-ІІІ Заңымен енгiзiлген өзгерістермен; Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңымен енгізілген өзгеріс және толықтырумен.
467-1-бап. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды
көрсетілген тасымалдау бағыттарына қызмет көрсету құқығын растайтын
тиісті куәліксіз жүзеге асыру
1. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды көрсетілген тасымалдау бағыттарына қызмет көрсету құқығын растайтын тиісті куәліксіз жүзеге асыру, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң үштен беске дейiнгi мөлшерiнде, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - бестен он беске дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға он бестен жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -
дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң он бестен отызға дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жиырма бестен елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
467-1-бап Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 3 шiлдедегi № 464-II Заңымен енгiзiлдi; Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңымен енгізілген өзгерістермен.
468-бап. Көлiк құралдарын жүргiзушiлердiң жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз
етудiң белгiленген ережелерiн адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк
құралдарының немесе өзге де мүлiктiң зақымдануына әкеп соқтыратындай
дәрежеде бұзуы
1. Көлiк құралдарын жүргiзушiлердiң жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген ережелерiн көлiк құралдарының, жүктердiң, жолдардың, жол құрылыстарының және басқа құрылыстардың немесе өзге де мүлiктiң бүлiнуiне әкеп соқтыратындай дәрежеде материалдық залал келтiрiп бұзуы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң үштен алтыға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға немесе алты айдан бiр жылға дейiнгi мерзiмге көлiк құралын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.
2. Жәбiрленушiнiң денсаулығына қылмыстық жазалау әрекетiнiң белгiлерi жоқ зақым келтiрген нақ сол iс-әрекеттер, -
айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға немесе алты айдан бiр жылға дейiнгi мерзiмге көлiк құралын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.
3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген көлiк құралдарын жүргiзу құқығы жоқ адам жасаған iс-әрекеттер, -
айлық есептiк көрсеткiштiң бестен он беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
468-бап Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы № 506-ІІ, 2004 жылғы 9 желтоқсандағы № 10-ІІІ Заңдарымен енгiзiлген өзгерістермен; Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңымен енгізілген өзгерістер және толықтырулармен.
469-бап. Жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетiп қалу
Көлiк құралын басқарған адамның, жол қозғалысының белгiленген ережелерiн бұзып, өзi қатысушысы болып табылатын жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетiп қалуы, қылмыстық жазалау әрекетiнiң белгiлерi болмаса, -
айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға немесе алты айдан бiр жылға дейiнгi мерзiмге көлiк құралын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.
Ескерту. Зардап шегушiге медициналық көмек көрсетуге байланысты жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетiп қалған адам осы бап бойынша қылмыстық жауапкершiлiктен босатылады.
470-бап. Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк құралдарын басқаруы
1. Қолында жүргiзу құқығына жүргiзушiлiк куәлiгi немесе жүргiзушi куәлiгiнiң орнына берiлген куәлiгi және заңдарда белгіленген өзге де құжаттары жоқ жүргiзушiнiң көлiк құралын басқаруы, -
ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң бiрден екiге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Көлiк құралын басқару құқығы жоқ адамның (оқып-үйрену жүргiзуiнен басқа) оны басқаруы, сондай-ақ тиiстi санаттағы көлiктi басқару құқығы жоқ жүргiзушiнiң көлiк құралын басқаруы, не басқару құқығы жоқ адамға көлiк құралын басқаруға беру (белгiленген ережелерге сәйкес жеке тәртiппен жүргiзудi үйрету жағдайларын қоспағанда), -
айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі және (немесе) тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисі болмаған адамның көлік құралын басқаруы, -
бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
470-бап Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 3 маусымдағы № 428-II Заңымен енгiзiлген толықтырумен; Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы № 506-ІІ Заңымен енгiзiлген өзгерістермен; Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 желтоқсандағы № 10-ІІІ Заңымен енгiзiлген өзгерістер және толықтырумен.
471-бап. Iшкi iстер органдары (полиция) қызметкерiнiң көлiк құралын тоқтату туралы
талаптарын орындамау, масаю күйiн куәландырудан өтуден жалтару
1. Iшкi iстер органдары (полиция) қызметкерiнiң көлiк құралын тоқтату туралы заңды талабын орындамау, -
айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға немесе алты айдан бiр жылға дейiнгi мерзiмге көлiк құралын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.
2. Iшкi iстер органдары (полиция) қызметкерiнiң белгiленген тәртiпке сәйкес алкогольмен, есiрткiмен, уытқұмарлықпен масаю күйiн куәландырудан өту туралы заңды талабын орындамау, -
айлық есептiк көрсеткiштiң оннан он беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға немесе бiр жылға дейiнгi мерзiмге көлiк құралдарын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.
Ескерту. Нысанды киім киген iшкi iстер органдары (полиция) қызметкерлерiнiң көлiктi тоқтату туралы талабы қол қимылымен сигнал берiп немесе таяқшаны көтерумен бiр мезгiлде ысқырып сигнал берiп не дыбыс күшейткiш құрылғының көмегiмен бiлдiрiледi. Сигнал беру жүргiзушiге түсiнiктi болуға тиiс және оларды орындау авариялық ахуал туғызбайтындай болуы үшiн дер кезiнде берiлуге тиiс.
472-бап. Көлiк құралдарының жүрісіне кедергi жасау
Көлiк құралдарының жүрісіне қасақана кедергiлер жасау, сондай-ақ көлiк жүрісі ережелерiн сақтауға бақылау жасауды жүзеге асыратын уәкiлеттi лауазымды адамдардың мұндай кедергiлердi жою туралы талабын орындамау, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң үшке дейiнгi, лауазымды адамдарға онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
472-бап Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңымен енгізілген өзгеріспен.
473-бап. Жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жүріс ережелерiн бұзуы
1. Жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген ережелерiнiң талаптарын орындамауы, -
ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң бестен бiр бөлiгiнен екiден бiр бөлiгiне дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Жәбiрленушiнiң денсаулығына қылмыстық жазалау әрекетiнiң белгiлерi жоқ зақым келтiруге әкеп соқтырған не материалдық залал шектiрген нақ сол iс-әрекеттер, -
айлық есептiк көрсеткiштiң төрттен сегiзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Жаяу жүргiншiлердiң және өзге де жол қозғалысына қатысушылардың жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген ережелерiнiң талаптарын үнемi бұзуы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң бiрден екiге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Жол жүрісіне өзге де қатысушылар деп бұл бапта мопедтердi, велосипедтер мен күш көлiгiн басқарушыларды, мал айдаушыларды, жолдың бойымен жүк тартатын, мiнiс малдарын немесе табынды айдаушыларды, сондай-ақ көлiк құралдары жолаушыларын түсiну керек.
473-бап Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы № 506-ІІ Заңымен енгiзiлген толықтырумен; Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңымен енгізілген өзгеріс және толықтырулармен.
474-бап. Техникалық ақаулары бар көлiк құралдарын пайдалануға шығару және
пайдаланудың өзге де ережелерiн бұзу
1. Көлiк құралдарының техникалық жағдайына және пайдаланылуына жауапты лауазымды адамдардың, осы Кодекстiң 475-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген ережелерiнiң талаптарын орындамауы, -
лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға отыздан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Жәбiрленушiнiң денсаулығына жеңiл зақым келтiруге немесе көлiк құралдарын, жүктердi, жол құрылыстарын немесе өзге де құрылыстарды не өзге де мүлiктi бүлдiруге әкеп соқтырған нақ сол iс-әрекеттер, сондай-ақ уәкiлеттi мемлекеттік органның көлiк құралын техникалық немесе өзгедей пайдалануға немесе жол қозғалысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге қатысты нұсқамасын орындамау, -
лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға қырықтан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
474-бап Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңымен енгізілген өзгерістермен.
475-бап. Мас күйіндегі жүргiзушiнi не басқару құқығы жоқ адамды көлiк құралын
басқаруға жiберу
1. Көлiк құралдарының техникалық жағдайы мен пайдаланылуына жауапты лауазымды адамның алкогольмен, есiрткiмен, уытқұмарлықпен масаю күйіндегі жүргiзушiнi не көлiк құралдарын басқару құқығы жоқ, сондай-ақ тиiстi санаты жоқ адамды көлiк құралын басқаруға жiберуi, -
айлық есептiк көрсеткiштiң оннан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Жәбiрленушiнiң денсаулығына жеңiл зақым келтiруге немесе көлiк құралдарының, жүктердiң, жол құрылыстарының немесе өзге де құрылыстардың не өзге де мүлiктiң бүлiнуiне әкеп соқтырған нақ сол iс-әрекеттер, -
лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
475-бап Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңымен енгізілген өзгеріспен.
476-бап. Жол қозғалысына қатысушыларға қойылатын өзге де талаптарды бұзу
Кодекстiң осы тарауында тiзiп көрсетiлмеген, жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету ережелерiмен белгiленген жол жүрісіне қатысушыларға қойылатын өзге де талаптарды бұзу, -
ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң екiден бiр бөлiгiне дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Хаттама жасау кезiнде жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету ережелерiнiң нақты қандай нормасы бұзылғандығы көрсетiледi.
477-бап. Көлiкпен қауiптi заттарды немесе бұйымдарды тасымалдау ережелерiн бұзу
1. Темір жол көлiгiнде қауiптi заттарды немесе қол жүгi бұйымдарын тасымалдау ережелерiн бұзу, -
ескерту жасауға немесе бiр айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Теңiз және өзен көлiгiнде қауiптi заттарды немесе бұйымдарды тасымалдаудың ережелерiн бұзу, сондай-ақ лауазымды адамдардың тиiстi құжаттарда қауiптi заттармен немесе бұйымдармен жасалатын операцияларды тiркеу жөніндегі мiндеттердi орындамауы, бұрыс жазулар енгізуi немесе тиiстi лауазымды адамдарға осындай құжаттарды көрсетуден заңсыз бас тартуы, -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бiрге дейiнгi, лауазымды адамдарға онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Әуе кемелерiнде қауiптi заттарды немесе бұйымдарды тасымалдау ережелерiн бұзу, -
аталған заттарды немесе бұйымдарды тәркiлей отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бiрге дейiнгi, лауазымды адамдарға онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Автобуста, трамвайда, троллейбуста, маршрутты таксиде жарылыс қаупi бар заттарды немесе бұйымдарды алып жүру, сондай-ақ оларды автокөлiкте багажға немесе сақтау камерасына өткізу, -
үш айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
477-бап Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңымен енгізілген өзгеріспен.
478-бап. Қалалық және қала маңындағы қоғамдық көлiктi пайдалану ережелерiн бұзу
Көлiк құралдарының тепкiшектерiнде және басқа да шығып тұрған бөлiктерiнде тұрып жол жүру, қозғалыс кезiнде кіру және шығу, есiктiң ашылуына және жабылуына кедергi жасау, кесiп кететiн заттарды тиiсiнше орамай алып жүру, сондай-ақ салонды және жолаушылардың киімдерiн былғайтын бұйымдар мен заттарды тасымалдау түрiнде трамвайды, троллейбусты, қалалық және қала маңына қатынайтын автобусты немесе таксидi пайдалану ережелерiн бұзу, -
айлық есептiк көрсеткiштiң бестен бiр бөлiгiнен бiр айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
479-бап. Жолаушылардың билетсiз жол жүруi және оларды билетсiз алып жүру
1. Жолаушылардың билетсiз ұшуы және оларды билетсiз алып ұшу:
1) халықаралық линиялардағы әуе кемелерiнде, -
үш айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады;
2) республикаiшiлiк линиялардағы әуе кемелерiнде, -
екi айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады;
3) жергiлiктi линиялардағы әуе кемелерiнде, -
бiр айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады;
2. Жолаушылардың билетсiз жол жүруi және оларды билетсiз алып жүру:
1) алысқа қатынайтын поездарда, -
бiр айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады;
2) жергiлiктi жерде қатынайтын поездарда, -
бiр айлық есептiк көрсеткiштiң екiден бiр бөлiгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады;
3) қала маңындағы поездарда, -
айлық есептiк көрсеткiштiң оннан бiр бөлiгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады;
4) халықаралық линиялардағы теңiз кемелерiнде, -
үш айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады;
5) жергiлiктi линиялардағы теңiз кемелерiнде, -
бiр айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады;
6) қала маңы линияларындағы теңiз кемелерiнде, -
екi айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады;
7) халықаралық қатынастардағы өзен кемелерiнде, -
үш айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады;
8) қала маңында қатынайтын өзен кемелерiнде, -
бiр айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады;
9) қалаiшiлiк қатынастағы өзен кемелерiнде, -
бiр айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады;
10) қалалық және қала маңында қатынайтын трамвайда, троллейбуста, автобуста және маршрутты таксиде, -
айлық есептiк көрсеткiштiң үштен бiр бөлiгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады;
11) қалааралық қатынастағы автобуста, -
айлық есептiк көрсеткiштiң екiден бiр бөлiгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Жетi жастан он бес жасқа дейiнгi балаларды билетсiз алып жүру:
1) жергiлiктi және алысқа қатынайтын поездарда, халықаралық және жергiлiктi линиялардағы әуе, теңiз және өзен көлiктерi кемелерiнде, -
бiр айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады;
2) қала маңындағы поездарда, теңiз көлiгiнiң қала маңы линияларындағы кемелерде, өзен көлiгiнiң қала маңы және қалаiшiлiк қатынастағы кемелерiнде, -
айлық есептiк көрсеткiштiң екiден бiр бөлiгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады;
3) әуе көлiгiнiң республикаiшiлiк линиялардағы кемелерiнде, -
бiр айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады;
4) қалалық және қала маңында қатынайтын трамвайда, троллейбуста, автобуста және маршрутты таксиде, -
айлық есептiк көрсеткiштiң бестен бiр бөлiгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады;
5) халықаралық қатынастағы автобуста, -
айлық есептiк көрсеткiштiң екiден бiр бөлiгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Көлiк қызметкерлерiнiң жолаушылардың билетсiз жол жүруiне ымыраласуы, -
он айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
480-бап. Ақысы төленбеген қол жүгін және теңдеме жүктi алып жүру
1. Темір жол, теңiз және өзен көлiктерiнде ақысы төленбеген теңдеме жүктiң белгiленген нормаларынан тыс қол жүгiн алып жүру, -
айлық есептiк көрсеткiштiң екiден бiр бөлiгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Қол жүгi мен теңдеме жүктi өлшеуден жалтару, олардың салмағын жасыру, сондай-ақ әуе көлiгiнде белгiленген нормалардан артық қол жүгiн алып жүру, -
белгiленген нормадан тыс әрбiр килограмы үшiн айлық есептiк көрсеткiштiң оннан бiр бөлiгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Қалалық және қала маңында қатынайтын трамвайда, троллейбуста, автобуста және маршруттық таксиде ақысы төленбеген теңдеме жүктi алып жүру, -
теңдеме жүктiң әрбiр орны үшiн айлық есептiк көрсеткiштiң оннан бiр бөлiгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Қалааралық қатынастағы автобуста ақысы төленбеген теңдеме жүктi алып жүру, -
теңдеме жүктiң әрбiр орны үшiн айлық есептiк көрсеткiштiң бестен бiр бөлiгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Темір жол, теңiз, өзен, әуе көлiктерiнде ақысы төленбеген теңдеме жүкті алып жүру, -
жиырма айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
480-бап және тақырыбы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы № 506-ІІ Заңымен енгiзiлген өзгерiспен.
480-1-бап. Темір жол көлiгiнде жол жүру құжаттарын (билеттердi) сату, олардың
қолданылу мерзiмiн ұзарту және билет кассаларының жұмысын ұйымдастыру
ережелерiн бұзу
Темір жол көлiгiнде жол жүру құжаттарын (билеттердi) сату, олардың қолданылу мерзiмiн ұзарту және билет кассаларының жұмысын ұйымдастыру ережелерiн бұзу, -
шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жиырмадан отызға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
480-1-бап Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңымен енгізілді.
481-бап. Темір жол, теңiз, өзен және автомобиль көлiгiнде жүктердiң сақталуын
қамтамасыз ету ережелерiн бұзу
1. Жүктердi тасымалдауға арналған жылжымалы составты, контейнерлердi, жүзу және басқа көлiк құралдарын, сондай-ақ тасымалдау жабдықтарын бүлдiру, -
бес айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Жүк вагондарының, автомобильдердiң, автомобиль тiркемелерiнiң, контейнерлердiң, трюмдердiң және жүзу құралдарының басқа да жүк салатын орындарының пломбалары мен бекіту құрылғыларын бүлдiру, олардың пломбаларын жұлып алу, жүк тасымалына байланысты операцияларды орындау үшiн пайдаланылатын жекелеген жүк орындары мен олардың бумаларын, пакеттердi, жүк аулаларының, темір жол станцияларының, жүк автомобильдерi станцияларының, контейнер пункттерiнiң (алаңдарының), порттар (кемежайлар) мен қоймалардың қоршауларын бүлдiру, сондай-ақ жүк аулаларының, контейнер пункттерiнiң (алаңдарының), жүк аудандарының (учаскелерiнiң), порттардың (кемежайлардың), шлюздердiң және жоғарыда аталған қоймалардың аумағында тиiстi рұқсатсыз болу, -
он айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
482-бап. Әуе көлiгiнде жүктердiң сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі ережелердi бұзу
1. Контейнерлердiң пломбалары мен бекіту құрылғыларын бүлдiру, олардың пломбаларын жұлып алу, жекелеген жүк орындары мен олардың бумаларын, пакеттердi, сондай-ақ әуе көлiгiнде жүк тасымалдауға байланысты операцияларды орындау үшiн пайдаланылатын қоймалардың қоршауларын бүлдiру, -
он айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Әуе көлiгiнде жүк тасымалдауға арналған контейнерлер мен көлiк құралдарын бүлдiру, -