19) "ғылым, рынок, өндiрiс" циклының жұмыс iстеуi үшiн өнеркәсiп салалары кәсiпорындарының ғылыми ұйымдармен және даму институттарымен өзара iс-қимылын нығайту жөнiнде iс-шаралар жүргiзуге;
20) инновациялық инфрақұрылым субъектiлерiн инновациялық жобалармен және ғылыми әзiрлемелермен толықтыру жөніндегі мәселелердi қарауға;
21) өнеркәсiп салаларының жекелеген кәсiпорындарын санациялау, қайта мамандандыру жөнiнде ұсыныстар дайындауға;
22) әскери мақсаттағы өнiмдердi әзірлеушілер және өндiрушiлер болып табылатын ұйымдарға әскери мақсаттағы өнiмге қатысты сыртқы сауда қызметiн жүзеге асыру құқығын беру туралы мәселелердi қарауға және белгiленген тәртiппен тиiстi материалдар дайындауға;
23) ақпараттық-тұсаукесер iс-шараларын (саммиттер, форумдар, тұсаукесерлер, конференциялар және тағы басқа да iс-шаралар), сондай-ақ өнеркәсiп салаларының, индустриялық, ғылыми-технологиялық, инновациялық дамудың проблемалық мәселелерi бойынша кеңестер ұйымдастыруға және өткiзуге құқығы бар.
6. Министрлiктiң мүлкі
13. Министрлiктiң жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкi болады.
Министрлiктiң мүлкi оған мемлекет берген мүлiктiң, сондай-ақ құны Министрлiктің теңгерiмiнде көрсететiн өзге де мүлiктiң есебiнен қалыптасады.
14. Министрлiкке бекiтілген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
15. Егер заңнамалық кесiмде өзгеше белгiленбесе, Министрлiктiң өзiне бекітілген мүлiктi және оған смета бойынша бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өздiгiнен иелiктен шығаруға немесе өзге тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
7. Министрлiктiң қызметiн ұйымдастыру
16. Министрлiктi Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ұсынымы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Министр басқарады.
Министрдiң Қазақстан Республикасының Үкіметі Министрдiң ұсынымы бойынша қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары болады. Министрдiң орынбасарларының санын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
17. Министр Министрлiктiң жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды және Министрлiкке жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн жеке жауаптылықта болады.
18. Министр осы мақсаттарда заңнамаға сәйкес және өз құзыретiнiң шегiнде:
1) өзiнiң орынбасарлары мен Министрлiктiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн айқындайды;
2) Министрлiктiң қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) Министрлiктiң қызметкерлерiн көтермелеу, оларға материалдық көмек көрсету мәселелерiн шешедi және тәртiптiк жаза қолданады;
4) бұйрықтарға қол қояды;
5) Министрлiктiң құрылымын және құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi бекiтедi;
6) Министрлiктi барлық мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда бiлдiредi;
7) Министрлiктiң жұмыс регламентiн бекiтедi;
8) өз құзыретiнiң шеңберiнде өзге де шешiмдердi қабылдайды.
19. Министрлiк қабылдайтын шешiмдер министрдiң немесе оның мiндетiн атқарушы адамның бұйрығымен ресiмделедi.
20. Министрлiктiң министрдiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылатын алқасы болады. Алқаның сандық және дербес құрамын Министрлiктiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының қатарынан министр бекiтедi.
8. Министрлiктi қайта ұйымдастыру және тарату
21. Министрлiктi қайта ұйымдастыру және тарату заңнамалық белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 2006.30.06. № 616 қаулысымен тізбе толықтырылды
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда
министрлігінiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi
Акционерлік қоғамдар
1. «Экспорттық кредиттердi және инвестицияларды сақтандыру жөнiндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы» акционерлік қоғамы, Алматы қаласы.
2. «Қазақстанның инвестициялық қоры» акционерлік қоғамы, Алматы қаласы.
3. «Қазақстанның Даму Банкi» акционерлік қоғамы, Астана қаласы.
4. ҚР Үкіметінің 2005.24.08. № 871 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
5. ҚР Үкіметінің 2005.19.07. № 742 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
6. ҚР Үкіметінің 2005.24.08. № 871 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
7. ҚР Үкіметінің 2005.24.08. № 871 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
8. «Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры» акционерлік қоғамы, Алматы қаласы.
9. «Шағын кәсiпкерлiк жөніндегі республикалық ақпараттық-көрме орталығы» жабық акционерлік қоғамы, Астана қаласы.
10. «Сауда саясатын дамыту орталығы» акционерлік қоғамы, Астана қаласы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
Өнеркәсiп және ғылыми-техникалық дамыту комитетiнiң
Құрылымы
ҚР Үкіметінің 2005.24.08. № 871 қаулысымен құрылым толықтырылды
Басшылық
Өңдеу және тау-кен өндiру өнеркәсiбi басқармасы
Инновациялық және ғылыми-техникалық дамыту басқармасы
Қорғаныс өнеркәсiбi, экспорттық бақылау және лицензиялау басқармасы
Iшкi әкiмшілiк ету бөлiмi
ҚР Үкіметінің 2006.06.06. № 509 қаулысымен құрылым өзгертілді
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
Бәсекелестiктi қорғау комитетiнiң
құрылымы
Басшылық
Тауар нарықтарын талдау басқармасы
Бағалық реттеу басқармасы
Бақылау және ден қою басқармасы
Iшкi әкiмшiлiк ету басқармасы
ҚР Үкіметінің 2006.27.06. № 589 қаулысымен құрылым өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
Сауда қызметін реттеу комитетiнiң
құрылымы
Басшылық
Iшкi сауда басқармасы
Сыртқы сауда басқармасы
ҚР Үкіметінің 2006.02.08. № 730 қаулысымен құрылым жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігi
Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істерi
комитетінің құрылымы
Басшылық
Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы, аккредиттеу және аттестаттау басқармасы
Техникалық нормалау және құрылыс индустриясын дамыту басқармасы
Тұрғын үй құрылысы және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы
Жобалық жұмыстар және сметалық нормалар басқармасы
Әкімшілік басқармасы
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң
құрылымы
Басшылық
Техникалық реттеу және метрология басқармасы
Әкiмшiлiк жұмыс және мемқадағалау басқармасы
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң облыстық, Астана және Алматы қалаларының аумақтық бөлiмшелерi - мемлекеттік мекемелерi
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
Инвестиция комитетiнiң
құрылымы
Басшылық
Инвестициялық қызметтi реттеу басқармасы
Инвестициялық преференциялар беру басқармасы
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң
аумақтық бөлiмшелерi - мемлекеттік мекемелерiнiң
тiзбесi
1. "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң Ақмола облысы бойынша басқармасы" мемлекеттік мекемесi.
2. "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң Ақтөбе облысы бойынша басқармасы" мемлекеттік мекемесi.
3. "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінiң Алматы облысы бойынша басқармасы" мемлекеттік мекемесi.
4. "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң Атырау облысы бойынша басқармасы" мемлекеттік мекемесi.
5. "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң Шығыс Қазақстан облысы бойынша басқармасы" мемлекеттік мекемесi.
6. "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң Жамбыл облысы бойынша басқармасы" мемлекеттік мекемесi.
7. "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң Батыс Қазақстан облысы бойынша басқармасы" мемлекеттік мекемесi.
8. "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң Қарағанды облысы бойынша басқармасы" мемлекеттік мекемесi.
9. "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң Қостанай облысы бойынша басқармасы" мемлекеттік мекемесi.
10. "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң Қызылорда облысы бойынша басқармасы" мемлекеттік мекемесi.
11. "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң Маңғыстау облысы бойынша басқармасы" мемлекеттік мекемесi.
12. "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетiнің Павлодар облысы бойынша басқармасы" мемлекеттік мекемесi.
13. "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша басқармасы" мемлекеттік мекемесi.
14. "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша басқармасы" мемлекеттік мекемесi.
15. "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң Астана қаласы бойынша басқармасы" мемлекеттік мекемесi.
16. "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң Алматы қаласы бойынша басқармасы" мемлекеттік мекемесi.
ҚР Үкіметінің 2006.02.08. № 730 қаулысымен тізбе алып тасталды (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысымен
Бекiтiлген
ҚР Үкіметінің 2005.05.07. № 741 қаулысымен тізбе толықтырылды (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2005.24.08. № 871 қаулысымен тізбе өзгертілді (бұр. ред. қара.)
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
Өнеркәсiп және ғылыми техникалық дамыту комитетiнiң
қарамағындағы ұйымдардың
тізбесi
Республикалық мемлекеттік кәсiпорындар
1. "Машинажасауды болжау жөніндегі ғылыми-зерттеу орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны, Қарағанды қаласы.
2. "Машина жасау" салааралық ғылыми-технологиялық орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны, Алматы қаласы.
3. "Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешендi қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы" республикалық мемлекеттік кәсiпорны (шаруашылық жүргiзу құқығында), Алматы қаласы.
4. "Кентаукенiштарату" республикалық мемлекеттік кәсiпорны (шаруашылық жүргiзу құқығында), Оңтүстік Қазақстан облысы, Кентау қаласы.
5. "Жезқазғансирекмет" республикалық мемлекеттік кәсiпорны (шаруашылық жүргiзу құқығында), Жезқазған қаласы.
6. "Инфекцияға қарсы препараттар ғылыми орталығы" республикалық мемлекеттік кәсiпорны (шаруашылық жүргізу құқығында), Алматы қаласы.
Акционерлік қоғамдар
1. "Авиаөнеркәсiп" жабық акционерлік қоғамы, Шымкент қаласы.
2. ҚР Үкіметінің 2005.24.08. № 871 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара.)
3. "Қазақжарылысөнеркәсiбi" акционерлік қоғамы, Алматы қаласы.
4. ҚР Үкіметінің 2005.24.08. № 871 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара.)
5. "Қазмырыш" акционерлік қоғамы, Өскемен қаласы.
6. "Иналмасалтын" ашық акционерлік қоғамы, Алматы қаласы.
7. "Қазқараметавтоматика" акционерлік қоғамы, Қарағанды қаласы.
8. "Қазақстантрактор" ашық акционерлік қоғамы, Павлодар қаласы.
9. "Қазақстандық келісім-шарт агенттiгi" жабық акционерлік қоғамы, Астана қаласы.
10. "Ұлттық инновациялық қор" акционерлік қоғамы, Алматы қаласы.
11. "Қазақстан инжиниринг" ұлттық компаниясы (Kazakhstan Engineering)" акционерлік қоғамы, Астана қаласы.
Мемлекеттік мекемелер
1."Микрография ғылыми-зерттеу институты" республикалық мемлекеттік мекемесі, Орал қаласы.
2. "Ақпараттық технологиялар паркi" арнайы экономикалық аймағының дирекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесi, Алматы қаласы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысымен
Бекiтiлген
ҚР Үкіметінің 2005.01.08. № 801 қаулысымен тізбе өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң
қарамағындағы ұйымдарының
тiзбесi
Республикалық мемлекеттік кәсiпорындар
1. Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты (ҚазСтИн) республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргiзу құқығында), Астана қаласы.
2. "Қазақстан метрология институты" республикалық мемлекеттік кәсiпорны" (шаруашылық жүргiзу құқығында), Астана қаласы.
Акционерлік қоғамдар
1. "Ұлттық аккредиттеу орталығы" акционерлік қоғамы, Астана қаласы.
2. "Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы" акционерлік қоғамы, Астана қаласы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
Құрылыс және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық iстерi
комитетiнiң қарамағындағы ұйымдардың
тiзбесi
Республикалық мемлекеттік кәсiпорындар
1. "Мемсараптама" мемлекеттік жобаларды ведомстводан тыс сараптау республикалық мемлекеттік кәсiпорны (шаруашылық жүргiзу құқығында), Астана қаласы.
2. "ҚазСҚСҒЗИ" Қазақ сейсмикалық төзiмдi құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау-эксперименталдық институты" республикалық мемлекеттік кәсiпорны (шаруашылық жүргiзу құқығында), Алматы қаласы.
3. "Суарнажоба" Қазақ мемлекеттік ғылыми-зерттеу және жобалау-iздестiру институты" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорны ("ҚазмемҒЗЖИ суарнажоба PMK"), Алматы қаласы.
Акционерлік қоғам
"Құрылысконсалтинг" ұлттық орталығы" акционерлік қоғамы, Астана қаласы.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2004 жылғы 26 қарашадағы
№ 1237 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 2005.24.08. № 871 қаулысымен тізбемен толықтырылды
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
Инвестиция комитетiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi
Акционерлік қоғамдар
1. "Қазақстан инвестицияларға жәрдемдесу орталығы" жабық акционерлік қоғамы, Алматы қаласы.
ҚР Үкіметінің 2005.25.08. № 878 қаулысымен тізбе толықтырылды
Қазақстан Республикасы
Үкiметінің
2004 жылғы 26 қарашадағы
№ 1237 қаулысымен Бекiтілген
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгінiң
қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi
Акционерлік қоғам
"Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы" акционерлік қоғамы, Алматы облысы.
ҚР Үкіметінің 2006.06.06. № 509 қаулысымен тізбемен толықтырылды
Қазақстан Республикасы
Yкіметінің
2004 жылғы 26 қарашадағы
№ 1237 қаулысымен
Бекітілген
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Бәсекелестікті
қорғау комитетінің аумақтық бөлімшелерінің тізбесi
1. Ақмола облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма
2. Ақтөбе облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма
3. Алматы облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма
4. Атырау облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма
5. Шығыс Қазақстан облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма
6. Жамбыл облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма
7. Батыс Қазақстан облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма
8. Қарағанды облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма
9. Қостанай облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма
10. Қызылорда облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма
11. Маңғыстау облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма
12. Павлодар облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма
13. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма
14. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма
15. Алматы қаласы бойынша Монополияға қарсы басқарма
16. Астана қаласы бойынша Монополияға қарсы басқарма
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң күшi жойылған
кейбір шешiмдерiнiң тiзбесi
1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң "Қазақстан Республикасының минералдық шикiзатты кешендi қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы" республикалық мемлекеттік кәсiпорнының "Жезқазғансирекмет" еншiлес мемлекеттік кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 21 қарашадағы № 1233 қаулысы 4-тармағының 3) тармақшасы.
2. "Қазақстан Республикасы Қорғаныс-өнеркәсіп кешенiнiң кейбір мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 13 наурыздағы № 244 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулардың 6-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 10, 121-құжат).
3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 12 қыркүйектегi № 996 және 2002 жылғы 18 қарашадағы № 1220 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 8 сәуірдегі № 334 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 16, 161-құжат).
4. "Экспорттық кредиттердi және инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы" акционерлік қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 12 мамырдағы № 442 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн толықтырулардың 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 19, 195-құжат).
5. "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң Қорғаныс өнеркәсiбi комитетiн тарату туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 20 мамырдағы № 467 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулардың 5 және 6-тармақтары (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 21-22, 211-құжат).
6. "Қазақ Суарнажоба" мемлекеттік жобалау институты" мемлекеттік кәсiпорнын қайта атау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 28 шiлдедегi № 752 қаулысы 4-тармағының 2) тармақшасы.
7. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 12 қыркүйектегi № 996 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 29 шiлдедегi № 759 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 30, 304-құжат).
8. "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң кейбір мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 18 қыркүйектегi № 951 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2003 ж., № 38, 385-құжат).
9. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 12 қыркүйектегi № 996 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 6 қазандағы № 1027 қаулысы 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 40, 425-құжат).
10. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 6 тамыздағы № 881 және 2002 жылғы 12 қыркүйектегi № 996 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 5 желтоқсандағы № 1235 қаулысы 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 46, 505-құжат).
11. "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң жекелеген мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 23 желтоқсандағы № 1302 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 48, 541-құжат).
12. "Инвестициялық компания: "Қазақстанның Инвестициялық қоры", "Қазақстанның Даму Банкi", "Ұлттық инновациялық қоры" акционерлік қоғамдарының кейбір мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 22 қаңтардағы № 68 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулардың 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 2, 34-құжат).
13. "Қазақстан инжиниринг" ұлттық компаниясы" (Kazakhstan Engineering)" ашық акционерлік қоғамының кейбір мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 10 наурыздағы № 295 қаулысы 5-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 12, 161-құжат).
14. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 21 мамырдағы № 570 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2004 ж., № 22, 284-құжат).
15. "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң "Салааралық ақпарат ғылыми-техникалық орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорынының кейбір мәселелерi" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 31 тамыздағы № 921 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағы.