Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 12 қыркүйектегі № 996
қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылғы 29 шілдедегі № 759 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2004 ж. 26 қарашадағы № 1237 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 12 қыркүйектегі № 996 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 30, 330-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) 2-тармақтағы "төрт" деген сөз "бес" деген сөзбен ауыстырылсын;
2) аталған қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі туралы ережеде:
"Министрліктің қызметін ұйымдастыру" деген 4-тараудың 15-тармағының екінші абзацындағы "төрт" деген сөз "бес" деген сөзбен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д.К. Ахметов |