4) клиентке қойылатын талаптардың бәрiн қанағаттандыру үшiн клиенттiң банк шотында (шоттарында) ақшасы жеткiлiктi болған кезде банк шотынан салық төлеушiнiң салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеуге арналған төлем тапсырмаларын бiрiншi кезектегi тәртiппен орындауға мiндеттi. Белгiленген мерзiмде енгiзiлмеген салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер сомаларын, өсiмпұлдар мен айыппұлдарды алуға арналған салық органдарының инкассолық өкiмдерiн салық органдарының нұсқамаларын алған күннен бастап бiр операциялық күннен кешiктiрмей осындай тәртiппен орындауға мiндеттi.
Клиентке қойылатын талаптардың бәрiн қанағаттандыру үшiн банк шотында (шоттарында) ақшасы болмаған немесе жеткiлiксiз болған жағдайда банк салық берешегiн жабу есебiне ақшаны алып қоюды Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексiнде белгiленген кезектілік тәртібімен жүргiзедi;
5) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер сомаларын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылығының шотына салық төлеушiнің банк шотынан ақшаны есептен шығару бойынша операциялар жасалған күнi аударуға;
6) нұсқамасы болған ретте, тексерiлетiн заңды тұлға мен жеке кәсiпкерлердiң банк шоттары бойынша жасалатын операцияларды, осы шоттарда ақша бар-жоқтығын тексеруге салық органдары қызметкерлерiн жiберуге;
7) осы Кодексте көзделген жағдайларда салық органының шешiмi бойынша және Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген тәртiппен салық төлеушi заңды тұлға мен жеке кәсіпкердiң банк шоттарындағы салық берешегiн өтеу жөніндегі операциялардан басқа барлық шығыс операцияларын тоқтата тұруға;
8) банк қарыз алушының берешегiн есептен шығарған кезде салық төлеушiде мiндеттемелерiн есептен шығару нәтижесiнде кiрiс пайда болғаны туралы қарыз алушы-салық төлеушi тiркелген жер бойынша салық органын бiр ай iшiнде хабардар етуге;
9) уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша осы Кодекстің 198-бабына сәйкес салық агенттері тіркелген орын бойынша салық органдарына есеп беруге;
10) осы Кодекстің 16-бабы 1-тармағының 9) тармақшасына сәйкес салық органдарының жүргізген жазбаша сауал салуы негізінде жеке кәсіпкерлердің ағымдағы шоттарындағы, заңды тұлғалардың банк шоттарындағы ақшаның қалдығы және қозғалысы жөніндегі мәліметтерді салық органдарына ұсынуға міндетті.
ҚР 23.11.02 ж. № 358-ІІ; 04.07.03 ж. № 475-II (бұр. ред. қара); 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 18.03.04 ж. № 537-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 527-бап өзгертілді
527-бап. Резидент емес жеке және заңды тұлғаларды салық органдарында мемлекеттік тiркеу ерекшелiктерi
1. алып тасталды;
2. Осы Кодекстің 191-бабының 1-тармағында аталған резидент емес жеке тұлғалар Қазақстан Республикасына келген немесе кәсіпкерлік қызметті бастаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде салық органында мемлекеттік тіркеуден өтуге міндетті.
Қалған резидент емес жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының резиденттігін алған кезден бастап салық органында мемлекеттік тіркеуден өтуге міндетті.
3. Қазақстан Республикасындағы қызметін тұрақты мекеме құрмай жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар Қазақстан Республикасындағы қызметін жүзеге асыруды бастаған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде салық органында мемлекеттік тіркеуден өтуге міндетті.
3-1. Қазақстан Республикасындағы қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу осы Кодекстің 520-1 және 523-баптарының белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жүргізiледi.
3-2. Қазақстан Республикасында салық салынатын объектілерді иеленуші резидент еместер Қазақстан Республикасында салық салынатын объектіні алған кезден бастап отыз жұмыс күні ішінде салық органында мемлекеттік тіркеуден өтуге міндетті.
4. Осы Кодекстiң 177-бабы 3-тармағының 5) тармақшасына сәйкес қызметi резидент емес заңды тұлғаның тұрақты мекемесi ретiнде қаралатын, соның iшiнде резидент емес жеке немесе заңды тұлға тиiстi келісімге (шартқа, келісім-шартқа) қол қойған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде тiркеу туралы немесе аталған келісім болмаған жағдайда осындай қызметi нақты басталған күннен бастап он жұмыс күні iшiнде салық төлеушi ретiнде мемлекеттік тiркеуден өту мақсатында салық органына өтiнiш табыс етуге мiндеттi.
5. Қазақстан Республикасында резидент еместiң қызметiн жүзеге асыруын бастау күнi мына күндердiң бiрi:
1) келісiм-шартты (шартты, келісімдi):
Қазақстан Республикасындағы жұмысты (қызмет көрсетудi) орындауға;
Қазақстан Республикасында оның атынан iс-әрекет жасауға өкiлеттiк беруге;
өткізу мақсатымен Қазақстан Республикасында тауарларды сатып алуға;
Қазақстан Республикасында (жай серiктестiкке қатысуға) бiрлескен қызметтi жүзеге асыруға;
Қазақстан Республикасында қызметтi жүзеге асыру мақсатында жұмысты (қызмет көрсетудi) сатып алуға жасасқан күнi;
2) Қазақстан Республикасында жеке тұлғамен бiрiншi жеке еңбек шартын немесе азаматтық-құқықтық сипаттағы өзге де шарт жасасқан күн не осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетiлген келісім-шарттың талаптарын орындау үшiн қызметкердiң Қазақстан Республикасына келу күнi болған кезде айқындалады. Бұл ретте Қазақстан Республикасында резидент еместің қызметiн жүзеге асыруды бастау күнi осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетiлген алғашқы күндердiң бiрiне қарағанда ерте болмауға тиiс.
3) алып тасталды
Осы тармақтың бiрнеше шарттары болған жағдайда Қазақстан Республикасында қызметтi жүзеге асыру күнi деп аталған келісім-шарттардың (шарттардың, келісімдердiң) бiрiншiсi жасалған күн танылады.
6. Қазақстан Республикасындағы табыс көздерiнен табыс алу мақсатымен Қазақстан Республикасына келетiн, осы Кодекстің 521-бабының, 1-тармағында аталмаған резидент еместер қызметiнiң басталуы туралы өтiнiштi Қазақстан Республикасына келген күнiнен бастап он жұмыс күнi iшiнде салық органына табыс етуге мiндеттi.
ҚР 23.11.02 ж. 358-ІІ Заңымен 528-бап өзгертілді
528-бап. Салық төлеушiнiң тiркеу есебiн жүзеге асыру кезіндегі жауапкершiлiгi
Салық төлеушi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес салық төлеушiнiң мемлекеттік тiркеуден өту мерзiмiн бұзғаны үшiн; салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiн беру мен тiркеу есебiне қою кезiнде табыс етiлетiн мәлiметтердiң растығы, сондай-ақ салық есептілігiнде салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiн қоюдың дұрыстығы және Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген өзге де жағдайлар үшiн жауапты болады.
529-бап. Уәкiлеттi органдардың салық төлеушiлердi тiркеудi жүзеге асыру кезіндегі өзара iс-әрекетi
Салық төлеушілердi тiркеу есебiн жүзеге асыру кезiнде салық қызметi органдары мынадай:
1) заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеудi, қайта тiркеудi және таратуды жүзеге асыратын;
2) статистика жүргiзетiн;
3) салық салумен байланысты объектiлердi және салық салу объектілерін есепке алуды және (немесе) тiркеудi жүзеге асыратын;
4) лицензиялар, куәлiктер немесе рұқсат беру мен тiркеу сипатындағы өзге де құжаттарды беретiн;
5) жеке тұлғаларды Қазақстан Республикасындағы тұрғылықты жерi бойынша тiркеудi жүргiзетiн;
6) азаматтық хал актілерін тiркеудi жүзеге асыратын;
7) нотариаттық iс-әрекеттер жасауды жүзеге асыратын;
8) қорғаншылық пен қамқоршылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органдармен;
9) Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлейтiн басқа да уәкiлеттi органдармен өзара iс-әрекет жасайды.
ҚР 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара) Заңымен 530-бап өзгертілді
530-бап. Салық қызметi органдары тiркеу есебiн жүзеге асыратын кездегi уәкілеттi органдардың мiндеттерi
1. Осы Кодекстiң 529-бабында белгiленген уәкiлеттi органдар уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлейтiн тәртiпке сәйкес тиiстi мәлiметтердi енгізу кезiнен бастап он жұмыс күнi iшiнде салық салу объектілерi мен салық салумен байланысты объектiлерi бар салық төлеушiлер туралы мәлiметтердi өзiнiң орналасқан жерi бойынша салық қызметi органдарына табыс етуге мiндеттi.
2. Салық салу объектілерін, басқа да мiндеттi төлемдер алынатын объектiлердi есепке алуды және (немесе) тiркеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi органдар салық төлеушiлер, сондай-ақ салық салу объектiлерi, басқа да мiндеттi төлемдер алынатын объектiлер туралы мәлiметтердi олардың есепке алынған және (немесе) тiркелген орны бойынша салық қызметi органдарына уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлейтiн мерзiм мен нысанда табыс етуге мiндеттi.
3. Лицензиялар, куәлiктер немесе рұқсат ету мен тiркеу сипатындағы өзге де құжаттарды беретiн уәкiлеттi органдар олардың берiлген (керi қайтарып алынған немесе тоқтатылған) кезiнен бастап он жұмыс күнi iшiнде лицензия, куәлiк немесе рұқсат ету мен тiркеу сипатындағы өзге де құжаттар берiлген (керi қайтарып алынған немесе тоқтатылған) салық төлеушiлер туралы мәлiметтердi өзiнiң орналасқан жерi бойынша салық қызметi органдарына табыс етуге мiндеттi.
4. Шетелдiк заңды тұлғалардың келуiн (кетуiн) тiркеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi орган олардың келуiн (кетуiн) тiркегеннен кейiн келудiң мақсатын, орнын және болу мерзiмiн көрсете отырып, келушi шетелдiк жеке тұлғалар туралы мәлiметтердi он жұмыс күнiнен кешiктiрмей салық қызметi органына табыс етуге мiндеттi.
5. Бюджетке мiндеттi төлемдер жинауды, салық салу объектілерінiң және салық салуға байланысты объектiлердiң есебiн және (немесе) мемлекеттік тiркеудi жүзеге асырушы уәкілеттi органдар берiлетiн мәлiметтерде салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiн көрсетуге мiндеттi.
ҚР 23.11.02 ж. 358-ІІ; 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 531-бап өзгертілді
531-бап. Қызметтiң жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушiлердi есепке алудың ерекшелiктерi
1. Осы бапта көзделген қызметтi жүзеге асыру кезiнде салық төлеушi:
1) бензинмен (авиациялықтан басқа), дизель отынымен көтерме және бөлшек сауда жасаудың;
2) алкогольдi өнiм өндiру мен (немесе) көтерме сатудың;
3) шыны ыдыстар қабылдаудың;
4) лотереялар ұйымдастырудың, өткізудiң және лотерея билеттерiн сатудың;
5) ойын бизнесiн;
6) темекi өнiмдерiн өндiрудi, көтерме сатуды және импортқа шығаруды жүзеге асырудың басталуы мен тоқтатылуы туралы салық органына мәлімдеуге міндетті.
Егер қызметтiң осы түрi лицензиялауға жатса, қызметтi жүзеге асырудың басталуын тiркеу салық төлеушiнiң тиiстi лицензиясы болған жағдайда жүргiзiледi.
2. Осы баптың 1-тармағында аталған қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушi салық салу объектілерін және салық салумен байланысты объектiлердi кәсiпкерлiк қызметiнде пайдалануды бастағанға дейiн оларды өтiнiш беру арқылы салық органында тiркетуге мiндеттi.
3. Салық органы өтiнiште аталған деректер негiзiнде объектілердi есепке алуды тiркеу карточкасын екi дана етiп толтырады, екi данасын да мөрмен және салық органы басшысының қолымен растайды.
Объектiлердi есепке алуды тiркеу карточкасы - салық салу объектiлерi мен салық салуға байланысты объектiлердiң салық органдарында тiркелгенiн куәландыратын құжат.
Объектiлердi есепке алуды тiркеу карточкасының бiр данасы салық органында қалады, екiншi данасы салық төлеушiге берiледi.
Объектiлердi есепке алуды тiркеу карточкасында көрсетiлген мәлiметтер өзгерген жағдайда салық төлеушi тиiстi салық органына салық салу объектiлерi мен салық салуға байланысты объектiлердi қайта тiркеу туралы өтiнiш бередi.
4. Егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, салық төлеушi салық салу объектiлерi мен салық салуға байланысты объектілердi тiркеу (қайта тiркеу) туралы өтiнiштi олардың орналасқан жерi бойынша бередi.
Салық салу объектiлерi мен салық салумен байланысты объектiлердi тiркеудi (қайта тiркеудi) салық органы өтiнiш берiлген күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде жүргiзедi және ол объектiлердi есепке алуды тiркеу (қайта тiркеу) журналында белгiлейдi.
5. Салық органдарында тiркелмеген салық салу объектiлерi мен салық салуға байланысты объектiлердi пайдалану Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.
6. Лотереялар ұйымдастыру, өткізу және лотерея билеттерiн сату бойынша қызметтi жүзеге асыратын салық төлеушi оларды сату басталғанға дейiн он күнтiзбелiк күн бұрын лотерея билеттерiнiң әрбiр шығарылымын салық органында тiркетуге мiндеттi.
7. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген қызметтiң жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушiлердi есепке алу тәртібін уәкiлеттi мемлекеттік орган белгілейдi.
ҚР 04.07.03 ж. № 475-II (бұр. ред. қара) Заңымен 532-бап өзгертілді
532-бап. Қосылған құн салығын төлеушiлердi есепке алу
1. Қосылған құн салығы бойынша төлеушiлердi есепке қою талаптары осы Кодекстiң ерекше бөлiмiнде айқындалады.
2. Қосылған құн салығы бойынша төлеушiнi есепке қою және оларды есептен шығару тәртібін уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлейдi.
94-тарау. Салық тексерулері
23.11.02 ж. 358-ІІ; 13.03.03 ж. № 394-II (бұр. ред. қара); 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 533-бап өзгертілді
533-бап. Салық тексерулерi ұғымы мен түрлерi
1. Салық тексеруi - салық қызметi органдары жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасы салық заңдарының орындалуын тексеру. Ұйғарымда көрсетiлген салық қызметi органдарының лауазымды адамдары, осы Кодекске сәйкес тексеруді жүргізуге тартылатын өзге де адамдар мен салық төлеушi салық тексерулерiне қатысушылар болып табылады.
1-1. Арнайы білімді және дағдыны талап ететін мәселелерді зерттеу және консультация алу үшін, қажет болған жағдайларда, салық қызметі органы салықтық тексеруге салықтық тексерудің нәтижесіне мүдделі емес маманды тартуы мүмкін.
Алға қойылған мәселелер бойынша маман қорытынды жасайды, ол салықтық тексеру актісіне қоса беріледі.
2. Салық тексерулерiн салық қызметi органдары ғана жүзеге асырады.
3. Салық тексеруi мынадай түрлерге бөлiнедi:
1) құжаттық тексеру;
2) рейдтiк тексеру;
3) хронометраждық зерттеу.
4. Құжаттық тексеру мынадай түрлерге бөлiнедi:
1) кешендi тексеру - салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң барлық түрлерi бойынша салық мiндеттемелерiнiң орындалуын тексеру;
2) тақырыптық тексеру салық міндеттемесінің салықтың жекелеген түрлері және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша орындалуын;
міндетті зейнетақы жарналарын жинақтаушы зейнетақы қорларына және әлеуметтік аударымдарды Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына толық және уақтылы ұстап қалуды және (немесе) есептеуді;
банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың осы Кодексте белгіленген міндеттерді орындауын;
трансферттік бағаларды қолдану кезінде мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша;
акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша;
салық төлеушi мен оның дебиторлары арасындағы өзара есеп айырысуды айқындау мәселелерi бойынша тексеру;
3) қарсы тексеру - егер салықты тексерудi жүргiзу кезiнде салық органында аталған тұлғаларға байланысты салық төлеушiлердiң жүргiзген операцияларының салық есебiнде дұрыс көрсетiлуi туралы қосымша ақпарат алу қажеттiгi туындаған жағдайда үшiншi бiр тұлғаларға қатысты жүргiзiлетiн тексеру.
5. Рейдтiк тексерудi салық қызметi органдары жекелеген салық төлеушiлерге қатысты олардың Қазақстан Республикасы заңдарының жекелеген талаптарын, атап айтқанда:
1) салық төлеушiлердiң салық органдарында тiркеу есебiне қойылуы;
2) фискальдық жады бар бақылау-касса машиналарын қолданудың дұрыстығы;
3) лицензияның, біржолғы талонның және өзге де рұқсат ету құжаттарының болуы;
4) салық қызметі органдарының құзыретінде болатын акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін және қызмет түрлерін лицензиялау ережелерін және өндіру, сақтау мен өткізу шарттарын орындау мәселелері бойынша жүргізіледі.
6. Хронометраждық зерттеудi салық органдары салық төлеушiнiң нақты кiрiсiн және кiрiс алуға байланысты нақты шығындарды анықтау мақсатымен жүргiзедi. Хронометраждық зерттеу уәкiлеттi мемлекеттік орган бекiткен тәртіппен жүргiзiледi.
7. Салық тексеруiн жүргiзу, Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген жағдайларды қоспағанда, салық төлеушiнің қызметiн тоқтатпауға тиiс.
8. Салық органы заңды тұлғаның өзiне салық тексеруiнiң жүргiзiлуiне қарамастан заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшелерiн тексеруге құқылы.
23.11.02 ж. № 358-ІІ; 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 534-бап өзгертілді
534-бап. Салық тексерулерiн жүргiзудiң мерзiмдiлiгi
1. Салық тексерулерi мынадай мерзiмдiлiкпен жүргiзiледi:
1) кешендi - жылына бiр реттен жиi емес;
2) тақырыптық - салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемнiң белгiлi бiр түрi бойынша, акцизделетiн тауарлардың жекелеген түрлерiнiң өндiрiсiн және айналымын мемлекеттік реттеу мәселелерi бойынша, сондай-ақ банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың осы Кодексте белгіленген міндеттемелерді орындау және трансферттік бағалар қолдану кезіндегі мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша жарты жылда бiр реттен жиi емес.
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген шектеулер мынадай жағдайларда қолданылмайды:
1) заңды тұлғаны қайта ұйымдастыруға немесе таратуға және жеке кәсiпкердiң қызметiн тоқтатуға байланысты жүзеге асырылатын құжаттық тексерудi жүргiзу кезiнде, сондай-ақ салық төлеушiнiң өтiнiшi негiзiнде қосылған құнға салынатын салық бойынша есептен алып тастаған жағдайда.
Бұл орайда тексеру салық төлеушiнiң өтiнiшiн алғаннан кейiн отыз күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей жүргiзiлуге тиiс;
2) жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттың қолданылу мерзiмi өтуiне байланысты жүзеге асырылатын құжаттық тексерудi жүргiзу кезiнде;
3) қарсы тексерудi жүргiзу кезiнде;
4) мынадай:
салық төлеушiнiң өтiнішi негiзiнде, қайтарылуға ұсынылған қосылған құн салығы сомасының дұрыстығы, сондай-ақ лицензиар лицензияның қолданысын тоқтата тұрған бұзушылықтарды жою мәнiне;
осы Кодекстiң 52-бабына сәйкес салық төлеушi мен оның дебиторлары арасындағы өзара есеп айырысуды айқындау мәселелерi бойынша тақырыптық тексерулер жүргiзу кезiнде;
5) салық тексеруi актiсi бойынша хабарламаға салық төлеушiнің шағымын қарайтын органның шешiмi негiзiнде жүргiзiлетiн қосымша тексерулер кезiнде;
6) нақты салық төлеушiге қатысты уәкілеттi мемлекеттік орган басшысының бұйрығына сәйкес жүргiзiлетiн кезектен тыс құжаттық тексеру кезiнде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қылмыстық iс жүргiзу заңдарында көзделген негiздер бойынша.
ҚР 23.11.02 ж. 358-ІІ; 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 535-бап өзгертілді
535-бап. Салық тексерулерiн жүргiзудiң мерзiмдерi
1. Берiлетiн нұсқамаларда көрсетiлетiн салық тексерулерiн жүргiзудің мерзiмi, егер осы бапта өзгеше көзделмесе, нұсқама тапсырылған кезден бастап отыз жұмыс күнiнен аспауға тиiс.
1-1. 29.11.03 ж. № 500-II ҚР Заңымен алып тасталды
2. Құрылымдық бөлiмшесi бар заңды тұлғаға салық тексеруiн жүргiзген кезде салық тексеруiн жүргiзудің мерзімін салық органы алпыс жұмыс күнiне дейiн ұзартуы мүмкiн.
3. Ерекше күрделi мәселелердi тексеру кезiнде салық тексеруiн жүргiзудiң мерзiмiн салық қызметiнің жоғары тұрған органы құрылымдық бөлiмшесi жоқ заңды тұлға үшiн елу жұмыс күнiне дейiн, құрылымдық бөлiмшесi бар заңды тұлға үшiн сексен жұмыс күнiне дейiн арттыруы мүмкiн. Ерекше күрделi мәселелер салық қызметiнiң жоғары тұрған органының салық төлеушiге тапсыратын негiзделген жазбаша шешiмiмен расталады.
4. Салық тексеруiн жүргiзу мерзiмi құжаттарды тапсыру туралы салық органының талаптарын салық төлеушiге беру кезi мен салық тексеруін жүргiзу кезінде сұралатын құжаттарды салық төлеушiні табыс етуi аралығындағы уақыт кезеңiнде, сондай-ақ салық органының мәлiметтер мен құжаттарды сұратып алу кезiнде тоқтатыла тұрады.
Салықтық тексеру мерзiмiнің ішінде халықаралық келісімдерге сәйкес шет мемлекеттерге салық қызметі органдарының ақпарат беру және ол бойынша мәлiметтер алу туралы сұрау салған кездерінің арасындағы уақыт кезеңінде де тоқтатыла тұрады.
5. Хронометраждық зерттеулер жүргiзудiң мерзiмi уәкiлеттi мемлекеттік орган бекiткен хронометраждық зерттеулер жүргiзу тәртібіне сәйкес белгiленедi.
95-тарау. Салық тексерулерін жүргізу тәртібі
23.11.02 ж. № 358-ІІ; 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 536-бап өзгертілді
536-бап. Салық тексеруiн жүргiзу негiздемесi
1. Салық тексеруiн жүргiзу үшiн мынадай деректемелердi:
1) нұсқаманың салық органында тiркелген күнi мен нөмiрiн;
2) нұсқама шығарған салық органының атауын;
3) салық төлеушiнің толық атауын;
4) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiн;
5) тексеру түрiн;
6) тексеретiн адамдардың, сондай-ақ осы Кодекске сәйкес тексеру жүргізуге тартылған өзге де адамдардың лауазымын, тегiн, атын, әкесiнің аты;
7) тексеру жүргiзiлетiн мерзiмiн;
8) құжаттық тексерулер кезіндегі тексерiлетiн салық кезеңiн қамтитын нұсқама негiздеме болып табылады.
2. Рейдтiк тексеру тағайындалған кездегi нұсқамада аумақтың тексерiлетiн учаскесi, тексеру барысында анықталуға жататын мәселелер, сондай-ақ осы баптың 3), 4) және 7) тармақшаларын қоспағанда, 1-тармағында көзделген мәлiметтер көрсетiлуге тиiс.
3. Тақырыптық, қарсы тексерулер тағайындалған кезде нұсқамада:
салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң тексерiлетiн түрi;
мiндеттi зейнетақы жарналарын жинақтаушы зейнетақы қорларына, әлеуметтiк аударымдарды Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорына толық және уақтылы ұстап қалу және (немесе) аудару мәселелерi;
банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың осы Кодексте белгiленген мiндеттемелердi орындау мәселелерi;
трансферттiк бағаларды қолдану кезіндегі мемлекеттік бақылау мәселелерi;
акцизделген тауарлардың жекелеген түрлерi өндiрiсiн және айналымын мемлекеттік реттеу мәселелерi;
салық төлеушi мен оның дебиторлары арасындағы өзара есеп айырысуларды айқындау мәселелерi көрсетiледi.
4. Нұсқамаға салық органының бiрiншi басшысы немесе оны ауыстыратын адам қол қоюға, ол салық органының елтаңбалы мөрiмен расталуға және уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлеген тәртiпке сәйкес арнаулы журналда тiркелуге тиiс.
5. Осы Кодекстің 535-бабында көзделген тексеру мерзiмi ұзартылған және (немесе) тексеруді жүргізетін адамдардың саны өзгерген және (немесе) тексерiлетiн салық кезеңi өзгерген жағдайда қосымша нұсқама ресiмделiп, онда бұдан бұрынғы нұсқаманың нөмiрi мен тiркелген күнi, осы Кодекске сәйкес тексеру жүргізуге тартылатын адамдардың тегi, аты, әкесiнің аты көрсетіледi.
6. Бiр ұйғарым негiзiнде бiр ғана салық тексеруi жүргiзiлуi мүмкiн.
537-бап. Салық тексеруiн жүргiзудiң басталуы
1. Салық төлеушiге (салық агентiне) нұсқама берiлген кез салық тексеруiн жүргiзудiң басталуы болып есептеледi.
2. Салық органының салық тексеруiн жүргiзушi лауазымды адамдары салық төлеушiге (салық агентiне) қызмет куәлiгiн көрсетуге мiндеттi.
3. Салық органының салық тексеруiн жүргiзушi лауазымды адамы, рейдтiк тексеруді қоспағанда, салық төлеушiге нұсқаманың түпнұсқасын табыс етедi. Нұсқаманың көшiрмесiне салық төлеушi (салық агентi) нұсқамамен танысқаны және оны алғаны туралы белгi қояды.
4. Рейдтiк тексеру жүргiзiлген кезде салық төлеушiге танысу үшiн нұсқаманың түпнұсқасы көрсетiледi және оның көшiрмесi табыс етiледi. Нұсқамамен таныстырылғаны және оның көшiрмесiн алғаны туралы түпнұсқаға белгi қойылады.
5. Салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) нұсқаманы алудан бас тартуы салық тексеруiн жүргiзудің күшiн жоюға негiз болып табылмайды.
6. Салық тексерулерiн жүзеге асыру кезеңiнде тексерiлетiн салық кезеңіндегі салық есептілігiне салық төлеушiнiң өзгерістер мен толықтырулар енгізуiне жол берiлмейдi.
538-бап. Салық қызметi органы лауазымды адамдарының тексерудi жүргiзу үшiн аумаққа немесе үй-жайға жiберiлуi
1. Салық төлеушi салық қызметi органының салық тексеруiн жүргiзетiн лауазымды адамдарын табыстарды алу үшiн пайдаланылатын аумаққа немесе үй-жайға (тұрғын үй-жайлардан басқа) не салық салу объектiлерi мен салық салумен байланысты объектiлерге жiберуге мiндеттi.
2. Салық қызметi органының салық тексеруiн жүргiзушi лауазымды адамдарының көрсетiлген аумақтарға немесе үй-жайларға (тұрғын үйлерден басқа) кіруiне бөгет жасалған жағдайда хаттама жасалады.
3. Хаттамаға салық органының тексерудi жүргiзушi лауазымды адамдары және салық төлеушi (салық агентi) қол қояды. Аталған хаттамаға қол қоюдан бас тартқан кезде салық төлеушi (салық агентi) бас тартуының себептерi туралы жазбаша түсiнiктеме беруге мiндеттi.
4. Егер Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес салық төлеушінің аумағына немесе үй-жайына кіру үшін арнаулы рұқсат қажет болатын болса, салық қызметi органы лауазымды адамдарында ол болуға тиiс.
5. Салық төлеушiнiң мынадай жағдайларда, егер:
нұсқама белгiленген тәртiппен тапсырылмаса не ресiмделмеген болса;