Қара металлургияда өнеркәсіптік өнім өндіру көлемінің басым бөлігі "Миттал Стилл Теміртау" АҚ-қа тиесілі, алайда қара металдар рыногындағы қатаң бәсекеге байланысты 2006-2008 жылдары қара металдар илегі бойынша өндіріс көлемінің айтарлықтай өсуі күтілмейді. Кәсіпорында жиынтық өнімділігі жылына 5,2 млн. тонна болатын үздіксіз болат құюдың екінші желісін аяқтау жоспарланып отыр. Бұдан басқа, 2007 жылы "Миттал Стилл Теміртау" АҚ Ақтау қаласында бірінші модулді қуаты жылына 60 мың тонна болатын құбыр зауытын салуды аяқтауды жоспарлап отыр.
Республикада түсті металл сынықтары мен мыс негізіндегі қорытпалар сияқты төменгі сортты шикізатты қайта өңдеу қуаттары бар, олардың ірі қайта өңдеушісі "Қазақмыс" корпорациясы мен "Кастинг" ЖШС болып табылады. Бұдан басқа, "Кастинг" ЖШС перспективалы даму жоспарында болат балқыту және илек өндірісінің екі кезегін салу көзделген. Сұйық болат және подкат өндірісі іске қосылды. Блюмдер түріндегі подкат шығарылады.
"ССТКӨБ" АҚ республикадағы тауарлық темір рудасы мен темір рудалы шекемтастарды негізгі өндіруші болып табылады. Кәсіпорын өз өнімінің негізгі бөлігін (70%-дан астам) Ресейдің металлургия зауыттарына жеткізеді. Темір рудасы шикізаты рыногында өнімнің жоғары бәсекеге қабілеттілігін сақтау үшін бірлестік шығарылатын өнім технологиясын жетілдіру және сапасын арттыру жөніндегі іс-шараларды әзірледі. Өндіріс көлемінің ұлғаюы өткізу бірінші кезекте Ресейге өткізу рыногына тәуелді.
Қазақстанда тұңғыш рет Ақтөбе ферроқорытпа зауытында Шоқаш кен орны рудаларынан рутил-цирконийлі концентраттар өндіру технологиясы игерілуде.
"Қазхром" ТҰК "Ақсу ферроқорытпа зауыты" филиалында пештер ферросилицийдің төменгі сортты маркасын балқытудан жоғары сапалы көміртекті феррохромды балқытуға көшірілді, құю, металды бөлу және жіктеу схемасы жетілдірілді.
"ӨТМК" ААҚ Сәтпаев кен орнындағы ильмениттік концентраттарды шығару жөніндегі кенішті іске қосу жолымен өзінің шикізат базасын құрды.
Мұнай-химия өнеркәсібі
Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2004 жылғы 29 қаңтардағы № 101 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының мұнай-химия өнеркәсібін дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасында мұнай-химия өндірісін салу және дамыту үшін базалық жағдайлар қалыптасты.
"Теңізшевройл" ЖШС-нің газы базалық мұнай-химия өнімін өндіру жөніндегі жоспарланған мұнай-химия өндірістерін құру үшін шикізаттың ең оңтайлы көздерінің бірі болуы мүмкін. Кейіннен Қашаған және Қарашығанақ кен орындарының газдары мұнай-химия өндірістері үшін шикізаттың негізгі көздері болады.
Сондықтан бірінші кезеңде газды қайта өңдеу зауытын салу жөніндегі инвестициялық жобаны әзірлеу және іске асыру жоспарланып отыр.
Халықаралық рыноктың мұнай-химия өніміне қажеттілігі өңірлік аспектіде базалық мұнай-химия өнімінің он бес номенклатуралық түрлерін, оның ішінде тығыздығы әртүрлі полиэтилен, әртүрлі маркалы полипропилен, бензол, этиленгликол және этил-бензол, полистирол, метанол және басқа да мұнай-химия өнімдерін шығару жөніндегі мұнай-химия өндірістерін құру Қазақстан үшін барынша экономикалық пайдалы болатынын көрсетеді.
Мұнай өнеркәсібi
Тұтастай республика бойынша мұнай өндірудің прогрессивті өсу серпіні республика экономикасының жер қойнауын пайдалану саласындағы мұнай-газ секторын дамытудың сипатты ерекшелігі болып табылады.
Мұнай өндіруді ұлғайту мұнай өндіруші компаниялар қазіргі уақытта өнеркәсіптік пайдалануға тартып жатқан көмірсутектер ресурстарын игеруге енгізумен қамтамасыз етіледі.
Атырау мұнай өңдеу зауытын қайта жаңарту жөніндегі жұмыс (бұдан әрі - Жоба) жалғасады.
2006 жылы Жоба аяқталғаннан кейін және Қашағандағы коммерциялық игеру басталғаннан кейін отандық МӨЗ-дерді республиканың мұнай өнімдерінің негізгі түрлеріне қажеттілігін толық жабуға мүмкіндік беретін көлемде жүктеу жоспарланып отыр. Атырау МӨЗ-ін қайта жаңарту ақшыл мұнай өнімдерін 35%-ға ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Мұнай экспортын дамыту перспективалары көліктік мүмкіндіктермен, бірінші кезекте құбыр инфрақұрылымы мүмкіндіктерімен айқындалады. Қазіргі уақытта магистралды құбырлардың ұзындығы шамамен 7,0 мың км. құрайды.
Орта мерзімді кезеңде мұнай тасымалдаудың баламалы бағыттарын кеңейту және құру жөніндегі жұмыстар жүргізіледі. Мысалы, 2005 жылы Атасу - Алашанькоу мұнай құбырын салуды аяқтау және КТК мұнай құбырының өткізу қабілетін кеңейту жобаларын дайындау жоспарланып отыр.
Газ өнеркәсібi
2006-2008 жылдары Қарашығанақ Газ жобасын іске асыру Газ альянсын құру және өткізу қабілеті 2010 жылға қарай 90 млрд. текше метрге дейін жеткізілетін OAO (Орта Азия - Орталық) газ-көлік жүйесін жаңғырту және қайта жаңарту жөніндегі жұмыстар жалғасатын болады.
"Қызылорда қаласының жылу-энергия көздерін және тұрғын үй секторын ілеспе газға ауыстыру" жобасын іске асыру жалғасады, ол бойынша ұзындығы 123 км. "Ақшабұлақ - Қызылорда" магистралды газ құбырын салу аяқталды.
2005-2006 жылдары Амангелді топтық газ кен орындарын игеру жалғасады.
Көмір өнеркәсібi
Көмір өнеркәсібінде "Екібастұз көмірі", "Қарағанды көмір бассейні шахталарын жабу", "Көмір саласын халықаралық стандарттарға көшіруді қамтамасыз ету" бағдарламалары іске асырылуда.
1995 жылдан бастап Қарағанды көмір бассейнінде рентабелді емес шахталарды жабудың жоспарлы процесі жүзеге асырылуда. 2005 жылға дейін 9 шахта жабылды, бұл үшін республикалық бюджеттен 5,5 миллиардтан астам теңге бөлінді.
2004 жылы Екібастұз бассейні көмір өнімдерінің үш мемлекеттік стандарты, каталогы мен сыныптамасы әзірленді және бекітілді.
Көмір отын ғана емес химиялық-технологиялық шикізат болып табылатынын ескере отырып, көмірді терең өңдеу (газдандыру, синтетикалық сұйық отын, химиялық өнімдер) технологияларын енгізу үшін ғылыми-техникалық базаны кеңейтуге, сондай-ақ көмір қыртыстарындағы метанды өнеркәсіптік пайдалануға кірісу ұйғарылып отыр.
Қазақстан Республикасынан таяу және алыс шетелдерге жеткізілетін көмір өнімдерінің сапасын, оның сыртқы рыноктағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін көмір саласын ИСО сериялы халықаралық стандарттарға көшіруді қамтамасыз ету жөнінде бағдарлама әзірлеу көзделуде.
Атом өнеркәсібi
Қазақстан Республикасының уран өнеркәсібін дамыту Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 23 қаңтардағы № 78 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында уран өнеркәсібін дамытудың 2004-2015 жылдарға арналған бағдарламасына (бұдан әрі - Бағдарлама) сәйкес жүзеге асырылады.
Уран өндіру көлемін ұлғайту жөніндегі негізгі іс-шаралар жаңа кен орындарын игеруге және қолданыстағы рудниктерді дамытуға бағытталған.
Бағдарламаны іске асырудың бірінші кезеңінде:
"Ақдала", "Оңтүстік Мойынқұм", "Заречное", "Ыңғай" рудниктерін кеңейту және салу көзделеді;
Бағдарламаны іске асырудың екінші кезеңінде:
"Иіркөл", "Орталық Мыңқұдық", "Жалпақ" рудниктерін салу көзделеді.
Қаржы ресурстарын одан әрі тарту және уран өнімдерін кепілдендірілген өткізуді қамтамасыз ету үшін "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК Қытай Ұлттық Атом Корпорациясы, Ресей Федерациясының Атоммині, "RWE Nuken GmbH" неміс компаниясы, жапондық "Itochu Corporation" компаниясы, оңтүстік кореялық "KORES" компаниясы сияқты өндіруден соңғы тұтынуға дейін тігінен біріктірілген жоғары дәрежелі компаниялармен бірлескен кәсіпорындар құру туралы келіссөздер жүргізуде.
"YMЗ" ААҚ-та жаңғыртылған уранды конверсиялау жөніндегі желілер құру туралы БНФЛ компаниясымен келіссөздер жүргізіліп жатыр.
Қазақстанда кезең-кезеңімен уран тотықша-тотығын (U3О8), диоксидін (UO2) және гексафторидін (UF6) шығару жөніндегі "әскери емес" бірыңғай технологиялық цикл құру жоспарланған және жүзеге асырылуда.
Электр энергиясын өндіру
Электр энергиясын өндіру мен тұтынудың көзделген көлемдерін қамтамасыз ету үшін алдағы кезеңге рыноктық тетіктер мен электр энергиясының спот рыногын дамыту, рынок субъектілерін электр энергиясын бақылау мен есепке алудың автоматтандырылған жүйелерімен (АСКУЭ) және ақпарат беру жүйелерімен жарақтандыру жолымен электр энергетикасының жұмыс істеуінің тиімділігін арттыру, саладағы инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі міндеттер алға қойылады. Солтүстік-Оңтүстік транзитін салу аяқталады, Қазақстанның Батысында жаңа қуаттар іске қосылады, жұмыс істеп тұрған электр станцияларындағы энергия блоктарын қалпына келтіру және қайта жаңарту жөніндегі жұмыстар жалғасады.
§ 2. Қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану
Қоршаған ортаны қорғау
2006-2008 жылдары қоршаған ортаны қорғау саласындағы алдағы кезеңге арналған мақсаттар қоршаған ортаның ластану деңгейін азайту және қоршаған ортаның сапасын тұрақтандыру үшін жағдайлар жасау болып табылады.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы негізгі міндеттер:
мыналарды:
заңнама базасын жетілдіруді;
мемлекеттік және жергілікті деңгейлерде жоспарлауды қамтамасыз етуді;
қоршаған ортаны қорғауды мемлекеттік басқаруды дамытудың институционалдық негіздерін құруды;
мемлекеттік, өндірістік және қоғамдық бақылау жүйесін жетілдіруді;
қоршаған орта мониторингі жүйесін дамытуды;
жүйелі тәсіл негізінде табиғат қорғау жұмыстарын ғылыми қамтамасыз етуді;
сектораралық ынтымақтастық тетіктерін әзірлеуді;
экономикалық тетіктерді жетілдіруді;
әлеуметтік әріптестік тетіктерін дамытуды;
экологиялық білім беру жүйесін жетілдіруді;
халықаралық ынтымақтастықты дамытуды қамтиды;
шаруашылық және өзге де қызметтердің қоршаған ортаға әсерін азайту және табиғат қорғау-қалпына келтіру жұмыстарын:
ормандарды молықтыру және орман өсіру;
Жердің климаты мен озон қабатына антропогендік әсер етуді азайту;
экологиялық апат аймақтарын, зымыран-ғарыш полигондарын және әскери-сынақ кешендерін оңалту;
Каспий теңізінің қайраңы мен оған жақын орналасқан аумақтардың ластануын болдырмау;
су ресурстарының жұтауы мен ластануының, әуе бассейнінің ластануының алдын алу;
өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтардың жинақталу көлемін азайту, оларды жою және ұқсату;
халықтың аурушаңдық деңгейі мен қоршаған ортаның сапасы арасындағы байланысты зерттеу жолымен шаруашылық және өзге де қызметтің қоршаған ортаға әсерін азайту әрі табиғатты қорғау-қалпына келтіру жұтаған жерлерді түгендеу және бағалау;
шөлейттенуге қарсы күрес проблемалары бойынша шешімдерді қабылдау процесіне халықтың барлық топтарының қатысуын қамтамасыз ету және хабардар ету;
жерлерді қалпына келтіру немесе олардың жұтауының алдын алу жөніндегі пилоттық жобаларды әзірлеу және іске асыру жолымен Қазақстан Республикасының аумағындағы шөлейттену процесін тоқтата тұру және оның алдын алу жөніндегі бірінші кезектегі әрі превентивтік іс-шаралар өткізу.
Қоршаған ортаны қорғау және табиғат ресурстарын пайдалану саласындағы заңнамалық базаны жетілдіру үшін Қазақстан Республикасының барлық басқа да заңнамалық кесімдеріне қоршаған ортаны қорғау, экологиялық сақтандыру, экологиялық аудит мәселелерін реттеуге бағытталған табиғат қорғау нормалары енгізіледі.
Табиғат қорғау заңнамасын жүйелендіру мақсатында 2006 жылы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі әзірленеді.
Екі жақты және көп жақты келісімдерге, атап айтқанда БҰҰ конвенциялары мен қоршаған ортаны қорғау және тұрақты даму саласындағы жаһандық халықаралық форумдардың шешімдеріне сәйкес қабылдаған Қазақстан Республикасының міндеттемелерін орындау жөнінде шаралар қабылданады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 6 желтоқсандағы № 1278 қаулысымен қоршаған ортаның ластану деңгейін азайту және оның тұрақтандыру жөніндегі шаралар кешенін тұжырымдау көзделген "Қазақстан Республикасының 2005-2007 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау" бағдарламасы бекітілді.
Бұл Бағдарламаны іске асыру шеңберінде:
2005 жылы:
табиғат қорғау іс-шараларын жоспарлауды әртүрлі деңгейде және салааралық үйлестіру қамтамасыз етіледі;
қоршаған ортаны қорғауды басқарудың тиісті институционалдық базасы қалыптастырылады;
қоршаған ортаны қорғау саласындағы ғылыми зерттеулердің негізі құрылады;
2006 жылы:
заңнама базасы ретке келтіріледі;
экологиялық талаптар мен стандарттарды қайта қарау және әзірлеумен мемлекеттік бақылау жүйесін жаңғырту жүргізіледі;
Бірыңғай мемлекеттік мониторинг жүйесінің жұмыс істеуі қамтамасыз етіледі, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау мониторингі жүйесі 10%-ға кеңейтіліп, жаңғыртылады;
табиғат қорғау қызметін ынталандырудың тиімді экономикалық тетіктері пысықталады және сынақтан өткізіледі;
халықаралық ынтымақтастықты кеңейту қамтамасыз етіледі;
2007 жылы:
нормативтік әдістемелік құжаттама әзірленеді;
қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстардың ғылыми-техникалық негіздемесі қамтамасыз етіледі;
үздіксіз экологиялық білім беру, тәрбиелеу және ағартушылық жүйесі жетілдіріледі.
2007 жылы қоршаған орта сапасының көрсеткіштерін тұрақтандыру және табиғат пайдалануға қойылатын экологиялық талаптарды жетілдіру үшін Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасының екінші кезеңін (2008-2010 жылдар) іске асыру жөніндегі бағдарлама әзірленеді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы № 49 қаулысымен Қазақстан Республикасының аумағындағы шөлейттену процесін тоқтата тұру және алдын алу жөніндегі бірінші кезектегі және превентивтік іс-шараларды қамтитын Қазақстан Республикасында шөлейттенуге қарсы жөніндегі 2005-2015 жылдарға арналған бағдарлама бекітілді.
Шөлейттенуді тоқтата тұру және алдын алу процесі аталған Бағдарлама ережелерін кезең-кезеңімен іске асыруды көздейді.
Бағдарламаны іске асыру шеңберінде бірінші кезеңде (2005-2007 жылдар):
шөлейттенуге бейім жерлерді түгендеу және олардың жай-күйін бағалау жүргізіледі;
жерлерді қалпына келтіру немесе олардың жұтауының алдын алу жөніндегі пилоттық жобалар әзірленеді;
шөлейттенуге қарсы күрес проблемалары бойынша шешімдерді қабылдау процесіне халықтың барлық топтарының қатысуын қамтамасыз ету және хабардар ету жөніндегі жұмыс жүргізіледі.
2008 жылы ресурстық базаны сақтауды және қалпына келтіруді қамтамасыз ететін тұрақты жер пайдаланудың нормативті талаптары мен экономикалық тетіктерін әзірлеу және енгізу, халықаралық экологиялық конвенцияларды тұтастырылған іске асыруды қамтамасыз ету, шөлейттену және құрғақшылықтың теріс әсер ету процесінің көлемдерін қысқарту және дамуының алдын алу жөніндегі жұмыс басталады.
Табиғат пайдалану
2006-2008 жылдары табиғат пайдалану саласындағы негізгі міндеттер:
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың желісін дамыту;
Ормандарды, кеңейту, молықтыру және орман өсіру;
елді мекендерді көгалдандыру және олардың айналасында жасыл аймақтар құру;
биологиялық әралуандылықты сақтау.
Елдің балық шаруашылығын одан әрі дамытудың негізгі мақсаты бағалы балық түрлерін сақтау және дамыту үшін жағдайлар жасау болады.
Бағалы балық түрлерін сақтау мен дамыту және балық шаруашылығын тиімді басқару саласында алға қойылған міндеттерді шешу үшін:
балық шаруашылығын басқарудың біріктірілген ақпараттық жүйесін құру жолымен мониторинг, бақылау және қадағалау жүйесін жетілдіруді;
балық шаруашылығы тоғандарында бағалы балық түрлерінің өндірістік запасын қалыптастыру мен толықтыруды;
көл-тауар шаруашылықтарын дамыту үшін жағдайлар жасауды жүзеге асыру жоспарланып отыр.
2005-2007 жылдары орман және аңшылық шаруашылығы саласындағы негізгі бағыт ормандарды орман өртінен және заңсыз ағаш кесуден қорғауды күшейту болуы тиіс.
Елдегі мемлекеттік орман қорын молықтыру, жасыл аймақтарды кеңейту мақсатында:
Елдегі мемлекеттік орман қорын сақтау және молықтыру, жасыл аймақтарды кеңейту мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 маусымдағы № 632 қаулысымен 2005-2007 жылдарға арналған "Жасыл ел" бағдарламасы бекітілді. Бағдарламаны іске асыру ормандарды күзету, қорғау және молықтыру саласындағы ахуалды тұрақтандыруға және оларды ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді.
Аңшылық шаруашылығын толыққанды жүргізу үшін жануарлардың жабайы түрлері ресурстарының жүйелі мемлекеттік есебі мен кадастры қажет, мұнда жануарлардың географиялық таралуы туралы, олардың жай-күйі мен саны, тіршілік ортасының сипаттамасы және шаруашылық мақсатта пайдаланылуы туралы мәліметтердің жиынтығы көрсетіледі.
2005-2006 жылдары мынадай іс-шаралар орындалады:
аңшылық объектісі болып табылатын жануарлар түрлерінің жай-күйіне бағалау жүргізіледі;
"Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005 жылғы 19 шілдедегі № 746 қаулысымен бекітілген Тізбеге сәйкес республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдарды паспорттау жүргізіледі;
Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының аумақтарында аңшылық-экономикалық зерттеулер және шаруашылықаралық аңшылықты жайластыру жүргізіледі;
республиканың резервтік аңшылық қорының аумақтары бекітіледі.
Тұяқты жабайы жануарлардың және киіктердің санын тұрақтандыру және күтілетін олардың таралу аймақтары бойынша сан өсімінің нәтижелер есептік деректерімен тіркелген таралымдарын қалпына келтіруді көздейтін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 наурыздағы № 267 қаулысымен бекітілген Тұяқты жабайы жануарлардың сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлері мен киіктерді сақтаудың және қалпына келтірудің 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жалғасады.
11. Аумақтық даму және инфрақұрылым
§ 1. Өңірлік даму
2006-2008 жылдары өңірлік саясаттың мақсаттары экономиканы әртараптандыру және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жағдайлар жасау, инфрақұрылымды нығайтуға және тіршілік ету ортасын жақсартуға ықпал ететін басым инвестициялық жобаларды жүзеге асыру негізінде өңірлердің тұрақты дамуына қол жеткізу болады.
Бұл кезеңде мынадай міндеттерді шешу:
өңірлерді дәйекті әрі теңгерімді әлеуметтік-экономикалық дамытуды қамтамасыз ету;
кластерлік даму негізінде өңірлердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, ауылдық аумақтарды дамытуға бағытталған шаралар әзірлеу және іске асыру, проблемалы аумақтардың мәселелерін шешу;
шекара маңындағы аудандардың экономикалық әлеуетін нығайту жөніндегі мемлекеттік саясатты тұжырымдау және жүргізу;
Алға қойылған мақсатқа қол жеткізу және міндеттерді шешу үшін республикалық деңгейде:
мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы функциялар мен өкілеттіктердің аражігін нақты ажыратуды қамтамасыз ететін заңнамалық кесімдерді қабылдау және бюджетаралық қатынастарды жетілдіру;
Қазақстан Республикасының аумақтық дамуының 2015 жылға дейінгі кезеңге арналған стратегиясын әзірлеу және бекіту;
Проблемалық аумақтарды дамыту бағдарламасын әзірлеу және бекіту;
Ауылдық аумақтарды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру;
ұтымды демографиялық және көші-қон саясатын жүргізу көзделіп отыр.
Өңірлік деңгейде мынадай шараларды қабылдау:
экономика құрылымын, бірінші кезекте, инвесторлар үшін шикізатты терең өңдеуді ұйымдастыру, өнімнің қосылған құнын ұлғайту бойынша ынталандырушы жағдайлар жасау есебінен жетілдіру;
инфрақұрылымды одан әрі дамытуды қамтамасыз ету;
меншікті ресурстарды қайта өңдеу саласында жаңа өндірістер құру үшін өңірге тікелей инвестициялар тарту жөніндегі жұмысты өрістету;
шағын және орта бизнесті дамыту жөніндегі шараларды іске асыру;
тұрып қалған кәсіпорындардың жұмысын қалпына келтіру есебінен де, жаңа өндірістер құру есебінен де жұмыс орындарын құру жөніндегі жұмысты жалғастыру;
қосымша жұмыс орындарын құру, ақы төленетін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру, жұмыссыздарды кәсіптік оқыту және қайта даярлау есебінен жұмыспен қамтуға белсенді жәрдемдесу;
ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі өңірлік бағдарламаларды іске асыру;
кедейшілікті азайту жөніндегі өңірлік бағдарламаларды іске асыру;
білім беруді дамытудың өңірлік бағдарламаларын іске асыру;
шағын қалаларды дамыту жөніндегі, олардың экономикалық өсуіне және тұрғындарының тұрмыс деңгейінің жақсаруына қол жеткізуге бағытталған өңірлік бағдарламаларды іске асыру. Бұл ретте шекара маңындағы, ең алдымен, оңтүстіктегі аудандардың экономикалық әлеуетін нығайтуға ерекше көңіл бөлінеді;
халықтың неғұрлым аз қамтамасыз етілген жіктеріне микрокредит беруде кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдайлар жасауға бағытталған жүйесін одан әрі дамыту;
серпінді дамушы теңгерімді көлік жүйесін, тиімді және технологиялық жаңартылған, экономика мен өңірлер тұрғындарының қажеттіліктерін сапалы қызметтермен қамтамасыз ететін көлік кешенін құру көзделіп отыр.
ҚР Үкіметінің 2006.27.02. № 129 қаулысымен 2-бөлім жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2005 жылғы
26 тамыздағы
№ 884 қаулысымен
Бекітілген
2-бөлім. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық
дамуының 2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттік реттеуіштерi
Атауы | 2005 ж. бағалау | Болжам |
01.07 дейін | 01.07 бастап | 2006 ж. | 2007 ж. | 2008 ж. |
Ең төменгi жалақы мөлшері, теңге | 7000 | 9200 | 9200 | 9752 | 10337 |
Базалық зейнетақы төлемінің мөлшері, теңге* | 3000 | 3000 | 3000 | 3180 |
Ең төменгі зейнетақы мөлшері, теңге | 6200 | 6700 | 7102 | 7528 |
Ең төменгi күнкөріс деңгейі, теңге | 6014 | 7945 | 8422 | 8927 |
Айлық есептік көрсеткіш, теңге | 971 | 1030 | 1092 | 1157 |
Жұмыс күшінің импортына квота (Қазақстан Республикасы- ның шекара маңындағы облыстарында ауыл шаруа- шылығы жұмыс- тарында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін тартыла- тын көшіп келген еңбекшілердi есепке алғанда), %-бен** | 0,32 | 0,45 | 0,45 | 0,45 |
* Базалық зейнетақы төлемі 2005 жылғы 1 шілдеден бастап енгізіледi
** шетелдік жұмыс күшін тартуға квота болжамы көшіп келген еңбекшілерді есепке алғанда, Қазақстан Республикасының экономикалық белсенді халқы санының 0,45%-ы ретінде есептеледi
ескертпе:
Қазақстан Республикасының кеден кодексіне сәйкес тауарлар мен қызметтер импортына кедендік тарифтердің өзгеруі қажеттілігіне қарай Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларымен бекітіледі;
өнімдер (жұмыстар, қызметтер) өндіруге арналған стандарттар «Стандарттау туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабының 7-тармағына сәйкес стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіпке сәйкес бекітіледі.
Табиғи монополиялар субъектілерінің реттелетін қызметтерi
(тауарлары, жұмыстарына) бағалардың және тарифтерінің
шекті өсуінің 2006-2008 жылдарға арналған болжамы
№ | Мемлекеттік реттеуіштер | 2005 ж. жел- тоқсан 2004ж. жел- тоқ- санға, %, ба- ғалау | 2006 ж. желтоқ- сан 2005 ж. желтоқ- санға, %, болжам | 2007 ж. желтоқ- сан 2006 ж. желтоқ- санға, %, болжам | 2008 ж. желтоқ- сан 2007 ж. желтоқ- санға, %, болжам |
1 | Электр энергиясын өңірлік деңгейдегі электр желілері арқылы беру | 150,9 | 106,3 | 104 | 104,3 |
2 | Электр энергиясын өңіраралық деңгейдегі электр желілері арқылы беру | 108,9 | 106 | 106,1 | 112,5 |
3 | Электр энергиясын желіге жіберуді және тұтынуды техникалық диспетчерлендіру | 109,5 | 107 | 110 | 110,9 |
4 | Газды және (немесе) газ конденсатын тасымалдау: тарату құбырлары арқылы | 102,7 | 104 | 101,6 | 101,9 |
5 | Мұнайды магистра- льды құбыржолдары арқылы тасымалдау | 100 | 100 | 100 | 100 |
6 | Жылу энергиясын өндіру, беру және (немесе) тарату | 106,7 | 104,8 | 106,2 | 103,8 |
7 | Су шаруашылығы жүйесінің қызмет- тері: магистральды құбырлар және (немесе) арналар арқылы су беру таратушы құбыржолдары арқылы су беру | 105,1 103,1 | 102 100,2 | 100,2 105 | 100,3 105 |
8 | Ағынды суларды ағызу | 104,9 | 104,1 | 105,7 | 104,9 |
9 | Порттардың қызметтері | 100 | 100 | 100 | 100 |
10 | Әуежайлардың қызметтері: Әуе кемесінің ұшуын және қонуын (қабыл- дау және шығару) қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер Авиациялық қауіп- сіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер | 100,7 102,1 | 101,5 104,7 | 101,3 104,1 | 101,2 103,5 |
11 | Почта байланысының жалпыға қол жетімді қызметтері: жай хат жіберу жай карточка жіберу жай бандероль жіберу | 102 102 102 | 102 102 102 | 102 102 102 | 102 102 102 |