«Қазақстан Республикасының 2005-2007 жылдарға арналған қоршаған ортаны
қорғау» бағдарламасы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 6 желтоқсандағы № 1278 қаулысы
(2007.20.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Yкіметінің 2007.20.03. № 223 Қаулысымен кіріспе өзгертілді (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2004 жылғы 3 ақпандағы № 131 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауiпсiздiгi тұжырымдамасын iске асыру жөніндегі 2004-2006 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарының 1-тармағын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының 2005-2007 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау» бағдарламасы (бұдан әрi Бағдарлама) бекітілсiн.
2. Орталық және жергіліктi атқарушы органдар жылына екi рет 20 қаңтарға және 20 шiлдеге Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгіне Бағдарлама iс-шараларының орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
ҚР Yкіметінің 2007.20.03. № 223 Қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі жыл сайын 10 ақпанға Қазақстан Республикасының Үкіметіне Бағдарлама іс-шараларының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат ұсынсын.
ҚР Yкіметінің 2007.20.03. № 223 Қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі А.Е. Мусинге жүктелсiн.
5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д.К. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 6 желтоқсандағы
№ 1278 қаулысымен
бекітілген
«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 2005-2007 ЖЫЛДАРҒА
АРНАЛҒАН ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ»
БАҒДАРЛАМАСЫ
ҚР Yкіметінің 2007.20.03. № 223 Қаулысымен 1-бөлім өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. БАҒДАРЛАМАНЫҢ ПАСПОРТЫ
Атауы "Қазақстан Республикасының 2005-2007 жылдарға
арналған қоршаған ортаны қорғау" бағдарламасы
Әзiрлеу үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы
негiздеме 3 ақпандағы № 131 қаулысымен бекiтілген Қазақстан
Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған
экологиялық қауiпсiздiк тұжырымдамасын iске асыру
жөніндегі іс-шаралар жоспарының 1-тармағы.
Мақсат Қоршаған ортаның ластану деңгейін азайту және оны
тұрақтандыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын әзiрлеу
Мiндеттер а) Қоршаған ортаның сапасын басқарудың жүйесін
оңтайландыру мыналарды қамтиды:
заңнама базасын жетілдiру;
мемлекеттік және жергілiктi деңгейлерде жоспарлауды
қамтамасыз ету;
қоршаған ортаны қорғаудың мемлекеттік басқармасының
институционалдық негiзiн құру;
мемлекеттік, өндiрiстік және қоғамдық бақылау
жүйесін жетілдiру;
қоршаған ортаның мониторинг жүйесiн дамыту;
жүйелiк тәсіл негiзiнде табиғат қорғау жұмыстарын
ғылыми қамтамасыз ету;
сектораралық ынтымақтастық тетіктерiн әзiрлеу;
экономикалық тетiктердi жетілдіру;
әлеуметтiк әріптестік тетiктерiн дамыту;
экологиялық білім беру жүйесін жетілдiру;
халықаралық ынтымақтастықты дамыту.
б) Қоршаған ортаға шаруашылық және өзге де
қызметтiң әсерiн азайту әрі мынадай жолмен табиғат
қорғау-қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу:
Жердiң климаты мен озон қабатына антропогендік
әсер етудi азайту;
биоалуантүрлілiктi сақтау;
экологиялық апат аймақтарын, зымыран-ғарыш
полигондарын және әскери-сынақ кешендерін оңалту;
Каспий теңiзiнiң қайраңы мен жақын аумақтардың
ластануының алдын алу;
су ресурстарының жұтауы мен ластануының, әуе
бассейнiнiң ластануының алдын алу;
жинақтаулар көлемдерiн қысқарту, өндiрiстiк және
тұрмыстық қалдықтарды жою және ұқсату;
халықтың аурулары мен қоршаған ортаның сапасы
арасындағы байланысты зерттеу.
Негізгі Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау
әзірлеуші министрлігі
Қажетті Республикалық бюджеттен 10185,7 млн. теңге, оның
ресурстар ішінде:
және 2005 жыл - 3703,3 млн. теңге;
қаржыландыру 2006 жыл - 1341,8* млн. теңге;
көздерi 2007 жыл - 5140,6 млн. теңге қаражат бөлу
көзделуде.
Ескерту: * - қаржыландыру көлемдерi тиiстi жылға
бюджеттi қалыптастыру кезiнде нақтыланатын болады.
Бағдарламаны Қоршаған ортаның сапасын басқару жүйесiн
іске асырудан оңтайландыру саласында мыналар:
күтілетін 2005 жылы:
нәтижелер табиғат қорғау iс-шараларын жоспарлауды әртүрлі
деңгейдегi және салааралық үйлестiру қамтамасыз
етілетін;
қоршаған ортаны қорғауды басқарудың тиiстi
институционалдық базасы қалыптастырылатын;
қоршаған ортаны қорғау саласындағы ғылыми
зерттеулердiң негiзi құрылатын;
2006 жылы:
заңнама базасы ретке келтiрілетiн;
экологиялық Талаптар мен стандарттарды қайта қарау
және әзiрлеумен мемлекеттік бақылау жүйесі
жаңғыртылатын;
Мониторингтің бiрыңғай мемлекеттік жүйесiнiң жұмыс
iстеуi қамтамасыз етілетiн және 10%-ға қоршаған
және ұлғайтылатын;
табиғат қорғау қызметiн ынталандырудың тиiмдi
экономикалық тетiктерi пысықталатын және сынақтан
өтетiн;
халықаралық ынтымақтастықты кеңейту қамтамасыз
етілетін;
2007 жылы:
нормативтік әдiстемелiк құжаттама әзiрленетін;
қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстардың
ғылыми-техникалық негіздемесi қамтамасыз етілетiн;
үздiксiз экологиялық білiм беру, тәрбиелеу және
ағартушылық жүйесi жетілдiрілетiн болады.
Қоршаған ортаға шаруашылық және өзге де қызметтiң
әсер етуiн азайту, экожүйелердi қалпына келтiру және
оңалту саласында 2007 жылы мыналар қамтамасыз
етілетін болады:
оны неғұрлым ластанған iрi қалалар мен өнеркәсiп
орталықтарында азайту кезiнде 3,6 - 3,7 деңгейiнде
атмосфераны ластаудың орташа көрсеткiшін сақтау;
өндiрiс қарқынын ұлғайту кезiнде жылына 155-156
млн. куб. м деңгейiнде ластанған ағындардың
төгiнділер көлемдерiн сақтау;
өндiрiс және тұтыну қалдықтарын ұқсату көлемдерiн
олардың жыл сайынғы жинақталуының 10% деңгейiне
дейiн жеткізу.
Іске асыру 2005-2007 жылдар
мерзiмдерi
ҚР Yкіметінің 2007.20.03. № 223 Қаулысымен 2-бөлім өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. КIРIСПЕ
«Қазақстан Республикасының 2005-2007 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау» бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 3 ақпандағы № 131 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауiпсiздiк тұжырымдамасын iске асыру жөнiндегі іс-шаралар жоспарының 1-тармағына сәйкес әзiрленген.
Бағдарлама қоршаған ортаны ластау деңгейiн азайтуды және оны тұрақтандыру жөніндегi іс-шаралар жоспарын әзiрлеудi көздейтін 2004-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы Экологиялық қауiпсiздігі тұжырымдамасының бiрiншi кезеңiн (2004-2007 жылдар) iске асырудың тетігі болып табылады.
Бағдарламада Қазақстандағы барлық экологиялық проблемаларға талдау жүргiзiлген және қоршаған ортаны қорғауды басқару жүйесiн оңтайландыруды қоса, оларды шешу жөніндегі шаралар әзiрленген.
Бағдарлама iс-шараларын iске асыру нәтижесiнде қоршаған ортаның сапасын тұрақтандыру жөніндегі мiндеттердi шешу үшін жағдай жасалатын болады және сәйкесiнше экологиялық ахуалдың бұдан әрi нашарлауының және Қазақстан Республикасы халқының денсаулығына оның әсер етуiнiң нақты және ықтимал қатерлерінің алдын алуға болады.
3. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАЙ-КҮЙІН ЖӘНЕ ОНЫ ҚОРҒАУ
ЖҮЙЕЛЕРIН ТАЛДАУ
3.1. Қоршаған ортаның қазiргі жай-күйi
2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздiк тұжырымдамасына сәйкес климат пен озон қабатының өзгеруiмен, биологиялық әралуантүрлілiктің қысқаруымен, шөлейттенумен, топырақ қабатының, судың, ауаның ластануымен, қалдықтардың жиналуымен және тағы басқаларымен байланысты елдiң неғұрлым күрделi экологиялық проблемалары болып табылады.
БҰҰ-ның климаттың өзгеруi жөніндегі үлгілік конвенциясын (1995 жыл) бекiткен және осы Конвенцияға Киото хаттамасына қол қойған Қазақстан көмiрсутегi отынын жағудан парник газдары көлемiнiң тұрақты ұлғаюымен байланысты жаһандық жылынудың алдын алу жөніндегі жалпы әлемдiк қозғалысқа қосылды.
Қазақстан Республикасында парник газдары шығарындыларының көздеріне түгендеу жүргiзiлген және тура әрi жанама парник эффектiсiмен газдардың эмиссиялары есептелген, сондай-ақ негiзгi парник газы - көмiртегiнiң диоксидi (СО2) эмиссиясының болжамы жасалған. Жалпы iшкi өнiмнiң (ЖIӨ) бiрлігіне парник газдары шығарындыларының үлестiк көрсеткiшi бойынша (3,38 кг/АҚШ доллары) көмiртегiнiң диоксидi (СО2) Орта Азия елдерiнде бiрiншi орынды алады.
Көмiртегiнiң диоксидi (СО2) шығарындыларының көлемiне энергетика, ал энергия тасығыштардан - көмiр елеулi үлес қосады. Деректердiң болжамы бойынша неғұрлым жедел қарқынмен көмiрдiң үлесi өсетiн болады және 2010 жылға қарай отынды жағудан жиналған жиынтық шығарындылар көлемiнің 63%, ал 2020 жылы 66% құрайды. Экономикаға жаһандық жылынудың әсерi және Қазақстан қоршаған ортасының жай-күйi арнайы зерттеудi талап етедi.
Озон қабатының бұзылуы Дүниежүзілiк метеорологиялық ұйымның деректерi бойынша соңғы 25 жылда озон қабатының бұзылуы 10% құрайды. Бес станцияда 1973 жылдан берi озонның жалпы құрамына бақылау жүргiзілетiн Қазақстанның үстiнде озон қабатының қалыңдығы 5-7%-ға қысқарды.
Жекелеген күндерi адам үшiн қауiптi ультракүлгiн радиациясы дозасының асуын тудыратын атмосферадағы озон құрамының неғұрлым төмен мәнi байқалуда.
Республикадағы флораның алуантүрлілігі түрлерінiң, тегінің құрамы және саны бойынша бiраз айырмашылық байқалады. Республика аумағында тамырлы өсiмдiктердiң 6000-нан астам түрлерi, шамамен 5000 саңырауқұлақтар, 485 қыналар, 2000-нан астам балдырлар, шамамен 500 мүктектiлер тiркелген. Неғұрлым толық түгендеуге саңырауқұлақтардың түрлерi мен жоғары өсiмдiк түрлерi ұшыраған. Өсiмдiктер iшiнде 14% жергіліктi түрi болып табылады. Олардың ішінде көне түрлерi аз емес. Қазақстанның Қызыл кітабына өсімдіктердің жоғарғы және төменгi түрлерінiң 404 түрi енгiзiлген.
Сексеуіл ормандары және бұталарды қоса алғанда, Қазақстанның ормандылығы 4,6% (11,5 млн.га), оларсыз - 1,2% (5,75 млн. га) құрайды. Қылқан жапырақты ормандар 1,8 млн га-ны алып жатыр. Қазақстан ормандары негізінен шаруашылық емес, топырақ қорғайтын және су-қорғайтын рөл атқарады.
Ормандардың биологиялық әртүрлілігіне қауiп төндiретiн факторларға өрт, өздігінен жаппай кесу, малды жаю жатады. Соңғы 10 жылда Шығыс Қазақстанда жолақты қарағайлы орман алаңы 0,16 млн.га-ға немесе 20%-ке кемiдi. Осы проблемаларды реттеу үшін "Мемлекеттік орман қорының учаскесiнде қылқан және сексеуіл екпе ағаштарын басты пайдаланудың кесуiне тыйым салу және оларды сақтау жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2004 жылғы 23 сәуірдегі № 460 қаулысы қабылданды.
Егер өткен ғасырдың соңғы он жылдығының басына орман қалпына келтіру жұмыстарының жыл сайынғы көлемi республика бойынша орташа алғанда, шамамен 80 мың га құраса, онда 1997 жылы орманды қалпына келтiру көлемдері 8 есе қысқарды және қазiргi уақытқа дейiн іс жүзiнде осы деңгейде қалуда (1-сурет).
1-сурет. Қазақстан Республикасындағы ормандарды қалпына
келтірудің көлемi
[Графикалық нысанды қараңыз]
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 14 мамырдағы № 542 қаулысымен "2004-2006 жылдарға арналған Қазақстан ормандары" бағдарламасы бекітілдi. Бағдарламаны iске асыру нәтижесiнде ормандардың сақталуы, орманмен көмкерілген жерлердiң біртіндеп ұлғаюы, өрттерден ормандарды қорғауды жақсарту, зиянкестер мен аурулардан оларды қорғау, ормандардың жастық құрылымын, сапалық құрамын және санитарлық жай-күйiн жақсарту қамтамасыз етіледi.
Қазақстанның жануарлар әлемi омыртқалы жануарлардың 835 түрiмен және омыртқасыздардың 100 мыңға жуық түрлерiмен берiлген.
Қазақстан Республикасы ?кіметінің 2002 жылғы 10 сәуірдегі № 408 қаулысымен сүт қоректілердiң 40 түрі, құстардың 57 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 10 түрi, қос мекенділердiң 3 түрі, су жануарларының 19 түрі - сирек кездесетiн және жойылу қаупі төнген жануарлардың тiзбесi бекітілген. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 19 маусымдағы № 573 қаулысымен Қызыл кiтапқа енгізу үшін омыртқасыз жануарлар түрлерінің тiзбесi бекітілген. Барлығы 96 түр.
Ормандарды жою, топырақтардың эрозиясы, iшкі және теңiз су қоймаларының ластануы, биологиялық ресурстардың шамадан тыс алу өсiмдiктер мен жануарлар түрлерiнің жойылуына, генетикалық деңгейде жоғалтуға және экожүйелерді тиiсті өзгерiстерге алып келедi.
Соңғы уақытта Қазақстан экологиялық факторлары үшін нақты сыртқы қатердi әлемде кең таралған генетикалық өзгерiске ұшыраған организмдер мен өнiмдердi әкелу болып табылады. Өсімдіктер мен жануарлардың жат тектi түрлерiн интродукциялау биоәртүрліліктi жоғалту есептерінің бiрi және ғылыми зерттеулер жүргізуді талап етедi.
Өткен ғасырдың алпысыншы жылдарының басына дейiн Арал теңiзi әлемдегi ішкі теңiздердiң аумағы бойынша төртінші орында болды. Оның аумағы 64,5 мың шаршы километрге жетті, тереңдігі - 68 метрді құрады. 60-шы жылдардан бастап Арал теңiзiне құятын сулар лезде азайды. Теңiз аумағы теңiз түбінің үш миллионнан астам гектарын жалаңаштап екі есе қысқарды. Теңiз деңгейi 19 метрге төмендедi, көлемi 1064-тен 210 км3-қа қысқарды. Теңiз суының минералдануы 33,3-тен 60 г/л-ға дейiн екі есеге жуық көтерiлдi. Арал өңiрiнде пайда болатын, тұзды-шаңды ағыстар ғарыштан түсiрiлген суреттердiң деректерi бойынша 150-300 және одан да үлкен километрлерге таралады. Шаңның таралу және шөгуi аймақтарының көлемi шамамен 25 млн.гектар құрайды.
Арал теңiзi айдынының апатты қысқаруы аумағында 178 елдi мекен орналасқан, 186,3 мың адам тұратын экологиялық апат аймағы деп, мәлiм болғандай, Арал өңiрiн жариялаудың себебi болды. Ауыз сумен қамтамасыз ету негізiнен, ашық су қоймалары мен әкелiнетін сулардың есебiнен, 25% құрайды. Қазiргi уақытта, Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2004 жылғы 7 мамырдағы № 520 қаулысымен 2004-2006 жылдарға арналған Арал өңiрiнiң проблемаларын кешендi шешу жөніндегі бағдарлама бекітілдi.
Семей аймағы (Семей ядролық сынақ полигоны - СЯСП) полигон әсерiмен сипатталатын, денсаулық пен ауру жай-күйінің негiзгi көрсеткiшi бойынша ең қолайсыздың бiрi болып қалуда. СЯСП-та ядролық қаруды сынау нәтижесiнде Қазақстан халқының денсаулығына келтірiлген зиянды бағалау жүйесі түпкілікті анықталып әзiрленген жоқ және шаралардың тиiстi кешенiн жүргiзудi белгілейдi.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2003 жылғы 22 тамыздағы № 182-ө өкiмімен құрылған Ведомстволық жұмыс тобы бұрынғы әскери-сынақ полигонын, оның iшiнде, СЯСП-ты зерттеу үшiн кешендi бағдарлама әзірлеуді жүргiзуде. Бағдарламада осы жерлердегі нақты радиациялық жағдайды анықтау үшiн жерлердi қайта өңдеу, оңалту iс-шараларының кешенін әзiрлеу және орындау жөнiндегі жұмыстарды одан кейінгі жүргiзумен iрi көлемдi ғылыми зерттеулер көзделетін болады. Толық көлемдi зерттеулерді полигонның өзінің жерлерінде ғана емес, сонымен, полигонға жақын аудандар аумақтарында да жүргiзу қажет.
Теңiздiң шабуылы салдарынан мұнай өндiрiстерi, шаруашылық объектілерi, коммуникациялар және басқалары су астында қалды. Келісім-шарт аумақтарынан тыс орналасқан 300 астам ұңғымалар иесiз болып қалды. Олардың 150-i астамы жедел жою шараларын қажет етедi, олардың 78-i су астында қалған.
Каспий теңізiнің көмірсутегi ресурстарын игеру бастылары балық аулауға кедергi келтіру, теңiз түбiндегі бұзушылықтары, балықтар миграциясының бұзылуы, айдынды шеттету, судың лайлылығын арттыру, өндiру және тасымалдау кезiнде технологиялық, авариялық төгiнділер, шығарындылар және жайылулар болып табылады.
Қоршаған ортаны жану өнiмдерiмен ластай отырып, алауларда жағылатын iлеспе газды толық кәдеге жарату жөніндегі тиiстi шаралар қабылданбайды. Бұл орайда, атмосфераға парник газдарының, күкiрт пен азоттың көп саны шығарылады. Бұл орайда, техногендік сипаттағы жер сілкіністерінің мүмкiндiктерін ескеру қажет.
Каспийдiң солтүстiк және солтүстік-шығыс тайыз қайраң аймағы негізін бентостық, планктондық жануарлар мен балдырлардың үлкен әртүрлiлiгi құрайтын балықтар мен (оның ішінде бекiре тұқымдастар) құстардың табиғи молаюының бай таралу аймағын бiлдiредi. Қайраң аймағының және Еділ мен Жайық өзендері атырауының аумағы 1974 жылдан бастап қорық аймағы болып жарияланған, бiрақ оны зоналауды қорық режимiмен учаскелердегі жұмыстарды толық тыйым салу үшін аяқтау талап етіледі. Теңiздiң солтүстiк шығыс бөлігіндегі аралдарда Каспий итбалығының негiзгі мекен ету ортасы, ал батпақты-сулы алқаптарда суда жүзетін құстарды, оның iшiнде көшiп-қонып жүретiн құстар мекен етедi. Каспий экожүйесiнiң бiрегейлігін ескере отырып, тиістi экологиялық талаптар мен стандарттармен шаруашылық жүргізудің ерекше шарттарын әзiрлеу қажет.
Республиканың су ресурстарының жай-күйі жалпы жеткiлiксiздiкпен, жалғасып жатқан ластанумен және тозумен бағаланады. Қазақстандағы тұщы су ресурстары 524 км3 құрайды, олардан 100,5 км3 өзен ағысына келедi.