Бұл кезеңде ғылыми-инновациялық инфрақұрылым қалыптастырылады және өнеркәсіпті жаңғыртуға әрі экономиканың құрылымын әртараптандыруға бағытталған көптеген жобалар іске асырыла бастайды.
Бүгінгі күннің басты стратегиялық міндеті - экстенсивтіге негізделмеген, жоғары технологиялы өндіріске және ұлттық экономикалық жүйенің жаңа ұйымдық құрылысының бәсекелі артықшылықтарына шығу есебінен экономиканың өсу сапасына көтерілу.
Орта мерзімді перспективада Стратегияны табысты іске асыру үшін мынадай міндеттер шешілетін болады:
экономиканың басымды салаларында дамудың кластерлік ұстанымын құру және дамыту;
ұлттық инновациялық жүйені қалыптастыру және дамыту;
жеке секторды бәсекелі артықшылықты жасауға және жетілдіруге әрі неғұрлым жоғары қосылған құн салығының элементтеріне қарай жылжи отырып, нақты өндірістерде қосылған құн тізбесіндегі элементтерді игеруге ынталандыратын кәсіпкерлік ахуалды, қоғамдық институттардың құрылымы мен мазмұнын жасау;
ғылымды қажетсінетін және жоғары технологиялы экспортқа бағдарланған өндірістер құруды ынталандыру;
елдің экспорт әлеуетін қосылған құны жоғары тауарлар мен қызметтердің пайдасына әртараптандыру;
әлемдік сапа стандарттарына көшу;
өңдеуші өнеркәсіптің негізгі қорларының өнімділігін арттыру;
әлемдік ғылыми-техникалық және инновациялық процестерге қоса отырып, өңірлік экономикаға және әлемдік шаруашылық жүйесіне бірігуді ұлғайту.
2005 жылы Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын орындау мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 маусымдағы № 633 қаулысымен Экономиканың басым секторларында пилоттық кластерлерді жасау мен дамыту жөніндегі жоспарлар бекітілді.
Кластерлік ұстанымдар экономиканың жеті: туризм; құрылыс материалдары; тоқыма өнеркәсібі; тағам өнеркәсібі; металлургия; мұнай-газ машиналарын жасау; көліктік логистика секторларында пайдаланылады.
Стратегияға сәйкес инновациялар ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін айқындайтын негізгі фактор ретінде айқындалды. Экономика мен қоғамды одан әрі қарқынды дамыту үшін инновацияларды толыққанды пайдалану мемлекет мақсатты бағытталған инновациялық саясат жүргізген кезде ғана мүмкін болады. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 сәуірдегі № 387 қаулысымен Қазақстан Республикасының ұлттық инновациялық жүйесін қалыптастыру және дамыту жөніндегі 2005-2015 жылдарға арналған бағдарламасы бекітілді.
2007 жылға дейін аталған бағдарламада:
ғылыми әлеуетті дамыту, ғылыми-технологиялық дамудың басымдықтарын айқындау; инновациялық бизнес ортаны дамыту, мемлекеттік ресурстардың шоғырлануын талап ететін, ядро кластерлерді қалыптастыратын жүйелі инновациялық жобаларды іске асыру;
инновациялық инфрақұрылымның негізгі элементтерін құру және дамыту;
берілетін гранттардың түрлерін көбейту бөлігінде қаржы инфрақұрылымының негізгі элементтерін құру мен дамыту және отандық инвесторлармен венчурлық қорлар құру және алдыңғы қатарлы шетелдік венчурлық қорларға инвестициялар.
Ұлттық инновациялық жүйенің жұмыс істеуін заңнамалық қамтамасыз ету үшін елдегі инновациялық қызметті ынталандырудың құқықтық, экономикалық және ұйымдық негіздерін және оны мемлекеттік қолдау шараларын белгілейтін "Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы" Заңның жобасы әзірленді және Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілді.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 25 қаңтардағы № 1513 Жарлығымен бекітілген "2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамыту" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру ғарыш саласына инновациялар енгізу бөлігінде стратегияны іске асырудың басым бағыттарының бірі болып табылады.
Стратегия шеңберінде "Есіл" авиациялық және зымыран-ғарыштық кешенін құру" жобасы жөніндегі жұмыс жүргізіледі.
Химия өнеркәсібі
Химия өнеркәсібін дамыту үшін Қазақстанда ірі минералдық шикізат қорлары - фосфориттер, табиғи натрий, калий, бор, фтор, алюминий, кремний тұзы бар.
2006-2008 жылдары химия өнеркәсібін дамыту ішкі және сыртқы рыноктардың қажеттілігін қамтамасыз ету үшін бәсекеге қабілетті және экспортқа бағдарланған өнімдер өндірудің тұрақты өсуі есебінен қамтамасыз етіледі. Фосфор және оның туындыларын (натрий триполифосфатын, фосфорлы тыңайтқыштар), хром тұздарын шығаруды ұлғайту жоспарланып отыр.
Фосфорды және құрамында фосфоры бар өнімдерді 2000-2004 жылдар ішінде тұрақты жеткізу, сондай-ақ "Казфосфат" ЖШС жүргізген жүйелі маркетингтік зерттеулер бұрын айырылып қалған Еуропаның рыноктарын және басқа да мемлекеттердің рыноктарына шығуға мүмкіндік берді.
Хром өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін "АХҚЗ" АҚ калий бихроматын, хромның пигментті қышқылын, малманың жаңа буынын өндірудің жаңа технологияларын игеру жолымен экспортқа бағдарланған өнімдер өндіру көлемін ұлғайту, өндіріс қалдықтарын пайдаланумен хром тұздары өндірісін құру жөнінде шаралар қабылдайды. 2006-2008 жылдары қазіргі өндірістерді жаңарту және дамыту, "Каустик" ААҚ-та (Павлодар қ.) хлор және каустикалық сода, "Сары-Рас" ААҚ-та (Қаратау қ.) кальциленген сода, химиялық өнімдердің көптеген түрлерін өндіру үшін базалық өнімдер шығару жөніндегі жаңа импорт алмастыратын өндірістер құру жөніндегі жұмыстар жалғасады.
Жеңіл өнеркәсіп
2006-2008 жылдары жеңіл өнеркәсіпті отандық шикізатпен - иірім жіппен, матамен, былғары тауарларымен кейіннен қайта жабдықтауды қамтамасыз ететін тоқыма және былғары өнеркәсібі салаларын дамыту басым бағыт болып табылады.
Қазіргі уақыттың өзінде "Қазақстан Даму Банкі" АҚ қаражатына "Жүнді дайындау және қайта өңдеу" ("ҚазРуно" АҚ, Семей қаласы), бірінші кезегі 2005 жылғы наурыздан бастап қолданысқа енген "Мақта талшығынан иірім жіп өндіру" ("Ютекс" ЖШС, Шымкент қаласы), сондай-ақ "Синтетикалық жіп қосылған жүн және мақта тоқыма жіп пен маталар өндіру" ("Нимекс-Текстиль" ЖШС, Өскемен қ.) сияқты ірі жобалар іске асырылуда. Ауыл шаруашылығы министрлігінің шикізат сатып алу үшін пайдаланылған кредиті есебінен айналым қаражатын толықтыру "Қостанай киіз-байпақ аяқ киім фабрикасы" ЖШС-на өндіріс көлемін ұлғайтуға мүмкіндік берді.
Ұлғаю, негізінен, тігін және былғары-аяқ киім кәсіпорындарын, сондай-ақ мақта-мата бұйымдарын өндіру жөніндегі кәсіпорындарды дамыту есебінен болжанып отыр. 2004 жылы "Русский текстиль" альянсі" ААҚ Оңтүстік Қазақстан облысында тоқыма фабрикасын салуды бастады.
Құрылтайшылары Elekctron technology development Со Ltd (Қытай), "Мақтаарал" ААҚ және "Ақ алтын" ААҚ (Қазақстан) болып табылатын "INADA ТЕХТILЕ" ЖШС БК мақта-жіп иіру фабрикасын салу аяқталып келеді. Тоқыма кластерін жедел дамыту мақсатында Оңтүстік Қазақстан облысында АЭА құрылады.
2006-2008 жылдары мақта кластерін дамытуды шешу саланың қосылған құны жоғары дайын өнім өндіруді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін негізгі міндеті болып табылады.
Ағаш өңдеу және жиһаз өнеркәсібi
Орман, ағаш өңдеу және жиһаз өндірісін қамтитын технологиялық өзара байланысты өндірістерді кешенді қалпына келтіру және дамыту басым бағыт болып табылады.
Қазіргі уақытта Қазақстанда ағаш кесілмейтінін назарға ала отырып және осыған кәсіпорындарда шикізат толтыру қиын, Ресей Федерациясының аумағында ағаш дайындайтын кәсіпорындар құру мәселесі пысықталуда.
Сапасы мен бағасы жағынан бәсекелі жиһаздың кең ассортиментін шығару жиһаз өнеркәсібіндегі басымдық болып табылады.
Республиканың өз сүрек жоңқаларынан жасалған плиталар өндірісі мүлдем дерлік жоқ. Соңғы уақыттарды құрылыста, сол сияқты жиһаз, өз сүрек жоңқаларынан жасалған плиталар (СЖП), ламинатталған СЖП өндірісінде пайдаланылатын кең ассортимент Германиядан, Польшадан және Ресейден әкелінеді. Сондықтан жиһаз өнеркәсібін дамыту үшін әкелінетін материалдарға және оның құрамдауыштарына кедендік баждарды азайту жөніндегі шаралар қабылданды.
2004 жылдан бастап "Ақтөбеламинат" ЖШС ламинатталған СЖП өндіруді бастады.
Аталған міндеттерді іске асырудың негізгі жолдары:
импорт алмастыратын өнімдер шығаруды ұлғайту;
Ресей Федерациясының аумағында ағаш дайындау жөніндегі бірлескен кәсіпорындар құру;
СЖП және ламинатталған СЖП шығару жөніндегі қосылған құны жоғары кәсіпорындар құру;
корпустық және жұмсақ жиһаздар шығару;
нормативтік құқықтық базаны жетілдіру жолымен отандық кәсіпорындар үшін бәсекелі ортаны жақсарту;
жаңа жұмыс орындарын ұйымдастыру болады.
Машина жасау
2005 жылы Қазақстан Республикасының машина жасау кешенін дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған салалық бағдарламасын қабылдау жоспарланып отыр.
Бұл кезеңде өндірістің негізгі өсу факторлары:
мұнай-газ өндіруші компаниялар сұранысының артуы есебінен мұнай өндірісінің және мұнайды қайта өңдеу жабдықтарын және оған қосалқы бөлшектерін өндіруді өсіру;
аграрлық сектор кәсіпорындарында ауыл шаруашылығы техникасына сұраныстың өсуі;
электр-техникалық (трансформаторлар, конденсаторлар, аккумуляторлар және т.б.) машина жасау кәсіпорындарының өндіріс көлемін өсіруі;
тау-кен-металлургиялық кәсіпорындардан машиналар мен жабдықтар өндірісіне тапсырыстардың өсуі;
ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге ауыл шаруашылығы техникасын жөндеу және қалпына келтіру жөніндегі қызметтер көрсету есебінен отандық машина жасау кәсіпорындарының сервистік әлеуетін кеңейту;
ауыл шаруашылығы техникасы рыногының нақты қажеттіліктеріне бағдарланған машина жасау кәсіпорындарында ауыл шаруашылығы техникасының жаңа түрлерін игеруге тапсырыстарды ұлғайту;
"Агромашхолдинг" ААҚ-тың (Қостанай қ.) Қостанай филиалында АМЗ-МАН қозғалтқыштары өндірісін құруы есебінен дизельді қозғалтқыштарды өткізуді ұлғайту;
"Азия Авто" ААҚ зауытында (Өскемен қ.) "Нива" және "SKODA" автомобильдерін шығару;
металлургиялық кәсіпорындардан жабдықтар мен материалдарға тапсырыстардың өсуі;
Алматы қаласында "LG Электроникс" компаниясының өнімдерін өндіру көлемін өсіру;
машина жасау кәсіпорындарының темір жол саласы үшін өндіріс көлемін ұлғайту;
"Өскемен конденсатор зауыты" ААҚ, "Қайнар" АҚ (Талдықорған қаласы), "Қазтрансформатор" компаниясы" ЖШС (Алматы қаласы), "Степногорск подшипник зауыты" АҚ (Степногорск қ.) өнімдерін өндіру көлемін өсіру;
"Қазақстан-КАМАЗ" автомобиль консорциумының "Көкше" АҚ-та (Көкшетау қаласы) қалалық автобустар жинауды ұйымдастыруы болады.
Құрылыс материалдары өнеркәсібі
Құрылыс материалдары өнеркәсібінің негізгі міндеті ішкі рыноктағы осындай импорттық өнімді ығыстырып шығара алатын және әлемдік рынокта бәсекеге қабілетті болатын жоғары сапалы құрылыс материалдарын, бұйымдары мен құрастырмаларын шығаруды ұйымдастыру болып табылады.
Саланы дамытудың ұзақ мерзімді кезеңге арналған негізгі бағыттары Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2004 жылғы 13 желтоқсандағы № 1305 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмалары өнеркәсібін дамытудың 2005-2014 жылдарға арналған бағдарламасында көзделген.
Бағдарламаны іске асыру мақсатында құрылыс индустриясы саласына әлеуетті инвесторларды тарту үшін басым инвестициялық жобалар тізбесі әзірленді. Аталған тізбеде құрылыс материалдарын, оның ішінде цемент, құрылыстық шыны, керамикалық кірпіш, сырлар, жылу оқшаулағыш материал, линолеум, құрғақ құрылыс қоспаларын, көбікбетон блоктарын, құрылыс арматураларын шығару жөніндегі бірлескен өндірістер құру көзделеді.
§ 3. Аграрлық азық-түлік саясаты
2005-2008 жылдары Қазақстанның аграрлық өнеркәсіптік кешенін дамытудың негізгі бағыты аграрлық секторды индустрияландыру, ауыл шаруашылығы шикізатын өндіру және қайта өңдеу саласындағы кластерлік даму әдістері негізінде оны тұрақты дамытуды қамтамасыз ету болады.
2005 жылы Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін тұрақты дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасымақұлданды.
Тұжырымдамада мынадай міндеттерді шешу:
аграрлық өндіріс пен ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу технологияларын жаңғырту, ғылыми жетістіктер мен инновациялық әзірлемелерді енгізу, тамақ өнеркәсібі, жүзім шаруашылығы-шарап жасау салаларында мамандандырылған өңірлік кластерлерді дамыту арқылы ішкі және сыртқы рыноктардағы АӨК өнімдерінің өнімділігін және бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
мал шаруашылығы шикізатының сапасын арттыру, өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығының экологиялық таза өнімдерін өндіру, ауыл шаруашылығы шикізаты мен тағам өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігінің халықаралық стандарттарын жаппай енгізу жөніндегі кешенді шараларды іске асыру жолымен ауыл шаруашылығы өнімдерінің қазақстандық брэндін қалыптастыру;
ауыл шаруашылығы өніміне баға белгілеуді оңтайландыратын, ішкі азық-түлік рыноктарындағы тұрақтылықты және сыртқы рыноктардағы сату көлемін кеңейтуді қамтамасыз ететін АӨК сауда-сатып алу қызметінің тиімді тетіктерін дамыту;
ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді талдамалық материалмен және ақпаратпен қамтамасыз ету жөніндегі ақпараттық-маркетингтік қызметті енгізу;
негізгі және айналым құралдарын сатып алуға жеңілдікті кредит беруді және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсетудің басымдылығын кеңейту, сондай-ақ экономикалық және ұйымдық шаралар жүйесін іске асыру арқылы ұсақ ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді орта және ірі ауыл шаруашылығы құралымдарына біріктіруді ынталандыру көзделеді.
Азық-түліктік қауіпсіздікті қамтамасыз ету және агроөнеркәсіптік кешеннің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жағдайлар жасау мақсатында, сондай-ақ ауылдық аумақтарды кешенді дамыту және ауыл тұрғындарын ұлттық стандарттағы өмір сапасы бар қалыпты өмірмен қамтамасыз ету үшін "Агроөнеркәсіп кешені мен ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.
§ 4. Көлікті және байланысты дамыту
Көлікті дамыту
2006-2008 жылдары Қазақстан Республикасының көліктік-коммуникациялық кешенінің негізгі мақсаттары сыртқы рыноктарға шығуды және коммуникацияның оңтайлы желісін қалыптастыруды қамтамасыз ететін транзиттік дәліздерді дамыту, қолданыстағы темір жолдардың және автомобиль жолдарының, су жолдарының, порттардың, әуежайлардың, аэронавигациялық кешендердің техникалық жағдайын жақсарту, жылжымалы құрамның отандық өндірістік және жөндеу базасын дамыту болып табылады.
Көліктік-коммуникациялық кешеннің алдағы үш жылдық кезеңдегі негізгі міндеттері:
салалық даму бағдарламаларын іске асыру;
мемлекеттік мүлікті басқарудың тиімділігін арттыру;
негізгі құралдарды жаңғырту және жаңарту, инфрақұрылым объектілерін қайта жаңарту және салу;
республиканың транзиттік әлеуетін дамыту;
ұлттық теңіз сауда және көмекші флотты құру;
көлік-логистикалық қызметтер кластерін құру болып табылады.
Автомобиль жолдарын дамыту
Республиканың транзиттік әлеуетін дамыту мақсатында 2006-2008 жылдары:
"Астана - Петропавл - Ресей Федерациясының шекарасы" учаскесіндегі "Ақтау - Атырау", "Астана - Қостанай - Челябі", "Алматы - Қарағанды - Астана - Петропавл"; "Ресей Федерациясының шекарасы - Орал - Ақтөбе", "Қарабұтақ - Ырғыз - Қызылорда облысының шекарасы" және "Ақтөбе облысының шекарасы - Арал - Қызылорда - Түркістан - Шымкент" (іріктеліп алынады) учаскелеріндегі "Самара - Шымкент", "Омбы - Павлодар - Майқапшағай" (іріктеліп алынады), "Қордай - Тараз - Шымкент - Өзбекстан шекарасы", "Үшарал - Достық" (іріктеліп алынады), "Қызылорда - Жезқазған - Павлодар - Успен - Ресей Федерациясының шекарасы" (іріктеліп алынады) автомобиль жолдарын қайта жаңарту жөніндегі ірі жобаларды іске асыру жоспарлануда.
2005 жылы "Алматы - Бішкек" автожолын, 2006 жылы Батыс Қазақстанның автожолдарын оңалтуды аяқтау жоспарланып отыр.
Жоспарланып отырған кезеңде:
республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу, сондай-ақ ұстау және көгалдандыру жөніндегі жұмыстар жалғасады.
2006-2008 жылдары тиісті үкімет аралық және ведомствоаралық келісімдер жасау арқылы халықаралық автомобиль жолдарын дамыту, халықаралық конвенциялар мен келісімдерге ("Карнет де Пассаж" кедендік келісім, "Жасыл карта" автокөлік құралдары иелерінің жауапкершілігін сақтандыру) қосылу басым бағыттар болып қалады.
Жекелеген автокөлік құралдарына салық жүктемелерін және кеден баждарын азайтумен экономикалық ынталандыру - жылжымалы составты жаңартуды жеделдету үшін жағдайлар жасау, автокөлік құралдарына қойылатын техникалық талаптар, жол қозғалысы, автомобиль көлігі жұмыскерлерінің еңбегін қорғау және қоршаған ортаны қорғау саласындағы саланың нормативтік құқықтық базасын жетілдіру жөніндегі жұмыстар жалғасады.
Автокөлік құралдарын лизингтеу жолымен "ҚазАвтоКөлік" АҚ-тың жылжымалы құрамды паркін одан әрі жаңарту көзделіп отыр.
Темір жол көлігін дамыту
2006 жылы Темір жол көлігін қайта құрылымдаудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру аяқталады, бұл магистралдық желінің табиғи-монополиялық қызметтерінен темір жол көлігінің бәсекелі секторының бөлінуін қамтамасыз етеді.
Алдағы кезеңде темір жол көлігінің инфрақұрылымын одан әрі дамыту жалғасады. Мынадай жобаларды іске асыру:
КДҰ схемасы бойынша (салу - пайдалану - беру) ұзындығы 149,6 км. "Шар - Өскемен" жаңа темір жол желісін салу;
ұзындығы 528,7 км. жаңа "Бейнеу - Сексеуіл" темір жол желісін салу;
локомотив және вагон паркін жаңарту, зауыттық жөндеудің, локомотив және вагон жасаудың отандық базасын және жылжымалы құрамды кейіннен қалпына келтіру әрі жаңарту үшін импорт ауыстыратын жаңа өндірістерді құру жоспарлануда.
Тасымалдаудың қазіргі заманғы технологияларына көшу мақсатында темір жолдарды техникалық қайта жарақтандыру, тасымалдау процесін басқарудың қазіргі заманғы жүйелерін енгізу, ресурс үнемдейтін жаңа технологияларды дамыту жалғасады.
Тасымалдаушылардың әлеуметтік маңызы бар бағыттар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асырумен байланысты шығындарын субсидиялау жөніндегі, сондай-ақ жолаушылар вагондарының паркін жаңарту жөніндегі жұмыс жалғасатын болады.
Су көлігін дамыту
2006-2008 жылдары Ақтау және Баутино порттарының өндірістік және ауыстырып тиеу қуаттарын жүктерді ауыстырып тиеудің болжамды өсуін қамтамасыз ететін деңгейге дейін дамыту жөніндегі жұмыстар, Маңғыстау облысының Түпқараған шығанағында Кемелердің қозғалысын басқару жүйесін құру аяқталады.
Ұлттық теңіз сауда флотын құрудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде танкерлік және құрғақ жүк флоттарын құру, жүктерді Ақтау портынан қазақстандық туы бар кемелермен халықаралық тасымалдауды жүзеге асыру, Құрық портының инфрақұрылымын дамыту жоспарланып отыр. 2006 жылдың соңына қарай республиканың теңіз сауда флотында 10 кемеге дейін болады деп болжанып отыр.
Өзен көлігін одан әрі дамыту мақсатында 2006-2008 жылдары:
мемлекеттік техникалық өзен флотын жаңарту жөніндегі жұмыстарды жүргізу;
Қазақстан Республикасының бүкіл аумағы бойында Ертіс және Орал өзендерінің техникалық көрсеткіштерін навигация барысында тәуекелдердің туындауын және өзен кемелерінің кідіруін болдырмайтын деңгейге дейін жеткізу;
Қазақстанның Каспий маңы өңірлерінің өзен көлін Солтүстік-Оңтүстік халықаралық транзиттік дәліздің жұмысына қосу басым бағыттар болып қалады.
Әуе көлігін дамыту
Азаматтық авиация саласын дамыту әзірленетін 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламаға сәйкес жүзеге асырылады.
Бұл Бағдарламаның негізгі мақсаты азаматтардың сапалы авиациялық қызметтерге өсіп келе жатқан қажеттілігін қанағаттандыру үшін мемлекеттің тиімді, бәсекеге қабілетті, халықаралық талаптарға сай келетін авиакөлік жүйесін құру болып табылады.
Оны іске асыру шеңберінде Ақтау қаласының халықаралық әуежайын, Ақтөбе қаласындағы халықаралық әуежай аэровокзалын қайта жаңарту, сондай-ақ Шымкент және Павлодар қалалары әуежайларының ұшу-қону алаңы мен аэровокзалын қайта жаңарту көзделген.
Авиациялық техника мен жер үсті қызмет көрсету құралдарын одан әрі жаңарту үшін қазіргі заманғы әуе кемелерін және аэронавигациялық жабдықтарды сатып алу көзделіп отыр. Елдің азронавигациялық кешенін навигацияның, әуе қозғалысын қадағалау/басқарудың спутниктік жүйесін енгізуге дайындау жалғасады.
Астана, Алматы және Атырау қалаларындағы жаңғыртылған әуежай кешендері базасында әуе қатынастарын кеңейту жөніндегі іс-шаралар жүргізіледі.
Әлеуметтік маңызды рейстерді жүзеге асыру үшін жүйелі ішкі әуе тасымалдарын субсидиялауды жалғастыру қажет.
Қызметтер аясын кеңейту және жаңа рыноктарды жаулап алу үшін азаматтық авиацияның ұшақ паркін жаңарту жөніндегі кешенді шараларды іске асыру жалғасады.
Телекоммуникациялар мен байланысты дамыту
Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 10 қарашадағы № 1471 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында "электрондық үкімет" қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі - Мемлекеттік бағдарлама) шеңберінде 2007 жылдың аяғына қарай "электрондық үкіметтің" базалық құрамдас бөліктері құрылатын болады, оған үкіметтің порталы мен шлюзі, "төлем шлюзі", ұлттық сәйкестендіру жүйесі, мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасы, жүйеқұраушы деректер базасы жатады. Бұл Мемлекеттік бағдарлама бағыттарының бірі мемлекеттік органдардың электрондық қызметтерін қалыптастыру мен дамыту және оған қолжетімділікті қамтамасыз ету, сондай-ақ ақпараттық теңсіздікті жою және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы білім деңгейін көтеру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру болып табылады.
Ұлттық ақпараттық супермагистраль салуды аяқтау жоспарланып отыр, ол байланыстың, көліктік ортаның жоғары сапалы цифрлы арналарын ұсыну негізінде республикада телекоммуникациялар рыногын дамытуды қамтамасыз етеді, сондай-ақ әлемдік телекоммуникация рыногында ұлттық бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
"KAZSAT" байланыс және хабар таратудың ұлттық спутнигін 2005 жылғы желтоқсанда ұшыру жоспарланып отыр. Спутниктің пайда болуымен қазіргі спутниктік байланыс операторларының "KAZSAT-қа" көшуі жүзеге асырылады, бұл республикада ақпарат қауіпсіздігіне және спутниктік байланыс қызметтерінің қарқынды дамуына ықпал етеді.
Байланыс және хабар таратудың ұлттық геостационарлық спутнигінің қызметтері қазіргі уақыттағы тарифтерден едәуір төмен болады.
Спутниктік байланыс арналарын жалға отандық байланыс операторларына беруден басқа спутниктік байланыс арналарын ТМД елдерінің операторларына жалға беру жоспарланып отыр.
Өңірлік, әсіресе ауылдық жерлердегі инфрақұрылымды техникалық жайластырудың деңгейін арттыруға және қазіргі заманғы банктік өнімдер мен Интернетке бағдарланған қызметтерді енгізу есебінен қызметтер аясын кеңейтуге бағытталған почта-жинақ жүйесін дамыту жалғасады. Халық пен экономиканың нақты секторының субъектілері үшін "электронды үкімет" жүйесіне және Интернеттің ақпараттық ресурстарына ұжымдық қол жеткізу пункттері ұйымдастырылады, почта төлем карточкаларына қызмет көрсету үшін жеке банкомат желісі мен POS-терминалдар құрылады, қалалар мен аудандар деңгейінде почта байланысы бөлімшелері базасында заңды және жеке тұлғалар үшін бағалы қағаздармен жасалатын мәмілелерді тіркеу жөніндегі трансфер-агенттік пункттер ашылады.
10. Табиғи капиталды дамыту
§ 1. Тау-кен өндіру кешенін дамыту және оның ресурстарын пайдалану
Тау-кен-металлургия кешені (бұдан әрі - TMК) экономиканың базалық салаларының бірі болып табылады және республиканың макроэкономикалық көрсеткіштерін қалыптастыруға айтарлықтай ықпал етеді. Минерал-шикізат базасын толықтыру мақсатында Геологиялық барлау жұмыстарының бағдарламасы әзірленеді, оны іске асыру республиканың минерал-шикізат базасының едәуір өсуін қамтамасыз етеді. Қазіргі кен орындарының төменгі көкжиектерін ашу республиканың шикізат базасын дамытудағы маңызды бағыт болып табылады, бұл 2006-2008 жылдары металлургиялық руда өндіруді ұлғайтуға ықпал етеді.
ТМК кәсіпорындарында рудалық емес металлургиялық шикізатты өндіру және қайта өңдеу, металдарды қайталама өңдеу, отқа төзімді заттарды, металл бұйымдарды, құбырларды және т.б. өндіру жүзеге асырылады, қосылған құны жоғары өнімдердің жаңа өндірістерін құру перспективалары айқындалды. Жаңа материалдарды, атап айтқанда сортты металл бұйымдарын жасау аса өзекті болып табылады.