“Тұяқты жабайы жануарлардың сирек кездесетiн және жойылып бара жатқан
түрлері мен киiктерді сақтаудың және қалпына келтiрудiң 2005 - 2007 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы”
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 наурыздағы № 267 Қаулысы
"Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегі Заңына және "Киiктi қорғау және өсiмін молайту жөнiндегі қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 19 шiлдедегi № 980 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Тұяқты жабайы жануарлардың сирек кездесетiн және жойылып бара жатқан түрлері мен киiктердi сақтаудың және қалпына келтiрудің 2005 - 2007 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) бекітілсiн.
2. Облыстардың әкімдері:
1) Бағдарламаны iске асыру жөнiнде шаралар қабылдасын;
2) жыл сайын, келесi жылдың 10 қаңтарына Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігін Бағдарламаның iске асырылу барысы туралы хабардар етсiн.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі келесi жылдың 10 ақпанына Қазақстан Республикасының Үкіметіне Бағдарламаның орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат ұсынуды қамтамасыз етсiн.
4. Бағдарламаның орындалуын қамтамасыз ету бойынша бақылау және үйлестiру Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрi С.Ә. Үмбетовке жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 25 наурыздағы
№ 267 қаулысымен
бекітілген
Тұяқты жабайы жануарлардың сирек кездесетiн және
жойылып бара жатқан түрлері мен киiктерді сақтау
және қалпына келтiрудiң 2005 - 2007 жылдарға арналған
бағдарламасы
1. Бағдарлама паспорты
2. Кiрiспе
3. Тұяқты жабайы жануарлардың сирек кездесетiн және жойылып бара жатқан түрлерi мен киіктер
таралымдарының қазіргі жай-күйіне талдау жасау және оларды қалпына келтіру проблемалары
3.1. Тоғай кермаралы
3.2. Қарақұйрық
3.3. Арқарлар
3.3.1. Үстiрт арқары
3.3.2. Алтай арқары
3.3.3. Қазақстан арқары
3.3.4. Қызылқұм арқары
3.3.5. Тянь-Шань арқары
3.3.6. Қаратау арқары
3.4. Құлан
3.5. Киiк
4. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi
5. Бағдарламаны iске асырудың негiзгi бағыттары мен тетiгi
5.1. Тұяқты жабайы жануарлардың сирек кездесетiн және жойылып бара
жатқан түрлерi мен киiктер санын тұрақтандыру жөніндегі шаралар
5.1.1. Тұяқты жабайы жануарлардың сирек кездесетiн және жойылып бара жатқан түрлерiн
күзетудi ұйымдастыру
5.2. Тұяқты жабайы жануарлардың сирек кездесетiн және жойылып бара
жатқан түрлерi мен киiктердi және олар мекендейтiн жерлердi сақтауға арналған
ерекше қорғалатын табиғи аумақтар
5.2.1. Тұяқты жабайы жануарлардың сирек кездесетiн және жойылып бара
жатқан түрлерiн және олар мекендейтiн жерлердi қорғау бойынша
5.2.2. Киiктердi және олар мекендейтiн жерлердi күзету жөнiнде
5.3. Тұяқты жабайы жануарлардың сирек кездесетiн және жойылып бара
жатқан түрлерi мен киiктердi есепке алу және олардың таралымдарының мониторингi
5.4. Халықаралық ынтымақтастық
6. Қажеттi ресурстар және қаржыландыру көздерi
7. Бағдарламаны iске асырудан күтілетiн нәтижелер
8. Бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары
1. Бағдарлама паспорты
Атауы Тұяқты жабайы жануарлардың сирек кездесетiн және
жойылып бара жатқан түрлерi мен киiктердi сақтау
және қалпына келтiрудiң 2005 - 2007 жылдарға
арналған бағдарламасы
Бағдарламаны Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орын-
әзiрлеудiң басары - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашы-
негiздемесi шылығы министрi А.С. Есiмовте 2003 жылғы 3 қазанда
болған кеңестiң № 17-64/002-318 (2.1-т) хаттамалық
шешiмi
Бағдарламаның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министр-
негiзгi лігі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
әзiрлеушісi министрлігі
Бағдарламаның Жаппай браконьерлiкке жол бермейтiн және
мақсаты Қазақстанның тұяқты жабайы жануарларының сирек
кездесетiн және жойылып бара жатқан түрлерi мен
киiктерiнiң санын тұрақтандыруға және олардың
таралымдарын қалпына келтiруге негіз болатын
нормативтiк-құқықтық және ұйымдық-шаруашылық
шаралардың негiзiнде оларды сақтау және күзету
Бағдарламаның Тұяқты жабайы жануарлардың сирек кездесетiн
мiндеттерi және жойылып бара жатқан түрлерi мен киiктердi
жаппай браконьерлiктi болдырмауды қамтамасыз
ететiн деңгейге дейiн күзетудi ұйымдастыру;
тұяқты жабайы жануарлардың сирек кездесетiн
және жойылып бара жатқан түрлерi мен киiктердi
сақтау жөніндегі заң шығару шараларын күшейту;
тұяқты жабайы жануарлардың сирек кездесетiн
және жойылып бара жатқан түрлерi мен киiктер
санының шынайы, тиiмдi жыл сайынғы есебiн алуды
ұйымдастыру;
тұяқты жабайы жануарлардың сирек кездесетiн
және жойылып бара жатқан түрлерi мен киiктердiң
таралымдарына және тiршiлiк ортасына бақылау
(мониторинг) жүйесiн ұйымдастыру;
тұяқты жабайы жануарлардың сирек кездесетiн
және жойылып бара жатқан түрлерiнiң гендiк қорын
сақтаудың және олардың оңтайлы санын айқындаудың
биотехнологиялық негiздерiн әзiрлеу бойынша ғылыми
зерттеулер жүргiзу
Бағдарламаны 2005 - 2007 жылдар
iске асыру
мерзiмi
Бағдарламаны Республикалық, жергілiктi бюджеттер және Қазақстан
қаржыландыру Республикасының заңнамасы тыйым салмаған өзге
көздерi тартылатын қаражат.
Бағдарламаны iске асыруға байланысты болжамды
қаржы шығындары үш жыл iшiнде -
844551000,0 теңге болады,
соның iшiнде:
1) республикалық бюджет:
2005 ж. - 175274000,0 теңге;
2006 ж. - 184038000,0 теңге;
2007 ж. - 193239000,0 теңге
2) жергiлiктi бюджет:
2006 ж. - 60000000,0 теңге
2007 ж. - 46500000,0 теңге
3) табиғат пайдаланушылармен қол қойылған
келісім шеңберiнде:
2005 ж. - 51000000,0 теңге;
2006 ж. - 62000000,0 теңге;
2007 ж. - 72500000,0 теңге.
Бағдарламаны Тоғай кермаралының, қарақұйрықтың, арқарлардың,
iске асырудан құландардың, киiктердiң санын тұрақтандыру және
күтілетін олардың таралу аймақтары бойынша сан өсiмiнiң
нәтижелер есептiк деректерiмен тiркелген таралымдарын
қалпына келтiру
2. Кiрiспе
Салалық бағдарлама "Қазақстан Республикасында салалық (секторальдық) және аймақтық бағдарламалар әзiрлеу және iске асыру ережесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 26 ақпандағы № 231 қаулысының талаптарына және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің Орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі А.С. Есiмовте болған кеңестiң хаттамалық шешімiне (Астана қаласы, 2003 жылғы 3 қазандағы № 17-64/002-318 (2.1-т.) сәйкес әзiрлендi.
Тұяқты жабайы жануарлар қазiргi кезде адамның назарын эстетикалық мақсаттар тұрғысынан да, селекциялық жұмыстар үшiн перспективалы объектiлер ретiнде практикалық тұрғыдан да, саны едәуір көп болған кезде - бағалы аңшылық объектiлерi (ет, тері, олжа, дәрi-дәрмектiк шикiзат) тұрғысынан да аударады. Тұяқты жабайы жануарлардың адам үшiн осындай зор маңызға ие бола отырып, ғасырлар бойы адамның олардың iзiн аңдығанына таң қалуға болмайды, түрлердің бір бөлiгi құртып жіберілді, ал кейбіреулерi жойылып кету алдында тұр.
Қазiргi кезде Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабына тұяқты жануарлардың 9 түрi мен түр тармағы енгізілген, олар: қаратау арқары (Ovis ammo№ №igrimo№ta№a), тянь-шань арқары (Ovis ammo№ kareli№i), қазақстан арқары (Ovis ammo№ соllium), қызылқұм арқары (Ovis ammo№ severtzovi), алтай арқары (Ovis ammo№ ammo№), үстiрт арқары (Ovis ammo№ аrkаl), қарақұйрық (Gazella subgutturosa), тоғай кермаралы (Cervus elaphus bactria№us baktria№us), түркмен құланы (Eguus hemio№us o№ager).
Арқарлардың үш түр тармағы мен тоғай кермаралы құрып кетуге жақын, қалғандары таралу мен сан мөлшерi мәртебесiнiң II және III санаттарына жатқызылған, яғни азайып бара жатқан және сирек кездесетiн түрлер. Барлық түрлер мен түр тармақтарының таралу аймағы ала-құла және аз. Олардың таралымының жай-күйі қазiргі кезде иір ойықты қаруы, аса өтiмді автомобиль және қарда жүретін көлiгi, әсіресе жүрдек кросс мотоциклдерi бар браконьерлер тарапынан тым мүшкiл сипат алып отыр, бұл олардың таралымдарын сақтау үшiн алаңдаушылық туғызуда. Жануарлар дүниесiн күзетудің пәрмендi республикалық қызметі болмай отырған кезде жабайы құстарға, аңшылық олжаларына деген өскелең сұраным және сафари өткізуге құмартушылық барлық тұяқты жануарлар таралымдарының азып-тозуына түрткi болды, олардың санының мүлдем азайып кетуiне душар етiп, осы бағалы жануарларды толық құрып кету шегіне жеткiзді.
Сонымен бірге киіктердi сақтау үшiн қабылданған "Киiктi қорғау және өсімін молайту жөніндегі қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 19 шілдедегi № 980 қаулысы 2005 жылға дейiнгi кезеңде киiктер аулауға тыйым салуды тағы да белгiледi, сондай-ақ қаулыда киiктің жыл сайын есебін алып отыру және киiктер санын сақтау жөніндегі iс-шараларды орындауға қаражатты ұлғайту көзделген.
Қабылданған шешiмдерге тиiстi бағасын бере отырып, олардың кеш қабылданғанын және киiктердi қорғау жөнiнде шаралар қолдану тұрғысынан алғанда оларға нақты сипат берiлмегенiн мойындау керек. Практика бір ғана тыйым салу шараларымен және қолданбалы сипаттағы жартыкеш шаралармен браконьерлiктi тоқтатуға болмайтыны туралы ащы шындықты тек қуаттап бердi. Киiктер таралымының азып-тозуының тыйылмауы Қазақстан Республикасының аумағында киiктердiң түр ретiнде толық жойылып кетуiне душар етуi мүмкiн екені аттөбеліндей мамандар тобына ғана емес, сонымен бірге дүниежүзілiк жұртшылыққа айдан анық болып отыр.
Жоғарыда айтылған жәйттер жинала келiп осы бағдарламаны әзiрлеу қажеттігін айқындап берді. Сонымен бірге 2003 жыл және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Орман және аңшылық шаруашылығы комитетi "Охотзоопром" ӨБ" республикалық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорнының (бұдан әрi - "Охотзоопром" ӨБ" РМҚК) жұмыс істеп жатқан киiктер күзету қызметi киiктердi күзету мен олардың есебiн жүргізу жүйесiнің 2-3 жыл iшiнде киiктер санын нақты тұрақтандыра алатын, яғни оның таралымдарының азып-тозуын тоқтата алатын нобайларын дәлме-дәл белгілеп бердi. Таралымдардың азып-тозуын тоқтату таралымдарды бірқалыпты өсіп-өну деңгейіне дейiн қалпына келтіру және киiктердiң өз өсiмiн өзi молайтатын ресурстарын кәсiпшiлiк мақсатта пайдалану мүмкiндiктерi үшiн объективті негіз қалайды.
Салалық бағдарламаны әзірлеу кезiнде негізiнен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігiнiң Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң (бұдан әрі - ҚР АШМ Комитетi) қор материалдары, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Зоология институтының (бұдан әрi - ҚР БҒМ Зоология институты) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 14 қазандағы № 1035 қаулысына сәйкес өткiзiлген 1998 - 2002 жылдардағы Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабына енгiзiлген жануарларды шектеулi түрде алу мүмкiндiктерiн зерделеу жөніндегі ғылыми-зерттеу жұмыстарының материалдары және "Охотзоопром" ӨБ" РМҚК-нiң жануарлар дүниесін күзетуді ұйымдастыруының қазiргi тәжiрибесi пайдаланылды.
3. Тұяқты жабайы жануарлардың сирек кездесетiн
және жойылып бара жатқан түрлерi мен киіктер
таралымдарының қазіргі жай-күйіне талдау жасау
және оларды қалпына келтіру проблемалары
Тұяқты жабайы жануарлардың сирек кездесетiн және жойылып бара жатқан түрлерi мен киiктер таралымдарының азып-тозуына түрткi болған факторлар негізінде олардың қазiргі жай-күйiне талдау жасай келiп, жануарлардың антропогендiк осалдығын айқындайтын олардың әрбір түрiнiң биологиялық ерекшелiктерiн бөліп алу қажет.
Киiктер санының ұзақ жылғы динамикасы қалың қарлы қаһарлы қыстар мен ауру-кеселдер осы түрдiң өмiр сүруiнiң бүкіл тарихы бойына ауық-ауық қайталанып отырғанын көрсетедi. Алайда бұрнағы жылдары жаппай қырылып қалғаннан кейiн жануарлар саны өз өсiмiн өзi молайта алатын аз ғана мөлшерiнiң сақталып қалуы және аса өсiмталдығы арқасында айтарлықтай тез қалпына келiп отырды. Ал қазiргi кезде киiк санының тұрақты түрде азайып бара жату үрдiсi байқалады. Бұл құбылыстың негiзгi себебi - жылдың барлық маусымында киiктiң таралу аймағының өн бойында браконьерлiктiң жаппай етек алуы. Шығыс медицинасында дәрi-дәрмектiк шикiзат ретiнде қолданылатын киік мүйiзiне деген сұраным браконьерлiктiң шашбауын көтеріп отыр. Мүйiздердi контрабандалық жолмен әкету 80-шi жылдардың аяқ шетiнде-ақ басталып күнi бүгiнге дейiн жалғасып келедi. Сонымен бірге киiктердi және тұяқты жабайы жануарлардың басқа да сирек кездесетiн және жойылып бара жатқан түрлерiн етiн алу үшiн де аулайды. Тоқсаныншы жылдардың екiншi жартысында жануарлар күзетiнiң ведомстволық қана емес, тiптi республикалық қызметiнiң iс жүзiнде мүлдем болмауы жағдайды тым ушықтырып жiбердi.
Тұяқты жабайы жануарлардың сирек кездесетiн және жойылып бара жатқан түрлерi мен киiктердi сақтау проблемасы олардың таралу аймағының басқа мемлекеттерi үшiн де көкейкестi сипат алып отыр.
Мәселен, Қалмақстанда (Ресей Федерациясы) 1990 жылы "Черные земли" қорығы ашылды, мұнда негiзгі қызмет объектiсi киiк болып табылады. 2001 жылы "Киiктердiң қалмақ таралымын қорғау және сақтау жөніндегі төтенше шаралар туралы" Қалмақстан Республикасы Президентінің Жарлығы қабылданды, "Киiктердi қорғау" туралы республикалық Бағдарлама жасалды.
Жүргiзiлiп жатқан зерттеулердiң негізгi бағыттары: әсiресе күйлеу мен төлдеу кезеңiнде киiктердiң биологиясын зерттеу, оларды жыл бойына аумақ бойынша бөлу, табиғи-климат факторларын, жемшөп базасын, жыртқыш аң-құстардың, мазалау факторларын ескере отырып, жануарларды белгілi бір жерге тұрақтандыру болып табылады. Жобаның әлеуметтiк бағытына - жергiлiктi халықтың киiктердi қорғауға деген мүдделiлігін анықтауға зор маңыз берiлуде.
Осы Бағдарлама шеңберiнде Киiктердi қолда өсiру орталығының негiзi қаланды, ол киiктердiң еуропалық таралымының генетикалық қорын сақтауға, киiктердiң жасанды таралымын алып, оларды қолға үйрету болып табылады.
2004 жылы Қырғызстан Республикасында арқарлар таралымдарын зерттеу, сақтау және ұтымды пайдаланудың 2004 - 2008 жылдарға арналған бағдарламасы жасалды. Бағдарламаның мақсаты Қырғыз Республикасында мекендейтiн арқарларды, олардың таралу аймақтарын, қазiргi жай-күйiн, мекендеу жағдайларын және қоныс аудару жолдарын, олардың таралымдарын зерттеу және жүйелi түрде жiктелiп отыруына баға беру, олардың санын және мекендеу тығыздығын анықтау, республикада арқарлардың таралымдарын сақтау және ұтымды пайдалану жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу болып табылады.
Өзбекстанда 1960 жылы Нұратау мемлекеттік қорығын ұйымдастырғаннан кейiн қызылқұм арқарларының саны қалпына келе бастады. 90-шы жылдардың бас кезiнде осы қорықта осы қосымша түрдiң 1000-дай арқары мекендедi.
3.1. Тоғай кермаралы
1) Түрдiң жануарлар дүниесi жүйесіндегі жағдайы
Тоғай кермаралы (Cervus elaphus bactria№us) - Сүт қоректiлер класы, Ашатұяқтылар отряды, бұғы тұқымдастар өкiлi.
Тоғай кермаралы немесе бұхар бұғысы кермаралдың барынша сирек кездесетiн түр тармақтарының бірi және Қазақстан мен Орта Азияның шөлейт аймағының өзен аңғарындағы тоғайлы ормандарында мекендеуге бейiмделген бірден-бір түрі болып табылады.
2) Түрдің мәртебесi, оның таралу аймағы
Тарихи замандарда бұхар бұғысының таралу аймағы Амудария мен Сырдария өзендерiнiң аңғарларындағы биотоптарды, Қызылқұмды және Оңтүстiк Арал өңiрiн қамтыған. Қазақстанда бұхар бұғысы Сырдария өзенiнiң төменгi және орта ағысындағы өзен аңғарының ормандарында және Қызылқұмда мекендеген. Нақ осы бұғының Қаратауда (Сырдариядағы) және Сарысу өзенiнiң төменгi сағаларында мекендегенi ғажап емес. Бірақ өзен аңғарындағы биотоптарды игеру салдарынан, әсiресе XX ғасырдың орта тұсында Амудария және Сырдария өзендерiнiң атырабындағы ормандарды отау және жерлердi жырғу салдарынан бұхар бұғысының таралу аймағы мен саны мүлдем азайып кетті. 60-шы жылдардың орта тұсына қарай бұхар бұғысы Орта Азия республикаларында, Амудария атырабында "Жолбарыс арқалығы", "Арал-Пайғамбар" қорықтарында және Дарғаната жерiнде ғана сақталып қалды, мұнда олардың жалпы саны 350 - 400 дарақтан аса қоймады.
Қазақстан фаунасының ұдайы жұтаңдануына алаңдаған Қазақстан Зоология институтының ғалымдары тоғай кермаралын Сырдария өзенiнiң аңғарына қайта бейiмдеп, кейiннен оны Шу, Іле, Шарын, Шелек, Қаратал, Ақсу және Қара Ертіс өзендерінің жазықтарына жерсiндiру қажеттiгін негiздеп бердi. 1981 жылғы наурызда 22 бұхар бұғысы Тәжiкстаннан бұрынғы Қазақ ССР Министрлер Советiнiң Шаруашылық басқармасының Қарашеңгел мемлекеттік аңшылық шаруашылығына әкелiнiп, мұнда олар қоршауда ұсталды. Қарашеңгел мемлекеттік аңшылық шаруашылығын күзетудiң ерекше режимi әкелiнгеннен кейiн бес-ақ жылдан соң олардың санын 60 дараққа 1991 жылға қарай (яғни 10 жылдан кейiн) 120 дараққа дейiн көбейтуге мүмкіндік берді. 2001 жылғы наурызда шаруашылық ауқымында ғана кемiнде 300 бac бұхар бұғысы есепке алынды. Сонымен бірге 40 - 50 бұхар бұғысы мемлекеттік аңшылық шаруашылығына iргелес жерлерде мекендейдi, осының нәтижесiнде Қазақстандағы бұхар бұғысының жалпы саны қазiргі кезде 350-ге жуық дарақты құрайды. Сөйтiп, сыртқа шығарылған алғашқы жылдары бұхар бұғысы таралымының табиғи өсiмi 18,5 пайыздан 22,8 пайызға дейін болды. Қазiргi кезде бұхар бұғысының Қарашеңгел таралымында 54,4% ұрғашы бұғы, 25,7% еркек бұғы және 19,6% төл бар. Соңғысы бұғыларда таралымның өсiмi қазірге дейiн өткен жылдар деңгейiнде қалып отырғанына айғақ болады.
Соңғы тоғай кермаралдары Қазақстан аумағында өткен ғасырдың 50-шi жылдарының орта тұсында құрып кеткен болатын. Қазiргi кезде бұғылардың жерсiндiрiлген тобы Iле және Сырдария өзендерiнiң орта ағысында бар.
XIX ғасырдың аяғына дейiн тоғай кермаралы Сырдария өзенiнiң орта және төменгi ағысының сағасында - Арал теңiзiнен Қызылорда қаласына дейiн үйреншiктi түр болды, оның өзен ағысының жоғарғы сағасында да мекендегенi туралы деректер бар. XX ғасырдың бірiншi жартысында тоғай кермаралы Қазақстанда iс жүзiнде құрып кеттi; соңғы бұғылар Сырдария өзенiнiң атырабында 1956 жылы өлтiрiлдi. 1981 жылы ол Iле өзенінiң орта ағысының сол жағалауында - Қарашеңгел мемлекеттік аңшылық шаруашылығында жерсiндiрiлдi.