5. Сақтандыру ұйымының, сақтандыру брокерiнiң сақтанушы жағдайын сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы заңдардың талаптарымен салыстырғанда нашарлататын жағдайда мiндеттi сақтандыру шартын жасауы және ол бойынша мiндеттемелердi орындауы, -
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Сақтандыру ұйымының сақтанушыларды заңдарда белгiленген тәртiппен өзiнiң тұрақты жұмыс iстейтiн органының, оқшауландырылған құрылымының орналасқан орнының өзгеруi немесе атауының өзгеруi туралы дер кезiнде хабардар етпеуi, -
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы заңдарда белгiленген сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына тиiсiнше құжаттау, құжаттарды сақтау, лицензиялардың көшiрмесiн орналастыру жөніндегі талаптарды бұзуы, сондай-ақ сақтандыру ұйымының, сақтандыру брокерi мен сақтандыру агентiнiң сақтандыру құжаттамасы бланкiлерiн есепке алудың және сақтаудың, қолма-қол ақшамен жұмыс iстеудiң заңдарда белгiленген ережелерiн бұзуы, -
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
8. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушысының, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы белгілеріне сәйкес келетін жеке және заңды тұлғалардың, сақтандыру брокерiнiң, сондай-ақ оларға қатысушылардың (құрылтайшылардың), сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аффилиирленген тұлғаларының уәкiлеттi органға мәлiметтердi дер кезiнде табыс етпеуi немесе дұрыс емес мәлiметтердi табыс етуi, -
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
9. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру брокерiнiң жарияланған күнгi шындыққа сәйкес келмейтiн жарнаманы бұқаралық ақпарат құралдарында хабарлауы немесе жариялауы, -
екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
10. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерiнiң бухгалтерлiк есептi бухгалтерлiк есептiң белгiленген стандарттары мен әдiстерiн (принциптерiн) бұза отырып жүргiзуi, -
лауазымды адамға - елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, заңды тұлғаға тиісінше есепке алынбаған соманың бес проценті мөлшерінде, бірақ жүз айлық есептік көрсеткіштен кем емес мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
11. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының есептілік көрсеткiштерiнiң не пруденциялық нормативтердiң және сақталуы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердiң сақталуы туралы мәлiметтердiң бұрмалануына әкеп соққан есеп-қисап жасауы, -
лауазымды адамға - елу, заңды тұлғаға бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
12. Сақтандыру брокерiнiң сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төлем қабілетсiздiгiнiң өзiне белгiлi болған фактілері туралы уәкiлеттi органға хабарламауы, -
жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
13. Актуарийдiң сақтандыру резервтерiн қалыптастыру жөніндегі заң талаптарын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтамауы жөнiнде өздерi анықтаған фактілері туралы уәкiлеттi органға хабарламауы, -
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
14. Аудиторлық ұйымның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына аудит жүргiзу нәтижесiнде өздерi анықтаған заң бұзушылықтар туралы уәкiлеттi органға хабарламауы, -
азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаға жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
15. Міндетті сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру ұйымы мәжбүрлеп таратылған кезде сақтанушыларға (сақтандырылған адамдарға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін қорға міндетті немесе төтенше жарналарды төлемеу, уақтылы төлемеу не толық көлемде төлемеу,
лауазымды адамға - айлық есептік көрсеткіштің отыздан елуге дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаға жүзден екі жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
16. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржы есептілігін және өзге де мәліметтерді Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау міндеттілігі туралы талаптарды бұзуы
жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2005.08.07. № 72-III (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңдарымен 174-бап өзгертілді
174-бап. Сақтандыру органдарының сақтандыру шарттарын жасасумен және
орындаумен байланысты талаптарды бұзуы
1. Сақтандыру полистерiн немесе сақтандырумен байланысты өзге де құжаттарды, не аударылған құжаттардың есепке алынбаған бланкiлерiн заңсыз өткізудi жүзеге асыру, -
лауазымды адамға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаға екі жүзден бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Сақтандыру төлемдерiн жүзеге асырмау, сол сияқты дер кезiнде жүзеге асырмау немесе сақтандыру туралы жасалған шарттың өзге де талаптарын дұрыс орындамау, -
заңды тұлғаға айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Сақтандыру шартын орындау үшiн клиент табыс еткен құжаттарды жоғалту, -
заңды тұлғаға әрбiр жоғалған құжат үшiн айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 03.06.03 ж. № 428-II Заңымен 175-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) ; 2006.20.01. № 123-III (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 175-бап өзгертілді
175-бап. Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заңдарын бұзу
1. Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген міндетті сақтандыру шартын жасасудан сақтандыру ұйымының жалтаруы, -
лауазымды адамдарға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаға екі жүзден бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Міндетті сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заң актісіне сәйкес міндетті сақтандыру шартын жасасуға міндетті тұлғаның міндетті сактандыру шартын жасасудан жалтаруы, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің үштен жетіге дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, жеке нотариустарға - елуден жүзге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүзден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүзден мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2005.23.12. № 107-III ҚР Заңымен 175-1-баппен толықтырылды
175-1-бап. Қаржылық ұйымдардың басшы қызметкерлері
лауазымына тағайындау (сайлау) тәртібіне
қойылатын Қазақстан Республикасының заңнамасында
белгіленген талаптарды бұзу
Қаржылық ұйымның басшы қызметкері лауазымына тағайындау (сайлау) тәртібіне қойылатын талаптарды қаржылық ұйымның бұзуы -
заңды тұлғаға айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2005.23.12. № 107-III ҚР Заңымен 175-2-баппен толықтырылды
175-2-бап. Қаржылық ұйымдардың филиалдары мен өкілдіктерінің
ашылғаны және олардың қызметінің тоқтатылғаны
туралы уәкілетті органға уақтылы хабарламау,
сондай-ақ қаржылық ұйымдардың филиалдарын,
өкілдіктерін ашу кезінде Қазақстан Республикасы
заңнамасының талаптарын сақтамау
Қаржылық ұйымдардың филиалдары мен өкілдіктерінің ашылғаны және олардың қызметінің тоқтатылғаны туралы уәкілетті органға уақтылы хабарламау, сондай-ақ қаржылық ұйымдардың филиалдарын, өкілдіктерін ашу кезінде Қазақстан Республикасының банк заңнамасының, Қазақстан Республикасының сақтандыру мен сақтандыру қызметі және зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасының талаптарын сақтамау -
лауазымды тұлғаға - айлық есептік көрсеткіштің қырықтан жетпіске дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаға жиырмадан екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 176-бап өзгертілді
176-бап. Кредиттi заңсыз алу не мақсатсыз пайдалану
1. Жеке кәсiпкердiң немесе ұйымның лауазымды адамының банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымға жеке кәсiпкердiң немесе ұйымның шаруашылық жағдайы, қаржылық жай-күйi немесе кепiлге салатын мүлкi туралы немесе кредит, кредит берудiң жеңiлдетiлген шарттарын алу үшiн елеулi маңызы бар өзге де мән-жайлар туралы көрiнеу жалған мәлiметтер табыс етуi арқылы кредит не кредит берудiң жеңiлдетiлген шарттарын алуы, сол сияқты кредит берудi доғаруға, жеңiлдiктердi алып тастауға не бөлiнген кредит мөлшерлерiн шектеуге алып келуi мүмкiн мән-жайлардың пайда болуы туралы ақпаратты банкке немесе өзге де кредит берушiге хабарламауы, егер бұл әрекеттер iрi залал келтiрмесе, -
айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Мемлекеттік нысаналы кредиттi не мемлекет кепiлдiгiмен берiлген кредиттi тiкелей арналған мақсатқа пайдаланбау, егер бұл әрекет жеке тұлғаға, ұйымға немесе мемлекетке iрi залал келтiрмесе, -
айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 177-бап өзгертілді
177-бап. Бюджет қаражатын дер кезiнде есептемеу немесе мақсатсыз
пайдалану
1. Мемлекеттік бюджет кiрiсiне түскен қаражаттың немесе мемлекеттік бюджеттен тиiстi банктiң немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымның алушыларының шотына аударылған қаражаттың дер кезiнде есептелмеуi, -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Мемлекеттік бюджет қаражатын мақсатсыз пайдалану және (немесе) бұл қаражатты бекітілген сметадан артық жұмсау туралы мiндеттемелер қабылдау, -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
178-бап. Лауазымды адамның бухгалтерлiк есеп туралы заңдарды бұзуы
1. Уәкілеттi лауазымды адамның бухгалтерлiк есеп жүргiзуден жалтаруы не бухгалтерлiк есептiң бекітілген стандарттарын және ұйымның қаржы-шаруашылық қызметiнiң бухгалтерлiк есебi шоттарының Бас жоспарын сақтамауы түрiнде, iрi залал келтiрмей, бухгалтерлiк есеп туралы заңдарды бұзуы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Бұрмаланған қаржы есеп-қисабын жасау, бухгалтерлiк есепте көрсетiлуге тиiстi деректердi iрi залал келтiрмей жасыру, -
айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Қаржы және өзге де есеп құжаттарын iрi залал келтiрмей жойып жiберу, -
айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 179-бап жаңа редакцияда
179-бап. Заңды тұлғаның бухгалтерлік есепке алу туралы
заңнаманы бұзуы
1. Заңды тұлғаның бухгалтерлік есеп жүргізуден жалтару немесе бухгалтерлік есепке алудың бекітілген стандарттарын және Ұйымдардың қаржы-шаруашылық қызметінің бухгалтерлік есебі шоттарының бас жоспарын сақтамау түрінде бухгалтерлік есепке алу туралы заңнаманы бұзуы, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса, -
шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жетпістен жүз қырыққа дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Құрылтай құжаттарына сәйкес заңды тұлғаның құрылтайшыларына (қатысушыларына), тіркеу орны бойынша мемлекеттік статистика органдарына, бақылау және қадағалау органдарына олардың құзыретіне сәйкес қаржы есептілігін табыс етуден бас тарту, белгіленген мерзімді бұза отырып табыс ету не оны дәлелді себепсіз табыс етпеу, -
шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жетпістен екі жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Заңды тұлғалардың валюта операцияларын бухгалтерлік есепте олардың нәтижелерін тиісінше көрсетпей жүргізуі, -
шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - есепке алынбаған соманың жиырмадан елу процентіне дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елуден жүз процентіне дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Заңды тұлғалардың есепке алу мен есептіліктің белгіленген нысандары тәртібін бұза отырып, валюта операцияларының бухгалтерлік есебін жүргізуі, -
шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - есепке алынбаған соманың елу процентіне дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз процентіне дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 180- -бап жаңа редакцияда
180-бап. Валюта операциялары бойынша есептілікті табыс ету
ережелерін бұзу
1. Жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының валюта заңнамасына сәйкес талап етілетін валюта операциялары бойынша есептілікті уақтылы табыс етпеуі (заңнамада белгіленген мерзім күнінен асып кеткен мерзімде) немесе дұрыс емес есептілікті табыс етуі, -
жеке және заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады.
2. Табыс етпеу, сондай-ақ осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан сексенге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 181- -бап өзгертілді
181-бап. Анықтама-сертификатты дұрыс жазбау
Уәкiлеттi банктiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын уәкiлеттi ұйымның айырбастау пунктiнiң бухгалтерлiк құжаттарда осы операцияны жазып көрсетпей шетел валютасын қолма-қол сатып алу (сату) туралы анықтама-сертификатты жазып беруi, -
шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - анықтама-сертификат жазылған соманың жетпіс процентіне дейінгі мөлшерде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз процентіне дейінгі мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 182- -бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
182-бап. Валюта операциялары туралы хабарламаны растауды,
сондай-ақ валюта операцияларына тіркеу куәлігі мен
лицензия алу үшін құжаттар беру мерзімін бұзу
Жеке және заңды тұлғалардың валюта операциялары туралы хабарламаны растауды, валюта операцияларына тіркеу куәлігін, валюта операцияларына лицензия алу үшін құжаттар беру мерзімін бұзуы, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жүзге дейінгі мөлшерінде, дара кәсіпкерлерге - екі жүзге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 183- -бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
183-бап. Аудитордың немесе өзге адамның бухгалтерлiк есеп туралы
заңдардың бұзылу фактiсiн аудит жүргiзуге тапсырыс
берушiлерден жасыруы
Аудитордың немесе есептiк-бухгалтерлiк ақпаратқа қол жеткiзе алатын өзге адамның заңдардың және бухгалтерлiк есептi жүргiзуде немесе тексеру жүргiзу кезiнде анықталған қаржылық есеп-қисап жасауға қойылатын белгiленген талаптардың бұзылу фактiсiн аудит жүргiзуге тапсырыс берушiден жасыруы, -
аудиторлық қызметпен айналысу құқығына лицензиядан айыра отырып, жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
184-бап. Аудитордың (аудиторлық ұйымның) дұрыс емес қорытынды жасауы
Аудитордың (аудиторлық ұйымның) көрiнеу дұрыс емес аудиторлық қорытынды жасауы, -
аудиторлық қызметпен айналысу құқығына лицензиядан айыра отырып, аудиторға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, аудиторлық ұйымға екi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 185- -бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
185-бап. Аудиторға (аудиторлық ұйымға) дұрыс емес ақпарат табыс ету
Аудиторға (аудиторлық ұйымға) тексерiлiп жатқан адамның аудит жүргiзiлу барысында дұрыс емес аудиторлық қорытынды жасауға әкеп соғатын дұрыс емес немесе толық емес ақпарат табыс етуi, -
лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан жиырма беске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 186- -бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
186-бап. Мiндеттi аудит өткізуден жалтару
Мiндеттi аудит өткізуден жалтару не оны жүргiзуге кедергi келтiру, -
ұйым басшыларына, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен ; 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) 187-бап жаңа редакцияда
187-бап. Ұлттық және шетелдік валюта түріндегі қаражатты
шетелден қайтармау, сол сияқты импорттық мәмілелер
бойынша алынатын тауарды алмау не ақшаны қайтармау
1. Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) алу не ақшаны қайтару валюталық реттеу туралы заңнамалық актіге сәйкес міндетті болған жағдайда, тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) алмау не Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізуді көздейтін импорттық мәмілелер бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру үшін резиденттің резидент емесін, пайдасына аударған, уәкілетті банктердегі шоттарға есептелуге жататын ақшаны қайтармау, -
жеке тұлғалар мен лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің он бестен жиырма беске дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүзден бес жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүзден бір мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде белгіленген жағдайларды қоспағанда, тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) импортына, экспортына байланысты мәмілелер бойынша Қазақстан Республикасының уәкілетті банктеріндегі шоттарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті түрде аударылуға жататын ақшаны қайтармау, -
жеке тұлғалар мен лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің он бестен жиырма беске дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүзден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүзден бір мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Алынбаған тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) не қайтарылмаған ақша он мың АҚШ долларына баламалы сомадан асқан және бұл әрекеттерде қылмыстық жазалау әрекетінің белгілері жоқ болған жағдайда осы бапта көзделген құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін жауаптылық туындайды.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 188-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
188-бап. Валюта заңдарының нормаларын бұза отырып, валюталық
операциялар жүргiзу
Қазақстан Республикасының валюта заңдарының нормаларын бұзатын валюталық операциялар жүргiзу, -
жеке тұлғаларға, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - белгіленген тәртіпті бұза отырып жүргізілген операция сомасының жетпіс процентіне дейінгі мөлшерде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз процентіне дейінгі мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 189-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
189-бап. Шетелдiк банктерде және өзге де қаржы институттарында
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясынсыз
шоттар ашу
Резиденттердiң шетелдiк банктерде және өздерiн тiркеген мемлекеттердiң заңдары бойынша тиiстi құқыққа ие өзге де қаржы институттарында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясынсыз шоттар ашуы, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жүз елуге дейінгі мөлшерінде, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
190-бап. Бағалы қағаздармен мәмiле жасалған кезде қызметтiк ақпаратты
заңсыз пайдалану
Қызметтiк пайдалануға арналған ақпаратқа қол жеткiзе алатын және бағалы қағаздар рыногының басқа субъектiлерi қол жеткiзе алмайтын ақпаратты пайдалана отырып бағалы қағаздармен операцияларды жүзеге асыратын адамдардың жеке өзi үшiн пайда алу мақсатындағы iс-әрекеттерi, сол сияқты қызметтiк пайдалануға арналған ақпаратты басқа адамдардың пайда алуы үшiн оларға табыс етуi, егер олар iрi залал келтiрмесе, -
айлық есептiк көрсеткiштiң қырықтан екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 16.05.03 ж. № 416-II Заңымен 191-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 2005.08.07. № 72-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 191-бап өзгертілді
191-бап. Жарияланған акцияларды шығару проспектiсіне
өзгерістер мен толықтыруларды тiркеуге арналған
құжаттарды табыс ету мерзiмiн бұзу
Эмитенттiң Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жарияланған акцияларды шығару проспектiсiне өзгерістер мен толықтыруларды тiркеуге арналған құжаттарды табыс ету мерзiмiн бұзуы, -
эмитенттiң лауазымды адамына айлық есептiк көрсеткiштiң қырықтан екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 192-бап өзгертілді
192-бап. Бағалы қағаздар рыногындағы қызметтiң жосықсыз жарнамасы
Бағалы қағаздар рыногы субъектiлерiне жарнаманы жариялау кезiнде дұрыс емес мәлiметтер табыс ету және тарату жолымен жасалған бағалы қағаздар рыногындағы қызметтiң жосықсыз жарнамасы, -
жарнама берушiге айлық есептiк көрсеткiштiң қырықтан екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 16.05.03 ж. № 416-II (бұр. ред. қара); 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 2005.08.07. № 72-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 193-бап өзгертілді
193-бап. Бағалы қағаздар рыногындағы уәкiлеттi органға дұрыс емес
мәлiметтер табыс ету
1. Бағалы қағаздар рыногы субъектiсiнiң эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттік тiркеу үшiн уәкiлеттi органға мәлiметтер табыс етпеуi не дұрыс емес мәлiметтер табыс етуi, эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру және (немесе) өтеу қорытындылары туралы есептi бекітуi, бағалы қағаздар рыногында қызметiн жүзеге асыруға лицензияны, өзiнiң қызметi туралы есептіліктi алуы, сол сияқты уәкiлеттi органның ұйғарымын орындамауы -