Мемлекеттік құпиялармен жұмыс істеуді талап ететін кәсіптік орта және кәсіптік жоғары білім мамандықтарының тізбесі туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 8 қыркүйектегі № 1335 қаулысы
(2006.26.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 19 ақпандағы № 159 Қаулысымен күші жойылды
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік құпиялармен жұмыс істеуді талап ететін кәсіптік орта және кәсіптік жоғары білім мамандықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
?кіметінің
1999 жылғы 8 қыркүйектегi
№ 1335 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 2000.07.08. № 1214 қаулысымен; ҚР Үкіметінің 2001.26.09. № 1245 қаулысымен тізбе жаңа редакцияда
Мемлекеттік құпиялармен жұмыс iстеудi талап ететiн кәсiптiк
орта және кәсiптiк жоғары білім мамандықтарының
тiзбесi
ҚР Үкіметінің 2006.26.04. № 327 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді
1. Кәсіптік орта білім мамандықтары:
0202002 - Құқық қорғау қызметі;
1701002 - Өрт қауіпсіздігі.
1804002 Пайдалы қазбалардың кен орындарын іздеу мен барлаудың геофизикалық әдістері;
1811002 Пайдалы қазбалардың кен орындарын геологиялық түсіру, іздеу және барлау;
1813002 Гидрогеология және инженерлік геология;
1814002 Мұнай және газ кен орындарының геологиясы және оларды барлау;
1816002 Пайдалы қазбалардың кен орындарын барлау технологиясы мен техникасы.
ҚР Үкіметінің 2006.26.04. № 327 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді
2. Кәсіптік жоғары білім мамандықтары:
011100 - Картография;
021600 - Құқықтану мамандандырулары бойынша:
"Жедел - криминалистикалық",
"Тергеу - криминалистикалық",
"Қылмыстық - атқарушылық";
110400 - Ядролық реакторлар және энергетикалық қондырғылар;
320100 - Қолданбалы геодезия;
320200 - Аэрофотогеодезия;
370300 - Ақпаратты қорғауды ұйымдастыру және оның технологиясы;
390900 - Ядролық-химиялық технология;
430700 - Жылу және атом электр станцияларын салу.
050706 Пайдалы қазбалар кен орындарының геологиясы және оларды барлау (бакалавриат);
6N0706 Пайдалы қазбалар кен орындарының геологиясы және оларды барлау (магистратура);
051003 Танк әскерлерінің командалық тактикасы;
051004 Әуе десанты әскерлерінің және әскери барлаудың командалық тактикасы;
051005 Артиллерияның командалық тактикасы;
051006 Автомобиль әскерлерінің командалық тактикасы;
051007 Броньды танк қару-жарағы мен техникасы;
051008 Инженерлік әскерлердің командалық тактикасы;
051009 Тәрбие құрылымдарының офицерлері;
051010 Әскерлерді заттай қамтамасыз етудің командалық тактикасы;
051011 Әскерлерді азық-түлікпен қамтамасыз етудің командалық тактикасы;
051012 Сұйық отынмен қамтамасыз етудің командалық тактикасы;
051013 Мотоатқыштар әскерлерінің командалық тактикасы;
051029 Ұшу аппараттарын пайдалану;
051030 Авиацияның штурмандық тактикасы, ұшу аппараттарын пайдалану;
051031 Авиацияны жауынгерлік басқарудың командалық тактикасы;
051032 Ұшу аппараттары мен қозғалтқыштарды техникалық пайдалану;
051033 Авиациялық қару-жарақ;
051034 Авиациялық электрлендірілген пилотаж-навигациялық және радиоэлектрондық жабдықтарды техникалық пайдалану;
051035 Авиациялық радиоэлектрондық жабдық;
051018 Радиобайланыс және радионавигация;
051019 Байланыс желілері және коммутация жүйелері;
051020 Радиотехника.