Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1999 жылғы 8 қыркүйектегі № 1335 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 сәуірдегі № 327 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 19 ақпандағы № 159 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Мемлекеттік құпиялармен жұмыс істеуді талап ететін кәсіптік орта және кәсіптік жоғары білім беру мамандықтарының тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 8 қыркүйектегі № 1335 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік құпиялармен жұмыс істеуді талап ететін кәсіптік орта және кәсіптік жоғары білім мамандықтарының тізбесінде:
1-тармақ «Кәсіптік орта білім мамандықтары» мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
«1804002 Пайдалы қазбалардың кен орындарын іздеу мен барлаудың геофизикалық әдістері;
1811002 Пайдалы қазбалардың кен орындарын геологиялық түсіру, іздеу және барлау;
1813002 Гидрогеология және инженерлік геология;
1814002 Мұнай және газ кен орындарының геологиясы және оларды барлау;
1816002 Пайдалы қазбалардың кен орындарын барлау технологиясы мен техникасы.»;
2-тармақ «Кәсіптік жоғары білім мамандықтары» мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
«050706 Пайдалы қазбалар кен орындарының геологиясы және оларды барлау (бакалавриат);
6N0706 Пайдалы қазбалар кен орындарының геологиясы және оларды барлау (магистратура);
051003 Танк әскерлерінің командалық тактикасы;
051004 Әуе десанты әскерлерінің және әскери барлаудың командалық тактикасы;
051005 Артиллерияның командалық тактикасы;
051006 Автомобиль әскерлерінің командалық тактикасы;
051007 Броньды танк қару-жарағы мен техникасы;
051008 Инженерлік әскерлердің командалық тактикасы;
051009 Тәрбие құрылымдарының офицерлері;
051010 Әскерлерді заттай қамтамасыз етудің командалық тактикасы;
051011 Әскерлерді азық-түлікпен қамтамасыз етудің командалық тактикасы;
051012 Сұйық отынмен қамтамасыз етудің командалық тактикасы;
051013 Мотоатқыштар әскерлерінің командалық тактикасы;
051029 Ұшу аппараттарын пайдалану;
051030 Авиацияның штурмандық тактикасы, ұшу аппараттарын пайдалану;
051031 Авиацияны жауынгерлік басқарудың командалық тактикасы;
051032 Ұшу аппараттары мен қозғалтқыштарды техникалық пайдалану;
051033 Авиациялық қару-жарақ;
051034 Авиациялық электрлендірілген пилотаж-навигациялық және радиоэлектрондық жабдықтарды техникалық пайдалану;
051035 Авиациялық радиоэлектрондық жабдық;
051018 Радиобайланыс және радионавигация;
051019 Байланыс желілері және коммутация жүйелері;
051020 Радиотехника.».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |